Рим құқығы
Тақырыптың атауы
Рим құқығының рөлі және оның мағынасы.
Рим құқығының рецепциясы пәні және міндеті
Рим құқығының жария және деке түріне бөлінуі. Цивилдік, преторлық және халық құқығы. Рим жеке құқығының ұғымы.
Рим құқығының қайнар көздері. Рим құқығының қайнар көздерінің ұғымы. Әдет .ғұрып құқығы және заң. Магитрат эдиктері. Эдикті кодификациясы. Танымалы Рим заңгерлер
Сабиниан және прокулиан заңгер мектептері. Рим юриспруденциясының құлдырауы. Юстиниан кодификациясы. Юстиниан кодексі. Дигестілер мазмұны және оның жүйесі. Институции. Новеллалар.
Субъективтік құқықты алу тәртібі Құқық субъектілері. Құқыққабілеттілігінің ұғымы. Құқыққабілеттілігін жоғалту және шектеу.
Бостандық, азаматтық және отбасының жағдайы. Рим құқығындағы әрекетқабілетіліктің ұғымы. Заңды тұлғалар.
Отбасы құқығы. Рим отбасы. Агнаттық және Когнаттық туыстық. Неке нысаны. Некелесудің алдындағы жағдайлар.
Әкенің билігі. Балалардың құқықтық жағдайы. Юстиниан құқықындағы билік астындағы балалардың мүліктік құқыққабілеттілігі. Эмансипация.
Жеке құқықты қорғаудың әдістері. Талап: ұғымы және түрлері. Талап қою мерзімі.
Жеке құқықтық даулар бойынша процесстер. Процесстің нысандары: легасакциондық, формулярлы, экстраординарлық
Претор қорғауының ерекше құралдары.
Заттық құқық. Ұғымы және заттың саралануы. Иелену. Иелену ұғымы және түрлері.иелікті қорғау.
Меншік құқығы. Жеке меншік құқығының дамуы. Жеке меншік құқығын алу әдістері. Меншік құқығын қорғау.
Бөгде адамның затына құқық. Сервитут, түрлері және мағынасы. Эмфитевсиз және суперфиций. Кепіл және оның нысандары.
Міндеттемелік құқық. Рим құқығындағы шарттар және міндеттемелер. Міндеттеменің тараптары. Міндеттемені орындау және орындамаған үшін жауапкершілік.
Мұрагерлік құқық. Мұраға иелену құығы. Мұрагерліктің түрлері. Мұраны қабылдап алғанның салдары. Мұрагердің құқығын үшінші тұлғалардың қол сұқпаушылығынан қорғау. Легат және фидеикомисстер.

Тақырыптың атауы Лек.
Рим құқығының рөлі және оның мағынасы. 2
Рим құқығының рецепциясы пәні және міндеті
Рим құқығының жария және деке түріне бөлінуі. Цивилдік, преторлық 2
және халық құқығы. Рим жеке құқығының ұғымы.
Рим құқығының қайнар көздері. Рим құқығының қайнар көздерінің 2
ұғымы. Әдет –ғұрып құқығы және заң. Магитрат эдиктері. Эдикті
кодификациясы. Танымалы Рим заңгерлер
Сабиниан және прокулиан заңгер мектептері. Рим юриспруденциясының 2
құлдырауы. Юстиниан кодификациясы. Юстиниан кодексі. Дигестілер
мазмұны және оның жүйесі. Институции. Новеллалар.
Субъективтік құқықты алу тәртібі Құқық субъектілері. 2
Құқыққабілеттілігінің ұғымы. Құқыққабілеттілігін жоғалту және
шектеу.
Бостандық, азаматтық және отбасының жағдайы. Рим құқығындағы 2
әрекетқабілетіліктің ұғымы. Заңды тұлғалар.
Отбасы құқығы. Рим отбасы. Агнаттық және Когнаттық туыстық. Неке 2
нысаны. Некелесудің алдындағы жағдайлар.
Әкенің билігі. Балалардың құқықтық жағдайы. Юстиниан құқықындағы 2
билік астындағы балалардың мүліктік құқыққабілеттілігі.
Эмансипация.
Жеке құқықты қорғаудың әдістері. Талап: ұғымы және түрлері. Талап
қою мерзімі. 2
Жеке құқықтық даулар бойынша процесстер. Процесстің нысандары: 2
легасакциондық, формулярлы, экстраординарлық
Претор қорғауының ерекше құралдары.
Заттық құқық. Ұғымы және заттың саралануы. Иелену. Иелену ұғымы 2
және түрлері.иелікті қорғау.
