Қаржы тұрақтылығының біріктірілген индексі базасында банк жүйесінің қаржы тұрақтылығын бағалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 1 ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
6: 9
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 «Қаржылық тұрақтылық» концептінің мәні мен мазмұны және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері . . .
6: 9
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 ҚР Ұлттық банкінің Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есебін қалыптастырудың әдістемелік негіздері . . .
6: 17
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері . . .
6: 21
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН БАҒАЛАУ . . .
6: 25
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Қаржылық тұрақтылық тұрғысында тәуекелдерді бағалау әдістемесі . . .
6: 25
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Қазақстанның қаржы тұрақтылығын айқындаған факторлар кешенін бағалау . . .
6: 31
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Қаржы тұрақтылығының біріктірілген индексі базасында банк жүйесінің қаржы тұрақтылығын бағалау . . .
6: 39
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНІ . . .
6: 44
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Қазақстандағы қаржылық тұрақтылықтың негізгі қағидалары . . .
6: 44
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Банк жүйесін реттеу аясында Ұлттық банктің банк секторын тұрақтандыру шаралары . . .
6: 49
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 60
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 62
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: А-ҚОСЫМШАСЫ - Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы 2010 жылғы есеп, Қаржы жүйесін реттеу және тәуекелдерді басқару бөлімі . . .
6: 63

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржы жүйесі қатысушыларының көңілін қаржы тұрақтылығын ұстап тұру мәселелеріне аудару қаржылық процестер түсінігін жаңа деңгейге шығаруға және қаржылық тұрақтылықты талдау әдістемесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Қаржылық тұрақтылықтың өзекті мәселелері бойынша қоғамдық пікір-таластың теңдеуі қаржылық тұрақсыздықты ескертудің құралы болып табылады.

Қаржылық тұрақтылықты белгілі бір қоғамдық қажеттілік ретінде қарастырады, оны экономиканың әрбір субъектісі қолдана алуы мүмкін. Мұндай қоғамдық қажеттілік қаржы жүйесінің экономикалық процестерді тиімді жеңілдетуге және жақсартуға, қаржылық тәуекелді басқаруға, экономикалық субъектілер арасында тәуекелді қайта бөлуге, сонымен қатар экономикаға кері сілкініс әсерін болдырмауға қабілеттілігіне негізделеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (Қаржылық қадағалау агенттігі) қатысуымен, 2006 жылдан бастап жыл сайынғы негізде Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп дайындауды жүзеге асырады.

2009 жылғы қарашада мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасына сəйкес қалыптастырылатын мемлекеттік саясат макропруденциалдық реттеу жүйесін іске асыруға жəне, сəйкесінше, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге жəне макропруденциалдық реттеуді жүзеге асыруға жауапты орталық орган ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рөлін күшейтуге бағытталатын болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк жəне Қаржылық қадағалау агенттігі арасында 2007 жылғы 10 қарашада жасалған Қаржы тұрақтылығы мəселелері жөніндегі меморандумға сəйкес: «қаржы тұрақтылығы экономикада кейіннен қаржы нарықтарын теріс түзетуге, жүйелік дағдарыстың туындауына жəне қаржы институттарының қаржы жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуінің, сондай-ақ экономиканың нақты секторының іскерлік белсенділігін ұстап тұруының қабілетсіздігіне əкеп соғуы мүмкін тепе-теңсіздіктің болмауы ретінде айқындалады»

Жүйелік тəуекелдерге кешенді талдау жасау құралдарының бірі болып табылатын Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп шеңберінде қаржы тұрақтылығын айқындайтын мынадай аспектілерді бағалау жүзеге асырылады:

  1. (1) қаржы ресурстары ақшаны сақтайтын жəне инвестициялайтын адамдар арасында қаншалықты тиімді жəне уақтылы қайта бөлінуде;

(2) тəуекелдерді барабар бағалау жəне тиімді басқару жүзеге асырылады ма;

(3) қаржылық күйзелістер айтарлықтай сілкіністерсіз қаржы жүйесіне сіңіп кетуі мүмкін бе.

Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп қаржы нарығының қатысушыларына, сондай-ақ қаржы тұрақтылығының проблематикасына мүдделі аудиторияға арналған. Ұлттық Банк тəуекелдерді зерттеу жəне талдау, сондай-ақ қаржы тұрақтылығы саласындағы арнайы зерттеулердің нəтижелерін таратуды міндет етіп қояды.

Осы орайда мемлекеттік деңгейде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің айқындалған басымдықтарын ескере отырып, мемлекеттің қаржылық тұрақтылығының теориялық аспектілерін зерделеу және қаржылық тұрақтылық жағдайына кешенді талдау жасаудың маңыздылығы тақырып өзектілігі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты - қаржылық тұрақтылықтың теориялық негіздерін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу, қаржылық тұрақтылықты бағалау әдістемесін қолдану аясында Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын айқындаған факторлар мен негізгі көрсеткіштерді бағалау негізінде мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұстап тұру бағытында мемлекет тарапынан қолданылатын шаралары аясында ұсыныстар беру.

Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:

  • қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
  • банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;
  • дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;
  • Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың неғұрлым ұтымды жолын ұсыну;
  • несие тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді талдау, оның ішінде «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» моделін қолданып, екінші деңгейдегі банктерге жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні болып қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үрдісіндегі орталық банк пен банк секторы арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы табылады.

Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі тарапынан қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.

Жұмысты жазу барысында несие нарығы қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР Ұлттық банктің, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. «Қаржылық тұрақтылық» концептінің мәні мен мазмұны және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері

Экономика ғылымы кез-келген өзге ғылым ретінде, арнайы терминдер мен санаттар жиынтығын көздейді, олардың ара-қатынасын белгілейді, оның көмегімен ғылыми заңдарды тұжырымдайды және ғылыми теорияларды қалыптастырады. Сонымен бірге, ғалымдар бар түсініктер мен терминдерді ғана айтып қоймай, ғылым пәні туралы олардың көріністерінің кеңеюі мен тереңдеуіне байланысты жаңа түсініктер мен терминдер жасайды. Жаңа үылыми білімдерді алу жаңа түсініктер аппараты мен терминологиясын жасаумен тығыз байланысты.

Ғылыми пікір-таласқа жаңа терминдерді енгізу идеялардың, немесе концептің (латынша-conceptus-түсінік, ой) пайда болуынан басталады, кейіннен бұл концепт нақтыланады, тереңдете түсініледі; қатаң ғылыми анықтама нысанын иеленеді және ғылыми түсінік не санатқа айналады [1, 28б. ] .

«Қаржылық тұрақтылық» концепті ретінде «қаржылық тұрақтылық» терминіне қатысты жалпы ой, немесе ойлау көрінісі түсініледі. Басқа сөзбен айтқанда, «қаржылық тұрақтылық» концепті - бұл «қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мазмұны. Осылайша «қаржылық тұрақтылық» концепті және белгілі бір уақыт кезеңіндегі нақты экономиканың қаржылық жағдайын бағалау бірдей ұғымдар емес.

Қаржылық тұрақтылықта ғылыми концептке тән барлық сипаттар бар.

Біріншіден, әрбір концепт белгілі бір өзекті мәселе ретінде қарастырылады, яғни онсыз оның ешқандай мәні жоқ. Осы орайда, айта кеткені жөн «қаржылық тұрақтылық» концепті өз бастамасы тарихтың түрлі кезеңдерінде үкіметтер мен орталық банктер кездесетін қаржылық дағдарысты шешу бойынша тәжірибелік проблемалардан алады. Бұл концепт ХХ ғасырдың 90-жылдарында белсенді дами бастады. Сонымен бірге капитал қозғалысын ырықтандыру, қаржылық құралдар нарығының жылдам дамуы, шетел капиталы үшін қаржылық қызмет көрсетулер нарығының ашылуы және өзге де экономикалық жаһандану процестері қаржылық теңгерімсіздіктің жинақталу қаупін және экономикадағы қаржылық дағдарыстың жылдам даму мүмкіндігін көрсетті. Осы орайда бүтіндей қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету өзектілігі артты.

Осылайша «қаржылық тұрақтылық» концепті экономикадағы қаржылық тұрақтылықтың максималды мүмкін деңгейін, яғни экономиканың барлық секторларының, немесе кең мағынадағы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесімен байланысты. Басқаша айтқанда, «қаржылық тұрақтылық» концепті жүйелі қаржылық тұрақсыздық ықтималдығының төмендеу мәселесімен қатыстырылады.

