Құқық және құқықтық сана



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыста құқықтық сананың түсінігі, ерекшеліктері мен түрлері және заңгерлердің құқықтық санасының маңызы қарастырылады.
Жұмыстың өзектілігі. Құқықтық сана - қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдардың мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділсотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. Құқықтық сана екі құрылымға бөлінеді: құқықтық идеология және құқықтық психология.
Құқықтық идеология дегеніміз - мемлекеттік билік арқылы орнықтырылатын ғылыми негізделген құқыққа қатысты тұжырымдамалардың, теориялардың, идеялар мен көзқарастардың жиынтығы.
Құқықтық психология дегеніміз жеке адамның құқыққа, қалыптасқан құқықтық ахуалға қатысты сезімдернің, ойларының, эмоцияларының және көзқарастарының жиынтығы.
Құқықтық сана мынаны білдіреді:
oo құқықтың қажеттігін түсіну және сезіну;
oo құқықты бағалау;
oo заңнаманың дамыған жүйесін құру қажеттігін түсіну;
oo құқықты жүзеге асырудың нәтижелері мен процесін қабылдау.
Құқықтық сана келесідей негізгі функцияларды атқарады: 1) бағалау;
2) реттеу; 3) танымдық; 4) болжамдық. Бұл функциялардан құқықтық сананың қоғамдағы рөлі мен әлеуметтік мақсаты көрініс табады.
Құқықтық сананың түрлері: жалпыға ортақ, топтық, жеке, ғылыми, кәсіби.
Заңгер этикасы - әрбір азаматтың, әрбір заңгердің құқыққа деген көзқарасын, мінез құлқын қарастыратын ғылым. Этика негізінен заңгердің өздерінің қызметіне деген жауапкершілігін әділдік жолында барынша қызмет етуге дайындығын, ар-ожданын, мәдени дамуын қалыптастырады. Әрбір заңгер өз қызметіне байланысты қоғамдық жоғарғы құқықтық білім, мәдениет, құқықтық сана, адамгершілік сезім.
Әр заңгердің өз жұмысының мақсаты жөнінде өз көзқарасы бар. Бұл біреудің құқығын қорғау, әділеттікке қол жеткізу, істі жеңіп шығу, танымал болу сияқты мақсаттар. Оның қолданған және қабылдаған шешімдері заңды және әділетті болуы тиіс. Заңгер этикалық түсініктерді жақсы біліп және оларды тәжірибеде қолдана білуі керек, рақымдылық пен зұлымдық, қарыз, ар-ождан, ар-намыс.
Заңгерлердің кәсіби этикасы мораль мен құқықтық реттеулік мүмкіндіктерін біріктіру күшімен, оның жете өңделуі талап болып табылатын, 0қызметтерінің, тергеу, прокуратура, адвокатура, сот жұмысшыларының, еңбек түзеу мекемелерінің қызметкерлерінің ережеклерінде көрсетілетін жалпыморальдық маңызға ие. Көбіне заңгерлік этиканың жалпы принциптері
деп, заң мен оның қолданылуы тек аспаптық бағасын мойындауын айтуға бо -
лады.
Курстық жұмыстың мақсаты - құқықтық сананың түсінігі, құрылымы мен түрлерін жан-жақты қарастырып, заңгерлердің құқықтық санансының ерекшеліктерін айқындап, көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
oo құқықтық сана түсінігіне, құрылымына, ерекшеліктері мен түрлеріне
сипаттама беру;
oo заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшеліктері;
oo заңгердің құқықтық санасының әлеуметтік функциясының рөліне тоқ -
талу;
oo құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің
категорияларына шолу жасау болып табылады;
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыстың көлемі кіріспеден,
екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ҰҒЫМЫ

0.1 Құқықтық сана түсінігі, құрылымы, ерекшеліктері

Адам бойында ол өмір сүрген уақыт аралығында өзін қоршаған ортаға байланысты оның қатынасын білдіретін психологиялық деңгей қалыптасады, ол адамның қандай да болмасын жағдайға қатысты өз қатынасын білдіруіне жағдай тудырады. Осыған орай адамдарда мәдени, моральдық, философиялық, саяси, діни, құқықтық сана қалыптасады. Осы аталғандардың арасында ең маңыздыларының бірі құқықтық сана болып табылады. Себебі, адам өмірін мемлекет пен құқық арқылы реттеп, құқықтың орындалуын қадағалап отыратындықтан, адам қандай жағдайда болмасын, өз іс-әрекетін құқыққы бейімдеуге мәжбүр болады. Жалпылама алғанда құқықтық сана адамның өзі өмір сүретін мемлекеттегі қолданыстағы құқыққа қатысты, құқықтың жүзеге асырылуы мен заңдардың сапасына байланысты ойлардың, сезімдердің, ұстанымдары мен көзқарастарының жиынтығы. [1, 130 б.]
Философияда қоғамдық -- сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеялар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі -- азаттық, тектік, бостандық (Мысалы, б.ғ.дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ.дейінгі I-II ғасырлардағы Қытайдағы Сары тартқандар және Қызыл қастар көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер). Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық кұқықтық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына халық жауы ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай
сана қалыптасты.
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлері мен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы непрогрессивтік, нерегрессивтік, неконформистік, нениглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдардың мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы.
Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар:
1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.
2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады.
3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады.
4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі. [2, 142-144 бб.]
Құқық және құқықтық сана. Құқықтық сана терминнің өзі екі сөзден құралған - құқық және сана. Бұл сөздің өзінен құқық пен құқықтық сананың қандай тығыз байланыста екенін байқауға болады. Құқықтық сана ұғымы субъект құқықты қалай қабылдайды, ұғынады, бағалайды және түсінеді? Оның құқыққа деген қатынасы қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Әрине, бұл сұрақтың ұжымдық субъектілерге де, жалпы қоғамға да қатысы бар. Құқық болмаса, құқықтық сана да болмас еді. Және, керісінше, құқықтық сана болса, оның көрініс табу объектісі - құқық та болады.
Онтологиялық тұрғыдан олар тығыз байланысты.
Тәжірибеде құқық пен құқықтық сананың біріне-бірі ықпалы өте зор. Бір жағынан, құқық құқықтық сананың қалыптасуының негізі, қайнар көзі болып табылады, оны тұрақты түрде демеп отырады; екінші жағынан - құқықтық сана құқыққа, оның дамуына, жетілдірілуіне және тиімділігін арттыруға елеулі түрде ықпал етіп отырады. Бұл санаттар өзаара тәуелді сипатқа ие.
Құқықтық сана заң шығару, құқықты жүзеге асыру процестеріне, құқықтық тәжірибеге, құқықтық мекемелердің, мемлкеттік аппараттың және оның лауазымды тұлғаларының қызметіне, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға белсенді түрде әсер етеді. Ғылыми әдебиетте кеңінен таралған формулаға сәйкес: құқықтық сана құқыққа дейін, құқықпен бірге және құқықтан кейін де өмір сүреді. Жалпы алғанда, бұл анықтама дұрыс, дегенмен ол бірқатар ескертулерді қажет етеді, себебі, құқықтық сананы құқықтан ажыратып, жеке қарастыруға болмайды, құқық пен құқықтық сана тығыз үйлесімділікте болады және бірін-бірі қолдап, толықтырып отырады.
Қорытындылай келе, қазіргі заманғы қоғамдағы құқықтық сананың біркелкі емес, қарама-қайшы, көп жағдайда бұрмаланған екенін айтып өтуге болады. [3, 264-265 бб.]
Әрбір адамға өзіндік бір құқықтық сана тән болады. Оның қандай екендігі маңызды емес - жоғары немесе төмен, дамыған немесе жетілмеген, дұрыс немесе бұрмаланған. Ең бастысы, адамның құқық туралы қате бола да, өзі пікірі болады. Әрбір тұлға құқықты өз түсінігі бойынша бағалайды. Бұл ретте мемлекет пен қоғамның басты міндеті - барлық адамдарда қажетті, тиісті және қалаулы құқықтық сананы қалыптастыру.
И.А. Ильин өзінің Құқықтық сананың мәні атты әйгілі жұмысында былай деп жазып кеткен: Құқықтық санасы жоқ адам болмайды, бірақ немқұрайлы, ауытқыған, бұрмаланған, тіпті жабайы құқықтық санаға ие адамдар көп. Алайда, тіпті әлсіз, сатқындық, құлдық, қылмыстық сипатқа ие құқықтық сананың ішкі рухани құрылымы қате, мазмұны мен себептері жалған және жаман болғанымен, олар құқықтық сана болып қала береді.
Құқықты дұрыс ұғыну жеке тұлғаның өмір сүруі, оның жүріс-тұрысы, құқықтық дүниетанымы, мәдениеті, азаматтық ұстанымдары үшін маңызды мәнге ие. Әдетте құқықтық тұрғыдан дайындығы жоқ адам әлеуметтік салада бәсең болып, өз мүдделерінің шегінен шыға алмайды. Дамымаған немесе бұрмаланған құқықтық сана көптеген құқықбұзушылықтарға, басқа да қоғамға қарсы жағымсыз құбылыстарға негіз болады.
Құқықтық сана құқықты әділдік немесе әділетсіздік, жұмсақтық немесе қатаңдық, жетілгендік немесе жетілмегендік, артықшылықтары немесе кемшіліктер тұрғысынан бағалауды білдіреді. Бұлар - құқық туралы түрлі, тіпті, біріне-бірі қарама-қайшы пікірлер, оның әрекет етуін қолдау немесе жоққа шығару.
Бұл ретте тек құқық, заңдар ғана емес, соған қоса басқа да құқықтық феномендер - заңдылық, құқықтық тәртіп, құқық шығармашылық, сот әділдігі, сот актілері, құқықтық реформаның бағыты, яғни құқықтық салада орын алып жатқан құбылыстардың барлығы бағаланады. Құқықтық сананың ауқымы өте кең, ол қоғамның құқықтық өмірінің барлық жақтары мен аспектірлерін қамтиды.
Құқықтық сана сот, прокуратура және тергеу тәжірибесінде ерекше рөлге
ие. Еліміздің тарихына көз жүгіртетін болсақ, революциялық құқықтық сананың қалай және қандай мақсаттарда пайдаланылғанын байқауға болады. Бұл тұрғыда В.И. Лениннің 1919 жылы РКП (б) бағдарламасының жобасына қатысты ескертуін атап өткен жөн: Пролетариаттың диктатурасы арқылы коммунизмге бет алу жолында коммунистер партиясы демократиялық ұрандардан бас тартып, буржуазиялық үстемдік органдары болып табылатын бұрынғы сот жүйесін жойып, олардың орнына таптық жұмысшылар-шаруашылар соттарын енгізді... Құлаған үкімет заңдарын жоя отырып, партия кеңестік сайлаушылар сайлаған судьяларға келесідей тапсырма бұрынғы береді - пролетариаттың декреттерін қолдана отырып, оны еркін жүзеге асыру, ал тиісті декрет болмаған жағдайда социалистік құқықтық сананы басшылыққа алуы тиіс.
Ол заманда жаңа декреттер аз болғандықтан, судьялар сот төрелігін өздерінің құқықтық санасы мен ішкі сеніміне сүйене отырып, жүзеге асырған. 1917 жылы 22 қарашадағы Сот туралы декрет соттарға өздерінің революциялық құқықтық санасы мен әділдікті революциялық тұрғыдан түсінуге негізделе отырып шешім қабылдауға өкілеттік берген. Қарастырылып отырған кезеңде судьялардың заң білімі түгіл мүлдем білімі болмаған, ал кейбіреулерінің сауаты төмен болған.
Осы себепті қоғамда заңдылық қағидасы жаппай бұзылып, қайғылы салдар туғызып жататын, волюнтаризм, субъективизм, түрлі жазалаулар кеңінен таралған болатын. Кейіннен И.В. Сталин қоғамдағы бұл құбылыстарды қуғын-сүргіндерге ұластырып, социализмді құру барысында таптық күрес өрши түседі және халық жауларын тиісінше жазалау қажет ұрандарын басшылыққа алды. Және соттар мұндай қуғын-сүргін шарасына септігін тигізді.
Осылайша құқық тоталитарлық режимге қызмет етті.
Қазрігі заманғы сот тәжірибесінде құқықтық сана маңызды рөл атқарады, ол конституциялық және қолданыстығы заңнамаға, соттардың жоғары кәсіби біліктілігіне, олардың адамгершілік-гуманистік және демократиялық көзқарастарына, адамдардың табиғи құқықтарын тануға негізделеді. Соттардың құқық ұқсастығы институтын қолдануы барысында құқықтық сана ерекше мәнге ие болады.
Құқықтық сана соттардың нақты бір істер бойынша құқық аналогиясы институтын пайдаланған жағдайда ерекше мәнге ие болады. Құқық аналогиясы бойынша сот шешімі заңға (құқықтық нормаға) емес, судьяның істі қарауда құқықтың жалпы бастамаларын, қағидаларын, мәнін, табиғатын түсінуіне, өзіндік тәжірибесіне әділдік туралы жеке көзқарастарына негізделеді.
Құқықтық сана саяси және адамгершілік санамен тығыз байланысты. Себебі, құқықтық санамен бағаланатын көптеген құқықтық актілер, заңдар саяси және адамгершілік мазмұнға да ие (мысалы Конституция). Жалпы алғанда құқықтың негізінде мораль жататыны белгілі. Орыстың революцияға дейінгі заңгерлері (И.А. Ильин, В.С. Соловьев) құқықты заңды тұрғыда бекітілген мораль деп анықтаған. Сондықтан құқықтық санада құқықтық, этикалық және сананың барлық нысандары бірімен-бірі тығыз байланыста болады.
Құқықтық сана келесідей негізгі функцияларды атқарады: 1) бағалау;
2) реттеу; 3) танымдық; 4) болжамдық. Бұл функциялардан құқықтық сананың қоғамдағы рөлі мен әлеуметтік мақсаты көрініс табады.
Бағалау функциясы құқықтық сананың көмегімен құқықтық жүйедегі барлық элменттердің, қоғамның бүкіл құқықтық өмірінің белгілі бір өлшемдерге жауап беру немесе жауап бермеу тұрғысынан талдануынан және бағалануынан көрініс табады. Мұндай бағалау позитивті немесе негативті, яғни, сыни сипатты иеленуі мүмкін. Бірде-бір құқықтық құбылыс, білім, бірде-бір құқықтық институт құқықтық санамен талданудан тыс қалмайды. Мемлекеттің құқықтық саясаты, оның органдарының, биліктік құрылымдарының, лауазымды тұлғалардың және заң шығарушылардың қызметі, азаматтардың құқыққа сәйкес және құқыққа қайшы әрекеттері, субъектінің жүріс-тұрысы (өзін-өзі бағалауы) құқықтық санамен бағаланады. Осылайша, құқықтық санамен бағаланбайтын құбылыс болмайды.
Құқықтық сана құқықтық саладағы ненің жақсы және ненің жаман екенін анықтайды. Мысалы, белсенді, құқыққа сәйкес жүріс-тұрыс жақсы да,
құқыққа қайшы, қылмыстық жүріс-тұрыс жаман. Құқықтық сана қандай да бір құқықтық құбылыстар, ұғымдар, санаттар, қатынастардың құндылығын, олардың қоғам өміріндегі рөлі мен мәнін, адам үшін пайдасын немесе зиянын бағалайды.
Реттеу функциясы құқықтық сананың құқықпен салыстырғанда қоғамдық қатынастарды тікелей құқықтық реттемегенімен (қандай да бір тыйымдарды, рұқсаттарды бекіту, субъектілердің заңды құқықтары мен міндеттерін, құқық бұзушылықтар үшін санкцияларды анықтау және т.б.), оның адамдардың жүріс-тұрысына жалпы нормативтік ықпал жасайтынынан, олардың бағдарлары, мақсаттары мен ұстанымдарын анықтайтынынан көрініс табады. Құқықтық сананың реттеу рөлі салыстырмалы сипатқа ие, ол тұлғаға рухани, моральдық және мәдени тұрғыдан ықпал етуде аса пайдалы.
Құқықтық сана құқыққа тән нормативтік дәрежесіне ие емес, алайда ол, біріншіден, құқықтық әрекет етуінің бүкіл процесімен қатар жүреді, онымен байланысты болады; екіншіден, тұрмыстық, тәжірибелік деңгейде субъектілер жүріс-тұрысының үлгілерін қалыптастырады. Құқықтық сана - тұлға қызметінің ішкі реттеу құралы. Тек жекелеген жағдайларда құқықтық сана нақты істерді шешіге тікелей қатысты болады (құқық аналогиясы).
Танымдық функия құқықтық сананың құқықтық ақиқатты меңгеру нысаны ретінде өз бойында ақиқат, құқық пен оның әрекет етуі, басқа да құқықтық феномендер туралы білімдердің ауқымды кешенін жинақтауынан көрініс табады. Субъектінің құқықтық санасы жоғары болған сайын оның құқықтық хабардарлығының деңгейі де жоғары болады. Бұл ретте құқықтық сана арқылы жинақталатын білімдер тұрақты түрде тереңдей және кеңейе түседі, жеке және заңды тұлғалардың әлдеқайда кең қатарын қамтиды.
Бұлардың қатарына халыққа құқықтық білім беру, заң кадрларын дайындау,
құқықтық насихат, басылған еңбектер, бұқаралық ақпарат құралдары кіреді.
Болжамдық функция құқықтық құқықтық сананың құқықтың алдында жүру, болашаққа көз жүгірту, құқықтық дамуға болжау жасау, қандай да бір заңнамалық актілерді қабылдау салдарын болжау қабілетін ашады. Болжам жасау - қолданыстағы заңнаманың, сонымен қатар осы салада қолға алынатын шаралардың тиімділігінің аса маңызды шарты. Қандай да бір заңның әрекет етуі жағымсыз нәтижелерге әкеп соқса, бұл жағдай оның о бастан нашар жобаланып, негізделгенін білдіреді. Бұған мысал ретінде 1980 жж. ортасында (қайта құру қызған тұста) қабылданған алкогольге қарсы заңдарды атауға болады. Бұл заңдардың тек зиянды салдарға әкеп соққаны белгілі. Болжау елдің құқықтық дамуына, құқықтық реформаның барысына ықпал етуі мүмкін барлық объективтік және субъективтік факторларды ескеруден тұрады. Және бұл жерде құқықтық сана айрықша маңызды рөл атқарады. [3, 257-261 бб.]
Құқықтық сана мемлекет және құқық теориясының негізгі категориясы ретінде және күрделі, ең маңызды институты болғандықтан өзіне тән құрылымға ие. Заң әдебиетінде құқықтық сана дәстүрлі қағида бойынша екі құрылымға бөлінеді: құқықтық идеология және құқықтық психология.
Құқықтық идеология деп қоғамда жоғарғы деңгейде бейнеленген құқықтық көзқарастар, идеялар және теориялардың ғылыми негізде жүйеленген жиынтығы айтады. Құқықтық идеологияның өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық идеология негізінде мемлекеттің жүргізген саясатының негізінде мемлекеттің жүргізген саясатының негізінде қалыптасып билікке ие болған ұлттың, таптардың, топтардың мүдделеріне тікелей байланысты болып қалыптасады. Мысалы, Кеңес мемлекетінің жеке меншікті тәркілеу саясаты, бір ғана идеологияны қалыптастыру, коммунистік партияның диктатурасын орнату, еркін пікір, плюрализмге жол бермеу, жаппай репрессия қолдану сияқты саясаты қоғамдағы құқықтық идеологиядан да өзінің шешімін тапты. Соның нәтижесінде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары оның жүргізген саясатының әсерінен пролетарлық құқықтық сана құқықтық қайнар көзіне айналды.
2. Құқықтық идеология тікелей немесе жанама болса да қоғамдық және жеке адамның санасынан орын тебеді.
3. Құқықтық идеология мемлекетке жүргізілген саясатқа байланысты халықтың санасына гуманистік-демократиялық, реакциялық немесе діни ұстаным, бағыттарды міндеттеуі мүмкін. Сондықтан саяси процестер мен қақтығыс, шиеленістер әрқашан құқықтық идеологияға тікелей әсерін тигізіп отырады.
Құқықтық психология дегеніміз әлеуметтік топтардың, страттардың, жеке адамдардың құқық пен құқықтық құбылыстарға деген сезімдердің, хал-ахуалдарының, негізінде стихиялық түрде пайда болатын жиынтығы. Құқықтық психология мынандай сипаттармен ерекшеленеді:
1. Құқықтық психология жеке адамдардың, топтардың, страттардың күнделікті өмірлері мен қызметтерімен сырттан қабылдаған ақпарат негізінде қалыптасады және қоғамдағы өзгерістерге байланысты өздерінің пікірлерін мінез-құлық арқылы білдіріп отырады. Мысалы, нарықтық қатынастарда бағаның күрт өсуі құқықтық психологиядан лезде көрініс табады, наразылық білдіріледі. Немесе емтихан тапсырған студенттерден оқытушы пара алса, бұл
қылмыстық әрекет шәкірттердің құқықтық психологиясына кері әсерін тигізеді.
2. Құқықтық психология негізінде заңдылықтың даму қағидасы бойынша құқықтық идеологияға жанасу бағытын көздейді. Себебі құқықтық идеология кең, қоғамның барлық саласына әсер етеді.
3. Құқықтық психология әр адамның санасының ажырамас бөлігі, тыныс-тіршілігінің көрінісі болса, құқықтық идеологияны қоғам, жалпы мемлекет қабылдаған. [2, 144-145 бб.]

1.2. Құқықтық сананың түрлері

Құқықтық сана субъектілері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді:
1. Дербес құқықтық сана - жеке адамның ішкі сезімінен туындайтын құқыққа және оның қағидаларына деген көзқарастары мен қатынастары.
2. Топтық (корпоративтік) құқықтық сана - қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің қызметтері мен мүдделеріне байланысты қалыптасқан сана. Бұл сана негізінен адамдардың мамандықтарына байланысты қалыптасады. Мысалы, мұғалімдер, фермерлер, бір партияның мүшелері, қозғалыстар және т.б. ұжым біріктірген адамдардың топтары.
3. Қоғамдық құқықтық сана - белгілі бір мемлекет немесе жалпы қоғамда бастапқылық дәрежеде бүкіл социум мүшелері мойындаған сананың түрі: қоғамдық құқықтық сана өз дәрежесінде билікті тұрақтылықта қамтамасыз етуі мүмкін. Сонымен қатар адамдардың сана наразылығы бақылаудан шығып, қақтығыстар мен шиеленістерді қалыптастыруы әбден мүмкін. Қоғамдық құқықтық сананың тұрақтылықты болуы көп жағдайда мемлекеттегі материалдық жағдайларға тікелей байланысты.
4. Жасөспірімдердің құқықтық санасы - жас ерекшеліктеріне, кәмелетке толмағандығына байланысты, өзіндік ерекшеліктері туындайды. Құқықтық тәрбие барысында осы өлшемдер міндетті түрде ескеріледі.
5. Студенттердің құқықтық санасы - жоғары білім алу барысында қалыптасатын сана. Бұл сананың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
а) Болашақта құқықтық белсенділікті қалыптастырудың іргетасы қаланады, азаматтық ұстаным және патриотизм рухы қалыптасады.
ә) Саяси процестерге тартылып, сана болмысы шындалады. Бұл көрініс негізінде ірі қалаларда (Алматы, Астана) білім алу барысында іс жүзіне асырылады.
б) Құқықтық сана білім алу сапасының төмен деңгейіне, сауатсыздығына байланысты маргиналдық (шетте қалу) деңгейінде қалып қоюы мүмкін. Бұл сана формасын ұялаған субъектілер Американың социологі Р.Парлатовтың айтуынша мазасыз, агрессилші, өзін ғана құрметтеуші, сезімтал, жасқаншақ,
эгоцентристік қасиет мінездерімен сипатталады.
6. Отбасылық құқықтық сана - негізінде отбасы, ошақ қасында некелік
қатынастардан туындайтын және бір жанұяның дәстүрлік салт-санасымен қалыптасады. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің, Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер, Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі, Бала тәрбиесі бесіктен, Мейірімділікті анадан үйрен, әділдікті данадан үйрен және т.б.
7. Әйелдердің құқықтық санасы - әйел заты ағзаның биологиялық процестерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасатын сана нормасы. Оның өзіне тән ерекшелііктері бар, психологиялық әдебиеттерде көп жазылған.
Сонымен қатар құқықтық сана деңгейі (білімі) бойынша эмпирикалық (кәдімгі) кәсіби және доктриналдық (ғылыми) болып саналады.
Эмпирикалық сана адамға сырттан қабылдаған ақпарат негізінде қалыптасады, теориялық тексеріске шалдықпай бағалады. Сондықтан көп жағдайда бұл сана формасы дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді, дау-дамай, жанжал, қайшылықтар тудыруы әбден мүмкін. Мысалы, сот отырысының залында отырған адамдар судьяның шығарған үкіміне наразылықтарын білдіреді. Ал, шынына келгенде үкім әділетті және заңды. Юриспруденциядан мүлдем бейхабар адам теориялық білімсіздіктен, іспен таныс болмағандықтан қызуқандылық негізінде әділетсіз деп бағалады.
Кәсіби сана - арнайы білімі бар заңгерлердің немесе арнайы дайындық - тан өткен мамандардың кәсіби қызметтеріне байланысты құқыққа деген көзқарастары мен идеялары.
Кәсіби сана арнайы білім деңгейі арқылы қалыптасады.
Доктриналдық сана - юриспруденция саласында ғылыми жұмыстармен шұғылданып, заң ғылымында идея, тұжырымдама ұсынған құнды еңбектер жазған заңгерлердің санасы. Доктриналдық сана құқықтық сананың ең биік шыңы және қоғамның құқықтық ақиқатына баға беріп, болашақтағы құқықтық дамудың теориялық негізін қалыптастырады, тәжірибеден озық болады. Болжау, көргенділік таныту - доктриналдық сананың негізгі мақсаты. [2, 145-147 бб.]

2 ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ

2.1 Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі

Этика [грек. ethike - иман, дәстүр] - 1) моральдың пайда болуы және дамуы жөніндегі ғылым; 2) қоғамдық ортада немесе кәсіби топта белгіленген тәртіп нормалары мен принциптерінің жиынтығы.
Кәсіптік этика деп белгілі бір мамандықтың өкілдерінің қоғамға және бір-біріне деген ереже жүйелерін түсінеміз. [4, 6 б.]
Заңгердің кәсіптік этикасында әділеттілік бірінші орында тұрады, иманды және қызметтік парыз. Әділет деген түсініктің өзі латын тілінен алынған (justitia) әділет дегенді білдіреді. Заңгер - әділеттіліктің өкілі.
Әділеттіліктің құқықтық талаптары Адам құқығының жалпы Декларациясында қамтылған. Декларацияның 10 бабында: Әр адам қылмыстық айыптау кезінде өз құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін теңдік негізінде оныңң ісі ашық түрде әділеттілік талаптарын сақтай отырып қаралуын талап етуге құқығы бар. Азаматтық және саяси құқықтар жөнінде халықаралық пактінің 14 бабында, қылмыстық және азаматтық істерді жүргізу кезінде, әр айыпталушының процессуалдық кепілдіктерінің түрінде анықталады. [4, 24 б.]
Заңгер кәсіби этикасы сондықтан да, мораль мен құқықтың реттеулік мүмкіндіктерін біріктіру күшімен, оның жете өңделуі талап болып табылатын, құқықтық басқа-басқа түрлерінде, процессуалдық нормалардың, полиция қызметтерінің, тергеу, прокуратура, адвокатура, сот жұмысшыларының, еңбек түзеу мекемелерінің қызметкерлерінің ережелерінде көрсетілетін жалпыморальдық маңызға ие. Көбіне заңгерлік этиканың жалпы принциптері деп, заң мен оның қолданылуы тек аспаптық бағасын ұсынған кездегі адамның өзіндік бағасын мойындауын айтуға болады.
Олай болса, кәсіби этика - бұл өзара қарым-қатынастарды имандылық қамтамасыз ететін, кәсіби қызметпен түйіндесе немесе шарттас, сонымен қатар ғылым саласында мораль көрінісінің ерекшелігін қызметтердің әртүрінде зерттейтін, белгілі бір әлеуметтік топтың мінезқұлық ережелерінің жиынтығы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық сананың ұғымы
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы ақпарат
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір түрі
Халықтық құқықтық сана
Құқықтық сана түсінігі
Құқықтық сананың түсінігі
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы
Пәндер