Жануар тектес азық



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Азықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Жануарлар азығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Азық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Азық құнарлылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.4 Жануарлар азығын жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ Азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Ірі қара малды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3 Қой-ешкіні азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Жылқыны азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.4 Шошқаны азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.5 Құстарды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
III Азыққа қойылатын санитариялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3.1 Жануарлар азықтарына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.2 Мал азығына және азықтандыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Шаруашылықтағы мал басын көбейтіп, өнімділігін арттыру үшін малды дұрыс азықтандырудың маңызы зор. Тек дұрыс азықтандырылған жағдайда ғана мал басының денсаулығы сақталып, тұқым тегіне тән өнімділігін көрсете алады. Сондықтан мал азыктандыру саласы мал шаруашылығы мамандығын игеретін студенттерге осы саладан қажетті мағлұматтар береді, мал түліктерін үнемді әрі физиологиялық
қажеттілігіне сай қоректендіруді үйретеді. Малды дұрыс та тиімді азықтандыру үшін екі мәселені шешу қажет: біріншісі -- азықтандыруда пайдаланылатын жемшөп кұрамы мен қоректілігін анықтау; екіншісі -- сол жемшөпті мал мен кұс түріне және физиологиялық жағдайына байланысты өзгеретін энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығын дұрыс және үнемді жұмсау. Осы бір- бірімен байланысты әрі бір-біріне тәуелді мәселені шешкен жағдайда, шаруашылықтағы мал мен құсты физиологиялық және экономикалық тұрғыдан ұтымды азықтандыруды ұйымдастыруға болады.
Малды азықтандыру мөлшері, азықтандыру нормасы - мал түрі, жасы, жынысы, тұқымы мен өнімдік бағыты, тірілей салмағы мен өнімділігіне қарай өзгеретін организмінің мұқтаждығының көрсеткіштері. Азықтандыру нормасы мал тіршілігін сақтап, өнім өндіруге (жұмыс атқаруға) қажет энергия мен қоректік заттардың организм мұқтаждығына сәйкес қажеттігін белгілейді. Азықтандыру нормасы негізгі көрсеткіштеріне азық өлшемі, қорытылатын протеин, ас тұзы, кальций, фосфор, каротин жатады. Толықтырылып, тетіктелінген азықтандыру нормасы көрсеткіштері бұған қоса жалпы протеин мен ауыспайтын аминқышқылдары, макро-және микроэлементтер мен негізгі витаминдер (А, Д, Е) қажеттілігімен толықтырылып, мал мен құс организмінің мұқтаждық көрсеткіштерін қамтиды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Ауыл шаруашылық жануарларын азықтандыру гигиенасының талаптарын,мақсатын,маңызын,азықтың құнарлылығын осы негізде жоғары өнімділікті, қолайсыздықты жоюды және азайтуға ықпал ететін нормалар мен ұсыныстарды анықтау,зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Жануарларды толық құнды азықтандырудың гигиеналық маңызын анықтау.
-Жануарларды дұрыс азықтандыруды қарастыру..
-Мал шаруашылығы азықтандырудың,азықтың санитарлық-гигиеналық талаптарын зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы.Кіріспе,үш бөлім,қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-бөлім. Азықтар туралы баяндалады.Яғни жануарлар азығының құнарлығын,құндылығын,азықтардың жіктелуін қарастырып жануарларға қандай азықтардың тиімді екенін анықтаймын.
2-бөлімде. Азықтандыру жөнінде баяндаймын.Ауылшаруашылық жануарларынаың әр түріне тоқталып,оларды азықтандыру гигиенасын рет-ретімен анықтаймын.
3-бөлім. Азыққа қойылатын санитариялық талаптар.Анықтап кетсем жануарларға берілетін азықтардың санитариялық гигиенасын,гигиенаның

І АЗЫҚТАР
1.1 Жануарлар азығы
Жануарлар азығына физиологиялық тұрғыдан мал қорегіне жарамды, денсаулығы мен өнімділігіне зиянсыз, тіршілігіне қажетті қоректік және биологиялық әсерлі заттарды жеткізетін өнімдер жатады. Оларды мал түлігі сүйсініп жейтін, ас қорытуына жұғымды, қоректік заттарының қорытылуы мен сіңіріліп, игерілу дәрежесі жоғары болуы керек. Жануарлар азығының жұғымдылығы оның химиялық құрамына, азыққа дайындалу мерзімі мен технологиясына, сақталу жағдайына, жегізу алдында өндеуден өткізілу әдісі мен тәсілдеріне, жегізу көлемі мен тәртібіне т.с.с. факторларға тәуелді өзгереді. Жемшөп деп аталып, төрт түлік малдың негізгі қорегі болып табылатын өсімдік азықтар құрамы мен қоректілігіне өскен (өсірілген) аймағының топырақ құрамы мен құнарлылығы, ауарайының ерекшеліктері, малға жегізу түрі (жайып немесе шауып, дайындап) мен жегізілген немесе мал азығына дайындалған кездегі өсімдіктердің ботаникалық құрамы мен жетілу фазасы, дайындалу әдісі, сақталу мерзімі мен режимі, азықтандыруға жұмсау тәртібі секілді көптеген әсер етсе, екпе шөп қоректілігіне әсер етуші факторларға өсіру агротехникасы мен тыңайтқыштарды қолдану ықпалы қосылады. Маңызды минералдық элементтерден еліміздің шөлейт және шөлді өңірлерінің жемшөбінде бордың (жеткілікті мөлшерінен 88%), мырыштың (76%), стронцийдың (47%), йодтың (80%), мыстың (40%), кобальттың (52%) аз болуы малды эндемиялық (жергілікті жерге тән) ауруларға шалдықтырады. Біздің бұл бағыттағы зерттеулеріміз республиканың оңтүстік-шығыс өңірінде (Іле, Жоңғар Алатауы сілемдері) - йод, мыс, мырыш, кобальт, солтүстік-шығыс ӛңірінде (Алтай, Тарбағатай сілемдері) - селен, молибден элементтерінің жетіспеушілігін көрсетсе, республиканың солтүстік-батыс өңірінде (Арқалық, Торғай алқабы) - никель элементінің шамадан тыс көп шоғырлануын көрсетті. Мал азығының құрамы мен қоректілігі дайындау технологиясы мен сақтау жағдайына байланысты да біршама өзгереді. Шабылған өсімдік жасушасында өрістейтін биохимиялық және микробиологиялық үдерістер өсімдік қоректік заттарын, бір жағынан, ыдыратса, екінші 12 жағынан, сол өзгерістер барысында пайда болатын жаңа қосындылармен байытады. Аштық алмасудағы өсімдік жасушаларының тыныстануы мен микробиологиялық ашытулар қанттар мен қоса протеиндерін де өзгертіп, сүрлемге салынған дақылдағы көптеген аминқышқылдарының мөлшері кемітіледі.

