Ежелгі Египет мәдениеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

https://yt3.ggpht.com/a/AGF-l79Y7umRnhSxCxmrgpS5VP99bJo2aEoQBASnWg=s900-c-k-c0xffffffff-no-rj-mo

Реферат

Тақырыбы: Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері

Орындаған: Маулімжар Е. Е

Топ:ФК-005

Тексерген: Рахметуллин А. К

Семей

2019-2020 жж

Ескерткіш -

кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т. б. ) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т. б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т. б. археологиялық және сәулет ескерткіштері - ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;

тар мағынасында - ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіш, әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де осы - көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады. Өлген адамға ескерткіш орнату дәстүрі ерте заманда-ақ пайда болған. Мысалы, ежелгі Грекияда аса көрнекті қолбасшылар мен қоғам қайраткерлерінің құрметіне, Римде императорларға ескерткіш қойылған. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда Микеланджело, Францияда Т. Бонтан, т. б. сияқты мүсін өнері шеберлерінің аты әйгілі болды. 19 ғасырда Еуропа мен Америкада әр түрлі оқиғаларға, 20 ғасырда ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлеріне, жазушы, суретші, музыкашыларға ескерткіштер жасау үрдісі кең етек алды. Ресейде 18 ғасырда және 19 ғасырдың 1-жартысында мүсіншілер К. Б. Растрелли, М. И. Козловский, Б. И. Орловский, И. П. Мартостың жобасы бойынша Санкт-Петербург пен Мәскеуде Петр I-ге, А. В. Суворовқа, М. И. Кутузовқа, К. Минин мен Д. Пожарскийге ескерткіш орнатылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап Н. А. Андреев, Н. В. Томский, В. И. Мухина, К. М. Мерашвили, т. б. мүсіншілер көптеген қалаларда даңқты адамдарға тұлғалы ескерткіштер орнатылуына үлес қосты. 1941 - 45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған ескерткіштер өте көп. Солардың ішіндегі ең күрделісі - Берлиндегі кеңес әскері жауынгерлері құрметіне тұрғызылған (мүсіншілер Е. В. Вучетич, Я. Б. Белопольский) тарихи-мемориалдық ескерткіш. Қазақстанда ескерткіш орнату 1940 жылдан кейін кең өріс алды. Алғашқы ескерткіштердің бірі - Алматыдағы “Амангелді Иманов” ескерткіші (Мүсінші Х. Б. Асқар-Сарыджа, сәулетші Т. Бәсенов; 1947) . Белгілі мүсінші Х. Наурызбаевтың “Абай” (1960), “Шоқан Уәлиханов” (1969, екеуі де Алматыда), “Жамбыл Жабаев” (1964, Тараз), “Амангелді Иманов” (1959, Қостанай облысы Амангелді ауданы), Т. Досмағамбетовтің “Шоқан Уәлиханов” (1972, Көкшетау), Ю. Г. Былыктың “Нұркен Әбдіров” (1969, Қарағанды), т. б. мүсін-ескерткіштері Қазақстандағы алғашқы ескерткіштердің ең көрнектілері болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де ұмытылмас есімдер мен тарихи оқиғаларды жаңғыртатын бірқатар ескерткіштер тұрғызылды. Олар: мүсінші Б. Әбішевтің “Жамбыл” (1996, Алматы), Республика тәуелсіздігіне арналған кешен - “Тәуелсіздік монументі” (авторлық шығармалар топ жетекшісі - Ш. Ы. Уәлиханов, мүсіншілер А. Жұматаев, Н. Далбай, К. Сұранышев, А. Боярлин, М. Мансұров, К. Сатыбалдин; сәулетшілер - Қ. Монтахаев, Н. Жарылғапов; 1997, Алматы), мүсіншілер Боярлин мен Т. Мырзагелдиннің “Саяси қуғын-сүргін зобалаңынан құрбан болғандарға ескерткіш” (монумент; авторлық топ жетекшісі - Т. Сүлейменов, сәулетші А. Ордабаев, А. Кенжетаев, Монтахаев; 1997, Астана), мүсінші Досмағамбетовтің “Қаныш Сәтбаев” (1999, Алматы), мүсінші К. Кәкімовтің “Сұлтан Бейбарыс” (2000, Атырау), қазақ елінің бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі ретінде Ордабасы тауында орнатылған “Ордабасы кешені” (сәулетші ұ. Садырбаев, 1997, Оңтүстік Қазақстан облысы) ескерткіштері, т. б. Сондай-ақ, әдебиет, өнер, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қабірі басына бейне-мүсін қою немесе олар тұрған үйдің қасбетіне жазулы ескерткіш тақта орнату да дәстүрге айналған.

1. Әлем мәдениет тарихы әлемдік мәдениетке үлес қосқан елдер мен халықтардың мәдени жетістіктері, пайда болу тарихы, адамзат үшін маңызы туралы баяндайды. Мәдени құндылықтарды жинақтау және жеткізу процесі алғашқы қоғамдық дәуірде басталған болатын. Ұрпақтан ұрпаққа берілген мәдени құндылықтар адамзатты бүгінгі күнгі прогресске жеткізіп отыр. Сондықтан бұл курстың маңызы ерекше.

Әлем мәдениет тарихы негізгі мақсаты мен міндеті ол, әлем мәдениетінің тарихы туралы біртұтас ұғым қалыптастыру, әлем мәдениет тарихы курсы нақты материалдардың негізінде дүниежүзілік адамзат қоғамының қалыптасу процессі мен дамуын ашу, мәдениет ұғымының мәнін және маңызын ашу, әлемдік мәдениеттер туралы білім беру, әлем мәдениеттерінің пайда болуы және даму тарихын көрсету болып табылады. Жалпы мәдениет ұғымын мәдениеттану ілімі зерттейді.

Мәдениеттану XIX ғасырдың соңғы үшінші ширегінде өзіндік пән ретінде гуманитарлық білімдерде табиғат және мәдениет, әлеуметтілік және табиғилық, жаратылыстылық және мәдениеттілік сияқты қарама қайшылықтардың айқындалуы қалыптасқан кезеңде пайда болды. Мәдениеттанудың білім жүйесі, жалпы мәселелері «философия тарихында», «философия мәдениетінде» қашанда елеулі орын алып, қарастырылып келеді. Мәдениетті зерттеудің бұл терең философиялық дәстүрі басқа да гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің назарынан тыс қалған жоқ. Мәдениеттануда осы уақытқа дейін антропология, социология, психология, тарих, тіл білімі, семиотика сияқты әр түрлі пәндер өз үлестерін қосып келеді. Мұның өзі мәдениет туралы ғылымның ер тектілігін туындатып отыр.

Мәдениеттану - гуманитарлық пән, ешкім де оған шүбә келтіре қоймайды. Дегенмен біртұтас, бірыңғай мәдениеттану теориясы әзірге толық қалыптасқан жоқ, сол себептен осы уақытқа дейін мәдениет туралы теория жеке концепциялар түрінде, не сол мәдениеттану
мамандарының белгілі бір жүйеге ыңғайланған құрылымдары тұрғысында көрінуде. Мұның өзі мәдениеттану ғылымының елеулі ерекшелігін көрсетеді.

Бүгінгі таңда мәдениеттану өзінің пәні мен тәсілін анықтап, екі аяғынан қаз тұру дәуірін басынан кешіруде. Оның әлі ғылыми пән ретінде теориялық кәмелетке жеткен бейнесі толығынан көріне қойған жоқ. Кәзіргі ізденістер мәдениеттанудың философиямен тығыз байланыстылығының дәлелі және сол философияның «қамқорлық» шеңберінен босанып, өзіндік қырынан білімнің жаңа саласына айнала бастауының айғағы, Мәдениеттанудың өзіндік ерекше білімдер жүйесі тұрғысынан көрсететін дәлелдер аз емес. Оған мысал ретінде кәзіргі заман мәдениетіндегі құбылыстарды алуға болады:

Әлем өзінің 2000-шы жылдықтарында техника мен мәдениет туындататын орасан зор әлеуметтік өзгерістерге толы жаңалықтар қарсаңында тұр. Микроэлектроника, есептеу техникасы және ақпарат индустриясы бүгінгі күні дамудың орасан зор катализаторына айналды. Жалпы, технология бүкіл қоғамдық өзгерістердің және кәзіргі заманның даму күшінің маңызды факторы болып отыр. Бұл құбылыстарға байланысты техника мен мәдениет арасынан мына мәселелер туындайды: Техника жетістіктерінің адамдар болмысына деген ықпалы қандай және олар адам өміріне қандай өзгерістер әкелуі мүмкін? Ақпараттың ақыры не болмақ? Мәдениет пен компьютерлендіру өркениеттілігінің ара-қатынасы қандай болмақ? Әрине бұл мәселелерді белгілі бір гуманитарлық пәндер тұрғысынан қарастыру мүмкін емес.

XX ғасырдың соңында дін мәселесі мәдениет өмірінде соншалықты елеулі орын алады деп ешкім де ойлаған жоқ. Қайта, өткен ғасырдың ғалымдары, философтары діни көзқарасты арнайы сынға алуды артықшылық деп санады. Өйткені болмыстың бастапқы құпия көзін ғылымның өзі-ақ
ашады деп тұжырымдады. Бірақ оның осылай біржақты шешілмейтініне қазір адамзаттың көзі жетіп отыр.

Оған қоса адамзат мәдениетінде, мәдениеттің болмыстылығына байланысты туындайтын мәселелер бар. Оларға мыналар жатады: Мәдениет феноменін қалай тануға болады? Өркениеттілік пен мәдениеттің арасында қандай байланыс бар?

Осы келтірілген жағдайлардан туындайтын мәселелердің түсінілуі, танылуы, жеке ғылым, діни сенім, философия, не басқа да гуманитарлық білімдер негізінде мүмкін емес екендігі белгілі. Олар кәзіргі уақытта әмбебап білімдер арқылы жүргізілуде. Көпшілік жағдайда бұл әмбебап қасиет мәдениентану ғылымына тән. Бұл арада мәдениеттанудың бастапқы мақсаты мәдениеттің тарихи дамуын және әлеуметтік қызметін зерттеу, ал нетижесі мәдениет туралы жүйеленген білім.

2. Ал енді мәдениеттің мәнін белгілі бір тұрғыда қарастырсақ, оның басқалардан гөрі айрықша екі жолын көруге болады: зайырлы және діни мәдениеттер. Діни ілімнің түсініктерінін шеңберінде «мәдениет» ұғымы (ғибадат), жоғарғы иенің беретін сенімі, дәстүрі, болмыстың жоғарғы мәні жатады. Мәдениеттің түп-тамыры байырғы заманға барып тіреледі. Оның діни көзқарастардан нәр алатындығы даусыз. Оларға адамдар арасындағы салт-сана, дәстүр, жоғарғы бір күшке табыну, жаратқанның құдіретіне сену сияқты т. б, табынудың түрлерін жатқызуға болады. Діни қарекеттер, діни тәжірибелер - алғашқы адамдардын табиғи жағдайдан шығуы, адам болмысының пайда бола бастауы. Сол себептен «гибадат» (кулът) және «мәдениет» ұғымдарының бір-біріне концептуальдық жағынан жақындасуының өзі әділетті.

Алғаш рет әдебиетте «культура» термині Римнің атақты философы әрі шешені Цицеронның (б. д. д. 45 ж. ) «Тускул кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Оның этимологиялық негізі «өңдеу», «тазалау» деген сөздерден шығады. Алғашқыда агротехникалық термин (жерді өңдеу) ретінде қолданылды. Ал, Цицерон болса алғаш рет оны ауыспалы мағынада «адам ақыл-есіне ықлал жасау» үшін қолданды. Цицерон философияның адам өміріне ықпал жасау әдістерді қарастыруды мақұл көрді. Тек осымен антикалық азаматтарды дайындау, ессіз баладан ер адамдық деңгейге дейін қалыптасу жағдайлары сипатталады. Гректер бүл жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен белгіледі.

Гректердің - «пайдейя» термині екі мағынада: біріншісі тікелей тәрбиелеу, үйрену, ал екіншісі білімді, білімділікті ағартушылықты, мәдениетті анықтайды. Олар адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше тұлға етіп айқындалған құндылықты қалыптастырды. Сөз жоқ, бұл адамға қарай бағытталғандықтан өзі мәдениет түсінігінің антикалық ауыспайтын гуманистік маңызын құрайды және негізінде мәдени жағдайлардың мақсатын шығаратын адам идеалы бар.

Мәдениеттің мақсаты мынада болды: адамның ойлау қабілетін, эстетикалық сезімнің әдемілігін дамытып, адамның іс әрекетінде сезімділік өлшемі мен әділеттілікті қарастыруға жол ашу. Бұл жағдайда антикалық адам табиғатпен біртұтас екендігін жоғалтқан жоқ. Табиғат өзі қанатының астына құдайлар мен адамдарды ала отырып ғарыштың айрылмас негізгі бөлігі болып қала береді.

Мәдениетке дәл осылай келу оның аса терең мағыналы екендігін, сонымен қатар оның әлеуметтік бойына даруын, қоғамның өмірімен біте қайнасуы, оның тек ғана адам баласының тегіне тән екендігін көрсетеді.

Сонымен, мәдениет - бұл адамның ақылы, таланты, еңбек таңбалары бар бізді қоршаған заттар мен құбылыстар әлемі. Бұл - өзінен өзін туындататын табиғаттан айырмашылығы бар адамдар әлемі. Оның әртүрлі анықтамалары мәдениеттің түрлі сферасын сипаттайды. Қорыта айтқанда мәдениет - бұл адамзаттың жасаған дүниесі.

3. Өндірістің негізгі екі түріне қарай материалдық және рухани мәдениет деп бөлеміз. Материалдық мәдениет адамның бүкіл материалдық еңбегі мен оның жемісін қамтиды (еңбек құралдары, күнделікті тұрмыс заттары, киім, баспана, көлік т. б. ) . Рухани мәдениет адам санасының, рухани еңбегінің аумағын қамтиды (тәрбие, білім, ғылым, өнер, әдебиет, аңызнама, дін т. б. ) . Рухани мәдениет пен материалдық мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты.

Тарихта мәдени өзгерістің ықпалына ең бірінші табиғат түсті. Адам, табиғатты «өз үйіне», өзінің өмір сүру ортасына айналдыра бастаған кезде, өзін табиғаттан алшақтатын алғашқы қадамын жасаған еді. Адам эволюциясына табиғат ортасы тар болып, ол табиғаттан тыс шынайылық дүниесіне шықты, ол артефактар дүниесін жасады, яғни мәдениет пен әлеуметтің дүниесі. Кейде табиғат пен мәдениет үлеспейді деген пікірлер айтылып жатады. Дегенмен табиғаттан тыс мәдениеттің болуы мүмкін емес, мәдениет тек табиғаттың бергенін өзгертеді, өңдейді, яғни мәдениет - ол адам қайта өңдеген табиғат.

Мәдениеттің дамуы адам мен табиғат тұтастығының төмендеуіне әкеліп отыр. Табиғат адамның инстиктивті өмір сүру ортасы, одан тыс ол биологиялық тип ретінде өмір сүре алмайды. Алайда адамның одан еш маңызы төмен емес өмір сүру ортасы мәдениет болып отыр, ол инстикттен жоғары, саналық тәртіп жүйесін жасап отыр.

Ежелгі Шығыс мәдениеті. Ежелгі Египет мәдениеті

1. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттік құрылымның пайда болу ерекшеліктері

2. Ніл аңғарының табиғаттық жағдайы, халқы және өркениеттің қалыптасуы

3. Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылымының ерекшеліктері және діни сенімдері

4. Ежелгі Египеттіктердің өнер саласындағы жетістіктері

5. Ежелгі Египеттіктердің ғылым мен білім саласындағы жетістіктері

1. Ескі дүние өзінің көркемөнерімен, сәулет өнерімен, әдебиетімен, дінімен, философиясымен күні бүгінге дейін таң қалдырып келеді. Сондықтан болар, солар арқылы өзімізге өзіміз тізе отырып осы заманның мәдениетінің ерекшелігін, мәнін байқаймыз, аңғарамыз. Кәзіргі уақытта бізден тарихи уақыт пен кеңістілікті артқа тастаған ерте дүние мәдениетінің әралуандылығын және бірегейлігін танып білу аса маңызды мәселелердің бірі. Әдетте мұны іске асыру үшін, сол шығыс және батыс мемлекеттерінің жеке тұлғаға, оның еркіндігіне катынастарын және сол мемлекеттердің пайда болу тәсілдерін бірімен-бірін салыстыру арқылы жүргізген жөн.

Байырғы Шығыс, адамзатты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған, ұлы мәдениеттің отаны болғанды. Алайда, Шығыс алғашқы қауымдастықты артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Өйткені табиғаттың дүлей күші түгіл, адамдардың ырқынан жоғары тұрған қатал әкімшілдікке негізделген мемлекетке де бас иіп, құдайдай көрді. Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары, енді мемлекеттің алғашқы құрылысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты, оларды құдай орнатқан жоғарғы тәртіптіліктің жалғасы деп есептеді.

Көне шығыстың бұл ерекшелігі көбінесе адамдардың ұжымдық жолмен біріге отырып тірі қалуы, сол дәуірдегі қолайсыз географиялық жағдайдағы бірден бір жол еді. Аман қалудың алғы шарты қатаң, өміршіл мемлекеттің болуыын қажет етсе, ол байырғы адамдардың мәдениеті мен дүние түйсігі арқылы дәлелденіп отырылды.

Батыс тарихында жеке тұлғалардың дараланып шығуы олардың билік пен жеке меншікке құштарлығының салдарынан мемлекет пайда болды. Нәтижесінде қоғамға үстемдік жасайтын өкіметтің қажет екендігі айқындала бастады. Өкімет жаңа қалыптаса бастаған тәртіптілікті қорғаштады.

Біріншіден оқшауланып бөліне бастаған топтың артықшылығын сақтауға мүмкіндік туғызса, екіншіден адамдар мен топтардың арасындағы кейбір қақтығыстарды жұмсарта отырып, адамдардың қоғамдық келісімнін кешуге бағыттады. Былайша айтқанда, варварлық жүгенсіздік жағдайында пайда болған адам еркіндігінің көбі батыста мемлекеттердің пайда болуына әкеп соқты. Батыста мұндай типті мемлекеттердің пайда болуының мәні еркінді іске асуының әлеуметтік түрі еді.

Шығыс елдерінің тарихында еркіндіктің жеке тұлғалыққа, бейімділікке қарағанда мемлекетке құштарлық ерте басталды. Өйткені Шығыста қалт-құлт өмір сүрудің басты амалы суармалы жерлерді пайдалана отырып астықтың
коғамдық қорын жасай білуде болды. Өйткені, табиғаттың дүлей
күші соны талап етті. Осының барлығы қордалана келіп табыс
қорының қомақты және жоспарлы шығындалуын, әкімшілік жолымен басқарылуын және көптеген жеке ауылшаруашылық қауымдарды топтастыруды талап етті. Шығыс мемлекеттерінің негізінде жеке адамның өзіндігін және еркіндікті жоққа шығаратын абсолюттік біртұтастық идеалы жатты. Шығыс деспотиясының рухани мәні осында.

Мұндай мемлекеттіліктің типтік сипаттары Шумер, Үнді, Египет, Қытай сияқты Ежелгі Шығыс елдеріне тән нәрсе болды.

2. Ежелгі Египет адамзат тарихындағы алғашқы мемлекет және дүниені басып алуға алғаш әрекет жасаған империя. Ежелгі Қосөзеннің тарихы сияқты ертедегі Египеттің тарихы да бір жүйеге келтіріліп, терең зерттеле басталғаны ХІХ ғасыр болды.

Бұған дейін библия деректерінің және грек пен латын авторлары шығармаларының кейбір үзінділерін пайдалануға тура келді, бұлардың Египеттің жазба документтерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады және өзге халықтың тарихын ауыз әдебиеті бойынша баяндады.

Вавилон - ассирия тарихына қарағанда, бізге белгілі болып отырған Египет өткендегісін суреттеген Герадот «Тарихы» әлдеқайда толығырақ, бірақ бір жүйеге келтірілмеген.

«Тарихтың атасы» Нілдің бойымен Египеттің солтүстігінен оңтүстігіне дейін саяхат шегіп, көне ескерткіштері қарап, шайқас болған жерлерді аралап, грек тілін білетін египеттіктерден бұл халықтың әдеп - ғұрыпын мен өткендегі тарихын сұрап білді. Әңгімелескен адамдардың бұл мәліметтері үзінді түрінде еді, кейде бұрмаланған да болды, оны тексеруге Геродоттың мүмкіндігі болмады.

Кейде египеттік саяхатшыға әңгімелескен адамдары өз ата - бабаларының әскери ерліктерін әсерлеп айтып, оны әдейі шатастырды. Олар Геродотты фараондарының Сесострис деп аталатын біреуі Қара теңіздің солтүстік жалғасына өтіп, скифтерді бағындырды деп сендірді. Ал шынында Египет фараондарының әсері Қара теңізге ешқашан жеткен емес. Сонымен қатар Геродот жинаған мәліметтің көбі, әсіресе көзіммен көрдім дегендері дұрыс.

Египет тарихымен антик заманның басқа да жазушылары айналысты, бірақ олардың бәрі де, Геродот пен Плутарх сияқты, египеттіктермен ауызекі әңгімеге сүйенді, егер олар Египет жазуын көрген болғанда да оны оқи алмас еді.

Б. э. дейінгі 332 жылы Александр Македонский Египетті жаулап алғанда, ол жерге көптеген гректер барып қоныстанып, оның өтендегі тарихымен айналысушылар көбейді және Египет абызы Манефон грек тілінде «Египет тарихын» жазды. Ол хронологиялық схема жасады және Египет тарихындағы бірқатар оқиғаларды дұрыс фактілерді аңызда айтылғандармен қоса баяндап берді.

Египет мемлекеті Африканың солтүстік - шығысында пайда болды. Оның негізгі бөлігі Ніл аңғарының, бірінші шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейін алып жатқан жерлер болды, бұған қоса шығысында Аравия таулы өлкесі, батысында Ливия үстіртінің біраз бөлігі де қарады.

Египеттіктедің өздері «Қызыл жерге», яғни шөл далаға қарағанда бұл жердің топырағын құнарлығын көрсетпек ниетпен өз елін «Қара жер» де атаған. «Египет» деген атау оның ежелгі астанасы - Хэкау - Птахты, яғни «Птах рухының қорғанын» - Мемфисті - гректердің бұрмалап, поэтикалық әсерлеп айтуынан алынған.

Египеттің Қосөзеннен айырмасы - мұнда халық ежелгі тас ғасыры кезінде - ақ мекендеген. Бірақ ол кездегі тұрғындар негізінен Нілдің батқапақты аңғарлары қоршап тұрған үстіртті жерді мекендеген аң аулап кезіп жүрген тайпалар еді. Олар ұлы өзеннің жалалауына анда - санда бір түсетін. Ол заманда Европаның едәуір бөлігін мұз басып жатты, ал Жерорта теңізізінің солтүстік жағалауында тундра жазылып жатты. Сонықтан да Солтүстік Африканың климаты қазіргідей ысық және құрақ болмауы табиғи құбылыс еді. Жаңбырда жиі жауды. Африканың кең - байтақ даласын қалың шөп пен бұлт басып жатты. Бұл жерде көптеген жабайы жануарлар, пілдер мен жирафтар да құстар да өсіп - өнді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Египет мәдениетін мектепте оқытудың әдістемесі
Ежелгі Египеттің мәдениеті
Мәдениет ғылымының қалыптасып, дамуы
Египет мәдениеті мен құдайлары
Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
Египет Араб Республикасы туралы жалпы түсінік
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Көне Египет мәдениеті
Египет. Ежелгі египеттің өркениеті
Мысыр мәдениеті. Египеттегі пирамидалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz