Көкпардың жалпы ережелері


Жоспар
I Кіріспе . . . 3
II Негізгі бөлім . . . 4
2. 1 Көкпар спорты қалай пайда болды . . . 4
2. 2 Көкпардың түрлері . . . 5
2. 3 Көкпардың жалпы ережелері . . . 6
2. 4 Көкпар аттарын қалай дайындайды . . . 8
2. 5 Көкпар ойынының қазіргі уақыттағы дамуы . . . 10
III Қорытынды . . . 25
IV Пйдаланылған әдебиеттер . . . 26
I Кіріспе
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының жақсы бір түрі болып табылады. Ойын атауының шығуына байланысты бірнеше нұсқалар бар екен: “көк бөрі” және "көк бөрте". Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісіның жыртылмайтыны. Орташа салмағы 20-30кг-дай болады. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға қолданылмайды.
Көкпар - Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу) ”, тәжік тілінде “бузкаши” деген атаулар алған. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде бары белгілі. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға қатты ұқсастығы бар болып шықты. Сонымен қатар, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болғаны анықталды. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығымдап отыруын қалыптастырады. Сондай-ақ қатар Көкпар - аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай немесе дода тартыс болып 2 бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ қарлысады. Мұны кейде марта тарту деген атауменде атайды.
Қазақстанда 1949 ж. Көкпардың жарысының жаңа ережесі бекітілген екен. Соған сай Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленеді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келе жатыр. Алаң көлемі қатысушылар санына тікелей қатасты болып келеді. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса - 500х200 м, 15 адамнан болса - 700х300 м, 20 адамнан болса - 1000х500 м болады.
Алаңның әр бұрышына қызыл матадан жасалған белгілер ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызықпен бөлінеді. Алаң ортасында диаметрі 6 м болатын шеңбердің нақ ортасына Көкпарға арналған серке тасталады қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 - 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты - орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.
II Негізгі бөлім
2. 1 Көкпар спорты қалай пайда болды?
Көкпар тарту ойындары тек бізде ғана емес, Орталық Азия елдерінің көптеген елдерінде бар мысалы: ауған, қырғыз, өзбек, тәжік сияқты өзге де халықтарында бар екені мәлім. Кейбір зерттеушілердің ақпаратына сай мұхиттың ар жағында орналасқан Аргентина елінде ұқсас ойынды дәлелдеген болатын. Сондықтан 2 мыңжылдық тарихы бар бұл ойынды тек қазақ халқына тиесілі ойын деуге келе қоймас. Бұл спорттың шығу тарихын қаншалықты білеміз? Әуелден, бұл спорттық ойынның қай уақыттан бергі келе жатқанына назар аудару керек. Түркі дәуірінде бұл ойын жауынгерлердің әскери машығын шыңдау әдісі немесе құралының бірі болғаны мәлім. Соның арқасында жауынгер аттарының соғыс барысындағы шапшаңдықтар байқалған. Жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы және ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Содан бері сан ғасырда бұл спорттың мақсаты және міндеті біршама өзгеріске ұшарап келген. 1958 жылдан бастап командалық спорт түрінде өткізілетін ойын, мәре көкпардан өзге түрлері жоғала бастаған екен. Этнографтардың айтуынша, «көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққаны анықталды. Мал баққан көшпелілер көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болады. Кейіннен ол ұлттық ойынға айнала бастады.
«Көкпар» деген сөз «көк» және «бөрі» деген екі есім сөздің кірігуінен пайда болды деген пікірді А. Қалиұлы айтып кеткен: «Көкпар тарту - әскери жаттығулардың бір түрі. Түрік қағанатындағы «Дербес бөрі жасақ» дегеніміз осындай жаттығудан өтіп сайланған батырлар тобы еді», - деп тұжырымдауға болады. Ал, академик Ә. Х. Марғұлан: «Сырдария мен Арал бойын мекендеген Сақ тайпалары жылсайын қасқыр тотемінің құрметіне арнап, қатысушылары қасқыр терісін жамылып, маска киетін атты-спорттық мейрам ұйымдастыратындарын айтқан. Бұл дәстүр түрік-моңғол тайпаларында күні бүгінгі уақытта сақталды. Қазақ, түрікмен, қырғыз елдерінде бұл ойын «көкпар - көк бөрі» деген атаумен сақталған. «Көкпар» атты ойынның қазақ халқындағы бір варианты «Қыз бөрі» - қасқыр терісі мен қасқыр маскасын киетін дәстүрлі сақ ойынының модификациясы болып табылады»- деп ойынға ғұрыптық мағылардың беріліп отыратына расталған.
Жазушы Қайрат Жанабаев: Бірақ шын мәнінде, бұл қасқыр немесе қасқырларға табынумен байланысты ежелгі тотемисттік идеялардың көрінісі. Табиғаттағы қасқырлар қасқырларды қалай жыртып, екіншісін жұлып алғанын еске түсірейік (мысалы, көкпарда - баланың ешкі үшін шайқасатын екі команданың ойыншылары, оны қарсыластан алып тастайды) .
2. 2 Көкпардың түрлері .
Бізге белгілі көкпардың Көптеген түрлері бар . Атап айтқанда : жаппай тарту, ұтысып тарту, дода көкпар, айналма көкпар, мәре көкпар, тақым тартыс т. б. Сондай - ақ көкпардың аталған түрлеріне қатысты жеке - жеке ережелері болған немесе Көкпаршылар ойын үстінде жағдайға қарай келісіп алатын да үрдіс бар . Бірақ бұл біртекті емес үрдіс әр өлке де әрқилы түрлері кездесе береді .
Мысалы, жаппай таруды ( дода ) алатын болсақ : бұл ойын түрінде кәрі - жас, үлкен - кіші дейтін шектеу жоқ . Барлық адам қатысатын болғандықтан жоғарыдағыдай атауға Көкпаршылардың тақым күшін, ептілігін, қол қайратын ететін бұл Көкпардың ерекшелігі барлық өңірге тән екендігінде .
Ұтысып тарту . Ойыншылар екі топқа бөлінеді . Екі жақтан бір - бір адам шығып Көкпарды тартады . Көкпардан айырылғаны немесе ұтылған адам ойыннан шығады . Кей жағдайда өзіне Көкпаршы қарсыластарын жеке - жеке сайысқа шақырып, бір өзі бәрін жеңіп ойыннан шығарып тастайтын кездері болған . Нәтижесінде қарымы мықты, күшіне аты сай жігіт іріктеліп жеңіске жетеді .
Айналма көкпар . Бұны кей өңірлерде шауып тарту деп те атайды . Ойыншылар көкпарды нақты межеленген жерге ( ауылға, жеке үйге, нысаналы орынға т. б. ) жеткізіп тастауы керек . Екінші жақ оларды жібермей қарсылық көрсетеді . Қарсыластарынан айласын асырып, нысанаға көкпарды апарып тастаған адам сыйлыққа ие болады .
Мәре көкпар . Ойынға қатысушылар екі шеттен нысана немесе қазандық белгілеп, қай жеңгені көкпарды сол қазандыққа салып ұпай жинайды . Осылай межеленген уақытта қай топ көп ұпай жинайды солар жеңіске жетеді . Қазіргі таңда еліміз көкпаршылары осы мәре көкпар түрінен сайысуда . Жалпы көкпар ойыны топтасқан жігіттердің ( команданың ) бірлігі мен ептілігін қажет етеді . Ертеректе көкпаршылар ауыл, ата, ру болып
Топтасып екінші py, ата, ауылдың азаматтарымен сайысатын болған . Рудың азаматтары қарсыластарынан жеңіліп қалмау үшін әркез дайындықта, үнемі машық жасайтын болған . Қазақта : « Көкпар тарқандікі, қоян қаққандікі » деп тегін айтылмаған .
2. 3 Көкпардың жалпы ережелері
Қазақстанда 1949 жылы бекітілген ереже бойынша, көкпар арнаулы алаңдар да өткізіледі. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса - 500х200 м, 15 адамнан болса - 700х300 м, 20 адамнан болса - 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер («отау») сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 метрлік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты - орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының «отауына» жеткізу. Көкпар «отауға» жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.
Дода тартуда топтар сайысады.
2001 жылы күзде Бішкек қаласында халықаралық «Көкбөрі» федерациясы құрылып, оның жаңа ережесі бекітілді. Бұл көкпардағы үлкен жаңалық еді. Сонда ең алғаш «Қазандық» ережесі енгізілді. Содан бері көкпар ұзындығы 200, ені 80 метрді құрайтын арнайы алаңда өткізілетін болды. «Қазандық» арасындағы ұзындық 120 метр, орталықтан бастап «қазандыққа» дейін 60, «қазандықтан» бастап ойын алаңының сыртқы сызығына дейін 40 метр. Айып алаңы «қазандықтан» бастап 20 метр, орталық және айып алаңындағы шеңбердің диаметрі 8 метр.
Салым алып, оны межеге жеткізу көкпардың ортақ ережесі. Дегенмен, ертеректе көкпарға сойылған серкені бір күн бұрын бұлақ суына салып қоятын. Мұндай серке ұзақ шабыста жыртылмайды. Бұрындарыкі жақтағы мәрелерін арасы 1, 5-2, 0 шақырым болатын. Дода кезінде қалың шаңнан сытылып шыққан аттар тақымын жазып көсіле шабатын. Командалық көкпар ережесі бекігеннен кейін бұл қашықтық бірнеше есе қысқартылып 300 метрге жетті. Ең соңындакеш болып көкпар бітерде ауылға алып қашушы едік. Көкпарды алып ауылға жеткенде оны өз үйіңе апармай, жаңа келін түскен үй, болмаса шілдехана болған шаңыраққа түсіруші едік. Сол үй көкпар етінен қуырдағын жасап көкпаршыларды күтетін.
Жалпы, көкпар жаппай тарту, дода тарту деген екі түрге бөлінеді. Жаппай тартуда жеке адамдардың қол қайратын, тақым күшін, батылдығын, ептілігін толық көрсетуіне мүмкіндігі бар. Ойынға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, жаппай тарту деп аталуы да сондықтан. Мұнда әркім лақты өзі иемденуге тырысады.
- Жаппай көкпар мен спорттық көкпардың айырмашылығы неде?
- Жаппай көкпар тартыста серкенің салмағы нақты белгіленбейді. Теке тарта ма, тана тарта ма, өздері шешеді. Сосын жүз ат шаба ма, мың ат шаба ма -шектеу қойылмайды. Ал, спорттық көкпар белгілі ережеге сүйенеді.
Соңғы жылдары жаппай көкпар даму үстінде. Өйткені, спорттық көкпар жылына екі-үш өткізілсе, жаппай көкпар аптасына бір рет. Оның үстіне,
жаппай көкпардың жүлде қоры жақсы. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын.
Көкпар жылқысын баптау және таңдау жөніндегі менің ойым
Бізде көкпардың атын баптайтындар аз. Өйткені, көкпар атын баптау күрделі өнер. Оны меңгеру кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Бір ғана жайтты айтсам, атын дұрыс баптай алмағанның аты семіз бола тұра қызыл май болып, зорығып өледі. Мұндай жағдайлар көкпарда жиі кездесіп жатады. Жалпы, көкпардың атын баптағанда ұйқысын қандыруға, таза су ішуіне мән беру керек. Әр атбегі жүйрікті баптауда бабын қандырудың тәсілін дұрыс таңдай білуі керек.
Ал, көкпар жылқысын таңдағанда айғырға басымдық беріледі. Себебі, айғырдан басқа жылқы түлігі дода-дуды жарып кіре алмайды, кіргеннің өзінде ұзақ тартысқа шыдас бермейді. Сондықтан тәжірибелі ат бапкерлері көкпарға айғырды таңдайды. Сосын көкпар атының негізгі ерекшелігі жүрегі
жақсы болуы шарт. Одан кейін көкпар атына тән сипат икемді әрі жылдам болуы керек. Көкпар аты ақылды болғаны абзал. Яғни, ақылды жылқы көкпаршының тақымы арқылы маневр жасап, жеңіске жетелейді.
Бұл жарыста салт аттыларға оңай тимейді. Өйткені салмағы 30-40 кг немесе 50-60 кг болатын бассыз серкені (ешкі) спортшылар жерден көтерулері немесе қарсылас команда ойыншысынан тартып алып «мәре салым» қарсыласының қазандығына салулары керек. Қарсылас команданың ойыншысынан серкені тартып алуға, басқа ойыншыға беруге рұқсат етіледі. Серкені қанжығаға байлап алуға, қарсылас командалардың аттарын аяғынан ұшырып түсіруге, оларды шықпыртуға, үркітуге, атты екі аяққа көтеруге тиым салынады. Көкпар ойыны арнайы көкпар үшін жабдықталған ұзындығы 200 метр, ені 80 метр, қазандық арасы 120 метр, орталықтан бастап «мәре салым» қазандыққа дейін 60 метр алаңда бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі. Ойын арнайы бекітілген көкпар ойынының ережесіне сай әрқайсысы 20 минуттық 2 кезеңде өткізіледі. Әр кезең аралығында 10 минуттік үзіліс болады. Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз болып танылады.
2. 4 Көкпар аттарын қалай дайындайды
Көкпар аты қара жұмыс істейтін ат . Көкпар аттары екіге бөлінеді . Жазда, құмда шабылатын және қыста шабылатын . Кейінгі кезде, көбінесе, соңғы мезгілі дұрыс деп табылып жүр . Себебі - тойдың көбі күзде, Қыста, ел адам дарының қолы аз - кем босап, жер кеңі генде өтеді . Жазда ат байланады . Оның мерзімі, ең кемі екі ай, кейде 40 күн . Тіпті, үш ай бойы байланатындары да бар, ол аттың қоңдылығына байланысты .
Байланған атқа жем - су, әрине, тасып беріледі . Күндіз салқын саяда, түнде ашық далада байланады . Жаздыкүні, күндіз жұқа жабу жапқаны жөн . Екі мезгіл - таңертең, кешке суарып, ауыстырып - ауыстырып, аунатып алады . Аттың жаңбырлығы ( сан сызығы ) жабылып, жалы құлаққа жете қабыл болғанша, жілік майы толғанша бағады . Жілігі толған атты, яғни үш - төрт елі қазысы бар атты таң асыру басталады . Бұл кезде құрғақ шөп, арпа беріле бастайды . Кейбір аттарды күштілігіне қарай қаңтару - таңғы, кешкі - екі мезгілге көшіріледі .
Кешке, жемнен кейін, атқа ешқандай шөп бермей зере қазыққа құр тақырға таң атқанша байлап қояды . Аттың дене тұрқына орай зере қазықтың жерден -биіктігі 1, 5-2 метр шамасында болады, мойын кертпеш жасалады, бұл аттың айналып тұруына мүмкіндік береді . Мұның басқа да түрлері болуы мүмкін .
Сонымен, қазақтың көне тәртібінде атты 50-60 күн байлайды. Қаңтарылады . Қысқа жақындағанда 60-70 күн қатары нан мініледі . Содан соң көкпарға салынады .
Осы жолдан өтпеген ат бапқа келмейді . Байланған кезде атты жем - шөптен, судан тартпайды . Мысалы, күніне 2-3 кг жем берсе, ертеңінде 4-5 килограмға көбейтіп, жемді бір килограмға дейін молайта береді . Ат әбден семіру кезіне - күндік норма 2 пұтқа жеткенде келеді . Осы кезден бастап күн сайын, ат жемді қалдыра бастағанда . . . бір - екі килограмдап төмендете, кеміте бересің . Менде атты жемдеудің екі әдісі бар.
Бірінші әдіс : арпаны шала қайнатып, сонан соң қуырып беру . Бұл өте сенімді болады . Қазақ бұрын сұлы берген . Ол арпадан да жеңіл . Ал суытқан кезде бидай беру өте ауыр соғады .
Екінші әдіс : аттың тамағы жақсықорытылуы үшін - бойына тез сіңуі үшін бір шелек көк шайды суытып береді . Аттың көп кеткен терін қалпына келтіруге де, тәбетін ашуға да пайдалы .
Ат суыту өте қиын . Мықты көкпар Қыста басталады . Қыста шапқан ат тез арықтайды . Мамыр айынан қазан айына дейін байланған атты байлаудан шыға рарда бірінші рет үш күн бойы жем бермейді . Бұл - ішіндегі ласын тастау үшін қажет . Қырық күн келте байланып, қаңтарылады . Содан соң аздап ұзартуға болады . Бұл кезде аз аунатып, мейлінше сақ болғаны жөн . Аунату, секіртуден қазы жыртылып кетуі мүмкін . Бір апта ер салынып, арқасын үйретеді . Күніне 100 метрден бастап, ұзата - ұзата 30 километрге дейін жеткізу 60-70 күнге созылады . Бұл кезде күндік жем нормасы 3-4 килограмдық режимге өтеді . Арықтағанда 7 килограмға дейін жем беруге болады .
Ат отыз күндей мінген соң, жина қыланып, құстай қомданып қалады . Қадамын жай бастап, желе жортып, одан бусантып, терлетіп алып, қаңтарған дұрыс . Бір тойда үш рет шапса, сонан соң 4 сағаттай жем - су берген жөн . Осыны жасамаған адам атын аяқтан қалдырады .
Ыстықты - суықты етпей суыту керек .
Бәйгенің атын 6 ай жаз мінбей, жетектеп суытады . Көкпар атын суытудың түрі одан бөлек . Бәйге аттың бапкерлері аттың тезегі сулы болса “ ішінде әлі май бар екен » деп тұз, шөп беріп ішін кеңітеді. Ат өнері жайлы, оны баптау мен күтудің жай - жапсары, оның иесі жайлы бұрынды - соңғы ақын - жыраулар да көп мадақтаулар, немесе кекесінге толы жырлар қалдырған . Ат арқылы оның иесінің жақсы қылықтарын, мінезін, көбінесе жамандық жасауға жақын тұратын билік басындағылардың, топас Тоғышарлардың іс - әрекеттерін әшкере леп, оларды жұртшылық алдында масқаралап отырған .
Мысалы, ұлы Жамбыл “ Болысқа » деген бірқақпай өлеңінде жарысып аты оза болыстың масқарасын шығарады .
Қастектегі құттық Сейіт ауылында Құдайберген деген болыс болады . Ол алмаған өркөкіректеу, адуын мінезді, тік сөйлейтін адам екен . Бір жолы ол қала жақтан келе жатып, күрең атты бір жас жігітпен кезде седі . Болыс жігіттің атына қызыға қарап :
-Жарысасың ба ? - дейді . Әлгі жігіт :
-Жарыссақ жарысайық, - дейді .
Сонымен екеуі жарысып бірер белден асып кетеді . Атын суытып, баптап жүрген жігіт оған шаңын да көрсетпейді . Оны қайтсем де қуып жетемін деп намысқа тырысқан болыстың аты семіздіктен қызыл май болып зорығып өледі . Бұл жәйт елге лезде тарайды . Оны Жамбыл да естиді . Бір жиында Жамбыл болыстың үйіне кіріп барса, Құдайберген оны кекетіп : “ Сенің бір жынды iнiңмен жарысамын деп атымнан айырылдым », депті . Сонда Жамбыл сөзді іліп алып :
-Болысжан, жүрген жерің күнде сауық,
Пенденің бойында көп қатер - қауіп .
Екейдің жындысымен жарысам деп,
Сенің де кетіпті ғой есің ауып, - депті .
2. 5 Көкпар ойынының қазіргі уақыттағы дамуы
Меніңше, көкпар ойынының екі мыңжылдық тарихын төрт кезеңге бөлу дұрыс. Бірінші кезең дәуіріміздің VI - XVIII ғасырлары аралығын қамтиды. Түрік қағанаты, Дешті Қыпшақ, Алтын Орда, Қазақ хандығының даму тұсы XIII ғасырға созылған көшпенділер спортының қалыптасу кезеңі. Екінші кезеңі - Ресей империясының қарамағында бодан болған тұсымыздағы көкпардың дамуы. Толық XVIII-XIX ғасырлар мен XX ғасырдың басына дейінгі 217 жыл. Байтал түгіл бас қайғы болған заман. Үшінші кезең - Қазан төңкерісі болған 1917 жылдан Кеңес Одағы тараған 1991 жылға дейінгі аралық. Бұл екі кезеңде көкпардың аты сақталғанмен, айтарлықтай дамыды деп айта алмаймыз. Ең соңғы, төртінші кезең - бұл Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бүгінгі күнге дейінгі аралық. Ұлттық ойынымыздың жұлдызы жанып, айы оңынан туа бастаған кезеңі.
Бұл сөзімнің дәлелі ретінде, ең алғашқы жетістігімізді айтар едім. 1996 жылы алғаш рет Венгрияда ұйымдастырылған әлем шабандоздарының бірінші фестиваліне қатыстық. Міне, осы додада 23 мемлекеттің арасында дара шығып, бас жүлдені қанжығамызға байладық. Содан бері қажымай-талмай көкпарды өркендетіп келеміз.
Ат спортын насихаттау және дамыту мақсатында кең-байтақ Қазақстанның барлық өңірлерінде болдым. Алтын мәйегіміз - жүздеген қазақ ауылдарындағы атбегілермен, шабандоздармен, көкпаршылармен кездесіп, ұлт спортына байланысты ой бөлістік. Сонда байқағаным, ежелгі ұлттық ат ойындарымыз бүгін де өздерінің мән-мазмұнын жойған жоқ, қайта жаңарып, түрленіп келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz