Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ

Бөлімі: Индустриалды-технологиялық
Мамандығы: 6B07104 Өндірісітк энергетика (ДОТ)

РЕФЕРАТ

Пәні: Философия
Тақырыбы: Гегель - классикалық немiс философиясының атақты өкiлi

Орындаған: Е.Қалыбекұлы

Тексерген: Нығметов Б.С

Атырау, 2020 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 . 1.КЛАССИКАЛЫҚ НЕМІС ФИЛОСОФИЯСЫ
1.1 Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры 6
1.2 Метофизика және натурфилософия.
2. ГЕОРГ ВИЛЬГЕЛЬМ ФРИДРИХ ГЕГЕЛЬ
2.1 Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы 11
2.2 Философиясының негізгі ұстамдары 12
ҚОРЫТЫНДЫ 16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕТТЕР ТІЗІМІ 18

КІРІСПЕ
Философиялық сөздікте классика деген ұғымға -- сlаssіcus (латынша) -- тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділіккё үмтылу; үлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық бо-лып есептелетін ең озық, үлы туындылар, классика қызуқандылыққа, рет-сіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.
Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүни-ежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы -- тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар.
Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:
1) Германия үшін ХVІІІ-ғасыр -- Агартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Олар өздерін ақыл-ойдың миссионерлері ретінде қарастырды, халықтың көзін ашуға, оларға өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруге міндеттіміз деп есептеді. Ренессанстық еркін тұлға идеалы жалпылық идеалымен то-лықтырылды: адам өзін ғана емес, басқаларды да ойлауы тиіс. Әлеуметтік идеясы, қоғамды ұйымдастыру мәселесі басты мәселеге айналды. Оған жету жолы -- білім. Біліммен тым әуестену қаупі ХVІІІ-ғасырдағы Германияда әзірге жоқ, Ағартушылықтың алғашқы кезеңі рационалтді, ол парасатты ойлауға негізделген. Кейінірек ақыл-ойдан көңілі қайтқандар ендігі жолды сезімнен, интуиииядан, диалектикалық ақыл-ойдан іздеді, бірақ мұның бәрі соңынан болды, әзірге біліммен байланысты нәрсенің бәрі керемет болып көрінеді.
2) Ағартушылыққа тарихи оптимизм тән. Прогресс идеясы осы ке-зеңнің жетістігі. Ағартушылық алғаш рет озін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады. Ол ұлттық бірлік үшін күресті, бір заңға бағынатын жалпыгер-мандық мемлекет құруды талап етті, князьдіктер мен қалалардың, монархтар мен дворяндардың ойына келгенін жасауын тоқтатуға тырысты.
3) Бұл ерекшелік Пруссия корөлдығының өз шекараларын қарудың күшімен кеңейтіп, күшті мемлекетке айналуға ұмтылуымен байланысты еді. Бірақ әскерінің саны жағынан Европада төртінші орын алған Пруссия казарма ғана емес, гылымдар академиясын дамытқан ел болды.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (нем. Georg Wilhelm Friedrich Hegel; 27 тамыз 1770, Штутгарт -- 14 қараша 1831, Берлин) -- неміс философы, неміс классикалық философиясының және романтизм философиясының негіздеушісі. Йоһанн Готтлиб Фихте және Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллингпен бірге неміс идеализмінің негізін қалаушы.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель 1770 жылдың 27 тамызында Штутгарт қаласының, жоғары қызметтегi шенеулiк Георг Людвиг Гегель (1733 -1799 ) жанұясында дүниеге келдi. Гегельдің арғы ата тегі - контрреформация кезінде XVI ғасырда Аустриядан қуылған Каринтиилік лютерандық болған.
1788 - 1793 Тюбинген теологиялық университетiнің философиялық және теологиялық курстарын тыңдап, магистрлiк диссертациясын қорғады. Өз курстастарынан ішінде Шеллингпен және Гельдерлинмен тату болды. Олармен бірге Француз төңкерiсiнiң идеясымен шұғылданған студенттiк саяси клубтiң мүшесi болды.
1793 жылы дін ілімі кандидатының толық курсын аяқтау барысында Гегель жақсы қабілетті болғанымен, басқалардан ешқандай айырмашылығы жоқ, сөзде озат емес те, философияның мұғалімі атала алады деген аттестат алған.
1793 - 1796 Бернде үй мұғалiмi
1797 - 1800 Майндағы Франкфуртте үй мұғалiмi
1799 - әкесінiң өлiмiнен кейiн алған мұра мен меншiктi жинақтар, оған сабақ беруден бас тартып, академиялық қызметке кiруге мүмкiндiк бердi
1806 -- 1816 Нюрнберг гимназиясының директоры
Гейдельберг университетінің (1916) және
Берлин университетінің профессоры (1818) болған.

1.КЛАССИКАЛЫҚ НЕМІС ФИЛОСОФИЯСЫ
1.1 Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры.
XVIII - ғасыр аяғымен XIX - ғасыр басында неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф. Энгельс класикалық неміс философиясы деп атады. Германия Англия мен Францияға қарағанда мешеу ел болды. Осындай жағдайдағы Германияға француз буржуазиялық революциясы найзағайдың жалтындай әсер етті. Бірақ немістер Европаның басқа халықтарының іс - жүзінде жүзеге асырып жатқанын, тек ой жүзінде ғана іске асыруды армандады . Бұл дәуірдегі неміс философиясы осы тұрғыдан алғанда неміс тарихының ой жүзіндегі жалғасы болып есептелінеді. Сөйтіп, осы кезеңде өмір сүрген неміс халқының ұрпақтарының үлесіне тиген іс философиялық төңкерәс жасау еді. Сондықтанда ол кейін класикалық деген атқа ие болғанды. Сондай ерекше философиялық төңкерістің басында неміс халқының ұлы И. Кант (1724-1804ж). Кант деген ғұлама ғұлама тұрған. Кант жан - жақты ғұлама болған, ол уневерситетте философиядан, логикадан және жаратылыстану ғылымдардың көптеген салаларынан лекциялар оқыған. Кант өзінің философиялық жүйесін "Таза ақылдысын ал" (1781), "практикалық ақылдысын ал "(1788ж) және "пікірлесу қабілетін сынау" (1790ж) деген еңбектерінде алға тартты. Сонымен байланысты ол өзінің философиялық жүйесін үш бөлімнен тұрады деп есептеген. Олар адам психикасының үш қабілетіне сәйкес келмек:
1. танымдылық.
2. талғампаздық. (қанағат сезім)
3. еріктілік (көңіл қалауы
Кант өз философиясында материализммен идеализмді табыстырып, бұл екі қарама - қарсы философиялық бағыттарды бір - бірімен келістіргісі келеді. Сөйтіп, ол өз ілімінде сенімге, дінге орын қалдыруды көздейді.
Класикалық неміс философиясының Канттан кейінгі көрнекті өкілі болып объективтік идеализмнің негізін салушы Георг Вильгем Фридрих Гегель (1770 - 18831 ж) есептелінеді. Гегель Штудгард қаласында туылып Тюбинген университетінде жоғары білім алады. Жалпы алғанда Гегель философиясы неміс идеализімінің шарықтауының соңғы сатысы деуге болады. Әрине, Гегельдің өзі айтқанындай бұнымен жалпы таным процесі аяқталады десек, ол ақылсыз күлкі болар еді. Қалай дегенде де Гегель бүкіл адамзат мойындаған 18 - 19ғ класикалық неміс философиясының ұлы өкілі болды, және алға қарай болып қана бермек. Гегель класикалық неміс философиясының дәстүрді бағыттарын ілгері дамыта отырып ұғымдар диалектісіне көбірек көңіл бөледі, оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді, өзіне дейінгі неміс философиясының және өз заманының жаратылыстану ғылымдарын жетістіктерін таразыға сала отырып Гегель өзінің диалектикалық тәсілін жан - жақты негіздейді. Философияның негізгі міселесін Гегель объективтік идиолизм тұрғысынан шешеді. Оны сендіруінше дүниенің түп негізі объективтік рух. Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия. Ол философияны рухтың өзін - өзі тану процесс ретінде қарастырған. Бірақ Гегель асқан керегенділікпен философиялық ілімдердің үздіксіз даму үстінде болатындығын ешқандай фйлософиялық жүйенің іс - түссіз жоғалып кетпегендігін философиялық ақиқаттың тарихи даму барысында қалып басатынын пайымдай алды. Алайда философия тарихын Гегель объективтік идеолизмнің мүддесіне орай және оның негізгі қағыдаларының тұрғысынан сарапқа салды. Ол субъективті идеализмнің метафизикалық материализмді Юм және Канттың агностипцзйдің қатал санаға қалай дегенде Гегельдің ұлы философ екендігі ақиқат. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б)табиғат философиясы; в)рух философиясы (феноменология). Гегель философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны айтылады. Бұл пікірді Гегель "Логика ғылымы"деген еңбегінде жан - жақты баяндаған.

1.2 Метофизика және натурфилософия.

Метафизика [гр."Meta ta physіka" - "физикадан кейін" (Аристотельдің философиялық шығармасы осылай аталған)] - болмыстың сезімнен тыс тұрған принциптері туралы философиялық "ғылым"; дамуды тек сан өзгерістері жағынан ғана түсінетін және өзіндік дамуды теріске шығаратын, диалектикаға қарама-қарсы философиялық әдіс.
"Метафизика" терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз алғанда ол "физикадан кейін келетін" деген мағына береді. Аристотель оны "алғашқы философия" деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Мұсылман әлемінің ойшылдары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, т.б. Метафизика ұғымын Аристотельдің ілімімен байланыстырып дамытты. Шамамен 16 ғасырдан бастап "Метафизика" терминімен қатар сол мағынада "онтология" термині де қолданылды. Декарт, Лейбниц, Спиноза және 17 ғ-дағы басқа да ойшылдардың философиясында метафизика жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен тығыз байланыста қолданылды. Бұл байланыс 18 ғ-да, әсіресе Х.Вольф секілді философтар тұсында бұзылды.
Гегель метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында 17 - 18 ғ-лардағы ғылымға, әсіресе философияға қатысты алғаш қолданды. Ғылым мен техниканың өріс алуына байланысты 20 ғасырда философиясында Метафизика жаңа идеяларды тудырды. Кибернетика мен генетиканың, ғылыми-техникалық ойдың жедел дамуы әсерінен метафизиканы "қатаң ғылым" ретінде қарастыру қалыптасты. Метафизика онтологияны алмастырып, оның маңызы теориялық және тәжірибелік зерденің мәнін ашуға бағытталды.
Натурфилософия - (латынша natura - табиғат) - табиғат философиясы; табиғатты біртұтас қарап, үстірт пайымдау арқылы түсіндіретін ілім.
Натурфилософия ерте заманда, ғылыми танымның бастапқы кезеңдерінде елеулі орын алып, философияның тарихи қалыптасуының алғашқы формасы болды.
Натурфилософия ұғымының шығуы стоиктерден (Сенека) басталады. Ежелгі грек натурфилософтары ғылым тарихында едәуір рөл атқарған бірқатар болжамдар ұсынды, оның ішіндегі маңыздыларының бірі - атомистік болжам (атомизм). Кейіннен Натурфилософия физика немесе физиология, яғни табиғат жөніндегі ілім деп аталды. Орта ғасырларда философияда геоцентризм түсінігінің орын алуына орай Натурфилософия ғылымы ой-өрістен христиан, ислам және иудей теологияларына ауысты. Қайта өркендеу дәуірінде Натурфилософия Дж. Бруно, Б.Толезио, Дж.Кампанелла, Дж.Кардано,Ф.Парацельс, Ф.Патрици есімдерімен байланысты пантеизм, гилозоизм негізінде дамыды. Бұл кезеңдегі Натурфилософия табиғатты біртұтас қарау принципін ұсынып, бірқатар терең мәнді диалектикалық қағидалар (мысалы, өзгерістің қайнар көзі қарама-қарсы бастамалардың күресінде деген ілім) тұжырымдады. Бірақ табиғатты түсіндіру астрологиялық, алхимиялық, мистикалық түсініктерге толы болды. 17 - 18 ғасырларда механистік жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуына байланысты табиғатты талдамалы және метафизика тұрғыдан зерттеу басым болып, Натурфилософия ғылымнан шеттетілді. Классикалық неміс философиясында Натурфилософия негізгі пәндердің біріне айналып, өз заманындағы жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін объективтік идеализм тұрғысынан тұжырымдамақ болған Ф.В. Шеллинг философиясынан елеулі орын алды. Ол диалектикалық полярлық идеясы арқылы дүниенің біртұтастығының жіктелуі мен жоғары формалардың төмен формалардан дамып жетілуін түсіндірмек болды. 20 ғасырларда Натурфилософияда теріс көзқарастар орын алды. Кейбір философ бағыттардың (экзистенциализм, прагматизм) өкілдері философия объектілерінің жағымсыз дүниесін зерттеумен шұғылданбауы керек деп есептеді. Неореализм, сыни онтология,марксизм, т.б. өкілдері Натурфилософия жаратылыстану ғылымдарының деректерін ескермей, табиғатты тануға дұрыс қарамаған деген пікірді ұстанды. Нақтылы Натурфилософиялық жүйелердің негізінде философияның ерекшелігін, философия мен арнаулы ғылымдардың арақатынасын ерекше түсінуге негізделген "натурфилософиялық ойлау стилі" жатыр. Оның шеңберінде философия кез келген теориялық білімнің жоғары типі ретінде қарастырылады.
Экспериментті жаратылыстанудың дамуы Натурфилософиялық идеялар мен ғылыми зерттеулер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гегельдің философиясы
Маркстік философияның пайда болуы мен алғышарттары
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Қоғам туралы Карл Маркстің ілімі және оның қазіргі жағдайы
Көне дәуір философиясы
Неміс классикалық философиясының пайда болуы
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Гегель мектебі тарихи үрдіс концепциясы
Гегель философиясы
XVIII ғасырдағы Француз материализмі
Пәндер