Қораны жарықтандыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті
Ветеринариялық санитариялық сараптама және гигиена кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:Бұзауларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар,малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары

Орындаған:Қырғызбай Н.А
Тобы:Вм-309қ
Тексерген:Шамгунов Н.А

2020-2021ж

Жоспары:
I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім:
2.1.Қора жайлы жалпы түсінік,қораларға қойылатын жалпы эпидемиологиялық-санитариялық талаптар
2.2.Бұзаулар арналған кора-жайдағы санитариялық және гигиеналық талаптар
2.3.Малдарды күтіп-бағу жағдайлары
III.Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

I. Мал гигиенасы дегеніміз - (грек. hygіeіnos - дені сау) денсаулықты сақтау,аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым;ветеринарлық медицинанның бір саласы болып табылады. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның мал организміне тигізетін әсерін зерттейді; малдардың қора - жайларын таза ұстау, сонымен қатар олардың төлдегеннен кейінгі малдың жағдайларын, малдарды азықтандыру принціптерін қарастырады. Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі. Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады. Ірі қара малдардың гигиенасын қай жағынан қарасанда, кең ауқымды болып келеді. Малдың етті өнімділігін арттырудың ең негізгі факторы - саладағы өндірістік үрдістерді оптимизациялау болып табылады. Жас төлді толыққанды және қарқынды азықтандыру кезінде ғана жоғары потенциалды, етті тұқымды малды жеткілікті көлемде өткізуге болады. Шаруашылықтарға қолайлы мерзімде ірі азықтарды дайындау арқылы олардың сапасын жоғарылатып, сүрлем және пішендеме өндірістерін қайта жаңартып, жеткілікті көлемде құнарлы жеммен қамтамасыз етілуі қажет. Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы -- бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды. Сыртқы немесе қоршаған орта -- бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу үрдісімен нақтыланады. Сыртқы орта факторлары ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға, қоректенуге, жылу реттелуіне әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта факторлары тірі ағза үшін патогенді болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның төменгі температурасында және суық су ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су және азық жануарларда жұқпалы және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай жасайды; ауа, су және азықтың химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу бұзылуына, улануға душар етуі мүмкін.Малды күтіп-бағу жүйесі адамдардың оларға жасайтын жағдайына (микроклимат, азық сапасы, азықтандыру режимі, орналастыруы) байланысты. Малдың биологиясы осы жағдайларға сәйкес болуы олардың денсаулығы мен өнімділігін анықтайды.Мал гигиенасының негіздері жалпы өндірістік дақылдардың, өткізетін өнімдердің сапасын арттыруға, шығатын өнімді көбейтуге және оның өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен, мал гигиенасының негіздері -- мал саулығын сақтау, оны тиімді жүйелер арқылы бағу, өcipy, азықтандыру және дұрыс күту арқасында мал төзімділігін жоғарылатып, одан барынша мол, сапалы өнім алу туралы ғылым
Гигиенаның негізгі мақсаты -- малды бағып-күтудің, азықтандырудың, төл өсірудің , асыл тұқымды және жалпы тауарлық бағыттағы мал мүліктерін пайдаланудың нормалары мен ережелерін (тәртібін) анықтау. Негізгі назар қолда ұсталатын малға қора-жайлар салу үшін орын таңдауға аударылады. Сонымен қатар гигиена негіздері айналысатын мәселелер қатарына құрылыс сапасы, әр бас малға үлесті жер және ауа алмастыру көлемі, өндірісте механиканы пайдалану, малды орналастыру әдісі, серуендету, т.б. жатады.Ауа ортасына, суға, топыраққа, азыққа және азықтандыруға, мал қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар.Малға арналған қора жағдайы микроклиматқа қойылатын зоогигиена талаптарына сай болуы керек. Мал шаруашылығындағы микроклимат деген түciнік қорадағы темпеатура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жарық, газдар құрамы, сонымен қатар қорадағы шаң мен микроорганизмдер және шу деңгейін анықтаумен байланысты. Микроклимат параметрін өлшеген уақытта қоралардың ecіктepi жабық, ал мал өз орындарында болғаны жөн.Ең кepeктi байқау мезгілі: таңғы сағат 7 мен 8-дің, 14 пен 16-ның және 20 мен 22-нің аралығы. Ауа температурасы мал организмі жағдайының, әcipeсе жылу реттілігіне қатысты сыртқы ортадағы физикалық факторлардың бірi әpi маңыздысы болып саналады. Малға ең жоғары және ең төмен температура да зиянды, өйткені олар организмде көптеген өзгерістер туғызады, яғни малдың өнімділігіне, азықтарды тиімді пайдалануға, аурулардың көбеюіне және малдың шығындалуына ықпалын тигізеді.Ауа темпеатурасын қабырғадан 1 м қашықтықта және қора ортасынан өлшейді. Өлшеуді еденнен жоғары 20 см-ден 120 см аралықта, малдың жасы мен түрiн ескере отырып өткізеді. Корадағы ауа темпеатурасы спирттік және электрлік термометрлермен өлшенеді.
Мал үшін ауа температурасының нормативі мынадай (С): сиырлар мен 1 жастан асқан төлдер үшін -- 8-12, 20 күндік бұзаулар үшін -- 18-20°, 20 күннен 120 күндік бұзаулар үшін -- 12-18°, 4-12 айлық жастағы төлдерге -- 8-16 °, бордақылаудағы өгізшелер үшін -- 8-12°, буаз мегежіндер мен бойдақ мегежіндер үшін -- 14-20°, 20 күндік жасқа толмаған еметін торайлар үшін -- 24-30°, анасынан бөлінген торайлар -- 22-24°, бордақыдағы төлдер үшін - 16-19 0, қозылайтын қойлар қойлар - 10 -180 , 20 тәуліктен асқан қозысы бар қойлар үшін 4-10 0 , ересек құстар (тауықтар, үйректер, күркетауықтар, мысыртауықтар) 14-18 0,аптаның алғашқы күндегі жас құстар үшін -- 18-30.Қорадағы ауаның ылғалдылығын темпеатураны анықтағандай бір нүктеде, бір аймақта және сол сағатта анықтайды. Ылғалдылықты анықтау үшін психрометрлер, гигрометрлер және гигрографтар қолданылады.Қорадағы малдың түрi мен жасына қарай салыстырмалы ылғалдылық 70%-дан аспауы керек. Организмге төменгі (30-50% ) және жоғары (80-100% ) ылғалдылықтар тepic әсер етеді.Ауаның қозғалыс жылдамдығы. Жылдың суық кезінде ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,3 мс, ал жаздың ыстық темпеатурасында 1 мс-дан аспауы керек. Жаңа туған төлдер мен құстардың түратын орындарында 0,1-0,2 мс аспауы тиіс. Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау анемометр және кататермометр аспаптары қолданылады.
Малдарды күтіп-бағу жағдайлары:
Қора -- мал ұстайтын орын.
Ол мал түліктерінің түріне қарай әр түрлі болады. Мысалы, ат қора, сиыр қора, қой қора, төл қора және жабық қора, т.б. Қораның төбесі көбінесе жабық болады, оны салуға жергілікті жердің жағдайына қарай кірпіш, тас, ағаш, қамыс пайдаланылады. Соңғы кезде стандартты қора салу ісі қалыптасты. Мұндай қоралар жем-шөп, су жеткізу, оның астын тазалау, жөндеу жұмыстары теxника көмегімен атқарылады. Ал жеке меншік малға қора салу ісімен қазақ xалқы ертеден бері айналысып келеді. Қоралар әдетте қыстауда салынып, қыста ғана пайдаланылатын. Ерте кезде үй мен қора-қопсының арасында бір ғана қабырға болған, яғни олар бір-біріне жалғасып жататын болған. Қазіргі кездегі қоралар кең, еңселі, биік етіп салынады. Мал төлдейтін қозы қорасы қой қорасынан бөлек.
Сиыр қора -- мүйізді ірі қара мал ұсталып, күтілетін орын. Қазақстанның әр түрлі аймақтарына бейімделген сиыр қораларының үлгілері бар. Қай үлгімен салынған сиыр қора болсын оларға ортақ талап ретіңде садыра қоймадан жоғары, су баспайтын дөңестеу, желден ық жерге салынып, ішіндегі жарық, жылулық, ауа кегі мен тазалығы секілді микроклимат көрсеткіштері зоогигиеналық талаптарды қамтамасыз етулері керек. Сиыр қорада малды ыңғайына қарай бос және байлап ұстайды. Осыған орай сиыр қора ішін бөлу, отгық пен суаттың түрі, азықтаңдыру мен суару, сиырды сауу қондырғылары мен олардың орналастырылуы, еденнің құрылысы жоспарланады.Қораның көлемі онда ұсталатын малдың саны мен жасына, жыныстық тобына байланысты. Қора еденінен сақа мал басына - 6-7, жас мал басына -- 4-5 текше м келетіндей есеппен салады. Сиыр байланатын орынның ұзындығы - 2 м, ені - 1,5 м, едені артына қарай еңістеу болады. Сиыр қора қолда бар, арзан құрылыс материалдарынан салады.
Жарықтандыруға, шуға, дірілге, жылыту, желдету жүйелеріне және сумен қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар:
1. Орындалатын жұмыстың сипатына қарай өндірістік және қосымша үй-жайлардағы табиғи және жасанды жарық көздерінің жарық беруі 60-150 люкс (бұдан әрі - лк) шамасында болуы керек.
2. Жұмыс атқарып жатқан жылыту-желдету жүйелерінің қондырғыларынан шыққан шу мен дірілдің деңгейін нормаланған шектен аспауы керек.
3. Жылыту және желдету жүйелерін жобалағанда қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің (бұдан әрі - ҚНжЕ) талаптарына сай жүргізілуі керек. Желдету жүйесінің агрегаттары оқшауланған үй-жайларды (желдету камералары, шахта) орналастырылуы керек. Қысқы мезгілде сыртқы ауаның температурасы -20 0 С төмен болатын аумақтарда, сыртқы қақпа мен ішке кіретін жерде кіреберіс немесе жылы ауа пердесі қарастырылуға тиіс.
4. Малдарды ұстауға арналған үй-жайларды жылыту жүйесін жобалағанда жаққан отынның өнімдері ауаны ластамайтындай болуы керек.
5. Қазандық өндірістік үй-жайлардың ық жағында орналасуы керек.
6. Желдету жүйесінің сорып-шығаратын конструкциясы ауаның тазалығын тексеруге сынама алатын жерде қолданыстағы нормативті құжаттардың талаптарына сай болып, ауаны ластамауы керек.
7.Орталықтандырылған жолмен ауыз сумен қамтамасыз ететін судың сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сай болуы керек.
8. Орталықтандырылған сумен қамту жолы қарастырылмағанда, су тасып әкелініп, қақпағы жабылатын сыйымдылықтарда сақталынуы керек. Тасып әкелінетін судың сапасы N 506 бұйрықтың талаптарына сай болуы керек.
9. Өндірістік мақсат үшін техникалық суды пайдаланады. Ауыз су мен өндірістік суларға арналған су құбыры бөлек болып, бірінен-бірі ажыратылатын бояулармен боялуы керек. Бұл екі жүйе бірімен-бірі қосылмауы керек. Шаруашылық-ауыз суға арналған су құбырлары тотығуға қарсы материалдардан істелініп, немесе тотығудан қорғайтын материалдармен жабылуы керек. Су жіберетін орындарда "ауыз су" және "техникалық су" деген жазулар болуы керек.
10. Малдарға арналған үй-жайлар су ішетін науамен, еденді жуу үшін су алатын шүмектермен жабдықталуы керек.
* Қораны жарықтандыру.
Жақсы жарықтандырылған қоралар аурулардан сақтандыру, сонымен бірге, малдың денсаулығын және өнімділігін сақтау факторлары болып табылады. Жарық табиғи және жасанды болып бөлінеді, ол жарық коэффициенттермен нормаланады (қалыптасады). Табиғи жарық коэффициенті деп әйнек көлемінің еден көлеміне қатынасын айтады. Жасанды жарықты анықтау үшін қорадағы барлық электр шамының қуатын есептеп, алынған шаманы қора көлемінe бөледі, Втм2. Малға және құстарға табиғи және жасанды жарықтың нормасы: 1:8-1:20 және 3,3-5 Втм2 шамасында.Ауаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қора жобалау (600 бас қой, Омск аймағы)
Қой қоралары
Ауа алмастыру жүйесін есептеу
Қой малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
Семей аймағы бойынша қой шаруашылығына арналған қора жобалап салу
Шошқалардың биологиялық ерекшеліктері
Көмірқышқыл газының мөлшерімен есептеу
Бұзауларға арналған қора
Үйрек балапандарын азықтандыру
Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар туралы
Пәндер