Азаматтардың денсаулығын жақсартуы – мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамудың кепілі.


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтардың денсаулығын жақсартуы - мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамудың кепілі.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы.

Азаматтардың денсаулығы үшін ынтымақтастық жауапкершілік

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының басым бағыттарының бірі қазақстандықтардың қоғамдық және жеке денсулығын жақсарту бойынша елеулі қадамы болып табылады. Бағдарламада денсаулық сақтау саласы бойынша сектораралық өзара іс-қимылдарға ерекше назар аударылады. Себебі, бірінші кезекте, қоғамның барлық секторлардың, ведомстволардың, бизнем-құрылымдардың, сондай-ақ түрлі деңгейлердегі қоғамдық ұйымдардың (МЕҰ) жұмсаған күштерін нақты келісілуін талап етеді. Бұл, біріншіден, денсаулық сақтау мәселелері денсаулық сақтау жүйесінің шегінен алыстайтындығымен байланысты. Белсенді түрде бизнес-құрылымдарды тарту жергілікті денсаулық сақтау бағдарламаларын қосымша қаржыландыру көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бастапқы денсаулық сақтауға мақсат қою

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының басқа бағдарламалардан айырмашылығы: денсаулық сақтау жүйесінің дамуына және медициналық қызымет көрсету сапасының кезеңдеп жақсаруына әкелетіндікте. Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытталығы басымдылықта болады. Осыған орай, басқарушылық құрылымдардың және әрбір медициналық ұйымның қызымет сапасына ерекше назар аударылды. Жекелей түссек, бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) денсаулық сақтау жүйесінің іргесі болғандықтан әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңызы өсе түседі.

Бүгінгі таңда, объективті себептермен байланысты БМСК өз қызыметін толық күшпен жүзеге асырмайды. Осымен байланысты, мамандырылған амбулаторлық және стационарлық көмегі мен қымбат жедел жәрдем қызыметін пайдаланудың ұлғаюына әкеп соқтырады. Осыған байланысты, «Саламатты Қазақстан» Бағдарламасы әлеуметтік қызыметші институты қызыметіне енгізілуі алдын ала қарастырылады. Бұл бөлімше жұмысының тиімділігін ұлайтады және БМСК бастапқы медициналық-санитарлық көмектің әлемдік стандарттарына жақындата түсіреді.

Скринингті зерттеулер

Бүгінгі таңда Қазақстанда жүрек - қан тамырлар жүйесінің аурулары, онкологиялық аурулар, жарақаттар, өкпенің созылмалы бітелу аурулары Қазақстан тұрғындарының өлімінің басты себептері болып табылады. Олардың пайда болу факторларын анықтағаннан кейін табысты жоюға мүмкідігіміз бар.

Осыған орай, «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде скринингтік зерттеуді өткізу көзделген. Ағылшын тілінен аударғанда «Скрининг - screening» сөзі «сұрыптау, сүзгіден өткізу» мағынасын білдіреді.

2011 жылда мыналар:

1. Холестерин, қан глюкозасы арқылы қант диабеті, күрең тамырының гипертониясы, жүректің ишимиялық ауруларын ерте стадияда анықтау үшін скринигі.

2. Балаларда туа біткен және ата-аналардан берілетін есту апараттарының потологиясына скринингтен өткізу.

3. РАР-тестін қолдана отырып жатыр ойығының жарасын ерте стадияда анықтау үшін скринингтен өткізу.

4. В және С гепатитіне шалдығуға жақын келесі топтарын скринингтен өткізу:

1) балаларды (қан ауруына шалдыққан науқастар, жаңа пайда болған қатерлі ісіктерлері анықталғандар, гемодиализге тәуекелділер, операция жасалғандар және қан құюды процедурасын өткізгендер мен оның компонеттерін алғандар) 2011 жылдан бастап;

2) ересектерді (медициналық қызыметкерлерде: операция жасайтын дәрігерлер және хирургиялық профилді медбикелер, процедуралық кабинеттің, қан орталықтарының, жедел жәрдемнің, паталогоанатомиялық қызыметтің, медбикелері, сот медициналық эксперттері, сонымен қатар, 2012 жылдан бастап қан ауруларына шалыққан науқастар) ;

5. Глаукоманы ерте анықтауға бағытталған скринингі ұсынылып енгізіледі.

Скринингтік зерттеулерді ендіру тұрғындардың тәуекел топтары арасынан аурулардың симптомсыз нысанында ерте стадияларда белсенді түрде анықтауға мүмкіндік береді. Берілген медициналық карау түрі мынадай жас аралықтағы ересек тұрғындар арасынды өткізіледі: 18, 25, 30, 35 жас, 40, 43, 45, 46, 49, 50, 52, 54, 55, 56, 58, 60, 61, 65 жас. Бұл шара қан айналымы жүйісінің негізгі ауруларды- күрен тамыр гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және олардың бес жылда бір рет өткізілетін он сегіз жастағы және 25-тен 65-ке дейінгі жас аралықтағы әйелдер мен ерлер топтарында; бес жылда бір рет өткізілетін отыз бестен алпыс беске дейін аралықтағы әйелдер мен ерлердің топтарында екінші типтік қант диабетін; бес жылда бір рет өткізілетін отыз жастан алпыс жасқа дейінгі жас аралықтағы әйелдер топтпрын арасында жатыр ойығының ісік алды, қатерлі ісіктердің жаңа пайда болу; үш жылда бір рет өткізілетін қырық жастан және одан да жоғары жас аралықтағы әелдер мен ерлер топтарында глаукоманы; екі жылда бір рет өткізілетін елу жастан алпыс жасқа дейінгі аралықтағы әйелдер мен ерлер топтарында тік және тоқ ішектің ісік алды, қатерлі ісіктердің жаңа пайда болу; екі жылда бір рет өткізілетін елу жастан алпыс жасқа дейінгі әйелдер мен ерлер топтардың арасында асқазанның және ұлтабардың ісік алды, қатерлі ісіктердің жаңа пайда болу; екі жылда бір рет өткізілетін елу жастан алпыс жасқа дейінгі әйелдер арысындағы топтарында сүт бездердің ісік алды, қатерлі ісіктердің жаңа пайда болу және олардың дамудың тәуекел факторларын анықтау мен алдын алуға бағытталғын.

Скринингтер қалай және қай жерде өткізіледі

Қалалық тұрғындар меншік түріне қарамастан емханаларда, кез кедген ведомстволық медикалық-санитарлық бөліктерде, дәрігерлік амбулаторияларда және қалалық емханаларда медициналық қараудан өте алады. Ауылдық жерлерде тұратындар медициналық орындарда, фельдшерлік-акушерлік орындарында, дәрігерлік амбулаторияларда, сонымен қатар, қалалық және аудандық емхана деңгейіндегі профилактикалық медицина бөлімдерінде медициналық қараудан өте алады.

Скринингтік қарауды медициналық қызыметкерлермен тегін жасалынады. Скринингтік қарауға жататын қызымет көрсететін аумақтық учаскелер тұрғындардан тұратын тізімді жасайды. Содан кейін, азаматтардың бұл категориясын профилактикалық қараудан өту қажет екендігі туралы және қажетті қараудың кестесі, уақыты және көлемі туралы хабардар етеді. Профилактикалық қараудан өткен соң, пациентте кемістікті тапқан жағдайда мамандырылған медициналық мекемелерге жіберіледі. Аурулардың созылмалы түлерімен науқастанған және ауруларды жұқтырып алу қатері пайда болу тәуекел топтарына түсетін тұлғалар үшін денсаулық мектептері ұйымдастырылады.

Негізгі мақсат - Ана мен бала денсаулығын қорғау

Бұрынғыдай, ана мен бала денсаулығы денсаулық сақтау саласындығы мемлекет саясатының басымдылығында.

«Саламатты Қазақстан» шеңберінде босану кездегі көмектесу және бала ұйымдардың материалдық-техникалық базасы бірталай жақсарды. Сонымен қатар, алдынғы қатарлы медициналық жабдықтармен қамсызданған жаңа босану үйлері, перинаталдық орталықтар және балалар ауруханалары салынды.

Сондай-ақ, ана мен бала денсаулығын нығайту амбулаторлық деңгейде 5 жасқа дейінгі балалар жекелеген аурулар бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде. Ана және жас сәби өлімін азайтуға бағытталған жедел шаралар бойынша республикалық және аймақтық штабтар жасалынды.

Соңғы жылдарда Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы қатарға енгізілді. Олардың негіздерінде әлемдік стандарттарға сейкес келетін жоғарғы технологиялрды қолдана отырып әйелдер мен балаларды емдеу өткізіледі. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 2004 жылмен салыстырғанда ана өлімі 1, 6 есе азайтылды. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жас сәби өлімі көрсеткіші, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсыным берген, тірі-өлі туылуы белгілердің есебімен тіркеледі. Өткен жылы 2008 жылмен салыстырғанда жас сәби өлімі көрсеткіші 20 пайызға төмендетілді.

Санитарлық-эпидемиологиялық саулық

Берілген бағыт шеңберінде инфекциялық және инфекциялық емес ауруларға бақылауды күшейту және алдын алу жүйесін жетілдіру, сонымен қатар, ДСҰ мен Кеден одағының талаптарына сәйкес әлемдік стандарттарға көшу жоспарлануда. Сондай-ақ, республика тұрғындарының маман ауруларының тізілімі мен вирусті В және С гепатиті ауруына шалдыққан адамдардың тізілімі жасалады. Санитарлық-эпидемеологиялық қызыметтің маңызды бағыты оның инновациялық бағыттылығының дамуымен анықталынады: мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызыметтің жүйесі Ғылыми орталықтардың негізінде қазіргі заманғы медициналық иммунобиологиялық дәрмектерді шығару жоспарға аланып отыр.

ЖИТС-инфекциясы және туберкулез ауруларының таратылуын азайту үшін «Саламатты Қазақстан» бағдарламасынрда берілген мәселелер бойынша пенитенциарлы жүйе контингентінің ақпараттануын көтеру және медициналық көмек көрсетуді жақсарту, сондай-ақ, қылмыстық-атқарушылық жүйесінің мекемелерін медициналаық құралдармен жабдықтау жоспарланған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың тарабынан туберкулез ауруына шалдыққан адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін қарлар қажет. Соның ішінде, оларды баспанамен қамтамасыз ету, қамау орындарынан босатылған адамдардың емдеуін күшейту.

Өткен жылдың қорытындылары бойынша мемлекет тұрғындарының инфекциялық аурулар бойынша жағлай қалыпты деңгейде. Столбняк, паратиф, туляремия, дифтерия, холера, оба сияқты ерекше қауіпті аурулар орын алған жағдайлар тіркелген жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, екпе егу - бұл тұрғындардың инфекциялық аурулардына сақтайтын және алдын алудың ең пайдалы әрі тиімді амалдардың бірі болып табылады. Жыл сайын жаңа вакциналарды енгізу салдарынан екпе егулердің тізімі және екпе егілетін тұрғындар саны ұсғая түсті. Тек қана соңғы жылдарда мемлекеттік бюджет арқасында Қазақстан үшін өзекті 3 ифекциялық ауруларға қарсы вакциналау енгізілді. Сонымен қатар, 19 инфекцияларға қарсы имуннитетті көтеруге бағытталған алдын алу шаралары өткізілуде. Жасалынып жатқан шаралардың барлығы аруларды жұқтырып алу деңгейін бірталай төмендетті.

Қазіргі уақытта вакцинациялаудың арқасанда мынадай аурулармен шалдығу: қызамық - 208, 9 есе, эпидемиялық паротит - 36, 8 пайызға, көкжетел - 6 жағдайға, «В» гепатитімен - 19, 5 пайызға азайды. 21 ерекше қауіпті аурулар нозологиясы бойынша, инфекциялық аурулар және инфекциялық аурулардың қоздырғышты алып жүрушілердің 2 түрінен тұрақты төмендеуі байқалды. Гемофилдық инфекцияға қарсы вакцинациялау оның тиімділігін көрсетті. Оның көрсеткіші ретінде менинкокк инфекциясының және өлім-жітімнің тұрақты төмендеуі, әссіресе 2 жасқа дейінгі балалар арасынды байқалады.

2015 жылы толық ендірілетін республикада инфекциялық ауруларды әрі қарай төмендету үшін пневмококктық инфекцияға қарсы балалардың кеңдеп вакцинациялауды өткізу енгізілді. Өткен жылы мемлекетке полиомиелитті кіргізуден сақтану үшін қауіпті инфекцияға карсы қосымша иммунизациялудың 3 айналымын өткізілді. Бұл шара тұрғындар арасындағы инфекциялық шалдығу тәуекелін төмендетті. Осыдан басқа, бала бақшаларда, мектептерде санитарлық ережелердің жақсатру бойынша бірталай жұмысы өткізілді. Емдеу, алдын алу мекемелерінде 13 мың километрден астам су құбырлар желілері қайта жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, тұрғындар саны 5 млн. адамнан асатын 3, 5 мың ауылдық жерлерін сумен қамтамасыз етілді. Осыған байланысты, әкелінетін суды пайдаланылатын тұрғындар саны азая түсті. Бүгінгі таңда республикада су құбырлары үшін полиэтиленді түтіктердің өндірісі 15 өнеркәсіптерде жөнге түсірілді. Олардың алмастырылуы тұрғындар қолданатын ауыз суының жақсаруына ықпал тигізеді.

Жұмыс кезегіңде пневмококктық инфекцияға қарсы балаларды кезеңдеп вакцинациялау туралы үсыныс жасау, одан әрі отандық биотехнологияларды және вакциналарды шығару және басқа ұқсас дәрмектерді өндіру шаралары қала береді. Бүгіні күні әлемнің 42 елінде пневмокок инфекциясынан екпе егулер жүргізілуде. Осы процедура еліміздегі мыңдаған балалар өмірін сақтай алады.

БҰДЖ - жоғарғы сапа, еркін таңдау.

Өткен жылдан бастап елде азаматтардың сұранысының бірсыпыра мәселелерін шешетін Біріңғай ұлттық денсаутық сақтау жүйесі қызымет етеді. БҰДЖ пациентке медициналық мекемені еркін таңдауына мүмкіндік береді. Соңғы уақыт аралығында стационарлық көмекке кеткен тура сондай шығыдарға науқастардың көбісі емделінді.

Біріңғай ұлттық жүйе емхана төсектерге деген байланғандықтан айныта алады: басты назар оның жататын жердің жұмыс көрсеткіштеріне емес науқастың өзіне берілді.

Соңғы жылдың қорытындылары бойынша, салмақты бөлігін ауыл тұрғындары алатын, медициналық мекемені және емдейтін дәрігерді еркін таңдау құқығын 500 мың адам пайдаланылды. Олар стационарда ем қабылдай алды. Стационарлардағы төлеу төсек орын қорын ұтымды пайдалануын көбейте түсті. Емхана төсектері 2 874, 3 790 азайтылды, қайта қапталданылды.

Атап кететін жайт, БҰДЖ енгізілгеннен кейін медицина саласындағы жоғарғы технологиялар мен қазіргі заманғы жетістіктерді (ЖММК) пациенттер өздері сезіне алады. Бүгінгі күнде облыстық центірлерде нейрохирургия, кардиохирургия, отоларингология, травматология, онкология и экстракорпоралды ұрықтандыру бойынша қызымет көрсетіледі. Республикалық клиникаларда және басты ҒЗО-да ресми мақұлданған жаңа халықаралық технологиялар аймақтарда жетістіктермен қолданылады.

Сапасыз медициналық көмек беруге орай жылдам әрекет ету мақсатымен барлық медициналық ұйымдарда «шұғыл әрі үздіксіз байланыс телефоны» қызыметі ашылды. Осы телефон номерлері бойынша әрбір адам оған қажетті ақпаратт алуына және шағым түсіре алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің негізгі мақсаттары
Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс- қимылдар жоспары
Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік туралы
Мемлекет пайда болуы және дамуы
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы қоғам, мемлекет пен құқық мәселелері, оның мәнін қарастыру
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Қоғамның өркендеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz