Сызықты сыртқы беттің перспективасын құру


Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
Фармацевттік-өндірістік технологиясы кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : Сызықты сыртқы беттің перспективасын құру
Орындаған: Оңғарова Ж.
Группа: ФӨТҚА 201-19
Қабылдаған: Мамбаева А.
Шымкент 2020
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Сыртқы беттерді сызбада кескіндеу
2. Қисық беттер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сызықтық перспектива - көрушіден алыстаған сайын заттардың бөлшектерінің және сызықтардың ара қашықтықтарының кішірейіп көріну құбылысы. Сызықтық перспектива фронталдық және бұрыштық болып екіге бөлінеді. Фронталь перспектива бойынша суретшіге заттың бір жақ беті толық көрінеді де, қалған беттері көрінбейді. Мысалы, заттың тура алдынан қарағандағы көрінісі. Бұрыштық перспектива бойынша көрушіге заттың бір бүрышы менен екі немесе үш қабырғасы айқын көрінеді. Сызықтық перспективаның заңдылықтары туралы мұғалімнің оқушыларға меңгертетін негізгі түсінктері мынадай бағыттарды қамтиды:
1. Белгілі бір бұрышпен горизонт сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады.
2. Параллель сызықтардың қосылу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады.
3. Көкжиек сызығына жақындаған сайын параллель сызықтардың арақашықтығы бір-біріне жақындай түседі. Мысалы, темір жолдың рельстері мен шпалдарының көрінісі.
4. Көрушіден алыстаған сайын вертикаль бағыттағы сызықтардың арақашықтық өлшемдері кішірейе түседі.
Сыртқы беттерді сызбада кескіндеу.
Жазық көп бұрыштармен шектелген геометриялық денені көп жақтар деп атайды. Егер көп жақтың барлық төбелері кез келген жағы арқылы жүргізілгшен жазықтықтың бір жағында орналасса, онда оны дөңес көпжақ, ал барлық жақтары өзара тең және бірдей дұрыс көпбұрыштар болатын көпжақтарды дұрыс көпжақтар деп атайды. Дұрыс дөңес көпжақтардың тек бесеу ғана болатындығын ежелгі грек ғалымдары айтқан. Кейіннен Платон бұл денелерді толық зерттеп, сипаттағандықтан математикада платон денелері деп те аталады (1- сурет) .
Тетраэдрдің 4 жағы, 6 қыры, 4 төбесі болады. Октаэдрдің сегіз жағы, 12қыры, 6 төбесі болады. Гексаэдрдің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар, ал икосаэдрде 20 жақ, 30қыр, 12 төбе болады. Додекаэдрдің 12 жақ, 30 қыр, 20 төбесі болады.
Тетраэдр, октаэдр және икосаэдрдің әрбір жағы тең қабырғалы үш бұрыштар. Гексаэдр шаршылардан құралады. Додекаэдрдің бір жағы дұрыс дөңес бес бұрыш.
Көпжақтардың проекцяларын салу үшін олардың төбелерін нүктелер, қырларын түзу кесінділері жәнежақтарын жазықтық қиындылары деп қарастырады.
Қисық беттер.
Қисық беттерді түзудің немесе қисықсызықтарының кеңістіктергі қозғалу траекториясы деп есептеуге болады. Жалпы беттердің түрі шексізкөп және әралуан. Беттерді берудің және кескіндеудің көп тараған түрі аналитикалық әдіс . Берілген теңдеуді қанағаттандыратын нүктелердің жиыны беттің кординаттары болу керек. Сызба геометрияда фигуралар гафикалық тәсілмен беріледі, сондықтан бетті кеңістіктегі қозғалған сызықтың барлық орындарының жиыны деп қарастырған тиімді.
Кеңістіктегі қозғалысымен бет жасайтын сызықты жасаушы деп, ал жасаушы сырғып отыратын қозғалмайтын сызықтарды бағыттаушылар деп атайды.
Кеңістіктегі m, n сызықтарын қиып өтетін l жазық қисық сызығы берілсін (18 - сурет ) . l- жасаушы; m, n- бағыттаушылар; α - параллелизмжазықтығы. Жасаушы (1) кеңістіктегі α жазықтығына тұрақты параллель бола отырып , m және n сызықтары бойымен жылжысын. Сонда 1 сызығының орындарының жиыны бет болады.
Қарастырылған жағдай - бетті алудың кинематикалық тәсілі. Кинематикалық тәсілмен әр алуан беттерді құрастыруға және эпюрде кескіндеуге болады. Беттерді құраушы сызықтардың немесе нүктелердің белгілі бір ретті жиынын қаңқа (каркас ) деп атайды. Берілуіне қарай нүктелік және сызықтық қаңқалар бөлінеді. Беттің пішінін қажетті дәлдік пен анықтауға және әр түрлі есептер шығаруғ мүмкіндік беретін нүктелер немесе сызықтар (қаңқа) таңдап алынады.
Сызбада бетті толық анықтауға мүмкіндік беретін геометриялық элементтердің және шарттардың жиыны беттің анықтаушысы болады. Беттің екі бөлек анықтаушысы бар. Біріншісі - анықтаушының геометриялық бөлігі, екіншісі - анықтаушының алгоритмдік бөлігі. Анықтаушының геометриялық бөлігі бетті жасаушы фигуралардан тұрады. Бетті алудың барысындағы жасаушылардың қозғалысының заңдылығын сипаттп беру алгоритмдік бөлікке жатады. Әр түрлі анықтаушының геометриялық бөлігімен бір ғана бет алынуы мүмкін. Мысалы, конустық бет осьпен қиылысқан жасаушының ось төңірегінен айналғандағы ізі немесе центрі ось бойымен жылжитын, оське перпендикуляр диаметрі бір қалыпты кемімелі шеңбердің орны.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz