Мал шаруашылығының екінші түрі - жартылай көшпелі мал шаруашылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Сайыстың атауы: Отан жолымен өлкетану жобаларының қалалық сайысы

Секция бағыты: Қазақстан экономикасы

Зерттеу жұмысының тақырыбы: қазақтардың ежелгі кәсібі мал шаруашылығының бірі ретінде маңызды саласы ауыл шаруашылығы

Аты - жөні: Бұғыбай Мадина
Сыныбы: 10 А

Жетекшінің аты - жөні:
География пәнінің мұғалімі

Нұр - Сұлтан қаласы, 2019 жыл

Мазмұны
1. Кіріспе
1.1. Қазақтың ата кәсібі- мал шаруашылығы

2. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ қоғамындағы отырықшы шаруашылықтың қалыптасуы
2.2. XIX - XX ғ.ғ Қазақстанның ауыл шаруашылығы.
3. Қорытынды
3.1. Қазіргі таңдағы еліміздің ауыл шаруашылығы, даму мүмкіндіктері.
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Зерттеудің өзектілігі : көшпелі қазақтардың ежелден бері ата кәсібі болған мал шаруашылығының маңызын анықтау;
Аграрлы - индустриялы ел ретіндегі Қазақстанның экономикасындағы ауыл шаруашылығының маңызды сала екендігін, жеткіншек жастарға ұғындыру.

Болжам : ұлы дала төсінде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың, отырықшы шаруашылыққа қалай көшкендігін Зерттеудің мақсаты -
Зерттеудің міндеті - жүгері туралы материалдар жинап, оның адам өміріндегі әркім біле бермейтін пайдасын ашып көрсету. Зерттеу әдісі: әдебиеттерді талдау; салыстыру, жалпылау, бақылау, қорытынды жасау, тәжірибеде қолдану.

Кіріспе
Өткен дәуірде көшпелі мал өсірген қазақтардың тіршілік негізі - дәстүрлі мал шаруашылығы болды. Себебі, олардың өмір сүретін табиғи ортасы қашан да шаруашылықтың, соның ішінде, төрт түлік малдың қайнар көзі болып табылды. Дәстүрлі шаруашылық құрылымына сәйкес көшпелі мал өсіруші қазақтарда табиғатпен тығыз байланыс, оған бейімделу күшті болды. Төрт түлік малды бағып, өсіру қазақтың ұлан байтақ жазиралы даласында тамыр жайды, қазақтар ежелден - ақ көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ел болды. Көшпелі мал бағу дәстүрі үстем дамыған әр түрлі ру бірлестіктерінің саны да өсті. Осындай дәстүрлі шаруашылықтың құрылымы ерте замандағы қазақтардың өмір салтын, тұрмыс-тіршілік деңгейін көтерді. Мал шаруашылығы қазақ халқының ежелден келе жатқан ата кәсібінің бірі болды. Соған байланысты, жерімізде қола дәуірінің кезін - ақ мал өсірудің басты үш түрі дамыды. Біріншісі - Қазақстанның батысы мен орталығындағы далалы және жартылай таулы аймақтарында көшіп - қонып жүріп мал өсіру, яғни көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығы кезінде жер өңдеумен мүлде айналыспаған.Мал шаруашылығының екінші түрі - жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Бұлардың тұрақты қыстаулары болып, одан тұрақты үй - жай, мал қора сияқты құрылыс жүйелері салынған. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, бұл тәсіл сақ - үйсін дәуірінен бері қарай белгілі. Мұндай жартылай көшпелі мал өсірушілер аздап жер өңдеумен айналысқан. Олар өз қыстауларының аумағында тары, арпа, бидай сияқты астық түрлерін өсірген. Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы мал шаруашылығы. Отырықшы мал шаруашылығының кең түрде дамыған жері - Оңтүстік Қазақстан. Сырдария, Арыс, Шу, Талас өзендерінің жағалауларында және Қаратаудың оңтүстік, солтүстік баурай - жағалауларында суармалы жер шаруашылығы мен мал өсіру қатар дамыған. Отырықшы мал өсіру кезінде қыстауда және жайлаулы өңірлерде тұрақты үй - жайлар салынған. Көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде мал бағып, оны өсіру ең негізгі байлық болды. Төрт-түлік малдың күші, сүті, жүні, қылы, еті, терісі халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй жиһазы-өмірінің, тіршілігінің, күн көрісінің негізі болды. Төрт түлік мал (жылқы, түйе, сиыр, қой-ешкі) қолға үйретілгендіктен олардың жасына, түр-түсіне, жынысына қарай атаулар және салт өлеңдер сол кезде пайда болған. Атаулар түліктердің шыққан тектеріне, тұқымдарына, төлдеріне, адамның өмір тіршіліктеріне, малдың өнімді-өнімсіздіктеріне, дене бітімдеріне, ен-таңбаларына, сымбаттылығына, мінез-құлықтарына және олардың еті мен сүттілігіне, жүні мен майына, терісіне байланысты айтылған. Сондықтан да аяқты малдың қамымен қыс қыстауға, жаз жайлауға көшіп, ерте заманнан халқымыздың көшпелі тіршілікке бейімделуі заңды да еді. Жаз маусымындағы мал бағу ісі бір-бірімен тығыз байланысты болған. Жылдың төрт мезгіліндегі көші-қон тікелей мал қамына байланысты. Олар мақсатсыз көше бермеген. Көшудегі мақсат мал басын аман сақтау, көбейту, малдың қоңдылығын арттыру болды. Сол себепті жылдың төрт мезгіліне қарай күздеу, қыстау, көктеу, жайлауға көшіп, өріс жаңарту тікелей мал шаруашылығына байланысты.
Ерте кезде төрт түлік мал түлігі туралы салт өлеңдері де жырланған. Салт өлеңдерінің тақырыбы және идеялық мазмұны қазақ халқының көшпелі, малшылық өмірінен алынған. Жалпы бұл өлеңдер төрт түлік мал, әр түрлі үй жануарларының жайын танытады, мал басының амандығын, оның берекелі болуын тілейді. Бұл өлеңдерде көшпелі қазақ халқының еңбек тәжірибесі, арман-тілегі айтылады. Еңбек процесі мен табиғат апаттарына қарсы күрес кезінде төрт түлік мал адам баласының қолқанаты, жәрдемшісі болып келеді. Бақташы мен үй хайуандарының арасындағы қарым-қатынас төрт түлік туралы өлеңдердің негізгі мазмұнына айналды. Төрт түлік туралы өлеңдердің ішінде қазақтың ертеректе туған біраз өлеңдері шаман дініне илану сарындарын жеткізді.
Ш. Уәлиханов Шамандықтың қазақтардағы қалдықтары дейтін еңбегінде, М. Әуезов Қазақ ертегілері туралы жазған зерттеуінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері ертедегі адамдардың ой-өрісі, төмен сатыда тұрған кезінде шыққандығын айтады. Жаратылыс сырын түсіне алмаған ол кездегі адамдар әлем дүниесіндегі әрбір құбылыстарды өздерінше болжап жорыған. Атап айтар болсақ отқа, айға, күнге сиынған, бұларда жаратушы күш бар деп сенген, табынған, әр түлік малдың өз пірі бар деп түсініп, байлық көзі болған жер мен жан-жануарларға жалбарынған. Халық әр рудың ата-бабасы, аруағы, сондай-ақ әр түлік малдың да өз ата-тегі, бабасы болады деп ұғынған.
Қазақ халқының ертедегі күн-көрісі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы төрт түлік малға байланысты болуымен қатар, халықтың психологиясына, сезім дүниесіне, тіліне де әсер етті. Қ. Жұмалиевтың пікірінше: Мал бағып күн көрген ертедегі адамдар өзі жасаған ауыз әдебиетінде ең жақсы образ теңеулерді әр түрлі жануарлардың өмірінен алып отырған. Бұған екі себеп бар, біріншіден, төрт түлік ғасырлар бойы адамның ой-санасымен ұнамды орын алған, екіншіден, төрт түліктің қайсысы болса да көпке белгілі, сол белгілі нәрсе арқылы белгісіз нәрсені елестеткен. Дәлірек айтқанда, ертеде қазақ халқы малдың сыр мінезінен шыға отырып, адамның келбетін, түсін, сиқын, жаман-жақсы мінезін, қылығын айқын көрсету үшін, оны малдың мүшелеріне, мінезіне салыстырған, әртүрлі теңеулер жасаған. Бұған мысал: құлыным, қозым, боздағым сөздері образға айналып, баланы жақсы көргенде айтылған. Сұлу қызға Ботакөз деп теңеуін теңеген. Ботадай боздады, Қозыдай шулады сөздері адамның көңіл-күйін білдіруге келгенде айтылған. Жігіттің нары екен деген сөз адам тұлғасын сипаттағанда айтылған, Міне, бұл салыстыру, теңеу түрінде айтылған сөздерден фольклорлық ұғымдар мен этнографиялық болмыстың көріністері айқын көрініс табады. Ұзақ ғасырлар бойғы халық аузында жатталып ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра болып бүгінгі ұрпаққа жеткен сондай халық қазыналарының бір саласы - Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Қыз Жібек, Айман-Шолпан іспетті тұрмыс лиро-эпос жырлары. Осы халық жырларының қай қайсысын оқысақ та халқымыздың өткен өмірінің елесін көреміз, шаруашылық, тұрмыс күйі туралы мол мағлұматтарға кез боламыз. Көшпелі өмір көрінісі, төрт түлік малдың түр-түсі, жасына байланысты атаулардан бастап, мал ауруына дейін, халқымыздың төрт түліктен алған азық-түлік, киім-кешегі, әдет-ғұрпы, салт-санасына дейін халық жырларында бейнеленген. Жырдағы малшылық тұрмыс көп мәліметтер береді. Солардың бірі жылқы түлігін отарлап қостап бағу, себебі жылқыны көп ұстайтын ірі байларға қысты күні жылқыны бағу өте қиынға түсетін. Көп жылқыны қыстауға алып қалуға еш мүмкіндік болмайтын, осыған орай ірі байлар, атап айтқанда, Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырында Қарабай, Қыз Жібек жырында Базарбай, Айман-Шолпан жырында Маман бай жылқы малын жеке қос етіп құраған. Әрбір жылқы қосы бірнеше айғырдың үйірінен құралады, әрбір үйірде 20-30-дан биелер болады. Оған қоса үйірде жабағы, тайлар болуы мүмкін. Этнограф Х. Арғынбаев өзінің еңбегінде: ... Қысты күні жылқыны бағу ірі байларға қиынға түсетін... жылқы түлігін отарлап қостап бағу әдісі қолданылған. Ірі байлар жеке қос етіп шығарса, жылқысы шағындар бірігіп қос құрайтын. Бір қоста 400-500 бас жылқы болатын, - деп жазды. Қостағы бағып күтушілер - жылқышылар. Олардың бастығы байдың ең сенімді, ет жақындарының бірі болған. Ол қосты отарлар алдында алдын-ала дайындап, ең сенімді, төзімді жігіттерді өзі таңдап алатын болған. Дәлірек айтқанда, Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырында Қодар осындай жылқы қосының бастығы, Қарабайдың сенімді жылқышысы. Ол жылы киім, ішер аспен, мініс атпен қамтамасыз етіледі. Жырлардағы малшылардың тұрмысы көбіне жаз немесе қыс мезгілінде ауа райына байланысты болатын. Мәселен, боран-шашынды қыс күндерінде жылқышылар жылы киініп, азық-түліктерін өздерімен бірге алып, отар маңында болып, жылқыларды ықтырмауға тырысатын. Егер аязды бұрқасын болып жылқы қайыру бермей ықса, жылқышылар отармен ығатын. Тек бұрқасын басылғанда ғана жылқыны қайырып, өз қостарын табатын. Лиро-эпос (ғашықтық) Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Қыз Жібек, Айман-Шолпан жырларында малшылық тұрмысқа байланысты айтылатын әңгімелердің бірі - ызғарлы қыстан мал басын аман алып шыққан көшпелі ауылдың жаз маусымына сәйкес жайлауға көшуге дайындалуы. Әр рудың өзді-өзіне тән, атадан мұра болып келе жатқан жайлаулары болады. Х. Арғынбаев өзінің еңбегінде кіші жүздің шөмекей, шекті руларының қыстауы Сырдың оңтүстігіндегі Қызылқұм болса, жайлаулары солтүстіктегі Ырғыз өзеніне дейін созылып, оның екі арасы 1000 км-ден асқан- деп жазады.
Ертедегі қазақ көшпенділеріндегі көш мәселесі де алдын ала ұйымдастырылатын болған. Әр отбасының байлығына, көш салтанатына қарай көш сапының қозғалу тәртібі де жарияланатын. Мәселен, көштің ескі жұрттан қозғалатын күні бейсенбіге немесе сәрсенбінің сәтті күніне белгіленетін. Көшу-қону кезіндегі негзгі мәселенің бірі көш көлігі болатын. Көш көлігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының мал шаруашылығының қалыптасуы және оның түрлері
Мал шарушалығының қалыптасуы
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
Сақ дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық құрылысы
Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы мал шаруашылығы
ХІХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер
Көшпелі мал шаруашылығы
Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері мен басты көрсеткіштері, әлеуметтік даму жолдары
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ
Пәндер