Жергілікті бюджеттің құрылымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
5
Кіріспе: 1 Мемлекеттік бюджеттік саясаттын экономикалық мазмұны
5: 7
Кіріспе: 1. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
5: 7
Кіріспе: 1. 2 Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде
5: 10
Кіріспе: 1. 3 Бюджет жүйесі
5: 15
Кіріспе: 1. 4 Бюджетаралық қатынастарды реттеу механизмі
5: 22
Кіріспе: 1. 5 Жергілікті бюджеттің қызмет етуінің ұйымдық-құқықтық негіздері
5: 26
Кіріспе: 1. 6 Жергілікті бюджет кірістерінің қалыптасу көздері мен жұмсалу бағыттары
5: 33
Кіріспе: 2 Нарық қатынастары жағдайында жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыру мен атқаруды басқару
5: 42
Кіріспе: 2. 1 Алматы облысы бюджетінің атқарылуын талдау
5: 42
Кіріспе: 2. 2 Алматы облысының Жамбыл аудандық бюджетінің кассалық атқарылуын талдау
5: 57
Кіріспе: 3 Басқарудың жергілікті деңгейінде бюджетті қалыптастыруды жетілдіру
5: 68
Кіріспе: 3. 1 Жергілікті бюджетті қалыптастырудың шетел тәжірибесі
5: 68
Кіріспе: 3. 2 Бюджет түсімдерін болжауды жетілдіру
5: 72
Кіріспе: 3. 3 Жергілікті деңгейде қаржылық бақылауды дамыту жолдары
5: 86
Кіріспе: Қорытынды
5: 89
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5: 91

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында қандай мемлекеттің болмасын экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаудың қажеттілігінен туындайды. Мемлекеттің қаржы жүйесі саяси - экономикалық және әлеуметтік саланың қызметіне қажетті қаражаттарды жинақтайды. Қай уақытта да көп мәселенің шешілуі қаржыға кеп тірелетіні белгілі. Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, өндіргіш күштерді жетілдіруге маңызды роль атқарады.

Мемлекеттік қаржы жүйесінің маңызды буыны - жергілікті қаржылар. Қоғамдық өнімнің ақша формасындағы бір бөлігі - жергілікті қаржыны жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттеріне сәйкес жинайды, бөледі және пайдаланады. Жергілікті қаржының құрылымы мен бағыттарын жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген қызметтеріне сәйкес айқындайды.

Жергілікті қаржыларда айрықша орынды жергілікті бюджеттер алады. Олар жергілкті әкімшіліктер мен маслихаттың көп қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылады және аймақтық мәні бар экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруда елеулі роль атқарады, себебі жергілікті бюджеттер арқылы өндірістік және өндірістік емес ортаның дамуын қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану - өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, бюджет жүйесі буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

«Қазақстан-2030» Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауында экономикалық өсімнің нақты, тұрақты және өспелі үрдістерін жүзеге асыруда қаржы саясатының ролі атап көрсетілген. «Аймақтардың жарысы олардың әсіресе тым орталықтанған бюджет мәселесіндегі үлкен дербестігінде құрылуы тиіс . . . Біз біздің ұзақ мерзімді басымдылықтарды қолдауға бағытталған бюджеттік реформаларды жүзеге асырамыз», - деп көрсетілген [1] .

Жоғарыда жазылғандар ҚР бюджет механизмінің қызмет етуіне және оны жетілдіру жолдарын іздеуге, мемлекеттің бюджет жүйесі дамуының жаңа кезеңдері жағдайларында Қазақстанның жергілікті бюджеттерін қалыптастыру мен дамытудың әдістері мен принциптерін талдауға бағытталған зерттеу тақырыбының өзектілігін растайды.

Диплом жұмысын жазудағы негізгі мақсат - жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың басқа мемлекеттермен салыстырғандағы ҚР-да жүзеге асырылудың теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу және соның негізінде оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру.

Бұл мақсаттың шешілуі келесі міндеттерді шешуді қажет етті:

  • жергілікті бюджеттің мәні мен мазмұнына, қызмет етуінің ұйымдық-құқықтық негіздеріне, кірістері мен шығыстарына сипаттама беру;
  • шетелдік бюджет жүйелерін, бюджеттік заңдылықтарының негіздерін салыстырмалы талдау;
  • облыстық қаржы басқармасының мәліметтері негізінде Алматы облысының, сондай ақ осы облыстағы Жамбыл аудандық бюджеттерінің құрылымы мен қалыптасу көздерін талдау;
  • облыстық әкімшіліктің фискалдық саясатына талдау жүргізу;
  • республикада пайдаланылатын бюджет механизмінің құралдарын зерттеу, жергілікті деңгейде бюджет саясатының тиімділігіне олардың әсерін талдау.

Зерттеу объектісі - Алматы облысы бюджеті.

Зерттеудің пәні - бюджет жүйесінің жаңа даму кезеңдеріндегі жергілікті бюджеттің қалыптасу мен даму процесі.

Диплом жұмысының тақырыбы бойынша мемлекеттік қаржылар теориясының жағдайлары мен отандық және шетелдік экономистердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері зерттеудің теориялық негізін құрады. Зерттеу процесінде Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттердің бюджет саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруда пайдаланылатын теориялар, концепциялар мен әдістемелер зерттелген.

Зерттеудің ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының заң актілері, ҚР Президентінің жарлықтары, нормативтік актілер құрады.

Зерттеу ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық банкінің, Статистика жөніндегі агенттіктің, сондай-ақ Алматы облыстық қаржы басқармасының жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқару бойынша мәліметтері негізінде құрылған.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, тұрады. Оның құрылымы диплом жұмысының мақсатымен және міндеттерімен анықталады.

1 Мемлекеттік бюджеттік саясаттын экономикалық мазмұны

1. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны

Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бар айрықша салаларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен мемлекеттің шаруашылық субъектілерімен, жеке адамдарымен жиынтық қоғамдық өнімді бөлу кезінде қалыптасатын қаржы қатынастары құндық бөлудің ерекше саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған орталықтанған қаражат қорын құру және пайдаланумен байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде дамуы тиісті орталықтанған ресурстарды қажет ететін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Қаражаттарды орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қажет. Құндық бөлудің ерекше бюджеттік сферасының пайда болуы мемлекеттің табығаты мен қызметтерінен туындайды. мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құруға, ірі әлеуметтік- мәдени шаралар жүргізуге, қорғаныс сипатындағы міндеттерді шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтанған қаражаттар қажет. Сөйтіп мемлекеттік бюджеттің қызмет етуі кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттілігінен, мемелекеттің табиғаты мен функцияларынан туындайтын объективті қажеттілік. Сонымен құндық бөлудің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет - арнайы қоғамдық міндет атқарады - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективті бөліністік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджетке белгілі бір қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде жалпы қаржы категориясын ерекшелейтін белгілер тән:

  • бюджеттік қатынастардың бөліністік сипаты;
  • әрдайым ақшалай нысанда жүзеге асырылады;
  • мақсатты ақшалай қорларды қалаыптастыру және пайдаланумен қатар жүргізіледі.

Сонымен қатар бюджеттік қатынастарға белгілі бір ерекшелік тән - мемлекеттік бюджет құндық бөлудің ерекше саласы ретінде келесі белгілермен сипатталады:

  1. жиынтық қоғамдық өнімнің құнының бір бөлігін мемлекеттің қолында жинақтаумен және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөліністік қатынастардың ерекше экономикалық нысаны болып табылады
  2. құнды ұлттық шаруашылық салалары, мемлекет территориясы, экономика секторлары, қоғамдық қызмет сфералары арасында қайта абөлуге арналған.
  3. қоғамдық өнімнің қозғалысымен тікелей емес тауарлы нысандағы құндық бөлініс сатысын білдіреді және одан белгілі бір алшақтықпен жүзеге асырады.

Мемлекеттік бюджет кез келген басқа экономикалық категория сияқты өндірістік қатынастарды білдіреді және тиісті материалдық-заттай сипатта болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің ақша қаражатының орталықтанған қоры бюджеттік қорында заттанады. Соның нәтижесінде қоғамдарда қалыптасатын нақты экономикалық процестер мемлекет жинақтайтын және пайдаланатын ақша қаражаттары ағымдарында өз сипатын табады.

Бюджеттік қор - бұл қоғамдық бөлінудің белгілі сатыларынан өткен және мемлекеттік кеңейтілген ұдайы өндіріс бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін түскен қоғамдық өнім мен ұлттық табыс бөлігі қозғаласының экономикалық нысаны. Бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану, оны бөлу және қайта бөлуге байланысты құн қозғалысы процесін сипаттайды.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында қоғамдық өнім құнын мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтанған қорын қалыптастыру және кеңейтілген ұдайы өндіріс мақсаттары мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға, оны пайдалану жолымен бөлу және қайта бөлу процесінде туындайтын ақшалай қатынастарды сипаттайды.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды көрсететін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады.

Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей көрсетеді. Бөліс функциясы арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.

Мемлекеттік бюджеттің бөлу және бақылау функциялары бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым қатынастың барлық жағы бейнеленеді.

Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтастық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтастық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме берілген.

Бюджет экономикаға бюджеттік механизм арқылы әсер етеді. Бюджеттік механизм - бұл мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтанған қорын құру және пайдалануға байланысты әдістер мен нысандар жиынтығы. Экономиканы реттеу ақша қаражаттарының орталықтанған қорының сандық мөлшерін белгілеу, оны құру және пайдалану нысандары мен әдістерін белгілеу, бюджеттің қалыптасуы мен пайдалану процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асады.

Меншік нысандарының көп түрлілігі шаруашылықты жоспарлы-болжамды жүргізуді қажет етеді, бюджет қатынастары қызымет етуінің де осындай нысаны қажет. Бюджеттік байланыстардың тұрақты сипаты, мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтанған қоры қозғалысының жоспарлы нысаны бюджеттік байланыстардың тиісті қаржылық құжатында - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспарында көрсетілуіне әкеледі. Мемлекеттің негізгі қаржылық жоспарының көрсеткіштері Республика Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес міндетті түрде орындалады.

Сонымен «мемлекеттік бюджет» түсінігінің көп түрлілігі, оны келесі құрамалармен сипаттауға әкеледі:

  • салыстырмалы түрде дербес экономикалық категория;
  • мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтанған қоры;
  • экономикаға әсер ету құралы;
  • мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары;
  • бюджеттік қатынастардың барлық қатысушылары мен қоғамның мүшелері үшін ережелері міндетті түрде орындалуға тиіс заң.

Мемлекеттік бюджеттің қоғамдық ұдайы өндірістегі ролі оның шығыс бөлігінің көмегімен ұлттық табыстың 30%-на, жалпы ұлттық өнімнің 20%-на, қоғамдық жиынтық өндірістің 10%-на жуығы бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақша қаражаттарын ұлттық шаруашылықтың салалары, өндіріс секторлары, қоғамдық қызмет сфералары, мемлекеттің экономикалық аудандары мен территориясы арасында бөледі.

1. 2 Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде

Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар сияқты мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын жүзеге асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оны тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген. Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы оған өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.

Экономикада тауарлы-ақша қатынас болғандықтан экономикалық пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды-заттық және құндық (ақшалай) . Натуралды-заттай форма қоғамдық өндірістің құрылымдық бөлімдері арасында материалды-техникалық құралдарды бөлуі мен оларды жұмыс күшімен қамтуды, ал құндық форма ақшалай қаражаттарды бөлудің пропорцияларын анықтауды қарастырады.

Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдары (қаржы, бюджет, несие және т. б. ) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканыңбарлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі - бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.

Мемлекеттік бюджетті - экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың ролі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттікқатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен ролі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.

Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптасу мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.

Бюджеттің ролі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм - ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.

Бюджеттік механизмнің объективтік негізі мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады. Экономикалық категория ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі құрылымы бюджеттік механизмнің ішінде әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттік механизм құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастартоптары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әртүрлі формалары мен әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылымдық тізбектерді бөлуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жұмылдыратын әдістер; әртүрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын тәртіп пен формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу және олармен маневр жасайтын әдістер.

Бюджеттік механизмнің жоғарыда айтылған тізбектері өз алдына сәйкес элементтерден қалыптасады. Мысалы, ақша қаражаттарды жұмылдыратын бюджеттік механизм салықтық және салықтық емес қаржы ресурстар түсетін әдістермен сипатталады және өздерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша құн салығы, акциздер, мүлік салығы және т. б. ) іске асырылады. Мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға бюджеттік қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі принциптер негізі мен бюджеттік ақша берудің әртүрлі формалары арқылы іске асырылады. Қаржы ресурстарын ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары тарапына бюджет қаражаттарының белгілі бөлігін бекіту мен бюджеттік реттеудің әртүрлі әдістерімен сипатталады.

Бюджеттік механизмнің әр құрылымдық буыны мен элементіне өздерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән. Бірақ бюджеттік механизмнің буындары мен элементтері өздерінің қатысты дербестігіне қарамай біртұтас болып қызмет атқарады, яғни барлық құрылымдық буындар мен элементтердің өзара байланысты әрекеттері бюджеттік механизмнің бірыңғай іс-әрекетін қамтиды.

Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурс түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рол атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат, экономикалық тұтқа және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.

Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарына негізделеді, ал екінші жағынан, ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатына қайшы келмейді. Себебі, «мемлекеттік бюджет» термині өз сипатына байланысты екі әртүрлі түсінікте қолданылады, біріншісі - бөліп тұратын қатынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты, яғни қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласы ретінде. Сондықтан, экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынасты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.

Қоғамдық қайта өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең алдымен осы бюджет арқылы ұлттық табыс және жалпы ішкі өнімді бөлу мен қайта бөлу процестерімен анықталады. Ол ақша қаражаттарын экономика секторлары, қызмет салалары мен аумақтар арасында бөле отырып, жалпы экономикаға әсер етеді, себебі ол барлық ұлттық шаруашылықтың бюджеті. Экономиканы реттейтін басқа қаржылық құралдар арасындағы бюджеттің ролі өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бюджеттің ерекшеліктері ретінде келесілерді айтуға болады:

  • бюджет мемлекеттің қолында ұлттық табыстың бір бөлігін оқшауландыруға байланысты қайта бөлу қатынастарының ерекше экономикалық формасы және табыстың сол бөлігін бүкіл қоғам мен оның әрбір аумақтарының мұқтаждықтарын қамтуға пайдаланады;
  • бюджет арқылы ұлттық табыс экономика салалары, ел аумақтары мен қоғамдық іс-әрекет салалары арасында қайта бөлу атқарылады;
  • бюджеттік қайта бөлу пропорциялары қаржының басқа буындарына қарағанда көбінесе ұлғайтылған қайта өндірістің жалпы мұқтаждарымен және қоғам дамуының әр тарихи кезеңінде оның алдында тұрған міндеттемелерімен анықталады;
  • бюджеттік қайта бөлу аумағы мемлекеттік қаржы құрамында орталық орынды қалайды, себебі бюджет қаржының басқа буындарымен салыстырғанда бастапқы дәрежеде.

Бюджеттік қатынастың бөлістік сиапты мемлекетке бюджеттік экономикаға әсер ететін нақты тұтқа мен қоғамдық ілгерілікке ынта ретінде пайдалануға мүмкіншілік береді - бұл аспектіде бюджеттің әрекеті басқа құндық тұтқаларымен (баға, несие және т. б. ) бір типті. Бірақ мемлекеттік бюджет қоғамдық өнімді құндық бөлу саласында бастапқы дәрежеде болғандықтан бұл оны экономиканы басқарудың орталықтандырылған жалпымемлекеттік құралына - республиканың негізгі қаржы жоспарына айналдырады. Бұл дәрежеде бюджет қаржы ресурстарының бөлігін орталықтандыру негізінде мемлекет қарастырған әлеуметтік-экономикалық дамуды қаржыландыруын қамтиды, екінші жақтан қосымша резервтер айқындау мен сапалық көрсеткіштерді жақсартуға белсенді әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің қолданылуы және жұмыс істеу жағдайлары
Қазақстан Республикасынының бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Қазақстанның мемлекеттік бюджетін теңестіру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz