Бүлік басылған соң



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы :Теміртау оқиғасы

Орындаған: Мажит М.Ж
Тексерген: Досекеева К.А
Тобы: ТОП 20-18

Жоспар
I. Кіріспе
1959 жылғы Теміртаудағы оқиға
II. Негізгі бөлім
1) Көтерілістің туындау себебі
2) Үш күнге созылған шабуыл ұзақтығы
3) Бүлік басылғаннан кейінгі жағдай
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Магниткасы тарихының бетіндегі қара дақ - Теміртаудағы тамыз бүлігінен бері елу бір жыл өтіпті. Ұлы жүгеріші Никита Хрущевтің бұйрығымен қара халыққа қарсы оқ атылған қанды қырғыннан бері жарты ғасыр мерзім өтсе де, сол зұлмат кезінде құрбан болғандардың толық саны ресми түрде айтылған жоқ. Кеңес Одағы құлағанға дейін бұл қырғын туралы жақ ашуға рұқсат берілмеді. 1959 жылы тамыздың 1-інде басталып, үш күнге созылған тарих бетіндегі тыртықтың шымылдығы 90 - жылдардың басында ғана там - тұмдап түріле бастады. Баз бір жарияланым авторлары бүлікшілерді қайта құрудың алғашқы қарлығаштарына баласа, біреулер қылмыстық элементтер қақтығыс енді біреулер стихиялы көтеріліс деген мәртебе беруге тырысты. Теміртау жұмысшыларының көтерілісі - 1958 жылы тамыз айында Қарағанды облысы Теміртау қаласында болған кеңестік жүйеге қарсы бас көтеру. Теміртауда салынып жатқан металлурги комб. екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланған соң 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132мың адам келді. Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын тудырды. Тамыздың 1-і күні бір топ жастар көпшілік тамақтандыру орындарында ашық наразылық білдірді.Алғашқы құқық қорғау әрекеттері біртіндеп тәртіп бұзушылыққа ұласты. Өкінішке ора жастардың заңды наразлығын қылмыскерлер тобыры пайдаланып кетті. Олар дүкендерді, базарды, асхананы тонады және полицияның қалалық бөлімін қоршауға алды. Көтеріліс үш күнге созылды. Оны басуға әскерлер тартылды, қару қолданылды. Көтеріліске қатысқандардың ішінде мерт болғандар, ал әскерлер мен полиция қызметкерлерінің қатарынан жараланғандар мен мертіккендер болды. Теміртау жұмысшыларының ұйымдастырушылары сотталды.

1959 жылғы Теміртаудығы оқиға
Қарағанды облысында Қазақстанның тау - кен металлургиясының бірден - бір орталығын құру жоспарланды. Теміртауда Бүкілодақтық комсомол - жастар құрылысы мәртебесіне ие болған Қазақстандық Магнитка металлургиялық зауытының құрылысы іске қосылды. Республикамызға өзге де одақтас республикалардан, сондай - ақ социалистік мемлекеттер достастығы елдерінен жұмысқа келушілер саны көбейе бастады. Теміртау халқының күрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алда тұрды. Барлық жұмысшыларға бірден пәтер жетіспей, олардың көпшілігінің вагондар мен барактарда, брезент палаткада өмір сүруіне тура келді. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету, мәдени демалыс орындары (клуб, жөндеу орындары мен шеберханалар), білім беру (мектептер) және дүкен, асхана, буфеттерден, әсіресе жаз күндері ауыз судан жергілікті халық тапшылық көрді. Бірақ бұл қиыншылықтардың барлығы өткінші ауыртпалықтар ретінде қарастырылды. Алайда өндіріс аясындағы дағдарыс одан әрі тереңдей берді. Мысалы, құрылыс материалдарының әкеліну кестесінің бұзылуы, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, апаттардың жиілеуі, техниканың бүлінуі, тұрып қалуының салдары құрылыстағы кадрлардың тұрақтамаушылығына әкеліп соқтырды.
Осындай жағдайға байланысты жұмысшылар арасында наразылық туа бастады. 1959 жылдың тамыз айында жұмысшылардың жергілікті өкіметпен қақтығысы болды. 1 тамызда сенбі күні кешке жұмысшылардың бір тобы ауысымнан кейін бірде-бір ашық асхана таппады. Бұл жұмысшылардың наразылығын туғызды (89 мың жұмысшыға әрқайысысы 2120 орыннан 178 асхана болды). Асханалар мен дүкендерде ойран салу әрекеттері басталды, көшелерде ереуілдер мен бүліншіліктер ұйымдастырылды, қалыпты өмір-салты бұзылды.
Бүліншіліктерді басу үшін милиция мен Қарлаг әскерлері жұмылдырылды. Қару қолдану жағдайлары да болды. Бүліншіліктің үшінші күні зауыттарға әскер енгізілді.
Болған оқиғалар жайында БАҚ-тар ешқандай хабар бермеді. Бірінші кезекте бұл туралы облыстық, республикалық партия ұйымдарының басшыларына, сонымен қатар КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшыларына хабарланды.
КОКП ОК-і Президиумының бұйрығы бойынша кұрамында КОКП ОК-нің өкілдері, сондай-ақ ҚазКП хатшысы Беляев кірген комиссия құрылды.
1959 жылдың казан айында Мәскеуде болған КОКП ОК-і Президиумының мәжілісінде Теміртаудағы оқиғаларға байланысты Қарағанды металлургия зауытын салу мәселелері туралы қаулы қабылданды. Осы бойынша кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы П.Н.Исаев пен Қазметаллургқұрылыс тресінің бастығы Вишневский кінәлі деп жарияланды.
Теміртаудағы бүліншіліктің негізгі себебі -- жұмысшылар арасында тәрбиелік және саяси үгіт-насихат жұмыстарының қанағаттанарлық жағдайда жүргізілмеуі деп есептелді.
Бірақ бұл оқиғалардың басты себебі елдегі басқару ісінің негізгі принциптеріне байланысты еді. Басты назар адам мен оның жеке мәселелерінде емес, өндірістік салада ғана болды.
Төңкерісті тудырған себеп немесе көз көрген куәнің сөзі.
Бәрі 1958 жылы Теміртауда салынып жатқан металлургиялық комбинаттың Бүкілодақтық екпінді комсомол-жастар құрылысы болып жарияланғанынан басталды. Күллі Кеңес Одағында бес жылдықтың балғасы Қазақстан Магниткасына! деп солқылдата соғылды. Түкпір-түкпірден студенттер мен еріктілер өздеріне картадан ғана таныс қазақ даласына қарай пойызбен ағылды. Сол жылы екпінді құрылысқа Ресей мен Украинадан 132 мың адам қатысуға келді. Жұрттың тіпті артық жиналғаны сонша - лық, бәрін бірдей жұмыспен қамту мүмкін болмаған. Теміртау трагедиясын көзбен көргендердің естеліктерінің бәрі көтерілістің тууына себеп болған нәрсе жаңа табиғи ортаға үйрене алмау, ауыз судың жетімсіздігі, төмен еңбекақы, асханадағы сапасыз түскі ас, дүкенде ке - рек-жарақтың болмауы және тұрғын үй проблемасының ше - шілмеуі дегенге саяды. Кешкі от басында гармошкамен ән айтып, қалайы кружкамен шәй ішу алғашында романтика сияқты сезіліп, уақытша қиындық көрінгенмен, биліктің әлеуметтік проблемаларға бас ауыртпауы ақыры жұрт - тың заңды наразылығын туды - рып, соңы жап - пай тәртіп бұзу - шы - лыққа ұласты. Ал мұндай кезде жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобырының пай - да - ланып кететіні белгілі. Қыл - мыскер демекші, жоғары - дағы жұрттың арасында кімдер болмады дейсіз. Мәселен, ұлы коммунизм құрылысына тірі күштерді аттандырудың жос - парын толтыруды бетке ұстап, милиционерлердің Одес - са қаласын шпаналар мен жезөкшелерден тазарту үшін түнгі көбелектер мен жориктерге комсомолдық билет ұстатқызып, Қазақстанға аттандырғаны туралы сенімді мәліметтер бар. Ал ондайлардың оңайлықпен қолдарына күрек пен қалақ ұстамасы белгілі. Сол кездегі жас қаланы пахандар мен авторитеттердің ұстағанын куәлардың сөзі де растайды.
- Ол бір өте қиын кез еді, - дейді сол оқиға кезінде жүргізуші болып еңбек еткен Павел Гурылев деген кісі, - ауыр оның үстіне түгел қолмен атқарылатын жұмыс үшін күніне 1 сом 70 тиыннан төлейтін. Асханадан тамақтану ақырет еді, ол үшін әр бригададан бір адам таң атпай кезекке тұруы керек. Палаткалы қалашықта адамдар ортаға от жағып, қара суға құрғақ рожки пісіріп жейтін және сол отқа шұлғау кептіретін. Ауыз су мен жуынатын әрі шайлық суды күніне бір рет сырттағы бөшкеге құйып кетеді. Кейде қара су тап - пай, кейде борсып кеткен су ішуге тура келеді. Ет емге табылмайтын. Картоптың өзі тапшы, басқа жеміс-жидекті айтпағанда. Әрі палаткада 40 адам бір-бір жұқа көрпемен ұйықтайтын, оның үстіне ас ішіп-тұруымыз ақылы еді. Дәретхана жоқтықтан желге қарсы отыра беретінбіз. Қысқасы, иттен де жаман тұрдық. Тағы бір жүргізуші Владимир Зыков деген кісі: - Мен ком - сомолдық жолдамаман деревнялы жерден келгенмін. Бүліктің шығуы жағдайдың жоқтығы мен тамақтың нашарлығынан емес деп ойлаймын. Себебі Теміртаудағы жағдай Ресей селолары мен деревняларымен салыстырғанда, әлдеқайда артық деуге болатын. Себеп басқада: екпінді құрылысқа бағыт алған комсомол жастарды қатаң іріктеу болмады, ниет еткен кім көрінгеннің бәріне жолдама берілді. Еріктілердің арасында бұрын сотталғандар мен арамтамақтар, екі қолын қайда қоярын білмей жүрген еріккендер мен үлкен ақша табамыз деген есек дәмемен келгендер көп болды. Барлығын палаткалы, вагонды қалашыққа әкеп төгіп, үстерінен бақылау орнатқан жоқ. Жұрт арасында жұмыс істеудің орнына карта ойнау, арақ ішу, ұрлық-қарлық, төбелес, жын-ойнақ жасау етек алды, - дейді. Сол күнi түнгi сағат 3-те Темiртаудан Қарағанды облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы, генерал Любых тәртiп бұзушыларға қарсы қару қолдануға рұқсат сұрап, Қарағандыға телефон соғады. Өз сұрауына байланысты ол қалыптасқан жағдай өз шеңберiнен шығып кеткен жағдайда қару қолдануға Исаевтың келiсiмiн алады.
2-3-тамыз күндерi орын алған тәртiпсiздiктi басуға КарЛАГ-тың конвой күзетiнен генерал Запевалин басқарған 500 сарбаз, КСРО IIМ iшкi әскерлерiнен 1400 сарбаз бен офицерлер қатысады. Сол күндерi 15 адам өлiп, 28 адам ауыр жараланады, 140 адам бұзақылық жасағаны үшiн қамауға алынады. 28 сарбаз, офицерлер мен iшкi iстер қызметкерлерi ауыр жараланып, 4 сарбаз бен офицер әртүрлi жарақаттан ауруханаға жеткізіледі.
СОКП Орталық Комитетiнiң ерекше бақылауында тұрған ерекше құрылыс нысаны айналасында тәртiпсiздiктiң белең алуы партияның бас штабын да әбiгерге салады. Оқиғаның терең бағыт алғаны соншалық, оған қарулы әскер қатыстырылады. Алғашында өз әскерiмiз халыққа оқ атпағаннан кейiн, Солтүстiк Кавказдан Дзержинский атындағы iшкi әскер дивизиясын шақырып, оқиғаны күштеп басуға тура келген.
Бұл дивизия елiмiзде болып жатқан ауыр толқуларды басуға әркез қатысып тұрған. Кейiн белгiлi болғанындай 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына да қатысқан осы дивизия.
Теміртау көтерілісіне Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің саяси өмірінде ықпалы зор болған А.Казанник ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Массондық құпия қозғалыс
Моғол әулеті
Тәуке хан және «Жеті жарғы»
1857-1859 Үндістан ұлт-азаттық көтерілісі
Жазаның жүзеге асырылу тәсілдері
ХХ ғасыр басындағы мысал жанры және Молда Мұса
Қажығұмар Шабданұлы «Қылмыс» романы
Аср-и сағадат және табиғин дәуірінде сенім (ақаид)
«Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттеріндегі қоғамдық-саяси және ағарту мәселелері
Ж.Молдағалиев
Пәндер