Абай қарасөздеріндегі афоризмдер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика - математикалық мектеп - интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғылыми жоба Тақырыбы:

Абай қарасөздеріндегі афоризмдер
Секция: Қазақ әдебиеті

9-сынып оқушысы Ізбасхан Жансая

Ғылыми жетекшісі: Әмірбекова Балнұр Өмірханқызы

2020-2021 оқу жылы

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. Абай қарасөздеріндегі афоризмдерді талдау
1. Қарасөздердегі афоризмдердің тақырып бойынша жіктелуі
2. Ағартушылық ойдағы афоризмдер
3. Гуманистік ойдағы афоризмдер
4. Әлеуметтік ойдағы афоризмдер

ІІ. Абай қарасөзі - толық адам ілімі
1. Толық адам пирамидасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Абай атамыз қарасөздерінде адам мұраты, өмірі мен еңбегіне еркін енеді. Өмірдің бұралаң жолдарына, кəсіп-дағдыларға, тұрмыс-тірліктің мың сан арналы, тараулы жолдарына көңіл тоқтатып, көз жібереді. Білім-ғылым, кəсіп-қызмет, дəстүр-дін, тəлім-тəрбие иірімдеріне де көңіл бөліп, жіті назар аударады. Бəріне де мəн-маңыз береді. Басым бағыттарына еркін енеді, сыр-сипаттарын ашады.
Ғылыми зерттеу жұмысының өзектілігі: Адамзат болмысына қатысты мәңгілік тақырыптарға арқау ете білген Абай қарасөздерінің уақыт өткен сайын құндылығы арта түскендігі, материалдық қажеттілікті алға қойған жаһандану, робаттандыру заманында рухани жұтаңдықтың, адами қасиеттердің орнын толтыру мақсатында жас ұрпақ санасына ықпал етуге қадам.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Дана Абай туылғанына 175 жыл толған тұсында да, қанша уақыт өтіп, адамзат баласы жаңа формацияға, жаңа даму сатысына көтерілсе де, тұтас бір халықтың адастырмас темірқазығы, рухани суаты, сарқылмас қазынасы болып отыр. Ұлы Абайдың қарасөзі - баға жетпес қазынасы заман мен уақыт төрелігіне бағынбайтындығын тағы бір дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Абай қарасөздерінен афоризмдерді іріктеу;
Афоризмдерді тақырыптарға жіктеу;
Абай сөзімен толық адам пирамидасын жасау;
Абай жазған толық адам ілімінің бүгінгі күндегі қажеттілігін ұғындыру.


І. Абай қарасөздеріндегі афоризмдерді талдау

1. Қарасөздердегі афоризмдердің тақырып бойынша жіктелуі
Жиыны барлық қарасөз, біздің аңғаруымызша, он-он бір тақырыпқа бөлінеді. Кейбір тақырыптар бір топ сөздердің көлемінде қайталап, әр алуан жаңа мысқыл, теңеулермен, дәлелдермен молайғаны болмаса, ойжағынан бір алуандас болады. Ал кей тақырып, бір-бір қарасөзде айтылумен тоқтап отырады. Мысалы, Бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Бұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерде оралмайды. Екінші сөзінде -- халықтарды салыстырады. Қазақ, ноғай (татар), сарт (өзбек), орыс сияқты көршілес елдерді оқушысы қазақ жұртшылығына әділетті достық көңілмен ұғындырып береді. Әңгімені жай бір тыңдаушылар тобында отырғандай, жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халқының дәлелсіз үстірт өзімшілдігін мысқыл ете келеді. Содан барып шын сыншыл ойларына ауысады. Еңбек суйген ел атаулының бәрі де қазақтай еңбексіздікке мол салынған және сол еңбекті өнеркәсіпте, күндегі тірлікте көрші елдің бәрінен кейін қалып отырған халқына үлгі берерлік, артық елдер болып бағаланады. Тақырып жағынан алғанда, Үшінші сөз де өзінше бөлек бір алуан. Бұнда казақ сахарасын билейтін әкімдер, тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді. Сол күндегі ел тірлігінің қайшылық, ауыртпалықтарын молайтып отырған патшалық өкімет туралы да ой қозғайды. Болыс атаулының елге сор болатын тынымсыз сойқаңды мінездерін әшкерелейді. Уақытша себі бола ма деп бірер ұсыныстар айтады. Сол ретте ендігі болыс орысша оқуы бар адамнан болса екен дейді. Және тергеу мен үкім шығаратын қазақтың биі, сот орны туралы пікір айтады. Ел ішіндегі дау оңай шешілу үшін, әділетпен аяқталу үшін патшалық өкімет сайлаумен қойып жүрген билер болмаса екен дейді. Оның орнына третей билікті ұсынады. Абайдың ойында да билік, тергеу халықтың қамына жақын болсын. Жұртшылыққа залалды жаманшылық атаулы орынды жазасын алатын болсын деген қамқорлық талап бар. Бұл қарасөз Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді.
Ақын алдағы өмірге барлау, талдау жасайды. Адам баласының бесіктен бейітке дейінгі ғұмыры өкініш болмас үшін қалай дұрыс өтуі абзал деген сауалға Абай анық ақыл береді. Ақынның пайымдауынша, қазақтың ғылым, білім, əділет үшін қам жемей тек мал үшін қайғыруы жетімсіз іс.
Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оларды: гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік деп жіктеуге болады. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
2. Ағартушылық ойдағы афоризмдер
1-сөз
Мұңдасып шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
7-сөз
Дүниенің көрінген хәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе адамдықтың орыны болмайды.
10-сөз
Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орынын тауып істесе, кім бай болмайды.
Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орынына бармайды.
18-сөз
Тегінде адам баласы, адам баласынан - ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселерменен оздым ғой, демектің бәрі де - ақымақтық.
19-сөз
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.
25 сөз
Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді.
Орыстың ғылыми өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі.
Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма.
28-сөз
Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз екен.
31-сөз
Естиіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: біріншісі - көкірегі байлаулы, берік болмақ керек; екіншісі - сол нәрсені естігенде, не көргенде ғибрәтләну керек; үшіншісі - бірнеше уақыт ойланып көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек, егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: Уайымсыз, салғырттық, ойыншыл- күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу.
32-сөз
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе, білім- ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі.
33-сөз
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек: мал жұтайды, өнер жұтамайды.
37-сөз
Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.
Шәкіртсіз ғалым - тұл.
38-сөз
Қашан бір бала ғылым білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты - адам болады
Ғылым Алланың берген сипаты, ол ақиқат, оған ғашықтық өзі де жақсылық хәм адамдық дүр.
42-сөз
Адам ұғылы екі нәрседен: бірі - тән, бірі - жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили (еріксіз іс-әрекет), қайсысы кәсиби - оны білмек керек. Ішсем, жесем, ұйықтасам демектің басы - жибили, Ақыл, ғылым - бұлар кәсиби. Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады.
Адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен құтқаратын - ақыл һәм қайрат.
44-сөз
Адам баласының ең жаманы - талапсызы.
45-сөз
Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил.
Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.

3. Гуманистік ойдағы афоризмдер
14-сөз
Рақымдылық, мейірбандылық, түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек - жүрек ісі, асықтық та жүрек - жүрек ісі.
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады.
29-сөз
Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.
34-сөз
Адам баласына адам баласының бәрі - дос.
36-сөз
Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылдығы, иттігіңді ішіңнен өз мойыныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты.
37-сөз
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.
Адамның баласы - бауырың.
Ер артықсұраса да, азға разы болады.
38-сөз
Махаббат - әуелі адамның адамдығы, ақыл ғылым деген нәрселер. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі жақсы сипат, тән саулық бұлар туысынан болады, қалғаны жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
39-сөз
Сөзге тұрарлық пен уәдеге беріктік - арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді.
44-сөз
Кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл.

4. Әлеуметтік ойдағы афоризмдер
3-сөз
Әрбір жалқау кісі - қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз - қорқақ, мақтанғыш келеді; әрбір мақтаншақ- қорқақ , ақылсыз, надан келеді: әрбір ақылсыз - надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады
4 - сөз
Күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не ұят келерлік істен құр.
Әрбір орынды харекет өзі-де уайым қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа қайғыны, орынды харекетпен азайт. Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтық түбі кеніш болса керек.
Уайым қайғысыздығыңа уайым қайғы қылдағы, сол уайым қайғысыздықтан құтқарарлық орынды харекет табу керек, хәм қылу керек. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі . Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң қара жерде береді, құр тастамайды.
6-сөз
Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы.
Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болып жүріп, тірімін деме. Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық
10-сөз
Өзіңнің жақсылық жасаған кісің көп болса, кім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ЭТИКАСЫ
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәні
Абай қарасөздерінің зерттелуі
Абай қарасөздеріндегі Фараби ойлары
Ғылымсыз жасалған дүние ойсыз дүние
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абайдың қарасөздеріндегі ғылымға, кәсіп игеруге қатысты тұжырымдар
АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ
Пәндер