Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау әдістемесін теориялық зерттеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

МАЗМҰНЫ

I КІРІСПЕ 3

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .

  1. тарау «ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ -ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ» 6Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы,

қызметі. 6

  1. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары 10
  2. Оқыту жүйесіндегі бағалау механизімі 12
  3. Жаңартылған білім берудегі бастауыш сыныптарда критериалды бағалау

жүйесінің ерекшеліктері 19

  1. тарау «БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ » 22Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта бағалаудың тиімді әдістері 224-сынып «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының үлгілері 25
  2. ҚОРЫТЫНДЫ. 28
  3. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
  4. ҚОСЫМШАЛАР 30
I КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Тұңғыш Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Қазіргі қарқынды даму кезеңіндегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласындағы өз тәжірибемізде бағалаудың ерекше түрі болып саналатын қалыптастырушы бағалаудың техникаларын, әдіс-тәсілдерін, құралдарын сабақтарымда үнемі үздіксіз пайдаланып жүрмін. Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, оқушылардың дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, сабақ кезеңдерін белгілеуде қалыптастырушы бағалаудың әр сабақта қолданылатындығы ескерілуі тиіс. «Бағалау не үшін керек» деген сұраққа дәсүрлі оқыту жүйесінде «оқушылардың білімін тексеру үшін» деген жауап беріледі, өйткені мұнда бағалауды мұғалім тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырылады. Осы тұрғыдан мұғалімдер өз әрекеттерін сабақта оқушылардан берілген сұрақтарына ауызша жауап алумен немесе тест қабылдаумен шектейді. Алайда мұндай тексеріс көп жағдайда оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендігін, білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін анықтамайды. Бұған қоса, бұл жерде «бағалау» ұғымы «баға қою» ретінде қабылданады, ал мұндай түсінік бағалаудың мазмұны мен барлық ерекшеліктерін айқындамайды [1] .

Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Егер де біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз қажет. Көптеген дамыған елдердегі білім беру жүйесінде тың өзгерістер мен табыстылық мұғалімдер тәжірибесіне Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалауды ендіру және оны дамыту арқылы жүзеге асырылуда. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау жүйесін енгізудің мақсаты - бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесудің бір тармағы- жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету. Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды бағалаудың мақсаты - оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім өзі бағалайды. Ал формативті (бұдан әрі қалыптастырушы) немесе оқу үшін бағалау оқушылардың оқуын дамыту үшін пайдаланатын бағалау болып табылады. Ол негізінен есеп беріп, үлгерім рейтингін жүргізу үшін пайдаланылатын оқуды

бағалаудан мүлде ерекше. Осы орайда Теодор Сайзердің «Баға беру және есепке алу-керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе …»- дегеніндей, қалыптастырушы бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалім білім алушылардың іс-әрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс т. с. с. бере отырып, жүйелі түрде кері байланысты қамтамасыз етеді. Кері байланыстың әсерінен мұғалімдер оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді түрде қатысады. Ол үшін мұғалім оқушылардың оқу нәтижелерінің өзгеруіне байланысты оқыту және оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін, техникасын өзгертіп отыруы қажет. Ал бұл өз ретінде тәжірибеде мұғалімнің Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалаудың теориялық негіздерін және оны ұйымдастырудың алгоритмін меңгерген кезде ғана жүзеге асады. Және де мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылуы қажет. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін белсенді түрде бағалауға тартылулары және қатысулары керек. Талпынғандар ғана білім ала алады демекші, білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Өзін- өзі бағалаудың тиімділігі-ынталандыру, өз-өзіне сенімділігін арттыру, жасаған еңбегінің жемісін көрсетуге септігін тигізері анық [2] .

Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушыларды негізгі бағалаудың жаратылыстану сабағында қолданылатын критерийлерімен таныстыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
  • Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
  • Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
  • Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
  • Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
  • Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
  • Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
  • Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
  • Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т. б) .

Зерттеу жұмысының нысаны : Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау әдістемесін теориялық зерттеу.

Зерттеу жұмысының пәні: бастауыш сынып мұғалімінің бағалаудағы зерттеушілік қызметі.

Зерттеу ғылыми болжамы: егер бастауыш сыныпта оқыту барысында білім алушылардың оқу жетістігін бағалауда теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген әдістемемен қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтары, танымдық белсенділіктері артады, бастауыш білім беру сатысында алған білімдерінің сапасы көтеріледі және білімнің тәрбиелік маңыздылығы жоғарылайды.

Зерттеудің дереккөздері: Бұл жұмыста отандық білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасының мұғалімге арналған нұсқаулығы бойынша дереккөздер алынды.

тарау «Оқыту жүйесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың ғылыми -теориялық негізі»
  1. Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың

маңызы, қызметі

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындап отыр. Осы қажеттілікті шешудің бірден-бір жолы оқушы білімін Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау жүйесі бойынша сараптау. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау - оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т. б. ) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысананың артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатыр.

Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады [3] .

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Оқыту - мұғалімдердің

оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек.

Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым- қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау болып табылады. Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған. Білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді [4] .

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
  • Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
  • Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалаудың міндеттері:
  • Сабақтың әр бөліктеріндегі оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
  • Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата- ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге негізделген.

Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығы ояту, Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз:

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалаудың маңызы мұғалімдер үшін:

  • Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;
  • Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • табысқа жетелейтін бағалау критерилерін түсінуге;
  • өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
  • сыни ойлануына, еркін ойын айтуға, өзінің білімін көрсетуге жетелесе,
  • Ата - аналар үшін:
  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
  • оқуындағы табыстылықты бақылауға;
  • оқуына қолдау көрсету жолдарына бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы - білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты-оқытудың қиындықтарын анықтау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу, болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні - бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында, сабақтың ортасында, сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі. Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді емес әдістерін тиімді әрі жүйелі қолдану қажет.

Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы

кері байланысты қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау мұғалім қызметінің алгоритмі мен ол алгоритмді жүзеге асыру ресурстарының бірлігінен тұрады. Мұнда мақсатты белгілеудің мәрелік нүктесін анықтай отырып, әрі қарай жылжу төмендегідей болады:

  • мақсатты өлшенетін оқу нәтижелеріне аудару;
  • нәтижеге жету деңгейін анықтау;
  • бағалаудың мазмұнын және техникасын іріктеу;
  • оқудың сәйкес әдістерін таңдау және жүзеге асыру;
  • бағалауды жүргізу және оқу нәтижелерінің өлшенетін деңгейіне жеткенін анықтау.

Ресей ғалымдары (И. С. Фишман, Г. Б. Голуб) мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы алгоритмін мына тұрғыда ұсынады:

  • Жоспарланған оқу нәтижелерін анықтау.
  • Оқушының маңызды оқу нәтижелерін жоспарлау және оған жету әрекетін ұйымдастыру.
  • Оқушылардың жоспарланған оқу нәтижелеріне кері байланыс механизмі көмегімен жетуін жүргізу.

Сондай-ақ, қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету үдерісін қадағалап отыруына мүмкіндік береді және оқу үдерісіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алу жолында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі. Ол күнделікті тәжірибеде қолданылады, оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады. Мұғалім осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтап, оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді картина түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың адекватты тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына көмектеседі [5] .

Қалыптастырушы бағалауды сабақта қолдану мұғалім мен оқушы арасындағы сыртқы кері байланыстың ішкі кері байланысқа ауысуы болып табылады, ал бұл оқушыны білім берудің субьектісі деңгейіне көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша оқушы мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бақылау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырады. Мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқыту үшін бағалауды пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.

Жалпы оқыту және оқу үрдісінде қалыптастырушы бағалауды дұрыс түсініп, тиімді қолдана білген мұғалімнің кәсіби шеберлігінің артуына және бастама нүктесін дәл анықтап әрі қарай дамуына, жаңа идеяларға ұмтылуына серпіліс береді және білім сапасын арттыруға зор үлес қосады [6] .

Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары

ДББҰ оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеуде бағалаудың түрлі жүйелерін қолданудың халықаралық тәжірибесімен бірге Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке білім беру ұйымдарының: QSI, Хейлибери, «Мирас» халықаралық мектептерінің тәжірибесі де зерделенді.

Ресейдегі Халықаралық Бакалавриат мектебіндегі бағалау бойынша жұмыс тәжірибесі де зерделенді.

ДББҰ мамандары Халықаралық Бакалавриат мектептері қауымдастығының Самара қаласында өткен «Халықаралық Бакалавриат: 21-ғасырдың білім беру сапасы» конференциясына қатысты, онда Халықаралық Бакалавриат мектептеріндегі бастауыш (Primary Years Programme), негізгі (Middle Years Programme), жоғары (Diploma Programme) бағдарламаларындағы оқушылардың жетістіктерін Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау кезінде білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері зерделенді.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары мен шетелдік білім беру жүйелеріндегі бағалау түрлері, оқытудың жоспарланған жетістіктерін Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау ерекшеліктері және артықшылықтары туралы мәселелер University of Cambridge International Examinations (CIE) халықаралық сарапшыларымен кездесуде қарастырылды. Сонымен қатар Халықаралық бакалавриат бағдарламаларының өкілдерімен кеңестік кездесулер өткізілді, кездесу барысында A-level, Pre-U, IB халықаралық бағдарламаларында қолданылатын бағалау жүйесі, бағалаудың критериалды тәсілінің ерекшеліктері қарастырылды.

University of Cambridge International Examinations (CIE) сарапшыларымен жұмыс істеу біздің мамандарымыздың қалыптастырушы бағалау туралы және оны оқушылардың жеке дамуын қамтамасыз ету үшін пайдалануы, апробацияның 1-ші жылында Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау жүйесінің жиынтық бағалауын дайындауы туралы түсінігін кеңейтеді [7] .

Мұғалімдер үшін:

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау технологиясы бойынша оқу семинарлары ұйымдастырылды.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалауды енгізуде бірыңғай тәсілдерді талқылау және әзірлеу үшін дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылды.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау жүйесі (пәнді оқыту мақсаты және міндеттері, бағалаудың ортақ критерийлері, бағалаудың критериалды шкаласы, балдарды бағаға ауыстыру шкаласы) бойынша әдістемелік ұсыныстарды, қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу мақсатында пәндер бойынша педагогтардың топтары құрылды.

Оқушылар үшін:

Сабақта Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалауды қолданып мұғалімнің және өзін-өзі оқудағы жетістіктерін бағалау үшін жұмыс ұйымдастырылды.

Ата-аналар үшін:

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау жүйесін және оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында ата-аналар жиналысы, кеңестері өткізілді.

Мақсаты:

Оқушылардың оқу жетістігін объективті бағалау және әр оқушының жеке траекториясын анықтауда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу процесінде Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау жүйесін енгізу.

Негізгі міндеттер:

  • оқу процесінің әр кезеңінде әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;
  • оқушының жеке даму траекториясын түзету, алға ілгерілеушілігін бақылау және анықтау;
  • оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;
  • түрлі жұмыстарды орындағаны үшін бағалардың дифференцациялануының маңыздылығы;
  • оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалының сапалы меңгерілуін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы және ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау жүйесі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Бастауыш мектепте жиын және логика элементтері тақырыбын оқыту әдістемесінің ерекшелігі
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
12 жылдық мектепке 1 - сынып оқушыларын қабылдаудағы тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижесі
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық құзыреттілігін қалыптастырудың теориясылық негіздері
Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Критериалды бағалаудың құрылымы
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz