Нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпорын



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ ПӘНІНЕН
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

3-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
0515000 – МЕНЕДЖМЕНТ МАМАНДЫҒЫ
(САЛАЛАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ АЯСЫ БОЙЫНША)

Алматы, 2019
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Нарықтық жүйедегі кәсіпорын қызметі
1.1 Нарықтық экономика жүйесіндегі
кәсіпорын ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .5
1.2 Нарықтық стратегия элементтері мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2. Нарықтағы"Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің
тиімділігі және оның бәсекелесік стратегиясы
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... 11
2.2 Өнім өндірудің экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

3. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау
3.1 Стратегиялық жоспардың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
3.2 Стратегиялық жоспардың
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .38

Кіріспе
Мен, Жүнісова Нұрай, Нархоз Университетінің Экономикалық колледжінің 3
курс студенті Нарықтық жүйе катынасындағы кәсіпорынның орны тақырыбында
жазған курстық жұмыс.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген
қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің
салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық
экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық
іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына
қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын
арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған
өркениетті ел болу.
Кәсіпкерлік нарықты тауарлармен және мен қызметтермен толтыруға,
бәскелестікті кеңейтуге, салалық және аумақтық монополияны жеңуге
көмектеседі.
Кәсіпкерліктің дамуы экономиканың құрылымдық қайта құрылуын
белсендендіреді, нарықтық таңдауға кең еркіндік береді және қосымша жұмыс
орындарын ашады, шығынның жылдам өтелуін қамтамасыз етеді, тұтынушылық
сұраныстың өзгерісіне жедел икемделеді.
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылықты сапалы да жаңа тиімді типте жүргізу,
оған прогрессивті әдіс – тәсілдер, нақты жеке меншіктің, өндіріс
қожайынының жүргізу тәсілдері қажет. Сөйтіп, кәсіпкерлік, экономикалық
категория, бизнес элементі, шаруашылық типі және өмір сүру дәрежесі ретінде
бейнеледі .
Кәсіпкерлік – нарықтық шаруашылықтың бөлінбес белгісі, оның басты
ерекшелігі – ерікті бәсеклестік . Кәсіпкерлік тарихы ежелден келе жатса да,
оның қазіргі ұғымы капитализмнің орнығу және даму кезеңінде пайда болды,
онда ерікті кәсіпкерлік өз өркендеуінің негізі мен басы болып табылады.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың ұйымдастырушылық аспектілерін
талдау, нарықтық экономикаға өткен елдерде бағдарламалы-мақсатты тәсіл
жатқандығы көрсетті. Ол бірнеше негізгі міндеттерді шешуге мүмкінді береді:
орталықтандырылған қолдаудың бағыттарындағы айқындылықты көтеру;
кәсіпкерлікті дамытудың қоғам үшін басым бағыттарына оны шоғырландыру, ал
экономиканың осы саласының даму мәселелерін ұлттық экономиканы дамытудың
қабылданған бағыттары мен мақсаттарының жалпы жүйесімен кешенді түрде
қарастыру.
Жалпы кәсіпкерліктің қоғамдағы алатын үлесін келесі сандық
мәліметтерден көруге болады. Экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік жыл
сайын жалпы ішкі өнімнің 20-60 пайызын, өнер табыстарының 50 пайызын, жаңа
жұмыс орындарының 70-80 пайызын құрайды. Барлық жұмыспен қамтылған
қызметкерледің 50-60 пайызын жұмыспен қамтамасыз етеді, өнімнің 20-40
пайызын экспорттпайды және лицензиялық келісімдердің 50 пайызға дейін
жасайды, лицензиялық түсімдер 25-45 пайыз тең табыстардың жалпы сомасында,
ал кәсіпкерліктің формаларының үлесі кәсіпорындардың жалпы санынан 80-90
пайызға дейін құрайды, 1000 тұрғынға келетін, кәсіпорындар саны 16-80
бірлікке тең.
Жаһандану үдерісімен және ішкі, сыртқы нарықтарда бәсекелестіктің күрт
күшеюі себепті экономикалық қағидаттарының өзгеруі жағдайында
кәсіпкерліктің ұлттық экономикаға тигізер әсері қомақты болмақ. Сондықтан,
ел экономикасының қарқынды дамуы үшін дамыған елдердің кәсіпкерлікті қолдау
тәжірибелерін саралай отырып, өз игілігімізге жаратсақ артық болмас.
Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға
сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру
бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни
бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам
қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті
дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі.
Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек
бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.
Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз кәсіпорындар жүргізетін
дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде
көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың
құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге
жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.
Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:
• нарықтың стратегия мәні, маңызы мен түрлерін зерттеу;
• ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорынның бәсекеге қабілетті өнім
өндіру мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;
• бәсекеге қабілетті өнім өндірудің негіз жолдарын анықтау бағытында
зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Курстық жұмыстың зерттеу объектілері – Шығыс Қазақстан облысының Ұржар
ауданында орналасқан Шваб шұжықтары ЖШС болып табылады. Бұл кәсіпорынның
бәсеке қабілетін арттыру, қаржылық тұрақтылығы жөніндегі механизмдер
жүйесі, төлем қабілетін қалпына келтіру үлгілері, кәсіпорынның Қазақстан
аймағында қызмет ете алуының тәжірибесі болып саналады. Атқарылатын жұмыс
құрылымы жұмыстың мақсаттарымен және тапсырмаларымен анықталады.
Кәсіпорынның өнім сапасы және оның бәсекелік қабілеті деп аталған екінші
тарауда Шваб шұжықтары ЖШС-і мысалға алынып, оның жалпы
сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеті жайлы айтылады.

1. Нарықтық жүйедегі кәсіпорын қызметі.
1.1 Нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпорын.

Кәсіпорын – бұл өнім өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін
субъект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған
пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек.

Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
• кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
• өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
• құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
• инвестиция және бюджеттен дотация;
• қайрымдылық жарнама;
• мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
• мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
• мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.

Кәсіпорын формалары:
1. дербес (отбасылық) жеке кәсіпорын;
2. мемлекеттік;
3. арендалық;
4. муниципалдық кәсіпорын жергілікті бюджет есебінен құрылған.

Кәсіпорынның функционалдық механизмі.Нарық жағдайында кәсіпорынның
әлеуметтік-экономикалық ролі өзгереді:
• негізгі талап – пайда табу;
• көп өндірудің орнына, қойма толтыру емес, өткізу;
• өз бетімен жұмыс істеуді кеңейту;
• банкроттықты болдырмау және тағы басқа

Кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігі мынадай көрсеткіштермен
айқындалады:

1. өндірілген өнімің еңбек сыйымдылығы = орташа жұмысшылар саны (еңбек
сағаты) жалпы немесе таза өнім мөлшері;

2. қор қайтарымы = жалпы немесе таза өнім өндірістік қордың орташа
жылдық құны;

3. қор сыйымдылығы = негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны
жалпы немесе таза өнім;

4. материал қайтарымы = жалпы немесе таза өнім көлемі ағымдағы
материалдық шығындар;

5. материал сыйымдылығы = ағымдағы материалдық шығындар жалпы немесе
таза өнім;

6. кәсіпорынның пайдасы = сатылған өнімнен түсім және өнімнің толық
өзіндік құнының айырмасы;

7. кәсіпорынның рентабельділік нормасы = пайда негізгі қор + айналым
қоры х 100%.

Кәсіпорын – нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас
бөлігі. Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби
тәжірибе шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер өз көріністерін
кәсіпорында табады. Кәсіпорында өндірістің және нарықтың заңдар нақты
нысанға ие болады. Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық
экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша
міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызмет шеңбері
кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-
әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің
экономикалық және элеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық
механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік бағытталған нарықтық
экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз
мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды,
кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық
қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.

Қоғамдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидум деген пікір берік
орныққан. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекет
қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын
көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына неғұрлым ерте қосылса,
соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік
қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы
бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте
халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы
мемлекеттің мәртебесі биік болады. Кәсіпкерлік қызметтің дамуы экономиканың
негізгі мемлекеттік меншігі болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған
елдерде мемлекет меншігінің үлесі көп емес, бірақ нақ осы ұлттық
экономиканың дамуы үшін қажетті қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің
меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін
толықтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді. Мемлекет
меншігі – бұл тек қана кәсіпорындар жиынтығы емес, сонымен қатар тұтас
макроэкономикалық жүйе. Өндіріс құралдарына өкімді бірігіп шығару
механизімі өзін өзі басқару қарым-қатынасының жүйесі, мемлекеттік меншікті
басқаруды орталықсыздандыру жүйесі және экономиканы демократиялық
бағдарламалау арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын өзіне мемлекет бекіткен
шеңбердегі өндіріс құралдарымен ғана өкім шығарады. Мұндағы кәсіпорын
мемлекеттік тапсырыс негізінде өз қарекетін жүзеге асырады. Мемлекет жалақы
деңгейіне кепіл бере отырып кәсіпорынның ішкі қарекетін тиісті жұмыс
уақытын, демалыс уақытын, жалақы мен тарифтік бағамды бекіту арқылы
регламенттейді. Сонымен бірге мемлекет кәсіпорын пайдасын бөлу принціпін
бекітеді, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың белгілі бір шектелген,
анықталған деңгейдегі коммерциялық еркіндігі бар. Нарықтық экономика,
рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-
жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық
жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық
қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни
тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы
нарықта біріктірілетін экономика. Рынокта бәсеке барысында сұраным мен
ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық
экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға
кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы
тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе
тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар
рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен
бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-
біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар

тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге
мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі
жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық
шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық
нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде
ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен
ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге
әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет
тарапынан араласу – реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен
бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап,
оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен
шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

Нарықтық экономика артықшылығы. Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты
толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы
табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде.
Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі
кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын
енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық
тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс
экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып
табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да
белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп
жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі,
ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары
деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі
экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі
өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды
қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

1.2 Нарықтық стратегия элементтері мен түрлері

Стратегиялық жоспарлау циклі келесі негізгі элементтерді құрады (3-
сурет).
Ортаны талдау әдетте стратегиялық жоспардың бастапқы үдерісі болып
табылады, себебі бұл фирманың миссиясы мен максаттарын анықтау үшін, сондай-
ақ міндеттерді орындау үшін мүмкіндік беретін әрекет ету стратегияларын
құру базасы болып табылады.

Сурет 1 - Стратегиялык жоспарлау циклінің негізгі элементтері

Миссия көп жагдайда ұйымның имиджін білдіреді. Ол сыртқы орта
субъектілеріне ұйым дегеніміз не, оның өмір сүру философиясы неде және неге
ұмтылатыны туралы жалпы мағлұмат береді.
Егер фирма жақсы нәтижелерге қол жеткізгісі келсе, онд нақты мақсаттар
қоя білуі кажет. Кәсіпорында ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттар орын алады.
Қысқа мерзімді мақсатгар ұзақ мерзімді максаттарды нақтылайды.
Стратегиялық жоспарлауда ең маңызды максаттар ретінде сату көлемінің
өзгеру қаркыны мен ұйым пайдасының арақатынасы және сату көлемінің өзгеру
карқыны мен жалпы сала бойынша пайданың аракатынасын білдіретін ұйымның
өсімі саналады.
Стратегия - ұйымның әрекет ету аясына, ұйым ішіндегі өзара карым-
қатынастар жүиесі мен қоршаған ортадағы ұйымның әрекетіне қатысты оның
дамуының ұзақ мерзімді бағыты.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын арттыруға
мүмкіндік беретін даму стратегияларын жоспарлаудың әр түрлі әдістемелік
тәсілдері бар. Солардың бірі тауар-нарық бойынша мүмкіндіктер матрицасы.
Мұндай матрица өнім өткізу көлемін сақтау немесе арттыру үшін 4 баламалы
стратегияларды пайдалануды карастырады. Олар:
нарыкка ену;
нарықтың дамуы;
тауарды әзірлеу;
диверсификация.
Нарыққа ену стратегиясы қазіргі кезде өндірістегі өнімдерді және өткізу
нарықтарын ұйымдастыруды жетілдіруге бағьпталған. Бұл стратегияны
шығындарды үнемдеу әдістері деп те атайды. Яғни, мұнда қазіргі жасағанынды
жаксарта түс деген кағида сақталады. Мұндай стратегияны қолдану нарық
кеңейе түскенде (өскенде) немесе қажетті өнімдермен әлі толыққанды
қамтамасыз етілмеген жағдайда тиімді болып табылады.
Ал, нарықтың даму стратегиясы келесі жағдайларда тиімді болып саналады,
егер:
жергілікті фирма жаңа географиялық нарықтарға ену есебінен өзінің өткізу
нарыктарын кеңейтуге ұмтылса;
демографиялық факторлар мен өмір сүру стилінің өзгеруі нәтижесінде нарыкта
жаңа сегменттер пайда болса; жоғары сапалы және жақсы танымал өнімдер үшін
қолданудың жаңа аясы пайда болса.
Тауарлар әзірлеу стратегиясы фирманың бірқатар табысты пайдаланғанда
гиімді болып табылады. Мұнда фирма өзінің өткізу нарыктары үшін жаңа немесе
жаңартылған тауарлар әзірлейді.
Диверсификация стратегиясы фирма бір ғана ассортиментгік топтарға
шектен тыс тәуелді болмас үшін пайдаланылады. Бұл стратегияны жүзеге асыру
жаңа тауарлар шығарумен және жаңа нарықтарды игерумен байланысты
болғандықтан айтарлыктай тәуекелді болып табылады.
Әр түрлі фирмалардың стратегияларды әзірлеу тәжірибесі көрсеткендей,
аталған стратегиялардың бірін ғана таңдамастан, олардың әрқайсысы өз
орнымен колданылады.
Стратегиялық басқару саласының маманы М.Портер фирманың нарықтағы
әрекет ету стратегияларының 3 саласын бөліп карастырған. Бірінші сала
өндіріс шығындарын төмендету бойынша көшбасшылық, оның нәтижесінде компания
ұқсас өнімге төмен баға белгілеу есебінен нарыкта ауқымды үлеске ие болады.
Осындай стратегия түрін жүзеге асыратын кәсіпорындарда өндірісті
ұйымдастыру мен жабдықтау жоғары деңгейде болуы тиіс.
Екінші сала өнім өңдірісіне маманданумен байланысты. Осы стратегия
түрін таңдаған кәсіпорындардың өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету
жүйесі, сондай-ақ дамыған маркетинг жүйесі болуы мүмкін.
Үшінші сала кәсіпорын өз күштерін нарыктың белгілі бір таңдалған
сегментіне шоғырландырумен байланысты. Осы аталған бәсекелік стратегияларды
келесі түрде белгілеуге болады шыгындар бойынша басымдық (артықшылық);
дифференциация (бөлшектеу); шоғырландыру (концентрация).
Барлық кәсіпорындар үшін біртұтас стратегиялар болмайтынын атап өту
қажет. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы кәсіпорынның нарықтағы ұстанымына,
оның әлеуеті мен даму серпініне, бәсекелестердің іс-әрекетіне, шығарылған
өнім немесе көрсетілген қызмет ерекшеліктеріне, экономиканың жағдайын
әлеуметтік ортаға және көптеген тағы басқа факторларға байланысты болады.
Стратегиялардың айтарлықтай кең жіктемесіне оның бір немесе бірнеше
элементтерінің жағдайының өзгерісіне негізделген жіктемені жатқызуга
болады. Мұндай элементтерге өнім, нарық, технология жатады. Осыған
байланысты бұл жіктемеге кірет барлық эталонды сгратегияларды 4 топқа
біріктіруге болады.
Стратегиялардың бірінші тобын шоғырландырылған өнім стратегиялары деп
аталатын стратегиялар құрайды. Бұған өнім мен нарықтың өзгерісімен
байланысты стратегиялар кіреді. Мұнда стратегияларға келесілерді
жатқызамыз:
нарықтагы ұстанымын күшейту стратегиясы, яғни, кәсіпорын өзінің белгілі бір
өнімімен берілген нарықта жақсы ұстанымды жаулап алу үшін барлығын жасайды;

нарықты дамыту стратегиясы, өндірілген өнім үшін жаңа нарыктарды іздеумен
сипатталады;
өнімді дамыту стратегиясы, яғни, жаңа өнімді өндіру және оны фирманың
меңгерген нарықтарында өткізу арқылы өнім міндетін шешу болып табылады.

1. Нарықтағы"Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің
тиімділігі және оның бәсекелесік стратегиясы.
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері.

Шваб шұжық кәсіпорны 2000 жылы құрылды. Бұл кезде Нұрсилинов А.К. және
Рахымғалиев Ж.Н. деген екі кәсіпкер өз кәсіптерін біріктіріп, "Айгерім
Сауда Үйі" АҚ- ын құрады. Олардың меншік иелену мен басқарудағы үлестері
және құқықтары тең болды. Сол кезеңдегі қызметтерінің негізгі бағыты –
жұмыс істеп тұрған дүкен мен ЖҚС-рының желісі арқылы жиһаздар мен мұнай
өнімін өткізу болатын. Өз республикамыздағы және мемлекеттер арасындағы
құлдырап кеткен орталықтандырылған қамсыздандыру жүйесі қызметтің жаңа
түрін тудырады: Өзбекстанға, Ресейге және Қазақстанның мұнай-газ өндіру
аймақтарына тауарлық етті даярлау және көптеп өткізу. Еттің ірі партияларын
қайта өндіру, сою, жеткізу үшін 2001 жылы "Айгерім СҮ" АҚ Семей ет
комбинатының филиалы болып табылатын Ұржар қасапқанасын сатып алып, 1000
тоннаға дейін ет сақтауға арналған тоңазытқыш орната отырып ішкі құрылымын
өзгерту арқылы оны ет комбинатына айналдырады. Бұл мақсаттарда Аягөз ет
комбинатының да акциясының біраз бөлігі сатып алынады, кәсіпорынның
сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, мал сою және ет өнімдерін қайта өндіру
жұмыстары қалпына келтіріледі.
Обылыстағы шұжық өндіруші жалғыз өнеркәсіп орны- Семей қаласындағы ірі
ет комбинатының тоқталуымен нарықтық бұл нишасы өнімді қарапайым әдіспен,
арнайы жабдықталмаған жағдайларда өндіретін, тұтынушылар сұранысын саны
жағынан да, сапасы жағынан да қанағаттандырмайтын ұсақ кәсіпкерлермен тола
бастады. Кәсіпкерліктің болашағы соңғы өнімді өндіруде жатқанын сезінгеннен
кейін қызметтің бұл бағыты келешекте басымдылыққа ие болды. 2002 жылы
ғимараттарын жөндеуден өткізіп, бұрынғы ет комбинаттардың қолдануында
болған құрал-жабдықтарды сатып алып, құрастырып және оларға мамандарды
жұмылдырып, "Айгерім СҮ" Ақ шұжық өнімдерінің өндірісін толығымен игерді.
Өндіріс шикізаты: шошқа және ірі-қара мал еті- халық пен шаруа
қожалықтарынан сатып алу арқылы дайындалды, материалдар мен қоспалар Ресей
мен Қазақстан кәсіпорындарынан сатып алынады.
Кейіннен цех Қазақстан мен Ресейде жасалған сүрлеу және қайнату
камераларымен, толтыру машинасымен және басқа қажетті құрылғылармен
толықтырылды. Өнім стандарттау комитетімен сертификатталған; тұтынушылар
сұранысына ие болады. Шұжық өнімдерінің таратылуы мақсатында Семей,
Өскемен және Алматы қалаларында бөлшек сауда және көптеп сату желілері
құрылған. Өндіріс көлемі айына 50 тоннаға дейін жеткізілді. Пісірілген және
жартылай сүрленген шұжықтың 50-ден астам түрі, деликатестік және ұлттық
тағамдардың 15 түрі, сонымен бірге: мал майы, көже-сорпа қоспалары
өндіріледі. Алайда мұнымен кәсіпорынның техникалық дамуы тоқтап қалды.
Бірінші кезекте тауарлық ет өндіруге, ал содан кейін ғана шұжық өнімдерін
өндіруге қалыптасқан комбинат техникалық жағынан қайта құрылымданбады.
Физикалық ескірген және моральдық тозған құрал-жабдықтар өнімнің сапасы мен
тауарлық түрінің жақсаруын қамтамасыз етуге, ассортиментті кеңейтуге,
өнімділікті көтеруге қабілетсіз болып отыр. Фарыш өндіру мен батондарды
толтырудың вакуумды технологисын пайдаланатын қазіргі заман машиналарының
болмауы өнімнің сақтау уақыты мен тарату уақытын ұзартуға мүмкіндік бермей
отыр.
Малды союдан кейін артылып қалған терілер фирманың жаңа бағытын-
кейіннен жеке кәсіпорынға айналған тері және тон өнімдерін шығару өндірісі
ашылды.
Кәсіпорынның төмендегідей өндіріс қуаттары бар:
1. Негізгі өндірісатік цехтар:
• Мал сою және етті бөлшектеу цехі;
• Жіліктеу цехі;
• Шұжық цехі;
• Тері кептіру цехі;
• Ет тоңазытқышы;
• Дайын өнім тоңазытқышы;
• Малды союға дейін ұстау орны;
• Сапаны бақылау зертханасы.
2.Қосалқы цехтар мен өндірістік қызметтер:
• Механикалық цех;
• Гараж;
• Әкімшілік-тұрмыстық корпус.
3. Өндірістік емес бөлімшелер:
• Асхана.
Өндіріс келген шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау зертханасымен
жабдықталған. Арнайы құрылған бөлімше шикізат пен материалдарды, дайын
өнімді сынықтан өткізіп, технологиялық процесс нормаларының сақталуын
бақылайды.
Қолда бар өндіріс қуаттары бір ауысымды 5 тоннаға дейін өнім шығаруға
мүмкіндік береді.Алайда, сауда тапсырыстарына бейімделген өндіріс өндіріліп
жүрген тауар ассортименті мен сапасының орташа айлық 70 тоннасын ғана
шығаруға мүмкіндік ашты.
Шұжық цехіне сиыр, жылқы және шошқа еті сою цехінен жартылай бөлінген
күйде немесе тоңазытқыштан суытылып, ерітілген күйде әкелінеді. Мал етін
тазартып, семіздігіне байланысты сорттап, өлшейді.
Бөлшектеу – мал еті арнайы бөлшектеу консерінде пышақпен бөлшектенеді.
Мал етінің сүрленген өнім өндіруге арналған сан етін, төсін және төс етін
бөліп алады, қалған бөліктері жіліктеуге кетеді.
Жіліктеу – мақсаты- етті сүйектен ажырату. Сүйектердің жекелеген
түрлері (омыртқа) алынбаған етімен сорпа жиынын, қуырдақ, сүрленген шошқа
сүйектерін өндіруге және одан арғы таратылуға бағытталады.
Сұрыптау және сіңірінен айыру – оның мақсаты –сіңірлерді, ірі
пленкаларды, шеміршектерді, қан тамырларын және ұсақ сүйектерін бөліп алу.
Бұл жұмыстар жалпақ және ұзын дүзі бар арнайы пышақ арқылы қолмен
жүргізіледі. Етті қоспалық тамырлары мен майлылығына байланысты сұрыптайды.
Етті тұздау – тұздалуға кететін ет және өнімдері шұжық өнімінің түріне
байланысты ұсақталады. Етті инъектер арқылы тұздайды. Сүрленгген қатты
шұжықтар мен деликатестер үшін етті 400-600 грамм бөліктермен тұздайды.
Тұздау уақыты мен тұз мөлшері –ережелерге сәйкес әр өнім түріне байланысты
әр түрлі.
Фарш дайындау – тұздау жұмыстары аяқталғаннан соң, етті екінші қайта
куттерде ұсақтайды. Бір еттарту машинасына 10кг ет сияды, тарту жылдамдығы
380 порциямин.
Термиялық өндеу – шұжық өнімдерін термиялық өндеу жұмысы тұндыру,
сүрлеу (өнім түріне байланысты қуыру, қайнату, ыстық және суық сүрлеу),
суыту және кептіруден тұрады. Толтырғыштар мен жасанды орамаларды қосу
кезінде қайнатылған шұжық, сардельки және сосискаларды тұндырудың қажеті
жоқ.
Сүрлеу – температураға байланысты сүрлеудің үш түрін ажыратады:
Қақтау-70-120 С температурада 30-150 мин аралығында қысқа уақыттық сүрлеу
(қайнатуға дейін). Ыстық сүрлеу-35-50С температурада 12-48 сағат сүрлеу.
Суық сүрлеу-18-22С температурада 2-5 тәулік сүрлеу.
Түтінің әсерінен ылғалдың 10-20%-ға жоғалуы, хлорлы натрий
концентрациясының өсуі нәтижесінде сүрленген ет өнімдерінің сақталуы
уақытын ұзартуға мүмкіндік болады. Шұжық өнімдерін сүрлеу үшін сүрлеу және
жылулық камералар пайдаланылады.
Жылулық өндеу – шикі ет өнімін дайын күйге дейін жеткізу, микро
ағзалардың вегативті түрлерінің көпшілігін жою, ферменттерді жұмылдыру,
ақуыздарды денатурациялау және ірілендіру, коллаинді желатинге айналдыру.
Жылулық өндеуге қайнату мен булау жатады. Қайнату кезінде өнімді суда,
сорпада немесе буға толы ауда қыздырады. Термиялық өндеудің ұзақтығы шұжық
өнімдерінің әр түріне арналған технологиялық ережелерге сәйкес келуі тиіс.
Шұжықтарды кептіру – бұл процесс ауданы желдету және температуралық,
ылғалдық шарттарын бақылау құрылғыларымен жабдықталған камерада
жүргізіледі. Кептірудің мақсаты – сақтау кезіндегі шұжықтардың
төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс кезіндегі
шұжықтардың төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс жоғары
болады, яғни бұл олардың дәмдік ерекшіліктеріәмен және өнімді сақтау
жағдайлары болмаған кезде сақтауға деген қажеттілікпен түсіндіріледі.
Өнімді орап, түю – өнім сәйкесінше атауы белгіленген вакуумды немесе
аллюминий қаптамаға оралады.
Активтерді талдау кезінде есепті жылда олар қалай жұмсалғандығына және
негізгі назар қайсысына аударылғандығын анықтау қажет. Сонымен қатар
компанияның өндірістік потенциалының жағдайы, оның негізгі құралдары жайлы
мәліметтерді білу маңызды. Ол үшін өндірістік потенциал көлемін анықтап
алайық. Оның құнына негізгі құралдардың құны мен өндірістік запастардың,
аяқталмаған өндірістің құндары қосылады. Өндірістік потенциал құны 2005
жылдың басына қарай (1-кесте) 19 718 мың теңге, жыл соңында 14 521 мың
теңге болды, яғни ол 5 197 мың теңгеге немесе 26,3%-ға қысқарған.

1-кесте. Шваб шұжықтары ЖШС активтерінің, өзіндік капиталының және
міндеттемелерінің динамикасы.
Көрсеткіштер Жыл соңына есептелген Құрылымы, %
абсолютті өлшем, мың
теңге
2003 2004 2005 2003
Алғашқы құн бойынша есептелгенмың тг 15 901 15 607
1 негізгі құралдар
2 Негізгі құралдардың тозуы мың тг 599 1 133
3 Қалдық құн бойынша есептелген мың тг 15 302 14 474
негізгі құралдар
4 Негізгі құралдардың тозу мың тг 3,77% 7,26%
коэффициенті
Негізгі құралдардың жарамдылықмың тг 96,23% 92,74%
5 коэффициенті

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі бір көрсеткіш – ол
қаржыландыру коэффициенті болып саналады. Бұл коэффициент өзіндік
капиталдың тартылған капиталға қатынасымен есептеледі:
Кқ = Өк Тк
Мұндағы, Өк - өзіндік капитал;
Кқ – қаржыландыру коэффициенті;
Тк - тартылған капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қай бөлігі өз қаржысына, қай
бөлігі жұмылдырылған құралдармен қаржыландырылатынын көрсетеді.
Қаржыландыру коэффициентінің көлемі 1 болған жағдай төлем
қабілеттілігіне қауіп төндіреді және несие алуға да өз кедергісін тигізуі
мүмкін. Шваб шұжықтары ЖШС-де бұл коэффициент 2005 жылдың соңында 1,65
тең болды.
Қазіргі әдебиеттерде кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық
деңгейі бойынша келесі төрт түрге бөліп жүр:
1) қаржылық жағдайының абсолютті тұрақтылығы;
2) қаржылық жағдайының кәдуілгі тұрақтылығы;
3) тұрақсыз қаржылық жағдай;
4) дағдарыстық қаржылық жағдай.
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының тиімді пайдалануына көптеген
факторлар ықпал етеді, солардың қатарына құралдардың жарамдылық және
техникалық деңгейі, өнімдерді өндіруге қажетті материалдық-ресурстық
құндылықтардың дұрыс жеткізілуі және басқа да факторлар бар.
Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі мақсатына келесілер жатады:
• кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен
қамтылу деңгейі, олардың жіктелуі және біліктілік сипаттары;
• кадрлар ағымдылығының жағдайын анықтау және зерттеу;
• еңбек ресурстарын тиімді пайдалану резервтерін анықтау, соның
нәтижесінде маңызды ұсыныстар жасау.

3-кесте. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының жағдайын жалпы бағалау
№ Көрсеткіштер 2004 ж. 2005 ж. 2005 ж. %-бен
рр 2004 ж.
адам % адам %
1.1Соның ішінде: - 65 70,6 68 70,1 104,6
жұмысшылар
1.2- басшылар 12 13,0 12 12,4 100,0
1.3- мамандар 7 7,6 9 9,3 128,6
1.4- қызметшілер 5 5,4 5 5,1 100,0
1.5- басқалары 3 3,3 3 3,1 100,0
2. Жас мөлшерлері
2.116-дан 24 жасқа 6 6,5 8 8,2 133,3
дейін
2.225-тен 29 жасқа 17 18,5 18 18,6 105,9
дейін
2.330-дан 49 жасқа 57 62,0 60 61,9 105,3
дейін
2.450-ден жоғарылары 12 13,0 11 11,3 91,7

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылу дәрежесі ондағы персоналдың
жоспарлы санының нақты көрсеткішімен сәйкестігі арқылы анықталды. 3 кесте
мәліметтеріне сүйенсек Шваб шұжықтары ЖШС қызметкерлерінің ішінде негізгі
үлес салмақты жұмысшылар алатынын байқаймыз. Егер 2004 жылы олардың үлесі –
70,6 % 2005 жылы – 70,1 % құрады.
Жас мөлшері бойынша еңбек ететін кәсіпорын қызметкерлерінің топтамасы
мынаны көрсетті: ең көп үлес 30 бен 49 жас аралығындағы еңбеккерлерге
тиесілі болып отыр, олардың саны 2005 жылы 3 адамға артып, 60 адамға
теңелді.
Бұл жобаның есептемелеріне өндіріс көлемі мен сату түсімдерінің
пессимистік көрсеткіштері алынған. Қолда бар құрал-жабдықтардың қуаты бір
ауысымда (смена) 5 тонна өнім шығаруға, ал тәжірибеленген жүйе оны өткізуге
мүмкіндік береді. Жаңа құрал-жабдықтар бір ауысымдағы өндіріс қуатын 7
тоннаға дейін жеткізіп, сатудан түсетін табысты айтарлықтай көтермелеуге
әсер ететін өнімнің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік ашады. Тек
сосискалар өндірісі ғана 4 тоннаға дейінгі өсімді береді. Өнімді
таратудың бағалары қазіргі бағаның төмендетілуіне негізделген, ол да
жобаның тұрақтылығын күшейтеді. Сатудан түскен түсімдердің 5%-ы – сауда
шегерімі болып табылады, яғни бұл да өнімді өткізу көлемінің өсуі кезіндегі
табыстардың көбеюіне әкелетін факторлардың бірі болып отыр.

Сурет 3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар

2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі.

Кәсіпорының қаржы тұрақтылығының деңгейінің анықтамасы қаржылық талдау
деректерінің негізінде құрылады, яғни шаруашылық жүргізуші субъектінің
қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін оның қаржылық жағдайына талдау жасау
қажет.
Қазіргі кезде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының келесідей бағалау
көрсеткіштерін, яғни олардың тиімділігі мен жеткіліктілігі тұрғысынан
оңтайлы болып табылатын көрсеткіштерді таңдап жүр.
Кәсіпорынның дамуының негізгі көрсеткіштерінің серпінін төменде
келтірілген кесте бойынша талдаудан өткізуге болады:

4-кесте. Шваб шұжықтары ЖШС-ң 2003-2005 ж.ж. дамуының негізгі
көрсеткіштері
№ Негізгі көрсеткіштер Өлшем 2003ж. 2004ж. 2005ж %
бірлігі
1 Өнімді өткізуден түскен мың, тг 35640 47240 11600
табыс
2 Өнімнің өзіндік құны мың, тг 23405 28300 4895
3 Жалпы табыс мың, тг 12235 18940 6705
4 Кезең шығындары мың, тг 7560 8323 763
5 Негізгі қызметтен түскенмың, тг 4675 10617 5942
табыс
6 Негізгі емес қызметтен мың, тг 11590 12448 858
түскен табыс
7 Салық төлегенге дейінгі мың, тг 16265 23065 6800
табыс
8 Таза табыс мың, тг 11385 16145 4760
9 Өткізілген өнімнің 1тг Тг 0,87 0,78 -0,9
кеткен шығын
10 Өнім рентабельдігі %
11 Сату рентабельдігі % 0,32 0,34 0,02
12 Өндіріс рентабельдігі % 13 19 6
13 Жұмысшылардың еңбек Адам 584 705 121
өнімділігі
14 Жұмысшылар саны мың, тг 61 67 6
15 Еңбек ақы қоры мың, тг 14640 16080 1440
16 Өндірістік негізгі мың, тг
құралдардың орташа 33340 28506 -4834
жылдық құны
17 Айналым құралдарының тг 51842 41126 -10719
орташа жылдық құны
18 Амортизация тг
19 Қор сиымдылығы 0,9 0,6 -0,3
20 Қор қайтарымдылығы 1,06 1,6 0,54
21 Қормен қарулану 546,5 425,5 -121

Кестеде берілген көрсеткіштерді факторлық талдау барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының үлгісі
Бизнес жоспарлаудың түсінігі және мазмұны
Фирманы басқару жүйесіндегі бизнес – жоспардың мақсаты
Фирма ішіне жоспарлаудың теориялық негізі
Нарықтық экономикада бәсекелес жағдайындағы кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп
Пәндер