Сауда мен тауарлары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе 3
1. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары. 3
2. Сауда мен тауарлары. 7
3. Мәдениеттердің өзара ықпалы және бірін-бірі байытуы 8
4. Дін соқпақтары 9
Қорытынды 14
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III-ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.

Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне келетін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жиек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.

Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.

Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастаған. Міне сонау ықылым замандарда адамзаттың араласуына, етене танысуына көп септігі тиген ұлы сүрлеу әлі де ұмытыла қойған жоқ. Тіпті осы жолдың бойындағы кез келген елде Жібек жолы деген атауларды кездестіретініңіз айқын.

Ұлы Жібек жолының тарихын біліп, тағылым алу біздер үшін маңызы зор іс.
1. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.

Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.

Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568 ж. түрік қағаны Дизабұл Византия императоры Юстинианның стратег Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған. Мұның үстіне ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған.

Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғ. хатқа енген. Жамухаттың жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзенінің бойындағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте жатыр, оның үйінділерін кәзір Қостөбе деп атайды. Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 ж. оның бінде осы араны ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам жерде, Талас бойымен теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлегінде сол сияқты Шелжі, Сұс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Бұлар күміс кендеріне жуық жерден қоныс тепкенді. Керуендер Талас алқабына Ферғана аймағынан Шатқал қыратындағы Шанаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура арқылы да өтіп келетін. Жолдың осы бөлегі Жібек жолының рғаналық және Жетісулық бағыттарын біріктіретін. Тараздан шыққан жол шығысқа, Құлан қаласына қарай асатын Тараз бен Құлан аралығындағы территория қарлұқтерге жататын. Құланға бара жатқанда жол Касрибас, Күлшөп, Жолшөп сияқты қалалардан өтетін. Құланнан әрірек шығыста бір-бірінен фарсақтай жерде Меркі мен Аспара қалалары барды. Сосын сауда керуендері Нұзкент, Харраджуан, Жол қалаларына соғып өтіп жолдан кейін ол Сарығ, «түрік қағанының қыстағына» Қырмырауға баратын.

2. Сауда мен тауарлары.

Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осынау күре жолмен мирра мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, жень-шень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, гауһар мен яшма, янтарь мен кораллдар, піл сүйегі мен «балық сояулары», құйма күміс пен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсер мен сүңгілер т. б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен саудаға салу үшін Ферғананың атақты «тері қан боп шығатын» сәйгүліктері мен араб арғымақтарын, түйелер мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықтарды, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген.

Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкөніс пен жемістер, әртүрлі көктер әлемге таратылған.

Дегенмен сауданың ең басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.

Керуен жолымен тасылатын жібек пен басқа да тауарлардың бір бөлегі қазақ даласының қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар - соның айқын айғағы.

3. Мәдениеттердің өзара ықпалы және бірін-бірі байытуы

О
рта ғасырлардың бастапқы кезінде Азияда аса кең аймақтары мен елдердің бейнесі ретінде әлемнің төрт патшалығының концепциясы етек алып жайылған еді. Осынау «әлем патшалығының» әрқайсысы замандастарының көз алдында өзіне ғана тән артықшылығымен дараланған. Сүй әулеті (589-618 жж. ) мен Тан әулеті (618-907 жж. ) өкіметтерінің қол астында біріккен Қытай, Үнді билеушілерінің патшалықтары, Тынық Мұхиттан бастап, Қара теңізге дейінгі Түрік бірлестігі, Персия мен Византия сияқты мемлекеттер дүниенің төрт тұсында орналасқан әлемдік терт монархияның негізі деп саналады: оңтүстікте - пілдер патшасының империясы (Үндістан), батыста - бағалы тастар патшасы (Иран мен Византия), солтүстікте - сәйгүліктер патшасы (Түрік қағанаты), Шығыста - адамдар патшасы (Қытай) . Осы идея сосын мұсылман авторларына да ауысып келеді.

Самарканд маңындағы Кушания қыстағы үйлерінің қабырғаларындағы суреттер осы концепцияның айқын көрінісі болып табылады, онда бір қабырғада - қытай императорлары, екінші қабырғада - түрік хандары, мен үнді брахмандары, үшіншісінде - парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген еді.

Сол бір алыс оқиғалар замандастары тек өз мемлекеттерінің табыстары туралы ғана емес, басқа мәдениеттері құндылықтарын да игеру туралы жазған, бүкіл әлемдік мәдениеттің шынайы бір түрінің негізгі мәні, міне, осында болатын.

Тауарларды, қолданбалы өнердің, сәулет өнері мен қабырға живописінің мәдени үлгілері мен эталондарын таратумен бірге, Шығыс пен Батыс елдеріне саз бен би өнері де, сахналық ойындар да кеңінен таратылып отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы саудасы
Негізгі өткізу арналары, деңгейлері
Халықаралық сауданың табыстары
Өндірушілер көтерме саудасы
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және кәсіпорынның даму стартегиясы
ҚР ЖӘНЕ ҚХР АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫ ЖОБАЛАР АЯСЫНДА САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМУ БОЛАШАҒЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ
Кәсіпорын рыноктары
Тауартану: түсінігі, пәні, мақсаттары
Арнайы кедендік режим
Тауарларды еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz