Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлауы және сөйлеуі


Мазмұны
Кіріспе . . .
І. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері мен жеке бас мотивациясының теориялық негізі
- Бастауыш мектеп жасындағы балалрдың психологиясы мен мотивациясы . . .
- Бастауыш мектеп жасындағы балалрдың мінез-құлықы мен танымдық ерекшеліктері . . .
- Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқуға деген қызығушылығы мен мотивациясының қалыптасуы . . .
ІІ. Бастауыш мектеп жасындағы балалрдың оқуға деген мотивациясын білім беру барысында қалыптастыру
2. 1. Бастауыш мектеп жасындағы балалрдың оқу мотивациясын қалыптастыруда шетел ғалымдарының ой-пікірлері . . .
2. 2. Бастауыш мектеп жасындағы балалрдың оқу мотивациясын оқу барысында қалыптастыру . . .
ІІІ. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотевациясын эксперименттік зерттеу
3. 1. Бастауыш мектеп жасындағы балалрдың оқу мотивациясын зерттеу . . .
3. 2. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясын қалыптастыруда түзету - дамыту жұмыстары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . . 72 - 77
Қосымша . . . 78 - 93
КІРІСПЕ
Көкейтестілігі Бастауыш мектеп жасындағы кезең айналадағы ортаны тануға құмартушылығымен, еліктегіштігімен, ерекше эмоциялығымен, үлкендер мен құрбыларының әрекеттеріне аса сезімталдығымен ерекшеленеді.
Бұл кезеңде әрекеттеріне алты жеті жастағы балалардың психикасы ойын немесе оқу жағдайында дамуына байланысты сапалық өзгерістерге ұшырап, әр түрлі «кедергілерден» өтеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар мектепке оқу әрекетінің өзі үшін мүлде бейтаныс жаңа жағдайда тап болады. Психологиялық тұрғыдан келер болсақ, оның бойында бұған дейінгі барлық кезеңге тән әрекет мотивтері қарым-қатынас, заттық және ойын әрекеттері сақталған. Баланың мектепке дейінгі әрекеттердегі адамдарға сеніммен қарау сезімі, адамзат жасаған заттар дүниесіне психологиялық тұрғыдан келу экологиялық сана дамуының алғышарттарын белгілі пайдалана білу сияқты қасиеттер оқу әрекеті жағдайында да одан әрі дами түседі.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың дене жағынан қалыпты дамуы психикалық көңіл күйінің жақсы болуы үшін оған тұрмыс қуаныш әкелетіндей, келешек өмірге құштарлық туғызатындай етіп, ойын мен оқуды ұйымдастыру қажет. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс- әрекеті оның мінез- құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертіп, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу мотивациясы болады. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым- қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу мотивациясының қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс- әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады.
Бастауыш мектеп оқушыларының негізгі іс- әрекет түрі- оқу іс- әрекеті болып келеді. Бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттасымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс- әрекеті оның мінез- құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертіп, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.
Л. А. Венгер., А. Л. Венгер., В. В. Холмовский., Я. Я. Коломинский., Е. А. Пашко., Ш. А. Амонашвили т. б . Баланың жеке басының дамуында оның бойында жауапкершілік пен жанашырлық сезімдерінің қалыптасуы айырықша орын алуы тиіс. Бұл сезімдер өркен жайған кезде адамдыққа жеткізген игі қасиеттер ойлантады, «керек» деген мотив нормаға сай басқа әлеуметтік саналар туғызады, жанашырлық мотиві басқалар үшін баланың жүрек кілтін ашады., - басқа адамға жанашырлық көрсете, отырып, оның қуанышына ортақтаса алады деген психологиялық ерекшеліктерін жоғарыда көрсетілген ғалымдар зерттеген
Алты жеті жастағы балаларды психологиялық ерекшеліктерін мына ғалымдар зерттеген
Г. Кравцов және Е. Е Кравцова мектепке дайындығының комплексті мінезін белгілейді. Олар балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын
және мектепке психологиялық дайындық көрсетБастауышн белгілейді, балалардың мектепке психологиялық дайындығы үш сфералы жақтарын қалыптастырады, өз-өзіне қатынасы.
Алты жеті жастағы балалардың бейнелеу әрекетін қазіргі уақытта кең көлемде қарастырған олардың ақпаратты және стадия белгілері бөлініп шығарған: М. Д. Баррето., П. Лайта., К. Маховер., И. И. Будницкой., Т. Н. Головиной ., В. С. Мухина ., П. Т. Хоментаускас және т. б. зерттеулерімен көрініс тапқан.
Балалардың оқыту тапсырмаларының барлық жақтарын В. В. Давыдов және Д. Б. Эльконин көрсеткен.
Алты жеті жастағы балалардың ерік сапаларын анықтауға үлес қосқандар А. Л. Венгер., А. В. Запорожц., А. Карстен., В. И. Калин., Я. З. Неверович., Н. А. Самарина., Ш. Н. Чхартишвили.
Е. А. Бугрименко ., А. Л. Венгер., К. Н. Поливанова., Е. Ю. Сушкова диагностикалық комплексті әдістемелік ұсынған.
Зерттеу мақсаты: - Бастауыш мектеп жасындағы балаларда оқу матевациясын қалыптастырудың ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу объектісі: 2 - сынып оқушылары.
Зерттеу пәні : Бастауыш мектеп жасындағы балаларда оқу матевациясындағы ерекшеліктерді оқу барысында қалыптастыру.
Зерттеу міндеті:
1. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда оқу матевациясын қалыптасуы бойынша әдебиеттерді талдау;
2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу матевациясының оқу процесінде қалыптасуының жолдарын анықтау;
Зерттеу кезеңдері - алғашқы кезеңде зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып жүйеленді, ғылыми аппарат айқындалды, Бастауыш мектеп оқушыларының мативациясымен қатар психологиялық ерекшеліктерін анықтау қажет. Екінші кезеңде Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мативациясыме қатар танымдық процестерін зерттеу.
Зерттеу базасы - Семей қаласының №38 жалпы орта білім беретін мектеп - лицейінің Бастауыш мектеп жасындағы балалар.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қолданған әдебиет және қосымшадан тұрады.
І. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға психологиялық дайындығы мен мативациясының қалыптасуы
Бастауыш мектеп жастағылардың психикасының басты ерекшелігі - төңірегіндегілерден үйрену қасиетін баланың тез қабылдайтындығы. Осының арқасында ол айналадағы болмыс пен табиғат құбылыстарына, адамдардың әлеуметтік тіршілігіне қатынасты эмоционалдық қатынас жайында мағлұмат беретін сөздерді оңай меңгереді. Бұл ретте жалпы ақыл-ой дамуы мен осыған байланысты дүние көрінісінің баланың өмір жағдайында, тәрбиесіне тікелей қатысты болатынын есте тұтқанымыз жөн.
Қазіргі замандағы Бастауыш мектеп жастағы баланың ақыл-ой дамуы ерекшеліктеріне объективтік тұрғыдан талдау жасау үшін дүние көрінісі туралы бала түсініктеріне және танымдық процестердің даму ерекшеліктерін талдауға арнайы жүгінген пайдалы. Бұл орайда сонымен бірге алты жеті жастағы баланың жеке басы дегеніміз не, оған қандай сезімдер тән және бұл сезімдердің әсер күші қандай? дейтін нәрселерге дұрыс бағдар жасалуы тиіс. [Абрамова Г. С. 2005]
Бастауыш мектеп жастағылар өмірі тіршіліктің әр алуан жақтарын қамтиды. Олар ойнайды, тентектік жасайды, дүниені таниды. Олардың танымдық ынта -ықыласы әр алуан: айталық олар құмырсқалар тіршілігін бақылап, олардың топтанып тіршілік етуі туралы теория жасай келіп, олар адамдардың күнделікті өмірде мұқият бақылай келіп, олардың өміріне қызығады, олар теңіз өмірінің, құрлықтың, космостың көрінісін көз алдарына ойша елестетеді, оларды сондай-ақ аяғымен кездейсоқ түртіп банкінің балконнан қалай құлағаны, торғайдың су ішкені т. б. қызықтырады. Баланың өзін қалай ұстауы, оның санасында қандай проблемалар туындайтыны көптеген себептерге байланысты. Баланың ақыл-ой дамуы, психикалық жай-күйі, сана- сезімнің даму ерекшеліктері, ақылы, сезімі мен еркі дамуының арақатынасы, ақыр соңында баланың зиялылығы оның жеке басын айқындайтын қайталанбас үйлестікті туғызып отырады. [Островская. О. 2003 ]
Бастауыш мектепе жастағы балалалр ақыл-ой жағынан бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді. Бұларда қазіргі уақыт тұрғысынан ақыл-ой жағынан дарынды (вундеркиндтер) , ақыл-ой дамуы тежелген және ақыл-ой жағынан артта қалған балалар деп бөлуге болады.
Қайсыбір балаға диагноз қоюмен мұғалім айналыспайды, бұл басқа мамандардың ісі. Бірақ өз сыныбының балаларының ақыл-ой дамуы өрісін оның бағдарлауы тиіс. Бұл ең алдымен ақыл-ой тәрбиесінің жауапкершілігі мұғалімге жүктелген бала үшін пайдалы. Мектеп жасындағы кішкентай балалардың ақыл-ой дамуының неғұрлым маңызды варианттарын талдап көрейік . Балалардың көпшілігінің ақыл-ойы қалыпты дамыған болып келеді. Бастауыш мектеп жастағы балалар заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөліп алуды және пайдалану қажет ететін
азды- көпті күрделі міндеттерді өзі шеше алады. Дегенмен, әрбір баланың өз мүмкіндіктерін пайдануы оның өмір сүру салтымен байланысты өзіндік
Бастауыш мектеп жастағы балалалр қалыпты дамыған бала атаулы ақыл-ой белсенділігіне ие: олар айналадағы дүниені өзінің танымдық міндеттер қояды. «не үшін» және «неліктен» деген сұрақтар баланың ақыл-ой белсенділігінінің көрсетБастауыш болып табылады. Әрине, сұрақтардың бәрі бірдей үлкендерге бағыштала бермейд. Бала жауапты өзі табуға тырысып бағады; ол өз сұрақтарын түсініп алуы үшін «эксперимент» жүргізуі мүмкін; ол жануарларға адамдарға, табиғат құбылыстарына мұқият түрде бақылау жүргізе алады; ол пікір айтып, тұжырымдар жасай алады.
Баланың ойы ұғарлық проблемалар аясының ұлғаюы білімді меңгерумен байланысты. Білім көлемімен сапасы - бала ақыл-ойының айналадағы дүние туралы қайсы-бір хабарды меңгеруі үшін сондағы байланыстар мен қатынастарды бөліп, айқындап алуға бағышталған ой әрекетін орындай білуі тиіс, мұны оған үлкендер көрсетеді және оның әрекетінің табысты болуы да солардың көрсетуіне байланысты болады. Қалыпты дамыған бала меңгерген білімін жаңа тапсырмаларды орындауға орынды жұмсай біледі. [Айқынбаев Т. 2005]
Біздің жоғарыда айтып өткеніміздей, Бастауыш мектеп жастағы балалар бейнелі түрде ойлайды. Бейнелі ойлау мектепке дейінгі жастағы баланың өмірі мен әрекеттердегі жағдайларға, ойын үстінде, сурет салу, ойыншық құрастыру, үлкендермен қарым-қатынас жасау кездерінде туындайтын міндеттерге көп ретте сәйкес келеді. Мәселен, ойындағы бейнелерге жүгіне отырып, бала заттармен іс жүзінде не істеу керек не, оның нәтижесіне ой жүгіртеді., өзінің алдында туындаған міндеттері осындай жолмен шешеді. Сондықтан да ол зат жүзе ме немесе батып кете ме дегенді пайымдау үшін ол жүзгіштік қасиетті заттың көмегімен, пішінімен және зат жасалған материалмен байланыстырады. Мұндай ақыл-ой әрекеті арқылы баланың бейнелі ойлауына жол ашылады. Ал дерексіз логикалық ойлауға келетін болсақ, оны бала енді ғана меңгере бастайды. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жекеленген логикалық пайымдаулары балдырғанның ақыл-ой дамуындағы табыстары үшін бізді таңдану, қуаныш сезімдеріне бөленсе де, тұтастай алғанда Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлау қабілеті жасерекшелігіне сай өзгеше болады.
Ой өрісінің кеңдігімен, ерекше қабілетімен көзге түскен балаларды әдетте вундеркинд деп атайды. Бұл «ғажайып балалар» айналасындағы адамдарды тез жетілуімен, еңбекке қабілетілігімен және ой белсенділігімен таңдандыра отырып, құрбыларынан көш ілгері болады.
Ақыл-ой ерте жетілуі, жақсы нышан . Ол ақыл-ой әрекеті мен келешегі өмірде табысқа жету кепілі. [Әмірова М. 1999]
Ақыл-ойының кемелденуі жағынан құрбыларынан көш ілгері ұзап кеткен Бастауыш мектеп жастағылар мұғалім тарапынан аса ықыластылықты қажет етеді. Мұндай балалар кітап оқуға жастайынан үйір боп, санауды ерте үйренеді. Олар көбіне білімнің белгілі бір санасымен ғана айналысады. Және бұл салада олардың қайсыбір тамаша жетістіктерді де иеленіп жатады.
Ақыл-ойы озық дамыған балалар жөнінде психолгиялық әдебиетке талай рет жазылды да. Мұндай балалардың ерекше қасиеттеріне олардың ақыл-ой белсенділігінде айқындық танытатындығындығы, ақыл-ойға түсетін күшті онша көп ауырсынбайтындығы және ақыл-ой әрекетіне аса бейімділігі жатады.
Ақыл-ой жағынан дарынды балаларды ондаған жылдар бойы зерттеген Н. С. Лейтес мұндай балаларды әр түрлі жаттығудан өткізу олардың қабілетінің тез артуының көрсетБастауыш болатындығын жазған болатын.
Сөзді қалыптастыруда қатынасатын мүшелері (қимыл немесе есту мүшелері ) дамымай қалған балалар айрықша қиындық келтіреді. Тілдің нашар дамуы баланың бүкіл танымдық әрекеті дамуының ерекшеліктерін айқындайды, мұның өзі мектептегі үлгірімге кәдімгідей әсер етеді. Алайда бұл кемістікті де жоюға болады. Кекештікті қалпына келтірек тиісті жұмыс жүргізілген жағдайларда балалар қалыпты даму үстіндегі құрбыларын қуып жете алады.
1. 2. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың мінез-құлықы мен танымдық ерекшеліктерінің қалыптасуы.
Қазіргі кезеңдегі зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, мектептің- сыныптық оқу жүйесі ойлау процесінің жоғарғы психикалық функциясымен нервтік- психикалық процеске қойылатын талаптардың өте үлкен екендігін көрсетеді.
Осы кезеңдегі балалардың көбінің нерв жүйесінің дамуы толығымен қалыптаспағанның, соның нәтижесінде балалардың мектепке бейімделу деңгейі төмен екендігін физиологтар көптеп атап көрсетеді. Физиологтар мен дәрігерлердің зерттеулерінше 30% -да ғана регуляторлық құрылыс пен мидың алаптарының толығымен дамуы анықталған, ал 70 % балаларда оқу әрекеті мен мектепке бейімделуіне байланысты проблемелары болады. М. М. Безрукихтің әдістемесі бойынша, зерттелген балалардың 60%- да әртүрлі менктеп дезадаптациясы факторлары анықталды. 50% балалар берілген нұсқауды түсінбейді, қажет болған жағдацда өздерінің іс- әрекетін бағдарлай алмайды. Көптеген балаларда бұл мидың бөліктерінің толығымен пісіп- жетілмеуінің нәтижесінде. 90 % балаларда қолдың әлсіз, ұсақ моторикасының жетілмеуі байқалады. Бастауыш мектеп жасынағы өтпелі кезең балалардың психофизиологиялық табиғаты диапазонының әртүрлілігінен. Әрине, жаңа мектеп жағдайына 8 жастағы балалар бейімделмеген болып келеді. Жеті жасар балаларға қарағанда интеллектуалды жүктемені алты жасар балалар көтере алмайды. Мысалы, үздіксіз оқу алты жасарларда -8минут болса, жеті-сегіз жаста -10 минут, ал тоғыз жаста-15 минутқа тең.
Н. В. Дубровинская зерттеуінше алты жасарлардың жұмыс істеу қабілеті - баланың функционалды жағдайының интегралды көрсетБастауыш. Автордың айтуынша, қалыпты мектептегі 45 минутқа тең жүктеме баланың продуктивті жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді . Бұл балаларда 70% жұмыс істеу қабілетін төмендетеді. Сондықтан 6 жасарладың оқу режимі мен оқыту технологиясы ерекше болуы тиіс. Сабақтың ұзақтығы 35 минуттан төрт сабаққа дейін болуы қажет. Санитарлы- гигиеналық талаптарға байланысты балаларды үш уақыт тағыммен екі уақыт күндізгі ұйқы мен күннің екінші жартысында демалыспен ұйымдастырылуы керек.
Балалардың жеке басының дамуына үлкендер ықпалының негізгі жол-олардың адамдар қоғамындағы мінез-құлық ережелері мен үлгілерінің ықпалы арқылы иегереді. Балалар үшін мінез-құлық үлгілері - үлкендердің өздері, олардың іс-қылығы өзара қарым-қатынастары болмақ. Балаға оның айналасындағы ең жақын адамдарың мінез-құлықтары айтарлықтай ықпал етеді. Бала - оларға еліктеуге, олардан үлгі алуға олардың адамдарға, оқиғаларға, заттарға берген бағасымен тәлім алуға бейім тұрады. Әйтсе де жақын адамдармен бітпейді. Бастауыш мектеп жастағы балалар үлкендер өмірімен көптеген жолдармен : олардың еңбегін бақылау, әңгімелер, өлеңдер
ертегілерді тыңдау арқылы танысады. Айналасындағы адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне, қошеметіне бөленген адамдар бала үшін үлгі болады. Құрдастарының балалар тобында қолдану тауып, кең тараған, қылықтары да бала үшін үлгі болуы мүмкін. Ақырында, белгілі бір моральдық қасиетке ие кейіпкерелерінің әрекеттерінде көрініс беретін мәнез-құлық үлгілерінің мәні аз емес.
Бала төңірегіндегі адамдардың мінез-құлық шеберінен тысқары шығатын мінез-құлық үлгілерін игеруге шешуші сәт -ол баланың өзі жақсы көретін және ол үшін пікірі ерекше беделді болып саналатын адамдардың өзге үлкендерге, балаларға, әңгімелер мен ертегілердің кейіпкерлеріне берген бағасы. [Запорожец А. В. «Дошк восп» №8; 1997]
Бастауыш мектеп жастағы балалар мінез-құлық үлгілеріне қатты назар аударады. Мысалы, ертегіні немесе әңгімені тыңдағанда олар кімнің жақсы, кімнің жаман екенін міндетті түрде анықтауға тырысады, бұл жағынан ешқандай екі ұштылыққа төзбейді және осы тұрғыдан тіпті жансыз заттарға да баға беруге тырысады. Тоғайда адасқан және ағаш кесуші шаруа құтқарып алған баланың тарихын тыңдаған алты жастағы баланың айтатыны : «Ағай- жақсы кісі, ол баланы тауып алды, ол орман жаман, ол баланы адастырды».
Үлкендер балаға мінез-құлық ережелерін үйретеді. Мектепке дейінгі балалық шақ бойына күрделене беретін ережелер балалардың күнделікті мінез-құлықын қалыптастырауды, жағымды қылықтар жаттығуларын қамтамасыз етеді. Балаларға талап қою және олардың қылықтарына баға беру арқылы үлкендер балалардың ережелерді орындауына қолдарын жеткізеді. Балалардың өздерң біртіндеп айналасындағылардың олардан қандай мінез-құлықты күтетін жөніндегі түсініктерді негізгі ала отырып, өз қылықтарын бағалай бастайды. [Забрабная С. Д. 1995]
Танымдық қабілетілік балаларда былай қалыптасады: әртүрлі заттарды қабылдаудағы сезімділік, бір-бірінің ерекшеліктерінің қасиеттерінің мінездемелігін табу, қиын жағдаяттарды шешудегі дамуы, сұрақ қойғанда логика - грамматикалық сөйлеуді нақты қолдану, бақылаулығын, тапқырлыққа, негізгі жағдайларда осы қабілеттердің дамуына ақыл- ойға күш жұмсалу керек.
Бастауыш мектеп жастағы балалар арнайы қабілеттерде дамиды, мысалы, музыкалық олар өздеріне кері сезімді туғызады ( музыкаға эмоционалды үн қату қабілеті) және жіңішке дифференциалды ( музыкалық тыңдау компоненті) .
Бастауыш мектеп жастағы балалардың таным аймағының дамуы.
Адамның қоршаған әлемді тануы түйсік, қабылдау, түсінік сияқты танымдық процестерден басталады. Бастауыш мектеп жастағы балаларда танымдық процестер айтарлықтай дамыған болады. Бұнда қоғамда қабылдаған сенсорлы этолондардың ( дыбыстар галемасы, сппектр түстері және т. б. ) баламен меңгерілуі маңызды рөлге ие болады. Сөзбен бейнеленген нұсқаулар жүйесі ретінде сенсорлы этолондарды меңгеру бала қабылдауын саналы түрде өзгертеді. [Овчарова Р. В. 1996]
З. М. Истомина алты-жеті жастағы балалардың есін зерттегенде оның дамуының 3 мнемикалық деңгейлерін анықтаған . Бірініші деңгей еске сақтау мақсатының болмауымен сипатталады. Екінші деңгейде балада осы мақсат болуы, алайда ол оны жүзеге асыруға ешқандай әдістер
қолданбайды. Үшінші деңгейге балада еске сақтап алу мақсаты болмауы
және де ол оны жүзеге асыру мнемикалық әдістерін қолдануы жөн.
Бастауыш мектеп жастағы балалар ес дамуының екінші және үшінші деңгейлері жетеді. Бастауыш мектеп жастағы балалар мнемикалық мақсаттын анықтай алады. Бірақ мақсатты анықтау тек баладан белсенді еске сақтауды қажет ететін жағдайларда ғана болады. Алайда, осы жағдайдың болуы жеткілікті болады. Балада мнемикалық мақсаттың пайда болуына баланың үлкендермен берілген тапсырманы орындау әркет жағдай жасайды.
Бастауыш мектеп жастағы балалар ырықты есінің дамуы үшін бала өз- өзін қадағалауды жүзеге асыруы керек. Бірінші деңгейге жататын балалар үшін өз-өзін қадағалау мүлдемге тән емес. Екінші деңгейге жататын балаларға жартылай өз-өзін қадағалау тән. Ал үшінші денгейде жататын балаларға өз-өзін қадағалай және мнемикалық міндетті орындау тән.
[Венгер Л. А. «Вопр психол» №4; 2004]
Жалпы алты-жеті жастағы балаларға еске сақтау процесінде өз-өзін қадағалау тән болып келеді. Осы жастағы балалардың көбі көру арқылы қадағалау процесін жеткілікті дәрежеде жүзеге асырады. Өз-өзін қадағалау - оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да педагог мнемикалық әрекет процесінің осы қабілетті дамыту арқылы баланың есін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар оның мінез-құлқының ырықты болуын қалыптастырады.
Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлауы және сөйлеуі. Баланың ойлауы оның білімдерімен байланысты болады. Мектепке дейінгі балада білімдердің қалыптасуы жайлы Н. И. Поддьковпен қызықты мәліметтер анықтаған. Бұнда бір-біріне қарама- қайшы келетін екі тенденция анықталған.
Біріншісі- ойлау әрекеті процесінде баланың қоршаған орта жайлы білімдері нығая түседі. Осы тұрақты білімдер баланың танымдық аймағының ядросын құрады. [Овчарова Р. В. 1996]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz