Қазақстанда театр өнері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БӨЖ
Реферат

Пәні: Қазіргі заманның тарихы
Тақырыбы: Театр және музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі.

Орындаған: ДосанӘли ИС-15
Тексерген: Кушенова Ганижамал Иманкызы

Кіріспе
Қазақстанның көркем мәдениеті Кеңес өкіметі жылдарында әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан өткізді.Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халықының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса,бейнелеу,театр және кино өнері жаңа пайда болу шағында немесе мүлде жоқ еді. Көркем интеллегенцияның шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптық және идеялық-саяси жіктелуін айқын бейнелейді,таптық принциптерді жалпы адамзаттық қазыналардан бағалы санады.Қазақстанның Орталық Азия аймағы елдерімен,Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды. 20ж екінші жартысында профиссионалды театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды.Әнші Ә.Қашаубаев Парижбен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шығарды.Ұлы Отан соғысынң қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемелекеттік акдемиялық драма театры,Республикалық орыс драма театры,Қазақтың мемлеткеттік опера және балет театры,ұлт аспаптар оркестрі,симфониялық оркестр,Республикалық қуыршақ театры,Қазақстан суретшілері және жазушылар одағы жұмыс істеді.Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды.

Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққа өріс ашты. Орынборда, Алматыда, Ақмолада, Семейде,Петропавлда,Оралда,Қостанай да және Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар,халық үйлері пайда болды.Қазақ және орыс тілдерінде хор,драма,әдебиет үйірмелері,халық театрлары ұйымдастырылды.Ұлттық әскери құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды.Халықтық музыка зерттеле бастады.Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып,"Қазақ халқының 1000 әні" және "Қазақ халқының 500 әні мен күйі" деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында -- Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды.1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды.Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков,Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев,И.Байзақов т.б тұрды.Театрды дарынды драмашы,режиссер Жұмат Шанин басқарды.Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың "Еңлік Кебек" пьесасы болатын.Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш-Баян сұлу",М.Әуезов пен Л.Соболевтің "Абай пьесаларының қойылуы" үлкен оқиға болды.Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің "Үйлену" мен "Ревизорын",В.Шекспирдің "Оттелосын" сахнаға шығарды.Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді.1930 жылдары Семейде,Ақтөбеде,Шымкенте,Петропавл да, Қарағандыда театрлар ашылды.1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры,1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды. Қазақстан кино өнері де 1930 жылдардан бастау алды. "Шығыскино" тресінің Алматы бөлімшесі болды.Ол қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді.1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды.1938 жылы "Ленфильм" қазақтың бірінші дыбысты фильмі -- "Амангелді" картинасын жасап шығарды.1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды.1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды.1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды.Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп,толысқанын көрсетті.Онкүндікте " Қыз Жібек", "Жалбыр" опералары көрсетілді.Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді.Жергілікті ұста,шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы,Көкшетаудағы (1986ж) көрмелерде жұртқа таныстырылды. Қазақ музыка өнері. Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е.Брусиловскийдің Қыз Жібек, Ер-Тарғын, Е.Рахмадиевтің Алпамыс опералары, Ғ.Жұбанованың Еңлік Кебек, Е.Брусиловскийдің Қозы Көрпеш Баян сұлу балеттері, Қыз Жібек көркем фильмі, Қыз Жібек, Еңлік Кебек спектакльдері, Б.Аманжолдың Еңлік Кебек фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың Қыз Жібекке симфониялық алым (дань) және тағы да басқалары. Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа қырларынан танылады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз.Қазақ музыка мәдениетінің қайраткерлері классикалық , халықтың мәдени мұралардың барлығын игере, халық шығармашылығының сарқылмас қазынасын түгел пайдалана отырып, өз шығармаларында көркем өнердегі шынайы, өмірлік мазмұнды жырлайды.Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Театр өнері
1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы
Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы
Дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты
1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Көркемөнер шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері
Халықтық-қолданбалы өнер
Театр және музыка өнері
Пәндер