Көнерген сөздер мен жаңа сөздер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Берікбаева Қарлығаш
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқушылардың дүниетанымдық белсенділігін арттыру әдістемесі (5 сынып бойынша)
5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Алматы 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде дайындалған оқулық мазмұны, мақсаты, лингвистикалық негіздері
1. 2 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқушылардың дүниетанымдық белсенділігін дамытудың психологиялық мәселелері
1. 3 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқушылардың дүниетанымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық негіздері
2 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
2. 1 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқушылардың дүниетанымдық белсенділігін дамытудың тиімді тәсілдері
2. 2 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқушылардың дүниетанымдық белсенділігін қалыптастыруға арналған жаттығулар мен тапсырмалар кешені
2. 3 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқушыларға тәрбие беру арқылы дүниетанымдық белсенділігін қалыптастырудағы іс-тәжірибе
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
«Қорғауға жіберілді»
№ хаттама «__»___2019 ж
Академик С. Қирабаев атындағы
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор
Қ. Ө. Есенова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқушылардың дүниетанымдық белсенділігін арттыру әдістемесі (5 сынып бойынша)
5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Орындаған:
Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығының ІҮ курс студенті Берікбаева Қарлығаш
Ғылыми жетекшісі:
педагогика ғылымдарының
кандидаты, аға оқытушы Кенжебаева Г. М.
Алматы 2019
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу» (интеграция) маңызды, шешімі кезек күттірмейтін, басты міндеттердің бірі ретінде көрсетілген. Ол білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту, білім беру технологиясын жетілдіру, оны практикада кеңінен қолдану, ұстаздың ізденуі, теориялық біліммен қарулануы, білігі арқылы шешіледі. Бұл Заңда бүгінгі пәндердің бағдарламаларына «интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламалары - білім беру деңгейі мен мазмұнының үздіксіздігін және сабақтастығын ескере отырып әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары» деп баға берілген. [1 ] .
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында 2020 жылға қарай әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің орта білім жүйесінде қолданылып отырған - 12 жылдық білім жүйесіне көшу, кәсіптік және технологиялық білімнің еліміздің экономикалық жетістіктеріне, сұраныстарына негізделіп құрылуы, жоғары білімнің халықаралық талаптарға жауап беріп, еліміздің жоғарғы оқу орындарының әлемнің жетекші университеттерінің рейтингісіне ену қажеттілігі жайында талаптар қойды [2 ] .
Бұл талаптар - жалпы білім беретін мектептің, орта білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының алдына білім беруде бәсекеге қабілетті, білікті, құзыреттілігі жоғары тұлға қалыптастыру міндетін қойды.
Білімді ұрпақ болмаса, экономикалық дамуда да серпіліс болмайтыны анық. Ол міндет білім саласына реформа қажеттігін байқатты. Осы жаҺандану кезеңінде өмір сүріп жатқан қоғамға білім жүйесін жаңарту міндетін алға қойды. Осының негізінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуда оқушының таным қабілетін жетілдіру алғы орынға шықты. Ал таным мәселесі пәнаралық байланыстың нәтижесінде жүзеге асатындығы анық. Экономикалық интеграцияға байланысты жаһандық ғаламдану, ақпараттық технология, әлемдік қарым-қатынас жүйесі - халықаралық талаптарға жауап беретін оқыту жүйесінің қажеттігін көрсеттті. Бұл мәселені шешудің жолы - білімді интеграциялауда жатыр. Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесіндегі жағартылған білім беру бағдарламасында интеграциялау басымдылыққа ие. Интеграция педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді. Интеграциялаудың сабақ үдерісіндегі бастапқы моделі пәнаралық байланыс болып табылады. Пәнаралық байланыс - оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруда маңызды орын ала отырып, танымдық қызмет үдерісіндегі субъект пен объектінің (білім) арақатынасын, білімнің шындыққа қатынасын, дүниені танып-білу мүмкіндігін, білімнің ақиқаттығы мен айқындық критерийлерін зерттеуге үлес қосады.
Сондықтан пәнаралық байланыс оқыту үдерісін барлық деңгейде жетілдірудің маңызды факторы болып табылып, ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Пәнаралық байланыс оқушы бойына білім мен біліктілік, дағды, танымдық белсенділік қалыптастыруға бағытталған дидактикалық құрал ретінде оқу жұмысының әдістерінің белгілі бір жүйесі арқылы жүзеге асады. Демек, пәнаралық әрекет - оқушының танымдық белсенділігінің ерекше түрі. Бүгінгі таңда пәнаралық байланыс мәселесі білім мазмұнын өзгертудің, жаңаша құрудың құралы ретінде маңызды.
Міне, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы пәнаралық байланысқа қатысты мұндай мәселелер тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің нысаны - жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үдерісі
Зерттеу пәні - жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі
Зерттеу пәнінің мақсаты - жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушының танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау, тілдік қатынас арқылы сөйлеу мәдениетіне баулудың тиімді жолдарын түсіну, оны тәрбие арқылы дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері :
жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушының танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдіснамасын айқындап, әдістемелік негіздерін жүйелеу;
- жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруға арналған материалдардың мазмұнын анықтау;
- жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушының танымдық белсенділігін арттырудағы білім беру ұстанымдарын, оқыту формалары мен әдістерін айқындау.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушының танымдық белсенділігін қалыптастырудың бірыңғай әдіснамасы жасалса: білім стандартында міндетті және мүмкіндік деңгейі айқындалса; онда оқушының танымдық белсенділігін жетілдіруге үлес қосады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын баяндау, талдау, жинақтау, салыстыру, сипаттау кешенді түрде қолданылу негізінде айқындалады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық, әдістемелік негіздері ғалымдардың зерттеу еңбектерін талдай, жинақтай отырып анықталды.
2. Жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды жүзеге асырудың негізгі ұстанымдары анықталып, олардың жалпы дидактикалық ұстанымдармен байланысы көрсетілді.
3. Жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға қажетті оқу кешендері (бағдарлама, оқулық, оқу құралдары) талданып, тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі жасалды.
Зерттеу жұмысының теориялық, практикалық маңызы. Жалпы білім беретін орта мектепте жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылды. Зерттеу барысында әдіскер-ғалымдардың зерттеу еңбектерін пайдалана отырып жасалған тұжырымдар жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері, колледж, жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлайтын арнаулы курстардың мазмұнын толықтыруда пайданалуға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
І ТАРАУ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде дайындалған оқулық мазмұны, мақсаты, лингвистикалық негіздері
Тілдік бірліктерді оқытудың жаңа технологиялық мүмкіншіліктерін қолдана отырып меңгерту көзделіп отырғандықтан, бұл тармақта соңғы шыққан оқулық пен бағдарламаның өзіндік ерекшеліктеріне оларды алдыңғы бағдарлама мен оқулықпен салыстыра отырып, талдау жүргіздік.
Бұрынғы жылдары шыққан қазақ тілінің типтік бағдарламасында тіл білімінің лексика саласын 5 және 6-сыныптарда оқыту міндеттелген. 5-сыныпта сөз мағынасы туралы түсінік пен сөздің мағыналық топтары ғана оқытылады да, 6 - сыныпта бұл тақырыптарға қосымша тұрақты сөз тіркестері мен сөздік құрам және сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері меңгертіліп келді. Екі сыныпқа бөліп оқытуда түрліше мақсаттар көзделгені көрінеді: біріншіден, бағдарламаның құрылымы концентрациялық принциптен тұрады; екіншіден, лексика мен фразеологиядан берілетін мәліметтердің жеңіл не күрделілігі тұрғысынан кластарға жас ерекшелігіне сай орналастыру принципі ұсталынған.
Салыстырайық: Қазақ тілінің 1995 жылғы типтік бағдарламасы бойынша лексикаға бөлінген сағат саны мен ондағы тақырыптар төмендегідей берілген [3, 18] .
Жалпылама қолданылатын
сөздер
Тұрақты сөз тіркестері
туралы түсінік
Мұнда екі сыныпта жалпы саны 25 сағат ішінде тілдің ең күрделі саласы -лексиканы оқыту, толық меңгерту көзделіп отырғандығы байқалады. Шын мәнінде, сағат саны тым аз берілген. Оның үстіне, лексиканың ішкі көптеген мәселелерін таныту мүлде көзделмеген. Мұның барлығы бағдарламаның уақыт талабына сай әлі де толықтырылатынын, дамытылып, өзгертілетінін дәлелдейді.
Ал 2000 жылы шыққан Қазақ тілі бағдарламасында Лексика бөлімі 48сағат көлемінде бір ғана сынып аясында (5-сынып) оқытылуы белгіленген [4. ] .
2-кесте Лексикадан берілетін базалық білім мен оның жіктелу барысы
Лексикадан
базалық білім
мазмұны
Лексикадан білім мазмұнының
жіктелісі (тақырыптар)
Сөз және
оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
лексиканың қарастыратын мәселелері екендігі
Сөздің дыбыстық жамылғы мен ішкі
мағыналық бірліктен тұратыны. Сөздің
негізі лексикалық мағына болып
табылатындығы. Сөздің бір мағыналы және
көп мағыналы болатындығы. Сөздің
негізгі қызметі -атау, яғни зат, құбылыс,
әрекетті, олардың белгілерін атап
білдіруі. Сөздердің сөйлемдегі өзара
қатынасы грамматикалық мағына екендігі.
Сөздің тура, ауыспалы және көп
мағыналылығы.
Сөздердің
мағыналық топтары
Омонимдер.
Синонимдер.
Антонимдер.
Табу. Эвфемизмдер мен дисфемизмдер.
Фразеологизмдер.
Мақал-мәтелдер.
Тілдің сөздік құрамы
(20 сағат)
Сөздік қор және сөздік құрам. Қазақтың
байырғы төл сөздері және басқа тілден
енген сөздер. Көнерген сөздер мен жаңа сөздер.
Сөздердің
қолданылу
өрісіне
байланысты түрлері
-жалпылама лексика
-диалект сөздер
-кәсіби сөздер
-терминдер
Бағдарламаның соңғы нұсқасында лексика жаңа тақырыптармен, жаңа материалдармен толыққаны айқын көрініп тұр. Табу сөздер мен эвфемизм, дисфемизм сияқты қазақ тілінің ұлттық тіл ерекшеліктерін танытатын тақырыптар енгізілген. 6-сыныпта танытылып келген фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер бұрынғы бағдарламада қазақ тілі байлығы туралы тақырыптардан кейін берілсе, жаңа бағдарлама авторлары сөз мағынасына қатысты тақырыптардан кейін оқытуды ұсынады, яғни жеке сөздердің мағыналық сипаттары сөз болғаннан кейін, тұрақты тіркестердің, мақал-мәтелдердің мағынамен қатысы, сөйлеу тіліндегі мәні туралы білім беріледі. Мұнда авторлардың фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің сөз мағынасымен, сөйлемдегі немен тығыз байланысты болып келетінін негізге алғандығын байқауға болады. Лексикалық материалдардың осындай реттілікпен берілуі оқушыға білімді жүйелі түрде меңгеруге ықпал ете алады.
Жаңа бағдарламада тілдің сөздік құрам бөлігіндегі тақырыптар да жүйеге түсірілген. Алдымен, сөздік қордың дамуына, баюына, жалпы тілдің қоғам дамуымен байланысын танытуға қатысты тақырыптар ұсынылады. Мұндай лексикалық материалдардың өзі өзара салыстырыла, салғастырыла оқытуды көздеп, ретпен берілген. Мысалы, байырғы төл сөздер мен басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен жаңа сөздер. Бұл тақырыптардан кейін сөздік құрамдағы сөздер қолданылу өрісіне қарай сараланып берілген. Күнделікті өмірде халықтың кең көлемде қолданатын сөздері мен қолданылу өрісі тар сөздерді өзара салыстыра отырып оқыту мақсатында тақырыптар жүйелі түрде ұсынылады. Мысалы, жалпылама лексика, диалект сөздер, кәсіби сөздер және термин сөздер. Бұл жерде қолданылу өрісі тар сөздерге жататын тақырыптардың өзі бірізділікпен, жүйелілікпен берілген.
Бағдарламаны дамытып отыру арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуды уақыт талабымен ұштастыра аламыз. Сондықтан соңғы бағдарламаның жақсы жаңалықтарын санамалап көрсетуге де болады. Атап айтқанда, бағдарлама:
біріншіден, концентрациялық емес, линиялық принциппен құрылған, лексиканың толығымен бір сынып көлемінде оқытылуын уақыт дұрыс жағынан ақтауы мүмкін;
екіншіден, бағдарламада көрсетілген әр жеке тақырыпқа іштей қысқа түйіндеме беріліп отырған;
үшіншіден, әр тақырыпқа байланысты оқыту әдістемесі де бағдарламаны құрастырушылардың тарапынан қамтылып отырған;
төртіншіден, әр тақырыпты меңгерту барысында оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары екі деңгей көлемінде (міндетті деңгей, мүмкіндік деңгей бойынша) анықтап көрсетілген;
бесіншіден, лексикаға мол сағат (48 сағат) берілген.
Қазіргі заман педагогикасы оқушыны оқу процесінің белсенді субъектісі ретінде таниды. Оқушының жеке тұлғасы дамуы барысында өзін қоршаған ортаның барлық саласымен тығыз қарым-қатыныста болуы басты назарда тұруы керек. Бұл -оқушы тұлғасы дамуының обьективті қыры десек, енді субьективті қыры -оқушының ішкі «Мен» бейнесінің өзін қоршаған ортамен салыстыра, олармен қарым-қатынас жасай отырып қалыптасуы арқылы танылады. Осынай күрделі жас кезеңінде білім алу процесінің негізгі тірегі болып табылатын дидактикалық құралдардың ішінде маңызды орын алатыны -оқулық.
Оқулық - оқушының өз бетімен білім алуына арналған құрал. Ғылым негіздерінің теориялық заңдылықтары мен оларды бекітетін практикалық жолдары оқулықта қатарластырыла беріледі. Лексикадан берілетін білім мазмұнының көлемі мен сипаты, негізінен, бағдарламада орналастырылады. Ал оқулықта сол мазмұны кең сипатталып, оқушы меңгеруі тиіс теориялық білім мен соны бекітетін практикалық жаттығулар орналасады. Оқулық оқушыға тек білім мазмұнын хабарлап қана қоятын анықтамалық көмекші емес. Оқулық -оқушының ойлауын дамытатын, сөйлеуін қалыптастыратын ерекше құрал. Сондықтан оның оқу процесі көздеген нәтижеге жетуге қарай бағытталып жасалғаны қажет.
Әрбір жаңа мақсат орындалуы үшін соған лайық әдіс-тәсілдер және құралдар жүйесі болуы керек. Жаңа, яғни 2001 жылы шығарылған 5-сынып оқулығында бағдарламаға сәйкес 18 тақырып берілген. Әр тақырыптың соңынан берілген жаттығуларды орындатуда оқушылар үшін міндетті деңгейдегі тапсырмалар, мүмкіндік деңгейдегі тапсырмалар дербес бөлініп берілген. Бұл -жаңа оқулықтың жаңалығы екенін атап кеткен жөн [5. ] .
Оқулықтың Лексика тарауына бөлінген көлемі оқулықтың жалпы көлемінің 40 пайызын алады (14-98-беттер) . Лексиканы меңгертуге арналған жаттығулар саны -204. Сол 204 жаттығуда оқушылар бірнеше тапсырма орындауы міндеттелген. Сонда оқулықпен жұмыс жасау арқылы оқушы өз бетімен білім алуға терең тамырлы дағдылар қалыптастырады деуге болады.
Көп жағдайда ескі оқулықтарда бір сарындас тапсырмалар орындату қалыптасқанын байқауға болады. Әрине, бұл -дәстүрлі әдістемеде орын алған үрдіс екені белгілі. Жаттығуларға бір тапсырма беру -оқушының оқулықпен терең жұмыс жасай алуына себепкер болады. Соңғы, яғни 5-сынып оқулығындағы лексикадан берілетін білім көлемі және мазмұнын алдыңғы сынып (бұрынғы 5-сынып, 6-сынып) оқулықтарындағы білім көлемі мен мазмұнын сандық және сапалық тұрғыдан 3-кесте арқылы салыстырып көруге болады.
3-кесте
Оқулықтардағы білім көлемі мен мазмұнын сандық және сапалық тұрғыдан салыстыру
Шыққан
жылы
Оқушылар-
дың өз беті-
мен орындайтын тапсырмалар
3-кестеде көрсетілген сандар білім мазмұнының сапасына да әсерін тигізетіні анық. Екі сыныпқа бөліп оқытылатын Лексика тарауының соңғы бағдарламада бір сынып аясына беруі кұптарлық. Бір оқулыққа жинақталуы барысында оқулықтағы теориялық тақырыптар да, сол теориялық тақырыптарды бекітуге арналған жаттығулар да сан мен сапа жағынан едәуір өскен деуге болады. Соңғы жаңа оқулықта берілген жаттығуларда орындалатын тапсырмалар міндетті деңгей және мүмкіндік деңгей деп белгіленгендігі де оқушылардың жеке бас ерекшелігін ескеруден туған деп санаймыз.
Ал оқулықта арнайы берілген Теориялық түсінік пен Қосымша түсінік белгілері оқушылардың семиотикалық білімін дамытуға сеп болады. Енді жаттығулардың жалпы саны мен лексикаға арналғанын 4-кесте арқылы былайша көрсетуге болады.
4-кесте
Жаттығулардың жалпы саны мен лексикаға арналған жаттығулар саны
Лексикаға
арналған
5-6 сынып
оқулығы
5-6 сынып
оқулығы
5-6 сынып
оқулығы
Теориялық тақырыпты меңгертуге және қажетті лексикалық білік-дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулардың неғұрлым мол болуы әдіс-тәсілдердің де молдығын көрсетеді. Соңғы жаңа оқулықтағы жаттығулардың дені тұтас мәтіндерден құралады. Мұның өзі оқушылардың тілі мен ойлауын дамытуға қажет маңызды факторлардың бірі екені белгілі.
Жаттығуларды орындау барысында оқушылар тек лексикалық бірліктерді жалаң сыртқы формасы арқылы танып қоймайды. Бір жаттығуға берілген тапсырманы орындау арқылы оқушының санасында Лексикология туралы білім нық қалыптаса алады.
Оқулықтағы Лексиканы оқытуда тапсырмаларға беріліп отырған екі деңгей:
біріншіден, лексиканы меңгеру барысында қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады;
екіншіден, оқушылардың ой-өрісін мүмкіндік деңгейді орындай алсам деген сияқты алға жетелейтін стимул пайда болады.
Лексиканы оқытуда тапсырмаларды қолданудың негізгі мәні - оқушының жеке тұлғасы дамуына негіз болу. Лексиканы меңгертудің алгоритмдерін үйренген оқушы тіл заңдылықтарын өмірлік қажеттіліктерімен байланыстыра алатын дағдыға ие болады.
Бүгінгі Қазақ елі тәуелсіз, кең байтақ жері бар, көп ұлтты мемлекет. Тәуелсіздігімізді алғалы бүгінгі күннің жастарына еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-саяси, білім беру жүйесіндегі өзгерістері сансыз жетістіктерге жол ашуда. Қазіргі жаһандану барысындағы жастар «интернет жастары» болғандықтан, оларға қазақтың сақталған сан ғасырлық білімін, ұлттық санасын, мәдениетін, тарихын ана тілі арқылы бере отырып, жылдам өзгергіш өмірге жылдам еніп, кез келген қиындықты шеше алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекетіміздің алға қойған мақсаты болып табылады.
Осы мақсат жолында жалпы білім беретін орта мектептерден бастап, жоғары оқу орындарына дейін білім мазмұнын реформалау сатылай жүргізіліп жатыр.
2001 жылы Ж. Т. Дәулетбекова мен Қ. С. Қосымовалардың авторлығымен шыққан оқулықты жаңа буын оқулық деп санап келсек, бүгінде зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған жаңартылған білім бағдарламасы бойынша дайындалған оқулықтың құрылымы да жаңаша жасалған. Бұл оқулықта төмендегідей айдарлар басшылыққа алынған:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz