Инвестиция және экономика



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
М.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ МКҚК

Ф-П-1019.1

Экономика және менеджмент кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық: 0902000 - Электрмен қамтамасыз ету
Пәні: Сала экономикасы
Тақырыбы: ҚР-ның инвестициялық қызметінің талдауы
Нұсқа: 7
Тобы: ЭҚ-02-17
Орындаған: Жамбылхан Ж.
Қабылдаған оқытушы: Сакенова У.З.

Курстық жұмыс берілген күні 19____10____2020 ж.
Курстық жұмысты қорғаған күні 23__10___2020 ж.
Тапсырманы орындауға қабылдаған күні:19_10_2020ж.

Шымкент, 2020ж.
Мазмұны:

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Қазақстан инвестициясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Инвестиция және экономика ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1. Инвестицияның мәні, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2. Экономикалық инвестициялық бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.3. Әлемдік инвестиция көлемдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 7
3. Қазақстан стратегиясы, инвестициялық жоспар, кері әсерлі факторлар, Конституциялық заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3.1. Қазақстан - 2050 Стратегиясында инвестициялар ... ... ... ... .8
3.2. Қазақстан инвестициясына кері әсерлі факторлар ... ... ... ... ...9
3.3. Қазақстандағы инвестиция жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3.4. ҚР инвестиция заңнамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Əдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

І. Кіріспе
Инвестиция - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестициялық қызмет - пайда табу және (немесе) басқа тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін инвестициялау және практикалық әрекеттерді орындау.
Мен бұл тақырыпты алу себебім, елдің даму жолына қажетті жағдайларды анықтау.
Менің рефератымның мақсаты - инвестиция түсінігіне анықтама беру, Қазақстандағы инвестициялық қорларды анықтау, жалпы экономикалық жағдайды бейнелеу, Қазақстан Республикасының дамуына керек жағдайларды қарастыру, шетелдік инвестиция мен инвесторлар көмегімен мүмкін болатын инвестиция түрін тартуға талдау жасау, ҚР Конституциялық заң жүйесіндегі инвестиция нұсқауларын түсіндіру.
1.Қазақстан инвестициясы
Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестициялық қызмет - пайда табу және (немесе) басқа тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін инвестициялау және практикалық әрекеттерді орындау.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция - құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары
Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция - шетел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.

2.Инвестиция және экономика
2.1.Инвестицияның мәні, қызметі
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне , дамуына жұмсалатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор - қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал.

2.2.Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар
Республиканың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік - экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; - инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:
- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;
- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);
- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.
Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;
- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

2.3.Әлемдік инвестиция көздері
Қазақстан минералды ресурстарға, ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерге, білікті кадрларға бай. Елде айтарлықтай өнеркəсіптік əлеуеті бар. Бірақ табиғи жəне еңбек ресурстарын одан əрі тиімді пайдалану үшін ірі капитал қажет. Стратегия - 2030 бойынша экономикамызға шетел инвестицияларын тарту міндеті қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Дүниежүзілік банк республикамызды əлемдегі 20 елдің қатарына қосты.
ҚР-ның инвестициялық саясатын талдау арқылы мемлекеттің басты мақсаты болып, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды одан əрі қолжеткізу жəне экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту болып табылатынын айта кеткен жөн. Қазақстан бүгінде ТМД елдер арасында жан басына шаққандағы тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша жетекші орынға ие. Тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан əрі -- ТШИ) көлемі жан басына шаққанда 2013 жылы 1350 долл. адам болды, ол 2006 жылғы көрсеткішті 2,5 есе жоғарлатады. Жан басына шаққандағы инвестиция көлемін салыстырсақ, Беларусь Республикасында -- 1090 долл. адам, Ресей Федерациясында -- 130 долл. адам құрады [2; 24].
Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі біздің еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалы мен имиджін көрсетеді. ҚР-ның Ұлттық банкінің мəліметтеріне сəйкес, 2005 жылдан бастап 2014 жылға дейін ел экономикасына 196 млрд АҚШ долл. астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды (1-сур.). Өнімнің жалпы көлемі бойынша Ресей, Қазақстан ТМД елдер арасында ЖІӨ үлесі бойынша жан басына шаққандағы тікелей
Есепті кезеңде елдердің тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны құрылымында Нидерланды (жалпы ТШИ түсуі 39,9 %) көш бастап тұр, одан кейін Франция (7,8), Қытай (5,9), АҚШ (5, кейін 2 %), Ұлыбритания (4,6), Ресей (3,9), Виргин (British) аралдары (3,3) жəне Жапония (3,1) (1- кесте). Қазақстан экономикасына инвестицияны 120-дан астам ел құяды.
Атап айтқанда, 2015 - 2019 жылдары $ 196,633 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылды. $ 56,7792 млрд (38,7 %) -- геологиялық барлау жəне зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, $ 44,8839 млрд (30,6%) шикізат ресурстарын өндіруге бағытталған. Өңдеуші салаға шетелдік корпорациялар $ 15,4118 млрд (10,5%) инвестиция салды. Одан кейін саудаға -- $ 7,3227 қызметке -- $ 7,155 млрд (4,88%), құрылысқа -- $ 3,3355 млрд (2.27%), млрд (5%), қаржылық сондай-ақ көлік жəне байланысқа -- $ 2,3912 млрд (1,63%) инвестиция салынды. Экономикалық қызметтің басқа да түрлеріне тікелей шетелдік инвестициялардың тек 1% тиесілі
Капитал салымының əр түрлі бөлінуі аймақтардың экономикалық даму деңгейіндегі үйлеспеушілікті ұлғайтады. ҚР Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша, Астана жəне Алматы қалаларына, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау жəне Қызылорда облыстарына 60 %-ға жуық инвестициялық салым салынған. Осы аймақтарда 80 % астам кəсіпорындарында шетелдік инвесторлардың үлесі бар [4; 29].
Сонымен қатар инвестицияның қолайлы жағдайы шикізаттық емес секторда қарастырылған. ҚР- ның заңына сəйкес, жоғары қосылған құн бойынша өнімді шығаруға, салаларға капитал салымын салуға қарқынды түрде өсуіне жағдай жасалмаған. Тиімді жəне жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру жоғары инвестициялық тəуекелді қажет етеді. Осындай жобаларға инвесторларды тарту мақсатында олар үшін қолайлы жағдай жасау жəне тəуекелді азайту бəсекелестікте тікелей шетелдік инвестициялар тарту бұл оңай шаруа емес.
3. Қазақстан стратегиясы, инвестициялық жоспар, кері әсерлі факторлар, Конституциялық заң

3.1.Қазақстан - 2050 Стратегиясында инвестициялар
Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев Қазақстан - 2050 Стратегиясында инвестициялар мен бəсекеге қабілеттіліктен қайтарым, табыстылық қағидаттарына негізделген жалпы экономикалық прагматизмді экономикалық саясаттың жаңа курсы деп анықтады [1]. Жаңа курсқа сəйкес экономикалық əлеуетті арттыру мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция туралы
Қазақстандағы инвестициялық саясат
Экономиканың өсуі
Инвестициялар жайлы
Экономика өсуінің үлгілері
«ISKER GROUP» ЖШС инвестициялық қызметінің ұйымдастырылу процесстерін зерттелуінің негізінде кәсіпорында инвестиция қызметін ұйымдастыруды жеңілдету жолдарынының ұсынынылуы
Дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануы және инвестициялық процесс
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары
Өндірісті кеңейту инвестициясы
«Портфельдік инвестицияны таратудың инветициялық сипаты»
Пәндер