Домбыра құрылымы
Зерттеу жобасы
Тақырыбы:
ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІНІҢ БІРІ – КИЕЛІ ДОМБЫРА
Зерттеу жобасын дайындаған:
Нұр –Сұлтан қаласы №18 ОМ КММ
7 Ә сынып оқушысы Бұғыбай Әлия
Зерттеу жобасының жетекшісі:
Тажиева А.К. география пәні мұғалімі
2020 жыл
Жобаның мазмұны:
1. Кіріспе:
1.1. Таңдауға негіздеме.
1.2. Жұмыстың мақсаты.
1.3. Міндеттері.
1.4. Жұмыстың кезеңдері.
1.5. Қажетті ресурстар.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Қазақстанның жеті кереметі
2.3.Домбыра құрылымы
2.4.Домбыра туралы қызықты 5 дерек
2.5. 1 шілде-Ұлттық домбыра күні
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Аннотация
Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра деген тақырыпта Әлияның
әзірлеген жобасының негізгі мақсаты – мәдени мұраларымызды аша отырып,
Қазақстанның жаңа кереметі– Домбыраның пайда болу тарихына тоқталу.
Жобаның негізгі бөлімінде автор қазақтың жеті кереметін атап өтіп, шығу
тарихымен қысқаша таныстырып өтеді. Киелі домбыра тақырыбына кеңінен
тоқталып, мол мағлұмат береді.
Тақырыбы түрлі әдебиеттерде жазылып, ашылған дүние болса да, орта буын
оқушысын қызықтыратын, дүниетанымын тереңдете түсетін және отансүйгіштікке
баулитын жоба. Мақсат-міндеттерін іске асыру үшін көп ізденуді қажет етеді.
Оқушы барлық материалдарды дұрыс пайдалана білген, практикалық бөлімінде
домбыра макетін жасап, қызығушылық тудырады. Ізденіс нәтижесінде өзінің
Сыр сандық арман-жобасын ұсынып, бала қиялын дамыта түседі.
Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра тақырыбында презентация
сәтті дайындалған. Пайдаланылған әдебиеттер мен ақпарат көздері тақырыпты
ашуға сәйкес келеді. Патриоттық тәрбие беру үшін маңызы зор, барлық
оқушыларға арналған жоба.
1. Кіріспе
1.1. Жобаның тақырыбын таңдауға негіздеме:
Ойлау таңданудан
басталады.
Аристотель
Мен, Бұғыбай Алия 7- сынып оқушысымын және де мен әр –дайым өз тарихымды
зерттеуден жалықпаймын. Зерттеу арқылы адамда түрлі ойлар пайда болады,
сұрақтар туындайды. Қоршаған ортаны, әсем ғимараттарды,ұлттық аспаптарды
тамашалағанды ұнатамын. Маған бәрі қызық болып көрінеді. Құпиясы көп,
ерекше әдемі заттарды қызықтап, жасалуын, құпия-сырын білгім келіп тұрады.
Кітаптардан, теледидардан көріп жүрген керемет ғажайыптарға таңдана отырып,
сырын зерттеп, тереңірек білгім келді. Әлемнің әйгілі жеті кереметі бар
екенін білдім және қазақтың да жеті кереметі туралы тереңірек зерттегім
келді. Біздің елімізде де тамаша кереметтерге жататын дүниелеріміз бар.
Тарих тереңінен бастап, қазіргі монументтерге дейін оқып таныстым. Менің
өмір сүріп жатқан кезімдегі ең ғажайып музыкалық аспап – домбыра туралы
көп сырды ашып, білгім келді. Сондықтан Қазақтың жеті кереметінің бірі –
Киелі домбыра деген тақырыпты таңдап, жоба әзірледім. Жобаның негізі –
мәдени мұраларымызды аша отырып, жаңа кереметке тоқталу. Бұл еңбегімді
орындауға ата -анам, ұстазым Ажар Көмекқызы жетекшілік жасады.
1.2. Жұмысымның мақсаты:
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Мәдени
мұра, Рухани жаңғыру бағдарламасында қазақ халқының ұлттық құндылықтары
мен этникалық ерекшеліктерін қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Олай
болса, халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған қара Домбыра
құпиясын зерттеп, сырына қанығу.
1.3. Жұмысымның міндеттері:
1. Әлемнің жеті кереметі және қазақтың кереметтері туралы әдебиеттермен
танысу.
1. Қазақтың жеті кереметі саналатын заттардың тарихын зерттеп, терең оқып-
білу.
2. Домбыраның шығу тарихы құрылысы, ішкі және сыртқы көрінісі туралы
мағлұмат жинау.
3. Киелі домбыра макетін жасау және осы негізде өзімнің арман-жобамды
құру.
1.4. Жұмыстың кезеңдері.
1. Әдебиеттермен және ақпаратпен жұмыс жасау.
2. Материалды өңдеу, дайындау.
3. Макет әзірлеу.
4. Жобаны қорғау.
5. Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра тақырыбына презентация
дайындау.
1.5. Қажетті ресурстар:
1. Анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар.
2. Ақпараттық-компьютерлік техника.
3. Интернет-ресурстар.
4. Макет жасау үшін материал.
5. Жобаны жинақтау папкасы.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Қазақстанның жеті кереметі
Әрбір халық өз жерінде пайда болған адамзат мәдениетінің асыл да бағалы
құндылықтарына жататын ескерткіштерді түгендеп, ардақтауы тиіс. Жоғарыда
аталған кереметтерден еш кем түспейтін қазақ жерінің де жеті кереметі бар.
Олар: Таңбалы тас суреттері, домбыра, киіз үй, Алтын адам, Маңғыстау жер
асты мешіттері, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Астана-Бәйтерек кешені. Енді
осыларға қысқаша тоқталып өтсек.
Таңбалы тас суреттері – дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі аралықта
қазақ жерін мекендеген қауымдардың барша таным-түсінігінен хабар беретін
аса көрнекті археологиялық ескерткіш. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін,
анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.
Алтын адам – әлемге әйгілі сақ тайпалары өмір сүрген кезең мен олардың әдет-
ғұрыптары, мәдениетін көрсететін тарихи мұра. Есік қорғанынан табылған олжа
бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып
отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті
кереметіне енді.
Маңғыстау жер асты мешіттері – Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына
тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет
ескерткіші.
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – Түркістан қаласында орналасқан шығыс
халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан
астам адам келіп тамашалайды.
Астана-Бәйтерек кешені – Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы
Астана қаласында орналасқан заманауи монумент.
Киіз үй – қазақ тарихындағы ең бірінші сәулеттік құрылыс
Домбыра – нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра бекер айтылмаса
керек. Қазақ өнеріндегі асыл мұраларымыздың бірі және бірегейі.
2.2. Теориялық негіздеме:
Домбыра бар жерде қазақ халқының тілі, өнері, тарихы бірге жүреді. Домбыра
аспабының философиясын ашуда аңыз - әңгімелердің желісіне сүйенуге болады.
Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да
жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп
босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес,
алыс жерге апарып, жап - жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды
шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады,
жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қурайды. Қаңқу әңгіме халық
арасында жата ма, оны естіген қыз егізін іздеп, жолға шығады. Жолдан
шаршаған қыз бала ағаш түбіне келіп, демалады. Құлағына күмбірлеген сарын
естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып
тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаш, түбінен басына дейін іші қуыс
екенін көреді. Екі басында бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді
көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. Егіз
құлынымнан қалған жұрнақ осы болар деп сол ағаштан аспап жасап алады.
Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегі қаттылау керілген
екен.
“Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр
дауысты ұлым Мұңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй
шығарып кеткен екен” дейді аңыз – әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі
Жәнібеков.
2.3.Домбыра құрылымы
Домбыра аспабында да үш құрылым бар: бас, мойын, шанақ болып келеді. Шанақ
жер қойнауына ұқсас. Ол өмірден өткен бабалар үні мен сөзінің қоймасы.
Мойын арқылы белгілі бір сазға түседі. Бас ішек бұрауының сақшысы.
Музыкалық әуендер мойыннан құралады, шанақтан шығады.
Домбыраның басы - Аспан,
Домбыраның мойны - Бәйтерек,
Домбыраның шанағы - Жер. Үш әлем домбыра бойында да бар екен. Демек
біз ортада, жер бетінде тұрамыз деуінде негіз бар. Домбыраның мойны
арқылы әуендер шашылады. Бәйтеректің бұтақтары жайылып, өнімін шашады. Жер
құнарын беріп тұрады. Шанақ әуенін шашып тұрады. Домбыраның басы ретінде
қарап тұрады, аспан да өмір ретін қарап тұрады.
Үш әлемді байланыстырған Бәйтерек, одан пайда болған Домбыра, адам
қажетіне жарап, байланысу арқылы тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал еткен.
Үш әлеммен байланысқан құдірет иесі - домбыра өнері ұлттық идеологияны
дамыту үшін де керек. Ұлттық идеологияда домбыра әуенін ұстанбай, ұлттық
құндылықтарды сақтап жалғастыру қиын болмақ.
Жерден өскен ағаш адамға пайдасын ( жеміс, жапырақ ) береді. Ал домбыра
қоңыр әуен арқылы құлаққа еніп, ықпал етеді. Жерден өнген өнімдер адам
қорегіне қажет болса, домбырадан шыққан күй – адамның рухани жан азығы.
Демек, айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны жағымды әуендерге
айналдырып жеткізетін – домбыра аспабы. Егер, қоршаған айналаның дыбыстары
түгел жойылатын болса, онда адамдардың өмір сүру қабілетіне нұқсан келген
болар еді. Мысалы, қазіргі үлкен қалаларда құстардың ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz