Қаймақ өндіру технологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Ауыл шаруашылығы және ресурстары кафедрасы

Оқу тәжірибесі бойынша
БЕРУ
6B07202 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

Орындаған:Арғынбай Э.Қ
2 курс АТТ-201 тобының студенті
Жетекшісі: Назаренко Т.А

Павлодар 2020

FOODMASTER ЖШС өнімдерінің өндіру технологиясы
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
1 Ұйымның экономикалық стратегия тиімділігінің теориялық негіздері
1.2. Ұйымдардың экономикалық стратегиясының тиімділік көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар
2 тарау. Фуд мастер өнімдерінің өндіру технологиясы
2.1 Айран өндіру технологиясы
2.2 Бифидка өндіру технологиясы
2.3 Ряженка өндіру технологиясы
2.4 Йогурт өндіру технологиясы
2.5 Қаймақ өндіру технологиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіру, өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық стратегиясының қайтарымдылығын едәуір арттыру қажет. Сондай-ақ әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі индустрияландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен тұрлаулылығын басқаруға көңіл аудару қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі үшін Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту қажет.
Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:
Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;
Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек [1].
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Шикізаттық ресурстар өндірісі мен экспортын белсенді дамыту ұлттық экономиканың дағдарыстан шығуына және экономикалық стратегиясының өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті - экстенсивтіге негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық стратегиясының жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен экономиканың өсу сапасына көтерілу.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық стратегиясының жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Курстық жұмысымның мақсаты -- қазіргі экономикалық стратегиясының даму жағдайына сай экономика салаларын әртараптараптандыру және өңдеуші өнеркәсіптік ұйымдардың жоспарлау мәселелерін зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
-- экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші ұйымдардың жоспарлау мәселелерін қарастыру;
-- Қазақстан Республикасында FoodMaster жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін анықтау;
-- ұйымның экономикалық стратегиясының тиімділігін бағалау;
-- Қазақстанда өңдеуші ұйымдардың тиімділігін арттыру тетіктерін анықтау;
-FoodMaster компаниясының жоспарын жақсарту жолында симплекс әдісін қолданып, оптималды шешімін табу,
-- ұйымның экономикалық стратегиясының тиімділігін арттыру үшін нақты бизнес-жоспарды құру.
Зерттеу объектісі ─ FoodMaster жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жұмысымның теориялық және әдістемелік негізін ұйымның жоспарлау мәселелері және оны математикалық мадель арқылы оптималдау бойынша мәліметтерді отандық, бірқатар шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері саласында қызмет ететін ФудМастер ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Жұмыс құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.
1 ұйымның экономикалық стратегия тиімділігінің теориялық негіздері
Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелер
Елбасының 2007 жылдың ақпанындағы Жолдауында көрсетілгендей: Біз мүлдем жаңа экономикалық стратегиясының жүйенің, демократиялық
құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік. Біз ішкі тұрақтылыққа қол жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп, өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде орнықты [3].
Дегенмен оған жету үшін талай қиындықтарды бастан кешіруге тура келді. Ауқымды реформалар жүргізілді. Егемендіктің алғашқы жылдарында ең қиын жағдайлар экономика саласында болды, ең ауқымды реформалар да осы салада жүргізілді.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы басталар шағында алдымен экономикаға көңіл бөлу керек екендігін айтты. Егемендік алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы осы экономика саласы деп атап көрсетті. Бұл дұрыс пікір еді. Өйткені жеке басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал тұрмыстың негізі экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына қоятын мақсаттың, оның орындалуы ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты. Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті.
Егемендік алардың қарсаңында, Қазақстанда өндіріс - тің өңдеуші салалары өте мардымсыз да - мыды. Жер астынан алынған, жер үстіндегі байлық та басқа республикаларда, әсіресе, Ресейде өңделіп жатты. Сол кездері Қазақстан экономикасына керек құрал-жабдықтардың 34 бөлігі Одақтың басқа өңірлерінен келетін еді. Біз осындай Одақ экономикасына деген шексіз тәуел - діліктің, оның бұйымдарына деген үлкен мұқтаждықтың шеңберінде болдық [4].
Сонымен, республикааралық экономикалық стратегиясының байланыстар үзілді, басқа жерлерден ке - ле - тін жабдықтар тоқтады, өз еліңде жасалған бұйымдар да бұрынғыдай басқа республика - лар - дан көлемді сұраныс таппады. Соның салдарынан республикадағы экономикалық стратегиясының кеңістік күрт шектеліп, азайды. Мысалы, 1992-1993 жылдары Қазақстан халық шаруа - шы - лығының көптеген салаларында ұйымдардың жартысына жуығы, ал жеңіл өнеркәсіп пен кейбір өңдеуші салаларда 60-тан 80% дейіні жартылай жұмыс істеп немесе толық тоқтап тұрды. Елде жұмыс - сыз - дық барынша өсіп, экономика дағдарысқа кірді [2].
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары эконо - ми - ка - да орын алған қатты күйзелістің себебі мен сипаты осылар болды. Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жылдағы көлемі 40 пайызға жуық азайды. Осындай құл - ды - рау - дың 80% себебі елдің экономикалық стратегиясының байланыстарының үзілуінен болды. Тек бізде ғана емес, басқа республикалардыңФ мамандары да осындай тұжырымға тоқтады.
Кешікпей нарыққа көшудің ауқымды реформалары басталды. Нарық экономикасына көшудің ең бас - ты мәселесі мемлекеттік мүлікті ыдыратып, меншікті жекешелендіру болды. Қай елде болса да бұл өте жауапты науқан, көптеген ел - дерде осы саладағы реформаларға жылдар емес, ондаған жылдар кеткенін әлем тарихы - нан білеміз. Үш-төрт кезеңмен жіктелген меншікті жекешелендіру науқаны бізде, Қазақстанда, 8-9 жылдың ішінде орындалды. 1995-1997 жылдар мем - лекеттік мүліктің 60%-на жуығы жеке - шелендірілді, 2001 жылы елдің жеке - мен - шік секторында ұйымдардың 74,4%, елдегі жұмыскерлердің 60%-нан артығы жұмыс істеп, олар респуб - ли - кадағы жалпы өнімнің 83%-ын шығарып отырды. Кейін бұл көрсеткіштер тағы да өсті. Ал қазір Қазақстан экономикасының қай саласын алсақ та олардың негізін қалайтындар жекешеленген кәсіпорындар мен ұжымдар [5].
Қазақстандағы жедел реформалар негізінде нарық экономикасы қалыптасты, олардың тиісті тетіктері жа - сал - ды, институттық орындары мен байла - ныс - та - ры құрылды. Даму үрдісінде тұрақтылық орнай бастады. Әлем экономикасында қа - лып - тасқан өркениетті үлгі негізінде шетел - дермен сауда-саттық қатынастары орнап, олар жылдан-жылға кеңейе бастады. Нәти - жесінде Еуропа Одағы, басқа елдер Қазақ - стан нарық экономикасының елі деп танып, мойындады.
1997-1998 жылдардағы әлемдегі, әсіресе, Оңтүстік Азия елдеріндегі, Ресей Федера - циясындағы қаржы саласындағы күйзелістер Қазақстанға да теріс әсерін тигізді. Деген - мен, 1999 жылы кейбір көріністері белгі бе - ріп, 2000 жылдан бастап Қазақстан эко - но - микасы үзбей тұрақты даму жолына шықты. Содан бері әр жылда республиканың ЖІӨ 10% шамасында өсіп, даму қарқыны жағынан ТМД елдерінің алдына шықты. Нәтижесінде, ЖІӨ-нің екі есе өсуіне жоспарла - ғанымыздай 10 жылда емес, 8 жылда қол жеткізуімізге мүмкіндігіміз толық бар [4].
Тұрақты даму жолы экономика саласын - да бұрынғыдан да ауқымды шаралар бел - гі - леп, оларды іске асыруға жол ашты. Қазақ - стан - ның табиғи байлығын, өндіргіш күш - те - рін, шетелдіктермен қатынастардан ту - ған мүм - кіндіктерді пайдалана отырып, жаңа эко - номиканы түбегейлі және жан-жақты жасақ - тау осы тұрақты даму жолына шығудан басталды.
Соңғы жыл мәліметтері тұрақты даму мысалы бола алады. 2005 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ЖІӨ-дерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 5 есеге жуық - 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2,1 пайыздық пунктке арта түсіп, 2005 жылғы деңгейге қарағанда 10,6%-ды құрады. Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың қорытындылары бойынша 5083 АҚШ долларын құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады, өңдеуші өнеркәсіпте - 7,3%, тау-кен өндіруде - 7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері 20,4%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ға ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ға, оның ішінде экспорттың көлемі 37,3%-ға, импорт 36,4%-ға өсті.
Жұмыссыздардың саны 2,4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылғы 8,1%-ға қарағанда 7,8%-ды құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері бағалау бойынша 10%-дан астам өсті.
Қаржы секторы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылды. Алдын ала деректер бойынша экономикаға кредиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7%-ға -- 4736 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2006 жылы 88,4%-ға ұлғайып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, 2006 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде сақталды - 8,6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.
Ұлттық қордың активтері 14 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Алтын-валюта резервтерінің көлемі олардың есебінен 33 млрд. АҚШ долларынан асты [4].
Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе өсті. 2005 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30 пайызға ұлғайтылды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін ең жоғарылардың бірі екенін атап өту қажет [6].
Қолымыз жеткен жетістіктер әрбір қазақстандықты қуантады. Алайда дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық стратегиясының ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi -- - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы - Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Осы кедергілерді жеңу үшін ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта отырып жетілдіру қажет. Осы жөніндегі Қазақстанның басым міндеттерінің біріншісі -- ел эко - но - микасында қазір орын алып отырған сыңар - жақтықтан шығарып, тек қана табиғи ресурстарды игере беру емес, өңдеуші сала - лар - ды, жаңа технология, техникамен жарақ - талған, өнімді өте терең өңдейтін өндіріс салаларын дамыту. Екіншісі - тек қана нарық экономикасы емес, оның әлемнің озық елдеріндегі ең тиімді үлгілерін енгізу, қазіргіден де жаңа, білім мен ғылым, ин - новациялық технологиялар негізінде жұмыс істейтін экономиканы жасақтау. Яғни жаңа экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен ғылым негізінде дамыған эконо - мика, яғни тек өнім, тауар шығаратын эко - но - мика емес, білімге білім қосып, ол ғылы - ми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа технология туғызып, соның негізінде дамитын экономика. Сондықтан да ол бұ - рынғымен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы. Әлем тәжірибесіне сүйенсек, қазіргі таңда дамыған елдерде жаңа технология, жаңа білім негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жа - по - ния - да, Германияда, Канадада, Швеция, Фин - ляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу қамында.
Мемлекет басшысының соңғы екі Жолдауы осы олқылықтардың орнын толтыруға, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды шығаруға бағытталды. Президент ұлт алдына орасан үлкен мақсат қойып отыр: біз әлемнің бәсекелестікке қабілетті ең мықты деген 50 елінің қатарына кіруіміз керек. Бұл нақты және шынайы мақсат. Қазір біз бәсекелестік қабілет жағынан Ресейден кейін тұрмыз. Әлемнің бәсекелестікке қабілеті алғашқы 50 елінің қатарына қосылу үшін -- бәсекелестік қабілет бойынша жоспар қажет. Елбасы Жарлығымен Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында келешекке есептелген бірнеше бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Қабылданған бағдарламалардың бастысы ретінде Қазақстан Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын атап айтуға болады.
Бұл Стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi -- 2003-2005 жж., екiншi -- 2006-2010 жж., үшiншi -- 2011-2015 жж. жүзеге асырылады.
Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру, мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.
Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк бередi.
Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi түрде шешедi. Бұл ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту қамтамасыз етiледi.
Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi.
Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiледi.[7]
Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi дамыту қарқынының өсуi есебiнен iске асады.
Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi.[1]
Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу кезінде күтілетін нәтижелерді атап өтсем. Экономиканың өсу қарқыны жылына кемiнде 8,8-9,2%-ды құрайды. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8 еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Стратегияны iске асыру:ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң үлестiк салмағын 2015 жылы 46,5%-тен 50-52%-ке дейiнгi мөлшерде ұлғайтуға;
ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми- инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға арттыруға;
ЖIӨ құрылымында өңдеушi өнеркәсiп үлесiнiң төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3%-тен 2015 жылы 12-12,6%-ке дейiн төмендеуiн бәсеңдетуге (салыстыру үшiн бұл көрсеткiш индустриялық саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы 10,9%-тi құрайтын едi).
Сонымен қатар Стратегия iске асырылмаса, өнеркәсiптiк өндiрiстегi кен өндiру салаларының қосылған құнының үлесi, оның iшiнде мұнай өндiру 2000 жылғы 31,0 және 25,6% қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56% және 50-51%-ке жетуi мүмкiн. Стратегияны iске асыруды есепке алғанда кен өндiру кәсiпорындары 46-47%-тi ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiс орындарының үлесi 2000 жылғы ЖІӨ 0,1%-нен 2015 жылы 1-1,4%-ке дейiн артады.[2]
Өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының құрылымында сапалық өзгерiстер болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы көлемiнiң 40,1%-нен 27-28%-ке дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесi 38,1%-тен 45-46%-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өнiмнiң үлесi 2000 жылғы 0,6%-пен салыстырғанда 9-11%-тi құрайды.[1]
Стратегияның бірінші кезеңінде Қазақстанның даму банкі, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация сияқты даму институттары құрылды. Осы институттардың қызметтеріне тоқталсам, Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына үлестiк және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикiзаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi төмен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық кредиттер беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
Ұлттық инновациялық қордың (ҰИҚ) мақсаты- технопарктер, бизнес-инкубаторлар салу, венчурлы қорларды ұйымдастыру. Қазіргі кезде ҰИҚ -- ның құрамында 9 венчурлы қордың қаржысы бар, олардың бесеуі отандық та қалған төртеуі- шетелдік.[4]
Қазіргі кезде Қазақстанда венчурлық қор жүйесін қалыптастыру үлкен маңызға ие болып тұр, бұл әсіресе заңдық шығармашылық барысында өте тиімді.
ҰИҚ өз жұмысының төрт бағытын анықтады; мұнай-газ секторына технологиялық қызмет көрсету, информациялық технология, ауыл шраушылығы өнімдерін қайта өңдеу. Сондай-ақ биотехнология мен фармакология саласында да жұмыстар жүргізу. Бұл мақсаттарға қаржының жетпіс пайызы бөлініп отыр. Қалған ақша ұқсас технологияларға, энергетикаға, нанотехнологияға, космостық технологияға жұмсалатын болады.
ҰИҚ түрлі деңгейдегі талдау жұмсытарын жүргізу, Озық жетістіктер орталығын құру, экономиканың нақтылы секторымен тығыз байланыс орнатып, озық жетістіктерді ғылым мен техниканы дамытуға кеңінен пайдалану мақсатында Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл жоба 2005 жылы Қоғамдық форумда қабылданған болатын.[8]
1.2. Ұйымдардың экономикалық стратегиясының тиімділік көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорын тиімділігі - белгілі бір уақытта өндіріс ресурстарының барлығын пайдаланғандағы соңғы нәтижелердің кешенді немесе жалпы көрінісі.
Кәсіпорын тиімділігі шығындардың ең төмен деңгейін сақтай отырып, еңбек өнімділігін жоғарылатуды, өндірістік қуаттарды, шикізат пен материал ресурстарын толық пайдалануды және ең жоғары нәтижелерге жетуді сипаттайды [10].
Экономикалық стратегиясының тиімділікті бағалау үшін өндіріс нәтижелері шығындармен салыстырылады:
Тиімділік ═ Нәтиже Ресурстар (Шығындар)
Өндіріс нәтижелері деп өндірістің пайдалы соңғы нәтижесін түсінеміз. Ол келесі түрлерде болады:
1) натуралды және құндық сипаттағы өнім көлемімен өлшенетін өндірістік үрдістің материалды нәтижесі;
2) кәсіпорын қызметінің халықшаруашылықтық нәтижесі. Ол тек шығарылған өнім санын ғана емес, сонымен қатар оның тұтынушылық құнын да өз құрамына кіріктіреді.
Белгілі бір уақыт кезеңіндегі ұйымның өндірістік - шаруашылықтық қызметінің соңғы нәтижесі болып таза өнім саналады, яғни жаңадан құрылған құн. Ал коммерциялық қызметінің қаржылық нәтижесі болып пайда саналады.
Өндіріс тиімділігін өлшеу экономикалық стратегиясының тиімділік критерийлерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл экономикалық стратегиясының тиімділік кәсіпорыннан жалпы халық шаруашылығына дейінгі барлық сатыларда біркелкі болу керек.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындарының) арақатынасы экономикалық стратегиясының өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық стратегиясының өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық стратегиясының өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді [11].
Өндірістің экономикалық стратегиясының тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру - оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштердің бір-бірімен байланысқан жүйесінде нақты сандық мағынаға ие. Бұл көрсеткіштер өндірістік үрдістің негізгі элементтерін пайдалану тиімділігін сипаттайды. Өндірістің экономикалық стратегиясының тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі келесі қағидаларға сәйкес келуі керек:
-өндіріс тиімділігінің нақты көрсеткіштерінің жүйесі мен критерийлері арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
-- өндірісте қолданылатын ресурстардың барлық түрлерін пайдалану тиімділігінің деңгейін анықтау;
-- басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі өндіріс тиімділігін өлшеуді қамтамасыз ету;
-- өндіріс тиімділігін жоғарылатуға бағытталған өндірісішілік резервтердің мобилизациясын ынталандыру.[8]
Аталған қағидаларды ескере отырып өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерінің келесі жүйесі анықталды:
1 Ұйымның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Бір еңбеккерге шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Еңбеккерлердің орташа тізімдік саны
Бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Жұмысшылардың орташа тізімдік саны
Бір жұмысшыға шаққандағы орташа күндік шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Барлық жұмысшылардың еңбек еткен күн саны
Бір жұмысшының орташа сағаттық шығарымы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Барлық жұмысшылардың еңбек еткен адам-сағат саны
Қор қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
Қор сыйымдылығы ═ Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны Өнімді өткізуден түскен түсім
Материал қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Шығындалған материалдар ресурстарының орташа құны
Материал сыйымдылығы ═ Шығындалған материалдар ресурстарының орташа құны Өнімді өткізуден түскен түсім
Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:
*бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
*жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
*бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.
Орташа жылдық және орташа күндік өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық, жұмыс уақытының толық күндік жоғалуын немесе есеп беру кезеңіндегі бір жұмысшының істеген жұмыс күні санының өскенін бейнелейді. Орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаймақ және сары майдың өндіру гигиенасы және технологиясы
Сүтті жылулық өңдеу
Пастерленген және стерильденген сүт өндіру технологиясы. Пастерленген сүт ассортименті
«СП Первомайский» жеке кәсіпкерлігінде іс-тәжірибе есебі
ҚАЙМАҚ ПЕН ҚАЙМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Термостатты әдіс
Сүтқышқылды өнімдердің технологиясы
Шөлмектерге қаймақ құйып жабатын автоматтың технологиясының есептелуі
ҚАЙМАҚ ӨНІМІ
Ашытылған сүт өнімдерін дайындау технологиясының әдістері
Пәндер