Жәдік бидің ұрпақтарында қалған қанжары мен құран кітабы
Мазмұны
I.Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3-5
II.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-8
III.Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-16
1. Жәдік би туралы тарихи деректер сыр шертеді
2. Жәдік бидің халық арасында сақталған шешендік сөздері
3. Ата мұрасын жалғастырған ұрпақтар
IV.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
V.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
VI.Пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19-20

Өлке тарихын саралап жүрген ғалымдардың еңбегі ең алдымен болашақ ұрпақ үшін маңызды. XVIII ғасырда атақ-даңқы кең жайылған Масақұлы Жәдік биді бұл күндн біреу біліп, біреу білмейді. Үш жүзге ат оздырған, халық басына түскен үлкен қасірет жоңғар шапұыншылығында болашақ ұрпақ қамы үшін елдің бірлігін сақтауға қолынан келгеннің бәрін жасауға тырысқан Жәдік би туралы тереңірек ізденуді парыз санадым. Жәдік бидің шығу тегіне тоқталып өтейін. Жәдік би Масқардың сегіз арысының бірі 1693-1791 жылдарда өмір сүрген. Жәдік бидің шығу тегіне байланысты шежірені тарқатар болсақ:
Масқар
↓
Ақанай
↓
Қаратай
↓
Жөндібай
Жөндібайдан --Құттықадам, Масақ.
Құттықадамнан--Өтебай, Құрман, Бабаназар
Масақтан--Жәдік, Атойнақ, Қадырқұл, Қырықсадақ, Төлеке-Қанай.
Жәдік би Кіші жүздің тілінен бал тамған, өткір тілді, қайсар, бір айтқанынан қайтпайтын адам болса керек. Кейбір замандастары қан тамбас қара Жәдік деп мұқатпақшы болыпты. Бұлай аталуының себебі, қазақ арасында билік айту оңай болмаған. Жақыным деп ешкімге тартпай, ханнан да батыр да сескенбей бір кесіп шешімін айта білген. Ел арасындағы жанжалдарды шешуге ерте араласқан дана билердің бірі. Халық басына төнген қиын кезеңде, ат үстінен түспей, елдің басын біріктіруге бар қабілетін салады. 1726 жылы үш жүздің басын қосып, қазақ жасақтарының бас қолбасшылығына жас та болса Кіші жүздің ханы Әбілхайырды өткізуге күш салады. Бұдан Жәдік бидің елді біріктіретін, қабілетті адамды тани білгендігіне тарих куә екенін жақсы білеміз. Әбілхайыр ханмен кей кезде келіспеген кездері де болса керек. 1730 жылы Әбілхайырдың Ресей патшайымына елші жіберуіне, 1731 жылы Кіші жүздің Ресейге қосылғанын мойындамағандардың бірі. Алайда, өмір бір орнында тұрмайды, жан-жақтан құрсауда қалғанын біліп, 1738 жылы Орынбор қаласында қазақ сұлтандарының сьезіне шақырылғанда барып, Кіші жүзден 25 старшина, оның ішінде Әбілхайыр хан, ұлдары Ералы, Нұралы, Орта жүзден 27 старшина, сұлтандар, оның ішінде Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтандар да болған еді. Солармен қатар Жәдік би Масақов Ресейге берілгендігін қуаттап бармақтарын басады. Осы кезеңде Абылай сұлтан Жәдік биге қанжар сыйлаған, ол қанжар ұрпақтарында сақталуда. 1743 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың өлімінен кейін ел ішіндегі хандық билікке таласты, оның үстіне орыс патшасының саясатының араласуы кезеңінде, қазақ елінің бірлігін сақтап қалу үшін бар қабілетін жұмсай білді [3].
Сол жылдың 2 қыркүйегінде Борсық мекенін жайлаған Нұралы сұлтанмен бірге 104 адам, олардың ішінде Ақкете Алтай, Алаша Байсеу, Жаппас Баймұрат, Шекті Балтыбай, Ысық Байтерек, Аталық Көбек мырза, Керейіт Көшім қожа, Масқар Жәдік билер хан ордасына келген [7].
Мұхамметжан Сералинның 1911 жылы №1 Айқап журналында Қазақтардың Ресеймен қарым-қатынасы жөніндегі жазған мақаласында былай деп көрсетеді: 1730-шы жылдың басында қазақта Ұлы жүзге Жолбарыс, Орта жүзге Сәмеке, Кіші жүзге Әбілхайыр ханға түскен. Ресей патшасына бағыну пікірі ең әуелі Кіші жүздің ханы Әбілхайыр ханға түскен. Сонымен келіссөз жүргізу нәтижесінде 1738 ж. 3-ші тамызда Әбілхайыр хан және үш жүздің ру басшылары, батырлары ант беріп, мұсылманша жазылған ант қағазына қол қойған. Масқардан солардың ішінде 9-шы болып Жәдік бидің, ал 42-ші Игілік Мамай, Аталық баласының қолдары бар. Барлығы 54 адам қол қойған. [3]. Бұндағы мақсаты, ойы Кіші жүздің ортақ ханы болуды қолдап, оның ішіндегі Нұралыға ерекше сенім артқаны еді. Оның бұл ойын Кіші жүздің халқының көпшілігі, Орта жүзден Жәнібек тарханның келуі, Абылай сұлтанның, Ұлы жүзден Қаракесек Қазыбек бидің қолдаулары дәлел бола алады. Сонымен қатар Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тарихын зерттеуде сүбелі үлес қосқан тарихышы ағамыз Ж.Жақсығалиевтың Орал өңірі газетіне шыққан мақаласында Кіші жүздің Ресейге қосылуы кезіндегі тарихи оқиғаларда масқар Жәдік бидің атын мынадай деректер негізінде атап көрсетті. Олар хан ордасына көктемде оралады. Ақыры ұзаққа созылған саяси текетірестен соң, 1732 жылы 24 қарашада Әбілқайыр, Бөкенбай, Есет, А.И. Тевкелев жанына Ерәлі сұлтан, Нияз сұлтан, Жәдік би, Құдайназар мырзаны қосып Найзакескен шатқалына шығарып салады [6]. Осы Кіші жүздің Ресейге қосылуы кезеңіндегі тарихи деректерде Жәдік бидің атының кездесуі, оның елшілік қызметте болғандығын дәлделдеп, өлке тарихында өз деңгейінде бағаланса екен.
Жәдік бидің ұрпақтарында қалған қанжары мен құран кітабы.

Тарих - қатал да, әділетті құбылыс. Теңіздің асау толқыны сан миллион рет жағаға соғып, теңіздің терең түбінен жахұт тастарды сан мәрте жалап-жылтыратып, жағаға шығаратыны сияқты, тарих та кейбір себептермен, тарихтың тұманында елге көрінбей қалған, есімдері көмескі тартқан өзінің перзентерін, сын сағаттарда тарих сахнасына қайта шығарып,жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады.
Заман өтіп, уақыт өткен сайын көп нәрсе ұмытылып қала бергенмен ұрпақтан ұрпаққа қалдырған бабалар сөзі мәңгі ұмытылмақ емес. Үш жүзге танымал Жәдік бидің кейінгі ұрпақтарының шешендік сөздеріне жалпылама тоқталып өтпекшіміз.
Кіші жүздегі Сырым Датұлының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі жеңілгеннен кейін, Сырым атамыз атамекенін тастап, Арал теңізінің маңына кетпекші болып, өз руластарын жар салып, көшке әзірленуге бұйырыпты. Мұны естіген ақсақалдар: Туған жерді тастап, қайда барамыз? -деп іштей мұңға батыпты. Бұл хабар қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Қаракөл - Қарабауда отырған, ел сыйлаған қарт Жәдік биге жетеді. Бұны естіген би шабарман жиберіп, Бұлдырты өзенінің бойындағы Сырым батырға:
Ата көрген оқ жонар, үлкенді сыйлап, сәлем беріп, қонақ болып кетсін,-деп шақырту жолдапты. Сырым батыр көшті тоқтатып, амал жоқ, қонаққа барыпты. Қарт би өзі тұрып қарсы алып, тай сойып қонақ жасапты.
Сырымға Жәдік би:
-Сырым, елге сыйлы, ақылды шешен, ерте білгір атанған батыр жігітсің, осы уақытқа дейін жауабын таба жүрген сұрағым бар еді, арманда кетем бе деп едім, құдай сені өзі жүздестірді,-дейді.
Сырым көп күттірмей - ақ, оның не сұрақ екенін, қойса жауабын айтып көретіндігін айтыпты. Сонда Жәдік би :
-Бірінші сұрағым. Ет сасыса не себеді?- депті
Сырым күліп:
-Оны да сұрақ деп отырсызба Тұз себеді, -депті.
Жәдік би болса:
-Ал, онда екінші сұрағымды тыңда. Тұз сасыса не себеді? -деген екен. Бұл сөзді естігенде, Сырым батыр аңтарылып отырып қалыпты да біраздан соң:
Талайды көрген тарлансыз, мен жеңілдім,- деп тұрып жүре беріпті. Қасындағы жігіттер аң-таң, елге келгенше ешқандай әңгіме айтылмайды. Жол бойына Сырым батыр ойға беріліп келіпті. Іштей дана бидің сұрағын ел басы сен сасысаң не болады, -деп шешіпті. Елге оралған соң, көшті тоқтатып, туған жерде қалыпты деседі. Жәдік би 98 жасында қайтыс болған. Кезінде ауыз әдебиетін жинауда Жәдік бидің шешендік сөздері қайтарылса екен. [3].
Оның ұрпақтарының бірі атақты Зейнеке қажының інісі Молдағали жырау. Халық арасында бұл жыраудың өлеңдері сирек болсада кездеседі. Ағасы Зейнеке қажыға барып келгенде:
Зейнеке қажыға барып келген
Зейратын бабалардың танып келген
Баласы мұсылманның риза боп
Құдайдың қалауымен елге аман келген- деген екен.
Зейнеке ишан ел орныққасын 1880 жылы Өлеңті өзенінің Сулы сай сағасының бойына мешіт салып бала оқытып, үй салған, дүкен ұстаған. Жәдік би руларының бөлімдері әр ауылдан 2 үйден салып, олардың малын, отынын, тамағының тауқыметін тартқан. 5 жыл сайын ауыстырып отырған. Жұма күні намазға барғанда сол үйлерге түскен. Ол кезде Жымпитыға баратын айдау жол мешіттің үстінен өткен. Бұл жер- саз балшықтан жасалынып сырты ақ балшық пен майланған- мешіт болғандықтан-Ақ мешіт аталған. Зейнеке қажы -1901 жылы қайтыс болған. Сол жерге жерленген. Молдағали жырау Текеге кетіп бара жатып базаршылап, жолдағы Кердері руының ауылдарының үстімен өтіп тынығады. Алайда оны дұрыс қарсы ала қоймайды. Сонымен бірге ауылдың байы да ауылда болмаған екен. Сондықтан ештеңе деместен үн-түнсіз Текеге жүре береді. Қалаға барып шаруасын бітіріп, кейін келе жатқанда бұрынғы жолымен жүріп алдыңғы бай ауылына соғады. Бұл келгенде күн шарасына батып бара жатқан кез екен, ауылдың байы да үйінде. Бірақ қонақ келді деп қой сойылмайды, кешкісін дастарханға май мен тары қойылып шай беріледі. Сонымен бәрі жатуға ыңғайланады, таңертең ертемен тұрған Молдағали атамыз:
Кердері көріп келем қалыбыңдай
Неше ежелден талыбыңдай
Жемедім еліңізден қойдың басын,
Мақтайтын елің бар ма тағы мұндай
Шірік шай сасық май, шұбар тарың
Алдыма қоя бердің тауығындай.
Мырза-жұмақ, сараң тұзақ деген бар ғой
Арасын білмейсің оң мен солдың
Еш жәрдем мұсылманға етпесеңіз,
Отырмаңыз үлкен жолдың үстіне бұлай,- деп төсегінің үстіне қалдырып өзі жол жүріп кетеді. Ауылдың байы қағазды алып оқыған соң, артынан ат шаптырып алдырып мал сойып қонақ қылып айыбым деп ат мінгізіп, шапан киігізіп, шығарып салады. [8].
3. Ата мұрасын жалғастырған ұрпақтар
Сүйер ұлың болса сен сүй,
сүйенерге жарар ол
Ендігі кезекте Жәдік би ұрпақтарына тоқталсақ:
Ағайынды Рысқали, Ғұмар Залиевтар Ордада Жәңгір хан ашқан алғашқы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін, Орынбор мұғалімдер семинариясын тәмамдаған.
Алғашқы халық мұғалімдерінің бірі, қоғам қайраткері - Нұғыман Залиев еді. Тегі - Байұлына жататын Масқар руының Жәдік би бөлімі. Әкесі - Зал Асанұлы орта шаруалы, мұсылманша сауатты кісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz