Ақсай қаласының мейрамхана нарығында орын табу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Нұр - ай мейрамханасы»
Орындаған: Бижанова . Н. К.
Тексерген:
Орал 2019
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Жоба сипаттамасы (түйіндеме) . . . 4
2. Кәсіпорынның, саланың, өнімнің жалпы сипаттамасы . . . 6
3. Нарықты және негізгі бәсекелестерді талдау . . . 8
4. Маркетингтік қызмет жоспары . . . 9
5. Өндірісті жоспарлау . . . 14
6. Ұйымдық жоспар . . . 17
7. Тәуекел бойынша жоспар . . . 19
8. Қаржылық жоспар . . . 20
9. Жоспарды іске асырудың қаржылық-экономикалық мақсаттылығының көрсеткіштері . . . 23
Қорытынды . . . 25
Қолданылған әдебиеттер . . . 26
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл бизнес-жоба "Нур - ай мейрамханасы" инвестициялық жобасының қаржылық-экономикалық тиімділігін және оның техникалық тұрғыда жүзеге асырылу негіздерін түсіндіру мақсатында әзірленді. Кәсіпорынның қызмет мақсаты тағамдануды ұйымдастыру ғана болып табылмайды, сонымен қатар демалыс жасау болып саналады: банкеттер немесе мерекелік шаралар ұйымдастыру.
Мейрамханаға келу - бұл, әрине дәмді тамақтануды қалау ғана емес, соған қоса басқалармен араласу мүмкіндігі, істкерлік мәселелерді талқылау үшін кездесу немесе дем алу.
Мақсаттық топ:
• Ақсайлықтар (70% бастап),
• Қалаға келген саяхатшылар, соның ішінде шет елдіктер (30% дейін)
• Әлеуметтік топтар:
• Балалы отбасылар
• Студенттер
• Бизнесмендер, шенеуніктер, мамандар.
Нұр - ай мейрамханасында әзірленетін тағамдарға өзбек, қазақ, дұңған, татар ас үйлерінің тағамдары жатады. Аталған ас үйі қала тұрғындарының арасында кеңінен тараған және көп сұранысқа ие түрі болып табылады, осы бағыттағы білікті аспазшыларды таңдап алу да оңай.
Мейрамханының үлгісі - орташа бағалық санат. Залдың ауданы - 640 ш. м. шамасында. Отыратын орындардың есептелген саны -500. Орташа түбіртек (бір келуші тұлғаға есеп) ішімдіксіз - 5 000 теңге, ішімдікпен бірге - 7 500 теңге. Ішімдіктерді келушілердің жартысы тұтынады деп болжануда.
Курстық жұмыстың мақсаты: берілген тақырып бойынша бизнес жоспардың мәні мен ерекшеліктерін айқындау, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылығындағы бизнес жоспардың тиімділігін көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- бизнес жоспардың құрылымын сипаттау;
- кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың маңыздылығын арттыру;
- кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың қажеттіліктерін көрсету;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, тоғыз бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Зерттелетін объект -“Нұр ай” мейрамханасы.
Зерттелетін предметі - Мәдени демалыс орны. (Мейрамхана)
1 Бөлім . Жоба сипаттамасы
Қонақтардың негізгі екі ағымына қызмет көрсету жоспарлануда: түскі ас және кешкі ас.
Жобаның мақсаты: орташа бағамдық санатқа бағытталған заманауи Нұр - ай мейрамханасын ашу.
Қызметтер. Мейрамхана көрсететін негізгі қызметтер:
• Ас үй тағамдарын әзірлеу
• Ішімдік сусындары
• Банкеттер мен корпоративтік мерекелер ұйымдастыру
• Бизнестің мақсаттары
• Ақсай қаласының мейрамхана нарығында орын табу.
• Кіретін ақша ағымының тұрақты болуын қамтамасыз ету.
• Мақсаттық көрсеткіш: 5 жыл бойы қызметті сату мөлшері - 28 527 156 USD.
• Қызмет көрсетудің шығынсыз деңгейіне жету және табыстың артуын қамтамасыз ету.
• Мақсаттық көрсеткіш: 3 918 688 USD - 5 жылға.
• Салынған инвестицияның өзін-өзі ақтауын және табысты болуын қамтамасыз ету.
• Мақсаттық көрсеткіштер:
• Таза дисконттық табыс - 1 716 328 USD
• Жобаның табыстылығының индексі - 54, 4 %,
• Өзін-өзі ақтау мерзімі - 2, 77 жыл.
• Жаңа әрі заңды 56 жұмыс орнын аша отырып жағымды әлеуметтік әсерге қол жеткізу және бюджетке төленетін салықты арттыру.
• Аламрандар мен тұтынушыларға сапалы және қол жетімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
Бизнесті дамыту кезеңдерінің сипаты. Нұр - ай мейрамханасын ашу .
Осы жобаны жүзеге асыру бойынша өндірістік бағдарлама бірнеше кезеңге бөлінген.
• Инвестиция алдылық: дайындық жұмыстарын атқару, рұқсаттық құжаттар алу, ЖЖҚ тапсырыс беру және әзірлеу, бизнес-жоспарлау және инвестициялық жоба әзірлеу, инвесторлар іздеу.
• Инвестициялық: капиталды салымдарды жүзеге асыру, ҚЖЖ өндірісі, жабдықтар сатып алу және орналастыру, жарнама, сатуды бастау және қызметтер мен тауарларды сатуды бастау.
• Инвестиция барысы (пайдалану) : өндірістік қуаттылықты арттыру, нарықтығы орынды нығайту, жобалық қуаттылыққа қол жеткізу, тауарлар мен қызметтерпді қолдауға бағытталған жарнамалар. Қарды алынғаннан кейін жөндеу-құрылыс жұмыстарын аяқтау, қажетті жабдықтарды сатып алу, жиһаз бен инвентарь сатып алу, рұқсаттаушы құжаттар (жайдың қолданыс мақсатын өзгерту және ішімдік сатуға лицензия) алу жоспарланып отыр. Мейрамхана ашу бойынша дайындық жұмыстарын атқару кезеңін аяқтаудың жоспарлық мерзімі - қаржы алғаннан кейін 6 ай.
2 бөлім. Кәсіпорынның, саланың, өнімнің жалпы сипаттамасы.
Заманауи мейрамханалық бизнес тағамдану индустриясына да, демалыс пен көңіл көтеру саласы қызметтерін ұйымдастыруға да, тіпті туризм саласына да жатады.
Мейрамханаға келу - бұл, әрине дәмді тамақтануды қалау ғана емес, соған қоса басқалармен араласу мүмкіндігі, істкерлік мәселелерді талқылау үшін кездесу немесе дем алу.
Сондықтан мейрамхана бизнесінің жетістіктеріне әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
• Ас үйі
• Қызмет көрсету деңгейі
• Интерьер Коммерциялық жай тұрғын үйдің жертөле қабатында орналасқан.
Жобаның кезеңдері.
Дайындық кезеңі жартылай аяқталған - жай сатып алынған, концепция өңделген, жөндеу-құрылыс жұмыстары мен жұмыскерлер таңдау жұмыстары басталған.
Мейрамхананың негізгі артықшылығы - бұл оның орналасқан жері. Қала орталығы қазіргі уақытта дәмханалық және мейрамханалық орындармен толып кеткен. Мейрамхана орналасып отырған көше қаланың орталығында орналасқан. Жақын маңда дегдардық тұрғын және коммерциялық ғимараттар орналасқан.
Біздің аймағымызда дәстүрлі болып табылатын ас үйін таңдау тұтынушының таңдауының өзгеріп кетуі қауіпін төмендетеді, соған қоса аспазшыларды іздеуді немесе ауыстыруды жеңілдетеді, үнемі үржаңа сапалы өнімдер болады.
Мейрамхана қызметінің үлгісі тағамдануды ұйымдастыру ғана болып табылмайды, сонымен қатар демалыс жасау болып саналады: банкеттер немесе мерекелік шаралар ұйымдастыру.
Компанияның - жоба бастамашысының қысқаша сипаты - алдыңғы тәжірибесі Компания коммерциялық қызмет атқарған жоқ. Компания несиелік қаражат есебінен Нұр - ай мейрамханасын ұйымдастыру үшін жай сатып алды, ол мына мекен-жайда орналасқан: Железнодорожная ул., 174/1, Көше көшесінің қиылысы. Коммерциялық жай тұрғын үйдің жертөле қабатында орналасқан. Бас директордың басқару жұмыстары бойынша тәжірибесі бар, соның ішінде мейрамхана басқару бойынша да.
Кесте 1. Сату
Кесте 2. Қызмет көрсету
3 бөлім. Нарықты және негізгі бәсекелестерді талдау
Кесте 3. Бәсекелестерді талдау және бағалау
№
п/п
Бәсекелестердің сипаттамасы
Бірінші
(Арман)
Екінші
(Мерей)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
4 бөлім . Маркетингтік қызмет жоспары
4. 1 Нарықты талдау.
Сарапшылардың бағалауы бойынша 2017 жылға дейін ҚР мейрамхана нарығының жыл сайын артуы шамамен 20% құрады. Оның мөлшерін Euromonitor 281 млн. Доллар деп бағалады (2013 жылғы деректер) . Одан кейінгі бағалары жоқ, бірақ өсу деңгейіне қарай отырып оны миллиардтың үштен бір бөлігі деп бағалауға болады, дегенмен 2018 жылы өсу қарқыны айтарлықтай төмендеген.
Көбіне Нұр - cұлтанда және оның аймақтарында. Алматы - Қазақстанның мейрамхана бизнесі бойынша көшбасшысы - мейрамханалардың саны бойынша да, сапасы бойынша да. Алматы,
Нұр - cұлтан болып тұрған кезден бастап сапалы инфрақұрылымы, жабдықытары және білікті мамандары бар, дамыған қоғамдық тамақтану базасы қалды. «РосИнтер» компаниясы жүргізген зерттеулердің қорытындылары бойынша («T. G. I. Friday’s», «IL Патио», «Планета Суши» брендтерін насихаттаушы), Алматыда 1356 қоғамдық тамақтану кәсіпорыны бар, соның ішінде 354 мейрамхана. Нұр - сұлтанға келетін болсақ, онда заманауи сауда және ойын-сауық кешендері мен қоғамдық тамақтану орындарының көбісі 2013-2014 жылдары - тұтынушылар секторының аса қарқынды дамып тұрған кезеңінде ашылған. Нұр - сұлтанның халық санының Алматыға қарағанда екі есе аз екендігін айта кету керек (0, 6 млн. адам және 1, 3 млн. адам сәйкесінше), сәйкесінші қоғамдық тамақтану орындарының саны да екі есе аз. Алматылықтарға қарағанда - 637 (соның ішінде 196 мейрамхана) . Халық табысының деңгейінің жоғарылығымен Ақтау, Атырау және Ақсай қалалары ерекшеленеді. Мұнай өндіру саласының дамуы аталған қала территорияларында ауқатты адамдардың айтарлықтай аудиториясының қалыптасуына және орташа санатты тұтынушалар санының артуына ықпал етеді. Ал бұл өз кезегінде тұтынушылық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.
Дегенмен, әзірге, мерйамханалардың саны мен сапасы бойынша Қазақстанның басқа қалаларынан оза отырып Ақсай мен Ақтау, Атырау,
Нұр - сұлтан нарығынан, Алматы нарығынан тіптен өзгеше (артық деп айта алмасыз) . Сарапшылардың бағалаулары бойынша Ақсайлық нарық алматылық нарықтан алты-жеті жылға кеш қалуда, ал Нұр - сұлтан нарықтан төрт-бес жылға артта келеді. Оның дамуын қалалық тұрғындар санының аздығы мен орта санаттылар қатарының аздығы тежеп отыр. Аталған факторлар провинциялардағы мейрамхана нарығын дамытуға инвестиция тартуды төмендететі. Есесіне онда шет елдіктер көп, бұл бөліну саясатына ықпал етіп отыр: ланчтар, кешендік түскі астар бұл жерде Нұр - сұлтанда қалаларға қарағанда кеңінен таралған. Тағамдарды үйге және кеңсеге жеткізудің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы байқалады - бұған «РосИнтер» зерттеулерінің нәтижелері куә. Сондықтан, кедергі болатын факторларға қарамастан мейрамханалар нарығы Нұр - сұлтанларда да, аймақтарда да дамып келеді, бірақ өздерінің ерекшеліктері бар. Инвесторлары мейрамханалық Нұр - ай мейрамханасын ашу 14 бизнестің жылдам арада өзін-өзі ақтай алатындығы қызықтырады. Орта есеппен алғанда Қазақстанда мейрамхана бизнесіне салынатын қаражат 2-2, 5 жылда «өндіріледі» деп саналады. Орташа алғанда шаршы метрге 1, 5 мың доллар инвестиция қажет.
Бұл ТМД елдерінің басқа мемлекеттерінде жұмсалатын қаражатқа шамалас. Жобаның өзін-өзі ақтай алатындығына сенімді осы нарықтың толыққанды еместігі ұялатады. Қолданыстағы мейрамхана менеджерлерінің сауалнамалары бойынша «Жаңа мейрамханалар пайда болу үстінде, бірақ сегмент бойынша әлі де өсу қажет» деген жағдай анықталған. Алматыда алғашқы желілік компаниялар пайда болды. Жыл сайын Алматыда мейрамханалық желілік брендтер мен компаниялар артып келеді, олар екі немесе одан да көп орындарға басқарушы болып келеді. Алматы нарығында көшбасшылар қатарында - ресейлік-қазақстандық «РосИнтер Алматы» БК, «Ассорти» және «Дастархан» зақастандық компаниялары. Алғашқы екі ойыншы аймақтық нарықтарға белсенді түрде шығады (мысалы, «Ассорти» өз мекемелерін Қарағандыда, Өскеменде ашты, жақын арада Павлодар мен Ақсайда мейрамхана ашуды жоспарлап отыр), тағы да бірқатар алматылық компаниялар (Cinzano, «Медведь», «Алаша», «Корейский дом») өздерінің мейрамханаларын Нұр - сұлтанда ашты. Нұр - сұлтан нарығы көптеген алматылық мейрамхана компанияларының өкілдіктерін ашуға плацдарм болып отыр. Нарықты сараптаушылар бұл тенденция өз жалғасын табады деп болжауда және жақын арада ірі мейрамхана операторларының көбісі жаппай Ақсай нарығына енеді деп күтіледі. «Осы жылдың басында біз Ақсай және Нұр - сұлтан қалаларының нарығына неғұрлым динамикалық дамушы ретінде ендік» - дейді «Рос-Интер» компаниясы. Алматы қаласындағы, сонымен қатар Нұр - сұлтандағы көптеген мейрамханалардың қызмет көрсету сапасын «Ізетті, бірақ қонаққа шынайы мархабатсыз» деп бағалады «РосИнтер» зерттеулері. Тен мырзакөбіне қызмет көрсету сапасына қатысты проблемалар қызметкерлердің жиі ауысуына, мейрамханадығ даяшылар мен басқа да жұмыскерлердің кәсіби дайындықтарының жоқтығына байланысты деді (Еуропада даяшы болу үшін 2-3 жыл оқиды) . Көбісі бұл жерде менеджментке байланысты. Көптеген қазақстандық мейрамханалара негізінен студенттер жұмыс істейді, ал бұл олар үшін уақытша жұмыс. Проблемалар даяшыларға ғана қатысты емес, аспаздарға да Нұр - ай мейрамханасын ашу 15 қатысты. «Әдетте барлық аспаздар бір аспаздар, олар тек бір орыннан келесі орынға ауыса береді.
Жаңа орындар үсті-үстіне ашылуда, ал тиісті жұмыс істей алатын бас аспаздар біршама аз», - дейді «Афиша» дәмханасының бас аспазы Алексей Головин. Сондықтан соңғы бірнеше жылдар бойы ірі мейрамханалар шет елдіктерді жұмыс істеуге жиі шақыруда. «Бұл тіпті сән де емес, тенденция да емес. Бұл, ең алдымен, өзіндік мамандардың тапшылығы. Біз, әрине, шет елдік мектептердің тамыры терең және уақытпен тексерілгендігін түсінеміз.
Ал бізде тек соңғы бес жылдар шамасында ғана аспаздар қандай да бір креативтік жаңашылдық идеялар ұсынуда», дейді Қазақстанның бас аспаздарының ұлттық ассоцияциясының президенті Александр Трегубенко. Дегенмен, соңғы уақытта қазақстандық мейрамханаларда жұмыс істейтін шет елдіктер саны азайып келеді, себебі, шет елдік мамандарға біздің өнімдер мен менталитетке бейімделу күрделі.
Мысалы, біздің халық неғұрлым қуырылған етті қалайды, Еуропаға қарағанда - оларға біздің өнімдермен жұмыс жасау қиын, біздің ет өнімдерімен жұмыс істеу де оңай емес. Қазақстандықтардың тұтынушылық ерекшеліктерінің ішінде - мейрамханаға келушілердің арасында жасалатын таңдалардың ерекшеліктерінің арасынан «РосИнтер» компаниясы мыналарды айтады - «келушілердің көбісі балыққа қарағанда етті таңдайды, кофеге қарағанда шайды көп ішеді, сатылатын ішімдік сусындарының мөлшері Еуропаның басқа елдеріне қарағанда мәзірдегі басқа тағам түрлеріне қарағанда аз». Қазақстандық мерйрамхана нарықтарында барлық концепциялы мейрамханалар мен ас үйлері болса да, неғұрлым жақсы дамыған Нұр - сұлтан және Алматы нарықтарында шығыс және еуропа ас үйлеріне басым таңдау жасалады. Қазақстанның экономикасына да жанаса кеткен өтімділіктің дағдарысы мейрамхана нарығына да әсерін тигізді.
Халықтың тұтынушылық белсенділігінің төмендеуі көптеген дәмханалар мен мейрамханалардың тауар айналымына өз ықпалын тигізді. Рестораторлардың бағалаулары бойынша, тауар айналымының айтарлықтай төмендеуі 2015 жылдың басында байқала бастады және орта есеппен алғанда өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 15 бастап 25% дейінгі көрсеткішке жетті. Негізгі тағамдық өнімдердің бағасының артуы (сәйкесінше, мәзірдегі тағамдардың өзіндік құнының артуы) бір жағынан және мейрамханаларға келу жиілігінің төмендеу екінші жағынан көптеген қоғамдық тамақтану орындарының табыстарының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Нарықты зерттеушілер бұл трендті дамыту бәсекелестікті үдетеді деп болжауда, нарықтан неғұрлым қабілетсіз орындардың кетуі мен мейрамханалардың жалпы табысының азайуы байқалатын болады. Дегенмен қазақстандық нарықта жаңа мекемелердің пайда болуы да мүмкін, себебі біраз кәсіпкерлер дағдарыс жағдайында мейрамхана бизнесіне қаражат сала отырып, өз табысын сақтап қалу мақсатымен келуі мүмкін (мейрамхана бизнесі дағдарлыстың барлық Нұр - ай мейрамханасын ашу 16 ауыртпалықтарын бизнестің басқа түрлеріне қарағанда ең артынан сезінеді деп саналады-себебі халық үнемі тамақтанады), бұл да нарықтағы бәсекелестіктің артуына әкеледі. Мейрамхана бизнесінң қызметкерлері өдерінің қызмет аясын тек жағрапиялық тұрғыдан ғана кеңейтіп қана қоймайды, соған қоса бизнесті диверсификациялайды. Мысалы, «Ассорти» екі үлкен демалыс орталығын салуда - біреуі Қапшағай жағалауында, келесісі -Ыстық көл маңында, онда тек қана түскі ас ішу үшін ғана емес, дем алуға болады, қонақ үйде тынығуға болады, тіптен жылжымайтын мүлік сатып алуға болады. Осылайша, өзінің бизнесін диверсификациялай отырып рестораторлар тәуекелдерді минималдайды.
4. 2 Бәсекелестерге талдау.
Текше бәсекелестер (қаланың әр түрлі жерлерінде орналасқан Нұр - ай мейрамханалары) . Нарықтың бұл сегменті Қазақстандағы тұрғындардың сұраныстарын көбіне ие. Дайындалып отырған мейрамхана орналасатын маңайда қазіргі уақытта бәсекелестер жоқ.
Мақсаттық тұтынушылар Аудиторияның әлеуметтік-демографиялық келбеті:
• Ақсайлықтар (70% бастап)
, • Саяхатшылар және қала қонақтары, соның ішінде шет елдіктер (30% дейін)
• Әлеуметтік топтар:
• Балалы отбасылар
• Студенттер
• Бизнесмендер, шенеуніктер, мамандар (ақ, көк және сұр жағалылар) Жасы:
• 25 бастап және одан да ересек.
Жынысы:
• 70% - ерлер
• 30% - әйелдер
Ай сайынғы табыс: 250 000 теңгеден бастап.
Бәсекелестік артықшылықтар
• Орналасқан жері: қаланың орталығы, өтімділік деңгейінің жоғарылығы, қаланың кез-келген жерінен келу жолдарының болуы, жақын маңайда бәсекелестіктердің болмауы, тұрғын және коммерциялық ғимараттардың маңайда көп болуы (Железнодорожная, Наурыз және т. б. көше бойындағы бизнес орталықтар)
• тұрақ орынының болуы
• мейрамхананың сырттай әрлеу мүмкіндігінің болуы Нұр - ай мейрамханасын ашу.
5 бөлім . Өндірісті жоспарлау
5. 1 Технологиялык процесс
Жобаны жүзеге асыру үшін технологиялық жабдықтар, арнайы көлік (ГАЗель), жиһаз сатып алу қажет. Автокөліктер өнімдерді сатып алып, оларды мейрамханаға дейін жеткізу үшін пайдаланылатын болады. Сонымен қатар компьютер мен арнайы бағдарламалық құрал сатып алу жоспарланған. Төменде негізгі құралдарға жұмсалатын инвестиция құрамы берілген.
Кесте 4. Негізгі құралдарға инвестициялар
5. 3 Жабдықтарды таңдау түсіндіру.
Өндрушіге байланысты тек қана баға емес, сонымен қатар техниканың сапасы да өзгеше болады. Сондықтан компания жетекшілері бизнестің осы бағытында жеткілікті тәжірибелі болса да жабдықтарды сатып алу барысында өздерінңі таңдауларын міндетті түрде дұрыс таңдау жасай алатын бас аспаздармен және технологтармен келістіретін болады.
5. 4 Бағдарламалық құрал (БҚ)
Мейрамханалық бизнестің басқа да маңызды құрамдасы - бақылау және есептеу жүйесін автоматтандыру. Бақылау мен есепке алу үшін бағдарламалық құралдар ұсынатын бірнеше фирмалар бар. Бағдарламалық құрал мейрамханалық бизнес үшін бағдарлама дайындайтын арнайы мамандандырылған компаниядан алынатын болады. Олардың көбісінің Алматы қаласыда өкілдіктері бар, бұл олардың алдағы уақытта сервистік қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді. R-keeper немесе I-SOFT маркалы бағдарламалы құрал сатып алу жоспарлануда. БҚ осы бизнеске тән тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін болады - қызметкерлер тарапынан болатын ұрлау мен алаяқтық, сонымен қатар басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті талдау деректерін алуға болады.
5. 5 Айналымдық құралдарға инвестиция.
Айналымдық капиталға инвестиция жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін, өнімдер сатып алу үшін және инвестициялық фаза кезеңінде бастапқы шығындарды жабуға және мейрамхананың алғашқы жұмыс айында болатын шығындарды жабуға жұмсалатын болады. Төменде айналымдық капиталға жұмсалатын инвестицияның құрамы берілген:
Кесте 5. Айналымдық капиталға инвестиция
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz