Көңіл күй



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
3 лекция Тақырыбы: Эмоциялар және сезімдер
Дәрістің мақсаты: Психикалық күйлер туралы түсініктер беру,мсезімдер мен эмоциялардың адам өміріндегі маңызы туралы талдау, еріктік әрекеттер туралы түсініктер беру.
Негізгі ұғымдар: Фрустрация,мстресс,маффект, адамгершілік (моральдық), эстетикалық, интеллектуалдық сезімдер,меріктік әрекеттер.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін эмоция мен сезім деп атаймыз.
Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Мысалы: шаттану,мұң, үрей, қорқу, масаттану, өкіну, шошыну, іш пысу, зерігу, абыржу тағы басқалары.Мысалы: Шөлдегенде ішкен 1 стакан су рахат сезімін тудырады. Егер шөлдемеген адамға суды зорлап ішкізсеніз, онда наразылық сезімі тудыруы мүмкін.
Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады.
1) Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол көңіл-күй тұрақтылығы мен мінез-құлығымызға бағыт беріп отырыды. Эмоцияның реттегіштік механизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысалы: сағыныш, торығу, қайғы адамның жан күйзелетін, олар тек психологияның күйініш туғызып ғана қоймай, жүйке ауруына душар етуі мүмкін. Сол сияқты қатты қуану, шаттану, бұлшық ет қимылдары, күлкі саз арқылы сыртқа шығып босаңсымаса қауіпті болады.Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші көз жасы, бет, тыныс жолдары бұлшық еттің жиырылуы тәрізді залалсыз процестер арқылы әлсірейді
2) Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. Қорықпайтын адам - ақымақ деп Б. Момышұлы бекер айтпаған.
3) Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.
4) Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сөйлеуі, айқайлауы, түртуі, басын изеуі, көзін қысуы. Мимика және пантомимика, дене бұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар ол: Қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады. Мысалы: сүйсіну - сүйсінбеу, көңілдену-қожу, шаттық-уайым, осы сапалар екі полюске ажыраған, Біріне-бірі қарама-қарсы мағынада қолданылады.
Екінші ерекшелігі олар актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінеді.Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын көтерінкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық (қозуы күшті деген сөз), ал бұлардың баяу солғын түрлерін астеникалық деп айтты (қозуы әлсіз). Біріншісіне жауапкершілік, жолдастық, достық т.б. екіншісіне уайым, енжарлық, көнілсіздік т.б. сезімдер жатады.
Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі жігерлену және кернеуден босану немесе шешіну. Мысалы: студенттің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі, шешілу кезеңдері болып табылады. Мәреге тақағанда адам барлық күш жігерін жұмсайды. Осы кез өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешіну сезімі) дейді.
2. Сезімнің түрлері.
Сезімдер: адамгершілік (моральдық), эстетикалық, интеллектуалдық (танымдық) болып бөлінеді.
Адамгершілік сезімдерге: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершлік, ұят т.б. жатады. Ар намысты қорғау адамға аса жарасымды сипатталады. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдар байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның әр адам психологиясына әсер етіп, терең із қалдыратыны сонша кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетін қарай алмай, ұйқыдан, тамақтан қалатын болады. Абай ұяттың 2 түрі бар деді. 1) надандықтан туатын, ұғымына ұялмас нәрседен ұялу. Бұл надандық, ынжықтық,қайрат жігердің осалдығы, білім мен тәжірибесінің саяздығы. 2) дұрыс емес қылықтан ұялу.
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну. Бұл сұлу сымбатты, өмірге үйренуі, әдемі көріністерді тамашалау, табиғаттағы, көркемөнердегі шынайы әсем нәрселерден ләззат алу. Эстетикалық сезім дене сұлулығын қабылдауда ғана тумайды. Моральдық сұлулықта та эстетикалық сезім тудырады. Өзінің мүддесін қоғам игілігі үшін тежеп ұстайтын жоғары моральды адамдарды көріп куә боламыз. Мұндай адамдар өзіне деген құрмет сезімін туғызады. Біз оларды моральдық жағынан мұншама тамаша адам болады екен-ау дейміз.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу нәрсеге сүйініп керексіз нәрседен жеркенуге, жақсылыққа ұмытылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді деген болатын М. Жұмабаев.
Интеллектуалдық сезімдер адамның тану процесімен, адамдардың ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысты. Оған әуестік, білуге құмарлық, іздемпаз танырқау, сенімдік, интуиция, ықтималдың жорамалдың, болжау т.б. сезімдері жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарда, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады..
3. Эмоцияның түрлері.
Эмоция күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын көрініп тұрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек көру т.б. Мысалы: қуаныш үстінде адам өте жомарт, мырза болса, ал ашу үстінде кісі қатал болып сараңдығы ұстауы мүмкін. Мысалы: бала қуанғаннан секіреді, шапалақ ұрады, жер тепкілейді, қатты күледі. Мұндайда дауыс түрліше құбылып, ұлғайып, бәсеңдеп, қатайып, жұмсарып отырыады. Бетпен бастағы тамырлар қанға толып, адам қызарып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ/ағылшын тілдеріндегі етістіктер
Музыкалық шығармалардағы динамикалық бояулар
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Сезім мен эмоция
Оқушылармен жүргізетін музыкалық жұмыста кездесетін өнердің жақын түрлерінің өзара байланысы
Сезім мен эмоция туралы
Күйші Сәкен Тұрысбеков
Одағай сөз таптары
Эмоция және сезімдер
Адамның сезімдік сферасының дамуы
Пәндер