Екіншіден, барлық концептер күрделі болып табылады, және әртүрлі құрамдас бөліктерден тұрады және түрлі аспектілерде қарастырыла алады.

«Қаржылық тұрақтылық» концепті де күрделі, оның күрделілігі қаржылық тұрақтылықтың ұлттық экономиканың барлық секторларының қаржылық жағдайынан тұратындығымен сипатталады (1-сурет) . Нақты экономиканың кез-келген бір секторының немесе экономиканың қаржы жүйесінің бір компонентінің қаржылық жағдайының өзгеруі жалпы экономиканың қаржылық тұрақтылығына әсер етеді.

Нақты экономика үшін сілкіністер Қаржы жүйесі үшін сілкіністер

Сурет 1. «Қаржылық тұрақтылық» концептінің қамту аймағы1

«Қаржылық тұрақтылық» концептінің қамту саласының кеңдігі және қамтылатын элементтердің бір тектіліксіздігі де қаржылық тұрақтылық деңгейін сандық бағалауды қиындатады.

Сонымен қатар, «қаржылық тұрақтылық» концепті қазіргі уақыттағы экономикалық процестердің жүйелік сипатын, яғни қаржы секторы мен нақты экономика қаржыларының, ұлттық экономика қаржыларының өзге елдер экономикасының қаржыларымен, сондай-ақ нақты экономика секторларының бір-бірімен қаржылық байланыстарының өзара байланысын айқындайды. Аталмыш байланыстардың күрделілігін ескере отырып, бір қаржылық делдалдардың қаржылық тұрақтылығын талдау және тар мағынадағы қаржы жүйесіне қатысты реттеушілік әсерлерді қолдану экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа кепіл бола алмайды. Қаржылық тұрақтылықтың қажетті деңгейіне жету және ұстап тұру экономикалық саясаттың сәйкес шараларын жасауға кешенді тәсілдемелерді қажет етеді.

Осылайша, қарастырылп отырған концепт белгілі бір қатыстылық білдіреді, ол жағдайда абсолютті қаржылық тұрақтылық деңгейіне тек экономикалық жүйенің белгілі бір гипотезалық жағдайында ғана жетуге болады. Шындығында экономика бұл эталоннан тұрақты түрде ауытқу жағдайында болады, Бұл ауытқудың төменгі шекарасы абсолютті тұрақсыздық жағдайы болып табылады.

Әдебиеттерде қаржылық тұрақтылықтың анықтамасын жасауда көбіне үш тәсілдеме кездеседі: тура (функционалдық) анықтама, кері (теріс) анықтама және аралас тәсілдемелер.

  1. Тура анықтамалар қаржы жүйесінің тұрақтылық жағдайына тән функциялар мен өзге де сипаттамалардан тұрады. Ол нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі орындауға тиіс функцияларды орындаған жағдайда қаржы жүйесі тұрақты болады дегенді білдіреді.

«Қаржылық тұрақтылық» концептінің кеңейтілген функционалдық анықтамасы бұл феноменге бірнеше іргелі зерттеулер жасаған Г. Шинасимен ұсынылған. Оны пікірінше, Қаржылық тұрақтылық - бұл қаржы жүйесінің «бір мезгілде үш басты функцияларды орындауға қабілетті болған жағдай. Біріншіден, қаржы жүйесі экономикада ресурстардың жинақ иелерінен инвесторларға уақыт аралық бөлуге және жалпы экономикалық ресурстарды бөлуге тиімді және үздіксіз ықпал етуі. Екіншіден, қаржылық тәуекелдер перспективаға анықталады және қажетті дәлдікпен бағаланады, сонымен қатар қатысты түрде жақсы басқарылады. Үшіншіден, қаржы жүйесі үздіксіз түрде қаржылық және нақты экономикалық күтілмеген оқиғалар мен сілкіністерге артық күш салмай жауап бере алатын жағдайда болады» [2] .

  1. Кері анықтамаларды қаржы тұрақтылығы қаржылық тұрақсыздықтың жоқтығымен, яғни қаржылық дағдарыстың жоқтығымен сипатталады. Қаржы тұрақтылығының кері анықтамасына мысал ретінде Э. Кроккеттің ұсынған келесі анықтамасын көрсетуге болады: «Мен қаржылық тұрақтылықты тұрақсыздықтың жоқ болуымен анықтаймын . . . қаржылық тұрақсыздық - бұл экономиканың қызмет етуі қаржылық активтерге бағалардың ауытқуымен әлеуетті нашарлайтын немесе қаржы институттарының өзінің міндеттемелерін орындауға қабілетсіздігімен сипатталатын жағдай» [2] .

Алайда «қаржылық тұрақтылық» концептін анықтаудың мұндай тәсілдемесінің екі кемшілігі бар. Біріншіден, қаржылық дағдарыс күрделі, кешенді және көпаспектілі түсінік болып табылады, оның өзі қатаң ғылыми анықтама беруді қажет етеді. Екіншіден, қаржылық тұрақтылықты қаржылық тұрақсыздықтың болмауымен анықтау мемлекеттік басқару органдарына тұрақтылық ұстап тұру үшін тұрақтылық жағдайында қандай әрекеттер қабылдау керектігі жөнінде нұсқаулар бермейді.

  1. Аралас тәсілдеме «қаржылық тұрақтылық» концептіне анықтама беруде тура және кері анықтамаларды бір мезгілде қолдануға негізделеді.

Сонымен бірге, аралас тәсілдемеге алғашқы екі топқа кірмейтін баламалы анықтамаларды жатқызуға болады. Мәселен, Ұлыбритания Қаржылық қызмет көрсетулер басқармасының директоры бола отырып, М. Фут қаржылық тұрақтылық төменде берілген жағдайлар орын алғандағы жағдай деп көрсеткен:

а) монетарлық тұрақтылық бар (ақшаның сатып алушылық қабілетінің тұрақтылығы) ;

ә) тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейінің табиғи мәнге жақындығы;

б) экономикадағы басты қаржылық институттар мен нарықтар жұмыстарына сенімділік;

в) экономикада (а) және (ә) пункттеріне қауіп төндіруі мүмкін нақты немесе қаржылық активтер бағасының қатысты өзгерісі жоқ. [2]

Көптеген елдерде жалпы қаржы жүйесінің тұрақтылығына мониторинг жасайтын және экономикалық басқарудың өзге органдарымен оны ұстап тұрудың жауапкершілігін бөісетін Орталық банктер қаржылық тұрақтылықты анықтауға прагматикалық тәсілдемені қолданады. Прагматикалық тәсілдеме «қаржылық тұрақтылық» концептінің тар және кең мағыналары арасында ымыраластықты іздеуде тұрады, ол тәжірибе жүзінде қаржылық тұрақтылық анықтамасына аталмыш банктің пікірі бойынша қаржы жүйесінің тұрақтылығына тән функциялар тізімін қосумен айқындалады (1 кесте) .

Кесте 1

Қаржылық тұрақтылық анықтамасына қатысты орталық банктердің тәсілдемелері

Кері анықтама
Тура анықтама
Аралас тәсілдеме
Анықтамалардың болмауы
Кері анықтама: Австралия
Тура анықтама: Австрия, Венгрия, Германия, Ирландия, Исландия, Норвегия, Словакия, Словения, Түркия, Чехия, Чили, Швейцария, Эстония, Жапония
Аралас тәсілдеме: Бельгия, Израиль, Португалия, Франция
Анықтамалардың болмауы: Ұлыбритания, Гонконг, Дания, Еуроаймақ, Индонезия, Испания, Канада, Колумбия, Корея, Латвия, Литва, Нидерланд мемлекеті, Жаңа Зеландия, Польша, Ресей, Сингапур, Финляндия, Хорватия, Швеция
Кері анықтама: Е С К Е Р Т У - [2] әдебиеттен алынған

Осылайша, қаржылық тұрақтылықтың не екендігін ғалымдар да, экономистер де анықтауға тырысты. Яғни, қаржылық тұрақтылықтың нақты анықтамасын іздестіруге Ф. Дэвиспен негізі қаланған және бақыланатын Интернет желісі арқылы қаржылық тұрақтылық тобына біріктірілген түрлі мемлекеттердің басқарушылық, академиялық іскерлік шеңберінің өкілдері қатысты. Алайда, «қаржылық тұрақтылық» концептінің бірегей халықаралық көлемдегі анықтамасы берілген жоқ.

Сонымен, қаржылық тұрақтылықтың жасалған академиялық анықтамаларын қорытындылай отырып, бұл концептің мәнін анықтайтын келесі сипаттамаларды ұсынуға болады:

  1. қаржылық тұрақтылық жүйелі сипаты. Қаржылық тұрақтылық қарыжық институттар, нарықтар мен инфрақұрылымдар жүйесінің, сонымен қатар нақты экономикада пайда болатын қаржылық қатынастардың өзара әрекет етуінің синергетикалық нәтижесі;
  2. мүмкін қаржылық тұрақтылық жағдайының көптігі. Қаржылық тұрақтылық - жалғыз нүктелік жағдай емес, қаржы жүйесінің сенімділігінің өзіндік запастары сәйкес келетін мүмкін мәндердің қатары;
  3. қаржылық тұрақтылықтың қатысты сипаты. Қаржылық тұрақтылық қаржылық тұрақтылықтың абсолютті жағдайы болып табылмайды. Қаржылық тұрақсыздықтың болуының теориялық ықтималдығы тұрақты қаржы жүйелерінде де болуы мүмкін;
  4. қаржылық тұрақтылықтың динамикалық аспекті. t0ағымдағы уақыт кезеңінде қаржылық тұрақтылықтың болуы кезінде тәуекелдер қажетті дәрежеде анықталған және бағаланған. Болашақта айқындалуы мүмкін тәуекелдерді дұрыс бағалау қаржылық тұрақтылықты егер кененттен және/немесе маңызды теріс макроэокномикалық немесе қаржылық сілкіністер пайда болмаса, t1, t2және т. с. с. кезеңдерінде де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  5. қаржы жүйесіне сенімділікке негізделу. Қаржылық институттарға, нарықтарға, құралдарға және инфрақұрылымға сенім болмаған жағдайда қаржылық тұрақтылық бола алмайды.
  6. қаржы жүйесінің ішіндегі кері сілкіністерді толық болдырмау қабілеттілігі. Нақты экономикаға қаржылық тұрақтылық жағдайында қаржы жүйесі тарапынан теріс әсердің болмауы.

Қаржы жүйесінің жағдайын қаржылық тұрақтылыққа қатыстыру үшін жүйелі қаржылық дағдарыс пен қаржы жүйесінің әлсіздігінің болмауы минималды талап болып табылады. Дамыған экономикаларда қаржылық тұрақтылық жағдайына қосымша өзге де талаптар қойылуы мүмкін.

Кеңейтілген анықтамалардың біріне сәйкес, егер қаржы жүйесі экономиканың қызмет етуіне және қаржылық теңгерімсіздікті жоюға септігін тигізсе, қаржы жүйесі тұрақтылық жағдайында болады делінген.

Қаржылық тұрақтылық анықтамасының тар мағынадан кең мағынаға ауысуы «қаржылық тұрақтылық» концептіне келесі сипаттарды қосуды білдіреді:

  • төлем инфрақұрылымының тұрақтылығы (экономикадағы есеп-айырысулардың үздіксіз жүзеге асырылуы) ;
  • қаржылық институттардың тұрақтылығы (банктер мен банктік емес қаржылық делдалдардың) ;
  • қаржылық нарықтардың тұрақтылығы;
  • болашақта теріс экономикалық сілкіністерге төтеп беруге жеткілікті болатын қаржы жүйесі тұрақтылығының запастары;
  • экономикада қаржылық ресурстардың тиімді бөлінуі;
  • экономикада қаржылық тәуекелдерді басқарудың тиімділігі (тәуекелдерді анықтау, сандық бағалау, бағасын анықтау және қайта бөлу) .

Осылайша, төлем жүйесінің сенімді және қауіпсіз қызмет етуін қамтамасыз ету қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысындағы қаржы жүйесінің басты қызметі болып табылады. Оның айналысында қаржылық тұрақтылықтың алыс шекараларын қорғауды қалыптастыратын қаржы жүйесінің өзге де қызметтері құрылады.

Тәжірибе жүзінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қаржылық тұрақтылықты бағалауға әдістемелік тәсілдемелер және бағалау критерийлерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оңтайлы операционды анықтама жасау талап етіледі. Қаржылық тұрақтылықтың операционды анықтамасын қалыптастыру кезінде қаржылық тұрақтылықтың тар мағынадағы анықтамасына жоғарыда аталған әдістемелік құралдардың дамуына қарай қаржылық тұрақтылықтың кең мағынасына тән сипаттарды қосу ұсынылады.

Қаржылық тұрақтылықтың академиялық анықтамасына қарағанда Еуропалық орталық банк қолданатын тәжірибелік анықтама мысал болады, оның негізінде бұл банк қаржылық тұрақтылық мониторингін жасайды және өзінің саясатын жүргізеді. Оған сәйкес, қаржылық тұрақтылық - бұл «жинақтардың инвестицияларға трансформациясын және экономикада төлем операцияларын жүргізуді бұзатын кумулятивті процестерді дамытпай-ақ қаржы жүйесінің сілкіністерге қарсы тұру қабілеті бар жағдайы» [3, 67б. ] .

Айта кеткені жөн, қаржылық тұрақтылықтың қарастырылған анықтамалыр мен сипаттамалары оны бағалауды жүргізу кезінде субъективтілікті туындатады.

«Қаржылық тұрақтылық» концептінің мазмұнын оның экономикалық ғылымның басқа түсініктерімен қатыстыру арқылы тереңдете қарастыруға болады.

  1. Бағалық тұрақтылық. Мемлекеттің экономикалық саясаты тұрғысында қаржылық тұрақтылық өзіндік мақсат болып табылмайды. Сонымен бірге, оны ұстап тұру, бағалық тұрақтылықты ұстап тұру сияқты елдегі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қажетті шарт ретінде қарастырылады. Тіпті экономикалық теорияда экономикалық дағдарыс болған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қаржылық тұрақтылықтың бұзылуы экономикалық өсу қарқыны, бюджет үшін тікелей жоғалтуларға әкеліп соқтырандығын растайды.

Бағалық тұрақтылық пен қаржылық тұрақтылық мемлекеттің мкароэкономикалық тұрақтылығының құрамдас элементтерін білдіреді. Сондай-ақ бағалық және қаржылық тұрақтылықтар өзара байланысты концептер болып табылады. Бір жағынан, қаржы жүйесінің тұрақтылығы тиімді ақша-несие саясатын жүргізу және баға тұрақтылығын ұстап тұру үшін қажет. Екінші жағынан, баға тұрақтылығы қаржылық нарықтарда тұрақтылықты ұстап тұру және жалпы қаржылық тұрақтылық үшін қажетті алғышарт болып табылады. Сонымен бірге, бағалық және қаржылық тұрақтылық бірін-бірі ұстап тұру үшін қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт болып табылады, сондықтан бұл концептердің әрқайсысы тәжірибе жүзінде оларға жету бойынша экономикалық саясаттың кешенді шараларын жүргізуді қажет етеді.

Бағалық тұрақтылық жалпыға қабылданғандай тұтынушылық бағалар индексімен өлшенеді. Бағалық тұрақтылыққа қараған «қаржылық тұрақтылық» клнцептіні бірегей өлшеуіші, өлшеудің бірегей жүйесі жоқ. Әрбір елде қаржылық жүйе тұрақтылығын сандық өлшеудің өзіндік жиыны қолданылады.

Белгілі бір қысқа мерзімдегі жағдайларда монетарлық саясат бағалық немесе қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету таңдауын кездесуі мүмкін. Алайда, ұзақ мерзімді кезеңде бағалық және қаржылық тұрақтылықтың біріктірілген өзара күшейтілген өзара әрекет етуін күтуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік тәуекелдің деңгейі
Банктің қаржылық жағдайы көрсеткіштері
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Қаржылық талдау
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуына талдау жасау
Қаржы қатынастарының жиынтығы
Банктің қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық аспекттері
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Қазақстаннның банк жүйесінің дамуы және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдары
Валюта жүйесі: түрлері, элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz