Жер асты кен қазу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік
Техникалық Университеті
Тау кен металлургиялық факультеті
Тау кен және геология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жерасты кен қазу
Пәні: Основы горной технологии
Орындаған: Ілияс Айсұлтан
Тобы: 11-ГДк-1
Қабылдаған: Тунгушбаева З. К
Өскемен 2012
Мазмұны
- Жерасты кен қазбалары. . . 3
2. Жерасты кен қазу технологиясы . . . 7
3. Кен қазудың негізгі өндірістік үдерістері . . . 8
4. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 9
Жерасты кен қазбалары
Жер астында кен қазу негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші - жер бетінен қазбалар жүргізіп кен сілеміне жету, яғни оны ашу; екінші - ашылған кенді, немесе оның бөлігін қазып алуға даярлау; үшінші - сол даярланған кенді қазып, өнім алу.
Қатты кенбайлықтың қандай түрі болсын, жерасты тәсілмен қазылғанда осы үш кезеңге соқпай өтпейді, бұл кезеңдердің әрқайсысында өзіне тән түрлі, кен қазбалары жүргізіледі.
Кен орындары толық барланып, қоры есептеліп анықталған соң пайдалануға, тұтынуға беріледі. Жерасты кен қазу кен сілемін ашу, ашылған кенді қазуға даярланған жерден күрделі кен қазбалар жүргізіп, кен сілеміне жол салуды айтады.
Ашу қазбаларына тік және көлбеу шахта оқпандары, шыңырау (шифр), айналмалы (шиыршық) және көлбеу жүрістіктер, штольня, квершлагтар, т. б. күрделі кен қазбалары жатады.
Даярлау деп ашылған кен сілемін, не оның бөлігінен кен өндіруге мүмкіндік тудыратындай даярлық кен қазбаларын жүргізуді айтады. Даярлық кен қазбаларына далалық (бейкендік) және кеніштік қуақаздары, қияқаздар мен енбелер, матриалдық жүрістік, желдетіс және толтырма өрлемелері, кенқұүдықтар мен деңгейжиектегі түрлі қазбалары, аралық жүрістік, көлбеу еңкіштер, т. б. жатады.
Тазарту жұмыстарына даярланған кен сілемінен жаппай кен өндіру жұмыстары жатады.
Кен қазудың осынау үш кезеңін атқару кезінде кенорны жан-жақты барланады.
Өндіруге даярлық дәрежесіне қарай бекітілген есептік қор ашылған, дайындалған және тазартып алуға дайын қорларға бөлінеді.
Ашылған қорға кен сілемінің, не оның бөлігінің күрделі кен қазбалары қиып өткен деңгейжиектерінен жоғары жатқан кен қорын жатқызады.
Даярланған қорға қабылданған жобаға сәйкес қабаттарды, не болмаса панельдердегі, блоктар мн учаскелерге бөлінетін және даярлау тәсіліне қарай жүргізілетін даярлық кен қазбалары өтілген қабаттардағы, панельдердегі кен қорын жатқызады.
Уақытша кентіректерде (қуақазүсті, қуақазасты немесе қабатаралық, кенүңгіраралық, т. б. ) қалдырылған кен қоры тек бос қуыс құлатылып және сол кентіректерді қазуға байланысты жобаланған басқа да жұмыстар атқарылып біткен соң алынатын кен қоры жатқызылады.
Ал, тілме қазбалары толық жүргізілген жердегі (кенүңгір, блок, учаскелер) кен алуға даяр қор тобына жатқызылады. Тазарту қазбаларды орналастыру және оның көлемі, қолданылатын жүйенің құрылым ерекшелігі мен нормаларына сай жобаланады.
Кәсіпорындардың үздіксіз жоспарланған кен өнімін беріп тұруы және ырғақты жұмыс жүргізу үшін әрбір кеніште (шахта, ашық кеніште) кеннің ашылған, даярланған, алуға дайын қор резерві болуға тиісті. Мұндай қордың нормативтік мөлшері салалық нұсқаунамада белгіленеді. Мәселен, ашылған қор - 1, 5-3 жылдық, даярланған - 0, 6-1, 5 жылдық, ал алуға даяр қор - 4-6 айлық деңгейде болуы қажет.
Кен қазбалары кеңістікте орналасуына қарай тік, көлбеу және жазық болып бөлінеді.
Тік қазбаларға шахта оқпаны, тұйық тік оқпан, шыңырау, оқпақ (гезенк), өрлеме, ұңғыма жатады.
Тік шахта оқпаны - бір ұшы жер бетіне шығатын жер асты жұмыстарын атқаруға қажет күрделі қазба. Атқаратын қызметтеріне қарай бас және көмекші оқпандар (желодетіс, түсіргі-шығарғы, қосалқы, толтырма мен бекітпелер түсіретін оқпандар) болып бөлінеді. Бір шахта алабында ең кемі 2, әйтпесе 5-6 оқпан өтеді. Соның бірі - бас оқпан. Бас оқпан арқылы қазылған кен, не көмір және тау жыныстары көтеріледі (кеншілер түсіріліп шығарылады да мүмкін), материалдар, машина және басқа да кен жұмыстарына қажет құрал-жабдықтар түсіріледі; желдетісоқпандары арқылы шахтадан ластанған ауа шығарылып тұрады. Шахтаға таза ауа арнайы желдетіс оқпанымен де беріледі. Шахта оқпанының көлденең қимасы үлкен, тереңдігі 1000 м асып кетеді. Оқпан қимасы төрт бұрышты, сопақтау, көбіне, дөңгелек болып келеді. Ал, оның қызмет мерзімі шахтанікімен бірдей, сондықтан да ол металмен өріледі, көбіне темір бетонмен шегенделеді, мұндай жұмысты оқпанды жабдықтау дейді. Кейде шахта оқпанын көтергі жабдықтарына қарай клеттік, скиптік немесе скип-клетті деп атайды.
Шахта оқпанының көлбеу түрі де болады. Бірақ тік және көлбеу оқпандардың атқарар қызметі бірдей.
Шыңырау - көлденең қимасы онша үлкен емес, тереңдігі 50-90 м-ден аспайтын бір басы жер бетіне шығатын тік кен қазбасы. Шыңырау кен сілемін барлау үшін, не болмаса жерасты жұмыстарына қажет материалдар (тіреулік ағаштар, толтырма, т. б. ) түсіру және желдету мақсатында жүргізіледі. Оқпан сияқты емес, мұнда арнаулы көтергі қондырғы орнатылмайды, бірақ кеншілердің түсіп-шығуы үшін оның бір бөлігін басқыштар дайындап, оны шахтадан шығатын қосалқы жол іспетінде пайдаланады. Шыңырау да тік және көлбеу бағытымен қызмет атқарады.
Оқпақ (гезенк) - екі жұмыс деңгейжиектер арасын қосу үшін жүрілетін жер бетіне шықпайтын қазба. Оқпақ арқылы үстіңгі қабатта қазылған кен (көмір) төменгі қабатқа түсіріледі. Кейде мұны желдету мақсатына, адамдар жүріп тұруға, материалдарды түсіру (көтеру) үшін де пайдаланады. Мұндайда оқпақ арнаулы жабдықтармен жарақтандырылады да, жоғарғы жұмыс деңгей-жиегінен тау-кен массасы төмен түсірілсе, кері бағытта адамдар, түрлі материалдар мен қондырғылар көтеріледі. Сөйтіп, бұл жағдайда оқпақ тік тұйық оқпаннан онша айырмашылығы болмайды. Өйткені тұйық оқпан да көтергі қондырғылармен жабдықталады.
Тұйық оқпандардың қызметі шахта оқпанындағыдай, тек мұнұң бір басы жер бетіне шықпайтын қазба. Тұйық оқпан тік те, көлбеу де өтеді және ол оқпан іспеттес күрделі қазба қатарына жатады.
Өрлеме - жерасты кен жұмысында көптеп кездесетін, тік немесе көлбеу жүргізілген қазба. Бұл төменнен жоғары қарай өтеді де, бір немесе бірнеше қабатты қосып, желдетіс, қабаттан қабатқа кеншілердің жүріп тұру қатынас мақсатында және материалдар мен құрал-саймандарды түсіріп-көтеру, сондай-ақ қазылған кенді төмен түсіру үшін пайдаланылады. Өрлеме қазылған кенді төмен түсіру үшін пайдаланса оны кенқұдық дейді.
Жазық қазбаларға штольгя, квершлаг, қуақаз, қияқаз, т. б. жатады.
Жазық кен қазбалардың көлденең қималары тік төртбұрышты, трапеция, күмбезді, дөңгелек, доғалы болып кездеседі.
Штольня деп бір басы сыртқа шығатын жазық немесе сәл ғана еңкіш етіп жүргізілетін қазбаны айтады. Штольня күрделі кен қазбасына жатады. Бұл таулы аймақта жатқан кен сілемін ашуға, кен қазуды шахта оқпаны қызметін алмастырады. Тау бөктерінен, терең шатқалдан, терең жырадан түсіріледі. Атқаратын жұмысына қарай бұл да бас, көмекші және желдетіс штольнялар болып бөлінеді. Бұлардың түр-түріне сай атқаратын қызметі жоғарыда айтылған оқпандікімен ұқсас.
Квершлаг - штольня секілді жүргізілетін, жазық, не болмаса сәл еңкіш бірақ жер бетіне шықпайтын күрделі кен қазбасы. Квершлаг басын оқпаннан алып кенішке жеткенше, яғни оның созылымына бір қырын қия немесе көлденең бос тау жынысымен өтеді. Сөйтіп, квершлаг арқылы кен сілеміне сыртпен жалғастырар жол ашылады. Шахта өнім бере бастағанда бұл кенді тасымалдау және таза ауа беру үшін, кеншілердің қатынас жолы, электркабель, құбыр, т. б. жүргізу үшін қолданады. Мұны бас квершлаг дейді. Бас квершлаг бүтін қабат қоры түгесілгенше, тіпті шахта тоқтап, қоры өшкенше тасымалдық қызметін атқарады. Атқарар жұмыс түріне, пайдалану мақсатына қарай квершлаг тасымалық, қабаттық, панельдік, учаскелік болып түр-түрге бөлінеді.
Қуақаз (штрек) деп квершлаг тектес жер бетіне шықпайтын жазық қазбаны атайды. Қуақазбен қазылған кен квершлагке дейін тасылады, таза ауа беріліп, ластанған ауа шығарылады, кеншілер жүріп тұратын қатынас жолы. Атқаратын қызметіне және көлденең қима пішімі жөнінен қуақаз бен квершлагтарда айырма жоқ. Қуақаздың ерекшелігі - көлбеу, күрт құлайтын кен сілемінің созылымын қуалай өтілетіндігінде ғана, ал жазық, жайпақ кен сілемінде қуақаз кез келген бағытта ұңғылана береді. Егер қуақаз күрт құлай, көлбей жатқан кен сілемін қуалай өтсе, оны кеніштік, ал жанама жыныспен созылым бағытымен жүргізілсе - оны далалық, яғни бейкендік қуақаз деп атайды. Қуақаздар атқаратын қызметіне қарай тасымалық, желдетістік, қабаттық, қабатаралық, панельдік, ысырмалық болып бөлінеді.
Қияқаз (орт) - атқаратын қызметі тұрғысынан қуақазбен бірдей, тек кен сілемін қиып өтетін, сыртқа шықпайтын жазық қазба. Қияқаз кеннің екі жақ бетін қосады.
Көқлбеу қазбаларға көлбеу өтілетін шахта оқпаны, көлбеу өрлеме және өрлейқаз (бремсберг), еңкіш (уклон), пеш және басқа да енбе, жүрістік қазбалар жатады.
Өрлейқаз деп көмір тақтасымен жоғары бағытта өтіліп, қабатты ашатын, сыртқа шықпайтын қазбаны айтады. Кейін ол жоғары қабаттардан қазылған кендерді шахталық немесе қабаттық тасымал деңгейжиектеріне түсіру үшін пайдаланады. Сондықтан да өрлейқазға конвейер қондырғысы орнатылады, кейде кенбайлық болат арқанға байланған вагоншалармен скип арқылы да түсіріледі. Өрлейқазбен жоғары қабатқа құрал-жабдық, түрлі материалдар көтеріледі және таза желдетіс ауасы беріледі немесе ластанған ауа шығарылып тұрады.
Еңкіш - өрлейқаз сияқты шахтаның тасымалық деңгейжиегін төменгі қабаттарын ашып қосатын сыртқа шықпайтын көлбеу қазба. Ол алдымен төменгі көмір қабатын ашу үшін жүргізіледі. Еңкіш арқылы қазылған (көмір, кен) және басқа матриалдар төменгі қабаттардан жоғары көтеріледі. Бұған қойылған қондырғылардың өрлейқаздікінен айырмасы жоқ және еңкіш арқылы желдетіс ауалары жоғары қабаттан төменге жіберіледі. Еңкіш өрлейқаздай тек кен сілемімен (тақтамен) ғана емес, астыңғы бос тау жынысы арқылы да өтіледі.
Әдетте еңкіш пен өрлейқаздарға параллель тақта арқылы кеншілер жүріп-тұру үшін жүрістік жол қазбалары жүргізіледі.
Пеш - көмір тақталарында өрлеме бағытында өтіліп, жұмыс орнын желдету, кеншілердің жүріп-тұруы және жүк көтергі, түсіргі мақсатында пайдаланылады.
Кенүңгір - ұзындығынан ені ұзын, аумақты, түрлі машиналар мен түрлі қондырғыларды орнату мақсатымен өтілетін жерасты қазбалары. Кен қазу үдерісінде топталған кенжарларда кен өндіретін қазбаларды ды кенүңгір дейді.
Ұңғыма - жұмыр қуысты, ұзындығы 5 м-ден, ал диаметрі 75 мм-ден жоғары тау жынысы, кен сілемі арқылы бұрғылаумен өтілетін қазба түрі. Жерастында бұрғыланатын ұңғыма диаметрі 2 м-ге дейін жетеді. Кен қазу жұмысында ұңғыма сан түрлі мақсаттар үшін қолданылады. Негізінен кен ісінде ұңғыма кен жынысын аттырып ұсақтауға, су ағызуға, желдетуге, толтырма материалдар түсіруге, барлау, т. б. мақсаттар үшін бұрғыланады.
Жерасты жұмысында әр түрлі қазбалар түрінің жиынтығы кездесетін жерді оқпан албары (ОА) дейді. Бұған аударғыш, шанақ, электровоз депосы, сорғы (насос), қосалқы бекет және басқа да мақсат үшін пайдаланатын кенүңгірлер кіреді. Оқпан албары жоғарыдан түсірілетін түрлі жүкті қабылдап, оны жұмыс орындарына жіберіп, ал кенжарлардан келетін қазылған кен мен жыныстарды жер бетіне көтеріп тұратын жерасты стансасы іспеттес қазбалар жиынтығы, шахтаның жылдық қуатына қарай оқпан албарлары әр түрлі болып келеді.
Жерасты кен қазу технологиясы
Металдық кендердің жаралым ерекшелігі. Кен деп тек металды (түсті, сирек, қара, асыл металдар) кенбайлықтарын ғана емес, сондай-ақ апатит, қабаттас (слюда), графит, барит, күкірт, фосфорит, т. б. сияқты кенбайлықтарды да атай береді. Кен сілемдері құрылымы жағынан көмір тақтасындай тұрпатты болуы сирек кездеседі. Сондықтан да металды кені, оның құрамында кездесетін минералдық пайдалы бөліктер саны мен сапасына қарай бағаланады. Егер кен құрамында пайдалы бөлік жалқы болып кездессе, оны монометалды, бірнешеу болса полиметалды деп атайды.
Металдық (металдық) кенді ашу ерекшелігі. Металды кенді ашу көмір тақталары ашу үшін қолданылатын тәсілдердің айырмашылығымен жоғарыда таныстырдық. Ол кен сілемінің жаралымына қарай өзіндік ерекшелігімен дараланады. Себебі, бір шахта алабында кен сілемінің қуаты, жату бұрышы, пайдалы бөліктер шамасы, тіпті, созылым ұзындығының өзі әр тереңдікте өзгеріп отыруы жиі кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz