Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих экономика және құқық факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Алғашқы қауымдағы адамның пайда болу және қалыптасу
Мақсаты: Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адам өмірінен бастап, осы күнгі адам мәдениетінің, өмірінің қалыптасуын ұғыну.

Орындаған: ИСТ-11 тобының 1 курс студенті
Есенов Еркебулан Амантұрұлы
Тексерген: Майманова Нұршат Нұрхановна

ОРАЛ 2020

Жоспар:Тақырыптың көкейтестілігі: Қозғалатын мәселе:
А) Адамның тегі
Б)Адамның шығуы мен қалыптасуы
В)Адамның мәні мен тіршілігі
Г) Адам болмысының мәні
А) Адамның тегі.Эволюциялық теория. Философиялық антропологияның негізгі мәселесі адамның шығуы мен қалыптасуы болып табылады. Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (грек. antropos -- адам, genesis -- шығуы) деп аталады.
Саналы адам (пото sapiens) осыдан 50 мың жылдай бұрын қалыптасты. Ол адамның тарихы Жер бетінде алғашқы тік жүруші адамдар пайда болған осыдан 1,5 -- 2 млн жыл бұрынғы тарихтың койнауына кетеді. Бұл Шығыс Африкада бірнеше себептердің түйісулеріне байланысты орын алған. Бұл туралы ғалымдар арасындағы пікірталас осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Бұлардың қатарларына климаттың, планетамыздың радиациялық фонының өзгеруі, жақын ғарыштың Жерге әсері болуы да мүмкін.
Эволюциялық теорияның негізін қалаушы Чарльз Дарвин (1809 -- 1882 жж.) адамның ата-тегі мен жануарлардың дамуын айқындаушы факторлардың ортақтығына, адам мен приматтардың дене тұрпаттарыныңұқсастығынабаса назар аударған. Бірақ казіргі заманғы ғалымдар адамның дамуы мен қалыптасуына әсер еткен факторлар ретінде әлеуметтік және мәдени-тарихи тұрғыларға Дарвин көбірек маңыз береді.
Соның өзінде де тұқым қуалаушылық ерекшелігіндегі биологиялық факторды ешкім жоққа шығармайды. Демек, адам эволюциясында табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар өзара әрекет етеді.
Бұл үдеріс, шамасы, ұзаққа созылған болуы керек. Мұнда секірістер де, бір сарынды даму да болған. Адам тәріздес маймылдардың эволюциясында көптеген бағыттар тұйыққа тіреліп, олардың өкілдерінің (мысалы, неандертальдықтардың) жойылуымен аякталған.
Философиялық антропология үшін эволюция үдерісінде адамның бас сүйегі мен ми көлемінің ұлғаюы маңызды айғақ болып саналады. Бұл көп жағдайларда жануар ақуызы бар азық-түліктерді тамаққа пайдалану нәтижесінде іске асқан. Ең алдымен, қабығы жаңа байланыстармен байып дамыған. Осылардың нәтижесінде сөйлеу, ойлау және еңбек әрекеттері үшін алғышарттар қалыптасқан.
Сөйтіп, табиғи даму адамның аман қалуы мен жетілуінің түбегейлі жаңа, биология мен табиғаттан тыс төсілінің пайда болуы үшін негіз қалады. Бұл тәсілдің аты адам мәдениеті. Мұның мәнісі -- ақпарат арналары арқылы адамдардың өзара қарым-қатынастарының тәсілдерін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін және сөзбен жететін нәрсенің барлығын беру болып табылады. Сөйтіп, адамда оның өмірі мен әрекетін қамтамасыз ететін екі арна бар:
биологияльщ дамудың негізінде жататын генетикалық;
адамның ерекшеліктерін білдіретін мәдени-лингвистикалық.
Адамның еңбекке, өндіруге қабілеттілігі сияқты маңызды ерекшелік сипатына осы екіншісі себепкер болып, адам қоғамының шығуына тікелей әсер етеді. Бұл еңбек теориясында кеңінен түсіндіріледі.
Еңбек деп адамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында табигатты өзгертуге багытталган мақсатты әрекетін айтамыз. Философиялық мағынада еңбектің шығуы мен оның алғашқы эволюциясы, ең алдымен, осы үдерісте ұжымдық әрекеттерінің, сонымен бірге онын мінез-құлқының коғамдық-психологиялық нормалары негіздерінің қаланғандығымен маңызды.
Әрине, ерте кезеңдерде табиғаттың еңбек құрал-жабдықтары ретінде көрініс бергеніне қарамастан, адамдар оның дайын жемістерін пайдаланды. Біздің ежелгі ата-бабаларымыздың табиғатпен қарым-қатынастарының алғашқы типін дайдалану деп атауға болады. Өз кезегінде, ол өмірге меншік және билік деген құбылыстарды түсінудің алғашқы нұсқаларын әкелді. Болашақ меншіктің бастаулары азық-түлік нысандарына байланысты біз және олар арасындағы карым-қатынастардың белгілі түріңде пайда болды.
Келесі қадам ұзақ уақыт бойьша мақсатты қолдану, мысалы, бүкіл рулық коғамның меншігі ретінде отты немесе жалпы қазан ретінде азық-түлік қорын пайдаланудың дамуымен байланысты болды. Ақырында, өндірістің дамуына, көрші қауымдармен еңбек өнімдерін тұрақты алмасудың орнауына байланысты өндіріс өнімдерін жұмсау құбылысы, яғни сауда пайда болды. Бұл үдеріс адамзаттың терімшіліктен егіншілікке, мал өсіру мен қолөнерді игеруіне байланысты неолит революциясы кезінде аса дарқынды дамыды. Материалдық өндіріс мәдени дүниені, яғни адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өз қолымен өзгерткен табиғи нысандардың жиынтығын құрайды. Бұл екінші табиғат барған сайын өрісін ұлғайта түседі де, оның нысандарында адамның шығармашылығы да, оның тәни және рухани қабілеттері көрініс табады.
Материалдық өндірістің екінші жағы да бар ол -- адамның өзінің өндірілуі мен қайта өндірілуі, яғни бала туу, тәрбиелеу, әлеуметтендіру, яғни осы үдерістермен байланысты барлық іс-әрекеттерді қамтиды. Қоғам дамуының бастауымен, антропосоциогенез (адам мен қоғамның қалыптасуы) барысында өндірістің екі торабы да күрделі, қарама-қарсылықты арақатынаста болды. Адам аң аулау кезінде, сонымен бірге тобырлардың өзара шайқастарында қолданылған соғыс құралдарын дайындап шығарған. Алғашқы тобырлардың бір-бірін қырып тастау мүмкіндігінің шындықка айналуына қарап тобыр ішіндегі еңбек түрлері мен неке катьшастарьш реттеудің тобырлықтан руға және қауымға кешуді сипаттайтын жаңа қоғамдық қатынастарға көшудің қажеттілігі туралы шешім қабылдауға болады.

Б)Адамның шығуы мен қалыптасуы
Алғашқы қауым -- адамзат тарихындағы алғашқы қоғамдық-экономикалық бірлестіктердің әлеуметтік ғылымдағы атауы. Алғашқы қауымды жер шарын мекендеген барлық халықтар өз дамуының бастау сатысында басынан кешкен. Алғашқы қауымда еңбек қатынастары құрал-жабдықтарға қоғамдық меншікке негізделді. Шаруашылық ұжымды түрде және қарапайым еңбек құралдарының көмегімен жүргізілді. Ол адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан кезеңінен мемлекеттің пайда болу кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы қауым даму кезеңінің басты мақсаты -- қауымның және оның мүшесі болып табылатын әрбір адамның өмір сүруінің негізгі шарты болып табылатын қажетті өнімді өндіру және тұтыну болды. Өндіргіш күштердің нашар дамуы жағдайында бұл мақсатқа жетудің жолы ұжымдық (қауым шеңберіндегі) еңбек еді. Алғашқы қауымдық қоғам өндірістің материалдық жағдайларының теңдігімен, еңбектің жалпыға бірдей міндеттілігімен, қоғам және қауым мүшелері мүдделерінің бірлігімен және негізгі құрал-жабдықтарға қауымдық меншіктің болуымен сипатталады. Қауым барлық ұжым мүддесіне сәйкес оның мүшелерінің өнімді тұтынуын реттеп отырды. Өнімді қауым мүшелері арасында тең бөлу, теңдестіру бұл қоғамда алғашқы қауымдық адамның барынша қиын өмір сүруінің салдары болды. Олардың ешқайсысы жалғыз-жарым жүріп күн көре алмады.
Неолиттік дәуірде еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде ең қарапайым шаруашылықтан (аңшылық, терімшілік, балық аулау) өндіруші шаруашылыққа (жер өңдеу, мал өсіру) өту процесі іске асты. Өндіріс қуатының өсуі тұрақты артық өнім шығаруға, қауым ішінде әлеуметтік қатынастардың өзгеріске ұшырауына, сыйлық алмасу жүйесінің дамуына негіз қалады. Әйел үстемдігіне негізделген некеден патриархаттық некеге, кейіннен моногаметалық некеге өтуге байланысты отбасының нығаюы және оның қауым шеңберінен дербестігі бірте-бірте арта түсті. Қауымдық меншік жеке меншікпен толықтырылды. Өндірістің жекешеленуі және отбасының нығаюы Алғашқы қауымдық ұжымшылдық пен қауымның тұтастай әлсіреуінің белгісі еді. Өндіргіш күштердің дамуына қарай (қола және темірден жасалған еңбек құра-жабдықтарына көшу) және отбасы арасында территориялық (көршілік) байланыстардың орнауына байланысты бірте-бірте Алғашқы қауымның ыдырауына әкелген көршілік, кейіннен жер өңдеуші қауым дүниеге келді. Жерге жеке меншік пен қауымдық меншік арасында ішкі қайшылық пайда болды. Мұндай ішкі қарама-қайшылықтың дамуы қоғамдық әлеуметтік жіктелу мен мемлекеттің пайда болуына жағдайлар жасап берді. Алайда адамзат тарихының бастауындағы қауымдаса өмір сүріп, шаруашылық жүргізу үрдісі әр түрлі үлгіде дамып, жалғасып келді. Әсіресе, шығыс халықтары дәстүрінде, табиғаты қатал аймақтарда қоныстанған өзге де халықтар тұрмысында өндірісті жүргізудің қауымдық түрі 20 ғасырдың соңына дейін сақталып отыр.
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).
Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.
Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.ж.б. 2,5 млн. жылдан басталады.

Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі
Алғашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда Homo habilis (шебер адам) деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. Шебер адамның еңбек құралы малта тастың сындырыл- ған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.
Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін Homo erectus (түрегелген немесе бойын жазған адам) питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады.
Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол Homo habilis - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.
Homo erectus - тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын Homo erectus қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе Homo sapienske (ақылды адам) айналды. Ақылды адамның қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі.
Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жлтасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.
Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы V мың жылдықта басталған неолит тас құралдарны барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпен- дер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен , егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастайды.
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында - I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
Қола дәуірі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.
Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андроново селосының атымен ғылымда шартты түрде Андронов мәдениеті деп аталды.
Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі-Қазақстан жері Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халық- тың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төбелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.
Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.
Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-VIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңын- дағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жаріне қарай аталған. ДәндібаБеғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3, кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.
Беғазы мәдениеті дәуірінде дерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі.
Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Солар- дың нәтижесі көрсеткеніндей, әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылы- мы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқан. Қоныстар 6-10 үйден 20 үйден тұрды. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.
Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп қию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киетін болды. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды.
Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер екен. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.
Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, шот. Кейбір жауынгелердің қанжарлары болған.
Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Малт шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болады. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.
Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.
Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.
Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді. Ол туралы кейінгі тақырыптарда айтылады.
Бұл үдерісте қарым-қатынастардың ерекше адамдық арналары мен тілдің заттық-тәжірибелік әрекеттің негізі ретінде дамуы ерекше рөл аткарды. Заттар мен құбылыстардың атауларынсыз, оларды белгілемейінше, өндіру мен қарым-қатынас жасау мүмкін болмас еді. Тілдік түрде нанымның ең алғашқы қарапайым формалары -- фетишизм (франц. fetichisme -- жансыз. Алғашқы қауым адамдарының жансыз заттарға табынуы), тотемизм (ағылш. totemism, totem -- Солт. Америка үндістерінің тілінен шыққан. Ежелгі халыктардың өзінің шьну тегін белгілі бір тотеммен байланыстыруы), магия, анимизм калыптасты. Тіл бұл мағынада болмысты бейнелеп қоймай, оны жасады да.
Меншік түрлерінің дамуы алғашқы қауымдық қоғамдағы билік түрлерінің және оның көрініс табу жолдарының ажыратқысыз бөлігі екендігі түсінікті. Билік алғашқы қауымдық қоғамда күш қолдануға емес, қажетті тыйым салуларға -- табуларға және жоғары күштерге (ру тотемдеріне, ата-бабалар аруағына, т.б.) арқа сүйеді.

В)Адамның мәні мен тіршілігі
Билік құбылысындағы табиғильқ пен әлеуметтіліктің арақатынасы тайпа кесеміне дене бітімі, адамгершілік касиеттері жағынан жоғары талаптар қоюдан көрініс ппікан. Билік пен оны бейнелеушілері (көсемдер, ақсакалдар) тек басқарып, бұйырып кана қойған жоқ, олар сонымен бірге өсіп келе жаткан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде шешуші рөл атқарды, яғни адамды әлеуметтік өндіру мәселелерімен шұғылданды. Биліктің алғашқы қауымдық қоғамдағы негізгі рөлі, міне, осында болды.
Адамның екіжақтылығы, оның бір мезгілде табиғат әлеміне де, қоғамға да жақындығы адамзат тарихының ерте кезеңдерінде-ақ тән және жан ұғымдарында сезілді, ал одан да кеңірек ауқымда оның барлығы дуалистік теорияда қарастырылған болатын. Адамның тәні оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан теорториясы алғашқы қауымдық құрлысы.
Қола дәуір мәдениеті
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Алғашқы қауымдық қоғам тарихының тарихнамасы туралы
Қазақстандағы ежелгі қола және тас дәуірі
Ежелгі түркі өркениетінің ерекшелігі
Қола дәуіріндегі Қазақстан жері
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Қазақстандағы қола дәуірі туралы
Пәндер