Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қалыптастыруда қоғамды жұмылдыру қағидаты
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Сыбайлас ЖҚМН пәнінен
БӨЖ
Тақырыбы:Саяси партиялар және БАҚ-ң Сыбайлас ЖҚМ қалыптастыру құралы ретінде; ҚР Нұр Отан партиясы және оның сыбайлас жемқорлықтағы рөлі.
Орындаған: ЖБИ-012 тобының
студенті Сапарбек Қазбек
Қабылдаған:Айжамал Жадигерова
Түркістан - 2020
Жоспар:
1.Кіріспе:Партия туралы ақпарат.
2.Негізгі бөлім:1-Бағдарламаның мақсат-міндеттері;2-Қағидалары
3.Қорытынды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралары мен нәтижелері.
ҚР Нұр Отан партиясы және оның сыбайлас жемқорлықтағы рөлі.
Нұр Отан партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған болатын.БАҚ-е келсек ҚазАқпарат аталып өткен бағдарламаның толық мәтінін таратады. Нұр Отан партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы.
Кіріспе: Бағдарламалық құжаттар - Қазақстан-2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты және Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауларында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік, еркіндік пен демократияға негізделген мемлекет пен қоғам құрылысының маңызды тарихи кезеңінің табысты аяқталғанын атап өтіп, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі одан әрі дамуының стратегиялық бағытын айқындап берді. Қазақстан-2050 Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Елбасы айтып өткендей: Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады. Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы - Тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді. Партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Нұр Отанның XV съезіндегі саяси көшбасшылықтың түбегейлі мәселесі - біздің сыбайлас жемқорлықпен ымыраға келмейтін стратегиямыз деген тұжырымы қоғамның қазіргі үмітіне толық сай келіп отыр. Нұр Отан партиясы елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, қоғам мен мемлекеттің күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымыраға көнбейтін іс-қимылға, оның пайда болу себептерін жоюға жұмылдырады. Партияның саяси Доктринасында бекітілген - Адам, Бостандық, Заңның үстемдігі, Әділеттілік, Ынтымақшылдық, Болашаққа ұмтылыс, Отбасы мен дәстүр сынды әмбебап құндылықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізін құрайды. Бағдарлама қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-қуатын жұмылдыруға бағытталған саяси құжат болып табылады. Партия Бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегиясының идеологиялық негізін қалайды. Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық инфрақұрылымын құрудың, тұлғаларды лауазымына қарамастан жауапқа тартудың, жемқорлыққа қатысты түйткілді мәселелерді ашық талқылаудың негізгі міндеттері өз шешімін тапты. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ре спубликалық қоғамдық кеңес аясында оның өңірлердегі филиалдарының арқасында барлық деңгейдегі депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың қатысуымен жемқорлық дерті дендеген салалардың қоғамдық бақылаумен қамтылу өрісі айтарлықтай кеңейе түсті. Азаматтардың сеніміне ие болған Қоғамдық қабылдаулар кері байланыстың тиімді жолына және тұрғындардың құқықтарын қорғаудың пәрменді құралына айналды. Партия тапсырысымен жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар бойынша жағымды өзгеріс байқалады. Мысалы, соңғы 4 жылда сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігіне оң баға беретін қазақстандықтардың саны екі есеге жуық өсті (2011 жылы - 24%, 2014 - 45%). Алайда, қабылданған шараларға қарамастан елдегі жемқорлық деңгейінің жоғарылығы күрделі мәселе күйінде қалып отыр. 2014-2015 жылдарға арналған Бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық Индексінің мәліметіне сәйкес Қазақстанда бизнес жүргізудегі бірінші кезектегі проблема сыбайлас жемқорлық болып табылады (16,7 балл), бейресми төлемдер мен парақорлықтың жайылғандығы жағынан да ахуал нашарлады (2014 жылы - 144 елдің ішінде 80-орында, 2013 жылы - 65-орында). Transparensy International көрсеткіші бойынша сыбайлас жемқорлықты түйсіну жағынан Қазақстан 2013 жылы 177 елдің арасынан 140-орын алды (2012 жылы - 133). Әлеуметтік сауалнамалардың дерегіне сүйенсек, сұралғандардың 42%-ы сыбайлас жемқорлық кеңінен тараған деп есептейді, ал 33%-ы онымен тікелей ұшырасқан. Сауал салынғандардың үштен бірі үшін лауазымды тұлғаның сондай жағдай туғызуы пара берудегі негізгі себеп болған. Қазақстан-2050 Стратегиясындағы ауқымды міндеттерді және Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатын жүзеге асыру жағдайында елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігінің сапасын арттыру қажет. Осыған орай, мемлекеттің ғана емес, қоғамның тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты жүйелі және ұзақ мерзімге арналған шаралар қажет. Бұл мақсатты іске асыру үшін партияның 2015-2025 жылдарға арналған Бағдарламасы әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері: Бағдарламаның мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту. Аталған мақсатқа жету келесі мәселелердің шешілуін талап етеді: - жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру; - сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайту; - мемлекеттік органдар қызметі, квазимемлекеттік сектор мен монополия субъектілеріне партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту; - жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттілігін кеңейту; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру.
Бағдарлама қағидалары:Партияның саяси Доктринасында Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршаның және әр адамның міндеті. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекеттілігіміз бен демократиямызды жегідей жейді. Сондықтан да, біз сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің және қоғамда оның кез келген көрінісіне ымырасыздық ахуалын қалыптастырудың жүйелік жағдайын жасаймыз деп белгіленген. Осыған байланысты, бағдарлама бес іргелі қағидатқа негізделіп құрылған: Жүйелілік қағидаты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек жекелеген деректерді анықтауға саймауы тиіс. Жекелеген сыбайлас жемқорларды қудалау, соның ішінде атышулы істер арқылы олардың ізіне түсу тұрақты нәтижелер бере алмайды. Ендігі жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет пен тәлім қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды күшейтуге және аталған құбылысты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға басты екпін түсетін болады. Баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі қағидаты. Ел Конституциясы баршаның заң мен сот алдындағы теңдігіне кепілдік береді. Бұл заңға баршаның теңдей бағынуынан және оны бұзғаны үшін жауапкершілікті теңдей көтеруінен көрінуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық үшін жазалау әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық дәрежесіне қарамастан бұлтартпай орындалуы тиіс. Заңды бұлжытпай орындау биліктің барлық деңгейлеріндегі жемқорлықты болғызбаудың кепілі болып табылады. Айқындық, ашықтық және мемлекеттің қоғамға есептілік қағидаты. Констит уция мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға беретін халық деп бекітеді. Әр азамат заң бойынша тыйым салынбаған кез келген жолдар арқылы еркін ақпарат алуға қақылы, ал мемлекеттік органдар оған еркін қолжетімділікті қамтамасыз етіп, ондай ақпараттарды беруге міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің нәтижелілігі мемлекеттің азаматтардың заңды мүддесіне қызмет етуге бағдарлана білуімен тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару органдарының жұмысы қоғамға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс. Мемлекет пен қоғамның серіктестігі қағидаты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қоғамның белсене қатысуынсыз, жемқорлыққа қарсы жаппай қозғалыссыз нәтижелі түрде жүзеге аса алмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимыл жауапкершілігі мемлекетке ғана емес, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz