Тұтынушылар нарығының жағдайы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі

Мамандық 0508000

Тамақтану ұйымы

Аспаз - 05801-2

Специальность 0508000

Организация питания

050801-2 Повар

ЕСЕП (ОТЧЁТ)

Технологиялық тәжірибесі бойынша

по технологической практике

(тәжірибе түрі, вид практики)

Топ студенті _______

студента группы

___________________________________ _______________________________

(кәсіпорынның толық атауы,полное наименование предприятия)

Орындады:_____________________ ______________________

выполнил (қолы,подпись) (студенттің Т.А.Ә., Ф.И.О.студента)

Тексерді: _____________________ ______________________

проверил (қолы,подпись) (оқытушының Т.А.Ә.,Ф.И.О.преподавателя)

Бағасы: _______________________

оценка

Кәсіпорындағы тәжірибе ____________________

жетекшісі (лауазымы,должность)

Руководитель практики

на предприятии ________________ ________________________________

(Т.А.Ә, Ф.И.О.)

М.О.

МП

Щучье қаласы20__ ж.
Кіріспе.
Қоғамдық тамақтандыру әрбір еджің экономикасында жұмыс көлемінен де, қызмет көрсетушілер саны бойынша да елеулі орын алады. Қоғамдық тамақтандыру біздің елімізде жақсы дамып, ол тамақ өнімдерін өндірү, сату сияқты қызметтерді атқарадыҚоғамдық тамақтану материалдық және қоғамдық ресурстары, халықаралық тұрмысты қайта құруға икемдеу, әйелдерді үй жұмысынан босатуға және қоғамдық еңбекте белсенді қатысуға мүмкіндік туғызады. Қоғамдық тамақтандыру жұмыс істеу саласы бойынша әрбір тұтынушының қалауын орындаумен байланысты болғандықтан көптеген факторлардың, технологиялық ұйымдастыру сұрақтарының, күнделікті уақытқа сай дұрыс шешім қабылдаудың ықпалына тиеді. Сондықтан да кәсіпорынды дұрыс ұйымдастыру, оныңпайдалылығын, рентабельділігін есептеу, осы кәсіпорынның алдағы уақытта көздеген мақсаттарына жетуіне тікелей байланысты.
Қазіргі кезде елімізде ай сайын онға жуық мейрамханалар ашылуда. Мейрамхана бизнесі күннен күнге өркендеп, дамып келуде, алайда оны дурыс, сауатты және дұрыс ұйымдастыру - өте қиынға әкеліп соқтырады. өйткені бүгінгі күнде кішігірім тәжірибе мен сезгіштікке сену жеткіліксіз, міндетті түрде арнайы білімі бар, заманға сай көзқарасы бар мамандардың болуышарт. Міндетті түрде кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын, бизнес жобасын экономикалық жағынан да, технологиялық жағынан да қарастыру қажет. Сонымен бірге құрылыс, архитектура, экология, технологиялық жабдықталу мәселелерін де есептеп білген жөн.
Жоспар
1 .Өндірістегі техника қауіпсіздігі.
2. Даяшының жеке гигиенасы.
3. Қоғамдық тамақтандыруда қызмет көрсетуді ұйымдастыру принциптері
4. Тұтынушылар нарығының жағдайы
5. Асханалық ыдыс - аяқтар мен құрал- аспаптар
6. Стөлді сервистеудің негізгі ережелері
7. Майлықтар түрлері мен түю формалары
7.1 Матадан жасалған майлықтар
7.2 Майлық түрлері
8. Сауда- саттық қызметін материалдық - техникалық жабдықтау.
9. Қорытынды
1. Өндірістегі техника қауіпсіздігі.
Электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу.
Қарамағында электр немесе жылу желiлерi не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаж, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың құрылысына байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды қоймаға жинау, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау мен төгу, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Газ пайдалану жөніндегі талаптарды, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдаланудың қауіпсіздігін бұзу
1. Тұтынушылардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуы, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетіге дейiнгi, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетіден онға дейiнгi, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше қайта қосу жеке тұлғаларға - он, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тұтынушылардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалануды қоспағанда, газбен жабдықтау жүйесі объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуы, - дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Даяшының жеке гигиенасы.
шаш қарапайым және ұқыпты болуы керек; шаш көзге түспеуі керек; Қызмет көрсету кезінде тарақты пайдалану немесе шашты түзету ұсынылмайды.Таңертең және кешке тіс тазалап, ауыз қуысын антисептикалық сұйықтықпен шайыңыз.Жұмыс алдында душ қабылдау және ашу керек, даяшы әйелдерге косметикалық заттарды теріс пайдаланбауға, күшті рухты пайдалануға, ірі әшекейлерді (сақиналар, жүзіктер және т. б.) киюге болмайды.)Жұмысқа кіріспес бұрын таза киіммен келу керек, душ қабылдау керек, қолды сабынмен және щеткамен мұқият жуу керек. Қолды тіпті жұмыста үзілістен кейін жуу керек-қажеттілігіне қарай. Қолды сүрту үшін электр сүлгісін немесе (ол болмаған жағдайда) бір рет пайдаланылатын жеке майлықтарды қолданған жөн. Нысанды киімде жұмыс үй-жайларынан шығуға немесе онда мейрамхана бойынша басқа жұмысты орындауға болмайды (көлікті және т. б. түсіруге қатысу) Даяшының қолы оның ерекше назарының объектісі болуы тиіс, өйткені ол тағаммен айналысады -- таратуда тағамды алады, оларды келушінің көзінше бір ыдыстан екінші ыдысқа аударады. Адамдар оның қолына, тырнаққа (олар таза, қысқа кесілген болуы керек. Қоғамдық тамақтанудың барлық қызметкерлері үнемі медициналық тексеруден өтуі тиіс. Медициналық тексерулердің мақсаты - Тамақ өнімдері арқылы берілетін және келушілердің денсаулығы үшін де, қызметкерлердің өздері үшін де қауіпті болатын аурулармен ауыратын адамдарды жұмысқа жібермеу.

· адамдардың өнім және қызмет қажеттіліктерін қанағаттандыру;
· ас залдарында ыңғайлы жағдайлар құру;
· тұтынушыларға қызмет көрсету үрдісімен байланысты қолайсыз құбылыстардың болмауы.
· жаңа өнім және қызмет түрлерін енгізу есебінен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысының рентабельдігін жоғарылату;
· үнемі өзгеріп отыратын тұтынушы талғамы, нарық талаптарына қызмет түрлерінің сәйкес келуі.
ызмет көрсету мақсаттары мен міндеттері
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді рационалды ұйымдастыру мақсаты әртүрлі қызметтер кешенін көрсету болып табылады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының саудалық қызметін ұйымдастырудың басты мақсаты - тұтынушыларға қызмет көрсету түрлері мен әдістерін жетілдіру және қызмет көрсету мәдениетін арттыру.
Қызмет орындаушы - аспаздық өнімдерді өндіру, өткізу және тұтынуды ұйымдастыру жөнінде жұмыстарды орындайтын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны немесе кәсіпкер.
Кез -келген қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында міндетті түрде жұмыс істеу уақыты (сағат ) орнатылады.
Мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істеу уақыты орындаушы үкімет органы немесе жергілікті басқару ортаны орнатады. Басқа ұйымдық -құқықтық (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектелген немесе жартылай шектелген серіктестіктер) кәсіпорындар жұмыс уақытын өздігінен орнатады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысы уақытша тоқтатылатын жағдайларда (жоспарлы санитарлы күндер, жөндеу және т.б.). тұтынушылар алдын-ала жұмыстың тоқтатылуы күні мен мерзімі туралы хабарлануы керек.
Егер қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны әрекеті Қазақстан республикасы заңына сәйкес лицензияланатын болса, онда лицензия нөмірі, әрекет ету мерзімі, оны берген орган туралы мәлімет танысуға ыңғайлы жерде орналасуы керек.
Орындаушы тұтынушылар үшін тәртіп ережелерін өздігінен орнатуға құқылы: мысалы, темекі шегуді шектеу, кіру үшін қосымша төлем немесе сырт киіммен жүруге тиым салу.
Орындаушы өздігінен көрсетілетін қызметтер тізімін, нормативті құжаттардың міндетті талаптарына сәйкес өндіретін өнім асортиментін анықтайды.
Тұтынушы құқығы. Тұтынушыға келесі мәлімет беріледі: қызмет бағасы мен төлеу шарттары; тағам даярлау әдісі мен құрамындағы негізгі құрамдас бөліктері көсетіліп өзі өндіретін ұсынылған өнімнің фирмалық аты; дайын тағам порциясының массасы (көлемі) туралы мәлімет; ұсынылатын алкогольді сусындар бөтелкесінің көлемі мен оның порциясының көлемі; қызметтердің сертификатталуы туралы мәлімет.
Тұтынушы ұсынылатын өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеті мен сапасы туралы, сонымен қатар бұл коммерациялық құпия болмаса, тағамдарды даярлау шарттары туралы қосымша мәлімет алуға құқылы.
Орындаушы қызметтердің сертификатталғандығын растау үшін сертификат түпнұсқасы немес көшірмесін ұсыну қажет.
Қызмет көсету реті. Қызмет көрсету шарттары, соның ішінде оның бағасы барлық тұтынушылар үшін бірдей, тек Қ.Р. заңы немесе құқықтық актілермен рұқсат етілетін жеке тұтынушылар категориясы үшін жеңілдік берген жағдайлар ескеріледі.
Сонымен қатар орындаушы таңдап емес, қызметті тапсырыс беру ықыласы бар кез-келген тұтынушыға қызмет көрсетуі тиіс.
Тұтынушы алдын-ала тапсырыс беруге құқылы, ол қажетті мәліметтері (орындаушы аты, тұтынушы аты-жөні, қызмет түрі мен бағасы, төлеу шарты тапсырыс қабылдау күні мен орындау күні, тапсырысты қабылдаған тұлға қолы және басқа) бар құжат (тапсырыс, квитанция және т.б.). құру жолымен рәсімделу керек. Сонымен қатар телефон, электрондық және басқа байланыс арқылы жасалуы мүмкін. Қызмет көрсету туралы келісімді растайтын құжаттың бір экземпляры тұтынушыға беріледі.
Мейрамханаларда әдетте тұтынушылар залдан кетер алдында немесе суық тағамдар мен тісбасарларды ұсынғанмен кейін есеп айырысады, бірақ орындаушы тұтынушыға алдын-ала төлеуді, тағамдарды таңдағаннан кейін төлеуге және басқа есеп айырысу түрлерін, сонымен қатар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның мамандануы, типі, қызмет көрсету әдісіне байланысты көрсетілген қызметтерге қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысуға ұсынуға құқылы. Көрсетілетін қызметтерге тұтынушылар есеп айырысу кезінде оны төлегенін растайтын құжат (кассалық чек, есеп т.б.) беріледі.
Даяшылармен қызмет көрсету кезінде өткізілген өнімге есеп-айырысу счет арқылы жүзеге асады. Тұтынушы кез- келген уақытта ас мәзірін сұрап, счетпен салыстыруға, сонымен қатар ұсынылатын өнім көлемін (массасын ) тексеруге құқылы. Сол уақытта орындаушы міндеті көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты бақылауға міндетті.
Қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсетумен қатар төленетін қосымша қызметтер: гүл, сувенирлер, фото және т.б. ұсынылады.
Қызмет көрсетуге алдын-ала тапсырысты орындау мерзімі бұзылғанда немесе көрсетілетін қызмет кемшіліктері айқындалғанда өз таңдауы бойынша төмендегілерге құқылы:
· орындаушыға жаңа мерзім орнату, ол мерзімде қызмет көрсетуге кірісуге және (немесе) қызмет көрсетуді аяқтау қажет;
· көрсетілетін қызмет бағасын төмендетуді талап ету;
· тұтынушымен орнатылған мерзімде кемшіліктерді тегін жоюды талап ету немесе сапалы аналогтық өнімді дайындау немесе басқа өніммен алмастыруды талап ету;
· қызмет көрсетуден бас тарту.
Сонымен қатар тұтынушы қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына байланысты әкелген шығындарын толық өтеуді талап етуді құқылы. Шығындар Қ.Р. заңмен орнатылған мерзімде өтеледі.
Егер қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы форс-мажор жағдайлар немесе тұтынушы кінәсі салдарынан болғанын дәлелдеп берсе, онда тұтынушы талаптарын қанағаттандырмайды.
Тұтынушы кез - келген уақытта тапсырылған қызметтен бас тарта алады, бірақ онда нақты шығындарын орындаушыға төлеу керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызымет көрсетудің келесі түрле рі қолднылады:
· өзіне-өзі қызмет көрсету
· персоналмен қызмет көрсету
· құрама әдіс
Жаппай қызмет көрсетудің тиімді әдісі өзіне-өзі қызмет көрсету болып табылады, онда тұтынушылар өздері тарату сөрлерінен салқын тағамдар мен тісбасарлар, тәтті тағамдар мен сусындар, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, нан және ас аспаптар алады. Ыстық тағамдарды аспаздар тікілей жіберу алдында порциямен құйып береді.
Тарату желісі бойымен қозғалып, тұтынушылар таңдаған тағамдарын подносқа салып, кассирмен есеп-айырсқан сон ас үстелдеріне апарады. Бұл қызмет түрі залдың өткізу қабілетін 20-30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді, екі есе тағам алу уақытын қысқартады және жұмысшылардын еңбек өнімділігін 20% арттырады.
Персоналдық қызмет көрсетуге қатысына байланысты толық және ішінара өзіне-өзі қызмет көрсетуді ажыратады.
Толық өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде тұтынушылар тағамдар мен сусындарды алу, оны үстелге жеткізу және ыдыстарды жинаумен байланысты барлық операцияларды өзі орындайды.
Ішінара қызмет көрсетуде операциялардың көп бөлігін қызмет көрсететін персонал орындайды. Мысалы, түскі ас үзілісі бар өндірістік асханаларда дастарқанды алдын-ала жаю. Тұтынушылар тек тәрелкеге көжелер құйып алады да, қолданған ыдысты жинап алады.
Есеп айырысу әдіс боынша алдын-ала есеп айырсады, кейін есеп айырсатын, тікілей есеп айырсатын, тамақтанып болған сон есеп айырсатын және өзіне-өзі есеп айырысумен өзіне-өзі қызмет көрсету болып ажыратылады.
Алдын-ала есеп айырсумен өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде тұтынушылар ас мәзіріндегі тағамдар ассортиментімен танысқан соң, кассадан чек немесе талон алады, содан соң сол чек немесе талон бойынша тарату бөлімінен тағамдарды алады. Бұл қызмет көрсету түрінің кемшілігі таратуда өткізу қабілетінің төмен болуы, себебі тағамдары порцялап алатын аспаздар талондар мен чектарды іріктеп қарау керек. Бұл қызмет көрсету түрін қолдануда алдын -ала алған абонемент немесе чектер боынша кешенді түскі астарды алу арқылы тездетуге болады.
Кейін есеп-айырсумен өзіне-өзі қызмет көрсету де тарату желесінің соңында есеп-айырсады. Бұл кезде тұтынушылар тағамдарды тарату желісінде таңдап, соңында олардың құнын төлейді. Бұл қызмет көрсету түрінің артықшылығы тұтынушының тағам тандау мүмкіндігі, аспаздардың тағам салу кезінде чектер іріктеуден босатылады. Тікелей есеп-айырысумен өзіне-өзі қызмет көрсету бір мезгілде тағам тандау , оны алу және есеп айырысумен қаматамасыз етіледі. Бұл жағыдайда өнімді тұтынушыға жібер мен есеп-айырсу бір жұмышысы жүзеге асады. Көбінесе бұл әдіс түрі дәмханаларда қолданылады.
Тамақтанып болған соң есеп-айырсумен өзіне-өзі қызмет көрсету тұтынушы тағамдар мен сусындарды тандаған соң, тарату желісі соңында кассирден чек алады, оны тағам қабылдап болған соң залдан шығарда төлейді. Бұл қызмет көрсету түрін қолданы есеп-айырсу операциаларын жүргізуді бақылауды күшейтеге ықпал етеді, себебі бірінші кассир өнім құнын есептеп чек берсе, екеншісі тұтынушымен есеп айырсады.
Персоналмен қызмет көрсету уақыты факторынан гөрі ыңғайлақ басты орын алатын кәсіпорындарда қолданылады.
Құрама әдісте екі аталған қызмет көрсету әдісінің үлесімі қоланылады. Мысалы, конфереңцияларға қатысушыларға қызмет көрсету кезінде қонақтар тісбасарлар, десерт, сусындарды және басқа өнімдерді тарату сөрелерінен немесе фуршет үстелдерден өздігінен тандайды, ол бірінші және екінші тағамдарды ұсынғанда даяшылар қызмет көрсетеді.
4. Тұтынушылар нарығының жағдайы
Тұтынушылар нарығы - жекелеген адамдар мен үй қожалықтары тұтыну тауарлары мен қызметтерін сататын және сатып алатын нарық.
Сатып алушының мінез құлқының үлгісі
ұтынушылардың мінез-қүлқы нарықтың әр түрлі тауарлармен толыгу мөл-шеріне қарай өзгеріп түрады, сондықтан оларды мақсатты түрде зерттеп отыру керек. Түтыну тауарлары нарыгының ерекшелігі өздерінің талаптары, талғамдары, сүраныстары, дәстүрлері, мәдени өзгешеліктері, төлем қабілеттілігіне байланысты шектелген сүранысы бар белгілі бір сатып алушылар категорияларынан түратын көптеген сегменттерге бөлінуінде.
Тұтынушылар түпкі тұтынушылар және тұтынушы ұйымдар деп үлкен екі топқа бөлінеді.
Тұтынушылар - тауарларды өздері жеке қолдануы үшін алатын түтынушылар, яғни жеке түлғалар, отбасылар, неке немесе қаны бір туыстыққа негізделген шағын қауым, үй шаруашылықтары (бір немесе ортақ шаруашылыққа біріккен бірнеше отбасы).
Тұтынушы ұйымдар - тауарларды өндіріс процесінде пайдалану үшін сондай-ақ, қайта сату үшін алатын көтерме тұтынушылар. Олардыц мінез-құлқы түтынушылардан:
· тауарларды сатып алу мақсаттарымен;
· алу себептерімен;
· сатып алу туралы шешім қабылдау әдістерімен;
· тауарды сатып алғаннан кейінгі қызмет керсетуге
қойылатын талаптарымен;
· сатып алу жиілігімен елеулі түрде ерекшеленеді.
Қазіргі кезенде қогамның әлеуметтік қүрылымы қаркын-ды дамуда, әлеуметтік топтар саны үнемі өсу үстінде. Бүл түтынушылардың жаңа сүраныстарының пайда болуына эсер етеді. Адамдар бір-бірінен жасы, жынысы, табыс деңгейі мен мәдениеті, калыптаскан салт-дәстүр, әдет-ғүрпы, өмір сүру қалпы жағынан ерекшеленеді. Осы сипаттамалар негізінде олардың әр түрлі тауарларға деген ықтимал реакциясын анықтауға болады. Бүл тауарды сатып алу процесіндегі түтынушынын мінез-қүлкын зерттеуді керек етеді. Өндірушілер адамдардын сатып алу себентерін білуі кажет, оларда тауар, оньвд бағасы, ынталандыру формалары жэне жарнама ақпарат болуы керек. Сатушы тауарды түйсікпен қабылдауға ғана эсер етпей, сатып алу туралы шешімге де ықгіал етеді. Сондықтан да сатып алу актісіне жағымды эсер ету үшін түтынушының тауарды қалай қабылдауын зерттеу
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірістік-саудалық әрекетінің ерекшеліктері. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының әрекеті ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік сипат ерекшеліктерімен сипатталады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірістік-саудалық әрекетінің ұйымдастыру-экономикалық ерекшеліктеріне мыналар жатады: * олардың үш өзара байланысты функцияларды орындау: аспаздық өнімдерді өндіру, оны өткізу және тұтынуды ұйыдастыру, ал мысалы тамақ өнеркәсібі тек өндіру фуекциясын, ал сауда орындары тек өнімді өткізу функциясын атқарады; * шектеулі өткізу ерзімі бар өнімдерді даярлау, мысалы, жаппай даярлау кезінде ыстық тағамдар 2-3 сағатта, ал салқын тағамдар 1 сағатта өткізілу керек. Бұл өнімдерді тұтынуына қарай партиямен өндіруді талап етеді. қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысшыларының санитарлықгигиеналық талаптарды қатаң қадағалау қажеттілігі; өңделетін шикізат, дайын тағамдарды даярлау үрдістері мен өткізу сапасын бақылауды қамтамасыз ету; Әлеуметтік сипаттағы ерекшеліктерге мыналар жатады: өндірілетін және өткізілетін өнім ассортиментінің сұраныс сипатына, қызмет көрсетілетін контингент ерекшеліктеріне, оның кәсіби, жас, ұлттық құрамына, еңбек, оқу жағдайына және басқа факторларға тәуелділігі;
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жұмыс тәртібінің қызмет көрсетілетін тұтынушылар контингентінің, өндірістік кәсіпорындардың, ұйымдардың, оқу орындарының жұмыс тәртібіне тәуелділігі. Бұл қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түскі уақытта, үзілістерде ең үлкен ағындары уақытында қарқынды жұмыс істеуін талап етеді; * жыл мезгілі, апта күндері және тәулік сағаттары бойынша өнімге сұраныстың өзгеруі. Жазғы уақытта көкөністерден даярланатын тағамдарға, салқын сусындарға, салқын көжелерге сұраныс артады. Маркетинг көзқарасынан әрбір кәсіпорын өткізу нарығын талдау және зерттеу қажет, одан өндірілетін өні ассортименті мен қызмет көрсету әдістері тәуелді; * қоғамдық тамақтандыру кәсіпорныны қуатының, типінің және орналасу жерінің қызмет көрсетілетін контингент сипатына, халық тығыздығына, жақын арада басқа қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының, тамақ өнеркәсібінің және т.б. болуына тәуелділігі; * қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының тамақтану қызметінен басқа көптеген қызметтерді: салтанатты мерекелерде, отбасылық түскі астарда қызмет көрсетуді ұйымдастыру, бос уақытты ұйымдастыру, ыдыстарды жалға бері және т.б. ұсыну. Аталған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысының ерекшелігі кәсіпорын желілерін рационалды ұйымдастыруда, олардың типін таңдауда, жұмыс тәртібін анықтауда және ас мәзірін құруда ескеріледі.
5. Асханалық ыдыс - аяқтар мен құрал- аспаптар.
Ас аспаптары түрлері мен тағайындалуы
Ас жаулықтардың тағайындалуы
Ас аспаптарымельхиордан және тот баспайтын болаттан жасалуы мүмкін. Кең тараған тот баспайтын болаттан жасалған аспаптар. Асханалар мен дәмханаларға қарағанда мейрамханалар мен кафеде ас ыдыстары мен аспаптарының кең ассортименті қолданылады.
Ыдыстар, шыны, ас аспаптары өзара үлесіп қоймай, Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны концепциясына, оның бағалық саясатына сай келу керек.
Ұлттық аспаздығы тағамдарын ұсынатын кәсәпорындар үшін ыдыстардың, аспаптардың кейбір түрлері ағаштардан жасалады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорыны үшін ас ыдыстар мен аспаптарды таңдаудың негізігі критерийі:
· қолдану қауіпсіздігі;
· беріктілігі мен ұзақ мерзімділігі;
· ыдыс жуу машинасында жуу мүмкіндігі, ал тәрелкелер үшін микротолқынды пеште қолдану мүмкіндігі;
· кәспорының жалпы стиліне сәкес келу;
· біріңғай дизайн мен бір түрі шегінде ассортимент кеңдігі;
· ұзақ уақыт бойы ассортимент тұрақтылығы
· бағасы.
Ас ыдыстары мен аспаптар тағам өнімдермен түйісу үшін рұқсат етілген материалдан жасалу керек және санитарлық талаптарға сай болу керек. Кейбір матералдардан жасалған ыдыстар ыдыс жуу машинасында жарылып, өте ұсақ бөліктерге сынуы мүмкін. Заманауи технологиялар қоғамдықтамақтану кәсіпорындары үшін берік, ұзақ мерзімді фарфор және шыны ыдыстар шығаруға мүмкіндік береді, фарфор ыдысының жылтыры ыдыс жуу машинасында көп рет жууға, қысымға, жоғары температураға төзімді болады, фарфор декорацияланған болса, уақыт өте суреті, түсі жоғалады, ас аспаптарынан із қалмайды.Бір маркалы ас ыдыстары мен аспаптары таңдау ерекше стиль құруға, ал ассортимент кеңдігі дастарқан жаюды өзгерту мүмкіндігін береді.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорында дастарқан жаю және қызмет көрсету үшін бір түрлі ыдыстың толық жинағы болу керек, соның ішінде әртүрлі өлшемді тәрелкелер, овал және дөңгелек табақтар, салат салғыштар және т.б болу керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ас ыдыстарының ассортименті мен мөлшері кәсіпорын типіне, мейрамхана немесе бар классына, кәсіпорының мамандануына, оның қуатына, өндірліп өткізілетін өнім ассортименті мен мөлшеріне, залдың жұмыс тәртібіне, қызмет көрсету түріне, тұтынушылық сұраныс сипатына тәуелі. Кәсіпорынның оңтайлы ыдыс қажеттілі бір орынға шақанда 3-4 жинақ құрайды, оның екі жинағы залда айналымда және тарату бөлімесінде, үшінші - жуу бөлмесі, төртіншісі - сервиз бөлмесінде болады. Бұндай ас ыдыстар мен аспаптарының мөлшері үздіксіз және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Барлық асханалық аспаптар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі аспаптар жеке қолданысқа арналған тағам қабылдау үшін қолданылады. Қосымша аспаптар жалпы қолданысқа арналған, олардың көмегімен кеседі, порцияға бөледі, тағамдарды ортақ ыдыстардан тұтынушы тәрелкесіне салады.
Бірнеше аспаптардан тұратын негізгі аспаптарға:
· тісбасарлық аспап;
· ас аспабы;
· балық аспабы;
· десерттік аспап;
· жеміс аспабы жатады.
Тісбасарлық аспап шанышқы мен пышақтан тұрады. Пышақ ұзындығы - 210 мм, шанышқы ұзындығы - 180 мм. Барлық суықтағамдар мен тісбасарларға және кейбір ыстық тісбасарларға (қуырылған ветчина, блины және т.б.) беріледі. Ас аспабынан кіші өлшемімен ерекшеленеді.Ас аспабы шанышқы, пышақ және қасықтан тұрады. Пышақ ұзындығы 250 мм , шанышқы 210 мм, шанышқы тісшелері - 60 мм. Дастарқан жаюда бірінші және екінші тағамдарды ұсынғанда қолданылады. Ас қасығы мен шанышқысы арнайы аспап болмаған жағдайда тағамдарды салу үшін қолданылуы мүмкін. Ішінара тісті жүзі бар пышақтар аса ыңғайлы, олармен қуырылған ет кесу жеңілге түседі. Тісті жүзі бар өткір ұшты пышақтар - стейк - пышағы стейк ұсынылғанда қолданылады. Балық аспабы сүйектерінен ажырату үшін ойық және төрт қысқа тісті шанышқы мен қалақша тәрізді жалпақ жүзді және қысқа пышақтан тұрады. Пышақ ұзындығы - 202 мм, шанышқы - 180 мм, шанышқы тістері - 65 мм. Дастарқанға екінші балық тағамдарын ұсынғанда қолданылады.
Десерттік аспап қасық, шанышқы және пышақтан тұрады. Өлшемі жағынан шанышқы мен пышақ тісбасарлық аспаптардан аздап кішірек (пышақ - 185 мм, шанышқы - 150 мм, шанышқы тістері - 60 мм). Шанышқыда үш тісі болады, оның біреуі өткір және жалпақтау болады. Десерттік пышақ пен шанышқыны тәтті тағамдарды (алма шарлоты, тәтті бәліш және т.б.), десерттік қасықты пудинг, мусс, кілегеймен жидектер, сірнедегі жемістер сияқты тәтті тағамдарға ұсынады.
Жеміс аспабы шанышқы мен пышақтан тұрады, десерттік аспапқа қарағанда өлшемі кішірек. Пышағы бәкі жүзіне ұқсас, өткір қысқа жүзді.
Сонымен қатар негізгі аспаптарға:
· Шай қасық шай, сүтпен кофе, сонымен қатар шала піскен және қалтада піскен жұмыртқа тұтынғанда қолданылады.
· Кофелік қасық қара кофе және шығысша кофе тұтынғанда қолданылады.
· Балмұздаққа арналған қасық шеттері сәл иілген қалақша тәрізді жайпақ пішінді.
· Сорпа қасығы - сорпа шыны аяғында сорпаларды ұсынғанда қолданылады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz