Туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі

РЕФЕРАТ
Пән: Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ұйымы Тақырыбы: Туу және өлім көрсеткіштерін талдау.

Орындаған: ГЭ 21 топ студенті Кульмуханова К.Н
Тексерген: Құсайынова Қ.Б

Орал қаласы
2020 жыл

Жоспар:

Туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
Туудың жылдық көрсеткіштерін есептеу
Жылдың нақты кезеңіндегі жалпы коэффициенттерді есептеу
Туу кестесінің көрсеткіштері
Туған кезде ананың орташа жасы

Туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
1. Туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары туу және өсу көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданады.
3. Осы Әдістеменің мақсаты тиімді, әлеуметтік, экономикалық, отбасылық және демографиялық саясатты жүзеге асыру үшін қажетті халықтың арасындағы туу туралы толық және ағымдағы ақпаратты қалыптастыру, сондай-ақ елдің және өңірлердің даму бағдарламаларын әзірлеу болып табылады..
4. Туу көрсеткіштерінің маңыздылығы демографиялық құбылыстарды талдау мен елдегі және оның өңірлеріндегі демографиялық ахуалды бағалаудағы рөлімен байланысты. Туу коэффициенттерін есептеу және талдау демографиялық зерттеулер, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саясат саласындағы тәжірибе үшін қажет.
5. Осы Әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:
Репродуктивті кезең (жас) - әйел босануға қабілетті уақыт кезеңі. Статистикалық мақсаттар үшін көптеген елдерде 15-49 жыл кезеңі болжанады;
Халықты көбейту - туу мен өлім-жітімді өзара әрекеттесу нәтижесінде адамдардың ұрпақтарын үздіксіз жаңарту процесі.
Халықтың өлім-жітімі туралы ақпараттың дереккөздері Заңға сәйкес Комитеттің аумақтық органдарына жергілікті атқарушы органдардан түсетін әкімшілік деректер болып табылады.

Туудың жылдық көрсеткіштерін есептеу
7. Жалпы туу коэффициенті промилледе көрсетіледі және жалпы халық санына қатысты халықтың өлім-жітімі қарқындылығын айқындайды. Бұл көрсеткіш есептік кезеңде тірі туғандардың жалпы санына аталған кезеңдегі халықтың орташа санының қатынасы болып табылады:

мұнда:
CBR - бала туудың жалпы коэффициенті;
N - жылдың ішінде туғандар саны;
Р - орташа жылдық халық.
8. Бала туудың арнайы коэффициенті тірі туғандар санының репродуктивті жастағы әйелдердің орташа санына қатынасы.

мұнда:
F15-49 - бала туудың арнайы коэффициенті;
N - туғандар саны;
Р15-49 - 15-49 жастағы әйелдердің орташа жылдық саны.
9. Жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенті күнтізбелік жылда әрбір жас тобында туудың орташа деңгейін сипаттайды. 20 жасқа дейінгі жас топтары үшін коэффициентті есептеу кезінде бөлгіш ретінде 15-19 жасқа дейінгі әйелдер саны алынады. 15-49 жас тобы үшін коэффициентті есептеген кезде, алымына барлық босанғандар, сонымен қоса 15 жасқа дейінгі, сондай-ақ 50 және одан ересек жаста босанған әйелдер саны енгізіледі.

мұнда:
Fх - жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенті, онда x - жасы;
Nх - x жастағы әйелдерде туғандар саны;
Рх - х жастағы әйелдердің орташа жылдық саны.
10. Туудың жиынтық коэффициенті туу деңгейінің ең дәл өлшеуіші болып табылады. Есептелетін жылғы туудың жасына қарай қарқындылығы сақталған жағдайда бір әйелдің барлық өмірінде туатын балаларының орташа санын сипаттайды. Туудың жиынтық коэффициентін өлім-жітім болмайды деген болжаммен, яғни шартты ұрпақтың барлық әйелдері репродуктивті кезеңнің (15-49 жас) соңына дейін өмір сүреді деген болжаммен есептейді. Туудың жиынтық коэффициенті 15-тен бастап 49-ға дейінгі жастар үшін жасына қарай туу коэффициентінің қосындысы ретінде есептеледі:

мұнда:
TFR - туудың жалпы коэффициенті;
ASFRх - жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенті.
Егер деректер 5 жастық интервалмен жарияланатын болса, келесі формула қолданылады:

мұнда:
TFR - туудың жалпы коэффициенті;
5ASFRх - 5 жас аралығындағы жас ерекшелігі бойынша туу коэффициенті.
1000-ға бөлу бір әйелге коэффициенттік мәнге келтіру үшін алынады.

Жылдың нақты кезеңіндегі жалпы коэффициенттерді есептеу
11. Туу жалпы коэффициенттердің салыстырмалы есептеулері айға және айдың әрбір күніне жиналумен (кезең) ауыстыру коэффициентін және халықтың орташа санын қолданумен жүзеге асырылады.
Айға (кезеңге) ауыстыру коэффициенті үтірден кейін алты санға дейінгі дәлдікпен келесі формула бойынша есептеледі:
Кt = DN dn,
мұнда:
Кt - айға (кезеңге) ауыстыру коэффициенті;
DN - жылдағы күнтізбелік күндер саны;
dn - айдағы (кезеңдегі) күнтізбелік күндер саны;
t - ай (кезең).
Айға (кезеңге) ауыстыру коэффициентінің көмегімен деректер жылдық мәнге келтіріледі. Жылдағы күндер саны 365 (толық жылы - 366) күнтізбелік күн деген есеппен алынады.
Айға (кезеңге) халықтың орташа саны үтірден кейін бір санға дейінгі дәлдікпен келесі формула бойынша есептеледі:

мұнда:
Pt - халықтың орташа саны;
P1 - есепті жылдың 1 қаңтарына халық саны;
ЖӨt - жалпы өсім, кему;
t - ай (кезең).
12. Айдағы туудың жалпы коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:

мұнда:
К ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік - демографиялық статистика жүргізу әдістемелерін талдау
Халықтың туу көрсеткіштер жүйесі
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Модельдеуге кіріспе әдістемелік құрал
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Жаһандық денсаулық
Экономикалық жүйелер сапасы
Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық жағдайдың ерекшеліктері
Демография және әлеуметтану
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Пәндер