Қанның микротамырлардағы ағу ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті
Клиникалық ветеринария кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:Микроциркуляцияның патофизиологиясы

Орындаған:Қырғызбай Н.А
Тобы:Вм-309қ
Тексерген:Азизов Х.А

2020-2021ж
Жоспары:
I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім
2.1. Микроциркуляция туралы жалпы түсінік
2.2.Микроциркуляция жүйесінің реттелуі және қызметі
2.3.Микроциркуляция кызметінің бұзылуы және зардабы
III.Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе бөлім.
Қанайналым - адам және жануарлар өміріндегі маңызды фактор болып табылады. Қан тек қозғалыста ғана өзіне тән қызметтерді атқара алады. Қанайналым жүйесі жүректен және қантамырлардан тұрады. Қантамырлар арқылы қан ағза мен ұлпалар арқылы қозғалып, жүрекке құяды. Қан қозғалатын ең ірі қантамырлар артерия деп аталады. Артериялар ұсақ артерияларға, артериолаларға және капиллярларға бөлінеді
Перифериялық қанайналым - бұл мүшелер мен тіндердегі қанайналым,ол микроциркуляцияның көмегімен жүзеге асады.Микроциркуляцияны артериола, капилляр, артериола венулалық анастамоздар құрайды. Оның бұзылысы дистрофияға , ишемияға, некрозға, әр түрлі микроскопиялық бұзылыстарға әкеледі. Норманы білмей ауруды емдеуге болмайды. Қанның микротамырларда ағу ерекшеліктері гемомикроциркуляция деп аталады. Бұл жалпы қанайналымының көрнекті бір бөлімі. Микроциркуляция термині биологиялық ғылымдарға 1954 жылы енгізілді. Бұл ұғым өте ұсақ қан және лимфа тамырлары тарамдалған ауданда өтетін көптеген күрделі үрдістерді қамтиды. Мәселен, гемомикроциркуляция мен лимфомикроциркуляция жіңішке тамырлардағы қан мен лимфа ағысы ерекшеліктерін, ондағы жасушалардың қимыл жағдайын, қанның ұю заңдылықтарын, тамыр саңылауларының жүйкелік және гуморалдық реттелуін көрсетеді. Мұнымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің зат тасымалдау кезеңітранскапиллярлық алмасу өтеді. Транскапиллярлық алмасу гемоциркуляцияның көрсеткіштерімен бірге, биологиялық мембрананың заттарға өткізгіштік қасиеттеріне байланысты екені белгілі. Олай болса осы аталғандардың бәрі микроциркуляцияны жанжақты сипаттайды. Микроциркуляция тамырларына диаметрі 250 мкм-ден төмен (жіңішке тамырлар),артериолалар, метаартериолалар (диаметрі 10-25 мкм) капиллярлар, посткапиллярлар, венулалар (диаметрі 50 мкм) және артериоловенулярлық анастомоздар жатады. Әрбір ағзаның құрылысына сәйкес микротамырлардың құрылым ерекшеліктері болады. Кейде капиллярға бөлінген тамырлар венулалар құрап қайтадан екінші рет капиллярларға бөлінеді. Капиллярлар бір-бірімен көлденең байланысып тор жасайды. Венулалар кеңіп синус құруы мүмкін.Метаартериолалардың қабыпғасында бір қабат бірыңғай салалы ет талшықтары сақина тәрізід орналасқан, ал капиллярлардың алдында мұндай ет талшықтары жиналып жапқышты құрады, кейбіреулердің ойынша посткапиллярларда да жапқыш болады. Жапқыш артериоловенулярлық анастомоздардың бас жағында да кездеседі. Пре- және посткапиллярлардың жапқыштары тұсында тамырлар саңылауы тарылып 4-5 мкм болады. Прекапиллярлық жапқыш жиырылса онымен байланысты капиллярларға қан өтпей қалады.
Ішастардың микроциркуляторлы ағымы:
1-артерия;
2-вена;
3-артериола;
4-венула;
5-капиллярлар торы;
6-лимфа тамырлары мен капиллярлары.
7. Капиллярлар
Крог деректеріне қарағанда жануар денесінде шамамен 150-160 млрд капиллярлар бар. Әрбір капиллярлардың ұзындығы 0,4-1,1 мкм, диаметрі 57 мкм. Капиллярдың қабырғасы бірқатар эндотелий қабаты мен жұқа негізгі мембранадан тұрады. Денедегі барлық капиллярлардың диаметрі қолқа саңылауынан 600-800 есе артық. Капиллярлардың 30%-ы қалыпты жағдайда жабық бос болады. Мысалы, теңіз шошқасының қаңқа етінде тыныштық жағдайда ашық капиллярлардың саны әрбір мм2-де 100-200 болса, еттер жиырылып организм қозғалған сәтте, ашықкапиллярлардың саны 3000-ға жетеді. Демек, дене қызметі кезінде қанағысына қатысатын
капиллярлардың саны көбейеді.
Перифериялық қанайналымның реттелуі
Жергілікті қан ағудың мүшелердің функционалды қажеттіліктеріне бейімделуі токка қарсы өзгеріс жолдарымен жүзеге асады. Бұл қан тамырлардың қуысының өзгерісімен, яғни гидродинамикалық қарсылық реттелісімен сипатталады. Қан ағысының көлемді жылдамдығының өзгерісі функционалды қажеттіліктері айтарлықтай вариацияланатын мүшелерде ауқымды болады.Бұл қаңқа еттері , асқазан ішек жолдары, бауыр, тері. Бас миы , бүйрек сияқты мүшелерде көп өзгермейді. Қан ағысы арнайы реттегіш механизмдердің көмегімен тұрақталып отырады. Перифериялық механизмдерді бұл жергілікті механизмдер, гуморальды және жүйкелік факторлар. Кейде бұл факторлар бір уақытта қан тамырлық тонусқа синергиялық әсер етеді.
Гемодинамика
Гемодинамика -- қанның қантамырлар бойымен қозғалысын зерттейтін ғылым. Қанның тұтқырлығы мен қантамырлардың қабырғасындағы қан айналымына кедергілерге байланысты. Гемодинамика қанның минуттық көлеміне де байланысты.Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі.
Микроциркуляторлық арна жүрек-қантамыр жүйесінде орталық болып табылады.Ол қанның негізгі функциясы - транскапиллярлы алмасумен қамтамасыз етеді. Микроциркуляторлық звено ұсақ артериялардан, артериолалардан, капиллярлардан, венуллалардан, ұсақ веналардан тұрады.. Транскапиллярлы алмасу капиллярларда жүреді. Оның жүруі екі жақты өткізгіш қасиетіне ие , капиллярлардың ерекше құрылысына байланысты. Капиллялардың өткізгіштігі- бұл белсенді процесс, ол организм жасушаларының қалыпты тіршілігін оптималды ортамен қамтамасыз етеді. Қан микроциркуляторлық арнадан венаға түседі. Веналарда қысым төмен болады:ұсақтарында 10-15 мм.с.б.б. , ірілерінде 0 мм.с.б.б. дейін. Қанның венамен жүріп отыруы мына факторлармен қамтамасыз етеді: жүрек жұмысы, венаның клапанды аппараты, қаңқа еттерінің жиырылуы, кеуде клеткасының сіңірілуі.
Қылтамыр -- ең жіңішке және тым жұқа қабырғалы тамыр. Қылтамыр қан және лимфа қылтамырлары (капиллярлары) болып бөлінеді. Қан қылтамыры қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасуды іс жүзіне асырады. Қан қылтамырының арнасы мүшелердің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі (4,5 мкм-30 мкм) болады. Оның қабырғасы үш қабаттан: ішкі - эндотелийден, ортаңғы - негіздік жарғақта орналасқан перициттерден, сыртқы - адвентициальды жасушалардан тұрады.Перициттер жиырылу арқьшы қылтамыр арнасының диаметрін реттеп отырады. ішкі эндотелий қабатын құрайтын эндотелиоциттер мен оның сыртындағы негіздік жарғақтың (базальды мембрананың) құрьшыс ерекшеліктеріне байланысты қылтамыр: сомалық қылтамыр, фенестерлі қылтамыр және қойнауша (синусоидты) қылтамыр болып үш түрге бөлінеді.
Вена қантамыры арқылы қан жүрекке құяды. Жүрек төрт камералы сондықтан екі
қанайналым шеңберінен тұрады.Марчелло Мальпиги артерия мен вена қантамырын қосып тұратын капиллярларды ашты.
Капиллярлар типтері :
+ Магистральды капиллярлар
+ Бүйір капиллярлар және капиллярлы торлар
+ Кезекші капиллярлар (25%)
+ Плазматикалық капиллярлар (10%)
+ Үнсіз капиллярлар (65%)
+ Соматикалық
+ Висцеральды немесе фенестрирленген
II.Негізгі бөлім.
2.1.Микроциркуляция туралы жалпы түсінік
Микроциркуляция (Місrосіrсulаtіо - кішіғұрым қан айналысы) -- организмнің әр түрлі сұйықтықтарының венула, қан және лимфа капилляры деңгейіндегі және ұлпа сұйықтықтарының клетка аралық заттарда бірыңғай бағыттағы қозғалысы.
Микроциркуляция дегеніміз - (грек. Mikros кіші, + лат. Circulatio - айналым) организмнің тіндер деңгейінде биологиялық сұйықтықтардың транспорты: капиллярлық микротамырлар арқылы қанның қозғалысы (капиллярлық қанаайналым), клеткааралық кеңістікте интерстициалды сұйықтықтар мен заттардың өтуі және лимфа микротамырлары арқылы лимфаның транспорты.
Термині 1954 ж. енгізілген.
Микроциркуляция - бұл өте ұсақ қан және лимфа (диаметрі 2 - ден 250 мкм) тамырларында өтетін күрделі үрдіс. Ең алғаш қанайналымның сандық сипаттамасын Стивен Хейз ашты. Ол артерия мен венадағы қан кысымын, жүрек
камераларының көлемін, қанның ағу жылдамдығын өлшеді. XVII - XIX ғасырларда көптеген гидромеханиктер қаның ағысына қызығушылық білдіріп.оны зерттеуге өз үлестерін қосты. Олардың арасында Эйлер, Пуазейль, Бернулли, Даниил болды.
2.2.Микроциркуляция жүйесінің реттелуі және қызметі
Микроциркуляциялық жүйенің қызметі:
# Ағзалар арасында қанды қайта бөлу немесе қанның көп бөлігін ұстап қалу;
# Ішкі ортаның гомеостазын қамтамасыз ету болып табылады;
# Дренаждық қызмет. Олар қанды әкелуші артериялардан тінге қарай өткізеді;
# Трофикалық және газ алмасу.
# Қан тамырлары мен тіндер
# арасындағы зат алмасу;
# Транспорттық қызмет: қанды тасымалдау;
# Қан ағысының реттелуін: бұл қызметті артериолалар қамтамасыз етеді, себебі оларды арнайы сфинктерлер болады.
Микроциркуляция аймақтары (Колб бойынша)
Артериолалар
(метартериолалар)
Прекапиллярлар
Прекапиллярлық
сфинктерлар
Саңылаулары ашық нағыз
капиллярлар.
Веналық капиллярлар
Посткапиллярлар
Посткапиллярлық
сфинктерлар
Венулалар
Артерио-венозндық
анастомоздар.
Қанның микротамырлардағы ағу ерекшеліктері
Капиллярларда қан қысымы көтерілгенде ( с.б.б. 200- 210 мм) жарылып та кетеді,онда тінге қан құйылады. Бірақ капиллярлардағы қанның қысымы мен қанның жылжу шапшаңдығы көбінесе оның алдындағы және соңындағы тамырлар жапқыштардың тонусына байланысты. Прекапиллярлық жапқыш жабылып капиллярларға қан өтпесе және капиллярлардан кейінгі тонусы көтеріліп, қан тез ағып кететін болса, капиллярларда қан қысымы төмендеп, тінаралық сұйықтықтың капиллярдың ішіне қарай сүзілуіне жағдай туады. Прекапиллярлық жапқыш ашылып, капиллярлар қанға толса, венулалардың тонусы төмендесе, плазманың тінге сүзілуі жеңілдейді. Сонымен капиллярлардың қанға толу толмауы оларға қан жеткізетін артериолалар мен прекапиллярлық жапқыштың және капиллярлардан қанды шығаратын венулалар мен артериовенулярлық анастомоздың жағдайына байланысты өзгереді.
Микроциркуляция арнасының морфофункциялық (құрылымдық) ерекшелігі:
Капиллярлар қабырғасы бір қабатты. Қан ағысының сызықтық жылдамдығы 0,5-1 ммсек, Симпатикалық постганглилік талшықтармен нервтелген. Қанның үздік-үздік ағуы.
Микроциркуляция жүйесінің реттелуі
Ұсақ артериялар мен веналар, артериолалар мен метаартериолалар адренергиялық және холинергиялық симпатикалық жүйелермен нервтенген; Прекапиллярлар мен капиллярлар, венулалар көбінесе гуморальдық әсерлерге сезімтал келеді. Микротамырлардың барлығына, оның ішінде капиллярларға да жүйке әсер етеді. Кейбір жүйкенің ұшы капиллярларға тығыз жақындап, одан бөлінетін медиаторлар арқылы тікелей әсер етеді.
артерия қаны жүректің сол жақ
журекшесіне құйылады.
* Макроциркуляция
1) жүректік насос-қан айналымның негізгі қозғаушысы.
2) буфер-тамырлар, немеме артериялар қанды шеткі мүшелерге тасымалдайды.
3) көлемді тамырлар немесе веналар қанды жүрекке кері айдайтын транспорттық функция атқарады
* Микроциркуляция
4) қарсыласу тамырлары немесе артериолалар мен венулалар әрбір ағза мен мүшелерге қанның келуін қамтамасыз етеді.
5) алмасу тамырлары капиллярлар қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасуды жүзеге асырады.
6) шунт тамырлар артериовенозды анастомоздар бұлар артериола спазмы кезінде перифериялық қарсыласуды капиллярлар арқылы қан айналымды азайтады
2.3.Микроциркуляция кызметі бұзылуы және зардабы
Шеткі қан айналысы деп,артериолардағы (майда артерия),прекапиллярлардағы,
капиллярлардағы, венулалардағы және майда веналардағы қан айналысын айтады. Жекелеген тамыр аймағындағы немесе органдардағы қан айналысының бұзылуы жалпы қан айналысының бұзылуымен тығыз байланысты.
Шеткі қан айналысының бұзылуының пайда болуында микроциркуляцияның, яғни прекапиллярлар мен капиллярлар деңгейіндегі майда қан тамырларындағы қан айналысының бұзылуының ерекше ықпалы бар. Шеткі қан айналысының бұзылуының негізгі формалары мыналар:
гиперемия,
жекелей
анемия (ишемия),
стаз,
қан ағу,
тромбоз,
эмболия.
:: Гиперемия - жеке бір органда немесе ткань учаскесінде қанның әдеттегіден көп
болуы. Артериалдық және веноздық гиперемия деп бөледі.
# Артериалдық гиперемия - ұлғайған тамырлар арқылы өтетін қан мөлшерінің арқылы өтетін қан мөлшерінің көбеюінен органға қанның толуының артуы.
Артериалдық гиперемияның этиологиясы: 1) әдеттегі физиологиялық тітіркендіргіштер (күн сәулесі, жылу т. б.) әсерінің нормадан артып кетуі;
2) ауру тудыратын тітіркендіргіштердің (механикалық, физикалық, химиялық,
биологиялық т. б. әсері;
3) тканьдердің физиологиялық тітіркендіргіштерге ерекше сезімталдығы, мәселен: аллергиялық сенсибилизация, фотосенсибилизация т. б. кезінде.
4) нерв жүйесінің бастапқы зақымдануынан парезге және параличке шалдығу.
Белгілері: қызару, температураның көтерілуі, органдар мен тканьдердің көлемінің ұлғаюы.
Артериалдық гиперемия патогенезі. Артериалдық гиперемияның
даму механизмінің негізгі буыны артериоланың кеңуі, әрі осыған байланысты тканнен
өтетін қан мөлшерінің ұлғаюы.
Артериоланың (майда артерияның) ұлғаюы көбінесе рефлекторлы түрде өтеді:
а) тамыр ұлғайтатын нервтер тонусының артуы;
б) тамыр тарылтатын механизмдердің тежелуі;
в) тамырлардағы зақымданған тканьдерде аксон-рефлекторлы механизмнің қосылуы;
г) гуморалдық факторлардың ықпалы - алмасу метаболиттерінің (гистамин,
брадикинин т.б.) әсер етуі.
* Веноздық гиперемия.
Веноздық (іркілу) гиперемия - ткань учаскелеріне келетін қанның көбеюі және одан шығатын қанның азаюы. Қанның ағуының бөгелуі тамырдан тыс та, тамырдың ішінде де болуы мүмкін. Веноздық гиперемия ұзаққа созылады, әрі органдарға елеулі, кейде қайтымсыз өзгеріс туғызады.
Веноздық гиперемия этиологиясы.Веноздық гиперемияны тудыратын этиологиялық факторларға мыналар жатады:
а) вена тромбозы (тамырда қанның ұюы) және оның сырттан қысылуы (тамырды
жіппен байлау, ісік, жүктілік т. б.).
б) тамыр кенересі қасиетінің өзгеруі - капиллярлар өткізгіштігінің артуы және
фильтрацияның күшеюі;
в) қан жүрудің баялауы және сол жақ жүрекшенің жеткілікті жұмыс істемеуінің
дененің төменгі бөліктеріндегі (аяқ, қолдарындағы) тамырларда қанның іркілуі;
г) ұзақ уақыт түрегіп тұрып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері
Микроциркуляцияның патофизиологиясы
Перфериялық қанайналымында жиі кездесетін бұзылу формалары
Веналық капиллярлар
Қан кету. Қанкетуді тоқтату
Реология
Қан тамыры
Сұйықтардың қасиеттері
Микроцеркуляцияның патофизиологиясы
Қан ағу
Пәндер