Азаматтық қоғамға тән қатынастар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан Иновациялық Технологиялық Университеті

Технологиялық Факультеті

ЖББ кафедрасы

Реферат

Тақырыбы :Жалпы Азаматтық қоғам

Орындаған:Жакслыкова А

Тексерген :Кадыргалиев Н

Орал қаласы 2020

1. Азаматтық қоғамның құрылуына дейінгі мемлекеттің тарихи кезеңі.

Азаматтық қоғамның құрылуына дейін мемлекет ұзақ тарихи кезенді басынан өткізген.

Бірнеше ғасырлар бойы қоғамның талабына, қажетіне орай мемлекет қызмет атқарды, өз еркімен өз қызметін кеңейте түсті. Мемлекеттің өз органдарына күштеу аппараттары болды, сол арқылы азаматтардың еркін, бостандығын тұншықтырды, мемлекет қоғамнан жоғары тұрып, қолына заң, атқарушылық, сот билігі бар ұйымдарды өзіне бағындырды.

Мемлекеттердің мынадай формалары болады: шығыстық рақымсыз монархия, еуропалық шексіз монархия, ресейлік самодержавиелік монархия. Бұларда билікті бөлісу болмады:монархтың атынан заңдар шығарылды, ол атқарушы биліктің басшысы және ең жоғары сот болды.

Мемлекет пен азаматтар арасындағы жоғарыда аталған қатынастар құлдық және феодалдық қоғамдар тән. Қоғамдық қатынастың сипаты мынадай еді: құлдар зат есебінде саналды, шаруалар жер иеленгенімен, бас бостандығы болмады. Халықтың тағдыры билеуші топтың қолында болды. Сонымен, бұл тарихи кезеңде мемлекет халықты қылышпен биледі. Бостандық деген олардың түсіне де кірмеді, солай болуға тиіс деген түсіні қалыптасты.

Еуропада тауарлы-ақша қатынасының дамуы, нарықтың, қалалардың пайда болуы тарихқа жаңа қатынас әкелді. Шаруалар қауымнан шығып, қалаға, өнеркәсіп орындарына жинақтала бастады. Жеке меншік иелері - саудагерлер, қолқнершілер, жұмысшылар, банкирлер пайда бола бастады. Олардың біртіндеп саны артты. Тәуелсіз меншік иелері, қала тұрғындары, өздерінің бүкіл өмірінің кілтін өз қабілеттерінен, кәсібінен, жігерлерінен іздеді.

Сонымен, қалалар ескі дәстүрлі көзқарастарды қирату ортасына айналды, адамға, мемлекетке деген көзқарас өзгерді, адамда өмірге деген жаа сенім пайда болды.

Қалалардағы басқарудың жаңа жүйелері болашақ азаматтық қоғамның, мемлекет пен қоғам арасындағыбасқарудың үлгісіне(модуліне) айналды.

Адамдарға тән бұл жаңа түсінік Қайта өрлеу (Возрождение) дәуірінде өз көрінісін тапты.

Дегенмен Еуропада да, Америкада да азаматтық қоғамның пайда болуы үшін экономикалық, әлеуметтік-рухани дамуға жүздеген жылдар қажет болды. Мұндай өзгерістер пайда болған алғашқы мемлекеттер - Англия және Франция, Америка кеңістігінде - Америка Құрама Штаттары болды. Түбірлі әлеуметтік өзгерістердің пайда болуы нәтижесінде бұл елдерде азамат жағдайы тұбімен өзгерді, Олар демократиялық бостандық құқығына, мемлекеттің заң шығарушылық қызметіне тікелей өатынасу құқығына ие болды.

Жеке меншік иелерінің көбеюіне байланысты нарықтық қатынас жағдайында мүдделері ұқсас топтар, қауымдар саны артты. Сонын нәтижесінде қоғамдық ұйымдар өмірге келді, олар қоғам мүшелерінеің тілек-муддесін қорғайтын болды, мемлекеттің шексіз билігіне қарсы тұрды. Ондай ұйымдар - саяси парпиялар, кәсіподақтар, басқа да қоғамдық ұйымдар арқылы азаматтар мемлекетке күш көрсете бастады. Мемлекетке азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау, олардың экономикалық мүддесін іке асыруға жағдай жасау талаптары койылды.

Сонымен мемлекетпен азаматтар арасындағы қатынас өзгере бастады. Мемлекеттің қоғам мүддесіне қарсы қызметіне түбірлі шек қойылды, ол қоғамның еркін іске асырады, соның бақылауында болады.

Азаматтық қоғамға тән қатынастар:

  • Жеке меншікке негізделген азаматтардың экономикалық дербестігі;
  • Адамдардың өмір сүру құқығы, бостандық құқығы, сөз және өз ойын айту, ар-ождан және діни наным, жиналыс, бірлесу бостандықтары, т. б. бәрі құқықтық тұжырымдалуы және заң жүзінде қорғалуы қажет;
  • Мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы;
  • Заңдылық биліктің болуы;
  • Халықтың әр түрлі топтарының еркін жақтаушы және мемлекеттің іс-әрекетіне ықпал, әсер етуші дамыған қоғамдық құрылымдардың: саяси партиялар (көппартиялық), кәсіподақ, түрлі қоғамдық бірлестіктердің болуы.

Адам баласының түбірлі арманы - азаматтық қоғам құру. Бірақ ол өоғамның пайда болуынан қалыптасуына дейін сан ғасырлар қажет болыпты. Қалай болғанда да, азаматтық қоғам құру үшін құқықтық мемлекен орнауы қажет.

2. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы.

Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы - адам баласының, мемлекет пен құқықтың тарихындағы ерекше кезең. Қоғам, мемлекеттен әр уақытта бөлек болған, бірақ, ол әр уақытта азаматтық болмаған. Азаматтық қоғамның қалыптасуы бірнеше ғасырға созылған. Бұл процесс біздің елімізде де аяқталған жоқ, тіпті дүние жузінде. Азаматтық қоғамның шындығы(құқықтық мемлекет ретінде) идеалды қоғамның шын мәніндегі жетістік жағдайының сәйкестігімен белгіленеді.

Азаматтық қоғам кең мәнінде және «азаматтық қоғам» атауының өзі, азаматтық және азамат деген ойлар пайда болған кезде ғана қалыптасты. Бұл Ежелгі Греция мен Римде болды. Дегенмен, ол кезде азаматтық қоғам мен мемлекетті бөлу жургізілмеді. Аристотельдің ойынша: «мемлекет азаматтардың жиынтығы, азаматтық қоғам», яғни ол «азаматтық қоғам» және «мемлекет» атауын синонимдер ретінде пайдаланған. Мұндай түсінушілік, яғни мемлекет пен қоғамны бір тұтастықта қарауы XVIII ғ. дейін сақталды, яғни негізінен азаматтық қоғам қалыптаса бастаған кезге дейін, қазіргі түсініктегі оның қатаң(жіңішке) түсініктері.

3. Азаматтық қоғам

Азаматтық қоғам дегеніміз - имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады.

Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса, құқықтық мемлекетте болмайды.

'' Азаматтық қоғам'' ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон, Г. Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, К. Маркс және т. б. Тұжырымдаған болатын.

Азаматтық қоғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз әрекеттерін құқықты құрметтеп, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс істеу сатылары
Құқықбұзушылық, онымен күрес
Азаматтық қоғамның қалыптасуының теориялық кезеңдері
Заңды фактілер және оларды топтастыру
Құқық бұзушылық. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы
Меншікті иеленудің меншік құқығын қорғау
Қылмыстық құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық
Құқық бұзушылық түсінігі, түрлері
Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі
Мемлекет және қоғамның өзара қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz