Жоғары мектептегі ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Жоғары мектептегі ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі

Орындаған: Төрехан Нұрлан
Группа: М1703-20
Қабылдаған: Оралбекова Алия

Шымкент 2020

Жоғары мектептегі ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі

Кіріспе
Еліміз саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындары үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды даярлауды көздеп отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны атап көрсетілген.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы Қазақстан - 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында Балапан бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру, Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарларын атап өтті.
Аталған міндеттерді жүзеге асыруда Қазақстанда болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың қазіргі кезеңдегі жай-күйіне талдау жасауда жоғары оқу орындарының алдына әлеуметтікэтикалық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық, кәсіби құзіретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отырғандығы анықталды. Педагог мамандардың кәсіби іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми-педагогикалық идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген кәсіби-педагогикалық құзіреттіліктің жоғары деңгейін меңгерген маман ретінде даярлау мәселесін шешу көзделуде.

Негізгі бөлім
Бүгінгі таңда білім беруді жаңғырту - заманның талабы. Болашақ мамандарды даярлауда олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Ол үшін студенттердің кәсіби құзіреттілігін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жетілдіру қажет және білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру, білім беруді жаңғырту сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басым бағыттар бойынша жүзеге асуда.
Біріншісі, білім беру ұйымдарын оңтайландыру және оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арнаулы педагогикалық білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншісі, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және біліктілікті жетілдірудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Мамандар даярлауда оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі - академиялық еркіндіктің басты қағидаты болып саналады. Элективті курстар еңбек нарығы сұраныстары негізінде оқытылады. Оқыту үдерісін жаңғырту бағыты бойынша сұранысқа ие, болашағы бар бағыттарды күшейтудің маңызы зор. Сонымен қатар, тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері, 12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән беріле бастады. Жоғары интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан, инновациялық технологияларды еркін меңгерген, ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау, қайта даярлауды да айта кету керек. Мектеп мұғалімдері, ғалым-оқытушыларды елдегі және шетелдегі біліктілікті арттыру орталықтарында жүйелі түрде оқыту қолға алынуда.

Жоғары мектептегі ғылыми педагогикалық кадрларды даярлаудың әлсіз жақтары:
білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі;
педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;
балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;
білім берудегі менеджменттің нашар дамуы;
білім беру саласында мемлекеттік - жеке-әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жүйесі толық дамымаған;
білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы;
білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес емес және білім алушыларға қолжетімсіз;
мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;
жалпы орта және жоғары білім мазмұнының бірігуінің жоқтығы;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;
ШЖМ ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы;
инклюзивті білімнің нашар дамуы;
ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы;
колледждер мен ЖОО бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің ұсынысы мен жұмыс берушілердің сұранысының арасындағы теңдіктің жоқтығы;
жоғары білім мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы
Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруда инновациялық технологияларды, компьютер мүмкіндіктерін пайдалану, интерактивті білім беру, қашықтықтан оқыту, виртуальды педагогика тағы басқаларды тәжірибеге ендіруге баса назар аудару қажет. Ғалым-оқытушылар, зерттеушілер жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе отырып мектеп базасында инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың, студенттердің интеллектуалдық қабілеттерін арттыруды көздейді. Еліміздегі жоғары білім беру ордалары әлемдік білім беру жүйесіне көше бастады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетін білікті мамандарды дайындау үшін ЖОО-ры да түрлі инновациялық әдістемелерді пайдалана бастады. Академиялық мобильділік бағдарламасы еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында жүзеге асуда. Жоғары білім саласына көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, қос диплом алу, қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, оқыту әдістемелерін жаңғырту, оқытудың онлайн жүйелерін дамыту сынды жоғарыдағы бағыттың негізгі тетігі ретінде қарастырылуда .
Білім беру реформасын жүзеге асырудағы негізгі тұлға педагог болып табылады. Мемлекеттің педагог мамандарға бағдарланған әлеуметтік тапсырысы ең алдымен, жоғары оқу орнын, балабақша, мектеп таңдау жағдайында өз бетімен жауапты шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа икемді, ел тағдырына жанашырлықпен қарайтын жоғары құзіретті мамандарды қалыптастыруды көздейді. Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі бағыттары білім беру мазмұнын жаңартудың және қазақстандық білім беру жүйесін өзгертудің негізгі бөлігі болып табылады. Алайда білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыруды жүзеге асыруда қазіргі педагог мамандардың қолынан келер мүмкіндіктерінің арасындағы қарама-қайшылықтың сақталып отырғанын атап айту керек. Осы қайшылықтарды жоюда білім беру саясатындағы басым бағыттардың бірі - білім беру үдерісін құзіретті тәсілге бағдарлай отырып, оны жүзеге асырудың жолдарын қамтамасыз ететін төмендегідей маңызды міндеттерді шешу қажет:
педагогтарды білім берудің жаңа технологияларын меңгеруден, кәсіби рөлдерді (кеңесші, топтық талдауды ұйымдастырушы, фасилитатор, тьютор) сәйкесінше игеруден тұратын құзіретті тәсілдері аясындағы жұмыстарға даярлау;
педагогтарды баланың және өзінің денсаулығын сақтау технологиясымен қамтамасыз ету;
білім беру үдерісін барынша дараландыру жағдайындағы іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру;

Болашақ мамандардың негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау белгіленген міндеттерді іске асыра алуымен тікелей байланысты. Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жаңа білім беру стандартының төмендегідей талаптарына сәйкес болуы шарт:
жаңа білім беру стандартының мазмұны мен әдіснамасын қабылдауға;
білім беру үдерісін бағдарламалық және әдістемелік тұрғыдан өзгертуге;
педагог қызметінің мақсаттары мен тәсілдерінің өзгеруіне;
білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдануға даярлануы керек. Мұнда білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселесіне көңіл бөлу де болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның білім беру үдерісінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп оқытушысын даярлау үрдісі
Білім беруді бағалау тарихы
Жалпы кәсіби құзіреттілік
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Басшыларды іріктеу жүйесінің тарихы
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім беру жүйесінің дамуы
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Пәндер