Құқықтық мәдениет - қоғамның құқықтық санасынын айнасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Құқықтық мәдениет - өз құқықтарын білу ғана емес, өзін - өзі бақылау, жауапкершілік. Кімнің алдындағы жауапкершілік? Жауапкершіліктің ең жоғарғы деңгейі - өзіңнің алдыңдағы жауапкершілік. Бұл ұжданның дауысы.
Құқық бұл - мемлекет орнататын қажетті нормалармен ережелер. Егер мұндай ережелер болмағанда, қоғам өте көп бір - бірімен кектесіп жүретін топтарға бөлініп, өмірге деген қауіпсіздік қамтамасыз болмайтын еді. Бұл ережелер бүгін жасалынған жоқ, олар әр тарихи уақытта әртүрлі болған.
Жеке адам бойында құқықтық сананың қалыптасуы және оған әлеуметтік ортаның әсерін зерттеудің өзектілігі оларды қылмыс, құқық нормалары туралы әлеуметтік көзқарастарының жүйесі ретінде жаңаша қарастыру, қылмыстың алғы түрткісін танып, оның алдын - алу жұмыстарының мемлекеттік дәрежедегі маңыздылығымен сипатталады.
Тақырыптың өзектілігі. Құқық туралы көзқарастың әлеуметтік мәні мен құрылымы туралы айтатын болсақ, құқықтық сананы көбінесе адамдардың құқыққа деген қатынасы және ол туралы білім ретінде зерттейді. Осыған орай құқық нормасына деген қатынас деп қарастырылуда. Бірақ осындай объектілерді заң және құқықтық сананы бір - біріне теңестіруге болады ма деген сұрақ туындайды. Олардың құрылымы соншама бірдей ме, яғни олардың мазмұнын теңестіргенде бірі, екіншісі құқықтық мәдениет санасы туралы шешім оның толықтығы және зиянын қарайды.
Соңғы жылдары кеңестік кезеңде қалыптасқан ерекше ментальділіктің әсері туралы жиі айтылуда. Ол құқықтың құндылықтарын дұрыс бағаламауға (құқықтық негативизм), немесе заң талаптарына жеңіл, жауапкершіліксіз қарауға (құқықтық инфантилизм), құқық нормаларын белсенді түрде қабылдамауға (құқықтық нигилизм) әкелді.
Курстық жұмыстың мақсаты - құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмнің маңызын анықтап толық мәлімет беру. Құқықтық мәдениет құрылымымен толыққанды танысып, талдау жасау. Сонымен қатар, құқықтық
мәдениеттің субъектілеріне қарай бөлінуін қарастырып, құқықтық нигилизмнің мазмұнын ашу.
Курстық жұмыстың міндеттері - жалпы мәдениет түсінігіне тоқталып, құқықтық мәдениеттің түрлері туралы толық мәлімет беру.
Курстық жұмыстың құрылымы - курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. МӘДЕНИЕТ ҰҒЫМЫ
1.1 Құқықтық мәдениеттің мазмұны
Заң психологиясының аясында құқықтық сананы таным процессінің қорытындысы, шешімі ретінде және оған сай құрылым ретінде қарастырады.
Құқық психологиясы - адамның құқықтық мағынаға ие құбылыстарды өз психикасында қалай бейнелендіретінін және психологиялық механизмдер мен құқықтық сананың қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін заң психологиясының бөлімі.
Құқықтық сананы түсіндіруде күнделікті құқықтық санаға қосатын бірнеше қасиеттермен байланыстырады: мысалы - қоғамдық сана, көпшілік сана, әлеуметтік көзқарас. Бірақ бұлардың бәрімен тек бір ғана құқықтық сананы түсіндіреді. Құқықтық сана - қылмыс туралы әлеуметтік көзқарас, басқа сөзбен айтқанда қоғамдық немесе жеке даралық сана сферасы, яғни ол өзіне құқық туралы білім, құқыққа деген қатынас және құқықты қолданатын іс - әрекеттерді кіргізеді. Құқықтық мәдениет - құқықтық нормалары жоқ және әрекеттеуші құқық туралы көзқарастар жиынтығы ретінде қарастырады.
Қазіргі кезде құқықтық сананы зерттеу құқықтық сана қылмыс деңгейін бағалау, қылмыс алдындағы қорқыныш, қылмысқа, қылмыскерге байланысты әлеуметтік нұсқау, жазалау ретінде жүзеге асырылуда. Жеке даралық құқықтық мәдениет тәрбие, білім, әдет, сол ортаның адамгершілік климаты, яғни адамның қоршаған ортасының әсерімен қалыптасады. Заң мен құқықтық сананың мазмұнын салыстыру үшін және олардың сәйкес деңгейін анықтау үшін олардың құрылымдарының сәйкестілігін білуі керек, бұған қарсы жағдайда олар бір - біріне байланыспайды. Зерттеу мақсатына байланысты бұл мақала күнделікті құқықтық мәдениет құрылымын талдайды. Құқықтық сананың компонентттері туралы айтатын болсақ, құқықтық мәдениет үш немесе төрт компоненттерді өзінен бөліп шығарады. Біріншіден, оның құрылымы аттитюд құрылымына ұқсас, ол өзіне когнитивті (білім, елестету), бағалау ( баға және эмоционалды қатар жүру), және еріктік (түрткі және мақсат, бір жағынан дағды, басқа мен әрекет тәсілдері) компоненттерін өзіне қосады. Төрт компоненті құрылымды қолданатын жағдайда бағалау компоненті екіге бөлінеді: жеке бағалаулығы (бұл құқықтық нормаларға және құбылыстарға адамдардың баға беруі) және энергетикалық ( бұлда құқықтық мінез-қылықта эмоцияның қатар жүруі) жатады.
Құқықтық сананың мағынасын білу жағдайында, мынадай терминдер қоғамдық сана және көпшілік сана қолданылудан шыққан. Бұнда кейбір объективті шынайылықты адамның бейнелеуінің маңыздылығын, соның ішінде әлеуметтік экономика, саяси, құқықтық және т.б. акцент өте жиі жасалады. Әлеуметтік көзқарас жағдайында адамның білімін және көзқарасының келісім мінезін атап көрсетіп, яғни бұнда адамдар арасындағы коммуникативті процесс, жеке тұлғалық ретінде.
Құқықтық мәдениет субъектісі қасиетінде бөлек адам ретінде, сонымен әлеуметтік топ ретінде қарастырылады. Қоғамдық сана ретінде құқықтық сананы зерттеу, бұнда екі мүмкіншіліктер назарға алынады, яғни мұнда мынадай жағдайлар атап өтіледі. Құқықтық сана - бөлек адамдардың жетістігі болып саналады. Ол әлеуметтік топқа қосылуы, яғни бұнда кіші немесе үлкен топтың оған мазмұнды әсер етуі.
Құқықтық сананың субъектісі - көпшілік сананың аспектісі ретінде немесе әлеуметтік көзқарасының жиынтығы ретінде, бұнда үлкен әлеуметтік топ, ұлт немесе нәсіл ерекшеліктерінің негізінде бөлініп шығуы, бұл жасы, жынысы, азаматтылығы, іс-әрекеті, тегі және т.б. қарастырылады.
Көпшілік сана терминін пайдалансақ, оның әртүрлі компоненттерге, формаға бөлінбеген, сонымен бірге оның қайшылығы және әртүрлі элементтердің өзара келіспеушіліктері жиі еске алынып отырады.
Құқықтық сананың тұрақтылығы: құқықтық мәдениет өзінің өзгеруінің қозғалысының деңгейімен ажыратыла алады. Жеке түрде қарағанда қоғамдық сана терминінің көбінесе тұрақты және жай өзгеруші білім ретінде қолданады, ал көпшілік сана түрінде - мобильді және тез, оңай құқықтық сананың компоненті деп түсінеді.
Құқықтық сананың пайда болуына үлкен үлес қосқан - қарым - қатынас. Ол қандай да болмасын, яғни өзара жеке қарым - қатынас, сонымен бірге көпшілік ақпарат құралы деңгейінде жүзеге асады. Құқықтық сананы бөлек -бөлек элементтердің қосылысы деп түсінуге болмайды, оны тұтас бір жүйе ретінде қарастырып, одан орталық және перифериялық элементтерді бөліп шығаруға болады.
Құқықтық мәдениет - қоғамның құқықтық тәртіп жайлы білімі. Бірақ бұл жайлы хабардар болу жеткілікті емес, себебі қылмыскер не істеуге болатынын, я болмайтынын біледі. Білімдер интериоризацияланбай жүріс - тұрысты анықтамайды және өмірдің тұлғалық регуляторларына айналмайды. Осының нәтижесінде адам еш қиындықсыз заңмен сәйкес өзін ұстайды, бұл оның бәрін жатқа білуімен байланысты емес, ал шын мәнісінде оның басқаша істей алмайтынында. Құқықтарды адамдар қалыптастырады. Eгер бұл жерде адам емес компьютер болғанда, ол әрдайым дұрыс шешім шығаратын еді.
Танымдық - құқықтық түсініктердің, білімдердің соммасы - құқықтық нормаларға эмоционалды баға мен қарым-қатынастың жағымды, жағымсыз, бейтарап болуы мүмкін. Мұның барлығы құқықтық жүріс - тұрыстың бағдарын туындатады, заңды орындауға әдеттену, заң бұзушыларға жағымсыз қарым -қатынасты туындатады.
Сонымен, құқықтық мәдениет - бұл мендегі жеке нәрсе емес. Ол индивидуалды құқықтық сананың құрылымы. Ең азы дегенде 3 элементтен тұрады:
- құқықтық хабардар болу (компетентттілік);
- құқыққа позитивті психологиялық қарым-қатынас, оған келісу;
- құқықтық тәжірибенің интериоризациясы.
Құқықтық сананың қалыптастыруда негізгі механизмдер - еліктеу, жұғу, идентификация, сендіру.
Еліктеу - адамдардың біріне - бірі әсер ету, мұның нәтижесінде бейсаналық түрде тұлғалық жақтар көшіріледі. Еліктеу ерте балалық шақта, яғни баланың тұлғалық жақтары қалыптаспаған кезде жүреді, ал конформды адамдарда бұл өмір бойы жүреді.
Жұғу бұл - бейсаналық түрде басқа адамның психологиялық күйін қабылдау, нәтижесінде басқа адамның ойлары, сезімдері өндіріледі. Мұндай психологиялық тоғысу өте көп жылдар бойы қарым - қатынас нәтижесінде пайда болады. Балалар үшін идентификацияның фигуралары болып ата-аналары болып табылады. Егер қарым - қатынас жақсы болған жағдайда тек жүріс - тұрыстың сыртқы көріністері ғана емес, өмірге деген құқықтық түсініктері де қалыптастырылады. Ал егер ата - ана мен бала арасында қарым -қатынас жаман болған жағдайда, тек адамдардың өздері ғана емес олардың құқықтық құндылықтары да кері қайтарылады. Адам өзі өмір сүретін және ләзаттанатын ортаның нормалары мен құндылықтарын қабылдайды. Ал қабылдаған нәрселерін қорғауға және сақтауға тырысады. Ал құндылық дегеніміз - бұл барлық нәрсеге берілтін мән - мағына. Құндылықтың ориентациясы тұлғаның бағдарын анықтайды. Бұл бағдарлануды гедонизм көзқарасынан анықтаса болады.
Сонымен, құқықтық мәдениет - бұл сананың ғана емес, психикадағы бейсаналықтың да жұмысы. Құқықтық құндылықтардың саналанбаған еліктеуден негіз алып, түсіну және саналау деңгейіне дейін жетеді. Әлемнің индивидуалды бейнесі балалық шақта пайда болып, уақыт өте келе байып, нақтыланып, интериоризацияланып, реттелінеді, және мұның бәрі автоматты түрде бейсаналық деңгейде өтеді.

1.2 Құқықтық мәдениет - қоғамның құқықтық санасынын айнасы
Құқық - бұл мемлекет бекітетін көптеген міндетті нормалар мен ережелердің жиынтығы. Егер осындай ережелер болмаса, қоғам көптеген жауласушы топтарға бөлініп, өмірдің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген болмас еді. Бұл ережелер бүгін ғана жасалып отырған жоқ, олар қоғамның өмір сүруі барысында өңделіп, адамның психологиясы мен қоғамның өмір әрекетінде өз бейнесін тапты, тарихтың түрлі кезендерінде әртүрлі болды. Жалпы адамзаттық адамгершілік пен өнегелілікті бейнелей отырып, құқықтың ережелері заңдарда ғана емес, салттарда, дінде, өнерде, әдебиетте, халық даналығында бекіді.
Құқықтық психология - адам өз психикасы арқылы құқықтық мәндегі құбылыстарды қалайша бейнелейтінін, зерттейтін заң психологиясының бөлімін, яғни құқықтық сананың қалыптасуының заңдылықтары мен психологиялық механизмдерін зерттейді.
Құқықтық сана - бұл қоғамның құқықтық тәртібі туралы пайымдаулар мен білімдер. Бірақ, хабардар болудың тек өзі ғана жеткіліксіз. Қылмыскер де ненің рұқсат, ненің рұқсат етілмеген екенін біледі. Білімдер олар интериорияланбай (интериориялану - сыртқының ішкі тұрпатқа өтуі), өмірдің жекелік реттеуіштеріне айналмай және өздігінен өзектіленбейінше мінез -құлықты анықтай алмайды.
Нәтижесінде, адам еш күштенбей - ақ, өзін мораль мен заңға сәйкес ұстайды және бәрін жаттап алғандығынан емес, басқаша жасай алмайтындығынан, елестете алмайтындығынан, бейім еместігінен осылай болады. Құқық пен мораль бойына толықтай сіңіп, оның болмысында өмір сүреді. Бұл сатыда үрдіс алысқа - қажеттіліктік-ынталылық (мотивациялық) салаға жетті, ал адам ортаның эталондары мен мәдениетін игеріп алды.
Заңның ауқымды шеңберінде адам өзін ерікті және қорғалған іспетті сезінуі керек, көптеген нәрселер азаматтың бастамасы бойынша туындауы тиіс.
Рұқсат бойынша өмір - бұл құлдар мен мырзалардан тұратын қоғамда болған сана - сезімнің қалдығы. Бұндай ойлар қоғам үшін зиянды, себебі адамдардың бастамашылдығын, жаңаны іздеуді, алға жылжуды басып, тұншықтырып тастайды. Бұл тоқырауға әкеледі. Бірақ өмір диалектикасы сондай - бәрі де дами береді. Дамудың қозғаушы күші кейбір билікті иемденушілерден туындайтын, тұрақтылық бағытындағы үрдіс пен көшбасшылардың, жаңашылдардың өзгешелігі, жекешелігі арасындағы қарама - қайшылық болып табылады.
Жалпы, кеңестік адамдардың көбісінің құқықтық мінез - құлығы дамыған ішкі құқықтық ұстанымдардың әсерінен емес, конформды - атқарушылық (тұлғаның социотиптік сипатының бар болуы себебінен) немесе мәжбүрлі - заңға бағынушылық (жазадан қорыққандықтан заңға бағыну) деңгейде құрылды. Және де, заңдарды оларды қалай да түсінуге қабілеті бар белгілі бір адамдар жүзеге асырады. Осылайша, жеке азамат қандай да бір құқықтық нормаларды жеке тұрғыда маңызды деп есептейді де, оларды әрқашанда орындауға тырысады. Мысалы, ұрлауға, өлтіруге болмайды және т.б. Басқа нормаларды да ол маңызды деп есептейді, бірақ оларды үнемі орындап отыруды қиын санайды. Нормалардың үшінші тобын мүлдем маңызды депте есептемейді, мысалы, көше ережесін бұзуы мүмкін. Қоғамның құқықтық институттар тарапынан бақылаудың әлсіз болғандығынан, оларды елемеуі де мүмкін. Міне, осындай жеке және зоналық - мәндік құқықтық позиция тән.
Бізде құқықтық қоғамды қалыптастырудың жалғыз ғана жолы - төменнен басталатын жол, адамның өз құқығын сезініп, қорғай алуынан, басқалардың мүдделерін ескере отырып және өздерінікін құрбандыққа келтірмей, басқалармен қарым - қатынасты реттестіруден басталатын жол болып табылады.
Микроәлеуметтік жағдайлар - адамның тікелей қоршаған ортасы. Құқықтық сана - сезімнің дефектілерін, айнадағы секілді, өмірдің қазіргі көріністері бейнелеп отыр. Құқықтық сана - сезімнің жоғарғы деңгейіне өмірдің игілікті жағдайларында ғана жетуге мүмкін.
Яғни, әрбір адам ерікті және бастамалы түрде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша, әрекеттерді атқара алатындай жағдай жасалуы керек. Мұндай жағымды әлеуметтік - құқықтық белсенділік орын алуы үшін, адамда құқыққа қызығушылық пен құрметтің болуы, құқықтық мемекемелердің беделін мойындауы болуы тиіс. Ал, қазіргі кезде әлі де адамдардың жекеше құқықтық сана - сезімінде тұлғаның бұрынғы құқықтық деформациясынан қалған, әлеуметтік әдеттердің, ережелердің консерватизмі сақталып отыр.
Осылайша, біздің құқықтық сана - сезімімізде біздің құқықтар қорғалмайтыны туралы түсініктер бар болуда.
Құқық туралы көзқарастың әлеуметтік мәні мен құрылымы туралы айтатын болсақ, құқықтық сананы көбінесе адамдардың құқыққа деген қатынасы және ол туралы білім ретінде зерттейді. Осыған орай құқық нормасына деген қатынас деп қарастырылуда. Бірақ осындай объектілерді заң және құқықтық сананы бір - біріне теңестіруге болады ма деген сұрақ туындайды. Олардың құрылымы соншама бірдей ме, яғни олардың мазмұнын теңестіргенде бірі, екіншісі құқықтық мәдениет санасы туралы шешім оның толықтығы және зиянын қарайды. Осыған байланысты көптеген зерттеулер жүргізіліп мынадай нәтижелерді көрсетті.
Біріншіден, тұрмыстық құқықтық сананың мағынасын заңмен тікелей теңестіруге болмайды, яғни оның білімін немесе заң нормасының құқықтық құбылыстарға қатынасын қарастырады, себебі олардың әрқайсысында әртүрлі өзіндік құрылымы бар.
Екіншіден, қылмыс туралы әлеуметтік көзқарас құрылымын гүл тәрізді формада елестетуге болады, яғни оның ортасында белгі бар, бұл белгіден барлық жағдайлар бірігіп белгілі бір қылмысқа жатқызады. Мысалы, өлім қылмысын біріктіретін жағдайлар.
Үшіншіден, қылмыс туралы әлеуметтік көзқарас өзіне бір жағдайды шешу тәсілдерін, яғни бір жағдайда адамның реалды мінез - құлқын жасырып қалу жағдайларының тәсілдерін ескеруін суреттейді.
Төртіншіден, әлеуметтік көзқарастың мағынасы бұл көпшілік ақпарат әдісі арқылы өтетінін білдіреді.
Құқық туралы немесе қылмыс туралы әлеуметтік көзқарас жалғыз жеке адам аралық емес, сонымен бірге телеарна арқылы тарайды. Бұнда әртүрлі қылмыс туралы ақпарат беретін бағдарламалар - адам бойында құқықтық сананың қалыптасуына әсері зор. Құқықтық сананы зерттеу адамдар арасындағы қарым - қатынас продуктісі ретінде және жеке адамдар арасында, сонымен бірге көпшілік қарым - қатынас тәсілі деңгейінде шынайылықтың бейнеленуінің нәтижесі ретінде қарастырады. Сонымен қатар, құқықтық мәдениет қандай да бір сыртын белгілі бір күш игерушінің қатынасына манипуляция нәтижесі ретінде қарастырмай, қаншалық адамның өз тәрбиесі және өз әрекетінің мінезі, оның құқықтық көзқарастар мағынасына із қалдырады.
Бір адамның құқықтық мәдениет мазмұны (оның құқықтық ақпараттануы, құқықтық іс-әрекет бағасы, құқықтық өлшеміндегі мінез-құлқының мотивациясы) ол оның жеке адамдық - азаматтың есею деңгейіне бағынышты. Есею кезінде құқықтық сананың қалыптасуына әсер етуші ең негізгі агент: бұл жанұя, мектеп, құрбы - жолдастар референтті тобы, еңбек ұжымы, көпшілік ақпарат әдісі. Құқықтық сананың қалыптасуының негізгі механизмі: идентификация, илану, жұғу, еліктеу, сендіру.
Құқықтық әлеуметтенудің жағымды шарттарында құқықтық сананың барлық құрылым компоненті (жақтары) жүзеге асады: интеллектуалды (танымдық), бағалау (эмоционалды) және мінез - құлықтылық (ерікті-мотивациялық). Танымдық компоненті құқықтық көзқарастар, білімдер мен дағдыларын мінездемелейді. Эмоционалды компонент - бағалау құқықтық нормалар туралы пікір мен қатынас (жағымды, немқұрайлық, жағымсыз). Мінез - құлықтық компонент - құқықтық өлшемдердің мінез - құлыққа нұсқауы, яғни құқықтық нормалардың әртүрлі түрлерін орындау және құқықты бұзушыға жағымсыз қатынас жағдайларды қарастырады .
Құқықтық мәдениет - қоғамдық сананың формасының бірі. Олар қоғамдық қатынасты бейнелейді, олар реттеледі немесе құқықтық нормалармен реттелуі тиіс. Экономикалық және басқа қоғамның қажеттіліктері санадан өтіп, заңдық мотив формасын игеріп және құқықтық норманы білдіреді.
Құқықтық сананың негізгі компоненттері - бұл танымдық, бағалау және реттеуші. Танымдық функция заңдық білімдердің белгілі бағытының сәйкестенуі, бұл интеллектуалдық (ойшыл) нәтижесі және құқықтық дайындық түсінігін түсіндіреді. Білім әр кезде адамда белгілі қатынасты, бағалауды тудырады. Жеке даралық құқықтық сананың дамуына сыртқы әлеуметтік орта басымдылық көрсетеді. Оның қалыптасуына көптеген факторлар қоғамдық - әлеуметтік ережелер сияқты, сонымен бірге микро ортада, яғни бұл орта жеке адамды жанамалайды, қоршайды. Жеке даралық құқықтық сананың қалыптасу процессінде бұл факторлар нақты өмір шарттарына байланысты және адамның психологиялық ерекшеліктерін, оның іс-әрекетінде жүзеге асырады.
Жоғарыда көрсетілгендей құқықтық сананың негізгі механизмдері - сөйлеу, ойлау іс - әрекеті. Бірақ, бұл құқықтық сананың қалыптасуының қорытындысында эмоционалды сфера жүзеге асырылмайды дегенді білдірмейді. Нағыз оның қатысуымен құқық норма және субъектідегі қайғы сезімі тереңдетілген құқықтық сендіруге өтеді, яғни оларды орындауға ұмтылушылығын арттырады. Құқықтық сананың адамгершілік қасиеттерінің бір - біріне байланыстылығы олардың құқық және моральді бағасының бірлігінде көрсетеді.
Құқықтық мәдениет жеке адамның әлеуметтік білім деңгейін кеңейтеді, әлеуметтік - экономикалық реттерді түсінуге, ұғынуға әсер тигізеді. Қорытындылай келе құқықтық жоғары құрылымын анықтайды.
Адам тарихи қалыптасқан іс - әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп, әсіресе тілді үйрену нәтижесінде айналадағы заттар мен құбылыстардың объективті заңдылықтары мен қасиеттерін танып біледі. Адам айналадағы дүниеге өзін қарама - қарсы қойып, белгілі мақсатта іс - әрекетпен шұғылданғанда сол объективті шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне сүйенеді. Сана тарихи тәжірибені, білім мен ойлау тәсілдерін бойына сіңіріп, шындықты, рухани идеалды игеріп, алда тұрған мақсат, міндеттерді белгілеп, адамзат қоғамының бүкіл практикалық іс - әрекетін бағыттайды. Адамдар өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асырып, табиғатты, қоғамды дамытумен бірге, өздерін де жетілдіреді.
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдылық пен құқықтық тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.
Қоғамдық сана - объективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс - әрекеттерінен байқалады. Сана қоғамның рухани мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғамдық сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер, дін, қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың түрлерінің әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді.
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисымен байланыс жасау сипатына қарай әр түрлі болады. Мысалы, идеологияның саяси және құқықтық түрлері басқа нысандарына қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады. Бұлар қоғамның өндірістік, шаруашылық қатынастарын тура, тікелей бейнелеп, олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сананың түрлері тарихи өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезінде осы нысандардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты етеді. Құқықтық нормаларды жүзеге асыру - қоғамға пайдалы іс-әрекет құқық нормаларының талабына орындау заң белгіленген мүмкіндікті пайдалану үшін азамат белгілі бағытта әрекет жасап, белсенділігін көрсетуі қажет. Құқықтық белсенділіктің екінші жағы адамның сана сезіміне байланысты. Құқықтық сана - сезім белгілері мыналар:
- Құқықты белгілеу;
- Құқықты түсіну;
- Құқықты құрметтеу;
- Құқықтың дұрыстығына және әділдігіне сену;
- Құқықты сақтауға дағдылану;
- Құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.
Құқықтық сана - Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына, құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана қоғамның құқықтық өмірін жандандыру және дамытуға үлкен үлес қосады.
1. Құқықтық сана - құқық нормаларының қалыптастырудың қажетті шарты. Олай дейтін себебіміз, құқықтық нормалар заң шығару органының саналы түрдегі ерікті қызметі арқылы өмірге келеді. Адамдардың белгілі бір мүдделері мен қажеттіліктері заң нормаларында бейнеленбестен бұрын, ол нормаларды құрушы лауазымды тұлғалардың ой - санасынан өтеді. Сондықтан да құқық нормаларының сапасы олардың қоғамдық даму қажеттілігіне сәйкес келеді, ол нормаларды құратын органның құқық көзқарасы, құқық санасының деңгейімен тығыз байланыста болады.
2. Құқықтық сана құқық нормаларының нақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы
Құқықтық мәдениет жайлы
Құқықтық сана түсінігі
Құқықтық сананың түсінігі
Құқықтық мәдениеттің түсінігі және түрлері
Құқықтық сана және жалпы түсінігі
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы
Пәндер