1.2 Азық құрамы
Азық құрамы өсімдік түрі,өсіп даму кезеңі, ауа-райы, топырақ құнары, агротехнологиясы ж.б факторларға байланысты өзгереді. Мысалы, ауа райы қоңыржай аймақта дақыл дәнінің майында қаныққан қышқылдар көп жиналса, ауа райы континенталды аймақта қанықпаған май қышқылдары басым жиналады. Көк балауса өсіп дамыған сайын оның ылғалдылығы азайып, құрғақ заты ұлғаяды. Өсіп жетілу, шабылып дайындалу мерзіміне байланысты протеин мен май мөлшері көкшөпте, тиісінше, 15-20%; 8-60%; тамыр-түйнектерде - 13-25%; 15-66%, дәнде - 8-16%; 9-58% аралығында өзгереді.
Азық кұрамы сыртқы ортадан енетін түрлі химиялық элементтерден тұрады. Олар өсімдіктен мал организміне қоректену барысында берілетіндіктен, белгілі дәрежеде азық пен мал денесінің элементтік және химиялық құрамында ұксастық болады. Организм кұрғақ затының 92-95% құрайтын органикалық элементтер С О Н N есебіне... ... көк шөпте 15% 12% 70% 0,5%... жүгері дәнінде 40% ,6%, 50% 1,5% келсе, ... қой денесінде 25% 10% 50% 2,5% келеді.
Бірақ, өсімдік органикалық заты негізінен көмірсулардан (көк шөптегі 25-30% кұрғақ заттың - 22-27%, жүгері дәніндегі 85% құрғақ заттың - 70%) тұрса, мал органикалық заты протеин мен майдан (40% құрғақ затының -35%) тұрады. Өсімдік құрамында көмірсулардың қанттар, крахмал, клетчатка түріндегі моно- екі- және көпқанттардан тұратын алуан түрлі қосындылары басым болса, жануар денесінде тек глюкоза мен жануар крахмалы деп аталатын, бауырда энергетикалық қор ретінде жиналатын гликоген ғана болады.Организмнің органикалық затынан қалған 5-7% кұрайтын минералдық элементтерден қазіргі кезде өсімдік пен мал денесінде 70-ке жуығы анықталып отыр. Бұл академик В.И.Вернадскийдің биосфера қабаттарында химиялық элементтердің шашыранды түрде барлық тарайтынын болжаған биогеохимиялық ілімін дҽлелдейді. Әрине, биоценоздарындағы барлық минералды элементтің өсімдік пен жануар организмінде өзіндік биологиялық қызмет атқаратынын атап айту өте қиын, бүгінгі күнге биологиялық тұрғыдан маңызды болып саналатын, тіршіліктегі атқаратын биохимиялық және физиологиялық қызметі нақтылы анықталған биогенді минералды элементтерге Са, Р, Na, К, Mg, S, CI, Fe, Си, Mn, Zn, Co, J, Mo, Se, биологиялық функциясы анықталып келе жатқан шартты биогенді микро- және ультра- микроэлементтерге Si, F, Ni, li, Br, Cr және басқалары жатады.
Минералды элементтерден өсімдікте К мен Са үлесі басым болатын болса, жануар денесінде Са мен Р басым келеді. Бұл биохимиялық қоректік тізбектегі ҿсімдік пен мал организмінің, бір жағынан, тығыз байланысын көрсетсе, екінші жағынан, сапалық айырмашылығын айғақтайды.Демек, тіршілік өзегі болып табылатын осы қоректік тізбектегі биологиялық зандылықтарды айқындау үшін, мал қорегін, азық құрамын анықтау қажет.
1.3 Азық құнарлылығы
Мал азығының қоректілігі- оның организм тіршілігінің қажеттерін өтеу дәрежесімен өлшенеді. Бір мөлшерде желінген азықтың қайсысы тіршілік қажетін толығырақ өтесе, сол азықтың қоректілігі, құнарлылығы жоғары болғаны. Мал азықтандыруды ғылыми жолмен ұйымдастырып, аз жемшөп шығындап көп өнім алу үшін азықтың қоректілігін дұрыс бағалай білу керек. Мал азығының қоректілігін дұрыс бағалаған жағдайда олардың күнделікті берілуін мөлшерлеп, мал организмнің қажетінде дәлдеп, аз беріп ашықтырмай, көп беріп ысырап етпей, үнемді де тиімді пайдалануға болады.Азық қоректілігі ҚҚЗҚ бойынша бағалаудың негізгі кемшілігі - ол тек азық қорытылуын, яғни ас қорыту барысының тек алғашқы, бірінші сатысына ғана қамтиды. Қорытылып сіңірілген қоректік заттардың одан әрі игеріліп пайдаланылу жағдайын көрсетпейді.
Ғылым мен өндірістің одан кейінгі дамуы азық қоректілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік туғызды. М. Рубнер, содан кейін Атуотер және Бенедиктердің зерттеулері, энергияның сақталу заңы жануар организмінде де орын алатындығын дәлелдеді. Соған негізделе отырып мал организмінде заттар және энергия теңдігін зерттеу тәсілдері дамыды. Бұл тәсілдерді қолдана отырып 1905 жылы неміс ғалымы О. Кельнер организмде азот, көміртек және энергия теңіктеріне негізделіп есептелген азық қоректілігін олардың өнімділік әсерімен бағалау жолын ұсынды.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде О. Кельнердің крахмалдық теңдеулеріне негізделген сұлы азық өлшемі қолданылады.Оның бірлігі ретінде 1кг сұлы қоректілігі, май байлауымен есептелетін өнімдік әсері алынды. Сұлы азық өлшемі 1933 жылы бекітіліп, оның негізінде алғашқы азық қоректілігінің кестелері жарияланды. Біршама кемшіліктеріне қарамастан бұл бірлік қазіргі кезге дейін мал шаруашылығында негізгі азық өлшемі ретінде қолданылып келеді. Әдетте ол азық өлшемі деп аталады.
Азық қорктілігін сұлы азық өлшемімен бағалау толығымен О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен, оларға толығырақ тоқталайық. О. Кельнер өз есептерін азот және көмір тек теңдеулері арқылы жануар организміндегі ақықтың өнімділік әсерін анықтауға негіздеген. Азот элементі тек протеин құрамында 16,67 процент болатындықтан, оның денедегі балансы бойынша ақ зат алмасуын бақылауға болады. Ал көміртектің ақзаттары 52,54 процент және майдағы 76,50 процент мөлшері бойынша денедегі май байлауын есептейді.
100 г қорытылатын ақзаттікі 23,5 г, 100 г қорытылатын майдікі түрлі азықта әртүрлі қорытылуына байланысты 47,4-59,8 г., 100 г қорытылатын қанттікі - 18,8 г. Бұл сандар қорытылатын таза қоректік заттардың май байлау константалары өзгермейтін көрсеткіштері деп аталып, түрлі азықтардың химиялық құрамы қорытылатын қоректік заттары бойынша өнімдік әсерін май байлауымен есептеу үшін пайдаланылады.Азық қоректілігі өнімдік әсерінін бір ғана қыры - май байлау қасиеттері арқылы бағаланған. Бұл бордақылаудағы малға қолдануға бейімді.
1.4 Жануарлар азығын жіктеу
Мал азығы шығу немесе өндірілуі бойынша табиғи және синтетикалық топқа бөлінеді. Табиғи азық тегіне сәйкес өсімдік және жануар тектес азыққа, ал синтетикалық азық химиялық және микробиологиялық өнімге жатады. Бұлармен қатар мал азығына түрлі азықтық минералдык, витаминдік қосындыларды пайдаланады.
Өсімдік тектес жемшөп-өсімдік тектес жемшөп, мал мен үй құсының негізгі азық қорын құрайды. Көктеп тұрған кезінде олардың мал жейтін балаусасы көк азыққа , шабылғаннан кейін дайындау технологиясына байланысты кептіріліп, қатайғаны -ірі, шырыны сақталғаны - шырынды,дәні - құнарлы азыққа жатқызылады. Бұл топқа өсімдік шикізатын өңдеуге негізделген өндірістің азықтық қалдықтары спирт пен сыра (ашыту) өндірісінің - барда, сыра бөртпесі, қант өндірісінің -жом, сірне (мелясса), крахмал өңдірісінің - мезга, ұн өндірісінің - кебек, өсімдік май өндірісінің - күнжара мен шрот кіреді.
Сүрлем- малдың, оның ішінде мүйізді ірі қараның, негізгі қысқы азығының бірі. Сүрлемге көк азықты шырынды кезінде (астық тұқымдастарды - масақ Масақтана, жүгеріні - собығындағы дәні сүттеніп-балауызданып піскенде, бұршақ тұқымдастарды - гүлдей бастағанда шауып, турап, орға траншеяға мұқият нығыздап салып, тиянақты жауып салады. Осылай орнатылған анаэробтық жағдайда аэробтық, ең алдымен шіріткіш микроорганизмдер дамуы тежеліп, қант қажетті жағдайда анаэробтық микроорганизмдер, оның ішінде сүт қышқылдылары дамиды.
Көк азықтарды химиялық жолмен консервілеу. Сүрлемдеу - көк азықты тиімді биологиялық жолмен сақтау, яғн консервілеу әдісі. Қиын сүрлемделетін дақылдарды сақтау үшін сүрлемдеу нәтижесінде орын алатын жағдайды, атап айтқанда орта қышқылдығының рН-ын 4-4,2 деңгейіне жеткізу жасанды түрде туғызу қажет. Оны сүрлемге салынған салмаққа түрлі бактериялар ашытқысын немесе органикалық не 61 минералдық.
Пішендеме. Пішендемеге дегдітілген көкшөпті сүрлемдеу технологиясына ұқсас жолмен (шауып, дегдітіп, турап, мұқият нығыздап, тиянақты жауып) салады. Құрғақ затындағы клетчаткасы бойынша (19%-дан астам) пішендемені топқа жатқызады, бірақ сүрлемдікінен кәрі де шырыны жақсы сақталып, онша қышқылданбаған (рН = 5-5,5), тұщы балаусалау азықты мал қорегіндегі физиологиялық әсеріне сҽйкес шырынды азыққа жатқызуды дұрыс санаймыз. Мал азығында пішендемені пішен мен сүрлем орнына жұмсауға болады. Пішендемеге салынған азықтың сақталуын "физиологиялық құрғақтық" жағдайы деп аталатын 50-55% ылғалдылықта өсімдік 62 торшасының ылғал ұстаушы күші (водоудерживающая сила) бактериялардың 50-52 см2кгк-ға жететін copy күшінен басым түседі де, анаэробтық жағдайда қоректік заттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Азықтық тамыртүйнектілер мен бақшалық дақылдар. Азықтық картоп, қызылша, жер алмұрты (топинамбур), турнепс секілді тамыртүйнектер мен азықтық асқабақ, қарбыз секілді бақшалық дақылдар қысқы кезеңдегі малдың өте маңызды шырынды азығы болып табылады. Құрамында суы көп (70-90%) болғанымен, өнімділігінің арқасында олардан егістік бірлігінен жиналатын қоректік зат көк және дәнді азықтікінен артады және негізінен жеңіл қорытылатын көмірсулардан ...қанттар мен крахмалдан, гемицеллюлоза мен пектиндерден... тұратын құрғақ затының құнарлылығы өте жоғары. Оның құрамында биологиялық тұрғыдан құнды, мысалы, картоптың негізгі белогі болып табылатын туберин секілді протеині, макроэлементтерден калий элементі басым болып, кальций-фосфорлық қатынасы оңтайлы, күлінің реакциясы асқорытуға жағымды сәл сілтілі болып келеді.

Ірі жемшөп
Пішен-малдың негізгі қысқы азығының бірі, шабылған көкшөпті кептіріп консервілеу арқылы дайындалады. өсімдік торшасының суы кеміген сайын ылғал ұстаушы күші өсіп, 16-17% ылғалдылыққа дейін 66 кептірілгенде еш микробиологиялық өзгерістерге жол бермей, жақсы сақталады. Демек, шабылған балауса осы ылғалдылыққа дейін неғұрлым тез кептірілсе, соғұрлым қоректік жҽне биологиялық пөрменді заттары толығырақ сақталып, пішен сапасы жоғары болады. Пішенге кептіру барысында өсімдікте азықтар күрделі үрдістер орын алады. Шабылғаннан кейін торшалары тыныстануын тоқтатпай, күн сәулесі түскен жағдайда "аштық алмасу" деп аталатын фототүзужалғастырады. Соның нәтижесінде крахмал мен қанты көмірқышқыл газы мен суға дейін гадролизденеді. 100 г ірақтан сағатына 0,3 г көміртегінің қостотығы шығарылғанторша ылғалдылығы 66%-дан азайғанда тежелетін "аштықу" кезеңі
Сабан-дәнді дақылдардың сабағы мен жапырағынан тұратын қалдығы. Құрамында әбден лигнинделген клетчаткасы 30-45% шамасында болғандықтан қиын қорытылатын, негізінен күйісті малға жегізілетін, ірі (қатайған) мал азығы. Целлюлозасының лигнинделу дәрежесі жоғары болғандықтан, қорытымы өте төмен күздік дакылдар сабанын төсенішке, басқа қажеттілікке жұмсап, жаздық дақылдардың ірі және ұсақ мүйізді қара мал азығына алдымен сұлы, тары, арпа, содан кейін бидай, ұнтақталған жүгері мен бұршақ тұқымдастар сабанын жұмсайды.
Топан-өндеуден өткізілген дәннің қабығы мен ұнтағынан тұратын мал азығы. Қорек құндылығы, біріншіден, дән ұнтағының мөлшеріне, екіншіден, дән қабығының қаттылығына байланысты. Қылтанды дақылдар топан малдың ауыз куысы мен өңеш, қарынның кілегей қабығын зақымдандырып, актиномикозға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан оларды малға алдын ала буландырып жегізген жөн. Қоректілігі бойынша сұлы, тары, қылтансыз арпа жаздық жұмсақ бидай, содан кейін күздік бидай мен қарабидай, бұршақ тұқымдастардың, әсіресе беденің топаны бағалы. Астық тұқымдастар топаны - жылтыр, сары, бүрша тұқымдастардікі - бозғылт, көк-боз түсті, жағымды, хош иісі болуға тиіс. Ылғалдылығы 16%-дан асып, қызып, көгеріп шіріген немесе мүзданып қатқан бөлігі 10%-дан, өндеу барысында топырақ-құммен көп ластанған, әсіресе тотықтандырғыш және головнялық саңырауқұлақтарымен едәуір зақымдалған топанды мал азығына қолдануға болмайды. 1 кг топанда - 0,3-0,4 а.ө., 5-10 г Са, 2-3 г Р, астық тұқымдастардікінде - 15-25 г, ал бұршақ тұқымдастардікінде 35-45 г қорытылатын протеин болады.
Бұтақты азық-қуаңшылық жылдары мал азығын жуандығы 1-1,5 см,-ұзындығы 30-40 см қайың, терек секілді жапырақты ағаштар бұтағын жапырағы жетіліп тұрған кезеңінде жұлып, буып, іліп кептіреді немесе сүрлемдеп дайындайды. Органикалық затын күйісті мал 50%-ға дейін қорытатын, 1 кг-да 0,12-0,17 а.ө., 20-30 г қорытылатын протеин, 30-70 мг каротин болады. Малға жегізерде турап сақтап немесе балғалы ұнтақтағышпен (дробилка) ұнтақтап береді. Қылтанды ағаш (қарағай, шырша) бұтағын қысқы кезеңдегі витаминдік азық ретінде дайындайды. 1 кг қылтада 100 180 мг каротин, 2-3 мг С, 5 мг В2 витамині болады. Қарағай дайындағанда 1 гектардан 10-12 т қылтан ұнын дайындауға болады. Клетчаткасы мен сағызы көп болғандықтан, малға витаминдер жетіспеген жағдайда шектеп жегізеді. Төлге витаминдік қорек ретінде қылтан сүзбесін ішкізуге болады.
Шөп ұны-көкшөп қоректік заты мен витаминін толығырақ сақтау үшін, оларды жоғары жылулықта (500-800°C) арнайы қондырғыларда тез кептіріп, ұнтақтайды. Кептіру температурасына қарамай, жылу шығарудың физика-химиялық зандылықтары бойынша, 3-4% ылғалы қалғанша өнімдік температурасы 100°С-тан аспайтындықтан, ондағы қоректік зат пен витаминдер өзгеріссіз жақсы сақталады. Соның нәтижесінде, құрғақ затындағы клетчаткасы 19%-дан асқандықтан ірі азыққа жатқызылғанмен, 1 кг жалпы қоректілігі құнарлы азыққа пара-пар (0,8-0,9 а.ө.), каротиндік құндылығы өте жоғары (150-250 кгмг) витаминдік, ал, негізінен, бұршақ тұқымдастардан дайындалатындықтан -протеиндік құнарлылығы да жоғары, сондыктан витаминдік қорек деп аталатын құнды мал азығы дайындалады.

Құнарлы азық
Дәнді азық-жеңіл қорытылатын қоректік заты көп болатындықтан мал азығына жұмсалатын барлық дҽн 1 кг құрғақ затының қоректілігі 0,65 а.ө. асатын, ал жасұынығы құнарлы азыққа жатады. Құнарлылығымен қоса болғандықтан, мал қорегін энергия және протеинмен толықтыруға жұмсалады. Химиялық құрамына сәйкес көмірсуларға бай энергетикалық (АЭЗ - 60-70%, протеині - 10-14%) астық тұқымдастар дәні жатады, азотты қосындыларға бай протеиндік (АЭЗ - 30-50%, протеині - 20-40% бұршақ тұқымдастар дҽні жатады) және протеин мен майға бай майлық (майы - 8-27% майлық дақылдар дәні) дәнді азықты бөледі. Соңғыларының мал азығына майын ажыратқаннан кейінгі қалдығын қолданады.
Кебек пен ұн өндірісінің қалдықтары-мал азығына дән өндеу қалдықтары, оның ішінде алдымен дән қабығы мен қауызынан тұратын кебек пайдаланылады. Өндірілетін ұн сортына байланысты дән массасының 25-28% еленетін ірі және майда кебекке шығады. Дақыл дәнімен салыстырғанда кебегінің құрамы протеин, май, клетчатка, минералды зат, әсіресе фосфор мен В тобының витаминдеріне бай келеді. Азықтық мақсатта алдымен қанықпаған май қышқылдары мол, жеңіл қорытылатын, сондықтан жаңа бұзаулаған сиыр арықтағанда, әлсіреген мал асқорытуын қалыптастыратын, диеталық азық ретінде бидай, содан кейін қарабидай кебегі жұмсалады. Бұлармен қатар мал азығына ұн өндірісінің бидай мен тары ұнтағы, ұн тозаңы секілді қалдығы пайдаланылады. Олардың сапасын түрі, түсі, иісі, дәмі, ылғалдылығы, тазалығы мен қамба зиянкестерімен зақымдалуы бойынша бағалайды.
Күнжара мен шрот-өсімдік май өндірісінің құнды, кұрамында 30-50% биологиялық тұрғыдан астық тұқымдастар дәнінен бағалы протеині бар, кальций мен фосфорға бай, мал азықтық қалдықтары. Дақылдан майды сығып (пресстеп) шығарғаннан кейінгі құрамында 6- 9% майы қалатын қалдығын күнжара, ал бензин, гексан секілді көмірсутектік органикалық еріткіштермен ерітіп шығарғаннан кейінгі құрамындағы майы 1-3% аспайтын қалдығын шрот деп атайды. Олармен катар бүл өндірістің фосфатидтті-белокті жем мен дән қауызы, қабығы секілді азықтық қалдықтары болады.
Өсімдік тектес азыққа-жоғарыда келтірілген жемшөп және өндіріс қалдықтарымен қоса біршама техникалық өндірістің азықтық қалдықтары жатады. Олардың құрамында су көп (80-95%) болатындықтан - сулы, ал кептірілсе құнарлы азыққа жатқызылады. Бұлардың қатарына спирт (ашыту) өндірісінің қалдықтары - барда (қойыртпақ), бардасүзбесі, жүзім мен жеміс сығыны, тұнбалы шарап ашытқысы қант өндірісінің қалдықтары - жом, сірне мелясса, патока крахмал өндірісінің қалдықтары - мезга, глютен, жүгері экстракті, сыра ашыту өндірісінің қалдықтары - сыра бөртпесі, сыра ашытқысы мен арпа солоды кіреді.
Құрамажем-ғылыми негізделген рецептура бойынша мал мен құс түріне, жасына, жынысына, өнімдік бағыты мен физиологиялық жағдайына сәйкес шығарылатын көп компонентті азық. Теориялык, тұрғыдан, құрамажем дайындау, тар қосындысының қоректілігі қосындыға кіретін әр жеке қоректілігінен асатындығына негізделген. Қосындыдағыазықтардың құрамы мен қоректілік қасиеттері бірін-бірі толықтырып, биологиялық құндылығын, яғни құнарлылығын арттыра түседі. Организм мұқтаждығын қамтамасыз ету дәрежесіне байланысты толық рационды, құнарлы-құрамажем, арнайы құрамажем, белокті- витаминді (БВК) не белокті-витаминді-минералды (БВМК) қосынды және премикс түрінде дайындалады.

Жануар тектес азық
Жануар тектес мал азығына тҿл қорегіне жұмсалатын сүт пен сүт өнімдері жҽне протеинді қосынды ретінде қолданылатын ет пен балық өңдеу өндірісінің қан, ет, ет-сүйек, балық ұны, сонымен қатар құс етін ендірудің қалдығы -қауырсын ұны жатады.
Сүт-жаңа туылған төлдің алғашқы қорегі - ене уызы мен сүті - жаңа ортаға бейімделіп, тіршілігін қамтамасыз етудсгі маңызы зор азық болып табылады. Сүт құрамында төл қорытуына жеңіл, жұғымды түрде 200 тарта қоректік және биологиялық пәрменді заттар болады - сүт майының ас қорыту жолындағы сіңірілімі 95% болса, биологиялық құнарлылығы өте жоғары сүт белогі мен жеңіл сіңірілетін сүт қанты лактозаның қорытылымы 98%-ға жетеді.
Ет өндірісінің азықтық қалдықтары-етке сойылған малдың қаны мен жуынды суын кептіріп қан ұнын шығарады. Қою қоңыр түсті, іртіксіз, бөлшектерінің диаметрі 1 мм-ден сүйек қоспасы 5%-дан аспайтын ұнтақ. 1 сортты қан ұнының ылғалы - 9%, майы - 3%, күлі - 6%-дан аспай, протеині - 81- дан кем болмауы тиіс. 1 кг-да 0,92-0,98 а.ө., 650 г метиони изолейцині мен глицині аз қорытылады. Іш өтуден сақтандыру үшін құс пен шошқа құрамажеміне 10%-дан асырмай қосады.
Балық ұны-ұсақ балық пен тағамға жарамсыз балық консервілеу қалдығынан дайындалатын, қорытылымы 85-90% өте кұнды белокті- минералды-витаминді азық. МЕСТ 2116-71 талабы бойынша азықтық балық ұнының ылғалдылығы - 12%, майы - 10%, ас тұзы - 5%-дан аспай, протеині 48% (жоғары сорты - 70%), фосфорқышқылды кальцийі - 28-30% кем болмауға тиіс. Шикізат құрамына байланысты 1 кг-да 0,9-1,5 а.ө, 480-630 г қорытылатын протеин, 20-80 г Са, 15-60 г Р болып, металл қосындысы 0,1 г аспуы тиіс. Балық ұны протеиінінің аминқышқылдық құрамы стандартқа, яғни тауық жұмыртқасы ағынікіне жақындайды - 1-да 50 г лизин, 15 г метионин, 6 г триптофан болады. Өңдеу барысында жоғары температураға төзімсіз бірқатар витаминдері ыдырағанымен, рибофлавин (14 мгкг), никотин қышқылы (175 мгкг), пантотен қышқылы (100 мгкг), цианкобаламин (0,8 мгкг) секілді В тобы мен бауырымен бірге өнделген балық ұнында Д витамині мол болады. Бұзылмауы үшін балық ұнына антиоксидант қосып, кҿп қабатты тығыз қағаз қапта сақтайды. Құс пен шошқа құрамажеміне 10-12% қосады.
Қауырсын ұны-құс етін өндіргенде жиналған қауырсынды автоклавта жоғары қысым мен температурада қышқылмен өңдеп дайындайды. Қауырсын белогы гидролизденіп, аминқышқылдары қорытылатын болады. 1 сортты қауырсын ұнының ылғалдылығы - 12%, майы - 3%, күлі 12%-дан аспай, протеині 70%-дан кем болмауға тиіс. 1кг-да0,8 а.ө., 500 г лизині, метионині мен триптофаны аз қорытылатын протеин болады. Бұлармен қатар, жануар тектес азыққа, азықтық тоң майды, арнайы өңделген тері өндірісінің қалдығын, жібек тұтын жатқызуға болады. Азықтық тоң май бөгде қоспасыз, ылғалы - 0,5%, балқу температурасы - 42°С, 1 сортының сабындалмайтын қалдығы- 1%, қышқылдық саны - 10, тотығу саны - 0,03%, 2 сортынікі, сол ретпен, 1,5%, 20, 0,1%- дан аспауы керек. Бұзылмауы үшін тығыз жабылатын ағаш бөшкеде антиоксидант қосып сақтайды да, сүтті алмастырушы және құс құрамажеміне энергетикалық қосынды ретінде 5-7% қосады.
ІІ Азықтандыру
2.1 Ірі қара малды азықтандыру.
Ірі қара қарыны көп бөлімді, күйіс қайыратын малға жатады. Оның алдынғы месқарын (тазқарын деп те атайды), тақияқарын, жалбыршақ бөлімдерінде желінген жемшөп ұсатылып, сілекейленіп, микробиологиялық өңдеуден өтеді де, әбден майдаланып, жұмсартылып, қойыртпаққа айналғаннан кейін нағыз қарын болып табылатын ұлтабарға өтеді.Ұлтабарда қоректік заттар қарын сөлімен қорытыла бастайды. Микробиологиялық үрдіс барысында таз қарында пайда болған сүт-, пропион-, сірке- секілді ұшпалы май қышқылдары (ҰМҚ) тікелей қанға сіңіріліп, мал энергетикалық мұқтаждығын едҽуір қамтамасыз ететіндіктен, күйісті малды тиімді қоректендіруде қарынның алдынғы бөліктеріндегі микробиологиялық өзгерістерді қарқындып бағытты жүргізу қажет.
Шаруашылықтағы мал денсаулығын сақтап, өсіп-өнуі мен өнімділігін арттыруды нормалап, организмнің сыртқы ортадан енетін қоректік заттарға мұқтаждық көрсеткіштеріне малдың жеген азығының қоректілігін сәйкестендіріп, мөлшерлеп азықтандыру негізінде іске асырады. Мал мен құс мұқтаждығына сәйкес азықтандырған жағдайда ғана үнемді жұмсалған азық шығынымен мал және құс басының арзан да жоғары өнімдігін қамтамасыз етуге болады. Организмнің зат алмасу барысындағы тіршілігін қамтамасыз ету мен өнім түзу қажеттілігінен туындайтын мұқтаждық көрсеткіштері азықтандыру нормасы арқылы белгіленеді. Ол көрсеткіштер түлік түріне, жасына, жынысына, өнімдік бағыты мен тұқымына, физиологиялық ахуалы мен тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты өзгереді. Мал мұқтаждығы азық өлшемі, қорытылатын протеин, ас тұзы, кальций, фосфор, каротин бойынша 6 көрсеткішті қамтитын жалпы азыктандыру нормасымен, ал қажетті және мүмкіншілік болған жағдайда бұл корсеткіштерге қосымша шикіпротеин мен ауыспайтын аминқышқылдары, макро- және микроэлементтер мен маңызды витаминдер мұқтаждығын толықтырылған 18-30 көрсеткіштерді қамтитын тетіктелген азықтандыру нормасымен (детализированные нормы кормления) белгіленеді. Азықтандыру нормасына негіздеп азықтандыру рационын, яғни әр малға жегізілетін жемшөп көлемін құрастырады. Рациондағы азықтар мөлшері мал түлігінің ас қорыту ерекшелігін ескере отырып,қоректік заттарға мұқтаждығы азықтандыру нормасының көрсеткіштерін қамтамасыз етуі қажет. Рацион құрылымын, яғни оған кіргізілген жемшөп топтарының жалпы қоректілігіне пайыздық арақатынасы, қорытуға оңтайлы, кҿзделген өнімділікті өсіруге бағыттап құрастырады.
Сүтті сиырды азықтандыру.Сүтті сиыр бұзаулауы аралығының, яғни сауымы басталуы кезеңін қамтитын 11-12-айлық өндірістік айналым (производственный цикл) кезеңіне сәйкес азықтандырылады. Өндірістік айналым бойындағы сүтті сиыр азықтандырылуы физиологиялық ахуалына сәйкестіріледі. Айналымның алғашқы 10 айға созылатын сауым кезеңінде (лактационный период) сиыр сүттілігіне басым көңіл 99 аударылса, соңына қарай дамитын 9-айлық буаздық кезеңінде (стельный период) туар алдындағы ұрық жетілуіне көңіл аударылады. Сауымының 3-4-айынан басталатын сиыр буаздығының алғашқы 1-6 айында маусым мен буаздық кезеңдері бір-бірімен қабаттасып келетін ескереді.
Өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажын мен әр түрлі себептермен арықтаған сиырға азықтандыру нормасы қосымша 1 кг салмақ қосьшына 5 а.ө. көлемінде жоғарылатылады. Айталық, тәулігіне 200 г салмақ қосуына азықтандыру нормасы 5 х 0,2 = 1 а. ө. жоғарылатылады. Сауын сиыр нормасының эр 1 а. ө.-де 95-105 г қорытылатын протеин, 6,5-7,5 г ас тұзы, 6,5-7,5 г Са, 4,5-5,3 г Р, 40-50 мг каротин болуға керек.
Азықтандыру нормасында келтірілген сиыр мұқтаждық көрсеткіштерін оның физиологиялық ахуалы мен өнімділігіне сәйкестіріп құрастырылған, сүттілігін арттыратын азықтандыру рационымен қамтамасыз етеді. Ол үшін, сауын сиыр рационы қоректілігінің жартысына жуығын (жалпы қоректілігі бойынша 40-60%) сүттілігін арттыратын шырынды азықтармен (100 кг тірілей салмағына шаққанда 4-4,5 кг, оның 13 қызылшамен) қалғанын қалыпты ас қорыту барысын қалыптастыруға, яғни күйіс қайыруға, қажетті ірі азықпен (100 кг тірілей салмағана шаққанда 1-1,5 кг, оның 13 сабанмен) және сүітілігіне сәйкестендіріп (1 кг сауымға шаққанда 100-400) құнарлы жеммен береді. Желінетін азық мөлшеріне сиырды біртіндеп, 10-15 тәулікте көлемнен бастап дағдыландырып барып үйретеді.
Бұзауды азықтандыру-туылғаннан кейін сиырға бұзауын жалатып, қажет болса таза сабан, кенеппен ысқылап, массаждап ширатады. Бұзауын жалаудың оның енесіне де тигізер пайдасы бар екенін ескереді. Бұзаулаған сиыр желінін жылы сумен жуып, шүберекпен сүртіп, құрғатып тазартады да, емшек үрпісінде жиналған сүттің алғашқы, микробтармен ластануы мүмкін бөлігін жеке ыдысқа сауады. Содан кейін бұзауды енесіне теліп, уызымен ауыздандырады. Мұның оның иммундық жүйесін қалыптастырып, өміршендігін жетілдірудегі маңызы зор екенін ескеріп, өмірінің алғашқы күндері өз енесінің уызына қанығуын қадағалайды. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда бұзауға жаңа бұзаулаған басқа сиыр уызын ішкізеді Бұзауды сөйтіп өмірінің алғашқы күндерінегі уызды кезеңінде енесімен бірге ұстап, уызымен қоректендіреді де, уыз сүтке айналғаннан кейін басталатын сүттік кезеңінде енесінен бөліп, оның өз сүтімен азықтандыруға мүмкіншіл болмаған жағдайда, жиынтық сүтпен (сборное молоко) қоректендіреді. Сүт өндіру бағытындағы тұқым бұзауларының 6-айлығына, ал сиыр етін өндіру бағытындағы тұқым бұзауларының 8-айлығына дейін созылатын бұзау өсірудің сүтті кезеңінде оларды арнайы азықтандыру жобасымен (схемасымен) азықтандырып өсіреді. Азықтандыру жобасын таңдағанда бұзаудың тұқымдық ерекшіліктеріне байланысты салмақ қосуымен қатар 108 шаруашылықтағы бұзау азығына кажет диеталық жемшөп пен қосындылардың қорында ескереді.

2.2 Қой-ешкіні азықтандыру.
Қой-ешкі өсіру - қазақтың ата көсібі. Кең-байтақ жеріміздің шұрайлы жайылымдарын жыл бойында тиімді пайдаланудың арқасында, қой мен ешкі басы арзан да құнарлы азықпен ұтымды қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде де қой-ешкі азықтандыруында табиғи жайылым отын кеңінен пайдаланып, тек күз, қыс пен көктемдегі күйек, ұрықтандыру буаздық пен қоздау, қозы емізу кезеңдерінде қосымша пішен, сабан, пішендеме және жеммен толықтырады. Қой организімінде қоректік зат алдымен орталық жүйке, қан айналымы, жыныстық ағзалары секілді тіршілікті қамтамасыз ету тұрғысынан маңызы зор жүйелердің жұмысына жұмсалады да, тек содан кейін барып тері мен оның жүн, жал, мүйіз, тұяқ секілді өнімдеріне шығындалады. Осының салдарынан мал ашыққандағы қоректік зат жетіспеуінен жүн талшықтары жіңішкереді де, талшықтың сол жерінде аштық жіңішкеру (голодная тонина, переслед, перехват) ізі немесе белгісі қалады. Жүн талшықтарының бұл жері әлсізденіп, үзілгіш келеді де, қырқылған кейінгі жүннің үзілмеушілік қасиетін (разрывная прочность) азайтып тауарлық сапасын төмендетеді.
Саулықты азықтандыр-саулықты жыл бойында организімінде өтетін алмасуына күшті ықпал ететін күйекке түсу, ұрықтану, буаздық пен қозысын емізу секілді физиологиялық ахуалы сәйкестендіріп азықтандырады. Күйін келтіріп, қоңдылығын арттырып, күйекті нәтижелі өткізу үшін, саулық азықтандыруын ұрықтандырудан 1-1,5 ай бұрын күшейтеді. Күйі келген саулық қысқа мерзімде нҽтижелі ұрықтанады да қоздатудың ықшамды әрі егіздің мол болуына себептеседі. Қоздау науқанының нәтижелі өтуі үшін буаз саулықтың дұрыс азықтандырылуына, әсіресе энергетикалық мұқтаждығы 30-40%, протеиндік мұқтаждығы - 40-60% өсетін, азықтандыру тұрғысынан қысылтаң қыстың соңы - көктемнің басына сәйкес келетін буаздықтың екінші жартысында ерекше көңіл бөледі.
Қозы мен лақты азықтандыру-жаңа туған қозыны енесінің уызына жарытып алғашқы екі аптада, негізінен, ене сүтімен азықтандырады. Енесін емізумен қатар 3-4-аптадан соң қозыны біртіндеп басқа жемшөпке үйретеді. Тәулігіне бір басқа 4-айлығында 100 г беріле бастаған пішен, 50 г жем мөлшері, 16-айлығында - 350-400 г пішен, 350 г жем мөлшеріне жеткізіледі. Қозы өсімін қажетті аминқышқылдарымен қамтамасыз ету үшін жемнің бір бөлігін протеинді бұршақ тұқымдастар дәнімен алмастырып, тәулігіне қозы денесінде 1,8-2,1 г сіңірілетін кальций мен 1-1,2 г сіңірелетінін фосформен қамтамасыз ету үшін азықтық преципитат, фторсыздалған фосфаттарды көлемінде береді. Түрлі себептермен ене сүтіне жарымаған және жетім қалған қозыларды М.Байтурин, Ж.Оразалин (1977) ұсынған арнайы қой сүтін алмастыратын құрамажеммен азықтандыруға болады.
Ешкі азықтандыру- салмағы 50 кг шыбыш тіршілігін қамтамасыз ету үшін 0,35-0,4 а.ө., 45-60 г қорытылатын протеин, 7 г Са, 3,5 г Р қажет. 1 кг салмақ қосымына, шамамен, 17% жасұынығы бар 50 г құрғақ зат жұмсалады.

2.3 Жылқы азықтандыру
Жылқы қарнының аумағы күйісті малдікі салыстырғанда анғұрлым тар болғандықтан, жұмыс аты бос уақытын ұтымды пайдаланып, үзбей азықтандырады. Осыны ескере ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азықтардың түрлері
Азық - түлік тауарларынын сапасын кадағалау
Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Жылқы жануарын тасымалдау сәті
Азық құрамы
Құрама жемдерді байыту технологиясы
Азықтарды жіктеу түрлері. Азық дайындау технологиясы. Азық құрамы мен қоректілігі
Азық қоректік заттарының қорытылуы
Мал шикізат өнімдері
Жануар тектес азықтар
Пәндер