Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыру
Орыдаған: Баянбекқызы Әсел
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2020
мазмұны
КІРІСПЕ
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазақстан Республикасы Президенті Қ-Ж. К. Тоқаевтың "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді. Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану - адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі - кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де - осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет. Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы - парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн. Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды - қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты», - деп атап көрсете отырып ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін пайдалану мақсат ете отырып, көптеген іргелі шаралар жүргізілу үстінде [1] . Расында да, мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндет, интеллектуалды қоғамды, интеллектуалды ұлтты қалыптастыру болып табылады. Интеллектуалды ұлтты қалыптастыру үшін рухани - адамгершілік, патриоттық құндылықтары жетілген инттеллектуалды тұлғаны қалыптастырумыз қажет.
Қоғамдағы рухани - адамгершілік, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесі Қазақстан Республикасы Конституциясында [2], Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [3], Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында[4], Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім бағдарламасында[5], Қазақстан Республикасы «Тәрбие негіздері» тұжырымдамасында [6], Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы [7] т. б. құжаттарда негізгі орын алады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Тәрбие негіздері тұжырымдамасында «патриоттық тәрбие беру қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүюге және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеуге, игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, т. б. қалыптастыруы тиіс», - деп патриоттық тәрбие беру қазақ халқының тарихы мен салтын, дәстүрлерін, тілін сүюге және құрметтеуге бағыттайды [6] .
«Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасында»[8], «Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында» [9] патриоттық тәрбие берудің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері қамтылған. Бағдарламада «патриоттық тәрбие - мемлекеттік үкімет органдарының жүйелі және алдына мақсат қою арқылы іске асырылатын іс-әрекеті», - деп көптеген іс шаралар жүргізілді[9, 4 б. ] .
Патриоттық тәрбие беру мәселесі әл - Фараби [10], Абай[11], Алтынсарин Ы. [12], В. В. Радлов[12], Дулатов М. [13], Құдайбердиев Ш. [14], Жұмабаев М. [15], Сухомлинский В. А. [16] т. б. еңбектерінде негізгі орын алады.
Психология саласы бойынша Жарықбаев Қ. [17], Выготский С. [18], Момышұлы Б. [19], Назайкинский Е. [20], Теплов Б. М. [21] т. б. еңбектерін ерекше атауға болады.
Музыкалық білім және тәрбие беру мәселелері Асафьев Б. [22], Жұбанов А[23], Балтабаев М. Х. [24], Дүйсенбінова Р. Қ. [25], Қарамолдаева Г. Ж. [26, 29], Кульманова Ш. Б. [27], Оразалиева М. А[28], Белғозиева Ұ. Б. [29], Ахметова М. [30], Райымбергенов А. [31] т. б.
Патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негіздері С. Т. Иманбаева [32, 33], Таубаева Ш. Т. [35], Берікханова А. Е. [33], А. Қ. Құсайынов [34], Е. Ю. Гундорова[35], О. Н. Омаров[36], Р. А. Матвеева[37], Е. Б. Витель[38], Н. Е. Щуркова[39], Бейсембаева А. [40], Өмірбаева Г. Ш [41] т. б.
Дегенмен де, жоғарыдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыру жеткілікті деңгейде қарастырылмаған.
Зерттеуімізге байланысты жүргізілген талдаулар сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігі мен оның жүйелі зерттелмеуі арасында; бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс уақытта өтілетін бағдарламаның жоқтығы; қазақ әндері арқылы оқушылардың патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға негізделген әндер жіктемесі мен әдістемесінің болмауы; бастауыш мектеп мұғалімдері тарапынан патриоттық тәрбиені жүргізуге байланысты іс-шаралардың жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады.
Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыру мәселелері теориялық тұрғыда зерттелмеуі, сыныптан тыс уақытта бағдарлама мен әдістеменің жеткіліксіздігі тақырыпты «Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруды теориялық негіздеу және оқу-әдiстемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәнi: Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Бастауыш сынып оқушылардың патриоттық құндылықтары жоғары деңгейде қалыптасады, егер оларды қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесін жасаудың теориялық негіздері анықталып, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етіліп, оқу-тәрбие үдерісінде іске асырылса, бұл бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс уақытта патриоттық құндылықтарды қазақ әндері арқылы қалыптастырудың мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-когнитивтік, іс-әрекеттік-бағалаушылық құрылымдарының бірлігін қамтамасыз етеді.
Зерттеудің мiндеттерi:
1. Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау.
2. Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың мәнін анықтау.
Жетекшi идея: Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруда қазақ әндерін пайдалану арқылы патриоттық құндылықтарын қалыптастыру - Қазақстан Республикасында “Қазақ елі - мәңгілік ел” идеясын қалыптастыруға негiзделген тәрбие кеңiстiгiн құруға бағытталады.
Зерттеудiң әдiснамалық-теориялық негiздерi: жеке тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастыру іс-әрекет, тұлға, құндылықтар теориялары негізінде, әдiснамалық негiзi мәдениеттану, аксиологиялық, жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік тұғырлар тұрғысынан қамтылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Адам құқықтарының жалпыға бiрдей Декларациясы», «Бала құқықтары» туралы Конвенциясы, Қазақстан Республикасы “Тәрбие негіздері» тұжырымдамасы, «Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» т. б.
Зерттеудің әдiстерi: философтардың, тарихшылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерiн талдау арқылы қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриоттық тәрбие берудiң ұстанымдарын, мүмкiндiгiн анықтау; оқушылармен тестiк жұмыстар мен сауалнамалар жүргiзу; сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға байланысты тәжiрибесiн жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесін айқындау.
Зерттеудің көздерi:
- Қазақстан Республикасы «Тәрбие негіздері» тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған іс шаралар алынды;
- алыс және жақын шетел, Қазақстан ғалымдарының патриоттық тәрбие беруге байланысты философиялық, педагогикалық-психологиялық ғылыми-зерттеу еңбектерi, тұжырымдары;
- бiлiм беру жүйесiндегi патриоттық тәрбие берудегiiс-тәжiрибелер.
Зерттеудің кезеңдерi:
Бiрiншi кезең (2018-2019 жж. ) . Зерттеу тақырыбы бойынша философия, тарих, педагогика, психология салаларындағы еңбектерге, қазақ әндері арқылы мектеп оқушыларына сыныптан тыс уақытта патриоттық тәрбиеге талдаулар жүргiзiлдi. Талдау барысында зерттеу жұмысымыздың теориялық негіздері, ғылыми ақпараты айқындалды. Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыру патриоттық тәрбие берудегі қазақ әндерінің әлеуеті анықталды.
Зерттеу мәселесіне байланысты бастауыш сынып оқушыларымен тест тапсырмалары, сауалнамалар жүргізілді.
Екiншi кезең (2019-2020 жж) . Қазақ әндері арқылы сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыру патриоттық тәрбие берудің теориялық моделі, компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбие беруге арналған оқу-әдiстемелiк ұсыныстар дайындалды.
Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар негiзiнде бастауыш сыныптарда тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзіліп, эксперимент барысында дәлелденді. Ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалып, дипломдық жұмыс рәсімделді.
Зерттеудің базасы: Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы № 159 мектеп-гимназияда тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа 1-4 сынып аралығында 87 оқушы қатысты.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды.
- Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың
мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-когнитивтік, іс-әрекеттік-бағалаушылық құрылымының үлгісі, оған сәйкес компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері, деңгейлері айқындалды.
- Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруда
қазақ әндерінің тәрбиелік әлеуеті айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәндiлiгi:
- Диплом жұмысында ұсынылған сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған қазақ әндерінің 1-4 сынып аралығындағы оқушыларға ұсынылған әндер жіктемесі, «Елжандылыққа тағзым» атты үйірме жұмысына арналған бағдарлама жас ұрпақ бойындағы ұлтжандылықты, қазақстандық және жалпыадамзаттық патриотизмді қалыптастыруға қосқан бiрден-бiр үлес болып табылады;
- Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға
негізделген оқу-әдiстемелiк ұсыныстар сыныптан тыс жұмыс ба-рысында патриоттық тәрбиені жүргізуді ұйымдастыруға игi ықпал етедi;
- Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға
негізделген тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді;
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері және аксиологиялық, мәдениеттану, жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік әдіснамалық тұғырлары.
- Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың теориялық моделінің мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-когнитивтік, іс-әрекеттік-бағалаушылық құрылымына сәйкес өлшемдерi мен көрсеткiштерi.
- Қазақ әндерінің оқушылардың патриоттық құндылықтарын қалыптастырудағы қазақ әндерінің 1-4 сынып аралығындағы оқушыларға ұсынылған әндер жіктемесі, «Елжандылыққа тағзым» атты үйірме жұмысына арналған бағдарлама.
- Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға негізделген оқу-әдістемелік ұсыныстар негізінде жүргізілген тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыс нәтижелерi және ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар.
Зерттеудің нәтижелерiн тәжiрибеге ендiру эксперимент барысында және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен семинарларда баяндалды.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кiрiспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.
Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң көкейкестiлiгi, зерттеудiң мақсаты, нысанасы, пәнi, мiндеттерi, жетекшi идеясы, әдiснамалық негiздерi, әдiстерi, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнi, қорғауға ұсынылған қағидалары, дәйектілігі мен негiздiлiгi берiледi.
«Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыру» атты бiрiншi бөлімде сыныптан тыс жұмыс барысында бастауыш сынып оқушыларының қазақ әндері арқылы патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері, аксиологиялық, мәдениеттану, жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік-әдіснамалық тұғырлары анықталды. Бастауыш мектептерге негізделген Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасы «Тәрбие негіздері» тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына, типтік оқу бағдарламаларына, оқулықтарға талдау жасай отырып, патриоттық тәрбие берудің мазмұнықарастырылды.
Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың моделі, көрсеткіштері мен өлшемдері анықталды.
«Сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың әдістемесі » деп аталатын екiншi бөлімде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әндердің әдістемесі, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің эксперименттік-тәжірибелік жұмыс барысында дәлелденуі, сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларға патриоттық тәрбие берудің оқу-әдiстемелiк ұсыныстары бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері, оқушылардың патриоттық тәрбиеге байланысты бiлiмі мен тәрбиелiгiнiң өсу деңгейі айқындалды.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтiн зерттеудiң негiзгi нәтижелерi мен тұжырымдары түйiнделдi, ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiлдi.
Қосымшада сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға негізделген әндер берiлдi.
- СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz