Таным философиялық мәселе ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
№5 практикалық сабақтың тақырыбы: Таным философиялық мәселе ретінде.
Тапсырмалар:
1. Милет ойшылдарының натурфилософиясы және скептицизм
2 Анахарсис Скифский. Скептицизм Д. Юма.
3 И. Канттың классикалық агростицизмі. Гегельдің диалектикалық әдісі.
4" Объектсіз " эпистемология К. Поппер.

1. Ежелгі Грек философиясы -- Ежелгі грекияда бзд. VI-ғ-дан басталып, негізінен ІV-ғ. дейін (Рим империясында) мың жылдан артық жалғасқан антикалық философия дәстүрі.
Ежелгі грек философиясы Кіші Азияның батыс жағалауыында, Ионияда, Оңтүстік Италияның грек қалаларында, Сицилия аралдарының қала-мемлекеттерінде, сондай-ақ әсіресе Афина қала-мемлекетінде дамыды.
Ерекшеліктері
Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грекияда аса жарқын филосо-фиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.
Даму кезеңдері
Ежелгі Грек философиясының дамуы салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлінеді:
Сократқа дейінгі философия кезеңі (бзд. VI-бзд.IV ғғ), Бұл кезеңде табиғат философиясы (натурфилософия) көзқарастары басым болды. Милет мектебі, Элей мектебі, Пифагоршылдар, Софистер, атомистер қатарлылар бұл дәуірдегі басты мектептер болды, олар дүниенің алғашқы бастауы мәселесін, тұрақтылық пен өзгерістің, бір мен көптің байланысын көбірек талқылады.
Классикалық грек философиясы кезеңі (бзд. IVғ). Бұл кезеңде Сократ, Платон, Аристотель үшеуі ежелгі Грек философиясын аса биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін кенейтті, ғылымның негізі қалады. Онда адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
Римдік-эллиндік кезең, яғни Эллинизм философиясы және ежелгі Рим философиясы кезеңі (бзд. ІІІғ соңы мен ІІІғ басы). Грекияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек қала-мемлекеттерінің саяси тәуелсіздігін жоғалтуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінде, және философия мен сын мәдениетінде дағдарыс туғызды. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, киниктер, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
Негізгі өкілдері
Милет мектебі
Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір - субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес - су, Анаксимандр - апейрон, Анакси-мен - ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Әлея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы - от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді. Оның ойынша, сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік (гармония) береді, оларды әсемдікке, космосқа ұластырады. Б.д.д. V ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рацио-нальдік танымға деген қүштарлық күшейді. Адамдардың орісін кеңейтіп, қоғамдық, саяси омірге дайындайтын, созге шешен, ақылды, халықтың көшбасшысы бола алатын мемлекет қайраткері болуға дайындайтын ин-теллектуалдар пайда бола бастады, олар өздерін софистер, яғни дана адам-дармыз деп атады. Өз еңбектері үшін белгілі бір ақы ала отырып, софистер ғылымның барлық салаларынан мағлұмат беріп отырды, адамдарды практикалық өмірге, мемлекеттік және жеке өмірдің кез-келген жағдайларында қиындықтан жол таба білуге үйретті. Софистердің тәлімгерлік ақылы қызметі білім мен мәдениеттің шеңберін грек қоғамының ақсүйектерімен шектемей, қоғамның барлық топтарының рухани дамуына мүмкіндік берді. Софистиканың көрнекті өкілдері ретінде Протагор, Горгий және Гиппийді атауға болады.
Сократ
Ежелгі Грекия философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық - зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілк Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді, Өзіңді-өзің танып-біл! қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет (добродетель -Г.Н.) туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты. Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің рөлін де жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды. Философия тарихында Сократ метод мәселесінің негізін салушы ретінде де белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен. олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика.
Платон

Платон
Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада емір сүрді. Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды. Идея - Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу - ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек. Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады. Платонның мемлекет туралы ойлары да әлі күнге дейін маңызы жойған жоқ. Жер бетінде мінсіз, идеалды мемлекет құруды арман етпеген философтар философия тарихында көп кездеседі.Солардың алғашқыларының бірі Платон болды. Оның Мемлекет, Заңдар және тағы басқа еңбектері осы тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Мылекет-полисті адам жанының үлкейтілген түрі деп қарастырған ол жанының бөліктерінің мөлшеріне байланысты осы мемлекетте өмір сүретін адамдарды үш тапқа бөледі.
Аристотель
Аристотель - біздің дәуірімізге дейінгі 384 жыл шамасында Стагирде дүннеге келген. Платонның Академиясында философ ретінде қалыптасу шеңінен өтті, ұстазының философиялық ілімін жалғастырды. Аристотель зерттеген мәселелер аумағы өте кең. Философияны Аристотель бірінші философия және екінші философия немесе метафизика және физика деп боледі. Оның пікірінше, мета-физика - барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді: 1) Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп Неден? деген сұраққа жауап береді. 2) Форма - заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, Бұл не? деген сұраққа жауап береді. 3) Қозгалтушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, Қозғалыс қайдан басталады? деген сұраққа жауап береді. 4) Мақсат себеп, немесе өзгерудің себебі, Не үшін? деген сұраққа жауап береді. Фитканың зерттеу объектісі - денесі бар және қозгалушы нәрсе. Ари-стотель- қозғалыс деп кез-келген өзгерісті, мүмкіндіктің жүзеге асуын түсінеді және оның төрт түрін атап көрсетеді: 1) субстанционалдық қозгалыс - пайда болу және жойылу; 2) сандық қозгалыс - өсу және азаю; 1) сапалық қозгалыс - айналу, альтерация (заттың басқаға айналуы); 4) кеңістіктік қозгалыс - орын ауыстыру, трансляция. Адам қызметінің жалпы мақсаты, Аристотельдің ойынша, рахатқа бөлену- Рахатқа бөлену болмыстың жетілгендігі мен әдемілік болса, адам үшін бұл жетілгендік - өзінің адам ретіндегі іс-әрекетінің, қызметінің жетілгендігі. Ақыл-ойдың іс-әрекеті дәл осындай іс-әрекет, сондықтан да ақыл-ойдың өз міндеттеріне сай іс-әрекеті асыл қасиет болады, яғни адам үшін рахат - асыл қасиетке жетуде. Аржттепъдің мемлекет туралы ілімі де асыл қасиет ұғымына негіздел-ген. Мемлекетті араласудың ең жетілген түрі деп түсіндірген Аристотель оның басты мақсаты - өз азаматтарын асыл қасиетке тәрбиелеу дейді. Александр Македонский билік құрған кезең - біздің дәуірімізге дейінгі 334 жылдардан бастап оның универсалдық құдайы монархия идеясы жүзеге аса бастады, ол өзінің қол астына әр түрлі қалаларды ғана емес, тұтас елдерді, халықтарды біріктіре бастады. Грек полисмемлекеті дағдарысқа ұшырады, өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, құлдырады. Сократ, Платон, Аристотель дамытқан еркін философиялық ойлардың орнын полистен жаттанған, өмірдің мәнін жоғалтқан, болашаққа сенімсіздікпен қарайтын, пессимистік пайымдауларға көбірек берілген философтардың экзистенциалдық және практикалық пікірлері басты.
Эпикур
Осы эллинизм дәуірінің көрнекті өкілі Эпикур болды Физика, логика және этиканы зерттеген Эпикур философиясының басты мәселесі - адам және бақыт. Философияны ол үш бөлікке бөледі: каноника - ақиқаттың критерийлері туралы диалектикалық зерттеулер; физика -табиғаттың пайда болуы және бұзылуы туралы ғылым; этика - өмір салты, нені таңдап, неден бас тарту керектігі және түпкілікті мақсат туралы ғылым.. Табиғат туралы ілімінде Эпикур Демокриттің атомдар ілімін қолдайды
Марк Туллий Цицерон
Марк Туллий Цицерон - біздің дәуірімізге дейінгі 106 жылы Арпи-нумде дүниеге келіп, б.д.д. 43 жылы қайтыс болды. Оның философиясы теориялық пайымдаумен шектелмейді, практикалық сипатқа ие болуға ұмтылады. Цицеронның ойынша, философия көне гректердегі секілді қолы бос, өмірді сырттай бақылап қана қойып, тұжырымдар жасайтын адамның ісі емес, өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектеспейтін философияның, даналықтың қажеті де шамалы. Философияның мақсаты - жан жарасын жазу, адамның назарын өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары құндылықтарға аудару, құмарлықтардан, қорқыныштардан арылту, сондықтан римдіктер философияны менсінбеуді қойып, оны терең зерттеуге ұмтылуы тиіс. Луций Анней Сенека - біздің дәуірімізге дейінгі 5-жыл шамасында Йспанияда, Кордовада дүниеге келіп, біздің дәуіріміздің 65-жылы қайтыс болды. Логика, физика, метеоролия салаларын зерттеумен айналысқанымен, антропологиялық және құдайы ілімдердің практикалық мазмұнына көбірек көңіл болді, философияның міндеті пайымдауға емес, іс-әрекетке үйрету, адамның рухын қалыптастыру, өмірін реттеу, өмір ке-месінің басшысы болу, 40 таза, асқақ философия ісі ғана адамды еркіндікке жеткізеді деп түсіндірді. Адамның ар-ұятын Сенека одан қашып құтылу мүмкін емес зор рухани күш, адамның моральдық фундаменті, ішкі дауысы, интуициясы ретінде қарастырады. Эпиктет - 50-жылдар шамасында Гиерапольде дүниеге келіп, 138 жылы Никопольде дүниеден өткен. Эпиктет философияның мақсаты - адамның бойында асыл қасиеттерді тәрбиелеу деп түсінеді. Ол адамдарға қажет адамгершіліктік ережелері ретінде мынадай қағидаларды ұсынады: Құдайға және оның адамдарға қамқорлығына, дүниенің және заттардың жүйелі, ақылдың көмегімен дамитындығына, адам рухының Құдайға ұқсастығына сенім. Кейбір зерттеушілер оны философтан гөрі Құдайға қызмет етуші, оның идеяларын таратушы, адамгершілік қасиеттерді насихаттаушы деп қарастырады. Қорыта айтсақ, көне грек философиясы мазмұны бай, зерттеген мәсе-лелер ауқымы өте кең, санқырлы, философияның натурфилософия, фи-лософиялық антропология, онтология, гносеология, этика, эстетика, логика және тагы басқа салаларын кеңінен қамтыган, фшософияның классикалық үлгісі деп атауга болатын философия десек, артық емес.
2. Анақарыс немесе Анахарсис ( скиф. Αναχαρσις жарақаттанбайтын ana(жоқ)+hvar (жара); б.з.б. 605 -- 545 ж.ш.) -- скиф, Гнур патшасының ұлы, Савлий және Кадуита патшаларының інісі. Афиныға Солонның кезінде келіп, Солонмен және Токсармен (ұлы дәрігер, ғұлама) кездесіп жүрген. Басқа да көптеген Ежелгі Грекияның қалаларында болып, атағы шыққан.,
Анақарыс немесе Анахарсис

Жалпы мағлұмат
Туған күні
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).
Қайтыс болған күні
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).
Қайтыс болған жері
Гилея[1]
Шығармашылығы
Кезең
Антикалық философия
Негізгі қызығушылығы
этика, саясат, өміртану, логика
Анахарсис біздің заманымыздан бұрынғы VII-IV ғасырларда өмір сүрген. Тарихта "Скиф Анахарсис" деген атпен әлемге танылған. Анарыстың анасы эллиндік болған.
Анахарсис: шамамен жыл қайыруымыздан бұрынғы 620 - 555 жылдары өмір сүрген. Аты аңызға айналған дала данышпанының нақты өмірбаяны туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәліметі бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594-жылы, Архонт Эвкраттың тұсындағы қырық жетінші Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген. Бұл скифтердің Алдыңғы Азиядан бетін бұрып, отанына орала бастаған кезі. Ал Анақарыстың Афиныға барғаны анық. Сол кезде шамамен жиырма бес жаста деп шамаланғанның өзінде, ол мөлшермен б. д. д. 625 - 620-жылдары дүниеге келген. Ал нақты қай жерде туды, ол жағы белгісіз. Тек әке-шешесінің кім болғанына қарап барып әлдебір болжам жасауға болады. Геродоттың айтуы бойынша, Анақарыс - скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы. Сонда Анақарыс Спаргапип Ишпақайдың, Лик Партатуаның, Гнур Мәдидің заманында өмір сүрген болып шығады. Анақарыстың өзі айтқандай, олардың өмірі - Истра-Дунай жағасында өткен. Қоржын-Херсон бұғазында, Керіш кемерінде хан ордасы құрылған. Анақарыс Қоңырдың грек әйелінен туған. Анақарыс скифтерді ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөк үзілмеген тектен тараған. Шешесі грек қызы. Сондықтан да элладаның тілін үйреніп өскен. Өнерге, әсіресе сөз өнеріне ерекше құмартып, билердің шешендік келесіне қатысып, тыңдап, өзі де билік айтып ер жеткен. Әскери тағылым алған. Скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген. Ел іші бейбіт өмірге көшкен соң, немерелес бауыры Сабыл-Савлий хандық құрған кезде жан-жағына үңіліп, дүниенің сырын білмекке ұмтылған. Элладаның шежіреші тарихшыларының, философтарының, мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін өз бетінше оқып, танысқан. Ақыры, ұшы-қиырсыз скиф даласынан аттанған ханзада әрі ділмар шешен Анақарыс Қоңырұлы әлемнің жеті ғұламасының бірі -- Солонды іздеп, жыл қайыруымыздан бұрынғы 594-жылы не 568-жылы Эллада еліне бет алды. Геродоттың жазуы бойынша, Элладалықтардың өнер-білімін үйреніп келу үшін Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің патшасы көрінеді. Ділмарлық толғауларында кемемен жүзгендерін жиі еске алып отыруына қарағанда, Анақарыс боспорға дейін салт атпен келіп, одан әрі қарай Афиныға кемемен сапар шеккен тәрізді. Қасына жолсерік те, күтуші де ертпеген. Өз күшіне сеніп шыққан. Себебі, ол заманда көшпелілер көсемінің мұрагері жігіт шағында қол бастап, елінің іргесін бекітіп, жауынгерлік өнерін шайқаста сынамай, алыс сапарға шықпаған. Сондықтан Анақарыс та әскери өнердің қыр-сырын жетік білген. Оған әйгілі философ Диогеннің: Скиф Анақарыс Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадиудтың бауыры еді; оның шешесі грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скифтер мен эллиндықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла-тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, скифтік сөйлеу мәнері деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан" деген сөзіндегі әскери өнер қақындағы пікірі дәлел болады.
Анақарыстың туған анасының төркініне деген құрметі бала кезінен қалыптасып, оның да жүрегін қытықтап, сол елді көрсем-ау деген арманмен ер жетті. Кім нағашы жұртын жек көрсін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні
Философия және оның тарихы. Әдістемелік оқу құралы
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Адамның дүниеге танымдық қатынасы
Антика мәдениетіндегі философия
Таным
Философиядағы адам мәселесі жайлы
Ғылым және ғылым философиясы
Пәндер