Жануарларды жайылымда ұстау гигиенасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Жалпы гигиена

1. 1 Азықтар және ауылшаруашылық жануарларын азықтандыру гигиенасы . . . 5

1. 2 Малшаруашылық ғимараттарына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар . . . 10

1. 3 Жануарларды жайылымда ұстау гигиенасы . . . 15

ІІ. Жеке гигиена

2. 1Ірі қара мал гигиенасы . . . 17

2. 2 Шошқа гигиенасы . . . 21

2. 3 Қой гигиенасы . . . 26

2. 4 Жылқы гигиенасы . . . 33

2. 5 Түйе гигиенасы . . . 37

Қорытынды . . . 41

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 43

Қосымша . . . 44

Кіріспе

Жалпы гигиена

1. 1Азықтар және ауылшаруашылық жануарларын азықтандыру гигиенасы

Жануарларды толық құнды азықтандырудың гигиеналық маңызы

Мал шаруашылығының табысы көптеген факторлармен анықталынып, байқалатыны белгілі. Олардың ішіндегі бастысы - малдар мен құстарды толық құнды азықтандыру.

Организмнің қалыпты тіршілігі, жоғары өнімділігі азықтар организмнің түрлі қоректік заттарға деген қажеттілігін өтегенде, олардың протеин, көмірсу, май, минералды тұздар мен дәрумендердің тиісті қатынасы ұсталғанда ғана мүмкін.

Өмірінің түрлі кезеңдерінде жануарларды азықтандыру ерекшеліктерін, организмнің азықтық қажеттіліктерін, азықтар қасиеттерін, дұрыс білмеу орны толмас қателіктерге әкеліп соғады, яғни біріншіден жануарлардың өнім беру мүмкіншіліктері дұрыс пайдаланылмайды, екіншіден ауыр түрде өтетін аурулар, тіптен өлім-жітімдер орын алады. Азықтандыру кезінде нақты бір тәртіп пен қабылдау кезектілігін ұстану қажет, олар алдымен сапалы және жануарлардың жасына, түріне, жынысына, физиологиялық күйіне, сондай-ақ өндірістік бағыт ерекшелігіне сәйкесуі керек.

Дұрыс азықтандырудың басты қағидалары:

-жануар организмін қажетті азық көлемімен және энергиясымен қамтамасыз ету;

-барлық қоректік заттардың қажетті мөлшерде болуы;

- жақсы дәмдік сапада болуы;

- ас қорытылуы үшін қоректік заттардың жеткілікті болуы;

- азықтарда патогенді организмдер, микроорганизмдер мен уытты заттар болмауы.

Протеинді, көмірсулы және минералды азықтандырудың гигиеналық маңызы

Азықтар - жануар организміне протеин жеткізетін жалғыз көз. Азық протеинінің құндылығы негізінен аминқышқылдық құрамына байланысты.

Азық рациондарында көбіне қайшылық аминқышқылдары - лизин, метионин, цистин және триптофан жетіспейді. Күйіс қайыратындарда қажеттіліктің 60%-ға дейінгі мөлшері алдынғы қарындарда синтезделетін бактериалдық қорытылумен қамтылады, тек қалған бөлігі азық аминқышқылдары үлесіне келеді. Қайшылық аминқышқылдарына әсіресе шошқалар мен құстар мұқтаж, сондықтан олардың рационына синтетикалық аминқышқылдары енгізіледі.

Рацион бойынша протеині мен көмірсулары аса көп немесе аз тұрғыда жануарларды азықтандыру ацетонемия немесе кетонурия тудырады.

Сүт беретін сиырлар мен өндіруші бұқалардың ацетонемиясы - ацетон жануарлар бөлетін ауамен, зәр және сүтпен бөлінеді (кетон денелері жинақталады) .

Себептері - ақуызбен аз сіңірілетін ұшқыш көмірсуларының көп мөлшерде болуы.

Алдын алу үшін сиырларға азықтарды азайтады, рационға орта мөлшерде құрама жемдер, жеткілікті мөлшерде жақсы шөп, сүрлем, қызылша, сәбіз, картоп (шырынды) береді, моцион және жануарларды лагерлік ұстау ұсынылады.

Кетонурия немесе қойлар бауырының майлы дистрофиясы. Себептері - азықтарда каротин жетіспеуі, депонирленген А-дәруменінің болмауы. Алдын алу: рацион протеин мен каротин бойынша теңдестірілген болуы қажет, буаздылықтың екінші жартысында сапалы азықтар.

Кетоз көбіне көп мөлшерде май қышқылын (жем, сүрлем, төменгі сападағы пішіндеме) қабылдайтын сиырларда тіркеледі. Шошқалар кетозы буаздылықтың екінші жартысындағы мегежіндерде байқалады. Себептері: буаз мегежіндерге көмірсулы азықтар (қызылша, сәбіз, картоп) аз болуы кезінде, құрама азықтармен ғана азықтандыру (құрама жемдер, жармалар, күнжара) . Кегоз, егер құрама азықтар қоректілігі 75-85% астам болса байқалады. Протеин жетіспеуін, әсіресе сүрлем және жеммен азықтандырғанда, карбамидпен толықтыруға болады.

Бұрын рационда май болуы міндетті емес деп есептелінетін, алайда, оны азықтан шығаруды жануарлар нашар қабылдайды, өйткені майдың құрамдас бөліктері ми құрылымдау мен қоректендіруге, жасуша мембраналарын түзу үшін жұмсалады. Сау жүрек пен бүйректері бар организмде майлар қысқа уақыт аралығында ақуыздарды алмастыра алады. Майлар болмаған жағдайларда теріде дерматоздар дамиды, өйткені капиллярлар өткізгіштігі бұзылады, су қажеттілігі жоғарылайды, оттегін тұтыну 39-50% ұлғаяды. Көмірсулар организмде майлар мен ақуыздар ыдырауынан пайда болады. Көмірсу - энергияның негізгі көзі, оларды 2 топқа бөледі: шикі клетчатка және азотсыз экстро белсенді заттар (АЭЗ) . Азықтандыру нормаларында міндетті түрде жануарлардың клетчатка, қант және крахмалды қажет етуі ескеріледі. Өтпеген жағдайда ас қорытылу бұзылып, өнімділік төмендейді.

Азықтық улануларының алдын алу

Азықтық уланулар - бұл уытты заттары бар азықтарды қабылдаған соң пайда болатын жануар аурулары, олар 4 топқа бөлінеді:

1 дайындау технологиясы мен азықтандыру тәртібін бұзған кезде байқалатын уланулар (азықтық уланулардың өзі) ;

2 улы өсімдіктермен улану;

3 саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтармен улану;

4 пестицид және тыңайтқыштармен улану.

Нақты азықтық уланулар-жануарлар улануларын кейбір балауса, сапалы азықтар тудыра алады, оның себептері дұрыс азықтандырмау, сақтамау және дайындау кезінде улы еместен улыға айналатын заттар.

Мәселен, мақта күнжарасында госсипол гликозиді болуы мүмкін (жасушалық, тамырлық және нервтік улар) .

Мақта күнжарасын бұзау (қойға дейін), торай, қозыларға және буаз малдарға беруге болмайды. Госсиполдың улы қасиеттері 2 сағат пісіріп, булау нәтижесінде жойылады.

Зығыр күнжарасында линомарин гликозиді бола алады, ол күнжараны жылы суда ұстаған кезде, синил қышқылына ауысады (бұл үрдіске азық ферменті липаза қатысады) . Жануарлардың синил қышқылымен улануы ас қорытудың бұзылуымен, әлсіздікпен, қалшылдау, мазасыздану, шайқалып жүрумен белгіленеді. Улану әсіресе шошқаларда жіті өтеді. Уланулардың алдын алу үшін зығыр күнжарасын құрғақ күйінде ғана беру керек.

Шошқалардың піскен қызылшамен улануы, оны баяу суытқан (5-12 сағат) кезде азықтандырғанда байқалады. Бұл кезде денитридицирлеуші бактериялар қызылша нитраттарын нитриттерге ауыстырады. Улану жалпы күйзелу, сілекей ағуы, құсу, кілегейлі қабат бозаруы, құлақтары мен танауының көгеруі, нервті көріністер, демігумен бейнеленеді. Қызылшаны шикі түрінде берген жөн, ал пісірілген немесе буланған күйінде - жылдам суытып, суын төккен соң беру қажет. Қант қызылшасын аса абайлап берген жөн, оның тәуліктік мөлшері сиырларға 10-15кг (күніне 3 рет тең мөлшерде), қойларға 2 кг болуы керек.

Зиянды өсімдіктер алынатын өнім мөлшерін азайтады, алайда денсаулығына әсерін тигізбейді. Мысалы, жануарлар қыша, пияз, түймешек тәрізді өсімдіктерді жегенде сүт жағымсыз иіс, дәмге ие болады, түсі өзгереді. Сонымен қатар шоңайма, селеу тәрізді өсімдіктер механикалық зақымдалулар тудырады.

Улы өсімдіктер шалғын шөпте, пішендерде ұштасады. Жануарлар жайылымда әдетте, оларды жемейді. Алайда егер жануарлар аш болса немесе жайылымдар улы өсімдіктерге тым бой болса өзге өсімдіктермен қоса жеп қояды.

Жануар организміне әсер етуі бойынша улы өсімдіктерге жататыны: басым түрде орталық нерв жүйесін (ОНЖ) зақымдайтын, тыныс алу ағзаларын, жүректі асқазан-ішек торабын, бүйректерді, бауырды зақымдайтын өсімдіктер.

Кейбір өсімдіктер ОНЖ күйзелте отырып, ас қорыту ағзалары мен жүрек-тамыр жүйесіне әсерін тигізеді.

Супияз, сүттіген, қарамықша, алқа, шайқурай, шырмауық, арамсаяу басым түрде асқазан - шек торабы күйіне әсерін тигізеді, сонымен қатар бір мезгілде нерв жүйесі мен бүйректерді зақымдайды. Сарбасқурай, жабайы шалқан, ақбас қурай, тыныс алу ағзалары мен ас қорыту ағзаларына әсер етеді. Негізінен жүрек қызметіне әсер ететін өсімдіктерге інжугүл, жалынгүл, оймақгүл жатады.

Шалғын зиягүлін, сүйелжазарды ұзақ уақыт жегенде жануарларда бауыр цирозы дамиды.

Жануарлардың улануының алдын алуда улы өсімдіктерді жайылымдарда, шалғындарда және өзге жайылым орындарында тұқым пайда болуы сатысына дейін жою аса маңызды.

Азықтардың саңырауқұлақ бактерияларымен ластануы салдарынан байқалатын уланулардың алдын алу-дұрыс сақтамағанда азықтар көбіне саңырауқұлақтар тудыратын жануар ауруларын микоздар және микотоксикоздарға бөледі.

Микоздар - бұл саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды берген уақытта байқалатын аурулар, саңырауқұлақтар жануарлар организміне түсіп, өсіп, ұлпалары мен ағзаларында көбейеді де, осы арқылы жергілікті және уытты әсер етеді.

Микотоксикоздар деп өздері организмде тоғышарлық етугеқабілетсіз саңырауқұлақтар азықтарға бөлген уыттар әсерінен пайда болатын аурулар. Аса қауіптілері - тат кеселі, зең саңырауқұлағы, қастауыш, стахиоботрис, ақ зең.

Тат кеселі саңырауқұлағы тірі өсімдіктерде тоғышарлық етеді де оларда сары немесе қоңыр дақтар тудырады. Улану гиперемия, дененің әр бөліктерінің (ерін, ұрт, қабақ) домбығуы, қатты қышынуымен белгіленеді. Сондай-ақ ауыздың, қарынның, ішектің кілегейлі қабаттары қабынады, нәжісте қан дақтары байқалады, түйнелу мен іш тастаулары, кейде жүйкелі көріністер орын алады. Тат саңырауқұлағымен ластанған, зақымдалған азықтарды 3-5 сағат бойы 2-3% сілті ерітіндісімен заралсыздандырады.

Улану кезінде ас қорыту ағзаларының қызметі бұзылады, тәбеті төмендейді, сілекей бөлінуі, түйнелулер, қарын шертулері, іш қатулары немесе өтулері, бауыр зақымдалулары байқалады. Сонымен қатар мұндай уланулар жүйкелік симптомдармен белгіленеді (дірілдеп қалшылдаулар, күйзелулер, салданулар) . Жекеленген зең саңырауқұлақтары жануар организмінде тоғышарлық ете алады. Зең саңырауқұлақтарымен аз дәрежеде зақымдалғанда азықтарды залалсыздандырғаннан кейін береді. Бұл үшін оларды желдетіп, қағып, термиялық өңдемелейді, немесе сілтілермен өңдемелейді. Көп мөлшерде зақымдалған азықтарды пайдалануға тыйым салынады.

Ақ зең саңырауқұлағы (Fusarium) дәнді дақыл дәндерін өсу кезеңінде және сақтау кезеңінде, әсіресе жылдың ылғалды мерзімдерінде зақымдайды. Бұл саңырауқұлақ түрімен улану жие ірі қара мал мен шошқаларда байқалады. Улану асқазан - ішек торабы қызметінің бұзылуымен, нерв жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Уыттық әсерді азайту үшін дақылды дән кептіргіш қондырғылардан өткізіп, 10 минут 300-350°С температурада ұстайды. Дәнді дақылдарды ылғалдылығы 13-14%-дан аспайтын шамада сақтау ақ зеңмен зақымдалудың алдын алады.

Стахиоботрис саңырауқұлағы (Stackybotris) сабан, мекен, пішенді зақымдайды. Дамуы үшін ылғалды сабан таптырмайтын орын (маялауға дейін суланған, немесе маяда ылғал сіңген) .

Бұл саңырауқұлақ улы заттар бөледі де, олар азықтарда жинақталады. Зақымдалған сабан қоңыр-қара түстенеді, ал кей бөліктерінде қара күйе дақтанады. Мұндай азықты жеген кездері жануарларда стахиоботриотоксикоз ауруы дамиды. Бастапқыда ауыз, ерін кілегейлі қабаттары қабынады, тұмсығы ісінеді, содан соң ойықжаралар пайда болады да ерін, ұрт, қызыл иек бөліктері өлі еттенеді. Осы кезде температура жоғарылауы, жүрек қызметінің бұзылуы, ас қорыту ағзалары қызметінің бұзылулары орын алады.

Азықтарда кейбір инфекциялық және инвазиялық ауру қоздырғыштары да бола алады. Олар азықтарға ауыр жануарлар бөлінділерімен түседі. Мұндай жануарларды уақтылы анықтап, жайылымдарға жібермеу қажет. Азық тасымалдаулары үшін мал, жануар шикізаттарын, қи тасыған көліктерді алдын ала дезинфекцияламай пайдалануға болмайды.

Пестицидтер мен тыңайтқыштардан болатын және азықтандыру технологиялары бұзылуына орай туындалатын уланулардың алдын алу- өсімдік зиянкестері, арамшөп және ауруларымен күресу үшін химиялық заттар (пестицидтер) кеңінен қолданылады.

Пестицидтер -бұл ауыл шаруашылығында арамшөптермен (гербицидтер), зиянкестерімен (инсектицидтер, акарацидтер, зооцидтер, овоцидтер), аурулармен (фунгицидтер, нематоцидтер) күресу үшін қолданылатын қарапайым және күрделі химиялық заттар. Пестицидтер қатарына дефолианттар, десиканттар, өсімдік өсуін реттегіштер енеді. Алайда, олардың көбі ауылшаруашылық малдары үшін улы. Жеткіліксіз бақылау кезінде олар азық, суды ластай алады, тиісінше уытты заттар жануарлар организміне түседі. Әсіресе сынап-органикалық заттарымен улану қауіпті. Сондай-ақ кейбір минералды тыңайтқыштармен (селитра мен суперфосфат) уланулары да мүмкін.

Улы химикаттардың азықтарға түсуінің бірнеше жолдары бар: тікелей байланыстық, аэрогенді, алиментарлы (көп тарағаны) .

Улану кезінде көбіне келесі белгілер байқалады: мазасыздану, азықтан бас тарту, сілекей бөлінуі, түйнелулер, іш өтулері, жиілеген және ауыр тыныс алулары. Ауыр жағдайларда дірілдеп-қалшылдаулар, дірілдеулер, салданулар байқалады. Әсіресе жас жануарлар мен буаздары сезімтал.

Жануарлар улануларының алдын алу үшін қажетті шаралар:

- тыңайтқыштар мен улы химикаттарды дұрыс сақтау және пайдалану;

- алқаптарға шығарылған минералды және органикалық тыңайтқыштарды үйінді-күйінде қалдырмау;

- улы химикаттарын дайындау орындары қоршалған, бөлектелген болуы керек;

- мал шаруашылығы жұмыскерлері мен ветеринария қызметкерлері улы химикаттар қолданылуының барлық шаралары туралы нұсқамалық таныстырулары керек.

Жануарлар ауруларының басым бөлігі азықтандыру тәртібі мен техникасын бұзу салдарынан байқалады.

Олардың алдын алу үшін тұрақта тұру мерзімдерінде келесі ережелер ұстанылуы маңызды:

1. Азықтарды нақты бір уақыттарда және мүмкіндігінше бірдей уақыт аралығында тарату керек;

2. Азықтандыру барысында және одан соң бірер уақыттан соң қора жайларда 1 сағаттан кейін орындалуы тиіс жұмыстарды атқармау керек;

3. Жануарларға тым көлемді азықтар бермеу керек (ас қорыту ағзаларына үнемі күш түсіру қорытылу мен пайдалануын нашарлатады) .

4. Азықтар температурасы ғимарат ауасы температурасына жақын болуы керек.

5. Қатып қалған, жөнді ерімеген, сондай-ақ піскен және буланған азықтарды жеткілікті түрде суытпай беруге тыйым салынады.

1. 2 Малшаруашылық ғимараттарына қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптар

Біз мал шаруашылығының барлық өнімдері сатылар алдында ветеринарлық-санитарлық қадағалаудан өтетінін білеміз, ал жануарлар денсаулығы ұстау, азықтандыру, бағып-күту және қоралардың санитарлық жағдайына тәуелді.

Сондықтан қазіргі кезгі малшаруашылық ғимараттары жануарлар үшін оңтайлы жағдайлар жасап қана қоймай, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық талаптарға сай, өндіріс үрдістерін механикаландыру мен автоматтандыру үшін ыңғайлы да болуы тиіс.

Құрылыс теліміне қойылатын талаптар- бастапқы ветеринарлық-санитарлық бақылау (ВСБ) жобалау мен құрылыстың келесі кезеңдерінде жүзеге асырылады:

1. құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі;

2. құрылыс алаңын таңдау;

3. құрылыс жобаларының ветеринарлық-санитарлық сараптамасы;

4. құрылыс кезінде ветеринарлық-санитарлық нормалар ұстануын бақылау;

Ветеринарлық-санитарлық қадағалауға ветеринарлық-санитарлық ережелер бұзылған жағдайларда (анықталған бұзылулар жойылғанша) құрылысты, ғимараттар мен құрылымдардың қайта жөнделу жұмыстарын, қайта салынған, қалпына келтірілген ғимараттардың іске қосылуын тоқтату құқығы бар

Мал шаруашылығы нысанының фермасын салу орнын құрамына міндетті түрде ветеринар дәрігері енгізілген алқа мүшелер таңдайды.

Телімді бағалау барысында келесі талаптар ескеріледі:

1. геологиялық;

2. метеорологиялық;

3 . гидрологиялық;

4. ветеринарлық-санитарлық;

5 . инженерлі-техникалық;

6. экономикалық;

7. экологиялық.

Телім көлемі оны құрылыстық салу түріне (жеке, ірі блокты, бірқабатты, көпқабатты, жалғасқан, қоршаулы), жануар түрі мен санына, ұстау жүйесі мен әдісіне байланысты.

Телімнің болжамды көлемдерін мына көрсеткіштерді ескеріп анықтайды: сүт және ет-сүт фермалары үшін - 100-140м 2 /бас; 6-айдан асқан ІҚМ-50-70м 2 /бас; мамандырылған мал шаруашылықтарында бір негізгі мегежінге 60-220м 2 ; бордақыланатын шошқаға 20-30м 2 ; қой фермалары үшін 15-20м 2 ; құс фермалары 0, 38-1, 0м 2 құрылыс алаңдарын мекен-жай ауасының сумен қамту көздерінің, су көздері мен топырақтың санитарлық қорғалуын ескере отырып таңдайды. Малшаруашылық нысандарын мекен-жайлардан санитарлық-қорғау аймағымен бөлектейді.

Сүт фермалары 300-500м, шошқа фермасы 500-2000м, құс фермасы 300-1200м, қой және аң фермалары 300м, жылқы және қоян фермалары 100м, өтелдеу зауыттары 3000м мал молалары 500м орналасуы тиіс.

Малшаруашылық нысандарын салу телімдері өзге фермалар мен кешендерден зооветеринарлық қашықтармен алшақталған болуы керек.

Зооветеринарлық қашықтық - бұл бір нысанның екіншісіне қолайсыз әсерін болдырмайтын (шаң, микроб, газ) түрлі малшаруашылық мекемелері арасындағы минималды қашықтық .

Малшаруашылық мекемелері мен өзге нысандар арасындағы зооветеринарлық қашықтықтар 50-3000м шамасында ауытқиды. Мысалы, ірі қара мал кешенінен шошқа, жылқы, қой фермаларына дейінгі қашықтық 150м, авто-теміржолдан 300м, Республикалық, облыстық тұрғыдағыдан 150м, жергілікті жолдан 50м болуы тиіс.

Қосалқы және фермерлік шаруашылықтарда бір мезгілде бір алаңда 200-ге дейін сиыр, 500 бас бордақыланатын мал, 1000 бас шошқа, 600 бас қой, 20 бас жылқы, 300 қоян, 1 құс ұстауға болады. Бір кәсіпорын құрамына енетін түрлі жануар ғимараттарын қарама-қарсы орналастыру қажет.

Алайда, олар жер пайдаланымына енеді, сондықтан ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалану қажет.

Қосалқы шаруашылықта 3-аймақ бөлген жөн:

1, Таза аулалы тұрғын үй;

2 . Шаруашылық-мал қора-жайлары;

3. Серуендеу алаңдары.

Желдетілу -дегеніміз ғимараттан ауаны шығарып, оны таза сыртқы ауамен алмастыру.

Ауа алмасуының жеткіліксіз болуы микроклиматты нашарлатады, тым көп болуы қысқа кезеңдерде ғимарат ішкі температурасының едәуір төмендеуіне әкеліп соғады.

Осыған орай ауа алмасуының оптималды деңгейі межеленеді, ол мал түріне, салмағына, жыл мезгіліне байланысты болады.

Ауа алмасу деңгейі желдетудің сағаттық көлемі, нормасы, реттілігімен сипатталады. Желдетудің сағаттық көлемі- бір сағат ішінде ғимаратқа жіберілуі тиіс ауа көлемі, м 3 /сағ.

Ауа алмасу нормасы -малдың тірі салмағына, немесе бір малға қажетті ауа көлемі, м 3 /сағ.

Ауа алмасу реттілігі -желдетудің сағаттық көлемінің ғимараттың ішкі көлеміне қатынасты.

Қысты күндері желдету су буларын, СО 2 және зиянды газдарды жылуды минималды шығындап шығаруын қамтамасыз етуі керек, қыста ауа алмасуы-минималды болуы қажет.

Жазда ғимараттан зиянды газдарды, жануарлардан бөлінетін артық жылуды, күн радиациясы жылуын шығару қажет. Ауа алмасуы максималды болуы қажет, яғни сыртқы ауа температурасынан 5 0 С астам жоғарыламайтын деңгейді құрауы тиіс.

Ауыспалы мезгілдерде (күз, көктем) ауа алмасу жоғары, жаздағыдан аз болуы керек. 10 суретте желдету жүйелері бейнеленген.

Желдетудің табиғи жүйесі жылы ішкі және суық сыртқы ауа тығыздығы айырмасы есебінен қосымша энергия шығынынсыз жұмыс істейді. Ғимарат іші мен сырты температураларының айырмасы 8-10 0 С астам болғанда ғана ауа алмасуы байқалады.

Сору каналдарын қабырғаларда саңылау түрінде ғимарат периметрі бойымен орналастырады, сору каналы енінің ауданы шығару тұрбалары енінің ауданының 70-80%-ын құрауы керек. Сору және шығару каналдарының есікшелері болуы керек, олардың көмегімен ауа келіп түсуі, шығарылуы реттеледі. Тұрбалы желдету тиімділігі мынаған байланысты: сору және шығару каналдары аудандарының қатынасына; сору тұрбалары биіктігіне және желдету құралымдарының орналасуына.

Желдетудің тік жүйесіне қарапайым, квадрат кескінді ағаш шахталары (каналдары) жатады.

Олардың құрылымына келесі талаптар қойылады:

1. Тығыз, саңылаусыз қабырғалары тегіс, канал ішінде дөңгеленген болуы керек (қабырға арқылы ауа үйкелісін азайту үшін) ;

2. Төбеде, төбе үстінде жылытылған болуы керек, яғни конденсат болмауы керек;

3. Тік, үздіксіз, сынық, майысуларсыз болуы керек (өйтпегенде ауа тежелетін болады) ;

4 . Кесінді ауданы айтарлықтай үлкен болуы тиіс.

Кесінді ауданының үлкендігінің артықшылығы:

1. Бір үлкен шахта бірнеше аз кесінділі каналдарды алмастыра алады, бұл ғимарат біртұтастығын сақтауға мүмкіндік береді;

2. Ауа қозғалысы жылдамдығы жоғары;

3. Конденсаттың түсу мүмкіндігі азаяды;

4. Желдетуді меңгеру жеңілдейді.

Әрбір сору каналы немесе шахтасы шатыр шетінен 60-70см жоғары аяқталады.

Сору каналдары екі қабырға бойында, шахмат тәртібінде ауысып отыратын төбеден 20-30см төмен орналасқан тік бұрышты саңылаулар түрінде болады, тік бұрышты саңылау көлемі 0, 25-0, 3х0, 35-0, 4м және әр саңылау сыртынан желқағар қолданылып, ішінен көлбеу қойылған клапанмен жабдықталады.

Сондай-ақ профессор Юргенсон ұсынған бір тұрбалы желдету жүйесі де бар. Сору желдейім бір үлкен шахта түрінде, ол құрылыс ортасында орналасады, немесе әр бөлімге бір-біріне орналастырылған екі шахта қойылады. Оның ауданы ВИМЭ жүйесіндегі барлық сору тұрбалары ауданына тең болуы керек.

Механикалық (жасанды) желдету ауа қозғалысы арнайы желдеткіштер арқылы қамтамасыз етілуімен сипатталады, олар ғимараттағы ауа температурасы мен ылғалдылығы өзгерген кездері автоматты түрде қосылып, сөніп отырады. Күштеп желдендіретін сору жүйесін (ауа шығарылуын қамтамасыз ету), сору (таза ауа енгізетін), сору шығару, сондай-ақ желдету-калорифер жүйелерін айырады.

Механикалық желдету қолданымында мына жайттар қажет: желдеткіштер болуы мен олардың жұмыс істеу сапасы; нақты өнімділігі; желдеткіштер мен электрсымдарының ылғалдан сақтығы; қыздырғыш құралдарының жылу өнімділігі.

Төсеніш, канализация жән қи сақталуы

Әдетте, төсеніш ретінде сабан, құрғақ ағаш үгінділері, шымтезек пайдаланылады. Әр түрлі жануарларға арналған төсеніш мөлшері (6 кестеде) келтірілген.

Тәуліктік төсеніш мөлшері, кг

Жануарлар түрі
Сабан, кг
Жануарлар түрі: Жұмысшы жылқылары
Сабан, кг: 1, 8 - 2
Жануарлар түрі: Асыл тұқымды жылқылар
Сабан, кг: 2, 5 - 3
Жануарлар түрі: Сүтті сиырлар
Сабан, кг: 2, 5 - 3
Жануарлар түрі: Шошқалар
Сабан, кг: 1, 5 - 2
Жануарлар түрі: Қойлар
Сабан, кг: 0, 3 - 0, 5

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоогигиена. Ауа ортасының гигиенасы
Жануарларды серуендету
Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау
Ірі қараны күтіп - бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Жылқы малдарының гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz