Психикалық құбылыстардың топтастырылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

№ апта
Дәріс тақырыбы және тезистер
Сағат көлемі
№ 1
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Психология пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы мідеттері.
2. Психологияның негізгі салалары.
3. Психологияның әдіснамалық пинциптері, зерттеу әдістері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы
1. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты танып білуге болады. Осы мәселенiң ғылыми тұрғыда олардың заңдылықтарын психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция. Психология терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi псюхе-жан, екiншiсi логос - iлiм, сонымен, бұл сөз жан туралы iлiм деген ұғымды бiлдiредi. Бiрақ, психолгияны жан туралы iлiм демей, психика туралы ғылым деп түсiнген дұрыс. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы дiншiлдiк нанымдар мен кейбiр буржуазиялық көзқарастарда насихатталып келген түсiнiктер бойынша адамда тәннен тәуелсiз жан болады, мәңгi-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тiршiлiгiн ойының, сезiмiнiң, еркiнiң иесi себепшiсi дейді. Жан туралы осындай жалған түсiнiктiң пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсiне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан бөлек тұратын ерекше бiр сиқырлы күш бар, ал жан соның бiр көрiнiсi, ұйқы кезiнде ол денеден уақытша шығып кетедi де, адам ояанған кезде қайтып келедi, егер келмей қалса, адам өледi деп тұжырымдайды. Жан туралы осындай анимистiк барлық нәрседе жан бар дейтiн терiс түсiнiк, пiкiрлер кейбiр тайпалардың арасында күнi бүгiнге дейiн кездеседi. Адамның жан дүниесiн, психикалық құбылыстарды түсiну екi түрлi ой, екi түрлi бағыт туғызды. Олардың бiрi идеалистер табиғат, дүние идеадан кейiн жаратылған десе, бұған қарама-қарсы ғылым өкiлдерi материалистер, материя алғашқы, ал сана соңғы ол материядан туады деп түсiндiредi.
2. Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Психология психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстарды үлкен үш топқа жіктеуге болады:
Психикалық процестер
Психикалық қасиеттер
Психикалық кейіп
Олардың бiрi психикалық процестер деп аталса, екiншiлерi психикалық қалып, үшiншiлерi психикалық қасиеттер деп аталады.
Психикалық процестердiң кейбiрi түйсiк, қабылдау, елес т.б. сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тiкелей танып, бiлуде көрiнетiн болса, ендi бiреулерi ойлау, қиял т.б.бұлардың арасындағы күрделi байланыстарды, дәнекерлi қатынастарды, өзгерiстердi тереңдей бойлап бiлуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективтiк шындықпен) үздiксiз жасалып отыратын белсендi байланысында оның сезiм, ерiк процестерi шешушi роль атқарады.
Психикалық кейiп немесе қалып адамның түрлi көңiл күйiнiң шабыт, зерiгу, үрейлену, абыржу, сергктiк,белсендiлiкт.б.тұрақты компоненттерi. Психикалық құбылыстардың осы екiншi тобы ғылымда әлi де болса толық зерттелiп бiтпей жатыр.
Психологияның әдіснамалық принциптері.
Психологияның ғылыми зерттеу әдістері
Психология ғылымының негізгі принциптеріХХ ғасырдың 30 жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детеминизм принципі, даму принципі, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі.
Диалектикалық материализмді тек қана табиғатты, қоғамның дамуын, адамның ойын тану көзқарасы деп түсінуге болмайды, ол сонымен қатар объективтік дүниені өзгертіп отыратын әдіс те.
Сондықтан әрбір пән объектілерді өз даму заңдылығына сай дұрыс түсініп, ішкі сырын ашып отыруы үшін диалектикалық материализм принциптерін қолданып отырады.
Айдаладағы шындықты тану жолында бұл айтылған принциптерді іске асырудың төмендегідей шарттары бар:
біріншіден, объектінің басқалармен байланысын, қатынасын еске ала отырып зерттеу;
екіншіден, объектіні бір жерде тұрып алған, статикалық қалыпта емес, қозғалыс, даму күйінде зерттеу;
үшіншіден, зерттеу арқылы табылған нәтиженің мөлшері етіп адамның практикасын алу;
төртіншіден, диалектикалық-материалистік танымның нақты болу үшін зерттелетін құбылыстардың белгілі заңдылықтарын шеше білу. Осы аталған принциптерге сай, қандай пән болса да, зерттейтін заттар мен құбылыстардың өмір сүру, нақты даму жолдарын қарастырып, олардан нәтиже шығаруға тиіс. Осы талапқа сай, психологияның да өзіне тән зерттеу әдістері бар.
Адамның психологиясы, сана-сезiм дәрежесi iс-әрекеттен, оның нәтижесiнен жақсы байқалады. Адам психологиясын нақтылы әрекет үстiнде зерттеу психологияның ең негiзгi принципi. Идеалистiк психологияның өкiлдерi: адамның психикалық құбылыстарын зерттеуде оның өзi берген мәлiметтер шешушi орын алады, сондықтан да өзiн-өзi байқау интроспекция әдiсiнiң деректерiне ерекше көңiл бөлу қажет, - дейдi.
Бақылау әдiсi
Белгiлi жоспар бойынша жүйелi түрде бiраз уақыт бойына зерттелушi адамның психикалық ерекшелiктерiн қадағалауды байқау әдiсi деп атайды. Байқау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелушi адамның әрекетiне әдейi араласпай-ақ жүргiзiледi. Осы әдiс арқылы зерттелушiнiң мимикасын, бет құбылысын, сөз реакцияларын, түрлi қозғалыстарын, мiнез-құлқын, жалпы әрекетiн байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерiк күшi, сезiм ерекшелiктерiн, темпераментi де байқау әдiсi арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегi оқушының ойлау және сөйлеу әрекетiн зерттеу керек болса, ол үшiн зерттеушi оқушының әр сабақ үстiндегi жеке сөздерiн, сөйлемдерiн стенографиялап, күнделiкке түсiредi, кейiн оны тиянақты түрде талқылайды да, тиiстi қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлi ерекшелiктерiне қарай байқау әдiсiнде кейде аспаптар да қолданылады.

Эксперимент әдісі
Эксперимент жасауда зерттеушi өзiне қажеттi психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтiп тұрмай, сол процестiң тууына өзi жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екiге бөлiнедi. Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырылады. Психологияны зерттеу әдістерінің обективті сипаты. Ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге болады деп санап келеді.Бұл әдіс адам жаны ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа енгізделеді.АҚШ психологы Э.Титченер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, сондай ортады болса, солардың қылығын жасар еді, содан кейін ол адамға тән саналы әрекет арқылы адамдық қасиеттерді туғыза алар еді дейді. Бұл әрине, сыңаржақты субъективті көзқарас. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі адам санасы мен әрекетін бірлікте іздестіре отырып, адамның өзін-өзі басқаруының ісі мен қылығына есеп беруін жоққа шығара алмайды. Генетикалық принцип қазіргі ғылыми психологиядағы талап.

Лабораториялық эксперимент

ХIХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестердi зерттеу үшiн эксперимент тәжiрибе кең түрде қолданыла бастады. Несм ғалымы В.Вунд психологияны эксперименттiк жолмен зерттеудiң негiзiн салды, тұңғыш лаборатория ашты (1879). Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бiрiн ХХ ғасырдың басында орыс психологы Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Лабораторияларда психикалық процестердiң пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшiн хроноскоп, терi түйсiгiнiң сезгiштiгiн байқауүшiн эстезиометр, зейiн көлемiн анықтау үшiн - тахистоскоп, естудi өлшеу үшiн аудиометр, бұлшық еттiң жұмысын тiркеу үшiн эркограф жабдықтары пайданалынды. Лабороториялық эксперимент, мысалы балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабороторияда жүргізіледі.
Табиғи эксперимент
Табиғи эксериментті психологияға 1910ж. орыстың оқымысты ғалымы А.Ф.Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сондай- ақ, психологиялық-педагогикалық зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңдерде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмащылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.Түрлi психикалық құбылыстардың құрылымын функциялар мен параметрлердi шамамен жорамалдауда, эксперименттiк материялдарды талдауда, модельдiк құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдiс қолданылады.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдiстер бар, оларды қосалқы әдiстер деп атайды. Осындай қосалқы әдiстердiң қатарына анкета әдiсi, интервью әңгiмелесу әдiсi, сынау тестәдісі т.б. әдістер жатады. Сынау тестәдісі адамның бойындағы түрлі сапалар мн олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп кояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады.
Психологияның салалары

Қазiргi психология сан салалы ғылым оның қырықтан астам салалары бар. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тiлектерi өмiрiмiзде болып жатқан ғылыми-техникалық, экономикалық прогрестiң, дамудың әсерi. Психологияның кейбiр салалары еңбек үстiнде адам санасы қалай қалыптасатындығын зерттейдi. Психолгия педагогикалық, медициналық, әскери, инженерлiк т.б. болып бiрнеше салаларға бөлiнедi. Психологиялық ғылымдардың келесi бiр топқа енуiне даму принципi басты негiз болады. Бұларға мектепке дейiнгi бала психологиясы, жас өспiрiм, балаң, кәмел жас, егде жастағылар психологиясы, патологиялық психология, психикасы кемiс адамдарды зерттейтiн, салыстырмалы, зоопсихология, этнология дейтiн салалары кiредi. Қоғам мен жеке адамның қарым-қатынасын зерттейтiн әлеуметтiк психология, тұрмыс пен биологиялық факторлардың бала психикасына әсерiн балалар психологиясы, жануарлар мен адам психикасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыратын салыстырмалы психология деп аталатын салалар болып табылады.
Тәлім-тәрбие психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні адамды оқыту мен тәрбилеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеру мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастырды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.
Жас кезеңдер психологиясы әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отырған азамматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынандай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы.
Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуы, судропсихология саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология нашар көретіңдер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
Еңбек психологиясы адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясының мақсаты, әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру.
Инженерлік психология бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономикадеп аталады. Бұл термин гректіңергон жұмыс, номос заң деген екі сөзінің бірігу нәтижесінде пайда болған.
Авияциялық психологияұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істерді жай жапсарын, жалпы, адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.
Ғарышкерлік психология адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын онын шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді. Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар.
Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаққа бөлінеді, әрбір тармақтың адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат, міндеттері бар. а. Нейропсихология психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә. Психофармаксология дәрі-дәрмектердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б.Психотерапия ауру адамға психикалық әдіс айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерінін қарастырады; в. Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындаумен шұғылданады.
Әскери психологияның ең басты міндеті, азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгерлердің мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындағы қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.
Әлеуметтік психология, адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізінде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастары психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді.
Спорт психологиясы, спортшылардың іс-әрекеттеріңдегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді.
Сауда психология, қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.
Ғылыми шығармашылық психологиясоңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл сала шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылық эвристикатәсілі.
Көркем-өнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле қойған жоқ.
Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады.
Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселерлерді реттеу және оларды тәжірбие жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.Бұл сала сот психологиясы, қылсым психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Психологияның пәні
A)& психика
B) сана
C) мінез-құлық
D) санадан тыс
E) iс-әрекет
*****
"Псюхе" ұғымы келесі мағананы білдіреді:
A) сана
B)мінез -құлық
C) іс -әрекет
D) & жан
E) ойлау
*****
Психологиядағы негізгі үрдістер
А) & психологиялық эксперимент
В) әңгімелесу
С) сауалнама
D) бақылау
Е) өмір баяндық әдіс
*****
Негізгі психологиялық пән
А) әлеуметтік психология
В) психодиагностика
С) & жалпы психология
D) психотерапия
Е) генетикалық психология
*****
Әлеуметтік психологияның зерттеуі:
А) & адамдардың қарым - қатынасының әрекеттестігі
В) психологиялық баға беру мәселесі
С) адамның мінез - құлқыының психологиясы
D) педагогикалық үрдіс
Е) тұқым қуалаушылық механизмдері
*****
Бақылау - бұл:
А) & зерттелінетін құбылыстарды жүйелі және мақсатқа сай бағыттай отырып қабылдау
В) оқыту мен тәрбиелеу
С) психологиялық сынау
D) индивидтік ой- пікір
Е) оқып меңгеретін феноменді құрастыру
*****
Психологиялық зерттеу жағдайларын құрай алу және өзгерту мүмкіндігіне ие болуының басты жетістігі
А) бақылау
В) & эксперимент
С) сауалнама
D) анкета
Е) тест
Жалпы психологияның пәні
А) адамдардың іс - әрекеттестігі
В) көңіл - күйді психологиялық тұрғыдан бақылау
С) & психикалық үрдістер қасиеттер және күйлер
D) құрлымның ерекшеліктері
Е) тұқымқуалаушылық механизмдер
*****
Психодиагностиканың зерттеуі
А) ғылымның даму тарихы
В) жануарлардың ерекшеліктері
С) ағзаның құрлымы
D) & диагностикалық үрдістер мен күйлердің психологиялық бағалауы
Е) тұқым қуалаушылық механизмдері
*****
Генетикалық психологияның зерттелуі бұл:
А) & адамның мінез - құлықтары мен психикасының тұқым қуалаушылық механизмдері
В) адамның түрлі өмір сүру кезіндегі даму ерекшеліктері
С) оќыту мен тәрбиелеудің психологиялық негіздері
D) адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым - қатынасында пайда болатын құбылыстар
Е) адамдардың мінез - құлық және психологиялық айырмашылықтары
*****
Психология қай ғасырда дербес ғылым бола бастады:
А) VI ғғ
В) XI ғғ
С) X ғғ
D) XIX ғғ
Е) & XV ғғ
*****
Жас ерекшелігі психологиясының зерттелуі
А) тұқымқуалаушылық механизмдері
В) & дамудың жас ерекшеліктері
С) оқыту мен тәрбиелеудің негіздерi
D) адамдардың өзара әрекеттестіктерінің мәнісі
Е) адамдардың мінез - құлықтарының айырмашылыќтары
*****
Алғашқы рет эксперименталды психологиялық лабораторияның ашылуы
А) 1897ж., (Ж.Пиаже)
В) 1889ж., (Л.С.Выготский)
С) 1899ж., (С.Л.Рубинштейн)
D) 1900ж., (Вертгеймер)
Е) &1879ж. (В.Вундт)
*****
Ереже, нормаларға адам бағдарланатын эталонды топ:
А) диффуздық топ
В) формалды емес топ
С) номиналды топ
D) & референтті топ
Е) лабораториялық топ
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:
1. Жалпы психологияның пәні.
2. Жалпы психологияның әдіснамалық принциптері.
3. Психиканың негізгі функциялары.
4. Психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі сатылары.
5. Психологияның әдістері.
1
№ 2
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ми және психика.
2. Психиканың филогенезде дамуының негізгі сатылары.
2. Сананың құрылымы мен мазмұны. Сананың негізгі қызметтері. Сана күйлері. Сана және бейсаналық.
3. Сана және өзіндік сана.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Психика мен сана. Психиканың даму кезеңдері
Бүкiл органикалық дүниенiң мәңгi бақи бiр қалыпта тұрмайтынын, ол сан алуан сапалы өзгерiстер нәтижесiнде пайда болғанын нақтылы ғылыми деректерге орай жаратылыстану ғылымы түсiндiредi. Осы iлiм адам психикасы бiрден жасалмағанын, оның өзi жануарлардың өткендегi талай ғасырлық даму жолдарымен бiртiндеп даярланғандығын, екуiнiң арасында сабақтастық байланыс бар екендiгiн жақсы аңғартады.
Психика органиалық материяның барлығында бiрдей бола беретiн қасиет емес. Ол өсiмдiктер дүниесiнде жоқ. Тiптiтiрi ағзалардың төменгi формаларынан да оны табу қиын. Психика материяның жоғарғы формаларының, жанды материяның ғана қасиетi. Тiрi материяның төменгi түрлерiне қарапайым ағзаларда тiтiркенушiлiк сыртқы тiтiркендiргiштерге жауап бере алушылық, ал оның жоғарғы түрлерiне сезгiштiк заттардың қасиеттерiн бейнелей алу қасиеті тән. Сезгiштiк психиканың ең басты белгiсi. Сезгiштiкағзаның сыртқы ортаны түйсiне алу қабiлетi. Түйсiктiршiлiк жағдайына жiтi бейiмделудiң көрiнiсi. Түйсiк орталық нерв жүйесi бар барлық жануарларда кездесетiн психикалық құбылыс.
Жоғары сатыдағы жануарлардан маймылдар мен дельфиндердіақылдыдеп айтуға тұрарлықтай мiнез-құлық көрiнiстерiн байқауға болады. Мiнез-құлықтың осындай түрi маймылдарға жасалған эксперименттен сан рет байқалған. Жануарлардың интелектiк амалы алда тұрған бөгеттi жеңе бiлуге байланысты туып отырады. Интеллект айуанның жеке өзiне ғана тән қылық, оның ғана тапқан әдiсi.

Жануарлардағы инстинкт, дағды және интеллект ұғымдары,
жануарлар іс-әрекеті. Инстинктік әрекет

Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде тұқым қуалай отырып бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады. Инстинктің физиологиялық негізі-шартсыз рефлекстердің ұзына бойына байланысқан тізбектері. Сырттан келген комплекстік әсерлерге жауап ретінде осы тізбектің бір буыны қозса, басқа буындары да өздігінен қоза бастайды, бұны тізбекті реакция деуге болады. Инстинктердің қандай түрі болса да, мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Амалдық тұтастық. Егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып, жануар үшін биологиялық мәні зор, күрделі әрекет түрінде өтеді; ін қазу, ұя салу, аң аулау, ұясына, ініне тамақ жинау.
2. Туа пайда болу. Бұл-жануарлардың нерв системасының бойына біткен тұқым қуалау арқылы берілген қасиеті. Инстинкт сыртқа тебу үшін жануардың жеке басы меңгерген тәжірибесінің қажеті жоқ. Инстинкт қайталап отыруды тілімейді.
3. Санасыздық. Сырт қарағанда саналы сияқты боп, жануарлардың "ақылына" байланысты секілді боп көрінгенмен, жануарлар ісінде саналылық деген болмайды. Мәселен, араның омарта жасауы инстинктік әрекет екені бізге белгілі. Егерде осы омарта ұясының көздерін тесіп, ішіндегі балдың бәрін ағызып жіберсе, балдың ұясында бар-жоғын елемей, ара өзінің әкелген балын құйып, омартаны бітеп қояды. Ұяда жұмыртқа басып отрған қасқалтақ жем іздеп ұшып кеткен кезде, оның жұмыртқаларын басқа орынға көрсетіп ауыстырып қойсақ, қасқалтақ оны байқамай, үйреншікті орнына отыра кетеді, жұмыртқаларының жоқ екендігінде қасқалтақтың жұмысы болмайды, сол маңайда көрініп жатқан жұмыртқаларының үстіне қонуға қасқалдақтың "ақылы" жетпейді, өйткені оның бұл атқарып отырған іс-қимылдары - тек қана инстинкт.
4. Шаблондық. Жануарлардың белгілі бір түріне ылайықты инстинкт тұрақталады, бірінің амалдары екіншісінен бұлжымайды және инстинкт қимылдардың коплексі бұрыннан арнаға салынған белгілі тізбекпен өтіп жатады. Сөйте тұрса да, инстинктік амалдар мүлдем өзгермейді де қарауға болмайды. Мичуриндік биологияның айтуынша, организм жаңа тіршілік жағдайына түссе, онда жаңа белгілер, жаңа қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бірнеше буынға шейін қалыптаса береді. Егерде сыртқы жағдайлардың өзгеруі ұзаққа созылып, тұрақтай бастаса, жерде өмір сүретін жануарлардың инстинктері де осыған сәйкес өзгеріп отырады. Бірақ ол кенеттен болатын құбылыс емес.
Жануарлардың дағдылары
Инстинктімен салыстырғанда, жануарлар мінезінің пластикалығы әжептәуір күшейіп, ортаның өзгеріп отыратын жағдайына икемділігінің арта бастауы кейін дағдыға айналады. Дағдының физиологиялық негізі күрделенген шартты рефлекстер. Дағды тұқым қуалауға емес, организмнің ортадан алған өмір тәжірибесіне байланысты. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді.
Инстинктің өзгеуіне дағдының үлкен себебі бар. Дағды-миының үлкен жарты шарлары бар жануарларда күрделілеу болады. Бұлардың бейнелеу функциясының жетілуі күшейіп, дағдылары күрделене береді.
Жануарлар психикасының дамуында дағдылардың мәнін сипаттайтын мынадай ерекшеліктер бар:
1. Түйсік пен қабылдауы күрделеніп, сыртқы ортаны соған байланысты бейнелеу процесі күшейе бастайды;
2. Жануарлар заттарды, олардң сипаттарын қабылдап қана қоймай, заттар арасындағы қатынасты да бейнелей алады;
3. Уақытша нервтік байланыстары күрделене келе, қайталаудың нәтижесінде жануарлардың елестету қабілеті өсе бастайды. Елестердің тууы мидың синтездік қызметіне байланысты. Жануарлар меңгерген елестерін белгілі дәрежеде жалпылай алады. Жануарлардың осы дәрежеге жетуі-олардың өмірінде ең жоғары басқыштық интеллектік мінездің пайда бола бастағаны.
Жануарлардың интеллектісі
Заттар арасындағы байланыс пен қатынастарын бейнеленгенде, бұрын өмірінде кездеспеген жаңа міндеттерді жануарлардың шеше бастауын интелектік мінез дейді. Егерде жануарлардың алдынан кездесетін қиыншылықтарды инстинкт арқылы немесе дағдыланған амалдар арқылы шешуге мүмкіншілік болса, интеллектік мінез сыртқа шықпайды. Интеллектік мінез инстинкт пен дағдының шешуге шамасы келмейтін міндетті атқаруға кірісе бастайды. Организмнің ми қабығының құрлысы қарапайым сатыда болса, олардың интеллектік әрекеті де төменгі жабайы сатыда өте бермек. Бұл әрекеттің күрделене беруі ең алдымен мидың үлкен жарты шарларының меншікті салмағы артып, нерв системасының басқа бөлімдерін ми қабығының өзіне бағындыруына байланысты. Нерв системасы әр түрлі сатыда дамыған жануарлардың интеллектік әрекеті де бірдей болмайтын төмендегі мысалдардан көруге болады.Есігі ашық, айналасы тормен қоршаулы тұрған тауық тор сыртындағы шашылып жатқан дәнді көріп, тордың тесіктеріне басын сұғып, дәнге қарай тұра ұмтылады. Тауықтың бұл қимылы-шартсыз рефлекстік әрекет, бұнысы-тітіркендіргішке тұп-тура қайтарған жауабы. Алдындағы көріп тұрған дәнді көзінен таса қылып, қиып кетуге дәті жетпей, ашық есікі көрме, айналып шығудың тәсілін ойластыра алмай тауықтың діңкесі құриды. Шым-шытырақ жол қиындығын жеңіп шығу тәсілін ойластыруға тауықтың ми қабілеті жетпейді. Көрген дәнді жеуге ұмтылу - оның бойындағы инстинктік қасиет. Жануарлардың интеллектісі жоғарғы сатыдағы жануарларда маймылдар мен дельфиндерде ақылды деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлықтарын байқауға болады. Мінез-құлықтың осындай түрі маймылдарға жасаған эксперименттерден бірнеше рет байқалған. Мысалы, маймылдың жақсы көретін тамағы бананды оның қолы жетпейтін жерге іліп қойған, сол кезде қасында тұрған жәшіктерді көріп біреуін әкеліп, үстіне шығып көрді де, әліде қолы жетпейтінін байқады.
Сананың пайда болуы мен дамуы
Сана адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген белгісі. Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар, дыбысты тіл мен еңбек.Дүние тану теориясының даму жолдарын В.И.Ленин "Философиялық дәптерлерінде" баланың есеюі, жануарлардың жетілуі , тілдің даму тарихы "мұны айрықша ескеру керек"- дейді де, бұл салалар бойынша психология мен сезім мүшелерінің физиологиясын қоса зерттеу қажет деген міндеттерді қосу белгісі мен арнайы атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол еңбегінде бұл салалардың бүкіл білім саласын қамтып, оның таным теориясы мен диалектикалық қалыптасуына негіз болатындығын да жазған.Жоғарыда айтылған мазмұндар мен келтірілген дәйектер психиканың дамуы мен адам санасының қоғамдық-тарихи сипатта болатынын түсініп, оның мәнін жете игеруді қажет етеді. Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білудің абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы - ақиқатты, объективтік шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен қорыта айтқанда, бейнелеу теориясы ғылыми психологияның гноселогиялық негізі болып саналады. Ғылыми тұрғыда адам санасының қалай пайда болғандығын дұрыс түсіндірген марксизм-ленинизм классиктері болды. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс өздерінің ғылыми еңбектерінде сананың дамуы еңбек ету процесі арқылы пада болған, адам қоғам мүшесі сондықтан оның санасы да әлеуметтік-тарихи құбылыс деп түсіндірді.
Сана және бейсаналықтың пайда болуы мен дамуы
Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады ол- оно, эго мен және супер эго жоғары мен- сверх-я. Ид бейсаналық санасына ығыстырылған инстинктердің алаңы болып табылады. Эго біржағынан, бейсаналы инстинктерге жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эго дегеніміз қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол цензор ролін атқарады. Сонымен ид пен супер-эго талаптары үйлеспейтіндіктен эго үнемі конфликтіде, ол қорғаныс механизміне ығыстыру, сублимация жүгінуіне тура келеді. Ығыстыру санасызтүрде жасалады. Бейсаналық саласына көшетін мотивтер, күйзелулер цензор үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып, әсер ете береді.
Фрейдтің ойынша түрлі іс- әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің сублимация, проекция, көшіру, ығыстыру, регрессия, т.б. бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер либидо өзінің бір көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффектіні тудыруы тиіс. Супер-эго осындай эффектілерді әлеуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды ете алмаса, онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт оршіп, жүйенің қалыпты қызметі бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары өзін байқатады.
Психоанализдің негізін салушы Австрия психиаторы З.Фрейд. Қазіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін, кең таралған теориялардың бірі-фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктілген бір қатар теориялар пайда болған.
Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриедегі Париждің атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында және Нансидегі Бернгеймнің клиникасында жұмыс жасай жүріп невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының бас кезеңінде Й.Брейермен бірге гипноздық катарсис тәсілін пайдаланды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап түстерді жору интерпритациясын, еркін туындайтын ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды зерттеуге көшкен.
З. Фрейд пен К. Юнг еңбектеріндегі бейсаналық мәселесі
Юнг психоаналитикалық бағыттың көрнекті өкілі. Швеция психологы, психиатры. Психоанализдің аналитикалық психология деп аталған бағыттың негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар Юнг философия, теология мәселесімен терең айналысты. Юнг өз кәсібі әрекетінің басынан бастап -ақ психикалықтың бейсаналық жемістері олрдың субъект үшін мәні туралы сұрақтармен айналысты. Бейсаналы сфераға эндопсихологиялық функциалар арқылы жақындаймыз. Санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін емес, ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұны архетиптер құрайды. Архетиптер Юнг бойынша саналы жанның негізгі- эмоциялардың нұсқауларының жүйесі. Архетиптер негізгі мифологиялық мотивтер бар.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Сана дегеніміз:
А) & психикалық бейнелейдің жоғарғы деңгейі
В) арнаулы органикалық құрлым
С) туа берілген мінез- құлық түрі
D) жүре қалыптасқан ағза реакциясы
Е) ақыл-ой қабілеттерінің бірлестігі
*****
Өзінің албырттық реакциясын жоюға көмектесетін тұлғаның қасиеті
А) жiгерлiк
В) & өзін - өзі реттеу
С) шешiмталдық
D) батылдық
Е) ынталық
Шартты рефлекс ұғымын ұсынған:
А) & И.П.Павлов
В) Л.С.Выготский
С) П.Я.Гальперин
D) И.М.Сеченов
Е) А.Ф.Лазурский
*****
Шартты рефлекс - бұл:
А) ойлау
В) & ағзаның реакциясы
С) тәрбие
D) оқыту
Е) сәтсіздікті қайғыру
*****
Адамның санасындағы болмыстың көрiнуi:
А) рецепторлар мен талдағыштар арқылы
В) ыталар мен реакциялар арқылы
С) рефлекс пен тітіркендіргіштер арқылы
D) & бейнелер мен ұғымдар арқылы
Е) инстинкт пен тропизмдер көмегімен
*****
Психикалық iс-әрекетiнiң анықталуы:
А) мінез - құлық түрі ретiнде
В) сана арқылы басқарылатын белсендiлiк ретiнде
С) & болмыстын психикалық бейнеленуi ретiнде
D) ағза реакциясы ретінде
Е) эмоция ретiнде
*****
Тануға қажеттiлiк ретiнде көрiнiс беретiн интеллектуалды сезiм, бұл:
А) & қызығушылық
В) стеникалық сезiм
С) стресс
D) ерiк
Е) эмоция
*****
Санаға жат сипат:
А) рефлексияның болуы
В) қарым-қатынас мүмкіндігі
С) & инстинкттер
D) қиялдау мүмкіндігі
Е) жалпылау
*****
Жануарға жат сипат:
А) инстинкт
В) рефлекс
С) түйсiк
D) & сана
Е) жүйке жүйесі
*****
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:
1. Психика мен сананың пайда болуы мен дамуы.
2. Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде.
3. Сана және бейсаналық.

1
№ 3
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Іс-әрекеттің психологиялық сипаттамасы.
2. Іс-әрекеттің негізгі теориялары. Іс-әрекет пен белсенділіктің физиологиясы. Іс-әрекеттің түрлері мен құрылымы.
3. Мотивация және іс-әрекет. Тұлғаның мотивациялық-қажеттілік аумағы. Мотивацияның психологиялық теориялары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.
Адам саналы тіршілік иесі. Адамды көптеген ғылымдар зерттейді: анатомия, физиология, медицина биологиялық тіршілік иесі ретінде және қоғамдық ғылымдар; педагогикалық психология, социология, физика, тарих, этика, саяси экономика және т.б. қоғамдық ғылымдар адамды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар адамды жеке адам кісі, азамат тұрғысынан зерттейді. Адам еңбектiң қай түрiмен айналысса да, өмiрге ең алдымен қайраткер, iскер және жасампаз болып келедi. Iс-әрекет арқылы адамның рухани өмiр байлығы: ақыл-ой тереңдiгi, күйiну-сүйiну қалпы, қиялдау қабiлетi мен ерiк-жiгер, икемдiлiгi мен мiнез-құлық сипаты көрінеді. Iс-әрекет үстiнде сана қалыптасады, сана iс-әрекет кезiнде қалыптаса отырып, сол әрекеттен көрiнедi де. Мұғалiм оқушының жауап беруi мен тапсырманы орындауына қарай оның бiлiм дәрежесi жөнiнен пiкiр түйедi. Психологиялық зерттеу заты iс-әрекет кезiндегi жеке адам болып саналады. Iс-әрекетәлеуметтiк категория, жануарлар үшiн қоршаған ортаның талабына, ағзаның биологиялық тұрғыдан икемделуiн көрсететiн өмiр ғана тән. Адам үшiн өзiн табиғаттан саналы түрде ерекшелеп көрсету тән,ол өз алдына мақсат қояды, белсендi қызмет iстеуге итермелейтiнсебептердi түсiнедi. Iс-әрекеттiң қандай түрi болса да қозғалыс күйiнде өтедi, мейлi ол жазу жазғандығы, станокта еңбек операциясын орындаған кездегi бұлшық еттерiнiң қозғалысы бола ма немесе сөз сөйлеген кездегi сөйлеу аппаратының қимылы ма бәрiбiр.
Іс-әрекет теориялары.
Ал жеке адамды ұғымбіз қалай анықтаймыз: еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан, қоғамда дамып, қалыптасатын, адамдармен тіл арқылы қатынас, байланыста болатын адам. Жеке адамды педагогика оқыту мен тәрбиелеу объектісі тұрғысынан зерттейді.
Социология жеке адамды әлеуметтік топтардың мүшесі ретінде зерттейді.Ал психология жеке адамның даму және қалыптасу заңддылықтарын зерттейді. Жеке адамның анықтамасын психологтар түрліше әртүрлі түсіндіреді;А.В. Леонтьев, К.К. Платонов, Г. Олпорт т.б.Даралық ұғымына келсек, әрбір адам өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көрінеді. Өзіндік ерекшеліктері бар адам дара адам болып табылады. Кейбіреулердің даралығы ерекше көзге түседді. Даралық- интелекттілік, сезімдік-эмоциялық және еріктік сфераларда немесе іс-әрекеттің барлық саласында бірдей көрінуі мүмкін. Интеллект басқалар байқамайтын нәрсені көре білу қабілеттлігі; естіген, білгенді өңдей білу ерекшелігі, әртүрлі мәселе қойып, оны шеше білу ерекшелігі. Сезімдік, эмоциялық шапшаңдығы, сезімталдық, сезімдегі нәзіктік, сұлулықты, үйлесімділікті сезе білу. Еріктік ерік-күш жігерінің жоғарылылығы, таң қаларлық ерлік жасай білуі, ұстамдылық таныта білуі. Жеке адамды зерттеуде бірнеше ағымдар, тұжырымдар бар;
1. Биогенетикалық концепция. Оны ұстаушылар: американ психологы С. Холл, неміс психологы Э. Кречмер және австрия психологы психоанализ теориясының әкесі З. Фрейд. Бұлардың көзқарасы бойынша жеке адамда негізгі болып табылатын тұқым қуалаушылық.
2. Холл- филогенездің онтогенезде қайталануы.
3. Кречмер- адам типтері оның дене құрылымына ғана байланысты.
4. Фрейд -адамның мінез-құлқы тек қана биологиялық инстинктеріне, қызығуларына, құмартуларына байланысты дейді. (қоғамның рөлін төмендетеді).
Іс-әрекеттің түрлері, мақсаты мен мотивтері.
Қазіргі қоғамда адам түрлі іс-әрекеттермен айналысады. Олардың барлық түрлерін нақты адамға қатысты топтастыру мүмкін емес. Дегенмен барлық адамдарға ортақ негізгі қызмет түрлерін ажыратуға болады. Олар: ойын, оқу, еңбек әрекеттері:
Ойын өзінің табиғатына орай бала тұлғасын қалыптастыратын тарихи қаланған әлеуметтік механизм және әдіс болып табылады.Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин және басқада ғалымдардың еңбектерінен ойынның адамның даму барысында маңыздылығын көруге болады. Қазіргі уақытта балалар ойынының теориясы саласында ғылыми тұрғыдан қарастырылатын көптеген зерттеу жұмыстар бар. Авторлардың бірі ойынды адам өмірімен тығыз байланысты құбылыс ретінде қарастырады, Спенсер, Холл, Гросс, басқалары ойынның психологиялық астары мен оның бала дамуындағы маңызына назар аударады.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин мектебінің бір қатар зерттеушілері ойынның баланың жалпы психикалық дамуына, жекелеп алғанда, оның ерікті мінез-құлқының мотивациялық-қажеттіліктік, танымдық саласына тигізетін елеулі маңызын көрсетті.
Ойын бұл шартты түрде шынайы өмір мазмұны бейнеленетін тәжірибенің ерекше түрі. Ойынның адамзат қоғамы мен бала дамуындағы міндеттерін зерттеуде, адам мен жануарлардың ойынының айырмашылықтарын ажырату маңызды болып табылады. Бұл ойынның ерекшелігі іс-әрекет ретіндегі мәнін анықтау үшін де маңызды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Референтті топтың сипаттамасы
А) & адам оның мақсаты мен құндылықтарын қабылдайды
В) адам оның мақсаты мен құндылықтарын қабылдайды
С) бұл топта ауызбіршілік жоқ
D)бұл топ жасанды құрылады
Е) бұл топтың барлық мүшелері(лидер) белсенді болады
*****
Адамның танымдық белсенділігін ұйымдастырушы іс - әрекет түрі:
А) еңбек
В) қарым- қатынас
С) & оқу
D) ойын
Е) мінез - құлық
*****
Қандай қасиеттердiң түрі индивид үшін қажетті және оның еркін сипаттайды
А) & сабырлық
В) ұялшақтық
С) қорқақтық
D) жинақылық
Е) құштарлық
*****
Ереже, нормаларға адам бағдарланатын эталонды топ:
А) диффуздық топ
В) формалды емес топ
С) номиналды топ
D) & референтті топ
Е) лабораториялық топ
*****
Сұқбат дегенiмiз бұл:
А) социометрия
В) контентті талдау
С) интроспекция
D) & ауызша сўрау
Е) жазбаша есеп беру
*****
Кез келген iс-әрекетте табысты жағдай болып келетiн, адамныңерекшелiгi:
А) & қабілеті
В) зейiндiлiк
С) есте сақтау
D) қиял
Е) қайта жаңғырту
*****
Адамның өзін және шындықты қайта құруға бағытталған белсенділік түрі:
А) & iс-әрекет
В) рефлекс
С) сезiм
D) инстинкт
Е) қозғалыс
*****
Өзінiѕ "Мен" бейнесiне арнаған тіл:
А) аффективті
В) & эгоцентрикалық
С) диалогты
D) жанама
Е) синтетикалық
*****
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:
4. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.
5. Іс-әрекет құрылымының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
6. Әрекет адам іс-әрекетінің бірлігі ретінде.

1
№4
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Тұлға туралы жалпы түсінік.
2. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.
3. Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға теориялары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тұлға туралы жалпы түсінік
Тұлғасаналы тіршілік иесі, тұлғаны көптеген ғылымдар зерттейді: анатомия, физиология, медицина биологиялық тіршілік иесі ретінде және қоғамдық ғылымдар: педагогикалық психология, социология, физика, тарих, этика, саяси экономика және т.б. Қоғамдық ғылмдар адамды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар адамды жеке адам кісі, азамат тұрғысынан зерттейді. Сонымен, адам деген ұғым сүтқоректілер класына жататын, бойын тік ұстап жүретін, екі қолы еңбек етуге бейімделген, жоғары деңгейде дамыған миы қалыптасқан, саналы тіршілік иесі. Саналы тіршілік иесі ретінде адам өзінің қажеттіліктеріне, мұқтаждықтарына және қызығуларына сәйкес қоршаған ортаны өзгертіп, дамыта алады. Ал жеке адамұғымын біз қалай анықтаймсыз: еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан, қоғамда дамып, қалыптасатын, адамдармен тіл арқылы қатынас, байланыста болатын адам. Жеке адамды педагогика оқыту мен тәрбиелеу объектісі тұрғысынан зерттейді. Социология жеке адамды әлеуметтік топтардың мүшесі ретінде зерттейді.Ал психология жеке адамның даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.Жеке адамның анықтамасын әртүрлі психологтар түрліше береді А.В. Леонтьев, К.К. Платонов, Г. Омпорт. Даралық ұғымына келсек, әрбір адам өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көрінеді. Өзіндік ерекшеліктері бар адам дара адам болып табылады. Кейбіреулердің даралығы ерекше көзге түседі. Даралық- интелекттілік, сезімдік-эмоциялық және еріктік сфераларыда немесе іс-әрекеттің барлық саласында бірдей көрінуі мүмкін.
Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық,
дербестік, жеке даралық.
Тұлғаны әрекетке бағыттайтын қажетiн өтеуге талпынтатын бiр түрткi болады. Бұл түрткiнi психологияда мотив деп атайды. Қандай да болмасын объектiнiң себебiн бiлмей тұрып адамның бiр мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мiнез-құлқының мән-жәйiн толық түсiну қиын. Түрлi жағдайладың әсер етуiне байланысты адам психологиясы әр түрлi өзгерiске ұшырап отырады. Осыған орай оның түрткiлерi де, мақсатқа жету үшiнқажеттi шаралары да өзгерiске түседi. Түрткiнiң өзгеруi iс-әрекеттiң бағыт-бағдарына, нәтижесiне әсер етедi. Мәселен: қоғамдық мәнi күштi түрткi iс-әрекет нәтижесiнде ерекше әсер етедi. Жеке тұлғаны қандай да болмасын әрекетке итермелейтiн негiзгi қозғаушы мотив оның түрлi қажеттерi, яғни бiр нәрсеге мұқтаждануы. Тұлғаның қажеттерi қоғамдық еңбекте, еңбек ету процестерiнде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмiр сүруi үшiн ең алдымен ерекше маңыз алған нәрсе ол мотив. А.Н.Леотьевтiң пiкiрi бойынша, тұлға бұл адамның өмiрiнiң қоғамда туылуының ерекше түрiнiң психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлi iс-әрекеттiң бiрлесе бағынуы онтогенезде тұлғаның қалыптасу негiзiн құрайды. Тұлғаның жүйелi қасиет ретiнде пайда болуы индивид басқа индивидтермен бiрiккен iс-әрекетiнде, ақиқаттыөзгертiп соның арқасында өзгерiп, тұлға дәрежесiне жетедi.
Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға теориялары
Кез-келген жеке тұлғаға төмендегiдей тұрақты психологиялық қасиеттер тән: ерiк, қабiлет, темперамент, мiнез-құлық, қажеттiлiктер мен эмоциялар. Қазiргi кезде психологияда қарастырылатын жеке адамды зерттеудiң негiзгi бағыттары төмендегiдей: олар, психодинамикалық, социодинамикалық, интеракциялық және гуманистiк.т.б.Психодинамикалық бағытта жеке тұлға ретiндегi адам оның iшкi дүниесiн сипаттайтын терминдермен бейнеленедi және iс-әрекеттерi тек iшкi сезiмдерге байланысты, қоршаған орта факторларына байланыссыз жүредi. Яғни жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы тек адам психологиясының өзгеруiне байланысты жүредi деп түсiндiрiлуде,әрi адамның iс-әрекеттерi мен мiнезi, темпераментi еркiне байланысты болады. Ал, социодинамикалық бағытта адам жеке тұлға ретiнде iс-әрекеттiң терминдерi мен бейнеленедi,ал оның белгiлерi жеке қасиеттерге байланыссыз, өмiр жағдайларын анализдеу және есептеу негiзiнде айтылады.Сол себептi жеке тұлғаның iс-әрекетi оған әсер етушi сыртқы орта факторларына жауап реакция негiзiнде қабылданады.Жоғарыдағы айтылған бiр-бiрiне қарама-қарсы екi бағытқа жауап ретiнде интеракциялы бағыт пайда болды. Жеке тұлға психологиясындағы танымал бағыттың бiрi гуманистiк бағыт,ол XIX ғасырдың соңында XX басында Ч.Дарвиннiң эволюциялық теориясы және И.П.Павловтың жоғары дәрежелi жүйке жүйесi физиологиясының жетiстiктерi гуманитарлық пәндерге зор ықпал жасау кезiнде пайда болды. Осыған байланысты адам мен жануарлар психологиясы өзара салыстырылып, олардың арасында ешқандай негiзгi айырмашылықтар жоқ деген пiкiр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ес туралы жалпы ұғым және оның түрлері
Психология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері
Психикалық әрекетті зерттеу әдістері
Жантану пәнi, әдiстерi және тарихы
Психология саласы
Психика мен сана мәселелері
Есту қабілеті зақымдалған балалардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктері
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Психика - ми қасиеті
Норма мен патологиядағы психикалық даму заңдылықтары туралы тұжырымдама
Пәндер