Мюнстенберг әдістемесі


№7 семинар тақырыбы: Кіші және орта мектеп жасындағы есте сақтау және логикалық ойлауды өлшеудің дәстүрлі психодиагностикалық әдістемелерімен практикалық танысу (А. Лурияның пиктограмма әдістемесі, аналогияға, жіктеуге, жалпылауға және т. б. тесттер) .
Бақылау сұрақтары:
1. Кіші жəне орта мектеп жасындағы балалардың психодиагностикалық ерекшеліктері.
2. Орта мектеп оқушыларының танымдық процестерін психодиагностикалауға арналған әдістемелер.
3. Оқушылардың заттың маңызды белгілерін бөліп көрсете білуін, соның негізінде ортақ қорытынды жасай білуін диагностикалауға арналған әдістемелер.
№9 СОӨЖ тақырыбы: Оқушы бойындағы қобалжу деңгейін анықтауға арналған әдістемелер
1. Кіші жəне орта мектеп жасындағы балалардың психодиагностикалық ерекшеліктері.
Мектепке келген бастап, баланың психологиялық даму деңгейі жекелік ерекшеліктерінің дамуы ұлғая бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың ақыл-ой, моральдық даму деңгейлерінің көріністерінен байқалады. Олар ортақ нұсқаулар және психодиагностикалық жағдайларға түрліше әсерлене алады. Кейбір балалардың көзқарастары өз деңгейінде қалыптасқан, психодиагностика тапсырмаларын қиналмастан орындайды, ал кейбір 4-6 жастағы әлсіз дамып келе жатқан балалар мектепке дейінгі тапсырмаларды ғана орындайды.
Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балаларға қандай да бір психодиагностикалық әдістемені пайдаланбас бұрын, психологиялық даму деңгейін шынайы бағалау үшін, баланың ақыл-ой деңгейіне сәйкестігін, тіпті жеңіл болып кетпеуін қадағалау қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепте оқуға даярлығын қарастыратын болсақ, орта есеппен алғанда олардың 50-80% қандай да бір ерекшелігі және кіші мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды толық игеруге, жалпы мектепте оқуға әлі дайын болмайды. Көпшілігі дене бітімі бойынша оқуға дайын болса, психологиялық даму деңгейі бойынша мектепке дейінгі баланың (5-6 жас) деңгейіне сәйкес болып тұрады. Егер мұндай балаға жеткілікті күрделі, жас ерекшелігіне сәйкес ырықты, ырықсыз зейін, есте сақтау және қиялға арналған психологиялық тест ұсынсақ, бала оны орындай алмайды.
Мұндай қиындық ақыл-ой қабілетінің жетіспеуінен емес, тұлғалық-психологиялық даму деңгейінің жетіспеушілігі себебінен туындайды. Егер, керісінше, тура сол тест тапсырмаларын ойын түрінде ұсынатын болсақ, тестілеу нәтижелері жоғары болуы ықтимал. Бұл жағдайды мектепке келген, әсіресе бірінші және екінші сынып балаларын диагностикалауда міндетті түрде ескеру қажет.
Үшінші және төртінші сынып оқушыларына қатысты айтатын болса, оларды психодиагностикалау үшін ересек адамдарға арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ тест тапсырмалары оларға түсінікті болуы керек. Түсінікті дегеніміз ол тапсырмалардың бала қабілеттеріне сәйкес болуы. Ескеретін жайт, күшті мотивация, қызығушылық, тестілеуге белсенді ұмтылыс болса, оның нәтижелері жоғары болады.
. Үлкендердің тұлғалық тесттердің шектеулері тек сандық айырмашылықтарға ғана әкеліп соқпайды. Үлкендердің тесті бағалайтын тұлға қасиеттері балада болмауы мүмкін. Және керісінше, балаларда жасы үлкейген сайын жоқ болып кететін тұлғалық ерекшеліктер үлкендерде мүлдем жоқ. Бұл жағдайдың шешімі бар. Үлкендерге және кішілерге арналған тұлғалық тесттерді іс жүзінде қолданғанда жас ерекшеліктер психологиясы біліміне және тесттерді дұрыс құру үшін керекті информация беретін адамның тұлғалық дамуының психологиялық теорияның біліміне сүйену керек. Ұсынылатын психодиагностикалық әдістемелердің жүйесі мектепке енді баратын балалардың психологиялық даму деңгейінің кешендік бағалауы үшін арналған. Бұл жүйе бастауыш сыныптардың оқушыларына да арналған, олардың тану процестерінің сипаттамасына тұлғалық және тұлғааралық қатынастарына, олардың әзірге бар қабілеттердің бағасына да арналған. Бұл жүйенің негізінде балалардың мектепке дайындығын, оқу кезінде психологиялық дамуын (1-4 сынып) бағалауға мүмкін болады. Бұл кешенге 6-7 ден 10-11 жасар балаларды зерттеу үшін қолданылатын әдістемелер кіреді. Барлық әдістемелер бойынша алынған бағалар кіші жастағы балалардың жеке психологиялық даму картасына жазылады. Балалар психологиялық жағынан дамитын үш негізгі сала бар - тану процестер, тұлғалық және тұлғааралық қатынастар. Олардың бәрі бағаланады және олар үшін арнайы әдістемелер бар.
2. Орта мектеп оқушыларының танымдық процестерін психодиагностикалауға арналған әдістемелер.
Жеткіншектер-балалықтан өтіп, бірақ, әлі үлкендердің қатарына қосылған жоқ. Сол үшін оларға өте ерекше психодиагностикалық әдістерді қолдану керек, олардың балалық және үлкендік қасиеттерді ескеру керек.
Өзінің интелектуалдық даму жағынан орта мектеп оқушылары үлкендермен қатар болады. Сондықтан олардың тану процестерін зерттеген кезде, үлкендерге арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ ғылыми терминдер мен ұғымдарды қолдануда абай болу керек. Тұлға мен тұлғааралық қатынастарға келетін болсақ, бұл жерде көптеген шектеулер бар, оларды орындау керек. Жеткіншектер-жартылай балалар, сол үшін оларға тесттің жартылай балалық және жартылай үлкендердің түрлерін қолдану керек. Ол түрдің негізгісі болып ойын түрі болып есептелінеді, ал тапсырмалары балада қызығушылық тудыру керек.
Көп тесттер тапсырмалардың стандарттық шешулері бар, бірақ олардан ауытқулар да болуы мүмкін. Үлкендер жағынан жеткіншектің стандарттық емес шешулерін қолдауы оның интеллектуалдық дамуының деңгейін толық көрсететін мәліметтерді алуға көмектеседі. Керісінше, қызығушылықтың жоқтығы, тест тапсырмаларды шешкісі келмегендігі, бұның бәрі ой дамуының деңгейі төмен екен деген қате пікірге келуді көздейді.
Орта мектеп оқушыларының психодиагностикасына қолданылатын әдістемелерге әлеуметтік нормалардың тұжырымдамаларды, кейбір арнайы ғылыми ұғымдарды кіргізуге болады. Көбінесе, ондай ұғымдарды қарапайым сөздермен ауыстыруға тура келеді, өйткені, көп жеткіншектер арнайы ұғымдарды түсінбей қалуы мүмкін. Мысалдар өмірден алынған және балаға таныс адамдарға қатысты болу керек: ата-аналардан, құрдастардан, мұғалімдерден, кітап және фильм кейіпкерлерден.
Бала эксперттік және лидерлік іс-әрекетте өз-өзін көрсете білу керек, сол кезде ол өзінің білімі мен қабілеттерін толық іске асыра алады. Жеткіншектерді тек зерттелетіндердің рөлінде ғана емес, экспериментатор ретінде тестке қатысу керек. Егер зерттеуші баланы тесттің құрастыруына және бағалауына (егер мүмкін болса), тестті өткізу үшін қолайлы жағдай жасаса, оның нәтижелерін өндесе, бұл нәрсе әрине, баланың тестке қатысуын өте қызықтырады.
Ерте ержетуі-бұл адамның басқалары үшін жауапкершілікті сезіну, өзі үшін жауапкершілікті сезукезеңі. Бұл үлкендердің қиын өміріне адаптациясының бастамасы. Бұның бәрі жасөспірімдерге үлкендерге арналған тестті толық қолдануға болатының білдіреді. Бірақ үлкендер үшін актуальды проблемалар жасөспірімдер үшін түсініксіз болауы мүмкін. Сондықтан әдістемелердің керекті кешенін тапқан кезде жасөспірімдердің жан-жақты психодиагностикасына арналған, дәл солардың жасына актуальды нәрселерге көңіл бөлу керек. Мысалыға, олар үшін терең өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзінің ішкі нәзік сезімдердің қарым қатынастардың анализіне талпыну - бұл психологиялық проблемалар жасөспірімдер үшін ең маңызды нәрселер болып есептелінеді; екінші жағынан - бұндай сұрақтар, өмірдің мағынасы мен мақсаты, жалғыздық, өмірдің түрі мен кәсіби жетістіктер жасөспірімдерден гөрі, үлкендерді көбірек ойландырады. Сондықтан, ерте ержетудің кейбір шектеулер тек тұлға мен тұлғааралық қатынастардың салаларымен байланысты тесттерге қатысты. Олардың интеллектуалдық, тану процестеріне ешқандай қатысы жоқ, бұларды зерттеу үшін ерте ержетуде ешқандай шектеулерсіз үлкендерге арналған әдістемелері мен тесттер қолданатын еді. Сол үшін интеллект тесттерде ең төмен жас шектеуі 16-17 жас деп белгіленген.
Бозбалалар мен бойжеткендердің психодиагностикасын бағалаған кезде, олардың жеке мәліметтерді үлкендерге арналған нормалармен емес, тесттен өткізілетін жасөспірімдермен жасты адамдарды сипаттайтын нормалармен салыстыру керек. 16-17 жасар балалар әлі үлкендерге толық жатқызу қиын. Балаларға үйреншікті жағдайларда тест өткізілу керек. Олар-мектептегі дәрістер, психологиядан дәрістер болуы мүмкін. Психодиагностика әдістемелерімен практикалық танысуы бағдарламаға кіреді, сол үшін тест процедурасы оған оңай енеді.
Психодиагностикалауға арналған әдістемелер.
Қабылдауды зерттеу әдістемелері: «компастар» әдістемесі (кеңістік қасиеттерді қабылдау) ; «сағат» әдістемесі; Уақытты қабылдауды зерттеу әдістемесі. Жеткіншек кезеңінде зейін еркін болады және оқытушының өзінмен толық ұйымдастырылып, бақылануы мүмкін.
Зейіннің жеке толқуы жеке - психологиялық ерекшеліктерге негізделген болуы мүмкін (ашуланшақтығы, тез шаршауы, соматикалық аурулардан кейін зейіннің төмендеуі), оқуға қызығушылықтың төмендеуі.
Зейіннің зерттеу әдістемелері: «Корректуралық проба» әдістемесі; «Қара-қызыл таблица» әдістемесі; Мюнстенберг әдістемесі; «Сандарды орналастыру» әдістемесі; «Сандарды табу» әдістемесі; «Сандарды басқа нәрсеге зейінді аударумен табу» әдістемесі. Ерекшеліктер қатарына жадының функциялауындағы жеке айырмашылықтары жатады. Жеткіншекті рационалдық еске сақтау әдістеріне тиімді үйрету үшін, жадының басымды типін және еске сақтаудың жекеерекшеліктерін білу керек.
Жадыны зерттеу әдістемесі:Кезекті еске сақтаудың әдісі (Л. С. Выготский бойынша) ; Пиктограмма әдісі (А. Р. Лурия бойынша) ; «Сандарды есте сақтау» әдісі; - «Бейнелерді сақтау» әдісі, Екеулік қайта бейнелеу әдісі. Жадының ойлау іс-әрекетімен байланысы, интелектуалдық процестерімен жеткіншектер жасында өзіндік маңызға ие болады.
3. Оқушылардың заттың маңызды белгілерін бөліп көрсете білуін, соның негізінде ортақ қорытынды жасай білуін диагностикалауға арналған әдістемелер.
Диагностика» термині гректің dia - арасында, сонан соң жəне gnosis - білім деген екі ұғымынан құралады. Ғылыми əдебиеттерде термин түрлі мазмұнда аударылады. Жалпы «диагностика» адам, ұжым, құбылыс, процесс туралы жинақталған білім негізінде жүзеге асырылатын іс-əрекет ретінде түсіндірілсе, ал «психодиагностика» жеке адамның психологиялық құрылымын тұтасымен танып білуге жəне белгілі бір психологиялық ерекшеліктерін анықтауда қолданылады. Ғылымның теориялық мазмұны психологиялық тесттер, əдістемелерді меңгерту жəне оқыту процесі барысында мəліметтерді өңдеу, талдау тəсілдерімен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар психодиагностика психологиялық əдіс-тəсілдердің белгілі бір талаптарға сай қолданылуын қадағалайтын ғылыми сала. Психологиялық сөздіктерде психодиагностика ұғымы адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын, өлшейтін əдіс түрінде жəне психология ғылымының саласы ретінде сипатталады. К. М. Гурьевич психодиагностиканы психологиялық экспериментпен бақылаудың бір түрі ретінде қарастырады, С. Л. Рубинштейн психологияны топтағы адамдардың деңгейіне қарай бөлу керек деп түсіндіреді. В. А. Дюк диагностиканың негізін жеке адамның қасиеттерін сандық бағалауда, яғни статистикалық заңдылықтарды анықтау өлшемдерімен сипаттауды ұсынды. Сонымен қатар, психодиагностика жеке адам қасиеттерін зерттеу барысын бағалауға да бағытталады. Мұнда ол эксперименттің ерекше бір түрі ретінде қолданылады жəне диагностикалық əдістер мен тəсілдердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Көрнекті психолог Р. С. Немов психодиагностиканы оқыту пəні ретінде зерттеліп отырған обьектіні психологиялық өлшемдермен бағалау құралы деп қарастырды. Ал кейбір ғалымдар (А. А. Бодалев, В. А. Столин, Й. Шванцар) пси- 6 ходиагностиканы психология ғылымының практикалық өрісі мен теориялық негізінің шыңы ретінде қарастырады. Сонымен, жеке адамның қасиеттерін тəжірибе барысында зерттеу ережелеріне негізделген психодиагностикалық қызмет психолог əрекетіндегі кəсіби нормалардың жиынтығы жəне соның барысында анықталған адами қасиеттердің сапалы да, шынайы өлшемі болып табылады. Осы өлшемнің көмегімен жеке адамның сапалы стимулға деген реакциясы, дағдысы, икемділігі, мотивациясы анықталады. Жоғары дəрежелі психолог кеңесші болу үшін психодиагностиканың тəжірибелік жəне теориялық саласын жеткілікті білу шарт. Бұл деңгейде психолог практикалық психодиагностиканы түзету-дамыту, кеңес беру барысында жəне қолданбалы психология, педагогика салаларында кеңінен қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz