Мотивацияның психологиялық теориялары


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиринг және ақпаратты технологиялар факультеті
Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасы
TK PKSP 2103 Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
пәндерінің
барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы
Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға
Дәрі 1. Психологияға кіріспе
Жоспар:
1. Психология ғылым ретінде, адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері, әдістері.
- Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні.
3 Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы) .
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу пәнi болып келеді. Адамзаттың өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнiнiң негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдiстерi, қасиеттерi кiредi.
С. Л. Рубинштейн /1/ “Жалпы психология негіздері” еңбегінде (1940) былай деп жазды: “Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т. б. жатады . . . ”.
Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.
Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарладың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда - адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәнi болмас бұрын, адамдардың бірі-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған.
Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде тарлауына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесi, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі.
ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г. Эббингауз /2/ психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ, - деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі, - деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Бұл ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.
Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-“жан”, логос-“iлiм”) жан туралы iлiм дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және жаратылысты - жалпы, жанды - жеке, - деп санайтын мифологиялық нанымдары бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды зерттеу және түсіндіру - психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне - материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың ара қатынасына -байланысты болған.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, ХІХ ғасырдаың екінші жартысындағы әртүрлі мақсаттағы және зерттеудің әртүрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұштасты.
Вундт 1879 жылы Лейпцигте алғашқы эксперименталды психологиялық лабораторияны ұыймдастырды. Сана психологиясында төмендегідей мағынадағы эксперимент жасалуы мүмкін. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі бұл бақылаулар интроспекция (“ішке үңілу”) әдісі деген атқа ие болды.
Психология ғылымын зерттеу нәтижелерi бұл пәннiң барлық салалары мен тармақтарын оқып меңгеруде мынандай негiзгi екi бөлiмiн қарастырамыз:
а) психикалық үрдiстер; б) тұлғалық қасиеттер;
а ) психикалық үрдiстер : түйсiк, қабылдау, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес;
б) тұлғаның қасиеттерi : зейiн, сезiм және эмоция, ерiк, темперамент, мiнез, қабiлет.
Сонымен, психология дегеніміз психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
Жалпы психологияның міндеттері
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Б. Ф. Ломов /5/ “Психологияның әдіснамалық және теориялық мәселелері” деген еңбегінде қазіргі кезеңдегi ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта “психология ғылымының әдіснамалық мiселелерiн және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда”, - деп айтты.
Қазіргі кезеңдегi психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары
Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады.
Қандайда бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгiсiнiң жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес. Қазіргі кезде академик Б. М. Кедров ұсынған «сызықтық емес» жіктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгi - бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үш бұрыш пішінді. Осылай орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үшбұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді.
Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т. б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердiң пайда болуына әкеледі.
Психология мен педагогиканың байланысына ерекше тоқталу керек. Бұл байланыс барлық кезде болатыны анық. К. Д. Ушинский былай деп айтқан: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты зерттеу керек”. Психологияның тәжірибелік мағынасы осыдан анық көрінеді.
Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жайлы білімге сүйенбесе, онда ол педагогикалық кеңестердің қарапайым жиынтығына айналып, мұғалімге көмек беретін шынайы ғылым болуын тоқтатады. Педагогика салаларының барлығының (жалпы теорияның, дидактиканың, жеке әдістемелердің, тәрбиелеу теориясының) дамуы кезінде, психологиялық зерттеуді қажет ететін мәселелер пайда болады.
Педагогика тәрбиелеу мәселесiне бағытталған кезде, психологияның қажеттілігі байқалады. Дамушы қоғамның талаптарына сәйкес тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеудің мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсатқа жету тұлғаны қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеуді қажет етеді: оның бағытын, қабілеттерін, қажеттіліктерін, дүниетанымын және т. б. Айтылғанның бәрі қазіргі заманғы психология ғылымдар түйісінде екенін білдіреді. Ол біріншіден, философиялық, екіншіден табиғи, үшіншіден әлеуметтік ғылымдар арасындағы аралық орынды алады.
Психология басқа ғылымдар байланыстарының барлығында өзінің мағынасын, өзінің теориялық принциптерін және өзінің осы мағынаны зерттеу әдістерін сақтайтынын естен шығармау керек. Білімнің ерекше саласы ретіндегі психологияда арнайы пәндердің бірқатары бірігеді (мәселен, психофизиология және әлеуметтік психология) . Олар бір-біріне сай емес болып көрінсе де, ғылымның бір саласына жатады. Олардың ортақ міндеті - психикалық құбылыстарды зерттеу. Барлық арнайы психологиялық пәндердің бірігетін базасы болып, негізгі психологиялық мәселелердi эксперименттік және теориялық түрде өңдейтін, жалпы психология саналады. Психологиялық пәндер жүйесінің зерттейтін басты объектісі біреу. Бұл - адам, оның психикалық үрдістері, күйлері және қасиеттері.
Психологиялық білімнің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдармен байланыста болуына ғана тәуелді болмайды. Олар қоғамдық тәжірибе талаптырының күшеюіне де байланысты анықталады.
Алғашқыда, психология, теориялысы басым пән болғаны белгілі, ал қазір ол өзінің танымдық рөлін сақтап отырып, өнер кәсіптегі, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтаудағы, мәдениеттегі, спорттағы және т. б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің саласы болып қалыптасуда.
Психологияның ғылымының ішінен төмендегідей салалары бөлінiп шығады:
Еңбек психологиясы, Педагогикалық психология , Медициналық психология, Заң психологиясы, Әскери психологиясы, Спорт психологиясы, Даму психологиясы, Спорт психологиясы, Арнайы психология, Салыстырмалы психология, Әлеуметтiк психология, Басқару психологиясы, Көркем әдебиет пен ғылыми-шығармашылыққа қатысты психология.
Еңбек психологиясы адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық психология адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесiн, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруi мен ұстаз-шәкiрт арасындағы өзара қарым-қатынастарыды реттеудiң түйiндi мәселелерiн қарастырады.
Медициналық психология дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан ; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесiн, оның әдiс-тәсiлдерiн айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтiн патопсихологиядан ; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзiндiк психикалық ерекшелiктерiн зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететiн клиникалық психологиядан .
Жалпы психологияның принциптері
Детерминизм принципі
Детерминизм, психика өмір сүру үлгісімен анықталып, өмір сүру үлгісі өзгерсе, ол да өзгереді дегенді білдіреді. Жануар психикасын табиғи сұрыптау, ал адам санасының дамуын қоғамдық даму заңдары, өндіріс әдісінің даму заңдары анықтайды.
Детерминизм принципін жүзеге асырудағы басты кезең болып Выготскийдің тарихи-мәдени концепцияны жасауы саналады. Детерминизм ұстанымы психологияның теориясы мен тәжірибесінде тағы бір мәселені - психикалық дамуды, оқытуды және тәрбиелеуді - жүзеге асырады.
Жалпы психологияның әдiстерi . Психология ғылымының - жеке әдістері немесе әдістемелері бар біртұтас жүйе. Сондықтан ғылымның даму барысында оның әдістері дамып, түрлененіп отырады.
Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік:
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелiк, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру) ; лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әртүрлі амалдар арқылы зерттейді) .
2. Эмпирикалық әдістер. Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық) ; психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат) ; іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
3. Мәлімметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау) .
4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.
Дәріс 2. Мен және менің мотивациям.
Жоспар:
1. 1 Мотивация және өзіндік мотивация, мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру, мотивтер және қажеттіліктер, тұрлері.
1. 2 Жетекші мотив, жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы, мотивацияны зерттеу әдістері және тұлғаның мотивациялық профилі.
1. 3 Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі.
1. Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз байланысты. Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезендерге байланысты жұмыскерлерге жаңа талаптар қойады. Бұл тек қана тандау емес, бұл кадрларды оқыту және орналастыру жәнеде жаңаша ойлау қабілеті.
Қазіргі уақытта нарықтық қарым-қатынасқа көшкенде жұмыскерлердің негізгі мотивациялық факторы бұл кепілді жалақы алу. Сонын өзінде жұмысқа берілгендігі, жұмыс сапалығы есепке алынбайды.
Сонымен, мотивация деген не?
Мотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұыймның мақсатына жету процессі. Бұл міндеттерді шешу үшін мотивацияның әр түрлі әдістері қолданылады. Ең бірінші және ең көп тараған әдіс бұл жазалау және кешіру әдісі. Мысалы белгілі бір жұмысты кешке қарай бітіру өте қажет болса онда бұл саған стимул береді. Немесе сіз бәрібір кешке қарай кетіп қаламын десеніз, ал жұмысты сосын аяқтаймын десеніз стимул оданда күштірек болады. Бірақ бұл әдіс уақыт өтісімен администрациялық жүйе мен экономикалық санкцияға және стимулға айналып кеткен.
Адамдық фактордың көтерліуімен психологиялық мотивация әдістері пайда болған. Психологияның көз қарасы бойынша, мотивация -Адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік.
1. Мотивация түсінігі
Негізінен алғанда, адамның қызметке деген мотивациясы - адамды белгілі бір мақсаттарға итермелейтін қозғаушы күштердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Сонымен Мотивация - бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді.
Мотвациялау - адамда белгілі бір мотивтер туғызып олар адамға белгілі бір іс-әрекет жасататын процесс. Мотивациялау адамды басқару негізі болып табылады.
Мотивация нені іздеуіне байланысты 2 негізгі түрге бөлуге болады .
Бірінші түр Адамның сыртқы ортадағы әрекетінен туылатын мотив. Бүл түрде мотивацияны жақсы білу ғана емес адамға бұл мотив қалай ықпал ететіне байланысты болады. Бұл мотивация сауда келісіне ұқсайды: «мен саған керегінді беремін, ал сен маған қалағанымды бересін». Егерде екі жақ келіспей қалса онда мотивациялау жүрмей қалады.
Екінші түр мотивациялық құрылымды қалыптастыру. Мотивацияның бұл түрі тәрбиелік және оқулық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мотивацияның екінші түрін жүзеге асыру үшін көп жігерлік және ақыл керек. Себебі мотивациялаудың екінші түрі біріншісіне қарағанда нәтижесі жақсы болады.
Стимул - бұл белгілі бір мотив туғызатын рычаг рөлін атқарады. Стимулдар ретінде жеке заттар, адамдардың бір бірімен қарым қатынасы т. б. жатады. Адам кез келген стимулға беріле салмайды. Жеке стимулдарға адам реакциясы қарсы болуы мүмкін. Адамдардың стимулға жауабы бірдей бола бермейді. Сондықтан адамға стимул әрекет етпесе ол керексіз болып қалады. Мысалы, ақшалық жүйе құласа біз ақшаға ештеме сатып ала алмаймыз, сонда алатын жалақымыз өз стимул рөлін жоғалтады.
Адамды мотивациялау кезінде әр түрлі стимулдар қодансада бұл процессті стимулдау деп атаймыз. Стиулдау әр түрлі формаларға бөлінеді. Тәжірибеде ең кең қолданылатын формасы бұл материалдық стимулдау. Бұл стимулдау процессінің рөлі өте үлкен.
Стимулдау мотивациялауға қарағанда өзгеше. Себебі стимулдау арқылы мотивациялау жүзеге асады.
Ал, Мотивацияның жасайтын әрекеттері : жігерлік; тырысу; өзінде тұру; адамгершілік; бағыттылық.
Мотивация ұғымы-адамның нақты бiр мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесiмен түсiндiрiледi. Мотивациялық жүрiс-тұрыс “Адам ненi қалайды? Ол неге ұмтылады?” сұрақтарына жауап бередi.
Адам қажеттiлiктерi әртүрлi болады.
Қазiргi кездеқажеттiлiктiң материалдық (тамақ, киiм, тұрғын үй, жылылық т. б. ) және рухани (қоғамдық өмiрге, еңбекке, қарым-қатынасқа, бiлiм алуға, творчество т. б. ) түрлерiн бөлiп шығарады. Мұндағы қажеттiлiктердiң кез-келген жiктелуi де шартты болады. Қажеттiлiктер-адамның барлық психологиялық iс-әрекетi, оның ақыл-ойы, сезiмi еркi құрылатын ең басты негiз болып табылады.
Мотивация механизмiнiң дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшелiктерiн алдын-ала анықтау мәселесiнiң маңызы зор. Адам мотивациясының төмендегiдей бiрнеше ерекшелiктерi бар:
- адам мотивациясының шығу тегi әлеуметтiк сипатта болады. Оның қажеттiлiктерiнiң заттылығы қоғамдық өндiрiстiң нәтижесi болып табылады. (А. Н. Леонтьев, Мильман) ;
- адам мотивациясының биологиялық мотивациядан айырмашылығы-қоғам қажетiне жауап бередi.
- адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негiзгi мазмұнын тәрбие процесi белгiлейтiн қалыптастырушы ықпалдың әсерi зор. (Иванчук, Симонов) ;
- адам мотивациясы-интеллект, сөйлеу, санамен тiкелей байланысты. (Ковалев, Хекхаузен) ;
- адам мотивациясы ерiк процестерi көмегiмен жүзеге асырылады.
- адам мотивациясының тұрақтылығы, ситуациялылығы, функционалдық дербестiгi организм қалпына байланысты болады.
- адам мотивациясының өмiрлiк алыс мақсаттарға бағытталынуы. (Баранидзе, Обуховский) ;
- iс-әрекеттiң полимотивациялық сипаты мотивтердiң қажеттiлiктерге поливеленттi қатынасы (Додонов, Имедадзе ) ;
- икемдiлiгi, өзара ауыспалылығы (Дилитекский)
Осы айтылған негiзгi белгiлердiң арасында маңызды сипатқа ие жеке адамның мотивациялық сферасында маңызды орын алатын, оның жүрiс-тұрысының полимотивациялық феномендiлiгi болып есептеледi.
Полимотивация феноменi. Бұл ұғым негiзiнде адам жүрiс-тұрысындағы бiрнеше қажеттiлiктердiң анықтау тенденциясы жатыр. Л. И Божович пiкiрiнше, түрлi обьектiге бiр ғана қажеттiлiк емес, сол обьектiге әртүрлi өзара әрекеттесушi, шиеленiсушi көп жағдайда бiр-бiрiне қарама-қарсы қажеттiлiктердi; мұғалiмнiң қостауына, өзiндiк бағалауының жоғарылауына, жолдастарының назарына iлiгу, болашақ жұмысында творчестволық жоғары жетiстiкке жету нақтылы iске асыра алады.
2. Мотивацияның психологиялық теориялары
Мотивтi адамның белсендiлiгiнiң себептерi ретiнде түсiндiрудiң алғашқы талпыныстары антикалық дәуiрден басталады. Аристотель өзiнiң “Жан туралы” трактатында жан функцияларының iшiнен “бiр нәрсеге” деген немесе “бiр нәрседен” адамның ұмтылысын бөлiп көрсетедi.
Платон мотивтердiң шиеленiсiн жанның ақылды бөлiгi мен ашкөз бөлiгi арасындағы күрес ретiнде қарастырады.
Мотивация туралы теориялар ежелгi грек философтары мен теологтары iлiмдерiндегi рационализм және ирррационализм бағыттарымен бiрге дамыды. ХIХ ғасырдың ортасына дейiн ықпалы басым болған рационалистiк позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретiнде қарастырылды. Тек адам ғана сана, ақыл-ой, ерiк-жiгерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күшi- адамның ақыл-ойы мен санасы және еркiмен байланысты.
Иррационализм негiзiнен жануарлар әлемi туралы iлiм болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелiгi оның жүрiс -тұрысы ерiксiз, санасыз, биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттiлiктерге сүйенедi.
Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында ХVII-ХVIII ғасырда жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистiк, иррационалистiк) негiзiнде құрылған екi теорияның маңызы зор болды. Бiрiншi, адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын рационалистiк тұрғыда түсiндiрушi “Шешiм қабылдау” теориясы-экономика саласына математикалық бiлiмдердiң енгiзiлуiне байланысты адамның экономикалық жүрiс- тұрыстық шешiм қабылдауы. Кейiннен, бұл адам iс-әрекетiнiң барлық сферасына қатыстырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz