Темір жолдарды салу алдындағы ізденіс жұмыстары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Теміржол салудағы инженерлік-геодезиялық жұмыстар

Орындаған:ОПД (дот) - 11с/п

студенті:

Жұмабеков Е. Е.

Тексерген: аға оқытушы

Киздарбекова М. Ж.

Қарағанды 2019

Жоспар:

  1. Темір жолдарды салу алдындағы ізденіс жұмыстары
  2. Бұрылыс элементтері жəне қисығының бас нүктелерін қадалау
  3. Бұрылыс қисықтарын нақтылы қадалау жəне ауыспалы бұрылыс қисықтарын қадалау
  4. Бұрылыс қисықтары
  5. Тік жазықтықтағы қисықтарды қадалау
  6. Жер бетіне темір жолды төсеу қабаттарын қадалау
  1. Темір жолдарды салу алдындағы ізденіс жұмыстары.

Барлық инженерлік құрылымдар сияқты, темір жолдар бекі- тілген жоба негізінде салынады, ал осы жоба темір жол са- лынатын трасса бойымен жүргізілген тиянақты жүргізілген ізденіс жұмыстарының нəтижесімен құрастырылады. Ізденіс жұмыстарын екі түрге бөледі: экономикалық жəне техникалық .

Техникалық ізденіс жұмыстарының негізгі тапсырмалары болып саналатындар - жер бетінде жоба бойынша салынбақшы жолдың пландық жəне профильдік орналасуын нақтылы анық- тау. Сондықтан техникалық ізденіс кезінде трасса бойымен керекті топографиялық түсірістерді жасай отырып, инженерлік геологиялық жəне гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізіп, көпірлік, тоннельдік өту жолдарын тиянақты тексереді.

Бұл тексерулер жоба жасау кезінде трассаны өте тиімді, ыңғайлы жағдайда құруға мүмкіндік береді. Сонымен техникалық ізденіс жұмыстары топографиялық, геологиялық, гидрогеоло- гиялық, жол салу жəне басқа да осы жұмыспен тығыз қарым- қатынастағы жан-жақты, үрдісті істерден тұрады.

Жол трассасына қойылатын негізгі талап, берілген жыл- дамдықта іркілмей, қауіпсіз жылжу болып табылады.

Сондықтан темір жол салуда шекті жоғарғы еңкіштік (бас- қарушы) жəне шекті төмен бұрылу радиусы қалыптасқан (21-кесте) .

4. 1-кесте

I Жол категориялары

Бұрылыс радиусы кіші тұста еңкіштік шектік шаманы жеңіл- детеді, яғни азайтады. Темір жолдарда бұл еңкіштікті жеңілдету мыңдық есесі формуламен есептеледі

Δi = 700 . (128)

R

Мысалы, басқарушы еңкіштігі кезінде = 20‰, бұрылыстағы ең үлкен шектік еңкіштік R = 700 м, сонда

Δi =

- Δi = 20 -

700 = 19 ‰.

700

Станциялар, разъездер жəне үлкен жол парктері салынатын алаңдар қатаң ереже ретінде тегіс, жазық жерлерден таңдап алы- нады, тек қана қиын, мүмкіндігі шектеулі тұстарда ғана жоғарыда айтылған құрылымдарды салу үшін еңкіштігі 2, 5 ‰ аспайтын, бір жаққа бағытталған, бұрылу радиусы магистральды жолдар үшін 1000 метрден, ал жергілікті жолдарда 600 м кем емес алаңдар таңдап алынады.

Ізденіс кезінде атқарылатын жұмыстар . Ізденіс жұмыста- рын жүргізу кезінде екі негізгі тапсырмаларды орындауы керек:

  1. Жол бойын салу жəне пайдалану кездерінде ыңғайлы, соны- мен бірге оны салуда, пайдалануда ең аз шығын шығара отырып, тиімді трасса баламасын таңдау;
  2. Трассаның жəне жол бойында салынатын оның барлық құрылымдарының жобасын жасау үшін керекті топографты- геодезиялық, инженерлі-геологиялық, гидрогеологиялық жəне басқа да материалдарды, берілімдерді жинау.

Трассаның жобасын жасаудың сатыларына байланысты, ізденіс жұмыстары алдын ала жəне соңғы ізденіс жұмыстары бо- лып екіге бөлінеді.

Алдын ала ізденіс жұмыстары, камеральды жолмен, яғни қол- да бар топографиялық жəне геологиялық карта немесе пландар- ды, аэрофототүсіріс материалдарын жəне де осы маңда бұрын істелген ізденіс жұмыстарының нəтижелерін пайдаланып іске асады. Бұл ізденіс жұмыстарының негізінде, болашақ трассаның принцпальды бағыты жəне оның негізгі техникалық өлшемде- рі, сонымен трассаның таңдап алынған баламасы бойынша жуықталған жобалық шешімдері қабылданады.

Соңғы ізденіс жұмыстары - негізінен далалық ізденіс жұ- мыстары, мұнда атқарылатын істер негізінде бекітілген бағыт бойынша, үрдісті ізденіс партияларының ұжымдары жүргізеді. Ізденіс жұмыстарының бұл сатысында істелетін жұмыстар:

  1. жол бойындағы барлық жобаланбақшы құрылымдардың бір геодезиялық жүйе бекеттеріне байланыстырылған трассаның жер бетінде нақтылы, бекітілген орынын анықтау;
  2. керекті, нақтылы материалдар мен берілімдерді жинау: топографты-геодезиялық, инженерлі-геологиялық, гидрогеоло- гиялық жəне де басқа материалдар.

Дайындық ізденіс жұмыстары кезінде, алдын ала далалық жұмыстарға шықпас бұрын осы жұмыстарға керекті материалдар- ды тиянақты қарап шығады. Осы материалдар негізінде болашақ трассаның тəсімін бекеттік нүктелерінің орналасуын, тіке жүргізілетін трасса бағытын, геодезиялық қосындар негіздерінің орналасу жағдайларын жасайды; бұрылу тұстары төбелерінің ко- ординаталарын жер бетіне түсіру үшін аналитикалық есептейді. Тиянақты түрде барлық гидрометрлік, геодезиялық аспаптарды жəне жабдықтарды тексеріп, ретке келтіріп алады.

Далалық жұмыстар кезінде, трассаның жобасы жəне тия- нақты жер бетін шолу арқылы бұрылыстардағы бұрыш төбе- лерінің орналасуларын анықтайды жəне трасса бағытын сала- ды: трасса бағытын салу, жүрістің бұрыштарын, қабырғалар ұзындықтарын, ұзынбойлық жəне көлденең бекеттік нүктелерді қадалау, нивелирлеу, трассаны бекіту, сонымен бірге ірі масштаб- та жол қиылыстарын, өту жолдарын, түйісу маңдарын, күрделі бедерлі тұстарын жəне де басқа керекті құрылымдарды түсіру.

Тиянақты далалық жұмыстар негізінде трассаның жобасын жасайды, бұл жоба барлық құрылымдардардың жұмыс сызбала- ры, негіздемелері есептеулер, көлемдік жұмыс журналдары, келісу құжаттары, геодезиялық жəне де басқа берілімдері көрсетілген түсініктеме мəтінінен тұрады.

Трассаны бекіту . Құрылыс салу алдында тез жəне жеңіл та- уып алу үшін, трасса жер бетінде сенімді бекітілуі керек. Бекеттер жəне плюстік нүктелерді қазықшалармен айналасын жыра оты- рып, топырақпен үйіп бекітеді де, жанына қарауыл белгі қағады (қарауылда бекеттің реттік номері, кейбір берілімдері жазылады) . Бұрылыс бұрыштарының төбелері жəне қатар нүктелер, көлденең

ірі асулардың нүктелері қосымша ағаш немесе темірбетонды ба- ғаналармен бекітіледі, сонымен бірге оларды жергілікті заттармен байланысы көрсетілген сұлбасы жасалады.

Көпірлік өтулерді бір немесе екі ағаш бағаналармен ось бойы- мен əр жағада бекітеді. Ағаш бағаналардың ұшар басына көпір осін теодолитпен берілген бағытын көрсететін шеге қағып қояды. Бұрылу бұрыштарындағы ағаш бағаналарды ішкі жағына биссек- триса бағытымен бекітілген төбесінен 1 м жерге орнатады.

Белгілерге майлы бояумен реттік номерін, кейбір берілімдерін жазып қояды. Бұрыштық бағаналарға оның бұрыш төбесі жағына, ал қатар нүктелерге олардың бекеті аз жағына жазылады.

  1. Бұрылыс элементтері жəне қисығының бас нүктелерін қадалау.

Бұрылыс қисығын алдын ала қадалау, жер бетінде бұрылыстың бас нүктелері бекеттерін қадалаудан басталады (82-сурет) .

Егер шеңбердің центрі О нүктесін бұрылу ортасымен (ВУ)

жалғастырсақ, онда О нүктесінде тікбұрыштар пайда болады.

α сүйір бұрышты екі тең

2

ВУ нүктелерінен НК (қисық басы) жəне КК (қисық соңы) нүктелеріне дейінгі жанама кесінділері тангенс сызықтары (Т) деп аталады. Бұрылудың басы мен аяғына дейінгі бұрылыс шеңберінің доғасы бұрылу қисығы (К) деп аталады.

82-сурет . Бұрылыс қисығының негізгі элементтері

Екі тангенс (2Т) сызығының жəне (К) қисығының ұзын- дықтарының айырмасы жеткізіп өлшеу (Д) деп аталады. (ВУ) бұрышы төбесінен қисық ортасына дейінгі (СК) кесіндісін биссектриса (Б) деп атайды. Трассаның техникалық жоба- сы сатысындағы ізденіс жұмыстары кезінде (алдын ала ізденіс жүргізу) жер бетінде ВУ, НК, СК жəне КК нүктелерін бекітеді.

Мұнда бұрылыс қисығының негізгі элементтерін білу керек: тангенс, қисық ұзындығы, жеткізіп өлшеу жəне биссектриса ша- малары. 82-суреттен бұрылу қисығының элементтері бұрылу бұрышы, α жəне R бұрылу радиусының функциялары болып

есептеледі. Расында Т = R tg α . (4. 1-суретті қара) .

2

10 доға ұзындығы 2 πR , ал К қисық ұзындығы α0 -пен алғанда

360○

К = 2πR

α

360○

немесе К = πR

α

180○

. (129)

К қисық ұзындығын радиан (ρ) арқылы табуға болады

К = πR α '', (130)

ρ ''

мұндағы α - ортаңғы бұрыш;

p - секундпен берілген радиан (2060265) .

Жеткізіп өлшеу шамасы Д = 2Т - К.

Биссектриса шамасын тікбұрыштың гипотезасымен бұрылу радиусы-ның R айырмасы ретінде табуға болады, яғни

R ⎛⎜ 1 ⎞⎟

α

Б = α R = R α −1⎟

немесе Б = R ⎜sec 2 −1⎟

(131)

cos

2

⎜ cos ⎟ ⎝ ⎠

⎝ 2 ⎠

3 Бұрылыс қисықтарын нақтылы қадалау жəне ауыспалы бұрылыс қисықтарын қадалау

Трассаның түзу тұстарының бұрылма қиылысқан тұстарынан көлік өткен (жылжымалы құрама көліктер) кезде центрден тепкіш күш пайда боладыда, рельсті вагон сыртқа қарай итереді, бұл күш

жоғары жылдамдықта өте қауіпті. Сыртқа тебу күшін əлсірету үшін бұрылмалы қисықтың басында радиус R шамасы шексіз шамадан қисық радиусына дейін кішірейтіледі жəне соңында R шамасынан шексіз шамасына дейін үлкейтіледі. Осы жылжы- малы құрамның бұрылма қисықтарынан өтетін тұстарды ауыс- палы бұрылыс қисығы деп атайды. Темір жолдардың бұрылыс тұстарында оның жоғары жағына екі күш əсер етеді: жылжыма- лы құрамның салмағы жəне центрден тепкіш күш. Осы күштер- дің тең əсер ету күші темір жол жазықтығына перпендикуляр бағытталғаны маңызды болады. Осы мақсатпен темір жолдың сыртқы рельсі ішкі рельске қарағанда жоғары (h) болатындай етіп салады. Ауыспалы бұрылыс қисығы жоғарыда айтылғандай са- лынса, көлік бұрылыстың басында жəне соңында іркілмей өтеді.

Ауыспалы бұрылыс қисықтары ретінде кейінгі кезде көбірек радиондальды спиральды қолданады. Оның теңдеуі

ρ = C

L

, (132)

мұндағы ρ - қисықтың осы нүктесіндегі бұрылу радиусы; L - осы нүктеге дейінгі ауыспалы қисықтың ұзындығы;

С - тұрақты сан (қисық параметрі) .

Осы теңдеуден ауыспалы қисықтың кез келген нүктесінің тік бұрышты координаталары (х, у) жəне оларды жер бетіне қадалау формулалары алынады

xn = Kn -

K 5

40 C 2

; yn

K 3

= n , (133)

6 C

мұндағы, Kn - НПК-ден (ауыспалы қисықтың басынан) n -ге дейінгі ұзындық.

Осы формула арқылы ауыспалы бұрылысты қадалаудың кес- тесі құрасытырылған. Кестемен жұмыс істеу, сол кестеде көрсе- тілген.

Ауыспалы қисықтың ұзындығы мына формула арқылы анық- талады:

L = C . (134)

R

83-сурет . Ауыспалы қисықтың орналасу тəсімі

Магистральді темір жол үшін С шамасын 45 000-нан 150 000 дейін поездің жылдамдығына байланысты қабылданады. Төменгі сатыдағы жылдамдығы төмен, қосалқы жолдар үшін, С шамасы 45 000-тан төмен алынады.

Сыртқы рельстің ішкі рельстен жоғары орналасуы

h = 12. 5 12, 5

υ 2 , (135)

R

мұндағы, υ - трассаның осы тұсындағы жылдамдығы. Рельстің жоғарылатуы біртіндеп іске асады, ал оның шамасы 0, 001 аспауы керек. Қазіргі кезде рельсті жоғарылатудың шектік шамасы 120 мм тең.

Ауыспалы бұрылыстың басталуы мен аяқталуларын салыс- тырып қарағанда симметриялы орналасқан, оның ұзындығының

жартысы

L бұрылыстың түзу тұстарының үстінде, ал екінші

2

жартысы бұрылыс қисығының үстінде, яғни орталық ψ бұры- шына дəл келіп жатады (83-сурет) .

Ауыспалы бұрылыстың бекеттік нүктелері келесі ретпен

анықталады: НПК

бекеті = НК- L бекетіне; НПК бекеті = КК - L ;

1 2 2 2

КПК1 бекеті = НПК1+ L ; КПК2 бекеті = НПК2 + L .

Екі ауыспалы бұрылысты салу кезінде, олардың ұзындығы L шамасына қысқарады. Ал қалған бөлігі қисықтың ортасына қа- рай Z шамасына ауысқан, орталық Ө = β - 2φ бұрышына сəйкес келеді. Яғни, қисық радиусы R= Z.

Ауыспалы бұрылыстың бас нүктелерін қадалау үшін жоғарыда айтылған кестені пайдаланады. Бұл кестеде ауыспалы бұрылыстың С параметрінің əр элементінің мəні берілген.

Бұрылыстың бас нүктелерін қадалап, бекіткеннен кейін, ауыс- палы қисықты содан кейін барып бұрылыс қисығын нақтылы қадалайды. Бұрылыстың нүктелерін əр 10, 20 м сайын бекітеді.

4 Бұрылыс қисықтары.

Бұрылыс қисықтарын қадалау үшін əртүрлі əдістерді қол- данады. Солардың бірі тік бұрышты координаталар əдісін қарастырамыз.

Тік бұрышты координаталар əдісі . Бұл əдісте қисық үстіндегі

нүктелердің орналасу жағдайлары К тең доғалары арқылы х1, у1, ; х2, у2, ; х3, у3, ; . . . хn, уn, ; координаталарымен анықталады, мұнда аб- сцисс осі ретінде тангенс сызығын алады, координаталар басы бо- лып қисықтың басы немесе соңы қабылданады.

Бұрылыс қисығы нүктелерінің координаталарын формуламен есептейді:

х1 = R sinφ; y1

= 2R sin2 ϕ ;

2 ⎪

x2 = R sin2φ; y2

= 2R sin2 2 ϕ

2

(136)

x3 = R sin 3φ; y3

= 2R sin2 3 ϕ .

2 ⎭

Формуламен есептеудің орнына жоғарыда айтылған бұрылу қисығын қадалау кестесін пайдалану қолайлы. Кестеде ауысу нүктелерін қадалау бітіп, бұрылу қисығы басталатын тұстары жуан шрифтпен көрсетілген.

Бұрылуды нақтылы қадалау, қисықтың екі жағынан ортасына қарай (СК) тангенс сызығы бойымен іске асады. Əр кесіндінің соңынан кері қарай К - х шамасын жəне осы нүктеден нормаль

84-сурет . Бұрылу қисығын тік бұрышты координаталар əдісімен қадалау

түсіреді де, соның бойымен у шамасын салады. Осы амалдан пайда болған нүктені қазықшамен бекітеді де, оған нүктенің реттік санын (бекеттік атын) жазады.

Нүктенің бекеттік орнын, осы НК бекетке ретімен К шамасын қоса отырып есептейді. Тексеру үшін, қазықшалардың арасын өлшеп, олардың 10 метрге тең екеніне көз жеткізеді. Жұмыстың дəлдігін арттыру үшін қазықшалардың ұшар басына шеге қағады. Бұл əдістің жетістігі - бұрылу қисығының үстіндегі əр нүкте бір-біріне байланыссыз табылады, сондықтан келесі нүктелер- де қателіктер шамасы артпайды. Бұл əдіс ашық, жазық жерлерде қолданылады. Орманды жерлерде жəне темір жолды үйменің

үстіне немесе қазба ішіне орналасу да ұсынылмайды.

85-сурет . Созылған хорда əдісімен бұрылыс қисығын қадалау

Созылған хорда əдісі . Бұл əдіс кезінде бұрылмалы нүктелер- ді қадалау таспа жəне өлшегіш жабдықтарымен атқарылады (85-сурет) . Бірінші қисық үстіндегі В нүктесін, оның х, у координаталары табады, ал С жəне басқа нүктелерін сызықтық қиылыстыруды a жəне b радиустарымен табады.

a хордасының ұзындығын көбінесе 5, 10 немесе 20 метр деп

алады. Тік бұрышты координаталары х, у арқылы В нүктесін құрып алып, АВ=а хордасын ВМ=а кесіндісімен жалғастырады, əрі қарай сызықтық қиылыстыру радиусымен b = 2у жəне а ( М жəне В нүктелерінен) сала отырып, қисық үстінде С нүктесін табады. Тура осылай, бұрылыс қисығының үстіндегі қалған нүктелерінің орнын тауып, белгілеп, қазықшалармен бекітеді. Созылған хорда əдісімен қадалауда барлық өлшеулер сол қисықтың өзінің тұсында өтеді, сондықтан бұл əдіс жұмыс істеуге тар жерлерде (үйме, қазба, тоннельдер ішінде) пайдаланылады. Бұл əдісті радиусы 200 м дейінгі бұрылыстарда қолдану тиімді.

Созылған хорда əдісінің негізгі кемшілігі нүктелер тізбегінде қателер шамасы арта беретіндігінде.

Бұрыш əдісі . Бұл əдісте берілген хорда шамасы (көбінесе бұл шама 20 метр деп алынады) ортаңғы β бұрышын анықтайды (86-сурет) .

НК нүктесінде теодолит орнатып, тангенс сызығынан

ϕ = β , 2 ϕ , 3 ϕ , … жəне қатар бағытымен АВ = а кесіндісін салады,

2

əрі қарай сызықтық-бұрыштық қиылыстыру əдісімен С, D жəне де келесі нүктелерді табады.

86-сурет. Хорда (бұрыш) əдісімен бұрылыс қисығын қадалау

Бұрылыс қисықтарын қадалау кестесінен φ бұрыштарының а

= 20 м хорда жəне əртүрлі шамадағы R радиусы үшін шамаларын алады, кестемен жұмыс істеу реті оның мəтінінде айтылған.

Хорда (бұрыш) əдісімен бұрылыс қисығын қадалауда өлшеу кезіндегі қателері бірте-бірте артып отыратынын еске сақтау керек.

5 Тік жазықтықтағы қисықтарды қадалау

Дөңнің екі жағындағы іргелес ұзынабойлық профильдік еңкіштік, тік шеңбердің доғасы арқылы жалғасқан еңкіштіктің алгебралық айырмашылығы ретінде атқарылады

= 0. 002 жəне одан да артық.

Тік қисықтың радиусы, ереже ретінде қабылданғандай 5000 м тең болуы керек.

Жағдай болмаған қиын жағдайда бас темір жолдарыын ради- усы 4000 жəне 3000 м, ал өте қиын жағдайда 2500 жəне 2000 м жобалауға рұқсат беріледі. Парк ішіндегі жəне қызмет жолдарын- да тік қисықтың радиусы 1500 м дейін жетуі мүмкін. 87-суретте еңкіштіктердің жалғасу тəсімі берілген.

Еңкіштіктердің тік жалғасу

тангенсі ОТ1=ОТ2=Т формуламен анықталады

Т =R i , (137)

2

мұндағы, R - тік шеңбердің ради-

87-сурет . Еңкіштіктердің жалғасу тəсімі

усы;

- жалғасқан еңкіш-

тіктің алгебралық айырмашы- лығының абсолюттік шамасы.

Бұл шаманы есептегенде жоғары көтерілу мəндері «плюс», төмен түсуі «минус» деп қабылданады.

Биссектериса ОК = Б шамасы жоғары дəрежелі дəлдікпен формула арқылы анықталады

Б = T 2 . (138)

2 R

Қисық ұзындығы мен тангенс сызығықтарының қосындысы іс жүзінде өте аз, сондықтан оларды тең деп алады

К = 2Т. (139)

Тік қисықтың үстінде орналасқан кез келген нүктенің орнала- су жағдайлары тікбұрышты х, у координаталармен анықталады.

Абсцисса осі х қисықтың басынан бекеттер үстімен өтеді де, у

ординаты формуламен анықталады (88-сурет)

у = x 2 .

2 R

(140)

88-сурет . Тік қисықтың тəсімі

Тік қисық үстінде орналасқан нүктелердің биіктік шамалары формуламен анықталады

Hk = HT

+ H; H =

x 2 , (141)

2 R

Hk - қисық үстіндегі нүктенің биіктік шамасы;

HT - тангенс сызығының үстінде жатқан нүктенің абсолюттік биіктік шамасы;

∆H - тангенс сызығынан нүктенің алшақтауы;

х1, х2, х3 - тік қисықтың басынан (соңынан) орны анықтал- мақшы нүктеге дейінгі арақашықтық.

Тік қисықтың элементтері Т жəне Б , сонымен біргет х коор- динаталарын жəне у ( ∆H ) анықтау үшін арнаулы кесте құ- растырылған. Төменде қисық үстінде орналасқан нүктелердің биіктік шамаларын анықтау үшін арнайы формуляр берілген (4. 2-кесте) .

Қисықтың Т жəне Б элементтерін есептеу үшін, ∆і ша- масы анықталған. Берілген мысалда ∆i=i2i1=+17-(+27) =-10,

сонда Т = R i = 5000 × 0, 010 = 25, 000

2 2

м жəне

T 2

= 2 R


= 625 = 0, 063 м.

1

Қисықтың бас элементтерін есептеп болған соң, қисықтың басынан ортасына дейінгі нүктелердің биіктік шамаларын нақ- тылы есептеуге кіріседі. Ведомостің бірінші колонкасына əр нүктенің бекеттік мəнін 5 м сайын жазады. Екіншісіне нүкте- лердің i1 жобалық еңкіштікті тангенс сызығында есептелінген биіктік шамаларын жазады (мысалда, i1=0, 027) .

4. 2-кесте.

Қисық үстінде орналасқан нүктелердің биіктік шамаларын

анықтау кестесі

Бекеттер

НТ бастапқы

∆H

НК біткен

Еңкіштік

Бекеттер:

1

НТбастапқы:

2

∆H:

3

НКбіткен:

4

Еңкіштік:

5

Бекеттер: 155+65, 796
НТбастапқы:

182, 049

∆H:

0

НКбіткен:

182, 049

Еңкіштік:

+26, 4

+25, 6

+24, 4

+23, 6

+22, 4

+21, 6

+20, 4

+19, 6

+18, 4

+17, 6

Бекеттер: 70, 796
НТбастапқы:

184

∆H:

-3

НКбіткен:

181

Бекеттер: 75, 796
НТбастапқы:

319

∆H:

-10

НКбіткен:

309

Бекеттер: 80, 796
НТбастапқы:

454

∆H:

-23

НКбіткен:

431

Бекеттер: 85, 796
НТбастапқы:

589

∆H:

-40

НКбіткен:

549

Бекеттер: 155+90, 796
НТбастапқы:

182, 724

∆H:

-63

НКбіткен:

182, 661

Бекеттер: 155+90, 796
НТбастапқы:

182, 724

∆H:

-63

НКбіткен:

182, 661

Бекеттер: 95, 796
НТбастапқы:

809

∆H:

-40

НКбіткен:

769

Бекеттер: 156+0, 796
НТбастапқы:

894

∆H:

-23

НКбіткен:

871

Бекеттер: 5, 796
НТбастапқы:

182, 979

∆H:

-10

НКбіткен:

182, 969

Бекеттер: 10, 796
НТбастапқы:

183, 064

∆H:

-3

НКбіткен:

183, 061

Бекеттер: 156+15, 796
НТбастапқы:

183, 149

∆H:

0

НКбіткен:

183, 149

Кестеден немесе

x 2 формуласы арқылы H -ға түзетулерді

2 R T

есептеп, кестеге құяды. HT биіктік шамасына түзету қисық дөңес болса, «минус» мəнді, ал төмен иілген болса, «плюс» мəнде бо- лып енгізіледі. ∆H түзетулері ∆i түзетулеріне ұқсас (плюс жəне минус) мəнді болады.

6 Жер бетіне темір жолды төсеу қабаттарын қадалау

Темір жолдың негізгі жабу бөлігі (полотно) болып, оның үс- тіңгі жағына жатқызылатын рельс пен шпалдар есептеледі (89-сурет) .

Темір жол үймесін су шайып кетпес үшін, балласты қабат астындағы негізгі үймені ақпа призма тəрізді етіп жасайды. Жабу бөлігінің ені 5, 8 м бір жолды темір жолда ақпа призма қимасы-

89-сурет . Темір жол үймесінің құрамы

ның жоғарғы табаны 2, 30 м жəне биіктігі 0, 15 м трапеция пішін- ді болып келеді. Ені 10 м екі жолды темір жолда табаны жəне биіктігі 0, 20 м үшбұрышты ақпа призма салынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жайылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастырылуы
Темір жолдардарды салудағы ізденіс жұмыстары
Беғазы Дәндібай мәдениеті туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан өтетін Батыс Қытай-Батыс Еуропа трассасы
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру теориясы
Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыс жобасы
Аэрофотогеодезия
Геодезия, жер мәселелері (сұрақ пен жауап түрінде)
Алматы облысы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz