Бүйрек тас аурулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ШЖҚ Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы
Ақтөбе Жоғары медициналық колледжіМКК

РЕФЕРАТ
Пән; Анатомия,физиология
Тақырыбы; Нефрон құрылысы. Зәр түзілуінің негізгі үрдістері. Бүйрек тас аурулары
Мамандық; Фельдшер
Курс; 1

Орындаған; Фелдьшер 118 тобының студенті
Кеңесов Д.Қ.
Тексерген; Қалдыбаева Ж. К.

Ақтөбе-2020 жыл
ЖОСПАР
I.Кіріспе
1.1 Жалпы ақпарат нефрон құрылысы.
II. Негізгі бөлім
2.1 Зәр түзілу, үдерістері, түрлері.
2.2 Бүйрек тас аурулары, түрлері, асқынуы, емі.
III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Нефрон (nephronum, грек, nephros -- бүйрек) -- бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Бүйректі миллиондаған нефрондар (бүйрек өзекшелері) құрайды. Нефрон -- бүйрек денешігінен, проқсимальды және дистальды бөлімнен (түзу, ирек өзекшелер) тұрады. Бүйрек денешігі тамырлы және несепті бөліктерден құралған. Тамырлы бөлікті әкелгіш артериола, қылтамырлар (капиллярлар) торы және әкеткіш артериола кұрайды. Бұл бөлікке тазаланудан өтетін артерия қаны ағып келеді. Несепті бөлікті капиллярлар торы шумағын сыртынан қаптап тұратын бүйрек денешігінің қапшығы құрайды. Бүйрек денешігінің қапшығы екі қабат болып жатқан бірқабатты жалпақ эпителийден құралған. Қапшық қуысы проксимальды бөлім өзекшесі қуысымен мойын арқылы жалғасады. Бүйрек денешігінде капиллярлар шумағындағы қаннан, жоғарғы қан қысымының арқасында қан сұйығы қылтамырлар қабырғасы арқылы сүзіліп, бүйрек денешігі қуысына шығып, алғашқы несепке айналады. Алғашқы несеп құрамы жағынан қан плазмасынан айырмашылығы жоқ. Тек, оның құрамында қалыпты жағдайда протеиңдер болмайды. Алғашқы несеп нефрон бөлімдері арқылы ағып өткенде, оның құрамындағы керекті заттар (қант, керекті түздар, су) кері сорылып, керек емес ыдырау өнімдері (аммиак туындылары, улы, бояғыш заттар, дәрі- дәрмектер) несеп құрамына шығарылып, соңғы несепке (зәрге) айналып, нефрондардан құралған жинағыш түтікшелерге шығарылады.
Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр (мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәр бөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.
Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты болады. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша абсорбция - сүзілу, ре - косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.
Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.
Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, одан зәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады.
Бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне ішімдікті пайдалану өте зиян. Ішімдікті көп ішу бүйрек жұмысын бұзады. Бүйректің жасушалары зиянды заттарды шығара алмайтын болады. Жасушалар қабынып, зәрмен бірге ағзадан қажетті нәруыз бөлініп, сыртқа шыға бастайды. Ішімдікпен уланған бүйрек бүрісіп, зәрдің бөлінуі тоқталады.
Бүйрек кызметінің бұзылуынан, қанда несепнәрдің мөлшерінің шектен тыс (20-30 есе) көбеюінен уремия (зәрліқан) ауруына шалдығу мүмкін. Бүйректің ең кауіпті ауруы - нефрит (гр. nерһrоs - бүйрек) - бүйректің кабынуы. Нефрит ауруын бактериялар тудырады. Қанның нәруызы азайып, кан сарысуының ұлпа сұйықтығынан суды сору әрекеті төмендейді әрі зәрдің түзілуі де баяулайды.
Жаракаттанған бүйрек қанта ренин затын көп бөледі. Ренин қан тамырларын тарылтып, қан кысымын көтереді.
Зәрдің құрамындағы қатты заттар (зәрқышқылы, кальций фосфаты) өте нашар ериді. Егер қатты заттардың мөлшері зәрде көбейіп кетсе, зәр жолында қатайып, тасқа айналады. Тас өте ірі болса, зәрдің шығуына кедергі келтіреді. Хирургиялық жолмен алуға тура келеді.
Зәршығару жүйесінде жиі кездесетін аурудың бірі - қуықтың қабынуы (гр. kystis - қуық). Бұл ауру көбіне қуыққа суық тиюден болады да, зәр тоқтамайды. Сондықтан мұндай ауруға шалдыққан адам міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек.
Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы - түнде зәр тоқтамау (энурез). Бұл ауруды шыжың деп те атайды. Ол бадамша бездердің, жұлын қызметінің бұзылуынан болады. Ауру көбіне 2 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Ондай ауруды дәрігерге көрсету қажет. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігерді уролог (гр. uron - зәр) деп атайды.
Қазіргі кезде өте кауіпті бүйрек ауруларын емдеу кезінде жасанды бүйрек аспабы - гемодиализатор қолданылады. Сонымен бірге бүйрек өз қызметін мүлде атқара алмаса, басқа бүйректі алмастырып салуға да болады.
Бүйректің қалыпты жұмысын камтамасыз ету үшін көптеген жағдайларды есте сақтау қажет:
Салауатты өмір сүру;
Өте ащы, өте тұзды тағамдарды пайдаланбау;
Ішімдіктен, есірткіден, темекі тартудан аулақ жүру;
Әр түрлі қабынуға қарсы аурулардың алдын алу.
Бұл шаралардың бәрі де бүйректің қалыпты, ұзақ уақыт жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын естен шығармаңдар
Бүйрек - тас ауруы (нефролитиаз) - бүйректің түбектері мен астаушаларына және несепағарға көлемі, құрылысы мен химиялық құрамы (фосфаттар, ураттар, оксалаттар, карбонаттар) әр түрлі тас байланатын ауру. Бұл созылмалы ағымды ауру, бүйректің сыңарын немесе екеуін де зақымдайды.
Несеп тасы барлық жаста да кездеседі. Ал қариялар мен балаларда бүйрек тасы сирек кездеседі де, қуықтасы жиі кездеседі. Бүйрек тасы оң жақ бүйректе жиірек кездеседі, екі бүйректер тасы аурулардың 15 -- 20%-де кездеседі. Бүйрек пен несепағар тастары 20 -- 50
жаста жиі кездеседі.
Этиологиясы
:: Полиэтиологиялық
:: Этиологиясы белгісіз, нақты емес
:: Туа пайда болған энзимопатиялар
(тубулопатиялар),несеп жолдарының анатомиялық даму ақаулары, тұқым қуалайтын нефроз және нефритке ұқсас синдромдар.
* Жүре пайда болған 1-лік,2-лік жағдайларда болуы мүмкін.
Эндогендік факторлар:
Жалпы :
- минералдар алмасуы бұзылуы
- А гиповитаминозы
- Д гипервитаминозы немесе авитааминозы
- гиперкальциурия
- гиперпаратиреоз
- бактериальды интоксикация
- химиялық препараттарды шектен тыс
пайдалану(сульфаниламид, тетрациклин, антацид, ацетилсалицил қышқылы, глюкокортикоид т. б.)
:: - ұзақ және толық иммобилизация
Патогенезі
- Қалыпты жағдайда несеп құрамында еріген кристалоидты және ерімеген коллоидты бөлшектер бар. Коллоид заттар кристалдардың жабысуынан сақтап, еріген халде сақтайды.
-Тастар пайда болуының 2 теориясы бар:
- Физика-химиялық теория- тепе-теңдік бұзылғанда кристалдар шөгіп, тасқа айналады.
- Матрица теориясы- органикалық негіздің (ядроның)пайда болуына байланысты.Ядро қызметін қан ұйындылары, ыдыраған тіндер, бактериялар атқаруы мүмкін. Осы органикалық қалыпқа кейін тұздар шөгуіне байланысты тастар түзіледі. Тас пайда болуы үшін қанда немесе несепте тұздар концентрациясы артуы керек. Кристализациялық қағида- тұздар еруі азайып, тұнуынан тас байлануын түсіндіретін қағида.
Бүйрек тастары
:: Бүйрек тастары-көптеген жағдайларда операция жасауды талап ететін сырқат.Тас бүйректің ішінде,оның табақшаларында,түбекшелерінде немесе несеп ағарда табылады.
:: Уролитаз- тастардың несепағарда кездесуі
:: Нефролитаз-тастардың паренхимасында түбекшерінде табақшаларында кездесуі.Уролитаз нефролитаз әсерінен пайда болады.
Химиялық құрамы бойынша бүйректе кездесетін тастар
Бейорганикалық тастарға
:: Кальций оксалаттары,кальций фосфаттары,ураттар,магний фосфаты
Органикалық тастарға
:: Цистинді,ксантинді тастар
Тастардың кездесетін орны
Бүйрек
тасы
Несепағар
тасы
Қуық тасы
Қуық асты
безі тасы
Үрпі тасы
Клиникалық көрінісі
Бүйрек аймағының арқада ауырсынуы несеп жолдары тұсында ауырсыну іштің төменгі бөлігіне ауырсыну берілуі зәр шығарған кезде ауырсыну. Лұқсу, бастың ауырсынуы.
:: Бүйректі ультрадыбыспен тексеру (УЗИ).
:: Өлшемі 3 мм-ден ірі конкременттер жақсы көрінеді.
УЗИ кезінде несеп ағуының бұзылу дәрежесінтанықтауға болады -- конкрементті жұка (1-2 мм) сұйықтық қабаты қоршаған кезде -- ең аз дәрежесі. Егер конкремент бүйрек тостағаншасынан шығатын ағынды бөгесе, бұл тостағаншаның 10 мм-ден аса ұлғайғаны, бұл ондағы сұйықтыктың көлемі 0,6 мл-ге немесе одан да астам мөлшерге сай келетінін білдіреді. Астауда, астау-несепағар сегментінде немесе несепағарда орналасқан конкремент бүйректен шығатын ағынды тұтас бөгейтін болса, тостағаншаастаудың қабырғасы жаппай ұлғаяды, оны УЗИ-де оңай анықтайды.
Асқынуы.
Бүйрек - тас ауруы көбінесе пиелонефритпен асқынады. Әсіресе пионефроз бен бүйректің
іріңдеп жидігені қауіпті, өйткені сепсиске ұласады. Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі сирек байқалады. Бүйрек - тас ауруы ұзаққа созылып, фиброзды, майлы тін
жайлап, бүйрек семіп қалса, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшырайды.
Емі:

Консервативті ем:
Тасты еріту
Спазмды басу
Қабынуды басу
Қолданылады:
:: Фитолизин
:: Цистелин
:: ЦистонЦистон дәрілік шөптердің экстрактысы. Таблетка
түрінде шығарылады. Ұзақтығы 6 апта-3 ай. Әсері:
:: Спазмолитикалық
:: Диуретикалоық
:: Қабынуға қарсы
:: Микробқа қарсы
:: Цистенал - бүйректің коликада тас түзілу мен
ауыру сезімін басу үшін қолданылады.
Бұл ауру зәр жолдарында тастың пайда болуымен сипататалтын ауру. Бұнымен көбінесе 20 мен 50 жас аралығындағы ер адамдар қатары жиі ауырады. Аурудың себебі нақты, дәл анықталмаған. Ауруға әкеліп соқтыратын себептерге: зәр жолдарындағы туа біткен өзгерістер, зәр жүруінің тоқтап қалуы, зәр жолдарындағы жұқпалар (пиелонефрит, уретрит), зат алмасуының бұзылуы (ураттардың, фосфаттардың, оксалаттардың мөлшерінің көбеюі), эндокринді жүйесінің әр түрлі аурулары, Д - витаминінің ағзада көп мөлшерде және А витаминінің аз мөлшерде түзілуі, ас қорыту жүйелерінің қабыну аурулары (гастрит, колит, гепатит), ұзақ уақытқа төсек тартып жатқан сырқаттар (сүйектердің зақымдануы, пара - гемипарездер), нәсілдік аурулар қатары жатады. Қышқыл ортада пайда болған тастардың құрамында зәр қышқылдары кездеседі. Сілті ортада пайда болған тастардың құрамында фосфаттар кездеседі. Ал қышқыл және сілті ортасында пайда болған тастардың құрамында оксалаттар кездеседі. Тастардың көлемі майда, ірі келген пішіндегі түрлерін кездестіруге болады және жалғыз немесе бірнешеге дейін барады.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ағымы ұстама түрде өтеді. Ең маңызды белгілері: ауырсыну, гематурия, пиурия, тастардың өзінен өзі зәрмен бірге сыртқа шығуы. Бүйрек ұстамасы аяқ астынан күрт ауырсыну белгісімен басталады. Ауырсыну бел аймағында пайда болып, несеп ағар және жыныс мүшелеріне тарайды. Зәр шығуы жиілеп және ауырсынуымен сипатталды. Сонымен қатар лоқсу, құсу, іштің кебуі байқалады. Науқас өзіне ыңғайлы жағдай қалыпын таба алмай мазасыз күйде болады. Ауырсыну сезімі қатты қарқынмен өтіп, тек қана наркотикалық жансыздандыру мен тыныштандырылып, басылады. Ауырсынудың ұзақтылы бір тәуліктен аспайды. Бүйректің ұстамасына несеп ағар арнасындағы тастың қысылып қалуы әкеледі. Зәрдің мөлшері азайып, мүлде болмауы мүмкін. Осының салдарынан дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: бел аймағанда ауырсыну сезімі білінеді, Пастернак белгісі оң нәтижелі, сипалағанда бүйрек және несеп ағар аймақтары ауырсынады. Зәрде аз мөлшерде ақуыз, эритроциттер, лейкоциттер кездеседі. Ұстамадан кейін тас орнынан жылжып, зәрмен сыртқа шығуы мүмкін. Көбінесе бұл ауру науқастардың 13% де белгісіз түрде өтеді. Ұстама арасында науқастарда шағым болмайды.
Дерт анықтамасы. Зәрдің және қанның жалпы анализдерін тексеріске алады. Рентген сәулесі арқылы, ультра дыбыспен зерттегенде, экскреторлық урография жүргізгенде тастың бөгде зат болып орналасуын, көлемін, пішінін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Емі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несеп - тас ауруы
Ас қорыту және зәр шығару жүйелерінің патологиясы
Бүйрек туралы
Бүйрек тастарын емдеудің негізгі принципі - шағынинвазивті әдісті қолдану
Қуық жүйесі
Зәр шығару жүйесі туралы түсінік
Ас қорытужүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Жіті нефрит
Бүйректер патофизиологиясы
Бүйрек астауының аномалиялары
Пәндер