Логопедиялық жұмыстар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы коммерциялық емес акционерлік университеті
Гуманитарлық факультеті
Психология кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі .
Орындаған : ПИП-707
Малаева А. Б
Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі .
Жоспар:
- Логопедия ғылымы.
- Логопедияның принциптері және әдістері.
- Логопедиялық жұмыстар.
- Еліміздегі логопедиялық көмек көрсету жүйесі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Логепедия-тіл кемістіктерді анықтау, оларды алдын алу және сөйлеу тілі бұзылған балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қамтитын ғылым. «Логопедия» ұғымы грек тілінің түбірлерінен: логос-сөз, пайдео тәрбиелеймін, оқытамын сөздерінен құрылған. Аудармасы «дұрыс сөйлеуді үйретуді» білдіреді. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі.
Сөйлеу тілі бұзылуының түрлері және оған көрсететін көмек жайында баршамызга ежелден белгілі. Сөйлеу тілінің бұзылуы жөнінде алғашқы мәліметтерді ежелгі Греция, Үндістан ескерткіштерінен (папирустер, аюрветтер) кездестіруге болады. Мысалы, Ресейде логопедия жеке педагогикалық ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ. Алғашқыда (17ғ. ) логопедия сурдопедагогика құрамында болған. 19 ғасырдан бастап логопедия жеке дара ғылым боп бөлінген, бірақ ол медициналық бағытта болды. Тек 20 -ші ғасырдың 30-ші жылдарында Дефектология Ғылыми Зерттеу Институтының құрылуына байланысты логопедия педагогикалық ғылым болып танылды.
Казіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектер мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады. Логопедия пәні сөйлеу тілінің бұзылуы және сөйлеу тіл кемістігі бар тұлғаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісі болып табылады. Логопедиялық ықпалдың негізгі бағыты сөйлеу тілін дамыту, түзету және алдын алу болып табылады.
Логопедияның принциптері және әдістері
Логопедияның негізгі принциптеріне: жүйелік, кешендік, жанжақтылық, онтогенетикалық, сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы мен механизмін ескеру (этиопатогенетикалық принцип), бұзылыстың симтоматикасын, сөйлеу тілі ақаулығының құрылымын ескеру принципы, дамытушылық, т. б. жатады. Логопедияда жалпы педагогиканың принциптері мен тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Логопедия әдістерін бірнеше топқа бөлуге болады:
1 топ - ұйымдастыру әдістер: салыстыру, лонгитюдиналды (даму барысында зерттеу), кешенді.
2 топ -эмпирикалық әдістер: обсервациялық (бақылау), экспериментальді (зертханалық, табиғи, қалыптастырушы, психологиялық -педагогикалық), психологиялық -диагностикалық (тестер, анкеталар, сұқбаттасу), биографиялық (анамнез бойынша мәліметтер жинау және оларға анализ жасау) .
3 топ - жинаған мәліметтерді ЭЕМ қолдану арқылы сапалық және сандық (математика -статистикалық) талдау.
4 топ- интерпретациялық әдістер, зерттеу құбылыстары арасындағы байланысты теория жүзінде зерттеу тәсілдері (тұтас пен бөлшектердің, жалпы құбылыс пен жеке параметрлердің, тұлға мен функциялар арасындағы байланыс) .
Зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар кеңінен қолданылады: интонографтар, спектографтар, назометрлер, бейнесөз, фонографтар, спирометрлер және басқа да құралдар, сонымен қатар біртұтас сөйлеу әрекетінің және оның бөлшектерінің динамикасын зерттеуге мүмкіндік беретін рентгенокиносуреттер, глоттография, кинематография, электромиография. Логопедиялық жұмыс үрдісінде сенсорлы функцияларын дамыту; моторикасын, әсіресе сөйлеу моторикасын дамыту; танымдық процестерін, алдымен ес, зейін, ойлау процестерін дамыту; бала тұлғасын, әлеуметтік қатынасын реттеу және түзетуімен қатар қалыптастыру; әлеуметтік ортаға ықпал ету ескеріледі (қамтылады) . Логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі бағдарламалар тіл дамыту жұмыстарының мынадай міндеттерін ұсынады -құрылымдық- тілдің барлық құрылымдық компоненттерін фонетика, лексика, грамматиканы қалыптастыру; -функционалдық- қарым-қатынасқа түсу формаларын игерту; -когнитивтік- тіл мен сөйлеудің бірлігін түсіндіру, сөйлеудегі себеп-салдарды анықтау. Логопедиялық түзету жұмыстары негізгі төрт кезеңнен тұрады:
1. Дайындық кезең
2. Дыбысты қою кезеңі
3. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі
4. Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі.
Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектептерде сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүзгізілетін жұмыстарды ұйымдастыруда педагогикалық жұмыстар мына балалармен жүргізіледі. 2 -3 деңгейдегі бұзылуы анықталған балалар: 1 бөлім - жалпы сөйлеудің күрделі кемшілігі. 10 жыл ішінде 9 -жылдық білім меңгереді 2 -бөлім - күрделі түрдегі тұтығу белгіленген балалар. Логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Логопедиялық пунктке ауызша және жазбаша сөйлеудің әртүрлі бұзылыстары бар (жалпы сөйлеу дамымауы, фонетико-фонематикалық дамымауы, жазу мен оқудың бұзылуы, кекештену, сөйлеу жақтары (дислалия, дизартрия, ринолалия) ) балалар қабылданады.
- Логопедтік пунктке қабылдау үшін сөйлеу кемістігі бар балаларды анықтау 1-15 қыркүйек және 15-30 мамыр аралығында жүргізіледі. Мамыр айында бірінші сыныпқа түсетін балаларды тексеру жүзеге асырылады. Тіл кемістігі бар анықталған балаларды түзету арқылы оқыту маусым айында ұйымдастырылуы мүмкін.
- Логопедиялық жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысаны топтық (кіші топтық) сабақтар болып табылады. Топтарға сөйлеу қабілеті бұзылған және бір жастағы балалар іріктеледі. Әртүрлі жастағы балаларды топтастыруға жол беріледі:
* тілдің жалпы дамымауы (ТЖД) - 3-5 адам;
* тілдің жалпы дамымауымен келісілген оқу және жазу бұзушылықтары 4 - 6 адам;
* фонетикалық-фонематикалық дамымауы бар (ФФД) 3-5 адам;
* ФФД негізделген оқу және жазу бұзушылықтары - 4-6 адам;
* кекештенуі бар 3 - 4 адам;
* дыбыс шығару кемшіліктерімен 5-6 адам.
Жеке сабақтар сөйлеу бұзылыстары бар балалармен (ринолалия, дизартрия, 1-2 деңгейдегі ТЖД) жүргізіледі.
- Әр топпен сабақтар аптасына 2-3 рет өткізіледі. Топтық сабақтардың ұзақтығы 35 - 40 мин; қосымша топтар - 25 - 30 мин; жеке сабақтар 20 - 25 мин.
- Түзету оқытудың ұзақтығы сөйлеу бұзылысының айқын көрінуіне және оның құрылымына байланысты. ФФД бар және осы бұзылуларға байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар балалар жарты жылдан 1 жылға дейін логопедтік көмек алады. ТЖД және оқу мен жазу бұзылыстары бар балалар логопедиялық пунктте бұзылу дәрежесіне байланысты 2-ден 2, 5 жылға дейін балалар айналысады.
- Логопедтік пункттегі сабақтар сабақтан бос уақытта өткізіледі.
- Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды шығару оқу жылы бойы олардың сөйлеу дамуының кемшіліктерін жоюға қарай жүзеге асырылады.
- Қажет болған жағдайда психофизикалық жай-күйін нақтылау үшін балалар ата-анасының келісімімен логопед дәрігер-мамандарға (невропатологқа, психиатрға, отоларингологқа және т. б. ) немесе ПМПК-ға консультация беру үшін жібере алады.
- Логопедтік пунктте балалардың сабаққа қатысуы үшін жауапкершілік логопед-мұғалімдерге, мектеп педагогтары мен ата-аналарға жүктеледі.
Логопедтік пункт үшін санитарлық-гигиеналық нормаларға жауап беретін бөлме бөлінеді. Логопедиялық пункт арнайы жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
1961 жылы республиканың Министрлік Кеңесі логопедиялық пунктгерді ашуды ұйымдастыру туралы жарлық кабылданды. 1961 жылы Қазақстандағы көмекші мектептерде шағын оку курстары жүргізілді. Логопедиялық мекемелер:
- Мектепке дейінгі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған
білім беру мекемелері.
- Мектепке дейінгі көруі, естуі, зияты, тірек-қимылы бұзылған балаларға
арналған білім беру мекемелері.
- Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі
мекемелердегі арнайы топтар.
- Оңалту орталықтары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz