Қауымдық қорғау мәдениеті


Ақтөбе Жоғарғы ауылшаруашылық колледжі
«Автокөліктерді жөндеу» пәні бойынша курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық
Мамандықтың топтары үшін :
«1201000- Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
Курс - 4
Тобы - 241, 242
Семестр - 1
Арнайы пәндер ПЦК отырысында қаралды
Хаттама № «»2020 ж.
ПЦК төрайымыҚанбаева А. С
Колледж әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді
Хаттама № «»2020ж.
Тексерді:
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Балмагамбетова А. И.
Колледж әдіскері Турмаганбетова А. А.
Ақтөбе, 2020ж
КІРІСПЕ
Курстық жұмысты жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін көрсетуі қажет. Курстық жұмыстар оқытушының студенттерге жеке тапсырмасы нәтижесінде орындалады. Студентке сұрақты толық, терең қарастыру үшін, тақырып бойынша белгілі бір зерттеулер және есептеулер жүргізу үшін алдын ала беріледі, сабақ басталғаннан кейін бірінші айда.
Студент курстық жұмысты өздігінен орындау кезінде теориялық және практикалық білімін қолдана білу керек. Сонымен бірге программалаудың жұмыс дағдысын меңгеру.
Курстық жұмыс «Автокөліктерді жөндеу» пәні бойынша тереңдету мақсатында теориялық және практикалық білімді тәжірибемен ұштастыру. Курстық жұмыс тақырыптарын ашу үшін зерттеу нәтижесінде болған нәтижелерге көңіл бөлу керек.
Курстық жұмыс мамандық бойынша нақты сұрақтарды шешу, пән бойынша алған білімдерін қолдану, сол сияқты білім алушыға жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұсынылады.
Тақырыппен жұмыс мынандай бөлімдерден тұрады:
а) мақсатты анықтау және қалыптастыру;
б) курстық жұмыс жоспарын құрастыру;
в) зерттеудің дұрыс жүруін және әдістемесін оқу;
г) зерттеу нәтижесінде алынған қорытындыларды, қолданылған әдебиеттерді жалпылау;
д. ) курстық жұмысты дайындау.
Курстық жұмысты жазуда келесі мақсаттар көзделеді:
- мамандық бойынша теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;
- жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зертеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру курстық жұмысты қарастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйрену;
Курстық жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:
- титулдық бет
- мазмұны
- кіріспе
- негізгі бөлім
- қорытынды
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕ БӨЛІМДЕРІНІҢ ЖАЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАЗМҰНЫ - тақырып бойынша курстық жұмыстың бөлімдері беттерімен беріледі.
КІРІСПЕ. Жалпы тақырып бойынша міндеттерді анықтау олардың маңызы мен алатын ролін және тақырыптың ерекшелігін ашу.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдебиеттерге шолу. Бұл бөлімде автордың атымен қолданылған әдебиеттерге нұсқама жасайды. Курстық жұмыс тақырыбы бойынша практикалық және технологиялық үрдістерге көңіл бөлініп сипаттама беріледі. Сонымен бірге жұмыс мазмұны бойынша берілген тапсырмалар деңгейінде осыған дейін істелген зерттеу жұмыстарына шолу жасалынады.
Өз зерттеулері. Негізгі бөлімге кіретіндер: мақсаты, зертеу объектісі мен әдістемесі. Берілген жұмыстағы зерттеудің мақсатын айқындау, зерттеу объектісі туралы толық мәліметтер беру, программалаудағы қолданылған әдістерді сипаттау, программалау ортанын қолданғаны туралы мәлімет.
Зертеу нәтижелері және қорытынды: Студенттің өз зерттеулеріне берілген тақырып бойынша жүргізілген зерттеулерге (программалауда) қорытынды жасау керек. Қорытындыларға талдау: алынған мәліметерді терең талдау және қазіргі кезде жүргізіліп жатқан зерттеулермен салыстыру.
ҚОРЫТЫНДЫ. Бұл бөлімде студенттің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып беріледі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ең бірінші заңдар, нормативтік актілер, үкімет орындарының үкімдері келтіріледі. Содан кейін алфавитті ретпен (автор тегі) әдебиеттер келесі формада жасалынады: тегі аты жөні; жұмыс аты; шыққан жері, шыққан жылы.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ
Суреттер мен қосымшалар (егер болса) курстық жұмыстың аяғында кетіріледі. Олар нөмірленеді, міндетті түрде сурет немесе кесте аты және беті қойылады.
Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Курстық жұмыс таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс. Жұмыс көлемі - «А4» форматындағы қағазда 20-25 парақ түсіндірме хат, компьютерде - парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегель - 14, шрифт-Times New Roman немесе Times New Roman KZ. Курстық жұмысты келесі өлшемдерді (параметрлерді) пайдаланып орындайды: сол шеті-30 мм, оң шеті - 10 мм, үстінен - 20 мм, астынан - 20 мм. Курстық жұмыстың парақтары араб цифрларымен нүктесіз номерленеді, номер парақтың астыңғы ортасында қойылады. Беттер барлық қосымшаларымен (кестелер, диаграммалар, сызбалар т. б) бірге бірыңғай номерленуі тиіс.
Сыртқы парағы белгілі бір талаптарға сәйкес жасалынады (қосымша А) орындаушы жазылады. Сыртқы парақтан кейін аңдатпа парағы қойылады. Мәтінде кесте келтірілгенде кесте нөмірленеді. Сонымен бірге кесте аты жазылады. Курстық жұмыс суретке сипаттама берілсе жақша ішіне сурет нөмірі, аты көрсетіледі.
Курстық жұмыс көлемі 20-35 бет. Жұмыс аяғында қолданылған әдебиеттер беріледі. Өз еркімен жасалынып белгілі бір талап бойынша жазылмаса жұмыс қабылданбайды.
Мәтінде түзету болмауы керек. Орындалған курстық жұмыс топтың және комиссия мүшелерінің алдында қорғалады. Жұмыс талқыланғаннан кейін сапасы тексеріліп бағаланады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРҒАУ БАРЫСЫНА ҚОЙЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Программаның интерфейсінің мәдениеті.
4 Сөз мәдениеті.
5 Қауымдық қорғау мәдениеті.
6 Курстық жұмысты қорғауда көрінетін білімділік.
7 Регламент немесе шектеу уақытың сақтау.
8 Автордың жеке үлесі.
Курстық жұмысты қорғау
Курстық жұмысты қорғаудың мақсаты - студенттің таңдалған тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, тәжірибелік тапсырмаларды орындауда теориялық білімді қолдана алу және нақты пікір жасау болып табылады.
Курстық жұмысты қорғау соңында, жұмыс нәтижесі бес балдық жүйемен бағаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz