Ренессанс философиясының ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
7 апта

№7 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазіргі философиядағы адам проблемасының салыстырмалы талдауы
Тапсырмалар:
1 Августин, Ф. Аквинский). Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсініктемесі.
2 Жаңа уақыттың механикалық антропологиясы: адам - "дене" және адам - "машина" (Ж. Ламетри). Б. Паскаль: адам - "ойлайтын қамыс".
3 Л. Фейербахтың Антропологизмі. Адамның мәнін марксистік түсіну.Ф. Ницшенің аса адам идеясы.
4 Адам және оның әлемдегі болмысы; экзистенциализм. Белсенді адам: прагматизм. Адам символдық жануар ретінде: Э. Кассирер. Ойнайтын адам: И. Хейзинга. Бір өлшемді адам: Г. Маркузе. Философиялық антропология ХХ в. (М. Шелер, Х. Плеснер, А. Гелен).

1. Ренессанс философиясы - Еуропада (алдымен Италияда) феодализмнің құлдырап және алғашкы буржуазиялық (XV-XVII) қоғамның қалыптасуы кезінде дамыған философиялық және социологиялық ілім. Онда негізгі идея --- гуманизм болды. [1]

Фреска Рафаэля Афина мектебі,1509ж. сызылған.
Гуманизм - адамды жаратылыстың ғажайыбы деп танып, адам құқын, қадір-қасиетін, адамдық ар-намысты, адамның таңдауын, адам еркіндігін, адам шығармашылығын, адам құқықтарын жоғары бағалау, адамға жанашырлық таныту, адамдық сипаттағы қасиеттерді ең жоғары деңгейде әйгілеу. Гуманистер дүние жүзік болса адам сол жүзіктің бетіндегі гауһар деп түсіндірді. Бұл идея шығыс шаһирларында да, Қазақ ойшылы Абайда да айтылады.
Ренессанс философиясының ерекшелігі.
Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер.
Ренессанс философиясының көрнекті өкілдері.
Ренессанс философиясы 15 - 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі Ренессанс термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 - ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланд мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан - жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты.
Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғыпып өлтіртті.

Римдегі Бруно ескерткіші
Сондай - ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 - 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: "Не табиғаттың өзі - Құдай, не Құдай - заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш", деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі - сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл тұжырым пантеизм болатын - ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:"Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолға тосқауыл бола алмайды".
Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: "Бәрібір жер айналып тұр" деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі.
Ренессанс іс - жүзінде ескіні рестоврациялау емес, жаңа ізденіске ұмтылуды білдіреді.
Ренессанс философиясының дүниетенымдық орентациясында басты ерекшелік адамға деген бет бұрыс егер антикалық философияда басты мәселе табиғат космологиялық өмір болса, ал Ренессанс дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты тақырыбын көтерді. Философия ғылым ретінде түсіндірілді және оның мақсаты адамның өмірде орнын табуына дем беру болды. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік боды. Яғни басты тұлға құдай емес, адам. Құдай баолық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Ренессанс дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта болып, адам өзінің болашағын жасаушы ерікті тұлға ретінде қарастырылды.
Дүниетанымдағы тағы бір ерекшелік шығармашылық қызметінде әсемдікке, сұлулық символына деген табыну мен оны бейнелеп шығуға деген құлшыныс.
Николай Кузанский өзінің "Шындықты алдын ала болжау", "Білетін білместік туралы" деген еңбектерінде әлемде бәрі қайшылықтардан түратынын дәлелдейді. Ренессанс дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері керемет дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте сияқты атақты өкілдері дүниеге келді.
3. Фридрих Уилһелм Ницше (нем. Friedrich Wilhelm Nietzsche; 1844ж. 15 қазан -- 1900ж. 25 тамыз) -- ХІХ ғасырдағы әйгілі неміс философы және филологы, иррационалды волюнтаризмнің Артур Шопенгауэрден кейінгі бірегей өкілі. Басты философиялық идеялары "Үстемдік еркі", "Асқанадам", "Мәңгілік қайталаным", "Дионистік рух және Аполлондық рух", "Құндылық атаулыны қайта таразылау", "Перспективизм", "Құдайдың өлімі", "Tschandala", "Тіршілікті ұлықтау", "даралықтың тәуекелшілдігі", "Соңғы адам", "Дегдарлық және құлдық мораль" қатарлы ұғымдармен байланысты. Ф.Ницше бойынша адам, бір жағынан тек жәндік қана, ("жер бетіндегі бір түрлі ауыру түр"), ал екінші жағынан алғанда әрі бағалаушы, әрі тудырушы, әрі жаратушы. Оның шығармалары дінді, этиканы, эстетиканы, қазіргі мәдениет пен философияны, өнер мен ғылым салаларын жалпы беттік сынау мен қайта таразылауға негізделген. Ницше шығармаларының тілі өткір және көркем, адамды еліктірер өзгеше шеберлікке ие. Ол бейне ежелгі заманғы Гераклит секілді нақыл сөздер мен парадоксті тіркестерді қолданып[1] , түрлі әдеби тәсілдерді еркін пайдаланып[2], жанды да, жігерлі фиософиялық туындылар жазды. Оның қазіргі заман мәдениетіне ықпалы ерекше болды, әсіресе XX ғасырдағы экзистенциализм, постмодернизм, постструктурализм (Деконструкция), Герменевтика ағымдары Ф.Ницшені өздерінің тікелей ұстазы деп біледі және кейінгі көптеген философиялық, психологиялық, мәдени, әдеби, саяси теория жасаушылар арасында Ф.Ницшенің ықпалына ұшырамағандары кемде-кем. Ф.Ницше идеялары кейінгі неміс фашизміне тікелей қатысы жоқ, әйткенмен олардың Ницше идеяларын өз мақсаттарына бұрмалап пайдаланғаны байқалады.
Фридрих Ницше
нем. Friedrich Wilhelm Nietzsche
1882 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған күні
15 қазан 1844
Туған жері
Рёккен, Герман одағы
Қайтыс болған күні
25 тамыз 1900 (55 жас)
Қайтыс болған жері
Веймар, Германия империясы
Азаматтығы
Пруссия -- Германия империясы
Ұлты
Неміс
Шығармашылығы
Шығармалардың тілі
немісше
Мектепдәстүр
Иррационализм
Бағыты
Волюнтаризм, Постмодернизм, Экзистенциализм, Герменевтика
Кезең
Иррационализм
Негізгі қызығушылығы
Эстетика, Этика, Метафизика, Нигилизм, Психология, Онтология, Поэзия, Құндылық теориясы (аксиология), Волюнтаризм, Трагедия, Нақтылық пен құндылықтың айырмашылығы, Антифундаментализм, Философия тарихы
Негізгі пікірі
"Үстемдік еркі", "Асқанадам", "Мәңгілік қайталаным", "Дионистік рух және Аполлондық рух", "Құндылық атаулыны қайта таразылау", "Перспективизм", "Құдайдың өлімі", "Tschandala", "Тіршілікті ұлықтау", "Даралықтың тәуекелшілдігі", "Соңғы адам", "Дегдарлық және құлдық мораль"
Ықпал еткендер
Сократқа дейінгі философтар, Шопенгауэр, Вагнер, Гёльдерлин, Достоевский
Ықпалды жалғастырушылар
Франц Кафка, Шпенглер, Ортега-и-Гассет, Д'Аннунцио, Эвола, Хайдеггер, Шелер, Лёвит, Маннгейм, Тённис, Ясперс, Камю, Батай, Юнгер, Бенн, Бубер, Джим Моррисон Адорно, Батай, Сиоран, Делез, Деррида, Фуко, Фрейд, Икбал, Юнг, Кауфманн, Лэнд, Менкен, Рэнд, Роджерс, Рорти, Рильке, Сартр, Шестов, Шпенглер, Штраус, Вебер, Уильямс, постхристиандық
Қотаңбасы

http:www.nietzsche.com
Ф.Ницше алғашқы шығармашылық ізденісін тілдің табиғатын зерттейтін әдеби филологиядан бастаған . 24 жасында Базель университетінде филология бөлімінде профессор ретінде дәріс бере бастаған. Ол осыған дейін аталмыш орынға отырған ең жас профессор еді. Алайда 1879 жылы денсаулығына байланысты жұмыстан босап, Еуропаны шарлай жүріп, аурумен күресумен болды және осы 10 жыл бойында өзінің әлемді таңырқатқан және тіксіндірген ең маңызды туындыларын жазып үлгірді. 1889 жылы Ницшенің жүйкесі сыр берді және қалған өмірін шешесі мен қарындасының күтімінде өткізді.

ХIХ ғасыр философиясы
XIX ғасырдағы саяси, тарихи-әлеуметтік шындық экономикадағы күрделі өзгерістер және өнеркәсіп пен ғылымның өркендеп дамуы, жаңа философиялық ағымдардың қалыптасуына алып келді. Бұл философиялық ағымдардың бірқатары ақыл-ойға сүйене отырып, табиғат пен қоғам туралы өте келісімді идеяларды тудырса, енді біреулері керітартпа ойлармен тұжырымдарды алға қойды.
Марксизм филрсофиясындағы принциптік жаңалық адам тек табиғатта өмір сүрмейді, оны өзгертеді, соның барысында өзі де өзгереді. Бірақ, марксизмде адам мәселесін, оның өмірінің мәнін, бостандығын, т.б. мемлекет, тап басқа да үлкен әлеуметтік бірлестіктер мүдесінің көлекесінде қалдырды.
XIX ғасыр философиядағы екінші бір философиялық ағымдар, ақыл-ой және сананың дүниені танудағы мүмкіндігіне шек келтіретін идеялар мен тұжырымдар туғызады. Осының нәтижесінде классикалық философияда ақыл-ой күшіне, жеке сананың құдіретіне толық сенуін, ол ақыл-ойдың жетілуі ─ ғылымның дамуына алып келді деген тұжырымның орнына ырық, интуиция, инстинкті қойды.
Неміс философтары Шопенгауэр мен Ницше ретсіз, түсініксіз, бұлдыр дүниені тануға болмайды деген тұжырымды айтты. Бұлардың көзқарасына сабақтас санасыздықты - психикалық ақиқат пен адамға тән, сонымен бірге өмір сүріп, оны билейді деген ілімді З. Фрейд ұсынды. Ал XIX ғасыр филисофиясында позитивизм, неотомизм және персонализм секілді ағымдар дүниеге келді.
Маркстік философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалектиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады. Бұл ілімді қолдану нәтижесінде ұлы шығарма ─ Капитал пайда болды.
Марксизимнің пайда болуының тарихи алғышарттары мыналар:
1. Капитализмнің, ірі өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пролетариат табының пайда болуы.
2. Капитализмнің ары қарай дамуы, пролетариат үшін ауыр жағдай тудырды, соның салдарынан оларды стихикалық күреске шығуға мәжбүр етті.
3. Олардың күресін саналы дайындау, ұйымдастыру үшін нақты теориямен қаруландыру қажеттілігі туды. Бұл Маркс пен Энгельсті ойландырып, арнаулы ғылыми ілім жасауға ұмтылдырды. Бұған ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы ғылым саласындағы аса маңызды жетістіктер де әсер етті. Оларға:
1) Энергияның сақталу және айналу заңының ашылуы;
2) Тірі организмдердің клеткалық құрылымның ашылуы (клетка теориясы);
3) Эволюциялық ілім - дарвинизм жатады.
Майер - бірінші заңның авторы, Г. Гельмгольц пен М. Фарадей оны теория және тәжірибе арқылы негіздеді. Дж. Джоуль мен Э. Ленц жылудың механикалық эквивалентін тапты, яғни механикалық энергияның қаншасы жылу энергиясының бірлігіне сәйкес болатынын есептеп шығарды. Неміс биологтары М. Шлейден мен Т. Шванн 1838-39 жылдары клетка теориясын жасады. Олар жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрылымы негізінен бірдей болатынын, екеуі де бір физиологиялық қызмет атқаратынын анықтады. Бұл теория барлық тірі организмнің ішкі бірлігін дәлелдеді, сөйтіп олардың шығу тегін жаңа түрде көрсетті. Дарвиннің эвоюциялық теориясы жануарлар мен өсімдік түрлерін ешнәрсемен байланыссыз, кездейсоқ, Құдай жаратқан және өзгермейтін деп қараушылықты жойды. Сөйтіп, алғашқы рет теориялық биологияны ғылыми негізге қойды. Ол жануарлар мен өсімдік түрлерінің өзгеріп отыратындығын, олардың бірлігін дәлелдеді. Дарвиннен бұрын Д. Дидро биология түрлерінің эволюциялық өзгеріп отыратыны жөнінде болжам айтқан еді.
Марксизм ХІХ ғасырдағы қоғамдық ғылымдардың үш саласын жалғастырушы, олар:
1. Классикалық неміс философиясы (Гегель мен Фейербах философиясының үйлескен қосындысы).
2. Ағылшын саяси экономиясы (Адам Смит пен Давид Рикардо).
3. Сен-Симон, Фурье, Оуэннің социализм туралы теориялары (оларды утопиядан
ғылымға айналдырды).
Маркстің ғылымға алып келген екі жаңалығы:
1. Тарихты материалистік тұрғыдан ұғыну.
2. Қосымша құн құпиясын ашу.
Маркс Саяси экономияға сын жөнінде деген еңбегінің алғы сөзінде:
1. Өндіргіш күштер мен өдірістік қатынастардың ара қатынасы.
2. Базис пен қондырма.
3. Қоғам дамуындағы негізгі күш ─ қоғамдық сана емес, қоғамдық болмыс.
4. Адамды қанауға әкелетін әлеуметтік теңсіздіктің негізі - меншік деп жекеменшікті мемлекеттік - қоғамдық меншікке алмастыру керек деген идеяларын айтты.
Бұл мақсатқа жету, пролетариат революциясы, пролетариат диктатурасы арқылы іске асады деп санап, Маркс пен Энгельс белсенді түрде саяси істермен айналысады. Маркс пен Энгельстің кейбір тарихи болжамдары ХХ ғасырдың аяғында практикада іске аспады. Сондықтан қазіргі замандағы марксизмді сынаушылар - ХХ ғасырда оның идеяларын қолдану ауыр жағдайға алып келді, - дейді.
Танымдағы практиканың рөлін философиялық негіздеудің көптеген салдары болды. Әлеуметтік философия саласында, қоғамның тарихи дамуында ол жаңа мызғымас принциптілік жолға алып келді. Гносеологияда танымның ұмтылуы мен мақсатын жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Маркстік философияда практиканың рөлі үш жақты:
1. Практика - танымның негізгі және қозғаушы күші. Білуге ұмтылу, практикалық қажеттіліктен туады. Геометрия ─ жер өңдеу үшін, астрономия ─ теңізде жүзу үшін керек болды.
2. Практика - танымның мақсаты. Білімді болу, білім үшін емес, оны практикада пайдалану үшін керек.
3. Практика - ақиқаттың өлшемі.
Марксизм философиясындағы ойлау тәсілі мен білім құрылымының кейбір ерекшеліктері:
1. Философиялық білімнің қарқынды идеологияға айналуы. Маркс пен Энгельс алғашқы рет ашық түрде барлық қоғамның мүддесін емес, бір таптың (пролетариаттың) мүддесін қорғауы, олардың идеясының дәреже - деңгейіне әсер етті. Негізгі идеялар догмаға айналды. Олардың дәлелсіз дұрыстығы, оны сынау немесе дискусия өткізу мүмкіндігін болмады.
2. Әлеуметтік топтың, ұлттың халықтық мәселелерді шешу революциялық күш қолдануды жоғары қойып, мақтан етуіне жол берді.
3. Жеке адамның мұқтажына қарағанда таптың, мемлекеттің және басқа да үлкен әлеуметтік бірлестіктердің мүддесін жоғары қою, соларды шешу арқылы адам мәселесі, оның өмірінің мәні, бостандығы, т. б. өздігінен шешіледі деп сендіру күшейді.
4. Еңбек нәтижесінде шығарылған азық-түліктің және басқа құндылықтардың қоғам мүшелерінің арасында әділ бөлінуін сылтау етіп, тұрпайы теңдікті орнату, елдің ынтасын жойды, социализм экономикада, басқа да салаларда артта қалды. Олар қоғамдық прогрестің ұзақ сипаты бар, ал қазіргі замандағы күрделі капиталистік жүйелердің дамуы қысқа болады деп санады.
Марксизм теориясына қазіргі замандағы сыни пікірлер:
1. Езуші таптың жойылуы, социализмнің орнауы қанаудан қарапайым халықты толық құтқармады, енді қанауды мемлекет жүргізетін болды.
3. Тоталитарлық социализм өзінің негізінде өтірік ақпарат беруге, қоғамдық мешікті талан-таражға салуға мүмкіндік берді.
4. Әрбір басшы өз басының бүгінгі жайын ойлады, байып қалуға тырысты, себебі оның ертеңі белгісіз болды.
Өмір философиясының өкілі─А.Шопенгауэр, Үрей метафизикасын пайымдаушылардың бірі.
А.Шопенгауэр дәулетті саудагер семьясында дүниеге келді. Өзінің өмірінде коммерция, медицина, кейін философиямен шұғылданды. Ол Берлин университетінде приват-доцент болып орналасқан соң, әйгілі Гегельмен бақталастырды. Шопенгауэр Гегельдің сабақ кестесін қарай отырып, сол уақытқа өз сабағын қояды. Әрине, студенттер дәрісті Гегельден тыңдады. Осының салдарынан ол оқытушылықты тастап, философиямен өз бетінше шұғылданды. Тірі кезінде танылмай, атаусыз қалса да, өлген соң кенеттен аты әйгілі болды.
Ол өзінің Дүние ерік пен елес ретінде атты еңбегінде Канттың көзқарасын жалғастырды. Шопенгауэрдің пікірінше: Дүниеде негіз де, ақыл - ой да жоқ, тек қана ерік бар. Еріктің мәні кең, оны адамның жаны емес, табиғаттағы, қоғамдағы ұмытылыс деп санайды. Мысалы, жануарлар дүниесіндегі ұмтылыс өмірін сақтап қалу талабы, физикалық дүниеде өзіне тарту - тартылыс бар, ал қоғамда мемлекеттің, нәсілдің, халықтың және адамдардың еркі бар - ол өмір сүру. Бұл ерік көмескі болғандықтан, ақыл-ой да, мақсаты да жоқ, яғни иррационалды.
Ерік ─ дүниедегі барлық процестер мен құбылыстарды негізсіз және себепсіз тудырады. Адам деңгейінде ерік шектен тыс сезім күйі - ашу-ызадан уақытша естен тану, мансапқорлық, кекшілдік, жыныстық ұмтылыс, сүйіспеншілік, делебесінің қозуы, қобалжу түрінде болады. Егер дүниенің негізі ерік ақылсыз болса, онда дүниеде де ақыл жоқ. Ғылым - дүние құбылыстарын ақыл-ой заңдарымен негіздеуге ұмтылып, әрдайым тұйыққа тірелді. Техниканың дамуы, адамға жақсылық емес, зиян келтіреді.
Шопенгауэрдің адам тағдырына, бостандығына, қажеттілігіне, бақытына байланысты көзқарасы түңілушілік (пессимистік) сипатта болды. Өмірдің мәні - дүниенің қайғы екенін түсіну. Ол адамның қоғам заңын және дүниені танудағы әлсіздігі мен үмітсіздігін алға тартты. Моральдық прогресті, бақытты және ақылға сиятын мемлекет құру мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл идеялар ХІХ-ХХ ғасырларда экзистенциализм философиясының қалыптасуына алып келді.
Фридрих Ницше(1844-1900 ж.) қазіргі батыс философиясындағы Өмір философиясы тұжырымдамасының негізін салушының бірі, оның әсерімен адам және оның өмірі мәселелері терең зерттеле басталды. Ф. Ницше философиясының мақсаты ─ адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне көмектесу. Өмір - философияның өзегі, дүниетанушы субъектіге берілген фактілерді түсіндірудің бір қыры. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат - ерік. Ол өмірдің бастауы және қоршаған ортаға қатынасы болады.
Алғашқы кезде Ницше Шопенгауэрдің тұжырымдамасын қолдап, оны философияның негізгі мәселесі етіп ерікті қойды, кейіннен Ницше классикалық философияның категориялары - материя мен рухтың орнына, билікке жету еркін қойып, Шопенгауэрден де алшақтайды. Ницше өмірдің мәнін анықтай отырып, оны билікке жету еркі - деп есептеді. Билікке жету еркі - бұл қоғамдағы өмірдің негізгі мотиві, ол адам табиғатының өмір сүру негізінде бар. Еркектің әйелге, ақсақалдардың жастарға билігі, т. б.
Әдептілік мәселесінде Ницше ниглист (барлық тұрақталған құндылықтарды жоққа шығараып, жаңа позитивтілерді ұсынады). Ол өз заманының мәдениеті төмендеп, ыдырап бара жатыр, мораль оны іштей ірітуде деп есептеген. Христиандық діндегі әдептілік қағиданы, ол моральдың құлы ретінде көрсетті. Сондықтан құндылықты қайта бағалау мәселелерін көтерді. Біздің заманда Құдай өлді - деп Ницше жар салды, жаңа дәуірге жаңа құндылық жүйесін алып келді. Жаңа адам - Асқан адам (сверхчеловек), ол өзін қоғамнан, құқық және адамгершілік қағидаларынан жоғары қоятын адам. Ол - жылпос, сұмпайы, алаяқ. Тек Асқан адам өмір сүруге құқылы, әлсіз, кемтарлар өле берсін - бұл әділдік Адамды сүюдің алғашқы өсиеті осы және олардың өлуіне көмектесу де керек.
Ницшенің Асқан адамы жақсылық пен зұлымдықтан жоғары тұрады, ол ешқандай моральдық, әдептілік қағидаларымен байланысты емес. Ницше моральдың екі түрін: мырза мен құлды көрсетті. Тек Асқан адам жаратылысынан аристократ, бәрінен мүлде бос. Ол батыр да немесе Бетховен, Наполеон, Шопенгауэр, Гете секілді Ұлы адам да емес. Бұл адамның жаңа тұқымы, ол бұдан бұрын дүниеде болмаған. Асқан адам бір ұлттан пайда болмайды. Ол адамзат дамуының жемісі, алдымен еуропалықтардан шығады. Бұл жаңа каста адамзаттың келешек мәдениеті мен моралін өзгертеді. Олар халық үшін ескінің орына, жаңа миф жасайды.
Ницшенің пікірінше: адам моральдан, ең алдымен оның рационалдық бастамасынан туған ұжымдық элементтерден арылуы керек. Ницше не жақсы? деген сұраққа: - адамның билікке деген ұмтылысы, өз билігін нығайтуы, - деп жауап береді. Не жаман? деген сұраққа - адамның әлсіздігі, - дүниеде шындық бар ма? деген сұраққа - шындық та, әділдік те жоқ - дейді.
Бізді бағындыратын қолында күші болса, онда ол адамның істегенінің бәрі шын. Ницше еркі жоғары, қолынан іс келетін адамға табынуды уағыздайды. Осы ілім кейін Гитлер өкіметінің мемлекеттік идеологиясымен, философиясына айналды: өкіметті басқару үшін дана болудың қажеті жоқ, тек ерік пен күш болса болды. Ницше ұраны - қорқынышты өмір сүр. Ницше әдептілікті релятивтік түрде түсінді, әлсіздерге не жақын болса, күштілерге сол жаман болады деді.
Позитивизм (Positivism - дұрыс пікір) - оның негізін қалаушы француз философы Огюст Конт (1798-1857 жж.). Позитивизм - ғылым негізіндегі білім, ғылыми ақиқат, позитивтік дүние көрінісіне сәйкес болу деп, философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат философиясы
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
РЕНЕССАНС ЗАМАНЫ – ҮМІТ ПЕН КҮДІК
Макиавеллидің саяси философиясы
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы туралы ақпарат
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия туралы
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
Орта ғасыр мәдениеті. Итальян қайта өрлеуі
Мұсылман философиясы
Пәндер