Шаңғы спортының даму тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минитрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Реферат
Тақырыбы: Шаңғы спортының даму тарихы

Орындаған:Ғалым Н.Қ
Тексерген: Сармантаев А.С

Қарағанды-2020
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Шаңғы спортының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Шаңғы дайындығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Кіріспе
Шаңғы спорты - дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар.

1.Шаңғы спортының даму тарихы
Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды.Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор.
Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты.Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды,яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі.Оған шамамен 4300 жыл болған.Оны А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан.Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы.,грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жақды. Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.Бірінші шаңғы сөзі 12ғасырда Русьқа жатады.Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды.Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.Шаңғы туралы бірінші журналға енгізген 1733 жылы Ганс Эмахузен болды. 1767 жылы шаңғы спортының бірінші жарысы өткізілді.
Әлемде бірінші рет шаңғы спортының көрме залы ашылды,ол яғни Тронхеймада 1862-1863 жылы өткізілді.Норвегияда ең алғаш рет шаңғы спортының қоғамы ашылды,содан соң Финляндияда спорттық клубы ашылды.Одан әрі қарай басқа да елдерде,яғни Европа,Азия және Америкада өз жалғасын тапты.Норвегияда шаңғы атағына арнап Холменколлндік ойыны 1883 жылы,Финляндияда Лахтиндік ойындар 1922 жылы Швецияда көптік шаңғы жарысы Васалоппет 1922 жылы мейрамдары өткізілді.
19 ғасырдың аяғында бүкіл елдерде өткізіле бастады.Шаңғы тебу түрлері әр елде әртүрлі болған.Норвегияда шаңғымен секіру өте жақсы дамыған,ал Японияда шаңғы тебу Австриялық жаттықтырушылардың әсерінен тау шаңғысы дамыды.
1910 жылы Ослода бүкіл әлемдік шаңғышылардың конгрессінде он мемлекет қатысты.19 ғасыр ортасында Ресейде ұйымдастырылған спорттық жарыстар өтілді.
1895 жылы 29 желтоқсанда Мәскеуде шаңғы тебушілердің ашылуы болды.Бұл күні біздің елімізде шаңғы тебу спорт күні болып жарияланды.Мәскеуде жүз спортшы қатысып,сонын ішінен рекордтық санға жеткен он сегіз.
Қазақстандағы шаңғы спорты тарихы еңбекшілердің жалпыға бірдей әскери оқуының енгізілуіне (1918 жыл 22сәуір) байланысты дамыды. 1925 жылы қыс айларында (Оңтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстанның қалаларында) шаңғы жарыстары бойынша бұқаралық жарыстар болып өтті.
Қазақ педагогикалық институтында 1931 жылы дене шынықтыру бөлімінің және Алматыда 1932 жылы Республикалық дене шынықтыру техникумының ашылуы Қазақстандағы спорттың дамуындағы маңызды оқиға болды. Петропавл қаласында 1934 жылы ақпанда өткен бүкілқазақстандық қысқы жарыстар спорттық-техникалық нәтижелердің едәуір өскендігін көрсетті. 1936 жылдан бері Қазақстанның намысын қорғаушы шаңғышылар тау шаңғысынан барлық Олимпиадалық ойындарға қатынасып келді. Ал Семей қаласында 1937 жылы ақпанда спорттың қысқы түрлері бойынша алғашқы спартакиада өткізілді.Спартакиадаға 72 адам қатынасты.Жарыс жеке сайыс сипатына ие болды.
Қазақстан шаңғышылары 1938 жылдан бастап бүкілодақтық, әлемдік жарыстарға қатынаса бастады. Құрамында 13 адам бар республиканың шаңғышылар құрама командасы 1938 жылы шаңғымен жүгіру жарыстары бойынша еліміздің біріншілігіне тұңғыш рет қатысып, 17 команда ішінен 11-орынға ие болды. 1945 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының шаңғы спорты кафедрасы республикамыздағы әдістемелік және спорттық жұмыстыңорталығына айналды.
Аязды таза ауада шаңғымен жүру организмді нығайтады, қалыпты, дұрыс дем алуды қалыптастырады, бұлшық еттердің бірдей дамуына көмектеседі. Шаңғымен жүру және жүгіру - күшті дамытуға, салмақты тең ұстап жүруге дщағдыландырады, көзбен мөлшерлей білуге, ептілікке, табандылыққа, батылдыққа жаттықтырады.
Алма- кезек төрт адымды жүрісте итеріле қозғалғаннан кейін, шаңғышы сол қолды ілгері созады, бірақ таяқты қарға әзір тіремейді. Оң аяқпен келесі итерілгенде сол қолдағы таяқты шығыршығы алға қарайтындай етіп шығарады. Үшінші адымда оң аяқпен және сол қолмен итеріледі. Төртінші адымда сол аяқпен оң қолмен итеріледі, ал сол қолын ілгері шығарады. Сөйтіп, үшінші және төртінші қадамдар басталар алдында таяқтар қарға тіреледі. Қолмен итерілу үшінші және төртінші адымдар кезіндегі аяқпен итерілуден бұрын жүреді. әрбір адамды есептей отырып, осы тәсілге үйрену басталады. Бастапқыда қозғалыс ырғағын біршама жеңілдетілген түрде игеруге көмектесетін жаттығулар орындалады. Бір,екі, үш, төрт есебінде шамалы ғана таяқсыз сырғанап жүреді. Сосын бір, екі есебіндегі адым кезінде таяқты салбыратып ұстап, ал үш, төрт есебіндегі адымдау кезінде таяқтармен жеңіл итеріледі. Бұл жаттығуларды бастапқыда санап, кейін жүріс жылдамдығы өскенде санауды тоқтатып санау қажет.
Кең таралған қателер: қолды қатты ұстау, таяқты қатты қысып ұстау,таяқтың ұшын шаңғы жолынан едәуір қашық қою. Тіпті екі адымды жүрістің аяқты бүкпей жүру сияқты қателері де кездеседі.
Алма кезек екі адымды жүрістен бір мезгілдік жүріске ауысу. Екпінді азайтпай, қозғалас ырғағын жеңіл және дәл өзгерте білу біліктілігі - шаңғышы техникасына қойылатын басты талаптардың бірі. Оң қолды ілгері шығарып, итерілу аяқталғаннан кейін, сол аяқтағы шаңғымен сырғанай отырып, шаңғышы тірелген аяқпен аттас сол қолды жайлап, ілгері шығра бастайды. Сол аяқпен итерілу аяқталғаннан кейін екі аяқты қарға тірейді.Дененің салмағын оң аяққа ауыстырып, шаңғышы бір мезгілдегі жүрістегі секілді қолдарымен итеріле бастайды да оны сол аяқты оң аяқтың жанына әкелумен аяқтайды. Қозғалысты алғашқыда таяқсыз, кейін таяқпен жеңіл итерілу арқылы үйренген жөн. Алма - кезек жүрістен бір мезгілдегі жүріске ауысу дағдыларна қысқа қашықтықтарды үлкен жылдамдықпен өтуді көп қайтара қайталау жолымен қол жеткізуге болады.
Шаңғымен ылдиға қарай түсу. Ылдиға қарай тура және қиғаш сырғанап түсуге болады. Бастапқыда еңіске сырғанап түсу әдістерін үйрену тегістеу, жайпақ жерде (тіктігі 4-5°) орындалады. Қар қабаты қатты, бірақ мұзды болмағаны жөн. Түсетін беткейдің биіктігін бірте-бірте арттыру керек. Беткейден сырғанап түскенде нық тұру үшін, бір аяқ аздап алға шығарылып қойылады. Таудан қиғаш срғанап түскенде, дененің салмағы төменгі жақтағы шаңғыға түсіріледі. Жоғарғы жақтағы шаңғыға онша салмақ түспейді. Салмақ көп түспейтін шаңғымен алға қарай шығып, сырғанап отырады. Қар бос болса, шаңғы бірқалыпты жақсы сырғанайды, бұл ретте шаңғы бір-біріне жақын ұсталады. Яғни, екі шаңғының ортасы қардың қалыңдығына байланысты болады. Төбеге қарай шыққанда немесе ойлы-қырлы беткейден төмен сырғанап түскенде тізені бүгу керек, тіпті қажет болса, бүгіліп отыруға да болады. Беткейден төмен сырғанап түскенде аяқты түзу ұстауға, денені алға қарай еңкейтуге, қолды жоғары қарай көтнруге немесе таяқтарды алға ұстауға болмайды. Салмақты өкшеге емес, аяқтың ұшына түсірген жөн.
Ойпатқа жақындаған мезгілде шаңғышы төмен еңкейеді. Ойпатқа сырғанап түскенде, шаңғышы ойпаттың түбінде қайтадан тік тұрып сырғанау үшін аяқтарын жазады. Ойпаттан өтіп шыққан шаңғышы жылдамдықты және беткейдің тіктігін есепке алып, аяқтарын бүгіп, кеудесін артқа шалқайтып сырғанайды, жылдамдық өте жоғары болса, бір аяғын сәл алға шығарып сырғанайды. Кемерлерді басып өтетін кезде немесе дөңестен өту барысында шаңғышы ұшып кетпеуге тырысады немесе мүмкін болса, ұшу қашықтығын қысқартуға ұмтылады. Ол үшін кемермен жүрген кезде төмен еңкейіп, аяқты бүгу қажет, ал кемерден өткен бойда аяқты, тізе буындарын тез жазу керек.
Өрге шығу тәсілдері, Сирек кездесетін жағдайда жолдың бөліктері кейде тік, өр болыпкелген кездерде және дайындығы төмен болған уақытта немесе шаңғы шала майланған болса, шаңғышылар өрге шығудың жылдамдығы төмен әдістері - жартылай шыршалап және шырша әдістеріне лажсыздан көшуге мәжбүр болады. Өрге шығу тәсілдерін таңдауға тек өрдің тік болуы ғана емес,шаңғының қарға жабысуы шаңғышының дене және техникалық дайындығы, оның сол сәттегі шаршағандығы және шаңғы жолының жағдайы әсер етеді. Жағдай онша қолайлы болмаған кезде, тіпті жалпақ беткейлерде сырғанап жүгіру немесе адымдап жүру тәсілдеріне көшуге мәжбүр болады. Өрге адымдап шығу әдісі сырғанап шығу мүмкін емес немесе мақсатқа сай емес болған жағдайда қолданылады.
Шаңғымен жүгіру тәсілдері шаңғымен жүрудің алуан түрлі әдістері болып табылады.Олар ойлы-қырлы жермен 3000м-ді жүгіріп өтудің нақтылы жағдайында қолданылады. Шаңғы жүрістерінен көбінесе алма- кезек екі адымдап, адымдамай және сырғанауға көшу әдістері, өрге шығу әдістерінен сырғанау, жүгіру және адымдап жүру әдістері, жүгіріп келе жатқанда бұрылу үшін аттап және шаңғыны қатар қойып бұрылу әдістері қолданылады.
Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. Соған қарамастан шаңғы спорты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қашан Ш. Спорты клубтары құрылып біткенше қалыптасу кезеңінен өтті деуге болады. 1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді (әрине барлық түрлері бірден емес) жене ерлер арасында Ә.ч-ты өтті. Әйелдер арасында Ә. Ч-ты 1924 жылдан бастап өткізіле бастады.
В) дәліздің нөмірлері жазылған жол сілтегіштер болады (бұл нөмірлер команда қатысушыларының нөмірлеріне сәйкес келуі тиіс. Жарысқа қатысушы сәйкес нөмірлердің сол жағындағы шаңғы жолына түседі; Кезеңде сөреден шығатын жарысқа қатысушылар сөре сызығында тұрады. Қатысушылар ортаңғы жолмен N2 - оң жақтағы, N3 - одан сол жақтағы және осындай ретпен қалған қатысушылар сөреден шығады (жұп нөмірлер оң жақтан ... Ортаңғы сызықтың сол жағынан).
2.Шаңғы дайындығы
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды. Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор. Шаңғы спорты адам денесін қалыптастыруға үлесі зор. Адам тұлғасының мәдениеті - бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде мәдени әрекет деп түсіндіріледі. Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. Бiрiншiден, дене мәдениеті -- адамның денсаулығын нығайтып, күш -- жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.
Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты. Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды, яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі.Оған шамамен 4300 жыл болған.Оны А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан.
Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы, грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жақды.
Норвегия ханы Олаф Тругвассон ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шаңғы спортының дамуы
Шаңғы спортының дамуы
Шаңғы спорты
Шаңғы спортының қауіпсіздік ережесі
Шаңғы спорты туралы
Балалар және жасөспірімдердің дене тәрбиесіндегі шаңғы спортының орны
Шаңғы спортының мәні
Шаңғы дайындығы бойынша коньки жүрісінін түрлері
Шаңғы спортының шығу тарихы
Шаңғы спортының тарихы
Пәндер