Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму тарихы


МАЗМҰНЫ
Жоспар3
КІРІСПЕ 4
І ТАРАУ. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму тарихы
1. 1 Бағалы қағаздар нарығының мәні, түрлері. 5-21
ІІ ТАРАУ. Бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктері және оны реттеу.
2. 1 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы. 22-25
2. 2 Бағалы қағаздар нарығын реттелу26-27
ІІІ ТАРАУ. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының проблемалары мен шешу жолдары.
3. 1 Бағалы қағаздар нарығындағы проблемалар мен оларды шешу жолдары28-32
ҚОРЫТЫНДЫ28-33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму тарихы
1. 1 Бағалы қағаздар нарығының мәні, түрлері
ІІ ТАРАУ. Бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктері және оны реттеу.
2. 1 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
2. 2 Бағалы қағаздар нарығын реттеу.
ІІІ ТАРАУ. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының проблемалары мен шешу жолдары.
3. 1 Бағалы қағаздар нарығындағы проблемалар мен оларды шешу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығының дамуы мен оның проблемалары қазіргі нарықтық экономика жағдайында өзекті тақырып болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы басты қиындық нарықтың ұзақ мерзім бойы қызмет атқармауында. «Бағалы қағаздар нарығы» атты курстық жұмыста бағалы қағаздар нарығына, бағалы қағаздардың түрлеріне кең тоқталынып өтіледі. Курстық жұмыста ең бастысы Қазақстанның бағалы қағаз нарығы негізге алынуында. Бірінші тарауда Қазақстандағы бағалы қағаздардың түрлеріне мемлекеттік бағалы қағаздардың даму тарихы, айналу шарттары мен айналу мерзімдері баяндалады. Бағалы қағаздар нарығының құрылуына түрткі болған жекешелендіру мәселесі, жекешелендіру нәтижесінде кеткен қателіктердің бағалы қағаздар нарығына әсері сипатталады. Бұл бөлімді жазуда ТМД елдерінің тәжрибесі, оның ішінде Ресейдің бағалы қағаздар нарығы негізге алынады. Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығына сипаттама беріледі. Нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы мен ұқсастығы сараланады. Бірінші бөлімді жазуда Б. А. Көшеновтың «Бағалы қағаздар нарығы» атты еңбегі мен Е. Ф. Жуковтың «Рынок ценных бумаг» атты еңбегі экономистердің Қазақстандық бағалы қағаздар жайлы айтқан мақалалары да негізге алынады.
Екінші бөлім толығымен бағалы қағаздар нарығының құрлымы мен қатысушыларына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жайлы толыққанды ақпарат беріледі. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар туралы» заңының негізінде анықталды. Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің ролі мен қай уақытта араласуы керек, қай уақытта араласпау қажеттілігі баяндалады. Бағалы қағаздар нарығының құрлысы жайлы айтылғанда Қазақстанның бағалы қағаз нарығы негізге алынадыБағалы қағаздар нарығынның құрлысында қатысушыларға қойылатын талаптар мен қосымша заңнамалар қамтылады.
Үшінші бөлімде Қазақстанның бағалы қағаз нарығының қазіргі ахуалы, проблемалары мен оларды шешу жолдары қарастырылады. Ресейлік экономист Е. Ф. Жуковтың пайымдауынша Қазақстан нарығына барлық постсоциалистік елдерге тән проблемалар бар. Олар шешудің жалғыз бір жолы елдегі реформаларды қайта қарастыру қажет деп пайымдалады. Курстық жұмыстағы кестелер статистикалық мәліметтер негізінде құрылды.
I ТАРАУ
1. 1 Бағалы қағаздар нарығының мәні, түрлері
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қызметіне кеңірек тоқталып өтсек.
Бағалы қағаздар нарығына былайша анықтама беруге болады: бағалы қағаздардың айналымы мен шығарушылар арасындағы жалпы экономикалық қатынас. Бұл мағынада бағалы қағаздар нарығы басқа да кез келген нарықтан айырмашылығы жоқ. Айырмашылық ретінде тек зерттеліп отырылған нарықтың объектісін айтуға болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы жеке тауарлар нарығына жатпайды, ол кез-келген елдің қаржылық нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының негізі тауарлық нарық, ақша және ақшалық капитал.
Бұл нарықтың сыныпталуы бағалы қағаздардың түрлерімен ұқсастығы бар және олардың айырмашылығы төмендегідей:
- Халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
- Ұлттық және аймақтық нарықтар;
- Нақты бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т. б. ) нарығының түрлері;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес (корпоративті) бағалы қағаздар нарығы;
- Бірінші және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығын қызметіне орай шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және ерекше. Бірінші топтың қызметіне мыналар жатады:
- Коммерциялық - нарықта жүргізілетін операциялардан пайда табу қызметі;
- Бағалық - нарықтық бағаның қалыптасуын және олардың қозғалысын қамтамасыз етеді;
- Ақпараттық - сату объектілері мен қатысушылар жайлы ақпаратты шығарады және қатысушыларға жеткізеді;
- Реттеуші - нарықтың сату және қатысу ережелерін жасап, келеңсіздіктерді шешу, басқару органдары мен басқаруды ұйымдастыру.
Бағалы қағаздар нарығының ерекше функциялары төмендегідей:
- қайта бөлуші;
- бағалық және қаржылық сақтандыру қызметі;
Қайта бөлу қызметі өз кезегінде 3 бөлімге (қызметке) бөлінеді;
- ақша қаражаттарын салалар арасында қайта бөлу;
- халықтың жинақтарын өндірістік емес формадан өндірістік формаға көшіру;
- бюджет тапшылығын қосымша ақша қаражаттарын шығармай қаржыландыру.
Бағалық және қаржылық тәуекелді сақтандыру немесе хиджирлеу (хиджирования) қызметі өндірістік бағалы қағаздар фьючерлік және опционды келісімдердің туындауымен байланысты.
Бағалы қағаздар нарығындағы сату әдісіне орай келесідей түрлері бар:
- бірінші және екінші ретті;
- ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
- биржалық және биржадан тыс;
- дәстүрлі және компьютерленген;
- кассалық және жедел нарықтар.
Бағалы қағаздар нарығының туындауы саудалық және жабдықтаушы операцияларымен байланысты. Олар вексель мен коносаменттер сияқты бағалы қағаздардың туындауына түрткі болды. Олардың әрі қарай кең етек жаюы акционерлік қоғамдардың пайда болуы мен мемлекеттің эмиссиялық іс-әрекетпен байланысты. ХІХ ғ. ортасы капиталдың бағалы қағаздарға инвестициялануының кең етек жайған уақыты болып табылады. Осы кезеңде бағалы қағаздар нарығының едәуір дамуы байқалып, нарық қатысушылары анықталды. Алғашында оларға жеке трейдерлер ретіндегі жеке тұлғалар, кейін заңды тұлғалар қосылды.
Бағалы қағаз бағалы қағаз нарығының құралы болып табылады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес бағалы қағаз белгілі формасы мен реквизиті бар, меншікті құқықты көрсететін, берілуі тек алушыға көрсетілген кезде ғана іске асырылатын құжат. Бұл заңды анықтамасы. Тауар әлемінің 2 топқа бөлінуі бағалы қағаздардың экономикалық мағынасын ашады; тауарлар (материалды активтер, өндіріс құралдары және қызметтер) және ақша. Ақша жай ақша не қосымша ақша әкелетін капитал болуы мүмкін. Әрқашан заңды тұлғадан немесе жеке тұлғадан ақшаны басқа біреуге беру қажеттілігі болады. Әлемдік тәжрибеде ақша берудің 2 тәсілі бар - несиелендіру мен бағалы қағаздарды шығарып, айналымға енгізу. Тауар нарығында тауардың жолда не әлі шығарылмаған кездің өзінде тауарды біреуге беру қажеттілігі сияқты жағдайлар болады. Бағалы қағаз - ақша да, материалды тауар да емес.
Бағалы қағаздардың иесіне беретін құқығы бағалы қағаз құндылығын анықтайды. Сатып алушы өз капиталын бағалы қағазға айырбастай отырып меншік құқығын сақтайды және капиталдан түскен пайыз не дивидендті қолдану құқығын сақтайды.
Тауар мен ақша қазіргі уақыттағы капиталдың бір түрі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша бағалы қағаз - нарықта тауар сияқты айналатын және пайда әкелетін капитал.
Бағалы қағаз - ерекше нарықта айналатын ерекше тауар, бірақ нақты тауар, қызмет және ақша болып табылмайды. Бағалы қағаздардың ақшаға айырбасталуы негізгі қасиеті болып табылады (сату-сатып алу, эмитентк қайтару т. б. ) . Оны есепке айырысуға, мұраға бірнеше жыл бойы беруге кепілдікке берілуі мүмкін.
Осылайша, бағалы қағаз қатаң тәртіпке салынған өз иесіне табыс, құқық және міндетті үшінші бір тұлғаға келісім шарт жасаспай берілетін құқық. Бағалы қағаздарды бергенде ұсыну міндетті емес, яғни трансакциялық шығындарды азайтады.
Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар қызметтерді де атқарады.
- мемлекет арасында, экономикалық салалар арасында, елдер арасында, топтар арасында ақша қаражаттарын бөледі.
- капиталдан табыс алуға және капиталдың қайтуын қамтамасыз ету;
7. Қазақстандағы бағалы қағаздардың сыныпталуы .
мемлекеттік
корпаративтік
жеке
шетелдік
үлестік
қарыздық
тауарлы-бөлуші құжат
аймақтық
ұлттық
халықаралық
атаулы
ұсынушылық
ордерлік
құжаттық
құжаттық емес
мезгілсіз
мезгілді
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
- орта мерзімді (1 ж-дан 10 ж-ға дейін)
- ұзақ мерзімді (10 жылдан артық)
тұрақты төлеу
бірінші ретті төлеу
пайыз мөлшерінен тіркелген қалқымалы пайыздық мөлшер
инвестициялық
нарықтық
эмиссиялық
эмиссиялық емес
ұлттық валютадағы номинал
шетелдік валютадағы номинал
екі жақты белгіленген номинал
номиналсыз
қайтарымды
қайтарымсыз
ҚР-дағы барлық бағалы қағаздар келесідей категорияларға бөлінеді:
Негізгі бағалы қағаздар . Бұлардың негізіне тауарлар, ақша, капитал, мүлік пен түрлі ресурстарға мүліктік құқық жатады.
Туынды бағалы қағаздар . Базистік активке негізделген бағалы қағаздар (базистік активтерге баға, индекстер, пайыздық мөлшерлену) . Туынды бағалы қағаздарға мыналар жатады: фьючерлік келісімдер (тауарлы, валюталы, пайыздық, индекстік және т. б. ), варанттар, опцион еркін айналымы мен құқығы.
Үлестік бағалы қағаздар кәсіпорын мүлкінің өтімді кезінде ие болуға құқық береді, жарғылық қордың құрылуына, табыстың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқару ісіне араласуға құқық береді. Акциялардың барлық түрі мен инвестициялық пай үлестік бағалы қағаз болып табылады.
Қарыздық бағалы қағаздар эмитент пен қарыз алушы арасында болатын қатнас, мұнда клиент ақшаны белгіленген күні қосымша пайызбен қайтарып беруді өз мойнына алады. Облигациялар, ипотекалық куәлік, қазыналық міндеттер, ҚР Ұлттық банкінің ноталары қарыздық бағалы қағаздар болып табылады.
Бағалы қағаздар меншік құқығы бойынша мынадай түрлері болады: Атаулы бағалы қағаздарда барлық иегерлер идентификацияланады. Ұстаушылар туралы ақпарат реестрде болады, меншік құқығы біреуге өткенде олар қайта идентификациялануы қажет. Ордерлі бағалы қағаздар -бұлар бойынша құқық бағалы қағазда көрсетілген тұлғаға тиесілі, олар бойынша операциялар бағалы қағаздардағы жеткізу жазбалары - индоссамент арқылы іске асырылады. Мысалы: Вексель, ипотекалық куәлік.
Ұсынушылық бағалы қағаздар бойынша құқыққа ұсынушы тұлға ие болады. Бұл бағалы қағаздарды көрсету ондағы құқықтарды іске асыруға жеткілікті
Құжатты - қағаз күйінде;
Құжатсыз - шоттарда жазылған.
Нарықтық бағалы қағаздар - бағамдық айырма бойынша табыс алынатын бағалы қағаз.
Инвестициялық бағалы қағаздар - дивиденд, купон, пацыз түрінде ағымдық табыс алуға негізделініп, ұзақ мерзімге алынатын бағалы қағаз.
Қайтарымды бағалы қағаз - мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін.
Қайтарымсыз - айналу мерзімі біткенше дейін айналымнан шықпайтын бағалы қағаз.
ҚР-ның заңнамаларына сәйкес айналымға мынадай бағалы қағаздар түсе алады:
- Мемлекеттік бағалы қағаздар;
- Акциялар;
- Облигациялар;
- Коносаменттер;
- Ипотекалық куәлік;
- Туынды бағалы қағаз;
- Жай қоймалық куәлік (Қоймалық + кепілдік куәлік) ;
- ҚР-да айналымға түсуге болатын шетелдік бағалы қағаз;
- Заң актілері бойынша бағалы қағаз болып табылатын өзгеде құжаттар.
Қазақстандағы қаржылық құралдарды негізге ала отырып бағалы қағаздар нарығының құрлымын былайша көрсетуге болады.
Акция - акционердің акционерлік қоғамның табысының бір бөлігін дивиденд күйінде алуға, акционерлік қоғамның ісін басқаруға және оның жабылған кезде мүлкінің бір бөлігін алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Акция - акционерлік қоғамның капиталының қатысушылығын куәландыратын бағалы қағаз. Акцияларды мемлекеттік органдардан басқа барлық акционерлік қоғамдар шығара алады. Корпарациялармен құрылған капитал өзіндік капиталдың бір бөлігі болып табылады және корпарация жабылған кезде бұл капитал қарыздық капиталдар (оның ішінде облигациялар бойынша) бойынша қарыз жабылғаннан кейін төленеді. Акционерлер салған акцияларының мөлшеріне сәйкес жауап береді. Сондықтан эмитенттің банкротқа ұшырауы кезінде инвестицияланған ақшалардың қайту кепілдігі жоқ.
Акцияларды былайша сыныптауға болады:
1. Бір акционерден екінші акционерге беру тәсілі бойынша:
- Атаулы
- Ұсынушылық.
Атаулы акциялар - бұл акциялардың иесі міндетті түрде акционерлер реестрінде тіркелуі тиіс.
Ұсынушылық акциялар акционерлер реестрінде тіркелмейді. Мұнда акционерлік қоғамдар акциялар иелерін білмейді.
2. Табыс алуы бойынша:
- Жай;
- Айрықша.
Айрықша акциялар бойынша табыстың көлеміне қатыссыз табыс алады. Акционерлік қоғамдардың жабылған кезінде айрықша акция иелері қарызы бірінші болып жабылады.
Айрықша акцияларды өз кезегінде былайша сыныптауға болады:
- акумулятивті - егер дивидендтер уақытылы төленбеген жағдайда олар барлығы жинақталып төленеді.
- қайтарымды - басқа акциялардан қарағанда мезгілсіз болуына қарамастан эмитентпен жабылуы мүмкін;
- конверттелетін - шығарушы эмитенттің жай акцияларына айырбастала алады.
- дауыс беру құқығы бар минималды дивиденд көлемі берілетін акциялар;
- дауыс беру құқығы жоқ минималды дивидендтер көлемі. Мұнда акционерлік қоғам жабылған кезде мүлік бірінші ретті төленді. Егер акциялар бойынша дивидендтер 3 ай мерзімінде төленбесе акция ұстаушылар акционерлік қоғам жарлығына сәйкес акционерлік қоғам жабылуы не қайта құрылуы мүмкін.
ҚР-ның заңнамаларына сәйкес акционерлік қоғамдар тек атаулы акциялар шығара алады. Айрықша акциялар болса Қазақстанда 2 түрге бөлінеді:
1. дауыс беру құқығы бар минималды дивиденд көлемі берілетін акциялар
2. - дауыс беру құқығы жоқ минималды дивидендтер көлемі.
Облигациялар - ұстаушыға шығарушы жағынан бағалы қағаздың номиналды құнын не кей жағдайларда өзгеде мүліктік эквиваленттін алуға құқық беретін бағалы қағаз. Облигация ұстаушы бағалы қағаздың номиналды құнының анықталған пайызын алуға немесе басқа да мүліктерді алуға құқық береді.
Қосымша ақша қаражатын тарту мақсатында эмитент төлем уақыты 3 жылдан ерте емес және жарғылық капитал көлемінен аспайтын облгациялар шығаруға құқылы
Облигациялар - эмитенттің қарыздық міндеттерін бектетін құжат, ол активтерге қарсы қойылады. Облигациялар есебінде жинақталған капитал акционерлік капитал болып табылмайды. Облигация шығару - капиталды қарызға алудың бір түрі. Облигациялар бойынша жедел қарыздық міндеттемелердің төлеу кепілі болып эмитент табылады. Эмитенттің банкротқа ұшыраған кезінде оның мүлкінің бір бөлігін иеленуге облигация құқық береді.
Корпорациялар үшін облигациялар акциялар сияқты инвестиция тарту көзі болып табылады. Алайда бұл бағалы қағаздардың айырмашылығы бар:
1. Облигация иесі кредитор болса, ал акция иесі корпарацияның меншік иегері болып табылады.
2. Облигация иегері эмитент табысына байланыссыз пайыз алады. Акционердің акциялары жай акция болған жағдайда акционерлік қоғамның табысы болмаған кезде дивиденд алмайды.
3. Облигация иегерінің дауыс беру құқығы жоқ, акционерлер жиынына қатыспайды, корпорацияның басқару ісіне араласпайды Акционердің мүліктік мүддесіне қатысты жайттарда акционердің дауыс беру құқығы болады.
4. Облигация бойынша төлемдер корпорация шығындарына жатады және салық төлеуге тиісті табысты азайтады. Салық салғаннан кейін қалатын таза табыс негізінде дивиденд төленді.
5. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылса, акциялар мерзімсіз бағалы қағаз болып табылады.
Облигациялардың сыныпталуын былай көрсетуге болады:
1. Эмитентке байланысты
- мемлекеттік
- жергілікті
- корпаративті
- шетелдік.
2. Облигациялық қарыз мерзіміне орай:
- қысқа мерзімді 1жылға дейін
- орта 1 жылдан 3жылға дейін
- ұзақ 3 жылдан 25 жылға дейін
3. Шығару түріне байланысты:
- шоттағы жазба күйіндегі қолма қол емес облигация;
- қолма-қол облигация.
4. Иелік етуі бойынша:
- ұсынушылық;
- атаулы.
5. Табыс алу тәсіліне байланысты:
- табысты, компанияның жеткілікті пайдасы болған жағдайда ғана төленетін;
- пайызсыз номиналды құнынан төмен, яғни дисконтпен сату;
- қалқымалы пайздық, облигация бойынша пайыз банктік пайызбен теңгеріледі, бірақ белгілі бір деңгейден не жоғары, не төмен болмайды.
6. Жабу тәсілі бойынша:
- сериялық;
- бір ретті.
7. Айналу тәсіліне орай:
- конверттелетін;
- конверттелмейтін.
8. Қамтылуына байланысты:
- кепілдемемен қамтылған;
- үшінші тұлғамен кепілдендірілген;
- кепілдемесіз (қамтылмаған) .
9. Айналымына орай:
- еркін айналымдағы;
- айналымы шектелген.
Мемлекетік бағалы қағаздар жергілікті және орталық билік органдарымен шығарылатын қарыздық бағалы қағаздар. Олар мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарының бір түрі. Ішкі мемлекеттік бағалы қағаз қарыз бойынша мүліктік құқықтарды куәландырады, мұнда қарыз алушы болып Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банк, жергілікті атқарушы органдар табылады. Сыртқы нарықта мемлекеттің еурооблигациялары айналымға түседі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағазының алғашқы орналастырылуы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе Қазақстан Республикасының ұлттық банкі арқылы жүзеге асырады. Барлық мемлекеттік бағалы қағаз құжатсыз күйде шығарылады.
Мемлекеттік бағалы қағаз әр түрлі тәсілдермен орналастырылуы мүмкін (аукциондар, сауда, ашық сату, жабық тарату және т. б. ) . Кез келген заңды тұлға мен жеке тұлға сатып алушы бола алады. Халық, екінші деңгнйлі банктер, зейнетақы және инвестициялық қорлар мен сақтандыру компаниялары негізгі инвестор болып табылады.
Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздардың сыныпталуы.
үкіметтік
жергілікті
Қысқа мерзімді (1жылға дейін)
Ұзақ мерзімді
Нарықтық
Нарықтан тыс
Пайыздық
Дисконтты
Біріктірілген
Инфляция бойынша индекстелген
Құнсыздану бойынша индекстелген
Бекітілген пайыздық мөлшер
Қалқымалы пайыздық мөлшер
Ұлттық валютада
Шетелдік валютада
Нарықтық мемлекеттік бағалы қағаздар алғаш рет орналасқаннан кейін еркін қайта бөлініске түседі.
Нарықтық емес - белгілі бір уақыттан кейін эмитентке қайтарылатын қайта бөлуге түспейтін мемлекеттік бағалы қағаздар.
Дисконтты мемлекеттік бағалы қағаздар номиналды құнынан төмен шығарылып, номиналды бағамен өтелетін мемлекеттік бағалы қағаздар.
Купонды бағалы қағаздар номиналды бағамен шығарылып, қосымша пайызбен өтелінеді.
Біріктірілген - номиналды бағасынан төмен шығарылып, қосымша пайызбен өтеледі.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында айналымға түсетін мемлекеттік бағалы қағаздардың кейбір түрлері .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz