Гегельдің философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Реферат
Тақырыбы:
Гегельдің логикасы.

Дайындаған:Әбибулла Г.Б
Қабылдаған:Пернекулова М.М

Алматы 2020
Гегельдің философиясы.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (нем. Georg Wilhelm Friedrich Hegel; 27 тамыз 1770, Штутгарт -- 14 қараша 1831, Берлин) -- неміс философы, неміс классикалық философиясының және романтизм философиясының негіздеушісі. Йоһанн Готтлиб Фихте және Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллингпен бірге неміс идеализмінің негізін қалаушы.
Гегель өмірбаяны.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель 1770 жылдың 27 тамызында Штутгарт қаласының, жоғары қызметтегi шенеулiк Георг Людвиг Гегель (1733 -1799 ) жанұясында дүниеге келдi. Гегельдің арғы ата тегі - контрреформация кезінде XVI ғасырда Аустриядан қуылған Каринтиилік лютерандық болған.
1.1788 - 1793 Тюбинген теологиялық университетiнің философиялық және теологиялық курстарын тыңдап, магистрлiк диссертациясын қорғады. Өз курстастарынан ішінде Шеллингпен және Гельдерлинмен тату болды. Олармен бірге Француз төңкерiсiнiң идеясымен шұғылданған студенттiк саяси клубтiң мүшесi болды.
2.1793 жылы дін ілімі кандидатының толық курсын аяқтау барысында Гегель жақсы қабілетті болғанымен, басқалардан ешқандай айырмашылығы жоқ, сөзде озат емес те, философияның мұғалімі атала алады деген аттестат алған.
3.1793 - 1796 Бернде үй мұғалiмi
4.1797 - 1800 Майндағы Франкфуртте үй мұғалiмi
5.1799 - әкесінiң өлiмiнен кейiн алған мұра мен меншiктi жинақтар, оған сабақ беруден бас тартып, академиялық қызметке кiруге мүмкiндiк бердi
6.1806 -- 1816 Нюрнберг гимназиясының директоры
7.Гейдельберг университетінің (1916) және
8.Берлин университетінің профессоры (1818) болған.

Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы.
Гегелдің ілімі әртүрлі көзқарастарды ұстанатын жазушыларға әсер еткен. Солардың арасында Гегельді қолдайтындар да (Бруно Бауер, Карл Маркс Фрэнсис Герберт Бредли, Жан-Поль Сартр, Ганс Күнг), оның ілімін сынайтындар да (Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг, Сөрен Киркегард, Артур Шопенгауер, Фридрих Ницше, Мартин Гайдеггер, Бертран Расселл) бар.
Гегелді философ ретінде қызықтырғаны -- табиғат пен азаттықтың арасындағы қатынас, имманенттік, трансценденттік, және осы жұптардың екі бөлігінің біреуін жоймай немесе біреуін екіншісіне тәуелді етіп жібермей отырып біріктіру. Оның кең танымал және ықпалды ұғымдары: спекулятивті логика, яғни диалектика, абсолютті идеализм, Рух, Қожайын-құл диалектикасы, этикалық өмір және тарихтың маңыздылығы. Гегельді кейбіреулер нацизмнің пайда болуына ықпал жасағандардың қатарына жатқызады, бірақ басқалар бұнымен келіспейді.

Мемлекет пен құқыққа көзқарасы.
Мемлекет пен құқық мәселелерін қарастырды. Еңбектері: "Германияның Конституциясы", "Рух философиясы", "Құқық философиясы", "Тарих философиясы", "1831 жылы реформа жайлы ағылшындық билль" және т.б. Құқық философиясы - философияның гегельдікі жүйесінің аса маңызды құрамдас бөлігі.
Гегель азаматтық қоғам мен саяси мемлекеттің ара-жігін ажыратып қарастырады. Оның ойынша, мемлекет дамудың ең жоғарғы сатысы - азаматтық қоғамда пайда болады. Азаматтық қоғам деп ол буржуазиялық қоғамды түсінеді. Азаматтық қоғам - ерекше, жеке мақсаттарды және жеке адам мүдделерін жүзеге асыру аясы. Гегель азаматтық қоғамды қарама-қайшы мүдделер текетіресетін антагонистік қоғам ретінде сипаттайды.
Азаматтық қоғамның үш негізгі тұсы:
қажеттіліктер жүйесі,
әділ сот,
полиция және бірлестіктер.
Азаматтық қоғам құрылымында үш сословиені атап көрсетеді:
субстанционалды (жер иеленушілер - дворяндар мен шаруалар);
өнеркәсіптік (фабриканттар, саудагерлер, қолөнершілер);
жалпылама (шенеуніктер).
Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыра отырып, Гегель азаматтық қоғам қанша байлыққа кенелсе де, кедейлікпен күресуге қабілетсіз екендігін мойындайды.
Философиясының негізгі ұстамдары.
Гегельдің ғылыми-шығармашылық қызметі Германиядағы саяси-әлеуметтік тұрмыстың елеулі өзгеріске ұшырап, елдегі ішкі қайшылықтардың күрт шиеленіскен кезеңіне тұстас келді. Сондықтан ол өзіне дейінгі ойшылдардың, әсіресе 17 -- 18 ғасырлардағы ағылшын, француз ағартушыларының, дәстүрлі неміс ғылымы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің жетістіктерін мұқият зерттей отырып, дәйекті тарихилық жүйені ұсынды. Ол кез келген философиялық ілім нақты проблемаларды негіздей отырып, тарихи қажеттілікке қарай жүріп келе жатқан тұтас жүйенің даму кезеңінде белгілі рөлге ие болатынын айтты. Гегельдің бұл пікірі философия тарихында үлкен маңыз атқарды. Егер философия үнемі үздіксіз даму үстіндегі тарихи жүйе болса, онда оның аясындағы нақты проблемалар ғылыми дамудың негізгі құрамдас бөліктері саналады.
Тарихи дамудың нәтижесінде проблемалар үнемі өзгеріп, дамып, жетіліп, жаңадан туындап отырады, ескілері заман талабына сай келмей, кейін ығыстырыла береді. Мұның барлығы саяси-қоғамдық өмірмен, жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының дамуымен, әсіресе, философияның өзіндегі ішкі өзгерістермен тығыз байланыста көрінеді. Ал әр ұрпақ, жаңа буын философияның алдында тұрған соны мәселелерден ғана емес, сондай-ақ, өткен дәуірден ауысқан проблемалардан да өз заманының талабына оңтайлы шешім іздейді. Яғни, Гегельдің пікірінше, философия -- өтіп кеткен процесті, тарихты оймен шолу. Әйтсе де, ол тарихқа өткен шақ деп қарамайды, үздіксіз жалғаса беретін процесс ретінде бағалайды.
Нақтылық -- көптеген анықтамалардың жиынтығы, көпжақтылықтың бірлігі, яғни, кез келген мәселеге объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды қажет етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нақтылыққа қарай ұласу принципіне бағынады. Таным процесіндегі логика мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық философиясы пәнi
Гегель философиясы
Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы
Классикалық неміс философиясы жайында
Классикалық неміс философиясы жайлы
Гегельдің құқық философиясы
Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры
Классикалық неміс философиясы
Канттан кейінгі классикалық неміс идеализмінің өкілі
Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің неміс классикалық философиясындағы орны
Пәндер