Меншік құқығы. Жеке меншік құқығының дамуы. Жеке меншік құқығын алу2
әдістері. Меншік құқығын қорғау.
Бөгде адамның затына құқық. Сервитут, түрлері және мағынасы. 2
Эмфитевсиз және суперфиций. Кепіл және оның нысандары.
Міндеттемелік құқық. Рим құқығындағы шарттар және міндеттемелер. 2
Міндеттеменің тараптары. Міндеттемені орындау және орындамаған
үшін жауапкершілік.
Мұрагерлік құқық. Мұраға иелену құығы. Мұрагерліктің түрлері. 2
Мұраны қабылдап алғанның салдары. Мұрагердің құқығын үшінші
тұлғалардың қол сұқпаушылығынан қорғау. Легат және фидеикомисстер.
Барлығы: 30
Лекция сабақтарының мазмұны.
Тақырып 1. Рим құқығының рөлі және мағынасы.
Рим құқығы дүниеге келген кезінде Рим Италиядағы көбімен бірдей кіші
қауым болған еді. Рим қауымы (civitas Roma) ұлғайған сайын өз ықпалын
Италиядағы барлық аумаққа, содан кейін Жерортатеңізіне таратып, билік
астына сол уақыттағы барлық мәдени орталықты жинап алды.
Сонымен қоса Рим іштей өзгерді. Көне патриархалдық құрылыс жойылып,
ескі табиғи өнімге негізделген шаруашылық күрделі экономикалық қарым -
қатынаспен алмасады. Жаңа өмір, күшті жұмылдыруды, әр бір жеке тұлғаның
қабілетін күшеитуін талап етті. Осының барлығына сай рим құқығы өз
сипатын жеке тұлғаның бастамасына қарай ауыстырды: тұлғаның бостандығына,
шарт және өсиет бостандығы рим құқығы жүиесінің бір қалауы болып
табылды.
Осыған байланысты, пайда болатын дауларды шешу үшін құқық
субъектілерінің аумақтық немесе ұлттық белгісінен тәуелді болмай
қолданып реттейтін құқықтық норма жасау қажеттілігі туындады. Рим құқығы
объективті қажетіліктің ықпалынан, өзіне дейін мың жылдар бойы
қалыптасқан халықаралық қатынастың және халықаралық айналымдағы әдет -
ғұрыптардың қасиеттерін бойына сіңдіріп оған қол жетімділік және
тұрақтылық сипатын береді.
Құқықтық жүиенің қағидаларын әзірлеген кезде рим юриспруденциясы
азаматтық айналымдағы субъектілерді өзара құрметтеу қағидасына, тұлғаның
өз мүлкіне тікелей бақылау жасауын болдырмау, тауар және қызмет көрсетудің
алмасуы тең болу, қоғамда орнатылған тәртіптке сай еркінбілдіру
бостандығы қағидаларынан бағыт алып отырды.
Ғасырлар бойы заң ойы қалыптасып тұғыр болған рим құқығы бүгінгі күні де
құқықтық жүйе және азаматтық құқықтың теориясы ретінде оқылып зерттеліп
жатыр ондағы ұғым мен құқықтық институттар еш бір ұлттық көріністен
тәуелсіз еркін көріністе орын тапты.
Рим құқығын оқып зерттеу құқық саласында кең теоретикалық дайындық
бергеннен басқа ұғымдық аппаратты еркін қолдануға көмек. Рим құқығының көп
түсініктері қазіргі заманғы юриспруденцияда белсенді қолданылуда.
Тақырып 2. Рим құқығының жеке және жария түріне бөлінуі. Цивилдік,
преторлық және халықтық құқық. Рим жеке құқығының түсінігі.
Жария және жеке құқықты классикалық түрде шекаралау рим заңгері
Ульпианның еңбегі, ол: Жария құқық рим мемелекетінің жағдайына жататын;
ал жеке құқық жеке тұлғалардың пайдасына қатысты деген еді, бұл кейінгі
ғасырларға дейін сақталып келді.
Осы ұғым тұрғысынан қарағанда жария құқық деп тікелей мемлекеттің
мүддесін қорғайтын және мемелекеттің оның органдарының құқықтық жағдайын
анықтайтын нормаларды айтамыз.
Жеке құқық – жеке тұлғаның басқа тұлғалармен қарым – қатынастағы
мүддесін қорғайтын құқықтың нормасы. Бұл саладағы құқықта мүдделі
адамдардың өздеріне қалыптасқан жағдайды белгілеуге мүмкіндік беретін
нормалар басымдыққа ие. Бұл нормаларды уәкілетберуші деп таныған.
Азаматтық (цивильді) құқық. Латын тілінде “азаматтық” деген сөзге
civilis түсінігі сай келеді. Бірақ ius civilе рим құқығының термині
өзінің мазмұны бойынша бүгінгі күнгі азаматтық құқыққа сай келмейді. ius
civile терминімен тек рим азаматтарына - квириттерге қолданылған ежелгі
ұлттық рим құқығын айтады, сондықтанда оны квириттік құқық дейді. ius
civile
сөзінің басқа мағынасы халық жиналысынан кейінрек сенаттан шығатын норма
деп танылды.
Рим жеке құқығының түсінігі. Ежелгі Рим мемлекетінде қалыптасқан және
жеке тұлғалардың арасындағы қатынасты реттейтін құқықтық жүйе, жеке құқық
деп танылады. Рим жеке құқығының негізгі институты жеке меншік құқығы және
басқа шектеулі құқықпен заттар сондай ақ шарт міндеттеме, отбасылық пен
мұрагерлік құқықтыққатынас болып табылады.
Тақырып 3. Рим құқығының қайнар көзі. Рим құқығы қайнар көзінің түсінігі.
Әдет-ғұрып құқығы және заң. Магистрлар эдиктісі. Эдиктілер кодификациясы.
Көрнекті рим заңгерлері.
Рим құқығының қайнар көзін құқық нормасының көрсету нысаны ретінде
әдет-ғұрып құқығын, заңдарды, магистрлар эдиктілерін және заңгер
қызметтерін қосамыз.
Әдет-ғұрып құқығы рим құқығын танудың ең ежелгі нысаны болып
табылады. Әдет-ғұрып құқығының нормасы әр-түрлі нысанда болды. Ол ата-
бабалардың ғұрпы (mores maiorum), әдеттегі іс-тәжірибе (usus). Мемлекет
кеңіген және бекіген сайын әдет-ғұрып құқығы қанағаттандырмайтын нысан бола
бастады дегенімен оның қалыптасуы бәсең болғандықтан өсіп келе жатқан сауда
айналымын реттеуге қабілетсіз болса керек. Әдет-ғұрып құқығы заңдарға және
басқа құқыққұрылым нысанына жол берді.
Республикалық кезеңде заңдар халық жиналысынан туындады және ол leges
аталды. Заңдар азаматтар арасындағы өзара ымыраластықтың нәтижесі бола
тұра құқықтың өзіндігін қамтамасыз етіп басшылардың және жеке азаматтардың
тарапынан озбырлыққа жол бергізбеді. Сондықтан XII (таблица) кесте заңын
қабылдау қоғам үшін маңызды деген ережелерді бір жүйеге келтіріп заң
дәрежесіне жеткізу болып табылды.
Магистрат эдиктілері. Эдикт термині dico сөйлеймін деген сөзден шыққан.
Сондықтан бастапқыда бұл сөз, магистраттың белгілі бір мәселелерге ауызша
жарияламасын білдірді. Кейін эдикт республикалық магистраттар лауазымға
тағайындалған кезде, дәстүрге сай бағдарламалық жолдау жасауының мағынасына
ие болды, тек жазбаша нысанда көрінді.
Заңгерлердің қызметі. Рим жеке құқығының нормасына терең ықпалын тигізген
басқа нысанның бірі ол заңгерлердің қызметі. Цицеронның еңбегінде
заңгерлердің қызметі оның сипатына қарай respondere, agere, cavere, сондай-
ақ scribere деген терминмен белгіленді. Respondere термині, күдік тудырған
мәселелер бойынша азаматтардың сауалдарына түсініктеме және жауап беру
кеңестік қызметі. Agere – дегеніміз талап беру және сот істерін жүргізу
тәртібі бойынша кеңес. Cavere – дегеніміз мәміле жасасқан кезде заңдық
кеңес беру, формула және түрлі жеке-құқықтық актілер (өсиет, беру актісі
және т.б.) жасап беру тұлғаның мүддесін қорғау үшін жасалатын қызмет.
Әйгілі рим заңгерлері. Римде република кезеңіндегілердің арасынан
Секста Элия Пэта Катаны айтсақ II ғ. б,э.д., уақытта өмір сүрген; Марка
Порция Катонаны, айтсақ de iure civile түсініктемесін жазған, онда тек
кеңестегі жауаптар ғана емес (responsa), жалпы сипаттағы ой пікірлер
жазылды. Рим құқығының тарихшысы Пампонияның айтуынша Манилий, Юний Брут
және Публий Муций, сияқты заңгерлер цивильді құқықты жасаған. Өте кең
танымалы болғандарды айтсақ олар: Квинт Муций Сцевола, Аквилий Галл
және Цицерон.
Тақырып 4. Заңгерлердің сабиниандық және прокулиандық
мектебі. Рим юриспруденциясының құлдырауы Юстиниан
Кодификациясы. Юстиниан кодексі. Дигестілер жүйесі және
мазмұны. Институциялар. Новеллалар.
Республиканың соңғы кезеңіне Лабеон және Капитон сияқты екі әйгілі
заңгерлердің қызметі жатады, олар еңбектерімен республикалық
юриспруденцияны классикалық кезеңмен байланыстырды. Капитон дәстүрлі көз
қарасқа ұстанды және де понтификалдықпен жария құқық шығармасын
жазды. Лабеон жеке құқық проблемасын зерттеуге өзінің шығармашылық
жолымен келді, артынан жеке сұрақтар бойынша көптеген әдебиет қалдырды.
Олардан рим юриспруденциясының екі мектебі немесе бағыты басталады:
прокулиандық Прокулдың атымен байланысты, Лабеонның шәкірті және
сабиниандықтар Сабанның атымен байланысты Капитонның шәкірті.
Рим юриспруденциясының құлдырауы. IV ғ. б.э. уақытта рим заңгерлерінің
қызметтері төмендеп, шығарамашылық белсенділігі түсіп құлдырай бастады.
Пікірлері заңды күшке ие болған заңгерлердің саны шектеулі бес адаммен
аяқталды олар: Гай, Папиниан, Павел, Ульпиан және Модестин еді.
Рим құқығының кодификациясы. Нормативті материалдың көптілігі және әр-
алуан сипатта болуы объективті жүзінде оның біріктіруін және жүйелендіруін
талап етті. Алғашқы кодификациялау императорлар конституцияларын жинаған,
жеке тұлғалардың әрекеттерімен жасалды.
Юстиниан кодификациясы. Юстиниан императоры жасаған кодификациялық
жұмыс маңызды болды. Дәл осы уақытта варварлардың қолында болған, шығыс
және батысты біріктіру жоспары туады. Сонымен қоса мемелекеттің мүддесі
құқықтың бірлігін, оның мазмұнын айқын болуын талап етті.
Юстиниан кодексі.
Осыған сәйкес Юстиниан, құқықтық жүйені уақыттың талабына сай
келтіруге, ескірген материалдан тазартуға міндет қойып 13 ақпан 528 жылы 10
адамнан тұратын ерекше комиссияға жүктеді. Комиссияға, жаңа жинақ шығару
міндеті тапсырылды. Бір жылдан соң, яғни 529 жылы сәуір айында кодекс дайын
болды, осы сәттен, бұрынғы конституциялар күші жойылды деп есептелді. Бұл
жинақ императордың есімімен – Codex Iustinianus деген атау алды.
Дигестілер, олардың жүйесі және мазмұны. Заңгерлердің шығармасын
жүйелендіру, Трибониан басқарған комиссияға тапсырылды. Комиссия 3 миллион
мәтіннен тұратын, 39 - автордың 2 мың кітабын өндеп 150 мың мәтінін
қалдырды. Барлық жұмыс тез атқарылып – 3 жылдың ішінде аяқталды. Жинақ
Digesta sen Pandectae 16 желтоқсан 533 жылы жарық көрді. Сол жылы,
желтоқсанның 30 күні Дигестілер заңды күшіне енді.
Институциілер. Дигестіні құрау жұмысы аяқталғаннан соң Юстиниан жаңа
комиссия тағайындайды. Комиссияның алдына, алдынғы Институций тәріздес
құқық оқулығын жасау міндеті қойылды. 533 жылы 21 қараша айында Юстиниан
Институциясы жарияланды. Олар заң күшіне ие болды.
Новеллалар. Осы жолмен Юстиниан, барлық рим құқығын кодификациялау
ойын жүзеге асырды. Құқықтың саласын қамтыған және оң өзгеріс берген,
көптеген конституциялар кодификацияланды. Бұл конституциялар Новелла
(Novellae constitutiones) деген атаумен танымалы.
Тақырып 5. Субъективтік құқыққа ие болу тәртібі. Құқық
субъектілері. Құқыққабілеттілік ұғымы. Құқыққабілеттілікті
жоғалту және шектеу.
Толық құқықты рим азаматы, бірсәтте үш жағдайда болуы керек болды –
мәртебеге (status) ие болу деген мағына. Ол мыналарға бөлінді:
- status libertatis – бостандық жағдайы;
- status civitatus – азаматтық жағдайымен;
- status familiae – отбасылық жағдайымен.
Құқыққабілеттілікті жоғалту және шектеу.
Римдықтар құқыққабілеттілікті жоғалтуды және шектеуді келесі
жағдайлармен байланыстырды:
- maxima (ең жоғарғысы) римляндық құлға айналады, нәтижесінде азаматтықты
және отбасыдағы жағдайды жоғалтады;
- media (орташа), римляндық бостандықта қалады бірақ рим азаматтығын,
status civitatis және status familiae мәртебесін жоғалтады, ал заң
жүзінде отбасы мұшелігінен айырылады;
- minima (ең төмеңгісі), дербес үй иесінен тәуелді жағдайға түсіп қалады.
Тақырып 6. Рим мемелекетіндегі бостандық, азаматтық
және отбасылық жағдайы. Рим құқығындағы
әрекетқабілеттілік ұғымы. Заңды тұлғалар.
Ежелгі Рим қауымы ерікті және құлдарға бөлінді. Құлдар (servi) құқық
субъектісі болып табылмады, тек құқықтың бір объектісі ретінде, шаруашылық
заты ретінде қарастырылды. Құлиесінің билігі шексіз болды, қожайыны құлды
сата алды, жазалайтын болды. Қайта классикалық дәуірде, рим қоғамында
стойкалық фәлсафаның ықпалынан құлдардың адамдық табиғаты туралы көз
қарастар өзгеріп, құлдарға деген зорлықтар азая тұседі. Құлды өлтіру немесе
оған зақым келтіру, көп уақыт бойы мүліктік қылмыс деп танылды. Олар заңмен
танылатын неке қия алмады. Олардың балалары да, құл болып танылды.
Б.э.III ғ. экономикалық дағдарыс жағдайында тәуелді халықтың ерекше
санаты пайда болады олар – колондар (coloni). Классикалық дәуірде жерді
жалға алып формалды түрде бостандыққа ие, ал экономикалық жағынан
жериесінен тәуелді болды.
Азаматтық жағдайы. Римнің еркін халқы құқыққабілеттілік дәрежесі бойынша үш
үлкен топқа: cives, latini және peregrini бөлінді.
Халықтың жеке санаттары Латиндар (latini) Римдықтар жаулап алған
аумақта (latini coloniarii) тұратын лациум, тұрғындарын және латиндық
азаматтық алғандарды атайды.
Перегриндер (peregrini) деп римдық және латиндық құқыққабілетке ие
болмағандарды атайды. Кез келген перегрин рим магистратының сотына жүгіне
алды. Б.э. 212 жылы Каракалла императоры рим азаматтарына, Рим
мемлекетінің барлық қауымына бостандық берді. Ius civile империяның негізгі
құқықтық жүйесі болып қалыптасты.
Әрекетқабілеттілік ұғымы. Рим құқығында 7 жасқа дейін (infantes)
балалар толық әрекеткеқабілетсіз, 7 жастан 14 жасқа дейін (қыз бала 12
жасқа дейін) – impuberes дербес мәміле жасай алатындар, міндет орнатпайтын
әрекеттер деп танылды. Жасы 14 тен (қыз бала 12 ден) 25 жасқа дейін тұлға
жеке құқық саласында толық әрекеткеқабілетті деп танылды. Сондай – ақ
әрекетқабілеттілік шектелетін болды.
Заңды тұлғалар. Ежелгі Римде құқық субъектілері ретінде жеке тұлғалар
мен қоса белгілі ұйымдар танылды. Қайнар көздер мүлікті шоғырландыратын
мемлекеттік қазынаны (aerarium populi romani) заңды тұлға ретінде
көрсеткен, сонымен қоса қалалық қауым муниципия (municipii), діни
бірлестіктер (collegia sodalicia) жатты.
Тақырып 7. Отбасы құқығы. Римдік жанұя. Агнаттық және
когнаттық туыстық. Неке нысандары.
Ежелгі Римде жанұя патриахалдық түрде құралған. Онда жанұя мүшелері
тек қана жанұя басшысына бағынған. Үй қожайыны әйеліне, балаларына,
құлдарына және мүлікке билік еткен.
Неке нысанының барлық түрінде күйеу балаларға билік еткен.
Некеге аттастыру негіз болған. Ежелде және классикалық кезеннің
басында жақтар серт беріп шартқа отырады. Содан кейін аттастыру моральдық
міндеттемеге айналады.
Неке жасы еркектер үшін 14 жас, ал қыздар үшін 12 жас.
Туысқандар арасындағы неке қылмыстық құқық бұзушылық болып саналған.
Жанұяда әке ғана өз еркімен жұмыс істейтін адам болған. Қыздары мен ұлдары
бөтен құқықтың тұлғалары болып саналған.(pensonou alieni iunis)
Сонымен бірге әке өзінің балаларының өмірі және өлімімен билік еткен.
Ол жаңа туған нәрестенің лақтыруға, жасына қарамастан құлдыққа сатуға
немесе өмірден қиюға құқығы болған. Бірақ уақыт өткен сайын осы құқықтық
уәкілеттіліктер шектеле бастады. Билік астындағы ұлы мүлікпен мәмілелер
жасауға құқылы болған, бірақ осы пайда болған пайдалар әкесінің мүлкіне
түсіп отырған
Шаруашылық қатынастардың және сауданың дамуына байланысты билік
етушінің мүліктік құқық қабілеттілігі үлкейе бастады.
Ежелгі Римде, некенің екі нысаны болды, біріншісі cum manu mariti ол
бойынша күйеу әйеліне толық билік жүргізеді, екіншісі sine manu некесі
оңай жүзеге асырылды (келісім арқылы), ал соңғы заңдық сатысы болып келінді
күйеуінің үйіне әкелу болды. Sine manu некесінің бұзылуына бір жақтың арызы
жеткілікті болды. Агнаттық жанұяда әйелдің жеке басы және мүліктік құқығы
болған жоқ. Ол сол үйдің қызы ретінде өз балаларына теңестіріліп,отағасы
билігінің астында болды. Керісінше, sine manu некесінде жұбайлар тең
дәрежеде болды. Sine manu некесінде отағасы билігі (patria potestas) күйеу
билігіне алмастырылды.
Жүбайлар бір-бірімен мүліктік сипаттағы кез келген заңды қатынастар
жасай алады: шарттар жасау жэне т.б. Әкенің билігінен,
билік астындағылар өздері келісім берсе эмансипациямен (emancipatio)
шығатын болды. Бастапқыда көз алдаушылық түрінде баласына немесе қызына
сатады олар бірден босатушы. Нәтижесінде сатылған адам дербес тұлға
(persona sui iuris) болып табылды.
Тақырып 8. Жеке құқықтарды қорғау әдістер. Талаптар: ұғымы және
түрлері. Талап мерзімдер.
Мемлекет және қоғамның дамуына қарай ежелгі Римдегі азаматтар дау-
дамайды шешудің жеке түрлерінен, арнайы мемлекеттік орган –сотқа
шағымданатын болды. Құқықтың жеке және жария түрлеріне бөлінуіне қарай
мемлекет мүддесін бұзатын істерді қарайтын – сот iudicia publica, және
азаматтардың жеке құқықтары істерін қарайтын – сот iudicia privata, болып
бөлінді.
Талап арыз (actio) түсінігі Дигесттерде анықталған: Талап арыз
дегеніміз – тұлғаның сот арқылы оған тиесілі талаптарды жүзеге асыру құқығы
болып табылады (D.44.7.51).
Өзінің құқықтық бағыты бойынша талап жеке (actio in personam) және
заттық (actio in rem) болып бөлінді. Заттық талап белгілі бір затты
қорғауға бағытталған.Жеке талап нақты бір тұлғаға бағытталады.
Өзіндік сипатына қарай Белгілі талап, яғни белгілі бір затқа немесе
нақты жауапкерге талап беріледі. Белгісіз талап - затқа өз құқығын қалпына
келтіру үшін, әрекетімен қолсұғушылыққа қатысы бар деген адамның қайсына
болмасын талап беру.
Мазмұнына қарай жеңіл және күрделіге бөлінді. Жеңіл талап жалғыз адамның
затты қайтару, әрекетті жасау сияқты талаптарды орындауға бағытталған.
Күрделі талаптың айқын көрінісі кондикция (condictio) - яғни зиян әкелгенде
кешенді түрде құқықты қалыпқа келтіру үшін жасалатын әрекет (мысалы,
кешіктірген үшін материалдық зиянды өтеу міндеттемесі).
Мазмұнының жағдайына қарай қатаң талап құқығы (actio stricti iuris) және
мейірімді талапқа (actio bonae fridei) бөлінді. Олардың басты айырмашылығы
қатаң талап құқығын қарастырғанда судья талап туындап отырған шарттың
пәніне байлаулы және де талап заңның нұсқауына дәл берілуі тиіс. Мейірімді
талап құығын қарастырғанда судья талаптың формуласына кірмеген бірақ
әділеттілік талабына негізделген жауакердің қарсылығын назарға алуына
болады.
Талап мерзімі. Рим құқығында талап берудің уақыттағы арнайы шектеуі
болған жоқ. Талап қоюда (proescriptio) мерзім арнайы заттық құқықтан
туындайтын иелену мерзімімен ұштасады. Жалпы талап мерзімі заңдық
нұсқауларға негізделген болса 30-жылға, ал ерекше жағдайда 40-жылға
созылады.
Тақырып 9. Жекеқұқықтық даулар бойынша іс-жүргізу. Іс-жүргізудің нысаны:
легисакциондық, формулярлық, экстраординарлық. Преторлық қорғаудың ерекше
құралдары.
Азаматтық іс-жүргізу. Талап арыз талапты сот шешімімен қанағаттандыру
құралы ретінде азаматтық іс-жүргізуде жүзеге асырылады. Рим құқығының
тарихы бірін бірі кезекпен ауыстырған азаматтық процесстің үш түрін біледі.
Бірінші және ең ежелгі нысаны легисакциондық процесс (legis action –
заңнан талап арыз; мүмкін бұл термин зорлық пен озбырлыққа қарсы құқықты
заңды түрде жүзеге асыруды білдірді ) ол екі сатыдан тұрды: in jure мен in
judicio. Іn jure сатысы сот магистратының (рекстің, консулдың, кейіннен -
претордың) әрекет көлемі болды. Құқығым бұзылды деп санаған тұлға сотта іс
қозғау үшін магистрат алдында бұл туралы өтініш жасау керек болды.
Магистрат қуынушымен мәлімделетін талаптың рұқсаттылығын, талаптың мазмұны
мен оның жарамдылық шартының бар екенін анықтайды. Процессте бұл сатысының
мақсаты пайда болған даудың құқықтық мазмұнын анықтау, яғни бұл дәмелену
соттық қараудың пәні болама екендігін анықтау. Магистрат бұзылған
субъективтік құқықты сотта қорғау (яғни талап арыз) мүмкіндігін әр кезде
бере бермеген, тек талап заңға сәйкес сонымен қатар оның тұжырымдамаларына
сай болуы тиіс. Пари процессі (sаcramenti) меншік құқығы жөнінде талап
арыздың және міндеттемелерден туындайтын талап арыздың ең көп таралған
нысаны еді. Тараптар арасындағы сөз тартыстар магистрат алдында өтетін
болды. Даулы зат немесе оның бөлшегі олармен бірге болу тиіс. Мысалы, дау
жер учаскесі жөнінде болса, онда жердің бөлшегі әкелінген. Тараптардың
дәстүрлік әрекеттерінің мақсаты – дауды тұжырымдау. Талаптанушы жауапкерден
өз әрекеттерін негіздеуді сұрайды: Мен сенен қандай негізде
виндикациялағаныңды сұраймын (яғни ол зат сенікі деп айттың?). Жауапкер
түсіндіруден бас тарта алды. Одан кейін талаптанушы жауапкерге кепіл беруді
ұсынады да өзі оны береді. Сонымен, in jure кезеңі ол тараптар арасындағы
төрелік сот жөнінде келісім шарттың қатаң реттелген процессуалдық тәртібі.
Екінші кезеңде in judicio судья дауды нақты шешеді, ол 30 күннен кейін
ғана бастала алатын. Бұл мерзім тараптар үшін дәлелдерді жинақтау
мүмкіндігін туғызу үшін орнатылды. Тараптар көрсетілген уақытта сотқа
келеді. Егер тараптардың біреуі себепті келе алмайтын болса, онда іс
кейінге қалдырылды. Егер тараптың біреуі себепсіз келмейтін болса, онда
судья келген тараптың пайдасына істі шешкен. Содан кейін олар өздерінің
айтқандарын негіздеген. Судья келтірілген дәлелдерді өзі карастырып,
наразылық білдіруге жатпайтын ауызша шешім шығарады, істе ұтылған тарап
қазынаға төлеген кепілін жоғалтатын болған, ал ұтқандарға ол қайтарылған.
Формулярлық процесс. Ол алғашында Перегриндердің преторының
тәжірибесінде пайда болып, одан кейін қала преторымен қабылданып, Эбуций
заңымен ресмиленген (б.э.д ІІғ.).өзінің уәкілеттілігіне сәйкес, претор
бірте-бірте жаңа құқықтық қатынастарға қорғау бере бастады және дауларды
құқықтық тұжырымдауды өзіне артты. Формулярлық процесс 2 кезеңнен тұрды.
Жауапкерді талаптанушы өзі шақырды. Преторлық эдиктінің жаңалық енгізгеніне
сәйкес, сотқа себепсіз келмегендер енді айып төлейді. Іn jure сатысында өз
талаптарын кез келген нысанда айтқан. Претор екі жақтың айтқандарын тыңдап,
қуынушы талаптарымен жауапкердің қарсылығы бар формуланы жазбаша
құрастырып, оны сотқа жібереді. Формуланы құрастыру - іn jure сатысының
негізгі мақсаты, ал оны алған сәттен бастап, litis contestatio жасалды деп
есептеледі.
Іn judicio сатысындағы өндіріс екі жақтың дәлелдемелерін айтудан
басталады, себебі сот алдына қоятын сұрақ туралы енді формуладан білуге
болады. Процесс ауызша өткен, дәлелдемелерді еркін бағалады.
Дәлелдемелердің қайнар көздері куәгерлер мен білетін адамдардың жауаптары,
орнында қарау, жазбаша дәлелдемелер болып табылған. Кейбір дәлелдемелерді
айқындау үшін, сот тарапты ант етуге мәжбүрлей алды. Тек даулы фактілерді
әрбір тарап өз айтқандарын дәлелдеуге тиіс.
Судья претордың формулада жасаған қорытындылармен байлаулы болды және
олар расталатын болса, онда талап арызды қанағаттандыруға міндетті.
Экстраординарлық процесс. Республикалық кезеңінің аяғында соттық
юрисдикциясы болмаған кейбір магистраттар кейбір дауларды әкімшілік
(когнициондық) өндіріс нысанында қарастырды.
Прицепстің жеке билік институттарын қабылдаумен когнициондық нысанның
қолдану аумағы кеңеиді және ІІІ ғ, соңында басым болады да, формулярлық
процессті ығыстырады. 294жылдың Конституциясы процесстің экстраординарлық
(когнициондық) нысанын жалғыз ретінде қалыптастырып, претормен жасалған
азаматтық сот әрекетінің нысаны мен қағидасының күрт өзгеруіне әкелді.
Негізінде, атқарушы билік пен сот арасындағы көп ғасырлық меже жойылды, ал
ол демократияның белгісі.
Іс басынан аяғына дейін extra ordinem шенеунігімен жалпы тәртіптен тыс,
яғни формулярлық процесстен тыс қарастырылды. Ол талап арыз жөнінде өтініш
қабылдап, соттың болатын күнін белгілеп, өз атынан жауапкерді шақыртады.
Процесс жазбаша болып кетті, соттық баж орнатылып, соттағы айтылудың
жариялылығы шектелген. Процесске адвокаттар қатысатын болған. Іс бойынша
шешімді шенеунік жазбаша береді. Егер қуынушы тым көп сұрайтын болса, талап
арызды жартылай қанағаттандыруға болады. Шешім жөнінде апелляцияны
императорға де беруге болады, және ол әкімшілік билік құралдарымен жүзеге
асырылды. Сонымен қатар экстраординарлық процесс азаматтық процесс
нысандарының кейбір принциптерін қабылдады, олар – диспозитивтілік пен
бәсекелестік.
Преторлық қорғаудың ерекше құралдары. Цивильдік құқықта алдын ала
ескерілмеген, соған сәйкес легисакциондық процессте қорғау құралдары
болмаған жағдайлар ежелден бері консулдың әкімшілік билігімен шешілді, ал
кейіннен тараптардың біреуінің сұрауымен претормен шешілді. Қорғаудың бұл
түрі жоғары билік иесінің белгілі бір тұлғаға қатысты бұйрық ретінде
(decretum) немесе тыйым салу (interdictum) ретіндегі бұйрығы болып
табылады.
Интердиктілер арқылы әртүрлі фактілік қатынастар шешілді: көршілік,
жалға алушы мен жалға беруші қатынастары, иелік ету және т.б. Егер тұлғаға
қатысты интердикт шығарылатын болса, ол міндетті түрде оны дереу орындау
тиіс, интердиктіні орындамағаны үшін претор санкцияны, мысалы, айып салуды
қолданған.
Ежелгі уақытта интердикт іс зерттелгенде берілді, сондықтан ол кесімді,
сөзсіз бұйрық болып табылды. Классикалық кезеңде алдын ала тергеусіз
берілген интердикт шартты бұйрық болып қалды, оны орындамаған жағдайда
немесе ол туралы шағымданғанда, ерекше әкімшілік өндіріс басталған.
Кажетті сот ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz