Корпорациялардың қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
Ι Корпорациялардың ақша ағындарын жоспарлау мен басқарудың теориялық аспектілері
1. 1 Корпорациялар қаржысының экономкалық мәні және ұйымдастыру негіздері . . .
1. 2 Корпорациялардың қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары . . .
1. 3 Корпорацияларда ақша ағындарын жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері . . .
ΙΙ. Корпорациялардың ақша ағындарын басқаруы мен жоспарлауын талдау ( «Ұлы қабырға» Қазақ-Қытай бұрғылау компаниясы мысалында)
- Корпорацияның қаржы-шаруашылық қызметін талдау . . .
2. 2 Қаржы ресурстарды басқарудың көрсеткіштерін талдау . . .
- Рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау . . .
ΙΙΙ . Корпорациялардың ақша ағындарын басқару тиімділігін арттыру жолдары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біз - саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды. »/1, 30б. /, - деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті талдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл қатесіз талдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдың, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. »/2, 38б. /, - деп айтқандай, нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыра білуінде және орынды пайдалана білуінде болып табылады. Яғни ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару - бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін қаржылардың түрлеріне әсер ететін мақсатты бағытталған әдістер, операциялар, рычагтар мен тәсілдердің жиынтығы.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары - бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.
Дүйсенбаев К. Ш. кәсіпорынның қаржылық жағдай «қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдаланылуымен көрсетіледі» деп жазады /4, 7б. /.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқару ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, сондықтан ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады.
Дипломдық жұмыс мақсаты - нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорында қаржы ресурстарын басқару ерекшеліктерін зерттеу және оларды басқару тимімділігін арттырудың кейбір жолдарын ұсыну.
Жұмыстың мақсатына жетуде келесі міндеттер қойылады:
- өнеркәсіптік кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілерін танып білу;
- өнеркәсіптік кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқаруын талдау, оған баға беру;
- қаржылық ресурстарды басқару тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні - өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыру барысында пайдаланылатын қаржы ресурстарын басқару.
Зерттеу объектісі - Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқаруды «Ұлы қабырға» Қазақ-Қытай бұрғылау компаниясына талдау жүргізу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Кәсіпорынның қаржы ресурстары - бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.
Қаржыларды ұйымдастыру қағидалары келесілер болып табылады: коммерциялық-шаруашылық есеп, жоспарлылық, меншіктің барлық нысандарының теңдігі, қаржы резервтерінің болуы.
Зерттеулер нәтижелерінің практикалық маңыздылығы қаржы ресурстарын басқару көрсеткіштерін болжамдау модельдері арқылы құрастырылған«Ұлы қабырға» Қазақ-Қытай бұрғылау компаниясына жылға арналған болжамды балансын қолдану мүмкіндігі.
Жұмыстың әдістемелік негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері, статистика бойынша Қазақстан Республикасының Агенттілігінің статистикалық материалдары болып табылады. Жұмыс процесінде жалпы ғылыми, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың практикалық негізі «Ұлы қабырға» Қазақ-Қытай бұрғылау компаниясының қаржылық құжаттары болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ι Корпорациялардың ақша ағындарын жоспарлау мен басқарудың теориялық аспектілері
1. 1 Корпорациялар қаржысының экономкалық мәні және ұйымдастыру негіздері
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы − бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қтынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты − халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырладырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық − пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, меркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, крнцерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің орта қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға − жалпы «қаржы» категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды. /3, 137-146 б/
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайыөндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты блып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорында өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу − өндіру мен тұтыну арасындаңы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға − мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілермен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарын да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарды бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивиденттер мен пайыздар төлеу және алу процесінде коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады) ;
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, силық қорын жасауда, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпен − бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанды;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерінің алу, оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады) ;
сақтық органдармен − мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен − ішкі салалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары) ;
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т. с. с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмететуіне байланысты ерекшеліктер тән.
Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пйдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Қызметтің
сфералары
бойынша
Материалдық емес
(өндірістік емес)
Өндірістің
түрлері
бойынша
Қызметтің
сипаты
бойынша
Меншіктің
нысандары
бойынша
Ұйымдық-
құқықтық
түрлері
бойынша
Шаруашылық
Серіктестіктер
Коопе-
Ратив-
Тік
Қоғамдық
ұйымдар
өндіріс-
тік емес сфера-
ның
ұйымда-
ры мен меке-мелері
шаруа-шылық
жүргізу
құқы-
ғын-
дағы
жедел басқару
құқы-
ғын-
дағы
Толық серіктестік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Акционерлік қрғам
Қосымша жауапкершілігібар серіктестік
Сенім серіктестігі
Басты
Еншілес
Қазыналық
Өндірістік
Тұтыну
Қоғамдық бірлестіктер
Қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындары
Қоғамдық қорлар
мемлекеттік
коммерциялық
Сурет 1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Дереккөз: В. В. Бочаров Корпоративные финансы
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.
Өзін-өзі өтеушілік − шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі − залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету − кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдану пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабельді жұмыс істеу тиіс; бірінші жағдайда олардың несие ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиелерге тарапынан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыру − нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындардың меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді несиелері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша девиденттер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т. б. жүйесі мен тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компанияларынан түсетін сақтық төлемдердің ролінің артуымен күшейіп келеді.
Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуы және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл − маңызды алғышарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.
Шаруашылық қызметтің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтау мен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік − бір процестің − шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның − экономиканың негізгі буыны кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъектісі сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
Жоспарлық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта − қаржы жоспарында (болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады. Кәсіпорынның болжамды қызметі факторлардың тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі пысықтаудың − жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға − бірлестік, ассоциация, концерн және т. с. с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары − мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің, және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігіне жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz